Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру жұмыс жобасы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

Кіріспе 2

І. Мәтіндік бөлім.

1. 1. Шаруа (фермер) қожалығының даму жағдайы 4

1. 2. Шаруа (фермер) қожалығының қаржылық жағдайы 8

ІІ. Техникалық бөлім .

2. 1. Шаруа (фермер) қожалығының бәсекелестік қабілеті және даму тенденциясы12

2. 2. Атыраудағы жетекші шаруа қожалығы 15

ІІІ. Сызба бөлім 25

Қорытынды 27

Қолданылған әдебиеттер 31

Кіріспе

Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді өнімін өндіру мен, сондай - ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп аталады.

Шаруа (фермер) қожалығының мүшелері ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар асырап алынған, балалар (қыздар), ата - аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады. Шаруа (фермер) қожалығы мынандай нысандарда болуы мүмкін:

- кәсіпкерлік қызмет бірлескен, ортақ меншік басына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

- өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;

- бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізделген, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестікнысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы;

18 жасқа толған Қазақстан Республикасы іс - әрекетке қабілетті кез - келген азаматтар шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.

Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымар мен, азаматтар мен және мемлекеттік органдармен қарым - қатынаста, оның мүдделерін білдіреді және заңмен тиім салынбаған азаматтық құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.

Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады.

Шаруа (фемер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері қожалықты тіркеген органға бір туралы, ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық мұрагері атына жер туралы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт беріледі.

Шаруа (фермер) қожалықтары - өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік. Алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша совхоз директорлары құрды.

Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 1991 жылдан 2001 жылдар аралығындағы 10 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны 2480 - нен 122425 - ке дейін, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері 1, 6 млн - нан 30, 6 млн. га. дейін, яғни 19 есе өскен.

2001 жылы шаруа (фермер) қожалықтар үлесі ҚР - ның ауыл шаруашылыққа арналған жер көлемінің 33, 7 %, ал 2002 жылы 36, 6 % - н құрады.

Қазақстан - ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т. б. Бүкіл Қазақстан 5 географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс.

Жериеленудің жалпы саны ішінен шаруа (фермер) кожалықтарының үлесі Қазақстанның барлық аймақтарында басымырақ болып келеді және орта есеппен алғанда Солтүстік Қазақстанда - 88%, Батыс Қазақстанда - 88%, Орталықта - 92%, Оңтүстікте - 93%, Шығыс Қазақстанда - 95% құрайды. Ал ауылшаруашылығына арналған жер көлемі мен шаруа (фермер) қожалықтары көлемі үлестерінің бір-бірінен айырмашылығы көбірек. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстан бойынша - 24%, Батыс Қазақстанда - 27%, Орталықта - 60%, Оңтүстік Қазақстанда - 14%, Шығыста 54%. Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының орташа көлемі мен Қазақстан аймақтарындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының орташа көлемі арасында да айырмашылық көп. Бұл көрсеткіштердің шамасы: Солтүстік Қазақстанда - 422 және 9680 га, Батыста - 1130 және 20700 га, Орталық Қазақстанда - 1710 және 13000 га, Оңтүстікте - 78 және 6520, ал Шығыста - 451 және 7371 га.

Шаруа (фермер) қожалықтары бір - бірінен жер пайдалану мөлшерімен, жерлердің құнарлығымен, ауыл шаруашылыққа тигізетін пайдасымен, мамандандырылуымен, және т. б. мен ерекшеленеді.

Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін алғысы келетін азаматтар жерді пайдалануға беру құқығы бар жергілікті атқарушы органға жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш жасайды.

Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар азаматтар жергілікті атқарушы органға және өздері құрамынан бөлініп шығатын ауыл шаруашылығы ұйымына өтініш жасайды.

Өтініште сұрап отырған жер учаскесінің тұрған жері, шаруа (фермер) қожалығының құрамы, жер (шартты жер) үлесінің саны, олардың жалпы көлемі, балл - гектармен бағалануы көрсетіледі.

Аталған шаруашылықтың басшысы мен мүшелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішке қол қояды.

Өтінішке ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы, жер (шартты жер) үлесіне (олар бар болса) құқығы туралы куәліктердің және қосымша жер (шартты жер) үлесін алу үшін жасалған шарттардың көшірмелері, шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын еңбек кітапшасынан көшірме не тиісті білімі туралы немесе арнаулы дайындықтан өткені (жер (шартты жер) үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат қоса тіркеледі.

Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей жерге орналастыру жобасы негізінде жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдайды.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануынан жер (шартты жер) есебіне жер учаскесін берген кезде өтініш берілген күннен бастап он күн мерзім ішінде жер (шартты жер) үлесі иелерінің немесе олардың өкілдерінің жиналысы өтуге тиіс, ол жер учаскесінің орналасқан жері туралы хаттамамен рәсімделетін шешім қабылдайды.

Жер (шартты жер) үлесі иелерінің немесе олардың өкілдерінің кемінде 50 проценті қол қойған хаттама жергілікті атқарушы органға беріледі және жер (шартты жер) есебіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Жер учаскесін беру мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімімен дәлелді бас тарту жасалады, оның көшірмесі өтініш берушіге шешім қабылданған соң жеті күн мерзім ішінде табыс етіледі. Жер учаскесін беруден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер пайдалану құқығына құжат беру жүргізіледі.

Жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығына құжаттар дайындау мен беруді жерге орналастыру қызметі бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырады.

Әрбір жер учаскесіне берілген, тұрақты жер пайдалануға арналған акт (уақытша жер пайдалану туралы шарт) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.

I . Мәтіндік бөлім.

1. 1. Шаруа (фермер) қожалығының даму жағдайы.

Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы

III-тарау. Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң негiздерi ҚР 29. 12. 03 ж. N 512-II 1-бап өзгертілді (бұр. қара) жерді пайдалану - қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым - қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін - дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи - климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Натуралдық аграрлық өндірістен тауарлыққа көшкенде, меншік формасы шешуші шарт болып табылмайды. Жерге жеке меншік, өндірістің басқа факторларына жеке меншіктен көп кейін қалыптасқан және осы күнге дейін ол жетекші рөл атқармайды. Көп елдерде жерге меншік ұлттық деңгейде болып отыр және жоғарғы меншік иесі мемлекет болып табылады. Шығыс, Африка, Көне Азия, Америка, Ресей халықтары аграрлық экономиканың әмбебап кезеңінен өткен. Бұларда жерді пайдалануға негізделген, ауыл шаруашылық егістік қауымының мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Экономикалық теорияда осы болмыс «азиялық өндіріс тәсілі» деп аталады. Германдар, франктер, кельттер жерді жергілікті тайпалардан күшпен алып, оған жеке меншік орнатқан. Осы халықтарда индивидуалдық қауымдар, жерге жеке меншік болуына және оны жалға алуға (аренда - иемденудің бір формасы) негізделген.

Экономиканың өте маңызды саласы бола тұра Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы шамалы уақыт бұрын республика үшін ұлттық табыстың 40 пайызын құраған, айтарлығы елдің жұмысқа қабілетті тұрғындарының 30 пайызы экономиканың дәл осы саласында қызмет еткен. Ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы мемлекеттің ауқатты және мемлекет азаматтарының өмір деңгейінің өсуіне тікелей себепші десек болады.

Тарихқа бір сәт үңілсек қазақ халқының өмірі және ауқаттылығы экономиканың осы саласымен тығыз байланысты екенін және қазақ халқының тарихыда ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту оның қызмет саласында алдыңғы орында болғанын байқауға болады. Қазақ халқының күнделікті өміріне және даму барысына араласа отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі болады және қай кезде болмасын ауыл шаруашылығы қатынастарын оңтайлы құқықтық реттеу қажеттілігін туындатады. Аталған мәселе өз шешімін революцияға дейінгі Қазақстанда мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы сияқты ауыл шаруашылығының маңызды салаларын дамыту кеңестік кезеңдегідей сұрапыл емес қазақ халқының қолданыстағы құқықтық нормаларына сәйкес сонымен қатар Қасым, Есім, Тәуке сияқты хандардың және дала демократиясының басқа да басқарушыларының толлыққанды құқықтық реттеуінде болған. Аталған нормативтік құқықтық актілер қазақ халқының барлық қызмет салаларын қамтыған, соның ішіне ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты мәселелерді де айтып кетсек болады.

Қазақстан экономикасының аграрлық секторы саласындағы кәсіпкерлік, нақтырақ айтсақ, шаруа қожалықтарын ұйымдастыру және жүргізу біздің қоғам үшін жаңа және арнайы құбылыс. Мұндай шаруашылықтардың туындауына құқықтық негіз деп мемлекетте қабылданған нормативті құқықтық актілерді айсақ болады. Экономиканың аграрлық секторындағы кәсіпкерлердің әлеуметтік тобын қалыптастыруға бастау болған шаруа фермерлерінің құқықтық жағдайын алғашқы рет анықтаған Қазақ КСР - ның «Қазақ КСР ауыл шаруашылығы туралы» 1990 жылғы 21 мамырда қабылданған Заңы. Меншіктің жеке нысанның пайдаланатын шағын жоғары тауарлы шаруаларды, сондай - ақ реформа логикасы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімділіктің артуында көрінуі тиіс аграрлық секторды жан - жақты ету үшін және бекіту үшін оларға көп көңіл аударылады.

Республикамыз тәуелсіздік алған жылдары шаруа (фермер) қожалығы мүлкінің құқықтық жағдайын анықтайтын заңдардың дамуы бірнеше кезеңдерді қамтиды. 1990 жылдың 21 - ші мамырында Қазақ ССР - нің «Қазақ ССР - нің шаруа қожалықтары туралы» Заңы қабылданды, одан кейін, 1990 жылдың 28 - ші қыркүйегінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан республикалық кәсіподақтар Кеңесінің «Шаруа қожалығындағы еңбек туралы үлгі шарттарды және шаруа қожалығындағы еңбек туралы үлгі шарттарды жасасу тәртібін бекіту туралы» атты Қаулысы қабылданды.

Нарық шаруашылығының дамуына жерге жеке меншік «осылай әсер етеді» деп кесіп айтуға болмайды. Жердің тауар айналымына енгізілуі, оны басқа ресурс тәрізді сатып алуға мүмкіндік береді. Аграрлық нарықтың дамуына жердің сатып алу-сатылуы өте жаман ықпал етеді - жермен айналысу қиынға түседі. Жерге жеке меншіктің болуы, аграрлық экономиканы капитализациялауға кедергі болады: ол капиталдың еркін ағымына шек қояды.

Жердің меншік иесі өзінің жерінде капитал қолданған үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл кәсіпкердің табысын төмендетеді. Нарық экономикасы тұңғыш рет Нидерландияда қалыптасқаны бекер емес - бұл елде барлық жер дәстүрлі түрде мемлекет меншігінде болған. Бүгін нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер мемлекет меншігінде болып отыр.

Шаруа (фермерлік) қожалықтары тәжірибеде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланады, осының нәтижесінде азаматтар өздерінің еңбекке жарамдылығын есепке ала отырып, ақылы негізде жұмыс орындарын құрады. Шағын кәсіпкерлікті экономиканың маңызды секторы ретінде көрсететін бірқатар арнайы ерекшеліктері бар: ол мемлекеттің қолдауымен қоғамға тиімді экономикалық, саяси және әлеуметтік шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ал оның әлеуметтік нәтижелері ол - шағын кәсіпкерлік халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу шешімдеріне жетуге себебін тигізетіндігінде. Шаруашылықтардың қарқынды түрде өсуімен сипатталатын фермерлік шаруашылықтың дамуының бірінші кезеңі болып жаңа кезеңнің фермерлік шаруашылықтарды ұйымдастырушылығын нығайтуды рационализациялаумен алмастыру.

Шаруа (фермерлік) қожалықтарының дамуын ауыл шаруашылығын реформалау жағдайларында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуді кеңейтуге әсерін беретін бағыттар қатарына қосуға болады. Сондықтан мемлекет тарапынан оны қолдау аграрлық салада да еңбек нарығын қалыптастыру және реттеудің маңызды талаптары болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті ерекшелейтін басымшылықтардың біріне келесілерді келтірсек болады: ғылыми - техникалық прогреске байланысты ірі ұйымдардан жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге тиімді жағдайлар жасау; өндіріске технологиялық және басқа да ерекшеліктеріне байланысты пайдаланылмайтын жұмыс күшінің резервтерін тарту (зейнеткерлер, мүгедектер, үй шаруасындағы әйелдер және т. б. ) ; жеке жұмыскерлердің мүмкіндіктерін, білімін және еңбек ептілігін әлдеқайда толық және тиімді пайдалану. Аталған басымшылықтардың барлығын шаруа (фермерлік) қожалықтарға жатқызуға болады.

Қазіргі жағдайда фермер арнайы білімі және дайындығы бар жұмыскерлерді қажет етеді: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, жануарларды күте алатын, күрделі ауыр шаруашылығы техникасын басқара алатын және т. б. Алайда фермерлер де белгілі сипаттарға ие болуы тиіс. Нарықтық жағдайда адамдардың әлеуметтік қамтамасыз етілуіне гарант болатын дәл сол кәсіпкер. Шетелдік тәжірибеге жүгінетін болсақ АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа мемлекеттерінің кәсіпкерлері қазіргі кезде қайтадан құрылған жұмыс орындарының үштен екісін құрайтынын атап өткен жөн. Жеке сектордың арқасында Қазақстанда да жаппай жұмыссыз қалудың алдын алуға болады, себебі кәсіпкерлер мемлекетке жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектеседі. Қазіргі таңда азаматтар кәсіпкерлікті нарықтың, өндірістің, ауыл шаруашылығының, яғни, қоғам дамуының қозғаушы күші екенін түсіне бастады. Алыс және жақын шет мемлекеттердің ауылшаруашылық кәсіпкерлігі ел экономикасының өркендеп өсуіне өз үлестерін қосса, кәсіпкерлер керісінше мемлекеттік қолдаудың арқасында гүлденуде.

Қазақстанның ауыл шаруашылық интеграциясы бәсекеге қабілетті халықаралық секторды құру, әлемдік нарықта лайықты орынға ие болуды басты міндет санайды. Әлемдік экономиканың ауыл шаруашылығындағы тәжірибесі Қазақстан үшін қажет. Жаһандану үрдісін жетік зерттеу ауыл шаруашылығын дамытуда құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық, экономикалық белестерді жеңуге, халықаралық сыннан сүрінбей өтуге көмектеседі. Мәселен, соңғы жылдары астық өндірудегі алдыңғы қатардағы елдердің ішіндегі АҚШ пен Канаданың рөлі төмендеп, олардың дүниежүзілік нарықтағы үлесі 8 пайызды құраса, керісінше Қазақстан, Ресей және Украинаның үлесі 24 пайызды құрап отыр. Сондықтан осы алдыңғы қатардағы жетістігімізді үдете беруіміз қажет деп санаймыз. Ал күннен күнге жаһанданып жатқан заманда қазіргі қазақстанның ауыл шаруашылығының орыны ерекше маңызға ие болып келеді. Ал ауыл шаруашылығын дамыту барысында көптеген іс - шаралар жасалып жатыр. Солардың бірі Елбасының бастамасымен ашылған жаңа бағдарлама «Фермерлік шаруашылықты дамыту» (Сыбаға) оны дамыту барысында «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ - сы фермерлер үшін максималды қолжетімділік шараларында несиелеу талаптарын жетілдіруді іске асыруда. Әсіресе ақшасыз есеп айырысу арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарда мал сатып алу бойынша қиындықтарға байланысты қолданыстағы қаржыландыру талаптарымен қарыз алушының өтінімдері бойынша қолдағы бар ақшаға және ақшасыз нысанда несие құралдарын беру көзделген.

2011 жылғы жедел деректер бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі (НКИ) 126, 7% құрады. Өсім 2010 жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің 58, 6% - ға ұлғаюына негізделген.

2010 жылмен салыстырғанда қалыптасқан нақты көлем индексіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) үштен бір бөлігін құрайтын жалпы жиналған астықтың көбеюі едәуір дәрежеде ықпал тигізген.

Аграрлық сектордағы табиғи және тиімді шаруашылық нысаны - шаруа (фермер) қожалықтары болып табылады. Осы нысанда өндірісті ұйымдастырудың арнайы биологиялық факторы ескеріліп, жер, су, өсімдіктер мен малдардың өсуі мен дамуына байланысты тиімді жағдайлар жасалуы тиіс.

Ауыл шаруашылығын тиімді жүргiзудiң экономикалық тетiгi, сонымен бiрге еңбекке адамдардың материалдық кызығушылығы және өндiріс өсiмін қамтамасыз етудiң мотивациялық тетiгi ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өндірiстiң жаңа жағдайларына бейiмделуi мен тиімдiлiгі туралы талдауға мүмкiндiк бередi. Аумалы -төкпелі замандарды өткеріп, тұрақты экономикаға бет бұру барысында жоғарыда аталған ауыл шаруашылығының маңызы өте зор, кезінде ата - бабаларымыз сондықтан болар осы саланы алдыға қойған, Қазақстандай еліміздің, дархан даламыздың көктеп, үлкен белестерден көрінуіне себепкер болар да осы сала.

1. 2. Шаруа (фермер) қожалығының қаржылық жағдайы.

Шаруа қожалығы қызметінің негізгі көрсеткіші болып өнім өндіру және өткізу көлемі қарастырылады. Өнім өндірісі жалпы және тауарлы түрде өлшенеді. 1997 жылғы картоптың жалпы көлемі 497, 8 т., көкөністер 250т.

2009 жылғы 1 маусымдағы барлық облыс шаруашылықтарында 100, 1 мың бас бұзау, 42, 4 мың бас торай, 1058, 5 мың бас қозы мен лақ, 27, 0 мың бас құлындар алынды.

1 - кесте. Мал азығы дақылдары мен алқаптарының жалпы ауданын есептеу.

Алқаптармен дақылдардың түрлері
Дақылдар өнімділігі

Шаруа қожалығы бойынша

Аудан Жалпы өнім

(Га) көлемі (Ц)

Жалпы аудан
Алқаптармен дақылдардың түрлері: Көп жылдық шөп, пішен (жоңышқа)
Дақылдар өнімділігі: 200 Ц
Шаруа қожалығы бойыншаАудан Жалпы өнім(Га) көлемі (Ц): 6, 8 1357, 4
Жалпы аудан: 6, 8
Алқаптармен дақылдардың түрлері: Жем (жүгері, бидай, арпа, сұлы)
Дақылдар өнімділігі: 25 Ц
Шаруа қожалығы бойыншаАудан Жалпы өнім(Га) көлемі (Ц): 9, 5 233, 8
Жалпы аудан: 9, 5
Алқаптармен дақылдардың түрлері: Көк азық (1 жылдық және көп жылдық шөп жайылым аты)
Дақылдар өнімділігі: 20 Ц
Шаруа қожалығы бойыншаАудан Жалпы өнім(Га) көлемі (Ц): 209, 1 4182, 2
Жалпы аудан: 209, 1
Алқаптармен дақылдардың түрлері:

Тамыр түйнектілері,

мал қызылшасы, қант қызылшасы, сәбіз және т. б.

Дақылдар өнімділігі: 300 Ц
Шаруа қожалығы бойыншаАудан Жалпы өнім(Га) көлемі (Ц): 0, 6 168
Жалпы аудан: 0, 6

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізінен ресурстарды қолдану тиімділігімен, төлем қабілеттілік, кәсіпорын тұрақтылығы және ликвидтілігімен өлшенеді. Фермерлік шаруашылықтың негізгі қорытынды эффектісі болып өнімді өткізу көрсеткіші табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншылықты нақты ақшаға айналатынына тәуелді. Кәсіпорын тұрақтылығы тәуелсіздік коэффициенті, қаржылық тұрақтылық коэффициенті, қаржыландыру және инвестициялау коэффициенттеріне тікелей байланысты.

2 - кесте. Жалпы өнім көлемін анықтау ведомісі.

Өнім түрі
Өнім көлемі (Ц)
1 Ц

Өнімнің жалпы құны

(теңге)

Өнім түрі: Қой еті
Өнім көлемі (Ц): 50 Ц
1 Ц: 6
Өнімнің жалпы құны(теңге): 3
Өнім түрі: Ірі мүйізді қара мал еті
Өнім көлемі (Ц): 96 Ц
1 Ц: 65000
Өнімнің жалпы құны(теңге): 624
Өнім түрі: Жылқы
Өнім көлемі (Ц): 12, 6 Ц
1 Ц: 8
Өнімнің жалпы құны(теңге): 1008000

3 - кесте. Кәсіпорынның 2007 жылға тұрақтылық коэффициенттері

Көрсеткіш
маңызы
Есептеу формуласы мен мәні
Көрсеткіш: 1. Тәуелсіздік коэффициенті.
маңызы: Бұл коэффициент бойынша кәсіпорын қарыз капиталынан қаншалықты тәуелсіз екендігін анықтаймыз.
Есептеу формуласы мен мәні: Жыл басына - 0, 7; Жыл аяғына - 0, 7.
Көрсеткіш: 2. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.
маңызы: Бұл коэффициент жалпы капиталды меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капитал үлесін сипаттайды.
Есептеу формуласы мен мәні: Жыл басына - ; Жыл аяғына - .
Көрсеткіш: 3. Қаржыландыру коэффициенті.
маңызы: Кәсіпорынның қай саласы өз қаражатынан қаржыландырылатынын көрсетеді.
Есептеу формуласы мен мәні: Жыл басына - 2. 3; Жыл аяғына - 2, 8.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру
Шаруа қожалығы
Шаруашылық - аралық жерге орналастыру
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
Шаруа қожалығының меншігі
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Жерді қорғау
Шаруа қожалығының жер телімін аумақта орналастыру
Шаруа қожалықтарының құқықтық және кәсіпкерлік даму негіздері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz