Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі



І бөлім. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдісі және мақсаты ... ...4
2.2. №1 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3. ҚР мемлекет және құқық тарихының историографиясы ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.4. №2 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.5. Курсты периодизациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.6. №3 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІІ бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1991 жылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы оның алдына бірқатар күрделі мәселелерді қойды, ол мәселелердің негізгісі мемлекеттік құрылымды қалыптастыру мен саяси және экономикалық реформалар үшін құқықтық база қалыптастыру болды. Бірақ осыған қарап, қазақ халқының мемлекеттілігінің тарихы тек ХХ ғасырдың соңында басталды деп есептеуге болмайды. Іс жүзінде мемлекет және құқық біздің еліміздің аумағындағы әлеуметтік қатынастарды реттейтін ерекше институт ретінде біздің заманымызға дейін-ақ қалыптасқан. Көптеген мыңжылдықтар бойы саяси және құқықтық жүйелер қалыптасты, өзгерді және бірін-бірі ауыстырып отырды. Бұл процесстер реті жоқ бей-берекет құбылыс емес еді, ол белгілі бір заңдылықтарға бағынған, өзінің реті бар құбылыс. Сонымен қатар үшмың жыл дерлік бойы Қазақстанда басым болған жерге қауымдық меншікке және маусымдық-жайылымдық мал шаруашылығына негізделген өндірістің ерекше тәсілі саяси және құқықтық қатынастардың қалыптасуын анықтады.
1. История государства и права Казахской ССР. Ч.1.- А., 1982;
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.1.- А., 1996;
3. Асанов М., Семенюк Г.И. Из истории исследования Казахстана в ХҮІ- первой половине ХІХ века. – А., 1969.
4. Дахшлейгер Г.Ф. Историогарфия Советского Казахстана. – А., 1969.
5. Зиманов С. Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов // Проблемы казахского обычного права. –А., 1989.
6. Сапаргалиев Г.С., Дюков Л.В. Наука истории государства и права Казахстана за 50 лет.// Научная конференция преподавателей, посвященная 50 летию Великой Октябрьской социалистической революции. – А., 1968.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі

ЖОСПАРЫ

І бөлім.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдісі және
мақсаты ... ...4
2.2. №1 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. ҚР мемлекет және құқық тарихының
историографиясы ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.4. №2 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.5. Курсты
периодизациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11
2.6. №3 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІІ бөлім.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...15

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. История государства и права Казахской ССР. Ч.1.- А., 1982;
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах.
Т.1.- А., 1996;
3. Асанов М., Семенюк Г.И. Из истории исследования Казахстана в ХҮІ-
первой половине ХІХ века. – А., 1969.
4. Дахшлейгер Г.Ф. Историогарфия Советского Казахстана. – А., 1969.
5. Зиманов С. Состояние и задачи разработки проблем обычного права
казахов Проблемы казахского обычного права. –А., 1989.
6. Сапаргалиев Г.С., Дюков Л.В. Наука истории государства и права
Казахстана за 50 лет. Научная конференция преподавателей,
посвященная 50 летию Великой Октябрьской социалистической революции. –
А., 1968.

К І Р І С П Е
1991 жылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы оның алдына
бірқатар күрделі мәселелерді қойды, ол мәселелердің негізгісі мемлекеттік
құрылымды қалыптастыру мен саяси және экономикалық реформалар үшін құқықтық
база қалыптастыру болды. Бірақ осыған қарап, қазақ халқының
мемлекеттілігінің тарихы тек ХХ ғасырдың соңында басталды деп есептеуге
болмайды. Іс жүзінде мемлекет және құқық біздің еліміздің аумағындағы
әлеуметтік қатынастарды реттейтін ерекше институт ретінде біздің
заманымызға дейін-ақ қалыптасқан. Көптеген мыңжылдықтар бойы саяси және
құқықтық жүйелер қалыптасты, өзгерді және бірін-бірі ауыстырып отырды. Бұл
процесстер реті жоқ бей-берекет құбылыс емес еді, ол белгілі бір
заңдылықтарға бағынған, өзінің реті бар құбылыс. Сонымен қатар үшмың жыл
дерлік бойы Қазақстанда басым болған жерге қауымдық меншікке және маусымдық-
жайылымдық мал шаруашылығына негізделген өндірістің ерекше тәсілі саяси
және құқықтық қатынастардың қалыптасуын анықтады.

ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. ҚР мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдісі және мақсаты.

Мемлекет және құқық бірқатар ғылым және пәнмен зерттеледі: мемлекет
және құқық теориясымен, тарихпен, политологиямен, социологиямен, салалық
заң ғылымдарымен, бірақ зерттеу объектілерінің бір болғанына қарамастан,
олардың әр қайсысы өзінің пәніне, яғни зерттелінетін құбылыстардың,
институттардың және мекемелердің тобына ие.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні мыналар
болып табылады:
- мемлекеттік-құқықтық жүйенің пайда болуы мен даму процессі,
тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі қоғам өміріндегі мемлекет және құқықтың
орыны мен ролі;
- өндірістің ерекше көшпелі тәсіліне байланысты болатын мемлекеттік-
құқықтық жүйе элементтерінің нысандары мен мазмұнының ерекшеліктері ...
Мұнда мемлекеттік-құқықтық жүйенің түсінігін анықтау қажет, өйткені
дәстүрлі түрде мемлекет және құқық бір-бірімен өте тығыз байланысты
институт болғанымен жеке-жеке қарастырылады. Сонымен бірге, олар
бөлінбейтін біртұтас құбылысты құрай отырып, олар бір-бірінсіз өмір сүре
алмайды. Мәселен, мемлекет тікелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды
белгілейді және санкциялайды, оларды қорғайды және оларды бұзған кезде
мәжбүрлеу шараларын қолданады, ал өз кезегінде құқық конституциялық немесе
өзге де нормалар арқылы мемлекет құрылымына тікелей әсер етеді, қоғамдағы
саяси қатынастарды белгілі бір тәртіпке келтіреді. Осылайша біз мемлекеттік-
құқықтық жүйенің өмір сүруі туралы айта аламыз, оның элементі мемлекет және
құқық болып табылады, және дәл осы жүйелердің Қазақстан аумағында дамуы
уақыт бойынша мемлекет және құқық тарихымен зерттелінеді.
Пәннен басқа ҚР мемлекет және құқық тарихы өзінің зерттеу әдісіне,
яғни қандай да бір құбылысты немесе процессті зерттеу кезінде алдын ала
қойылған мақсаттарға жету үшін орындалуы қажет белгілі бір кезектіліктегі
әрекеттерге, амалдарға, операцияларға ие. Кез келген әдіс міндеттерді
шешудің негізгі жолын анықтайтын амалға және әдістің нақты мазмұнын
көрсететін, яғни амалды жүзеге асыру құралы қағидадан тұрады. Мемлекет және
құқық тарихын зерттеуде пайдаланылатын әдістерді келесі топтарға бөлуге
болады:
1. жалпыфилософиялық әдістер, оған диалектикалық және метафизикалық
әдістер жатады;
2. жалпығылыми әдістер, оларға уақыт бойынша зерттелу объектісінің
қозғалысын ашып көрсететін тарихи әдістер, құбылыстың ішкі
маңызын көрсететін логикалық әдістер, нақтылықтан абстрактылыққа
өту әдісі, абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі, индуктивті,
дедуктивті, талдау, синтез, сипаттау, өлшеу және т.б. әдістер
жатады. Ең маңызды жалпығылымилық әдістердің бірі жүйелілік әдіс
болып табылады, мұнда объект барлық элементтері тығыз өзара қарым-
қатынаста болатын жүйе ретінде қарастырылады;
3. арнайы әдістер, оларға арнайы-тарихи және арнайы құқықтық әдістер
жатады, соның ішінде тарихи генетикалық әдіс те, яғни уақыт
бойынша зерттелініп отырған шынайылықтың қасиеттерін,
функцияларын, өзгерістерін кезектілікпен ашу; салыстыру
процессінде зерттелініп отырған құбылыстардың мәнін ашып көрсету
(өздеріне тән қасиеттердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары
бойынша) болатын тарихи-салыстырмалы; көп құбылысқа тән және
ортақ болып келетін бір құбылысты бөлу болатын тарихи-
типологиялық; ситуациялар мен оқиғалардан және т.б. элементтерден
тұратын тарихи процесстерді жүйе ретінде қараудан тұратын тарихи-
жүйелі әдіс;
4. нақты мәселелік немесе жекелік сипаттағы әдістер бұл шынайы
құбылыстардың қандай да бір жағын сипаттауға, нақты құбылыстарды
зерттеуге бағытталған.
Объектіні зерттеу кезінде қолданылатын әр түрлі әдістердің жиынтығы
тарихи-құқықтық ғылымның әдісін құрайды.
Мемлекет және құқық тарихы жалпы және юридикалық ғылымдардың
жүйесінде ерекше орын алады. Сонымен қатар азаматтық тарихпен және мемлекет
және құқық теориясымен өте тығыз байланыста болады. Мемлекет және құқық
тарихы тарихи процесстердің тек бір аспектісін ғана оқиды және осынысымен
азаматтық тарихтан ерекшеленеді. Ал мемлекет және құқық теориясынан зерттеу
объектісінің уақыт категориясында қаралатындығымен ерекшеленеді.
ҚР мемлекет және құқық тарихының маңызы сонда ол мемлекеттік-құқықтық
жүйенің даму заңдылықтарын анықтайды және негіздейді, осылайша қазіргі
кезде өмір сүріп тұрған саяси-құқықтық қатынастардың аспектілерін талдап
және дұрыс түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ олардың болашақтағы дамуын
болжауға мүмкіндік береді.
Сонымен, мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясымен
және философиялық ғылымдармен бірге барлық заң пәндері үшін әдістемелік
негізді құрайды, практикалық міндеттерді шешу үшін қажет инструментарийлер
мен әдістерді береді.

2.2. №1 оқу сұрағы бойынша қорытынды.
Сіздермен ҚР мемлекет және құқық тарихының пәнін және зерттеу
әдістерін, оның заң ғылымындағы маңызын қарастырып өттік.
ҚР мемлекет және құқық тарихының пәні дегеніміз осы ғылым саласының
нені зертттейтінін, ал зерттеу әдісі дегеніміз пәні бойынша зерттелуі тиіс
белгілі бір объектіні қандай амалдармен және қағида бойынша зерттейтінін
көрсетеді. Сонымен бұл ғылымның пәні - мемлекеттік-құқықтық жүйенің пайда
болуы мен даму процессі, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі қоғам өміріндегі
мемлекет және құқықтың орыны мен ролі, өндірістің ерекше көшпелі тәсіліне
байланысты болатын мемлекеттік-құқықтық жүйе элементтерінің нысандары мен
мазмұнының ерекшеліктері болып табылады. Ал осы пән бойынша зерттелінуі
тиіс мәселелер жалпыфилософиялық, жалпығылыми, арнайы, нақты мәселелік
әдістермен зерттелінеді.
Бұл ғылым саласы барлық заң ғылымдары үшін әдістемелік негізді
құрайды, сонысымен де ол өте маңызды.

2.3. ҚР мемлекет және құқық тарихының историографиясы.
ҚР мемлекет және құқық тарихын зерттеу ХХҮІІІ ғасырда-ақ басталды.
Еуропалық және бірінші кезекте орыс зерттеушілерінің ерекше қызығушылығын
қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мен Қазақ хандығының потестарттық және
мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері туғызған.
Бұл туралы жекелеген мәліметтер А. Тевкелевтің, П. Рычковтың, И.Г.
Георгидің, П.С. Палластың, И.П. Фальктің еңбектерінде берілген. Олардың
мәліметтері фрагментті болуымен және онда құқық, мемлекет
түсініктерінің толық қалыптаспағандығымен сипатталады. Мәселен, П. Рычков
қазақтардың мемлекеттік құрылысын демократиялық деп атайды және оларда
қандай да бір құқықтық нормалар, құқықтық дауларды шешу үшін соттарда жоқ
деп хабарлайды. Сонымен бірге ол бірқатар әдет-ғұрып нормаларын келтіреді.
ХҮІІІғ. аяғымен – ХІХғ. басындағы Қазақ хандығының нақтырақ мемлекет
және құқық тарихы А. Левшиннің негізгі еңбектерінде қарастырылған. Бірінші
рет ғылымда ол Тәуке ханның заңдары туралы хабарлайды және осы кодекстің
кейбір баптары бойынша жазба қалдырады. Мұнымен шектеліп қалмай А. Левшин
қазақтардың әдет-ғұрып құқығының жекелеген нормаларын ерте және ежелгі
ортағасырлардағы еуропа құқық жүйесінің ұқсас нормаларымен салыстырады және
қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының еуропалық халықтардың көп бөлігінің
ертедегі уақыттарындағы жарғылық заңдастыруларымен өте қатты ұқсастығын
көрсетеді.
Қазақтардың мемлекет және, әсіресе, әдет-ғұрып құқығының тарихын
зерттеудегі жаңа кезең ХІХ ғасырдың ортасында басталды. Бұл Қазақтардың
Ресей империясының құрамына кіру процессінің аяқталуымен және ресейлік
басқару жүйесін ендіру және сот құрылымын қайта құру қажеттіліктерімен
байланысты болды. Бұл кезеңдерде әдет-ғұрып құқықтарының мәселелерін
зерттеумен Ш. Уәлиханов, И. Козлов, Н. Максимов, А. Крахалев, Ф. Усов, Г.
Спасский, Ф. Леонтович, Н. Гродеков, И. Крафт айналысты. ХХғ. басындағы
еңбектерге Я. Гурляндттың, А. Добросмысловтың, Л. Словохотовтың жұмыстары
жатады. Бұл авторлардың жұмыстарында қазақтардың әдет-ғұрып құқығының
нормалары тиянақты зерттелінді, бірақ жалпы алғанда бұл зерттеулер
сипаттама түрінде болды. Авторларды әдет-ғұрыптық-құқықтық нормалардың
қазақ қоғамындағы өмір сүргіштік мәселелері, оларды империяның құқықтық
жүйесіне бейімдеу мүмкіндіктері қызықтырды.
Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің генезисі мәселесі бұл кезеңде
негізінен тарихшы-шығыстанушылармен зерттелді, олардың арасынан Ш.
Уәлихановты, Н.И. Березинді, В. Тизенгаузенді ерекше атауға болады. Олардың
еңбектерінің арқасында Алтын Орданың (Ұлық Ұлыстың) басқару құрылымы мен
мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері талданды. Ертедегі және ежелгі
ортағасырлардағы мемлекет генезисі көрнекті орыс шығыстанушысы Н.
Аристовтың зерттеу объектісіне айналды. Бұл мәселені зерттеуде, көшпенділер
мемлекетінің мүліктік жіктелуге байланысты пайда болғанын негіздеген В.
Бартольд еңбектері айырықша орын алады. Барлық зерттеушілер үшін (соның
ішінде В. Бартольд үшін де, оның шығармашылығының ерте кезеңінде)
көшпенділердің жеке өздері мемлекет құруы мүмкін емес, олардың мемлекеті
тек отырықшы елдерді жаулап алу кезінде пайда болған деген ой-пікір тән
болды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ҚР мемлекет және құқық тарихын
зерттеудің жаңа кезеңі басталады. Б. Владимирцев пен С. Толстовтың
көшпенділердің дамудың феодалдық сатысына жету мүмкіндіктері туралы
теориялары көшпенді халықтардағы феодалдық мемлекет нысанындағы өзіндік
мемлекеттілігінің генезисін тануға әкелді. Қазақстан аумағындағы
мемлекеттердің дамуын зерттеу жолындағы маңызды кез А. Чулошниковтың
(1924ж.), М. Тынышпаевтың (1925ж.), М. Вяткиннің (1941ж.) жалпыландыру
еңбектері, 1943, 1949, 1957 жылдардағы Қазақ ССР тарихы академиялық
баспасының шығуы болды. Бұл баспаларда Қазақстанда мемлекеттіліктің пайда
болу уақыты деп жаңа заманның бастапқы кезі, үйсіндер мен қаңлылар
мемлекеттерінің өмір сүру кезеңі танылды. Мемлекеттілік тарихын зерттеуде
Н.Г. Аполлова, Е. Бекмаханов, С. Ибрагимов, Б. Ахмедов, В. Юдин және
басқалар үлкен үлес қосты. Ерекше назар Қазақстанның Ресейге қосылуы
мәселелеріне және осы процесстің заңдық аспектілеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Саяси процесс
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Нормативтік актілердің күші
ҚР мемлекет және құқық тарихы
Құқықты түсіндіру мәні
Пәндер