Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің даму жағдайы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе 2

І. Мәтіндік бөлім.

1. 1. Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің дамуы5

1. 2. Шаруа (фермер) қожалығының жерінің жағдайы13

1. 3. Шаруа қожалығының тиімділігін арттыру20

ІІ. Техникалық бөлім.

2. 1. Шаруа (фермер) қожалығының жерін жобалау22

2. 2. Шаруа (фермер) қожалығының жерін бағалау жолы25

ІІІ. Сызба бөлім 31

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер 36

Кіріспе

Шағын бизнес - нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан -жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Шағын бизнес әсіресе ауыл шаруашылық салаларында кең көлемде дамыған. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік маңызды мәселелерінің бipi болып табылады. Қазақстан Республикасында «2003 - 2005 жылдарды ауылды көтеру жылдары» деп белгіленіп, жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламаларда аграрлық саладағы шағын бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және тағы сол сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазіргі кезде шағын бизнес бәсекелестікке қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың бір бөлігіне айналып және еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушысы болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің негізгі формалары - шаруа (фермер) қожалықтар және жұртшылық шаруашылықтар. Соңғы 2006 - 2009 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің ішінде шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 73 пайызды құрайды. Дегенмен, өркениетті кезеңдегі шағын бизнестің маңызы мен ондағы өндіріс қарқындылығын арттыру барысына әліде қажетті мән берілмейді. Оның көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз деңгейіндегі ғылыми және практикалық шешімдерін таппай отыр.

Ауылдық елді мекендерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын өркендету емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмысын жақсарту олардың тұрақты өндірісін және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.

Рыноктік қатынастар жағдайында тәуелсіз мемлекет тұрғысынан аталған мәселелерді шешудің басты жолы - еркін шаруашылық жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірісті икемді ұйымдастыру және кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын игеру, инновация мен прогрессивті технологияларды кеңінен қолдану мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін көтере түседі. Осы жерде Елбасының «түрі жеке меншік, мазмұны ұжымдық шаруашылықтар күш біріктіргенде ғана тығырықтан шыға аламыз» деген сөзі ой салады. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдаудың тұтастай жүйесі қалыптасып келеді. Оның ұйымдық - құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР - ның заңында (2005ж. ) нақты қарастырылған. Алайда мемлекеттік қолдау көбінесе бәсекелестік қабілеті жоғары, қайтарымы бар орта және ірі кәсіпорындарды қамтиды. Елдегі көп көлемде тараған шағын бизнес, әсіресе шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бұл көмектен көбінесе қалыс қалуда. Рыноктің мүмкіндігі экономикалық тұрақтылық пен макроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұруда шектеулі болғандықтан, аграрлық секторда шағын бизнестің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың жан - жақты бағыттарын жетілдіруді талап етеді.

Шағын бизнестің теориялық және практикалық мәселелеріне әлемдік экономикалық әдебиеттерде ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар: Р. Кантильон, Н. Бауде, Ж. Б. Сэй, Дж. Кларк, К. Маркс, Й. Шумпетер, А. П. Дракер және т. б. айтарлықтай үлес қосқан. ТМД елдері үшін шағын бизнестің қалыптасу және оның даму заңдылықтары мәселелерінің нақты жаңашылықтарына қарамастан, кеңестік кезеңдегі экономикалық әдебиеттерде маңызды және жинақтап қорытындыланған еңбектер бар. Ауыл шаруашылығында шағын бизнестің теориялық негіздері, шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру және кооперациялау мәселелері орыс ғалымдары А. В. Чаянов, М. И. Туган - Барановский, В. И. Лениннің еңбектерінде көрсетілген.

Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуімен байланысты кәсіпкерлік сипаты жаңа тұрғыдан қарастырылып, белгілі бір деңгейлерде зерттелінуде. Соңғы жылдары отандық экономикалық әдебиеттерде А. Блиновтің, А. В. Бусыгиннің, Н. А. Поповтың, А. Шульстың еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ, оның даму ерекшеліктері қазақстандық ғалымдар Ғ. А. Қалиевтің, Я. Ә. Әубәкіровтің, А. Қошановтің, О. С. Сабденнің, К. А. Сағадиевтың, А. Б. Молдашевтің, Ж. С. Сүндетовтың, Қ. Қ. Әбуовтың, Д. Қ. Қабдиевтің, Т. А. Есіркеповтің, Е. Б. Жатқанбаевтің, Ө. К. Шеденовтің, М. Д. Есқалиевтің, А. Н. Тоқсанованың, С. К. Сұрағанованың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Дегенмен, нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде ауылдағы шағын бизнес мәселелерін дүниежүзілік тәжірибелерді пайдалана отырып талдау, сондай - ақ аграрлық секторда қалыптасқан түрлі шаруашылық нысандарында еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескеріп, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру, терең зерттеуді талап етеді. Сондықтан да, жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін ескере, автор өз пікірін жаңа тұрғыдан қарастыруды жөн көрді.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қалыптасу және даму мәселелерін зерттеу нәтижесінде рыноктік қатынастар жағдайында оны мемлекеттік қолдаудың тиімді бағыттары бойынша нақтылы ұсыныстар жасау болып табылады. Диссертациялық жұмыста қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

  • отандық және шетелдік ғалым - экономистердің ой - пікірлерін, ғылыми көзқарастарын талдай отырып, экономикада шағын кәсіпкерліктің негізгі бағыттарын жүйелеу және қазіргі кәсіпкерліктің жаңа бейнесінің сипатын анықтау;
  • шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың озық шетелдік тәжірибелерін жүйелеу және аграрлық сектордағы оның ерекшеліктерін нақтылау;
  • қазақстанның ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің даму кезеңдерін сараптау және оның негізгі қозғалтқыш факторларын сипаттау;
  • еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдаудың қазіргі жәй - күйін талдау және оның экономикалық нәтижесін анықтау;
  • ауыл шаруашылығындағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын және олардың механизмдерін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу барысында алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы:

  • экономикадағы шағын бизнестің ғылыми - теориялық негіздері, оның аграрлық саладағы ерекшеліктері және нарықтық жағдайға бейімделуі автордың өз тұжырымдамаларымен берілген;
  • нарықтық экономика дәуірінде өркендеген шетелдік озық тәжірибелері негізінде ауылдағы шағын бизнестің қалыптасу, даму және қызмет ету механизмдері қарастырылып, оның қызметін тиімді жүргізуге негіз болатын факторлар, нарықтық механизмдер, мүдде және мемлекеттік қолдаулар жүйесінің икемділігі мен нәтижелігі анықталды;
  • ауылдағы шағын бизнестің даму кезеңдері нақтыланып, олар алғаш рет өрістеу және өркениетті өсу бағыттары шағын бизнестің маңыздылығына авторлық қорытынды жасалды;

- ауылдағы шағын бизнестің негізгі субъектілері - шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын мемлекеттік қолдаудың толықтырылған жүйесі мен оны жүзеге асырудың жаңа бағыттары және әдістемелері берілді;

- рыноктік экономика жағдайында ауылдағы шағын бизнестің тиімділігін арттыруға зор әсер ететін тұтынушылық, қызмет етуші және несиелеу кооперативтерінің авторлық модельдері ұсынылды.

Қорғауға шығарылатын негізгі қағидаттар:

- өркениетті қоғамға тән үрдістің бірі - бизнеспен айналысу толқыны. Рыноктік қатынастар жағдайында бизнестің экономикалық даму бағыты адамның танымдық әрекетінің дамуымен адамдық және табиғи бірлігін ұғыну ықпалында болуы тиіс. Шағын бизнесте іскер адам өзінің еңбек және шығармашылық жеке қызметінің нәтижесінде экономикалық тиімділікке қол жеткізеді;

- аграрлық сектордағы шағын бизнесті ұйымдастыруда ауыл шаруашылық ерекшеліктері мен басқа қолайсыз жағдайларды бәсеңдетуші әртүрлі факторлар топтарын есепке алу қажеттілігі туындайды. Әсіресе, ғылыми-техникалық прогресс адамзаттың өмір үлгісіне мәнді ықпал етеді, осы кезде әлеуметтік-экономикалық даму жаңа мазмұнға ие болады;

- еліміз Ресей және Белоруссиямен кедендік одаққа кірді, Бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру табалдырығында тұр, ол кезде бір жағынан, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін шетелдік рыноктардың ашылатыны жақсы, бірақ, екінші жағынан импорттық өнімдердің зор ағысы, оның үстіне жоғары сапалы, әрі әдемі орамдағы ауыл шаруашылық өнімдері көптеп пайда болады. Осы жағдайдағы басты міндет - еліміздің азық - түлік қауіпсіздігі мен аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыногына нақты қол жетімділікті қамтамасыз ету. Сондықтан шағын бизнестің субъектілері өндірген өнімдердің сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне жетіп, оны тиімді өткізу;

- ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және оның бәсекелестігін күшейту кезеңінде тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Алайда қазіргі кезде, ауылдағы шағын бизнес мемлекет тарапынан және жергілікті билік органдарынан қажетті қолдау таппай отыр. Ауыл аймақтарын дамытудың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге олардың аз қатысатындығы, сондай - ақ, жергілікті мемлекеттік билік орындарында оларды шешуге қажетті ақша қаражаттарының жеткіліксіздігі, олардың іс - әрекеттерінің тиімсіздігі ауылдағы мемлекеттік басқаруды жетілдіруді және жергілікті өзін - өзі басқару институтының енгізілуін керек етеді.

- аграрлық секторда кооперация негізінде шаруа (фермер) қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешуге болады. Тұтынушылық, қызмет көрсету және ауылдық несие кооперативтері өзара бірлесіп маманданған, жаңа техника мен технология қолдана алатын және аралық өнім түрлерін өндіретін, өңдейтін, өткізетін өндірістер мен қызметтерді ұйымдастыруға және олардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді.

I . Мәтіндік бөлім.

1. 1. Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің дамуы.

Шаруа (фермер) қожалығы - дара кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай - ақ осы өнімді өңдеумен және өткізумен үздіксіз байланысты адамдардың отбасылық - еңбек бірлестігі. Заңды тұлғаны құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған кезде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып табылады.

«Кәсіпкерлік нысаны (ұйымдық құқықтық нысан) » терминның өзі заң шығарушылық және іскерлік айналымда жақында пайда болды. Өзінің пайда болуымен бұл жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырды. Кеңес дәуріндегі советтік экономикада мемлекеттік сектордың үстемдік еткені белгілі. Мемлекеттік емес сектордың рөлі тым аз мөлшерде еді. Тіпті, «қайта құру» деп аталған уақытта да жаңа экономикалық қатынастырдың пайда болуы мен дамуы ешқандай нәтиже бермеді. Солай бола тұрса да, белгілі бір ілгері басушылықты тіптен ескермеу объективсіз болар еді, мысалы, 80 -жылдардың ортасымен 90 - жылдардың басындағы кезең. 1987 ж. 30 маусымда қабылданған КСРО - нің «Мемлекеттік кәсіпорын (бірлестік) туралы» Заңын, 1988ж. 26 мамырдағы КСРО - нің «КСРО кооперациялар туралы» Заңын, , өзге де бірлскен кәсіпорындар қызметін реттуге арналған бір 1989 ж. 7 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Жалдау қатынастар туралы» Жарлығын қатар актілерді атап өтуге болады. Кәсіпкерліктің дамуында үлкен мәнге ие КСРО министірлер Кеңесімен 1990 ж. 8 тамызда бекітілген «Шағын кәсіпорындарды қуру мен дамыту шаралары туралы» ереженің маңызы зор болды.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуін кәсіпкерлік нысандары жөніндегі үлттық заңнамаларды қалыптастыруға ықпал етті. Біздің жағдайда нысан ретінде «Тип, құрылым белгілі бір мазмұндағы ішкі сыртқы көрініс» түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік белгілі бір ұйымдық оның нысанын таңдау көптеген факторларға байланысты: шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігі, қызмет ортасы, қандай да бір нысанның салыстырмалы артықшылықтары. Әрбір елдің кәсіпкерлікті үйымдастыру бойынша өз заңнамасы әрекет етеді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибеде типтік кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық - құқықтық нысаны бар. Бұған: жеке кәсіпкерлік, жай серіктестік, толық және коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мекемелер жатады. Бұл негізгі нысандар кәсіпкерлік субъектісіне қарай әр елде өзіндік модификацияға ие болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандарын кәсіпкерлікті құқықтық реттеу жүйесінің элементі ретінде бөліп қарастыру кәсіпкерліктің экономикалық негізінің тәжірибелік және теоретикалық тұрғыда үлкен мэнге ие. Бұл - аталған саланы зерртейтін заңнаманы дұрыс қолдануға және оны нақты орындауға, сондай - ақ нормативтік құқықтық актілердегі қарама - қайшылықтарды анықтауға және заңнамадағы ақтаңдықтықтарды жойып, оны жетілдіруге зор ықпалын тигізеді.

Кәсіпкерлік қызметтің нысандары мен түрлері жөнінде сөз қозғағанда түр мен нысан терминдерінің заңнамада, ғылыми терминологияда және тілде жиі ауыстырылып қоданылатынын ескеруіміз қажет. Осы дипломдық жұмыс барысында кәсіпкерліктің түрі ретінде кәсіпкерліктің негізгі бөлімшелерін түсінеміз, бұл негізгі бөлімшелер - түрлер ретінде қарастырылатындықтан да бір - біріне нысан болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, кәсіпкерліктің бір түрі басқасына нысан болуы мүмкін емес.

Ал кәсіпкерліктің нысанына келетін болсақ, бұл өндірістік құрылымдар. Кәсіпкерліктің түрлері әр түрлі нысанда болуы мүмкін, кәсіпкерліктің бір түрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін, ал кәсіпкерліктің бірнеше түрі ұқсас нысанда кездесуі мүмкін. Осы бөлімнің бірінші тақырыбында заңды тұлға құрмай - ақ жеке тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруының ұйымдық құқықтық нысанына қысқаша сипаттама беріледі.

Ақсу өңірінің шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
АШТӨ
Т. А. Ә.
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты
АШТӨ: Евгеньевка с/о
Т. А. Ә.:
АШТӨ: «Агрофирма»Биосем» ӨК
Т. А. Ә.: Мингазов Мансур Ханафинович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Тимур” ШҚ
Т. А. Ә.: Мингазов Равиль Канафиұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Сергей” ШҚ
Т. А. Ә.: Рямбов Виктор Николайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Рямбов” ШҚ
Т. А. Ә.: Рямбов Николай Викторович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Виктория” ШҚ
Т. А. Ә.: Пшембаева Мариям Ханафиевна
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Ника” ШҚ
Т. А. Ә.: Пшембаева Хамит Малгаждаровна
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоппен айналысады
АШТӨ: “Алина” ШҚ
Т. А. Ә.: Стоцкий Сергей Федерович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоппен және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Бастау” ШҚ
Т. А. Ә.: Кирпа Олег Александрович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: “Смирнов” ШҚ
Т. А. Ә.: Смирнов Сергей Викторович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: “Кукуш” ШҚ
Т. А. Ә.: Харченко Василий Анатольевич
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоппен айналысады
АШТӨ: “Асель и К” ШҚ
Т. А. Ә.: Әлсейтов Дастан Құмарұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Көкөніспен айналысады
АШТӨ: Үштерек ауылы
Т. А. Ә.:
АШТӨ: “Үштерек және К” ЖШС
Т. А. Ә.: Лукинов Сергей Михайлович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Табыс” ШҚ
Т. А. Ә.: Алпысбаев Ержан Сатыбалдыұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Катюша” ШҚ
Т. А. Ә.: Шпилев Владимир Михайлович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: “Виктория” ШҚ
Т. А. Ә.: Әбішев Бахтияр Кәкімұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және бақшалармен айналысады
АШТӨ: “Тукаевтар” ШҚ
Т. А. Ә.: Фогель Александр Павлович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Мамадиев” ШҚ
Т. А. Ә.: Мамадиев Марат Орынбаевич
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: Жолқұдық с/о
АШТӨ: “Вероника” ШҚ
Т. А. Ә.: Пак Виталий Чан-Сикович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және бақшалармен айналысады
АШТӨ: “Жер” ШҚ
Т. А. Ә.: Еркенов Дәулетбек Сағынтайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Хаджымұратов” ШҚ
Т. А. Ә.: Хаджымұратов Мақсұт Сағатұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: Қызылжар с/о
АШТӨ: “Қызылжар - Құрымсы” ЖШС
Т. А. Ә.: Арал Мақсат Олжабайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Дәнділермен айналысады
АШТӨ: Достық с/о
АШТӨ: “Парамоновка” ШҚ
Т. А. Ә.: Танкинов Еламан Қуанышбайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Бекзат” ШҚ
Т. А. Ә.: Гейн Сергей Николаевич
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Огонек” ШҚ
Т. А. Ә.: Молодой Василий Штефанович
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Жана жол” ШҚ
Т. А. Ә.: Каимов Зауди Кюревич
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Дария” ШҚ
Т. А. Ә.: Мұхамеджанов Светлана Юрьевна
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: “Достық” ФҚ
Т. А. Ә.: Каимов Насруди Сеитахмедұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: Ақжол с/о
АШТӨ: “Бауржан-Ж” ШҚ
Т. А. Ә.: Түсіпбеков Бауржан Джамбылұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Дәнділер және күнбағыспен айналысады
АШТӨ: “Қаржас” ШҚ
Т. А. Ә.: Сыздықов Сансызбай Шахманұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс және дәнділермен айналысады
АШТӨ: Еңбек с/о
АШТӨ: “Алихан” ШҚ
Т. А. Ә.: Қисамиев Қуатбек Қалымжанұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніс егуімен айналысады
АШТӨ: Алғабас ауылы
АШТӨ: “Жамбыл” ШҚ
Т. А. Ә.: Жармағамбетов Аманжол Айчанұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Күнбағыс егуімен айналысады
АШТӨ: “Айылқас” ШҚ
Т. А. Ә.: Әкішев Нұрғалым Мұқанұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Күнбағыс егуімен айналысады
АШТӨ: М. Омаров атындағы с/о
АШТӨ: “Темірлан” ШҚ
Т. А. Ә.: Успанов Ержан Сәрсенбайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп егуімен айналысады
АШТӨ: “Газиз” ШҚ
Т. А. Ә.: Олдулы Газиз
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Картоп, көкөніспен айналысады
АШТӨ: «АгроКормСервис» ЖШС директоры
Т. А. Ә.: Асқаров Жомарт Әптайұлы
Кәсіпорын қызметтің негізгі бағыты: Жемазық дақылдарымен айналысады

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Кәсіпкерлік қызмет туралы» Заңында (бұдан әрі - Заң) кәсіпкерліктің түрі мен нысаны арасында нақты айырмашылық келтірілмеген. Заңның мәтініндегі кәсіпкерліктің түрі мен нысанын ажырату қиынға соғады, өйткені олардың нақты түсінігі қарастырылмаған. Жағарыда атап өтілгендей түр мен нысан терминдері көп мағыналы және бір бірімен жиі ауыстырылады. Сәйкесінше, заңнамада да заңдық әдебиетте де олар түрлі мағынада қолданылады, сондай - ақ синоним ретінде де жиі кездеседі. Кәсіпкерлік нысандарын бөлуде оның заңдық мазмұнын білдіретін заңдық нысандары туралы айтылады. Яғни, бір ғана мазмұнның өзі түрлі заңдық нысандарда, ал түрлі мазмұн бірдей нысандарда болуы мүмкін.

Кәсіпкерліктің заңдық нысандарын ең алдымен кәсіпкерлік қызметтің субъетілеріне қарай бөлуге болады. Осы негізде жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін бөліп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бойынша мұндай бөлу Қазақ ССР нің 1990 - жылғы 19 - желтоқсандағы «Қазақ ССР -дегі кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» Заңының 2 - бабына сәйкес келеді.

Жеке тұлғалардың кәсіпкерлігі туралы сөз қозғағанда, заңды тұлға құрмай - ақ, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын айтамыз. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлігі тек қана жеке кәсіпкерлік түрінде болуы мүмкін, бұл өз кезегінде, жеке кәсіпкерлікті білдіреді. Кәсіпкерлер ретінде жеке тұлға немесе бірнеше жеке тұлға болуы мүмкін. Заң шығарушы белгілегендей, бір тұлғадан құрылса - жеке кәсіпкерлік, бірнеше түлғалардан құрылса, ұйымдастырушылық нысаны - бірлескен кәсіпкерлік болып саналады. Бұнымен қатар, жай серіктестік, отбасылық кәсіпкерлік, шаруашылық (фермерлік) қожалықтар түріндеде кәсіпкерлік қызмет кең таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Шаруа қожалығының меншікке құқығы
Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz