Нарықтық қарынастарда несиелік жүйесінің принциптері


ЖОСПАР.
Кіріспе . . . 5
I. тарау
1. 1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы . . . 7
1. 2 Нарықтық несие қатынасы . . . 8
II. тарау
2. 1Нарықтық қарынастарда несиелік жүйесінің принциптері . . . 17
III. тарау
3. 1 Нарықтық қатынастарда әлемдік несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары . . . 23
Қорытынды . . . 32
Әдебиеттер . . . 34
Кіріспе.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін I артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 3/4 бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың о рташ а жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды құраған.
Ақша нарығында несиелер бойынша базалық мөлшерле- АҚШ-та қолданылатындай бірініші класты қарыз алушы- "ПРАЙМ РЕЙТ" жүйесі бойынша ресми немесе банка-ралық мөлшерлемеге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде, бірақ шағын және орта фирмаларға берілетін несиелер бойынша мөлшерлемеге қарағанда біршама төмен деңгейде бөлінеді. Қарыз пайыздың нормасын белгілеген кезде негізгі анықтаушы жағдай - қарыз алушының сенімділігі, оның қаржылық жағдайы. Қарыз алушы сенімді болған сайын базалық мөлшерлемеге қосылатын қосылым да төмен болады және бұған керісінше. Несиелік операциялар бойынша базалық мөшерлеме әр түрлі анықтамаларда қандай да бір деңгейде көрсетілгенімен іс жүзінде әрбір банк өз мөлшерлемесін белгілей алады, яғни қазіргі уақытта несиелік салыстырмалы түрде тәуелсіз пайыздық саясат жүргізеді, бірақ базалық мөлшерлеме олар үшін белгілі бағыт ретінде оолады. Банк-клиент қатынасында пайыздық мөлшерлеме тек карыздар бойынша ғана емес, депозиттік операциялар бойынша да қолданылады. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтаушы негізгі фактор ретінде несиеге сұраныстың ощ ұсынумен салыстырғандағы жоғарылау тенденциясы болып табылады.
Банк ресурстарын - өз капиталы және клиенттер салымы немес депозиттері қүрайды. Банк ресурстарының көп бөлігі депозит болы табылсіды. Жедел депозит және талап ету бойынша дешзитгер болады. Депозиттер банктерде белгілі мерзімге қабылданып, сол біткен соң беріледі. Ал, талап ету бойьшша депозитті салушы келгенде алуына болады. Бұл депозипер ағымдағы есеп салымы жатқызылып, салушы банктен чектік кітапшаны алады. Сол кітапшаны пайдалана отырып, салушы салым мөлшері деңгейінен кез- келген сомаға чек жазу құқыға ее болады.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымы-нын аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру -несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және 9йымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталаидыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысыңда, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарымды. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несйесій алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған жүлйс туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне -шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несие-лік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
1. 2 Нарықтық несие қатынасы.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағанасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айна-лысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын үйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды үйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйе-ні бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
- Орталық (эмиссиялық) банк;
- коммерциялық банктер;
- мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жи-нақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т. б. ) . Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссияльд институты болып табылады. Орталық банк - бұл банктердің. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды пара-банктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвести-циялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде иесиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.
Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және аңды) жатады.
Қарыз алушы - қаражатты (ссуданы) пайдалану үшін алатын және оны белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несиелік қатынастағы тарап. Банк несиесіне келсек, бүл арада несие мәмілесінің субъектілері ретінде екі тұлға, яғни, несие беруші мен қарыз алушы алға шығады. Бұл мынаған байланысты: банк негізінен тартылған қаражатпен жұмыс істейтіндіктен банк шотына қаражатын орналастыратын субъектілердің (шаруашылық органдары, халық, мемлекет) алдында қарыз алушы ретінде болады. Өзінде шоғырландырылған ресурстарды қаражатқа мұқтаж субъектілердің пайдасына қайта бөлу арқылы банк несие берушіге айналады. Халық шаруашылығы, мемлекет және т. б. секілді несие мәмілесінің өзге тараптары өз қаражатын банк шотына орналастыру арқылы несие берушінің рөліне енеді, ал ссуданы сұрағанда қарыз алушыға айналады.
Коммерциялық банк өз клиенттеріне әр қилы белгілері бойынша жіктеуге болатын несиенің әр түрін ұсынады.
Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі тобы бойынша жік теуге болады, мәселен, халыққа, мемлекеттік органдарға берілетін несие.
Тағайындалуы (бағытпы) бойынша несиені былайша жіктеуге болады:
- тұтыну несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- сауда несиесі;
- ауыл шаруашылығы несиесі;
- инвестициялық несие;
- бюджеттік несие.
Шаруашылықтың барлық саласындағы кәсіпорындарға берілетін банк несиесін жұмыс істеу салаларына қарай екі негізгі түрде болуы мүмкін: негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өңдірісіне қатысатын ссуда және айналым қорын ұйымдастыруға қатысатын несие. Соңгысы өз кезегінде өндіріс саласына бағытталатын несиеге жэне айналым саласына қызмет ететін несиеге бөлінеді.
Пайдаланылу мерзімі бойынша мынадай несиелер бар:
- талап етілмелі;
- мерзімді.
- Соңғысы өз кезегінде мыналарға бөлінеді:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ;
- орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (3 жылдан көп) .
Әдетге, айналым қорын қалыптастыратын несие қысқа мерзімді болып келеді, ал негізгі қордың үлғайтылған ұдайы өндірісіне қатысатын ссуда орта және ұзақ мерзімді несиелерге қатысты.
Мөлшері бойынша несиелер - ірі, орташа және ұсақ, ал қам тамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген несиелер. Қамтамасыз етілу сипаты бойынша кепілзаттық, кепілдікті және сақтандырылған несиелер.
Берілу тәсілі бойынша банк ссудасын өтемақы ссудасы және төлем ссудасы деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда несие қарыз алушының есеп айырысу шотына оның тауарлы-материалды құндылыққа салынған немесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орнын толтыру үшін бағытталады. Екінші жағдай ссудасы несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін қарыз алушыға ұсынылатын ақшалай-есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.
Өтелетін әдісіне қарай мерзімі ұзартылған (бөліктеп, біртін-деп төленетін) банк ссудасы және бір мерзімде өтелетін (белгілі бір күнде төленетін) ссуда бөліп бөлінеді.
Кәсіпорындардың және өзге де ұйымдық-құқықтық құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банк несиелеудің принциптерін қатаң сақтай отырып несиелейді. Несие принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементі болып табылатындықган несиенің мәні мен мағынасын, сондай-ақ ? объективті экономикалық заңдылықтардың, оның ішінде, несие қатынасы сала-сындағы заңдылыктардың талаптарын бейнелейді.
Несие принциптері - несиенің қайтарылу мерзімділігі, саралануы, қамтамасыз етілуі, ақылылығы.
Осы заманғы коммерциялық банктер несие ақысын белгілегенде ескеретін негізгі факторлар:
- коммерциялық банктердің ҚР ¥Б-ға беретін ссуда бой-
ынша проценттің базалық мөлшерлемесі;- банкаралық несие бойынша орташа процент мөлшерлемесі, яғни, өзінің активтік операциялары үшін басқа коммерциялық банктен сатып алынатын ресурстардың орташа процент мөлшерлемесі;
- банктің әр түрлі депозит шоты бойынша өз клиентіне төлейтін орташа процент мөлшерлемесі;
- несие ресурстарының құрылымы (тартылған қаражаттың үлесі неғүрлым жоғары болса, несие соғұрлым қымбат болуы керек) ;
- шаруашылық жүргізушілердің несие сұранысы (сұраныс неғұрлым жоғары болса, несие соғұрлым арзан) ;
- несие сұралатын мерзім және несие түрі, дәлірек, қамтамасыз етілуіне қарай банк үшін оның қатер деңгейі;
- елдегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны неғұрлым жоғары болса, несие ақысы соғұрлым қымбат болуы керек, яғни ақшаның құнсыздануынан банктердің өз ресурстарын жоғалтып алу қатері артады) .
Банк несиесінің барлық принциптерін іс-тәжірибеде қолдану жалпы мемлекеттік мүдделердің сақталуына және мәмілесіне қатысатын екі тараптың мүдделерін сақтауға мүкіндік береді.
Несие саласындағы қатынас белгілі бір жүйе бойынша құрылады.
Несие процесінің ұйымдастырылуын анықтайтын жэне оны несие принциптеріне сәйкес реттейтін элементтердің жиынтығын несие жүйесі ретінде ұғуға болады. Элементтерді қүраушы регіңде ол мыналарды қамтиды:
- несиеленетін операцияға қарыз алушының өз қаражаттарның қатысу деңгейі және тәртібі;
- несиенің мақсатты тағайындауы: несиелеудің әдісі; ссудалық шоттың формалары;
- ссудалық берешектерді реттеудің тәсілдері;
- ссудалық қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына және олардың уақытылы қайтарылуына жүргізілетін бақылаудың формалары мен тәртібі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz