Ауыл шаруашылығындағы жер пайдалану жұмыс жобасы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . .

І. Мәтіндік бөлім.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары . . .

1. 2. Ауыл шаруашылық жерлері және оларды ұтымды пайдалану . . .

1. 3. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың

құқықтары . . .

1. 4. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың

міндеттері . . .

ІІ. Техникалық бөлім .

2. 1. Жер пайдалану кемшіліктері және оларды болдырмау әдістері . . .

2. 2. Қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы . . .

ІІІ. Сызба бөлім . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Әр мемлекеттің тағдырында жер өзге табиғи объектілер сияқты бағасыз халық құндылығын білдіретін биопотенциялық құнарлы топырағын қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретінде, Қазақстан Республикасының халық өмірінің негізі болып белгіленген. « Қазақстандықтардың көңілін алатын сұрақ - жер туралы сұрақ. Онымен елдің салт - дәстүрлері және адам тағдырлары байланысқан, олардың келешек ұрпақ алдында жауапкершілігі », - деп ҚР-ның Президенті Н. А. Назарбаев өз үндеуінде ерекшелеп айтты. Біздің негізгі жұмысымыз еліміздің басты байлығы деп саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты болғандықтан, ауыл шаруашылығындағы жерлердің экономикалық, саяси - әлеуметтік дамуына тигізетін әсері мен алатын орны туралы тоқталамын. Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы.

Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер - табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін ескеру мәселесін көбінесе Жер Кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді. Ал еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша еліміздің жер заңдылықтарында, Үкіметтің шешімдерінде қарастырылған іс - шараларды өз құзіретіміз аясында жүзеге асыру «Жер ресурстары және жерге орналастыру Мемлекеттік Ғылыми Өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына («МемжерҒӨО» РМК) жүктелген. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 194 жер - кадастрлық бөлімшелері қызмет етеді. Өмірдің серпінді дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы. Республикамыздың ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлес салмағы 38, 5%. Халқымыздың 46% - дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Олар жер байлығын пайдаланып ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына, халқымыздың ұлттық қадір - қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, « . . . қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұдан да жарқын болатынына сенімім мол». Жолдаудағы жоба - жоспарлар, ой - түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады. Алайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмен жағдайда қалып келеді. Соңғы жылдардағы ауылшаруашылық өнімдерінің жетістіктеріне тоқтала келе, Елбасы өз сөзінде 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін айтты. Ол міндетті жүзеге асыру ауыл тұрғындарының тұрмысы мен өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі кілті. Сөз жоқ, ауыл шаруашылығы дамыса ауылдарымыздың да көркейе түсетіні анық. Демек, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жеделдеп дамыту жөніндегі алға қойып отырған міндеті - қазіргі заман талабына сай еліміздің көкейкесті мақсат - мұратын қозғайтын дұрыс жол. Міне, осы іске үлес қосуда Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамындағы кәсіпорынға үлкен міндеттер жүктеледі. Бұл бағдарламаны іске асырудың негіздері егістік жерлердің өнімдерін жоғарылату, ауыл шаруашылығы тауарларының сапасын арттыру, жаңа құрал - жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, әлемдік тәжірибені пайдалану.

Бүгінгі таңда егістік жердің өнімділігін көтеру үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту өте маңызды. Міне, сондықтан, болашаққа серпін беретін Жолдауда көтерілген аса маңызды мәселелердің бірі ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі нысаналы пайдалану, оны бақылау және қорғау, азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін өткен жылы Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қарап, осы бағытта Үкімет пен Жер ресурстарын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Негізгі проблема - ол жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану және қорғау. Ел басшысы қойған стратегиялық тапсырмаға байланысты агенттік қабылдаған шаралар мен қабылданған іс - жоспарды орындауға өзіне жүктелген өкілеттікке сәйкес ғылыми - өндірістік орталық та жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолдары мен іс - шараларының басты бағыттары мыналар:

- өңірлік бағдарламаны әзірлеу;

- жерге орналастырудың бас сызбасын әзірлеу және оның тұжырымдамасын орындау;

- жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын жасау;

- ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың сенімді көзіне айналдыру.

Бұл проблеманы шешу жолдары:

1. Сұраныс тудыратын инвестициялық жобалар нұсқасын жасап облыстық, аудандық әкімдерге және ірі агроөнеркәсіптік кешендеріне ұсыну;

2. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингтерінің мәліметтерін толықтыру жұмысы, жер кадастрының және оның ақпараттық жүйесінің келесі екінші деңгейін қалыптастыру.

I . Мәтіндік бөлім.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.

Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатын Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агроазық - түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейінгі мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенін айтсақ та жеткілікті.

Қазақстан Президенті ауылды қайта дамыту деп жариялаған 2003 - 2005 жылдар шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы өндірісін экономиканың тұрақты өсу факторына айналдыру үшін үлкен назар аударып отыр. Ауылды дамытудың негізгі үш басымдығы белгіленді:

- азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді арттыру және оны ішкі де, сыртқы да рыноктарда өткізу көлемін ұлғайту;

- ауылда тіршілік етудің қалыпты жағдайларын жасау.

Қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекет осы міндеттерді іске асыруға жыл сайын елеулі қаражат бөледі. Сонымен бірге осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ауылдағы жер реформасын аяқтау, жердің нақты әрі тиімді меншік иесін қалыптастыру үшін қажетті заңнамалық база жасау болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның ауыл шаруашылық алқаптарының алаңы 222 миллион гектарды құрайды, немесе бұл дегеніңіз бүкіл Ұлыбритания аумағынан 9 есе көп. Орташа алғанда республиканың әрбір тұрғынына 15 га ауыл шаруашылық жерінен келеді. Осы көрсеткіш бойынша біздің еліміз әлемде, тек Австралиядан кейін, екінші орын алады.

Қазіргі уақытта жер пайдаланушыларға 90 млн. га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бекітілген, соның ішінде 21 млн. гектары егістік. Тек ауыл тұрғындарының ғана емес, бүкіл республика тұрғындарының игілігі жерді қалай тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі экономикалық гүлдену жолының түпкілікті аграрлық реформаларды және бәрінен бұрын жер реформасын жүзеге асыру арқылы өтетінін көрсетіп отыр.

Қазақстан бірнеше себептерге байланысты, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономиканың аграрлық секторына қатысты реформаны толық көлемде жүзеге асыра алмады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Жер кодексі қабылданған 2003 жылға дейін Қазақстанның жер туралы заңдары кеңес құқығының күні өткен принциптеріне негізделіп, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуын баяулатты. Жерге меншіктің басым мемлекеттік нысанының басты кемшілігі жерге жауапсыз қатынас, оны ұтымсыз және тіпті заңсыз пайдалану проблемасы болды.

Жерге жеке меншіктің жоқтығы нақты «қожайынды» қалыптастыруды баяулатты, жерді ұтымсыз пайдалануды күшейтті. Жерді еркін сатып алу - сатудың мүмкін еместігінен жерді бөліп беру, оны заңсыз пайдаланып, алынған кірістерді жасыру жөніндегі әкімшілік шешімдер мен көлеңкелі сауда - саттық өсе түсті. Бұнымен қатар, жер заңдарының айқын еместігі және тұрақсыздығы соңғы 12 жыл бойына жердің құнарлылығын арттыруға жер пайдаланушыларды және өндіріске ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандырмады. Осының барлығы ауыл экономикасын дамытуға айтарлықтай кері әсерін тигізді. Жер қатынастары саласындағы қордаланып қалған проблемаларды шешу, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту үшін жағдай жасау мақсатында 2003 жылғы маусымда ел Президентінің Жарлығымен Жер кодексі қабылданды. Әсірелемей - ақ айтқанда, оның қабылдануымен ауыл шаруашылығына жеке меншік институтының енгізілуімен байланысты біздің ауылдарымыз түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңіне аяқ басты. Жеке меншіктің енгізілуі жердің толыққанды нарықтық айналымын қамтамасыз ету үшін және мынадай мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай туғызады:

- жер пайдаланудың ашық та жариялы санын қамтамасыз ету;

- жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдаланғаны үшін экономикалық жауаптылығын көтеру, сондай - ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын сақтау мен көтеруді ынталандыру;

- өзінің жер учаскесі үшін және оның сапалы жай - күйі үшін жауап беретін адал меншік иесін қалыптастыру;

- жер туралы заңдарды нарықтық экономика талаптарына сәйкес келтіру;

- аграрлық секторға капитал салуды тартудың ең әрекетті тетіктерінің бірі ретінде жер мен жер пайдалану құқығын кепілге салып кредиттеудің ипотекалық нысанын пайдалана отырып, аграрлық сектордағы қаржы - кредиттік қатынастарды жетілдіру;

- ауыл шаруашылығынан артық еңбек ресурстарын босатып, оларды экономиканың басқа салаларына бағыттау;

- аграрлық өндірістің тиімділігін және елдегі село халқының өмір сүру деңгейін көтеру.

