Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 31 Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары . . . 4
2 Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері . . . 8
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 10
КІРІСПЕ
Қазақстанда экономикалық жаңғыртулардың, жекешелендірулердің, монополизациядан шығу үрдістерінің жүзеге асырылуы экономика және оны басқару аумағындағы қатынастарды реттеуші заңнамалардың жаңартылуына ғана әкеліп қойған жоқ, сонымен қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік қызмет, тауарлар нарғы және т. б. түсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға көшу, экономиканы мемлекеттік реттеудің түбегейлі өзгеруі, құқықтық реттеуде заңның рөлін күшейтуді, кәсіпкерліктің әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандарының теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мүліктік қатынастарды реттеуде негізгі маңызға азаматтық құқық ие болды. Нарықтық экономика саласының мәндері бойынша бір тектес емес, алайда, бір - бірімен тығыз байланыстағы қатынастардың: тауар-ақша (мүліктік) және басқару жөніндегі маңызды екі түрі ажыратылады.
Кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы тауар-ақша қатынастарының негізінде тараптардың заңды теңдігі жатқаны мәлім. Олардың құқықтары мен міндеттері негізінен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайды.
Басқа құқық салалары сияқты кәсіпкерлік құқықта өзінің реттеу пәніне ие. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні ең жалпылама түрде кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында орын алатын қоғамдық қатынастар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар болады. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшелігі - бір мезгілде олардың азаматтық-құқықтық, қаржылық және өзге де құқықтық қатынастар бола алатынындығы. Кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында әрқилы сипаттағы құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл - азаматтық-құқықтық та, әкімшілік-құқықтық та, қаржылық-құқықтық және де өзге құқықтық қатынастар. Бұлардың бәрін кәсіпкерлік әрекет аясында қалыптасқаны біріктіреді, сондықтан олар құқықтың кешенді саласының шегінде бірегей болады.
Нарықтық экономиканың қазіргі уақыттағы даму жағдайында құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуші рөлі айтарлықтай өзгеруде. Экономикалық қатынастарды реттеудің жаңа құқықтық құралдары мен тәсілдері пайда болуда, олардың кейбірі өзгеріп не жойылып кетуде. Нәтижесінде, қатаң орталықтандырылған реттеу тәсілдерінің орнына жанама, ынталандырушы сипаттағы тәсілдер кірісуде.
1 Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
Басқа құқық салалары сияқты кәсіпкерлік құқықта өзінің реттеу пәніне ие. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні ең жалпылама түрде кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында орын алатын қоғамдық қатынастар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар болады. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшелігі - бір мезгілде олардың азаматтық-құқықтық, қаржылық және өзге де құқықтық қатынастар бола алатынындығы. Кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында әрқилы сипаттағы құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл - азаматтық-құқықтық та, әкімшілік-құқықтық та, қаржылық-құқықтық және де өзге құқықтық қатынастар. Бұлардың бәрін кәсіпкерлік әрекет аясында қалыптасқаны біріктіреді, сондықтан олар құқықтың кешенді саласының шегінде бірегей болады.
Кәсіпкерлік құқықтың пәніне құқықтық қатынастардың негізгі екі тобын енгізу керек. Біріншісі - бұл кәсіпкерлік әрекетті ұйымдастырумен байланысты қатынастар. Олар азаматтардың кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға конституциялық құқығына (ҚР Конституциясының 26-б. ), сондай-ақ, аталмыш құқықтың ҚР АК нормаларындағы дамуына негізделеді. Сөз болып отырған мәселе дербес немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірлесіп заңды тұлға құру құқығын, заңға қайшы емес мәмілелер жасау мен міндеттемелерге қатысу және т. б. қосатын азаматтардың құқықтық қабілеттерінің мазмұны туралы (ҚР АК 14-б. ) . Әрине, бұл қатынастардың бәрі пәндік бірегейлікпен өзара байланысты және кәсіпкерлік болып табылады. Бірақ заңдық тәртібіне, құқықтық реттеу әдісіне сәйкес құқық ғылымындағы қалыптасқан көзқарастар тұрғысынан қарастырсақ, бұлар әртүрлі салалық қатынастар.
Екінші топқа кәсіпкерлік әрекеттің өзімен тікелей байланысты, кәсіпкерліктің басты мақсаты - мүлікті пайдаланудан, тауарлар сатудан, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетуден пайда табумен байланысты қатынастар кіреді. Мұнда кәсіпкерлік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу артықшылыққа ие.
Нарықтық экономиканың қазіргі уақыттағы даму жағдайында құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуші рөлі айтарлықтай өзгеруде. Экономикалық қатынастарды реттеудің жаңа құқықтық құралдары мен тәсілдері пайда болуда, олардың кейбірі өзгеріп не жойылып кетуде. Нәтижесінде, қатаң орталықтандырылған реттеу тәсілдерінің орнына жанама, ынталандырушы сипаттағы тәсілдер кірісуде.
Құқық саласында қолданылатын құқықтық реттеу тәсілдері теорияда нақты саламен реттелетін, қатынастарға ықпал ететін әдістер мен тәсілдер жиынтығы түсіндіріледі. Әрбір құқық саласы қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлеріне әсер ететін арнайы заңдық құралдарды ғана шамалайды. Кәсіпкерлік құқықтың кешенді сала екенін ескере отырып, оның реттеу тәсілінде берілген сала пәніне енетін барлық қатынастарға тән құралдар болуы керек. Кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалар құқықтардың және міндеттердің көлемі (диспозитивті нормалар) жайлы мәселелерді азды-көпті дербес шешу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, олар ұсыныстық сипатта болуы мүмкін, не болмаса субъективті құқықтың немесе міндеттің (императивті нормалар) көлемін жете анықтауы да мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілері тең құқылы немесе бағынышты жағдайда болуы мүмкін. Бұқаралық мүдделермен шартталған жағдайлардағы мемлекеттің ықпалымен кейбір жекемүдделерді жүзеге асыру кезіндегі еркіндіктің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі, сондай-ақ, құзырлы органдардың ұсыныстарын есепке алу - бұлар кәсіпкерлік құқықты құқықтық реттеу тәсілдерінің негізгі сипаттары.
Кәсіпкерлік құқықтың қағидалары - бұл құқықтық нормалардың барлық көлемін толығымен қамтитын негізін қалаушы бастаулар болып табылады.
Кәсіпкерлік құқықтың негізігі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
1. Кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасы, ол ҚР Конституциясының 26-бабаында бекітілген, яғни оған сәйкес «Әркімнің еркін кәсіпкерлік қызметке құқығы бар, кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүлкін еркін пайдалана алады».
Аталған қағида сонымен қатар ҚР АК-нде және басқада заңдық актілерде де бекітілген. Берілген қағиданың маңызын ашатын болсақ, кәсіпкер өзінің өз ісін экономиканың кез келген саласында, әрі заңда көзделген кез келген нысанда, кез келген (айналымнан алынбаған) мүліктің түрін пайдалана отырып және т. б. негіздерде бастап және жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Аталған қағида сонымен қатар, көпшілік коммерциялық ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге жалпы құқық субъектіліктің бекітілуімен де айқындала түседі.
Дегенмен, бұл еркіндік шексіз емес. Заң негізінде аталған еркіндік конституциялық құрылымның негіздерін, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, денсаулығын, адамгершілікті қорғау және мемлекет қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шегінде қоғамның мүддесі үшін шектелуі мүмкін.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды тәжірибеде кеңірек қолдану жолымен де шектеледі.
2. Меншік түрлерінің көп түрлілігін тану, меншік нысандарының заңды теңдігі және теңдей қорғалу қағидасы, сәйкесінше бұл қағида ҚР Конституциясының 6-бабында бекітілген, яғни «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады және теңдей қорғалады». Бұл қағиданың мазмұнына тоқталар болсақ, меншік нысанын қандай да бір түрі үшін, мемлекетке немесе басқада субъектіге меншік құқығымен тиесілі мүлікті иелене отырып бағалау қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін қандай да бір артықшылықтар беруді және шектеулер қоюды жоққа шығаратындын айқындайды. Әрекет етуші заңнама барлық субъектілерге тиесілі меншік құқығын бірдей қорғалу құқығын бекітеді.
3. Бәсекелстікті қолдау және жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу қағидасы (ҚР Конституциясының 26-б, ) . Аталған қағиданы ұстану нарықтық экономиканың дамуы мен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Қарастырылып отырған қағиданы жүзеге асыруда маңызды орынға монополияға қарсы заңдылық ие.
4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қағидасы. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу кез келген мемлекет үшін тән қағида. Бұндай реттеудің нысандары мен тәсілдері ең алдымен мемлекеттің нақты саяси жағдайына, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіне, тарихи әдеттеріне, ұлттық ерекшеліктеріне және басқада факторларына тәуелді. Ең бастысы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу үрдісінде кәсіпкерлердің жеке мүдделері мен мемлекет пен жалпы қоғамның бұқаралық мүдделері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу кажет.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары әртүрлі. Оларға шектеу шараларымен қатар, мемлекет мен қоғам үшін қажетті кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау көрсетуде жатады. Маңызды орынға кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау, монополияға қарсы реттеу, салықтық реттеу, нарықта басты орынға ие кәсіпорының өнімдеріне бағаны реттеу және т. б. ие. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәртіп бойынша мемлекет көлемінде жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда ол аймақтық та деңгейде жүргізіледі.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Заң актілерін шығару, мемлекеттің норма шығармашылық қызметті, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің өзіндік бір нысаны болып табылады. Шаруашылық қызметті жүргізуге ұзақ уақытқа тұрақты тәртіп ережені орната отырып, мемлекет ерекше нысанда экономиканы басқарады, соның аясында кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажетті заңды жағдай қалыптастырады. Реттеудің осындай нысанын пайдалану көбірек деңгейде нарықтық экономика шарттарына сәйкес келеді, ал ол өз кезегінде көпшілік және жеке мүдделердің сәйкестену негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5. Заңдылық қағидасы жалпы салалық болып табылады. Оның жүзеге асырылуы құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да бұл қағида кәсіпкерлік қатынастарын реттеу үшін де маңызы зор. Осыған орай кәсіпкерлік қызмет заңның талаптарын қатаң сақтау жағдайында жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекетпен құқықтық нормалардың заңдылығы, кәсіпкерлік қызметті реттеуші мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарушы органдардың қызметінің заңдылыған қамтамасыз етілуі тиіс.
Заңдылық кәсіпкерлік қызметі үшін аса маңызды қатынастардың тұрақтылығы мен беріктілігін қамтамасыз етеді.
2 Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері
Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы біздің құқықтық жүйеге дәстүрлі болып табылады, яғни халықаралық шарттар-конституция-заңдар-заңға бағынышты актілер.
1. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде халықаралық құқықтың жалпымен танылған қағидалары және нормалары, сонымен қатар екі жақты әрі көп жақты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары (сауда туралы, экономикалық ынтымақтастық туралы) табылады. ҚР АК халықаралық және ұлттық заңнаманың арасында болуы мүмкін қақтығыстарды халықаралық нормаларға басымдылық бере отырып шешеді.
2. Кәсіпкерлік құқықтың басты қайнар көзі ҚР Конституциясы болып табылады. Кәсіпкерлік құқық үшін ерекше маңызға салалық қағидалары бар конституциялық нормалар ие. Онымен қоса, Конституцияда кәсіпкерлік кепілдіктері мен шектеулері бекітілген.
3. Әрі қарай құқықтың қайнар көздерінің иерархиялық құрылымында ҚР-ның: Азаматтық, Салық, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы, Қылмыстық, Жер, Экологиялық кодекстерін атап өту керек. Көбіне, бұл жерде ҚР Азаматтық кодексі кәсіпкерлікті реттейтін көптеген нормаларға толы. Кәсіпкерлік қызметтің түсінігінен, оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарынан, кәспікерлердің мүліктерінің құқықтық режимінен бастап, кәсіпкерлік шарттардың түрлеріне дейін ҚР АК-нде көрініс тауып, реттелген.
4. Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздерінің жүйесінде кодекстерден басқа алдыңғы рөлге заңдарда ие, олардың жіктелуін келесідей тұрғыда көрсетуге болады:
а) нарықтың анықталған бір түрін жалпы реттелуін қамтамасыз етуші заңдар, мысалы, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы;
ә) нарықта қызметін жүзеге асырушы субъектілердің құқықтық жағдайын бекітуші заңдар, мысалы, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Өндірістік кооперативтер туралы», «Жауапкершілігі шектеулі шаруашылық серіктестіктер және қосымша жауапкершілігі бар шарушылық серіктестіктер туралы», «Мемлекеттік мүліктік туралы» заңдар;
б) кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттеуші заңдар, мысалы, «Инвестиция туралы», «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы» және т. б. заңдар;
б) қандай да бір кәсіпкерлік қызмет түрімен айналысатын субъектілердің құқықтық жағдайын бекітетін заңдар, мысалы, «Банктер және банктік қызмет туралы» және т. б. заңдар;
г) кәсіпкерлік қызметке белгілі бір талаптарды бекітуші заңдар, мысалы, «Лицензиялау туралы» және т. б. заңдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz