Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы


Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
ЖОСПАРЫ
І бөлім. КІРІСПЕ . . . 3
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Саяси-потестарлық қатынастардың пайда болуы . . . 4
2. 2. №1 оқу сұрағы бойынша қорытынды . . . 6
2. 3. Қазақстандағы протомемлекеттер . . . 7
2. 4. №2 оқу сұрағы бойынша қорытынды . . . 10
ІІІ бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 15
ӘДЕБИЕТТЕР:
- История государства и права Казахской ССР. Ч. 1. - А., 1982;
- История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Т. 1. - А., 1996;
- Күзембайұлы А., Әбіл Е. Қазақстан Республикасының тарихы. - А., 1998.
- Акишев К. А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана. //Поиски и раскопки в Казахстане. - А., 1972.
- Генинг В. Ф., Павленко Ю. В. Институт племени как орган нарождающейся политической надстройки. // Фридрих Энгельс и проблемы истории древних обществ. -Киев, 1984.
- Марков Г. Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. - М., 1976.
- Першиц А. И. Некоторые особенности классообразования и раннеклассовых отношений у кочевников-скотоводов. // Становление классов и государства. -М., 1976.
- Сулейменов Р. Б. Формационная природа кочевого общества: проблема и метод. // Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. -А., 1989.
- Хазанов А. М. Социальная история скифов: Основные проблемы развития древних кочевников Евразийских степей. - М., 1975.
І бөлім. К І Р І С П Е
Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болу процессі қоғамның көптеген мыңжылдықтар барысындағы эволюциясымен дайындалды және оның экономикалық базасының дамуымен байланысты. Мемлекеттілік генезисінің бастапқы сәті деп өндіруші шаруашылықтың пайда болуын есептеуге болады.
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2. 1. Саяси-потестарлық қатынастардың пайда болуы.
Дәстүрлі түрде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы неолит дәуірінде - жаңа тас ғасырында пайда болды деп есептелінеді, бірақ Қазақстандағы тарихи процесстердің ерекшелігі сонда, мұнда адамзат тоқымашылық және құмырашылық істерді ойлап табуларына қарамастан, басым түрде аң аулаумен айналысуын жалғастырды.
Әлеуметтік ұйымдасудың негізі рулық қауымдастық - жерді (аң аулау жазықтары) ұжымдық меншікте иеленетін және әлеуметтік теңсіздіктің жоқтығымен сипатталатын қандас туыстар ұжымы, болып қала берді. Әрине, қауымдастық белгілі бір топтарға бөлінді, бірақ бұл ер-жауынгер, әйел және бала деп жыныстықжастық бөлу болатын. Балалықтан ересектер тобына өту ерекше ритуал - инициациямен атап өтілді. Қауымның барлық маңызды істері ересек ер адамдардың жиналысында шешілді. Қауымдастар арасынан абыздар - әдет-ғұрыптар мен ритуалдардың білгіштері және көсемдер - көршілес қауымдармен қарсыласу кезінде жауынгерлерді басқарушы бөліне бастады. Қауым ішіндегі барлық қатынастар әдет-ғұрыптармен және табу-тыйым жүйелерімен реттелінді.
Қазақстан қоғамындағы экономикалық базистің өзгеруі энеолит дәуірінде - мыстас ғасырларында, б. з. д. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтарда басталды. Осы уақытта Қазақстанның солтүстігінде ботай археологиялық мәдениеті қалыптасты, бұл мәдениет өкілдері отырықшылық жылқы шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығына өту артық өнімнің тұрақты түрде жинақталуы тәрізді мүмкіншіліктің бірінші рет пайда болуына әсер еткен өндіргіш күштердің өсуіне әкелді.
Осы дәуірдің өзіне тән белгілері:
- малшаруашылығы мен егіншіліктің дамуы;
- тау-кен, тоқыма (адамдар сүйек ине арқылы жүннен және өсімдік талшықтарынан киім тоқый және тіге бастады), керамика (адамдар балшықтан ыдыс жасап, отта күйдіре бастады) істері дамыды;
- қолөнер өндірісі пайда болды;
- тастан, мыстан, қола мен темірден еңбек құралдарын дайындады.
Қоғамдық құрылыс.
1. Өндірістік циклдің күрделенуі халықтың ерекше тобының - өндірісті ұйымдастырушылардың бөлінуін қажет етті.
2. Соғыстар, артық өнімдерді күштеп иелену арқылы баюдың құралы ретінде әдеттегі іске айналып кетті, сондықтан қауымдастар арасынан кәсіби жауынгерлер бөлінеді. Осылайша, өндіріске тікелей араласпайтын халықтың топтары пайда болды.
3. Қауым жіктерге - страттарға бөлінді. Мұндай қоғамды ғылымда стратификацияланған деп атайды. Алғашқы кезде үш жік - қауымдас-малшылар, жауынгерлер және абыздар бөлінеді. Қатынастарды тек қана әдеттермен реттеу мүмкін емес бола бастайды, және ақырындап құқықтық жүйенің пайда болуы үшін жағдай қалыптаса бастайды. Рулық қауымдастар құлап, көршілес қауымдарға ауысты. Көптеген жағдайларда ол бұрынғыдай қандас туыстардан тұрады, бірақ олардың арасындағы қатынас енді қандастық негізде емес, экономикалық негізде құрыла бастайды.
4. Жерге ұжымдық меншік сақталына отырып, малға жеке меншік пайда болады. Осы уақытта өндірістің негізігі құралдарына меншік құқығы мен оларды пайдалану және билік ету құқықтары арасында айырмашылық пайда болады.
Мемлекеттік құрылыс.
Көрші қауымдар арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу үшін және жаудан бірігіп қорғану үшін қауымдар одағы - өзінің басқару органдары, абыздары, әскери көсемдері бар тайпалар қалыптаса бастады. Көпшілік билік, яғни негізігі жұмысы басқару, билік функциясын атқару болып табылатын адамдардың ерекше жігі пайда болды.
Мемлекет пайда болғанға дейін көпшілік билікті жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарды потестарлық деп атау қабылданған. Осы көзқарас бойынша тайпа потестарлық бірлестік, яғни көпшілік билікті жүзеге асыру негізіндегі бірлестік болып табылады.
Айтарлықтай күшті биліктің жарқын көрінісі Қазақстанның солтүстік-батыс және Ресейге жанасып жатқан аймақтарында б. з. д. 2 мыңжылдықтың басында пайда болған протоқалалар болып табылады.
Олардың арасында әйгілірегі Арқайым, бірақ қазір одан басқа соған ұқсас ондаған ірі елді мекендер анықталынған, олардың әрқайсысы ауылшаруашылық аймағы мен қолөнер өндірісінің орталығы болған.
Протоқалалардың ерекшеліктері:
- олар дұрыс жоспарланған және қуатты қорғаныс бекіністеріне, діни құрылыстарға ие болды;
- протоқалалардың пайда болуы үшін негіз ботай мәдениетіндегі тайпалардың малшаруашылығы болды;
- қолөнер өндірісінің дамуы - б. з. д. ХІ мыңжылдықтың басында қоланы - мыс пен қалайының құймасын ойлап табу, Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік қатынастардың дамуына күшті әсер етті. Адамзат дала топырағын өңдеу үшін мықты еңбек құралын алды, нәтижесінде отырықшы малшаруашылығы кешенді мал-егін шаруашылығына айналды;
- әскери істің дамуы - қола қару дайындау үшін материал болды. Негізгі әскер садақпен, қола балта және пышақтармен қаруланған арбалылар болды.
Ақырындап мемлекеттің пайда болуы үшін шарттар қалыптаса бастады, бірақ б. з. д. ХҮ ғасырдың ортасында өркендей бастаған өркениет құлады.
Протоқалалардың құлау себептері.
Протоқалалардың құлауы климаттың өзгеруімен байланысты болды. Б. з. д. ХҮ ғасырда Қазақстанның далалық және ормандала аймақтарының құрғай бастауы ірі мекендердің дағдарысына әкелді, протоқалаларды тастай бастады, ал халық үлкен емес, бекінісі жоқ поселкелерге шоғырлана бастады. Әлеуметтік және потестарлық қатынастар ұзақ уақытқа консервацияланды, және мемлекеттің пайда болу процессі тежелді. Қазақстандағы құрғақ дала жағдайында отырықшы мал-егін шаруашылығына негізделген өркениет тарихи келешексіз болды.
2. 3. Қазақстандағы протомемлекеттер.
Протомемлекеттік бірлестіктердің пайда болу себептері:
1. Б. з. д. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағында аса жоғары ылғалдылықпен байланысты климаттың жаңа өзгерісі орын алады. Қола дәуіріндегі халықтар орналасқан шабыныдықтар су астында қалды, өйткені олар көбіне өзен-сулардың жағасында орналасқан болатын, су астында қалуы кешенді мал-егін шаруашылығының экономикалық базасын құртты.
2. Сонымен бірге даланың ылғалдануы малшаруашылығының жайылымдық базасын кеңітті.
3. Осының барлығы жартылай көшпелі мал-егін шаруашылығы үшін қолайлы жағдайлар тудырды, мұнда халықтың көп бөлігі маусымдық мал жайылымдарына мал табындарымен бірге көшіп-қонып жүреді, ал бір бөлігі қыстауларда егіншілікпен айналысады.
4. Көшпелі мал шаруашылығы өндіріс күштерінің жақсы дамуына, артық өнімдердің артуына, халықтың тұрмысының жақсаруына әкелді.
Осылайша, қауымдар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігі мемлекеттің пайда болуына әкелді, мемлекет бұл қоғамның біртұтас саяси ұйымы, ол өз билігін елдің барлық аумағы мен ондағы халққа жүргізеді, ол үшін арнайы басқару аппаратына ие болады, барлығы үшін міндетті бұйырықтар шығарады және егемендікке ие.
Мемлекеттің белгілері мыналар болып табылады:
- біріншіден, қоғамнан бөлінген билік және басқару аппаратының болуы;
- екіншіден, әкімшілік бірліктерге бөлінген белгілі бір аумақ пен халықтың болуы;
- үшіншіден, егемендігінің болуы, яғни ішкі және сыртқы істерін шешкенде тәуелсіз болуы;
- төртіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау үшін салық жүйесінің болуы.
Б. з. д. 1 мыңжылдықта Қазақстанда пайда болған ертедегі мемлекеттік құрылымдарда бұл белгілер әлсіз болды, сондықтан біз оларды протмемлекеттер деп атаймыз (грекшеден «прото» - бірінші деген мағынаны білдіреді) .
Б. з. д. 1 мыңжылдықтарда Қазақстан аумағын андронов және бегазы-дандыбай мәдениетіндегі тайпалардың ұрпақтары, грек деректерінде «скифтер» деген атпен, ал парсы деректерінде «сақ» - көшпенді «жүйрік атты турлар», «күшті жауынгерлер», «азиаттық скифтер» деген атпен белгілі халық мекен етті.
Скиф-сақ тайпалары бірнеше бірлестік - протомемлекеттерге: массагеттерге, сақ-тиграхаудаларға, сақ-хаомоваргаларға, сақ-парадарийлерге, исседондарға және т. б. бөлінді.
Бұл бірлестіктерді ерте мемлекеттер деп есептеуге мүмкіндік беретін негізгі белгілерді қарастырайық.
Сақтар тарихта жауынгер тайпа ретінде әйгілі. Мәселен, Геродот және өзге авторлар парсылар мен сақтардың соғыстары туралы, сақтардың ахеменидтік патша Кирді жеңгені туралы жазады.
Сақтардың бір бөлігін бағындыруға қол жеткізген парсы патшасы Дарий 1 армиясының құрамында сақтар Египетте, Грецияда соғысқан және Фермопил түбіндегі ұрыста ерекшеленген. Сақтар тарихының ерекше жарқын беттерінің бірі ұлы жаулап алушы Ескендір Зұлқарнайынның жылжуын тоқтатулары болды.
Қоғамдық құрылыс.
Қазақстан халықтарының шаруашылықтарындағы өзгерістер екі үлкен салдарға әкеп соқты.
Біріншіден, көшпелілікке өту қауымдар арасында жайылымдар мен су қоймаларын бөлуді, оларды бекітіп беруді, көшудің оптималды маршруттарын анықтауды қажет етті, өйткені бұл мәселелер бойынша кез келген нақты еместік малдың аштан қырылуы қауіпіне әкелетін.
Екіншіден, артық өнімнің өсуі мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне, бай малиеленушілер мен кедейленген қауымдастардың қалыптасуына әкелді және әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар да реттеуді қажет етті. Бұл өте өзекті мәселе болатын, өйткені б. з. д. 1 мыңжылдықтың басында көшпенділікпен қатар адамзат темір қорытуды және атпен жүруді игерді, ал бұл өз кезегінде әскери істің өркендеуіне әкеп соқтырды. Жауынгер-арбакештерді атты әскерлер ауыстырды, яғни әр қауымдас жауынгерге айналды. Бұрынғы үш жіктерден тұратын әлеуметтік құрылым (қауымдастар-жауынгерлер-абыздар) бұзылды және жаңа, көшпенді шаруашылық үшін тән жіктер қалыптаса бастады.
Мемлекеттік құрылыс.
Билік және басқару аппараты.
Аталған дерек көздерінен сақтарда шексіз монархия нысанындағы патшалық басқару болды деген тұжырым жасауға болады.
2. 4. №2 оқу сұрағы бойынша қорытынды.
Сонымен, ҚР мемлекет және құқық тарихын зерттей бастау ХҮІІІ ғасырларда басталады. Оны зерттей бастаған негізінен орыс ғалымдары болатын. Ресей империясының бұлайша қызығушылығы өз құрамына Қазақ хандығын қосып, оны отарлау жөніндегі саясатын жүзеге асыру тәрізді табиғи факторларға байланысты болатын. Бұған олардың зерттеулерінің мазмұны айқын дәлел бола алады. Оларды Қазақ мемлекеттілігінің генезисі мәселесі мүлдем қызықтырған жоқ, себебі бұл мәселе оларға айтарлықтай қажет емес болатын.
2. 5. Курсты периодизациялау.
Кез келген тарих пәні секілді ҚР мемлекет және құқық тарихы периодизациялауды, яғни ішкі байланыс негізінде белгілі бір уақыт бөлігі бойынша зерттелінетін құбылыстарды, оқиғалар мен процесстерді типологизациялауды қажетсінеді. Нақты периодтар мен этаптарға бөлмей мемлекеттік құқықтық жүйенің даму процесстерін қандай да бір жүйелілікпен оқу мүмкін емес. Мұнда периодизациялау критериін , яғни өзгеруі бір периодты басқадан ерекшелендіретін жалпы белгілерді таңдау маңызды роль атқарады. Біріншіден, мемлекет типінің, басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанының өзгеруін; екіншіден, құқық нормалары жүйесінің дамуын; үшіншіден Қазақстан аумағында орналасқан мемлекеттердің халықаралық құқықсубъектілігін критерий ретінде қарауды ұсынамыз. Осы критерийлерге сүйеніп, мемлекет және құқық тарихының келесі кезеңдерін бөліп көрсетеміз:
- Қазақстан аумағында мемлекет және құқықтың пайда болу периоды;
- Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің даму периоды;
- Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің дағдарысы мен олардың ыдырауы;
- Ресей және КСРО құрамындағы Қазақстанның даму эволюциясының периоды;
- Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық жүйелерінің қалыптасу периоды.
Әр период бірқатар кезеңдерге бөлінеді. Бірінші период мемлекеттің туындауы себептерінің пайда болуы сәтінен басталады, яғни шаруашылықтың өндіргіш нысандарының пайда болуынан, соның салдарынан пайда болатын қоғамның әлеуметтік жіктелуінен бастау алады. Қазақстан аумағында бұл процесс шамамен б. з. д. 3 мыңжылдықтардан бастау алады. Бірінші кезеңді мемлекетке дейінгі кезең деп атауға болады, себебі осы уақытта көпшілік билікті, құқықты және мемлекеттік-құқықтық жүйенің өзге элементтерін қалыптастыру процессі енді ғана басталған еді. Б. з. д. ІХ-ҮІІІғ. ғ. көшпелі мал шаруашылығына өтуге және өндіргіш күштердің одан әрі өсуіне байланысты Қазақстан аумағында мемлекет және құқықтың даму процессі жаңа б. з. д. 3 ғ. дейін созылған протомемлекеттік кезеңге аяқ басады. Толық қалыптасқан мемлекеттердің пайда болуымен Қазақстан көшпенділерінің мемлекеттік-құқық жүйесінің даму периоды басталады, бұл период үш еуроазиялық империялар - ғұн, түрік, монғол-қыпшақ мемлекеттерінің даму, әлсіреу және ыдырау тарихын қамтитын төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең, ғұн көшпелі империясының кезеңі б. з. д. ІІІ ғасырмен б. з. 5 ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Екінші кезең көшпелі түрік империясының кезеңі түрік-ашиналардың ҮІ ғасырда держава құруымен басталып, түрік мемлекетінің эволюциясы уақытынан оның ыдырауына дейінгі уақыт аралықтарынан тұрады. Содан соң түрік дәстүрлерін сақтаған тәуелсіз қарлұқ, қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттері құрылады. Үшінші кезең монғол-қыпшақ көшпелі империясының кезеңі ХІІІ ғасырда монғол империясының құрылуымен және Шыңғыс ханның Ұлы Жаса қабылдауынан басталады. Аталған мемлекеттік-құқықтық жүйе Еуразия даласында ХҮІ ғасырдың соңына дейін үстемдік етті. Ол империяның гүлдену, әлсіреу және ыдырау стадияларынан кезектілікпен өтті. Оның негізінде кейін тәуелсіз Сібір, Маңғыт және Қазақ мемлекеттері құрылды. Соңғы төртінші кезең, ХҮІІ ғасырдан ХҮІІІ ғасырдың бас кезіне дейінгі аралық - біртұтас Қазақ хандығының кезеңі, әдет-ғұрып құқығының үстемдігімен және әкімшілік бірліктердің автономиясына және сайланбалы хан билігіне негізделген мемлекеттіліктің қалыптасуымен сипатталады.
ХҮІІІ ғасырдың басында біртұтас Қазақ хандығының құлауымен жаңа период, Қазақстан көшпенді мемлекеттік-құқықтық жүйесінің дағдарысы және ыдырау периоды басталады. Оны үш кезеңге бөлуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz