Жерге орналастырудың экономикалық факторлары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазіргі жерге орналастыру мақсаты, міндеті және мазмұны ... ... ... .
1.2. Жерге орналастырудың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... .
1.3. Жердің экономикалық бағалау әдістері, принциптері ... ... ... ... .
ІІ. Техникалық бөлім.
2.1. Жобаның экономикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Сызба бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және оған себепті ауыл шаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт күрделене түсуде.
Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауыл шаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады.
Демек, жерге орналастырудың экологиялық − экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межлерін, аудандарын және орналасуын, сондай - ақ өндірістің мақсатына сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе − теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қаматамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шарттарды түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі− Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Екіншісі –Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;
Үшіншісі − ведмостволық нұсқаулар мен ұсыныстар;
Төртіншісі − облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтың шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресуртар мемлекет меншігіне жатады. Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24 - ші қаңтарында бекітілген «Жер туралы» заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж., - Алматы, 2009.
2. ҚР Жер Кодексі. 2003ж, 20 маусым, - Алматы: Баспа, 2009.
3. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылым негіздері. Астана - 2004ж М.А.Гендельман, Ж.Қ. Қырықбаев , З.Д.
4. ҚР Үкіметінің «Ауыл шаруашылығының 2010 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту туралы» 1997 жылы 27 желтоқсанда қабылданған қаулысы.
5. Еркінбаева Л.Қ.Айғаринова Г.Т. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Оқу құралы. - Алматы, 2010.
6. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. – Алматы, 2001.
7. Косанов Ж.Х. Права собственности и иные права на землю. Научное издание. – Астана, 2009.
8. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылым негіздері. Астана - 2004 М.А.Гендельман, Ж.Қ. Қырықбаев , З.Д. Дүйсенбеков.
9. Земельное законодательство республики Казахстан. Сб. нормативно - правовых актов (с комментариями) - Алматы: Жети жаргы, 1998.
10.Подольский Л.И. Научные основы оценки земель. «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, Ж. НИЦ «Бастау» Алматы, 1997.с.29 - 36.
11. Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. Земельное законодательство Республики Казахстан - Сб. нормативно -правовых актов. - Алматы: Жети жаргы, 1998.-с. 139 - 152.
12. Руководящие принципы управления земельными ресурсами. - Европейская экономическая комиссия. ООН.- Нью - Йорк, Женева, 1996.
13. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. - Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2000.
14. Есполов Т.И.Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами. - Алматы.: КазНАУ, 2004.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе____________________________ _______________________________
І. Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазіргі жерге орналастыру мақсаты, міндеті және мазмұны_____________
1.2. Жерге орналастырудың экономикалық мәні_________________________
1.3. Жердің экономикалық бағалау әдістері, принциптері _________________
ІІ. Техникалық бөлім.
2.1. Жобаның экономикалық негіздемесі _______________________________
ІІІ. Сызба бөлім______________________________ _____________________
Қорытынды__________________________ ____________________________
Қолданылған әдебиеттер_________________________ _________________

Кіріспе
Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және оған себепті ауыл шаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт күрделене түсуде.
Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауыл шаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады.
Демек, жерге орналастырудың экологиялық − экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межлерін, аудандарын және орналасуын, сондай - ақ өндірістің мақсатына сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе − теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қаматамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шарттарды түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі− Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Екіншісі - Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;
Үшіншісі − ведмостволық нұсқаулар мен ұсыныстар;
Төртіншісі − облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы аймақтың шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресуртар мемлекет меншігіне жатады. Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24 - ші қаңтарында бекітілген Жер туралы заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.

Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналасутырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтақ Кодекс, Шаруа қожалығы туралы (1998ж.) , Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы, Жер салығы туралы, Ипотека туралы және бір қатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңында көп укладтық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.
Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік − экономикалық және құқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс - тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық тезника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план - картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруге қолданылады. Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс − қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:
- план - картографиялық негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
- іздестіру және топографиялық − геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
- план − картографиялық материялдарды жасау дәлдігі;
- жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
- жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс − қимылдар.
Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастрын жүргізгенде негізгі картографиялық материялдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.
Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:
- Аналиткалық ( координаталары бойынша);
- Графикалық ( пландық сызықтық өлшемдер арқылы);
- Механикалық ( планиметр арқылы).
Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми − техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материялдар кең қолдануда.
Техникалық әдістер арқылы жерге орналастыру іс − қимылдары, олардың құқықтық, әлеуметтік − экономикалық мәні іс жүзінде жүзеге асырылады. Қазіргі жерге орналастыру елдің экономикасына соның ішінде аграрлық саласына жаңа нарық қатынастарын енгізумен байланысты. Ол Конституция мен жер заңдары негізінде жүзеге асырылатын агралық саясаттың құралы болып табылады. Жер Кодексінде бұрынғыдай жер пайдалану мен жер иеленудің әр түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Бұл заңның негізгі мақсаты жойылған колхоздар мен совхоздардың негізінде құрылған шаруа қожалықтарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, өндірістік кооперативтерге, сонымен бірге ауыл тұрғындарының қосымша шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау бақшалығының, өнеркәсіп, энергетика басқа да шаруашылықтарының әрі қарай дамуына қолайлы территориялық жағдай жасау. Жер реформасының негізгі мақсаты − жерге иесін қайтару.
Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруааралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні тек мәселерді жүрізуге емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.
Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халық шаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic - қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic - қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік - экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Жерді орналастыру - жер пайдалаудағы мемлекеттік реттеу және жерді басқару тетіктері.
Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі мемлекеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сондай - ақ бар заңдамалар негізгінде жер қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің бірыңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге ораластыру қолданылады.

I . Мәтіндік бөлім.
1.1. Қазіргі жерге орналастыру мақсаты, міндеті және мазмұны.
Жерге орналастыру - мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады.
Жерге орналастыру -- мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс - шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік - аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай - ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай - ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Өтпелі кезеңде экономикалық тұрақтандыру, басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республикалық экономикалық тұрақтандыру мақсатымен өкімет 1990 жылы 6 - желтоқсанда қазақ жоғарғы кеңесінің жарлығы бекітілген арнайы бағдарламалар жасаған.
Осы бағдарламаларға сәйкес тұрақтандыру шарттарының бірі - мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту. Бұл үшін Республикалық, жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қысқарту ревизиясы жасалады.
Мемлекеттік жоспарлау практика ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы объектінің даму қағидасы сақталған. Бұл қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілдік - әміршілдік шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды күшейтуге көп көңіл бөлінді. Жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттарын жоғалтқан қосымша шығындар мерзімінде игерілмеген бөлінбеген қаражаттар.
Бюджет кірісін жоғарлатуда үлкен роль атқаратындар:
- Мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер;
- Жергілікті өндіріс өнімдерінің кең айналымынан алынатын салықтарды енгізу;
- Еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну бағаларын, тауарларын сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.
Одан басқа тұрақтандыру шаруашылық жиынтығын, үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған саясатын жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен объектілердің құрылысы уақытша тоқталады, отын және шикізат кен орындарын ұзақ мерзімді жалға беру, тұрғындарына сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын үйлерді сатуды күрт жандандыру кәсіпорын акцияларын өткізу жатады.
Тұтыну рыногын тәртіпке келтіру экономикалық басқару жүйесіндегі негізгі объектілердің бірі нарықтық неізгі элементтерін басқару, яғни тұтыну нарығының қалыпты қызмет етуі. Өкімет тұтыну нарығын толтыру шаралар кешенін ұсынады және жүзеге асырады.
Заттың логикасы бойынша бұл мәселені шешудің басты қайнар көзі - барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты орынды алу меншікті орынды алу. Осыған байланысты көптеген мәселелерді шешуге болады.
- бірінші кезекте, тапшылық және техникалық күрделі бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру;
- республикалық айырбасты дамыту;
- үкіметтің халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың республикалық қорын құру;
- сәйкес тауарлар тобы бойынша республикалық және жергілікті тауарлар резервін құру.
Қазақстан экономикасын басқарудың қалыптасып келе жатқан жүйесіне бірқатар өндірісті тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:
- республика кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан байланысты және республика аралық келсім шарттарды сақтау;
- мемлекеттік тапсырыс жасау жолымен шаруашылық байланыстарды тікелей мемлекеттік реттеуді қамтамассыз ету
- өз кінәсіз қиын жағдайдағы кәсіпорындарға уақытша қаржылық көмек көрсету үшін арнайы тұрақтандыру қорларын құру. Тұрақтандыру қорлары бюджеттік қаражаттардан, сонымен қатар облигация сатудан қалыптасады.
Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
ҚР да жерге ораластыру жүйесі қызмет етеді, онда жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:
- ғылыми негізделген болжадар түріндегі бас республикалық схема;
- облыстық және әкімшілік аудандардың жерге ораластыру схемасы;
- шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
- шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;
- жеке учаскелерді құру, жақсарту,мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмысшы жобалар.
Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай - ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар жүйесі болып табылады.
Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:
- ауыл шаруашылығын жүргізу үшінжаңа құнарлы жерлерді анықтау;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдарпда бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында шаруашылық жерін ұйымдастыру;
- мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;
- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді - мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.
Жерге орналастыру қызметіне: топографо - геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т.б. қолданылады.
Жерге орналастыру мазмұнының күрдегілігіне қарай түрлерге және әртүрге бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:
- дайындық жұмыстары;
- жобаны құру;
- жобаны қарау және бекіту;
- жобаны натураға шығару;
- жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;
- жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.
Аталған кезеңдер көлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың пәні болады.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы - таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең қолданады (есептік - варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико - математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік - материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жерге орналастыруды жобалау, Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделген жобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процесі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.
Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.
Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде (мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула, кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.
Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай - ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917 - 1921 жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі- жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды - совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.
Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан - шаруашылық бекітуді талап етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорынның жерін құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік - экономикалық бағыттан жер өлшеу - техникалық (геодезиялық) бағытта болды.
Ол енді әлеуметтік - экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890 - 1970 ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан - құқықтық және жер өлшеу - техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын - ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде (1932 - 1938 ж.ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.
АҰҒЗИ трудтарымен Жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903 - 1974 жж.) басқарды.
Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер - бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелоирациямен, агроорман мелиорациясымен, жол жұмыстарымен, ауыл елді - мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.
Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға: топографо - геодезиялық, топырақтық, топырақтық - зрозиялық, геоботаникалық, су шаруашылықтық, жол, жерге орналастыру және т.б.жатады.
Зерттеу және іздестіру материалдары және де жер кадастрлық жұмыстар жобалау барысында кең қолданылады.
Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді аймақтау және блыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу жүргізіледі. Олардың негізгі міндеті - ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың ең тиімді бағытын анықтау. Бұндай схема келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:
- Халық шаруашылық салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді санаттар арасында бөліп тарату;
- Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;
- Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру және мамандандыру бойынша ұсыныстар;
- Ауданда келешекте күтілетін жерге шаруашылық етудің көп түрлі формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;
- Жерді қорғау шаралары;
- Ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.
Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы нақты өңделеді. Онда жерге орналастырудың көптеген түпкілікті мәселелері нақты шешімін табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай ақ мелиорация, ауыл елді мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру үшін негіз болады.
Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді, өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.

1.2. Жерге орналастырудың экономикалық мәні.
Жерге орналастыру жобалардың көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр түрлілігімен және формаларымен анықталады, жерді пайлалану қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты болады. Бәрінен бұрын жобалар үлкен үш топқа бөлінеді, жерге орналастыру түрлеріне сәйкес - шаруашылық аралық, шаруашылық жерін орналастыру және учаскелік.
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс - қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік - территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс - қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында сала аралық (САЖО) жерге орналастыру түрі белгіленіп отыр. Сала аралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының (осылардың қатарында аудандың әкімшілік жанындағылары мен оралмандарға арналғандары) құрылуы, елді - мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агромелиорация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік - территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Сала аралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі іс - қимылдар жатады.
Жерге орналастырудың екінші түрі - шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ - ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс - тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару жөне коллекторлық - дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
1. ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
2. бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
3. жаңа жерлерді игеру;
4. культуртехникалық шараларды жүргізу;
5. эрозияга қарсы шараларды жобалау;
6. мелиоративтік шараларды жоспарлау.
Жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бip қатар ic - қимылдар өнеді:
- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план - картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
- кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;
- инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
- жер мен табигатты қорғау жөніндегі талаптар;
- жобалық құжаттардың құрамы;
- жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайьшдық жұмыстарының қорытындысы болып табылады.
2) Дайьндық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан - жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.
Соңгысының мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат - міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың кайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен бip қатар экономикалық және техника - экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.
3) Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық турғыдан ресімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңесте (немесе еөкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандық әкімшілігіне бекітілуге жібереді. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып Министрлер кабинетінде бекіледі.
4) Бекітілген жоба нақты мәніне шығарылады. Бұл кезенің мәні жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа материалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000 метр аспауға тиісті. Ашық жерлерде меже жалпақтығы 20 см аралықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленушілердің (жер пайдаланушылардың) межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипатгайтын хаттама мен сызба жасалады.
Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік Акт тапсырылады.
Жер кодексі бойынша республикалық жер қоры мақсатына қарай 7 санатқа бөлінеді. Жердің тікелей пайдалануын нақты жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер жүзеге асырады. Басқаша айтқанда - мемлекетік, кооперативтік, қоғамдық, жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдары. Осы шаруашылық субъектілерге иеленуге берілген жер үлестерін жер иелігі, ал пайдалануға берілген жер үлестерін жер пайдаланулар деп аталады. Жер иелігі (жерпайдалану) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынына немесе басқа заңдық құқық иесіне нақты мақсатпен берілген орны, көлемі және нақты мәселелері белгіленген территория.
Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшілігі бар. Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен берілсе, жер иеленілуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.
Қазақстан Республикасында ауылшарушылық өндірісте пайдаланылатын жерлердің жалпы территориялық көлеміндегі үлес салмағы 75% - дай (бұрынғы одақ бойынша -47%), соның ішінде жыртылған жерлер - 15%. ТМД - ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Россияның Орталық қара топырақ аймағында оның деңгейі 80% жетеді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мүмкін. Біріншісіне көптеген ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының бipi. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленулердің түрлері пайда болуы мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай ауылшарушылық және ауылшаруашылық еместерге бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркәсіп, елді - мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен бipгe бip категорияға тарихи - мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.
Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халықшаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic - қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік - экономикалық қатынастары белгіленеді.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic - қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік - экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.
Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруааралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні тек мәселерді жүрізуге емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып бip қатар принциптерді нұсқау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:
- республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер пайдаланушылықтар, жер иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- жердің ысырапсыз және тиімді, ғылыми тұрғыдан негізделген пайдалуын, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;
- әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;
- жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан - жақты мүмкіншілік жасау.
Жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жүйесі шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік аудан немесе бip топ қатар орналасқан жер пайдаланулар мен жер иеліктер.
Шаруашылық аралық жерге орналстырудың міндет - мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:
- жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру; өндірісті территория жағынан ұйымдастыру.
Осылармен бipгe шаруашылықарлық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, халық шаруашылық салалары мен жеке пайдаланушыларға (иеленушілерге) жер үлестері бөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анықталады.
Сонымен қатар шаруаралық жерге орналастыруға жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына қарай үнемі жетілдіріп отыру міндеті жүктеледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:
- ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;
- ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануларды құру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау жолдары:
- жер иеліктері мен жер пайдалануларының қaзіргі күні зерттеліп жерге орналастыру қажеттілігін тудырған себептер анықталады және сол себептерді жою жолдары белгіленеді;
- мүдделі жер иелері мен жер пайдаланулардың талаптары айқындалады, оларды қанағаттандыру мүмкіншілктері қарастырылады;
- жобалау тапсырмасы жасалып, қарастырылады және бектіледі.
Жалпы алғанда дайындық жұмыстар камералдық дайындау мен далалық зерттеуден тұрады. Камералдық жерге орналастырулық дайындалудың мақсаты жан -жақты негізделген жобаның жасалуын қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:
- жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;
- жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мақсат - міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;
- аудандық және облыстық жерге орналастыру схемалары;
- жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;
жерді есепке алу және бағалау жөніндегі қадастрлық мәліметтер;
- жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы масштабтағы жеке және жалпы пландары;
- бұрыңғы жүргізілген жерге орналстыру материалдары;
- топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары жөніндегі зерттеу - іздестіру материалдары;
- мелиорация, суландыру және сол тәріздес жобалар;
- жерге орналастыруға тартылған кәсіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;
- шаруашылық орталықтар, соларда тұратын жұрт және өндірістік құрылыстар тұралы мағлұматтар.
Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет - мақстатарына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының келемі белгшенеді. Олардың макеты жетіспейтін материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыру женіндегі жобалау институттарының мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.
Далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың натураға сәйкестігі айкындалады. Бұнда да жұмыстардың келемі мен тізімі жобаның алдына койылған мақсат - міндеттеріне байланысты.
Далалық зерттеу нетижелері бойынша арнайы далалық; зерттеу актісі мен сызбасы жасалады. Біріншісінде цифрлік мәліметтер, ал екіншісінде жер иеленушілік пен жер пайдаланушылықтардың жер үлестері мен өндірістік бөлімшелердің мәжелері, елді мекендер, магистральдық жолдар, мал айдау трассалары, су кездері және көптеген басқа мағлұматтар көрсетіледі. Содан кейін камералдық дайындалу және далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады. Бұл құжатта мынандай мәліметтер қамтылады:
- жобалау объектісі;
- жобалаудың кезендері мен мерзімдері;
- қажетті шаралар жуйесі;
- жерге орналастыруға дейінгі және содан кейінгі алаптардың құрамы (жобалық экспликация);
- жерлерді игеру және жақсарту жөніндегі шаралар жуйесі;
- ауыл шаруашылық өндірісітің негізгі көрсеткіштері;
- ауыл шаруашылық өндірістің орналасуы және мамандандырылғандығы;
Жалпы алғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мынандай ic - әрекеттерді қамтиды:
1) ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер иеленушіліктерін құру;
2) жер иеленушіліктер мен жер пайдаланашулырды үнемі реттестіріп отыру;
3) ауыл шаруашылық және халық шаруашылық мұқтаждықтарға игеру үшін жаңа жерлерді іздестіру;
4) жерді белгі беру және алып қою арқылы ауыл шаруашылық емес жер пайдаланушыларды құру;
5) елді - мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.
Қойылған мақсат - міндеттеріне, жобалау объектісіне, аймактық табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жамбыл» ЖШС жері егістік алқаптарының пішіні және көлемін қайта орналастыруын анықтау
Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Жерге орналастыруды жобалау
Орман қорының жері
Қазіргі Қазақстан Республикасының жерге орналастыру жұмыстары
Факультет Жерге орналастыру
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы
Жерге орналастыру кезінде
Пәндер