Жер кодексінің жаңа енгізулерін іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев құқықтық ағартудың тиімді әрі қолжетімді жүйесін жасауды, сондай - ақ ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтының енгізілуіне байланысты ауылдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтардың, заңды тұлға құрмай - ақ, кәсіпкерлік қызметпен және шаруашылық қызметпен және шаруа (фермер) қожалығымен айналысуға құқығы бар (ҚР АК 19 - бабы және «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» ҚР З1 - бабы) .

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар - меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жекеленген мүлікті оралымды басқаруға құқығы бар ұйымдар (түрлері мен нысандары - шаруашылық серіктестердің барлық түрлері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер) . Заңды тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдар (мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, селолық тұтынушылар кооперативтері және заңдарда көзделген өзге де нысандар) .

Жергілікті атқарушы органдар - аудандық дәрежедегі, облыстық, Алматы, Астана қалаларының, облыстық дәрежедегі қалалардың, аудандық (қаладағы аудандардан басқа) атқарушы органдары кент, ауыл (село), ауылдық селолық округ әкімдері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган - облыстық, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер - құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық желі, қора - жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай - ақ басқа да алқаптар кіреді (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар кіретін ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін берілген жерлер) .

Ауыл шаруашылығы алқаптарына:

- егістік;

- тыңайған жер;

- көп жылғы екпелер, егілген жерлер;

- шабындықтар;

- жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір санаттан екіншісіне ауыстыру жер учаскесінің меншік иесінің ауыл шаруашылығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға берген өтініші, сондай - ақ жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру қажеттілігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негізделеді.

Жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;

2. Елді мекендердің, қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің жерлері;

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шарушылық емес мақсаттағы жерлер;

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;

6. Мемлекеттік су қорының жерлері;

7. Босалқы жер.

Бұл санаттар бойынша бөлінулер «Жер туралы» Жарлықта бекітілген. Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ұйымдарында, мекемелерінде, олардың ауыл шаруашылық даму жоспарына сәйкес, базарларды ауыл шаруашылық өнімдерімен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекендердің жерлеріне - қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен құрылыстар және т. б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.

Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл қала жерінің сыртқы шекарасы, оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Қала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т. б жерлер кіреді.

Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлеріне қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.

Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері - ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т. б. жатады. Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі бір тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.

Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай - ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.

Алтыншы - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай - ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер жатады.

Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.

Жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің:

- жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысына қатысуға;

- жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысуға;

- өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;

- жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар.

Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттік кәсіпорындар, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.

Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдері қамтиды: жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау; дайындық жұмыстары; жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу; жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту; жерге орналастыру жобасын орындау.

Жерді пайдалану тек қана өндіріс деңгейімен шектелмей, оның жеке бөліктерін пайдалану сипатымен айқындалады. Бұл жағдай ауыл шаруашылық алқаптардың құрамында, олардың әртүрлі мақсаттарда пайдалануында байқалады ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру, мал бағу, шөп шабу. Әртүрлі ауыл шаруашылық алқаптарды бағалаудың әдістемелік тәсілдерінде ерекшеліктер пайда болады.

1. 2. Ауыл шаруашылық жерлері және оларды ұтымды пайдалану.

Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның құрам бөліктерімен негізделеді. Әдетте статистикада есепке салу және бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі. Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек кәсіпорындар шығады. Жер кадастры объектісінің ерекшеліктері мен болуынан шығып, Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде кәсіпорындар емес, ауыл шаруашылық жер учаскелері танылады.

Ауыл шаруашылық жер учаскесі - бұл мақсатты міндет атқаратын, субъектік құқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншіктегі болатын, жоспарда және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі - бір субъекттің пайдалану және иеленушінің құқықтық объектсі ретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін. Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық - өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану - бұл әлеуметтік - экономикалық құбылыс.

Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде шаруа қожалығы немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.

Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі - мемлекеттік және жеке меншік түрлерімен шартталған.

Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы - жер учаскесі сияқты болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету
Шаруа қожалығының жер телімін аумақта орналастыру
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Шаруа қожалығы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Мақта саласындағы агроқұрылымдарды оңтайландыру (ірілендіру) және типтік шаруашылық моделінің экономикалық негіздері
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz