ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстандағы мемлекет және құқық



І бөлім. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Моңғол империясының мемлекеті және құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2. №1 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3. Ұлық Ұлыстағы мемлекет және құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.4. №2 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.5. ХІҮ екінші жартысындағы.ХҮ бірінші жартысындағы Ұлық Ұлыстағы саяси процесстер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.6. №3 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.7. Шағатай және Моғолыстан ұлыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.8. №4 оқу сұрағы бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ХІІ аяғында – ХІІІ ғасырдың басында Орта Азияда моңғол тайпаларының бірігу процессі басталды, бұл жаңа көшпенді империяның пайда болуына әкелді. 1206 жылы ұзақ күрес нәтижесінде моңғолдарды біріктіруші және мемлекет басшысы Темучжин Шыңғысхан титулын алды. Осы кезде бірқатар әскери және әкімшілік реформалар жүргізіліп, моңғол ұлысын орталықтанған мемлекеттік жүйеге айналдырды. Керейттер мен наймандар ұлысын талқандап, оларды империя құрамына қосқаннан соң Шыңғысхан Қытайға, Жетісуға және Орта Азияға жаулап алу жорықтарын жүзеге асырды. Оның мұрагерлері осы саясатты жалғастырып, Еуразия материгінің көп бөлігін алып жатқан дүние жүзілік империяны құрды. 1218-1240 жылдары Қазақстан аумағы Моңғол империясының құрамында болды.
1. История государства и права Казахской ССР. Ч.1.- А., 1982;
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Т.2.- А., 1998;
3. Кузембайулы А., Абиль Е. История Республики Казахстан. – Астана, 1999.
4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. –А., 1992.
5. Краткая история уйгуров.-А., 1991.
6. Пищулина Н.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІҮ-ХҮІ в.в.- А., 1979.
7. Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингиз хана. – М., 1997.
8. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие.-А.,1992.
9. Утемши-хаджи. Чингиз-наме. – А., 1992.
10. Юдин В.П. Орда Белая, Синяя, Золотая...//Казахстан, Средняя Азия в ХҮІ-ХҮІІІ веках. – А., 1983.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ХІІІ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстандағы мемлекет және құқық

ЖОСПАРЫ

І бөлім.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Моңғол империясының мемлекеті және
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
2.2. №1 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Ұлық Ұлыстағы мемлекет және
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 7
2.4. №2 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.5. ХІҮ екінші жартысындағы-ХҮ бірінші жартысындағы Ұлық Ұлыстағы саяси
процесстер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
2.6. №3 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.7. Шағатай және Моғолыстан
ұлыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.8. №4 оқу сұрағы бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ бөлім.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...15

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. История государства и права Казахской ССР. Ч.1.- А., 1982;
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. В пяти томах.
Т.2.- А., 1998;
3. Кузембайулы А., Абиль Е. История Республики Казахстан. – Астана, 1999.
4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий.
–А., 1992.
5. Краткая история уйгуров.-А., 1991.
6. Пищулина Н.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІҮ-ХҮІ в.в.- А.,
1979.
7. Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингиз хана. – М., 1997.
8. Хара-Даван Э. Чингисхан как полководец и его наследие.-А.,1992.
9. Утемши-хаджи. Чингиз-наме. – А., 1992.
10. Юдин В.П. Орда Белая, Синяя, Золотая...Казахстан, Средняя Азия в
ХҮІ-ХҮІІІ веках. – А., 1983.

І бөлім. К І Р І С П Е
ХІІ аяғында – ХІІІ ғасырдың басында Орта Азияда моңғол тайпаларының
бірігу процессі басталды, бұл жаңа көшпенді империяның пайда болуына
әкелді. 1206 жылы ұзақ күрес нәтижесінде моңғолдарды біріктіруші және
мемлекет басшысы Темучжин Шыңғысхан титулын алды. Осы кезде бірқатар әскери
және әкімшілік реформалар жүргізіліп, моңғол ұлысын орталықтанған
мемлекеттік жүйеге айналдырды. Керейттер мен наймандар ұлысын талқандап,
оларды империя құрамына қосқаннан соң Шыңғысхан Қытайға, Жетісуға және Орта
Азияға жаулап алу жорықтарын жүзеге асырды. Оның мұрагерлері осы саясатты
жалғастырып, Еуразия материгінің көп бөлігін алып жатқан дүние жүзілік
империяны құрды. 1218-1240 жылдары Қазақстан аумағы Моңғол империясының
құрамында болды.

ІІ бөлім. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Моңғол империясының мемлекеті және құқығы.
Мемлекеттік басқару жүйесі. Моңғол мемлекетінің басшысы Шыңғысхан
әулетінен шыққан қаған болды. Лигитимділіктің негізі әулеттің негізін
қалаушы мен оның мұрагерлерінің құдаймен таңдалып қойылғандығы туралы сенім
болды. Мәселен, Үгедей қаған венгер королі Бела ІҮ жазған өз хатында: Мен
Көк Патшасы жіберген, Ол жердегі билікті сыйлаған: маған бағынғандарға
қамқор болуға және қарсыласқандарды басуға құқық берген ханмын.-делінген.
Моңғол басқарушылары жан-жақты болып саналды, оның билігі абсолютті болып,
тек Моңғол империясына тараған жоқ, сондай-ақ іс жүзінде оған бағынбаған
жерлерге де тарады. Билік өсиет бойынша берілді немесе тік линия бойынша
мұраға қалып отырды. Таққа отырғызу процессі формалды түрде құрылтайдағы
сайлау арқылы жүргізілді. Қағанның өкілеттілігі өте көп болды. Ол
мемлекеттің аумағы мен халқына билік ету құқығын, юридикалық нормаларды заң
нысанында – йасак және жарлық нысанында – йарлық белгілеуге құқықты болды,
моңғолдардың жоғарғы бас қолбасшысы және дін басшысы болды. Қағаннан төмен
Шыңғысхан ұлдарының ұрпақтары ұлыс хандары болды. Хандар Қағанды жоғарғы
басқарушы деп тани отырып, іс жүзінде өз иеліктерінде тәуелсіз басқарушылар
ретінде болды. Жаулап алынған жерлерге қаған мен хандар даруғашы немесе
даруғабек тағайындады. Олардың міндетіне мыналар кірді: халықтың есебін
жүргізу, жергілікті тұрғындардан әскер жасақтау, пошта байланысы қызметін
ұйымдастыру және оларды қаржыландыру, салық жинау, оны орталыққа жеткізу.
Мұнан басқа даруғабектер ірі қалаларда әкімшілік және полиция қызметтерін
жүзеге асырды. Бірқатар провинцияларда жергілікті әулеттен шыққан басшылар
сақталып қалды, бірақ олар түгелдей даруғабектердің бақылауында болды және
қағанмен тағайындалып, бекітілді.
Шыңғысхан мен оның мұрагерлері тұсында империяны басқарудың орталық
аппараты қалыптасты. Атқарушы биліктің маңызды органы Мемлекеттік кеңес
болды, оған империяның жоғарғы шенеуніктері кірді. Мемкеңестің басшысы
әкімшілік, қаржы және әскери органдарды бақылайтын оң министр болды.
Басқару жүйесінде маңызды орынды хан кеңсесі иеленді, ол ұлық бітікшімен
(ұлы жазғыш) басқарылатын хатшылар мен жазғыштардан тұрды. Жаулап алынған
жерлерде әкімшілік және әскери билікті жүзеге асыратын жоғарғы орган Жорық
Басқармасы болды.
Жергілікті билік шыңғыстықтар мен қаған тағайындаған түменбасыларға
тиісті болды. Олар өз қолдарына бөліктердегі әскери және әкімшілік билікті
шоғырландырды. Бірқатар аймақтарда қаған сот билігін жүзеге асыратын
жаруғашыларды тағайындады. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды буын
пошта жүйесі болды. Империяның барлық бас орталықтары пошта бекеттері-
ямдардың желілерімен байланыстырылды. Әр бекетте кем дегенде 20 ұлақшы –
шабармандар және көлікпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін көп көлемде
жылқылар мен қойлар болды. Бекеттер арқылы биліктің бұйрықтары, ресми
құжаттар берілді, империя аумағы бойынша шенеуніктер мен хан өкілдерінің
қозғалысы қамтамасыз етілді.Пошта бекеттерін пайдалану құқығы арнайы белгі
– пайцзалармен бекітілді.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс. Моңғолдар империясы хандармен
басқарылатын төрт негізгі ұлыс пен жұртқа бөлінді. Моңғол мен Қытай негізгі
жұрт болып есептелінді және қағанның өзімен басқарылды. Қазақстан аумағы
(Жетісудан басқасы), Төменгі Еділ, Солтүстік Кавказ, Қара теңіз аймағындағы
далалар және Оңтүстік Арал аймақтары Жошы ұлысына кірді. Жетісу, Қашқария
және Орта Азия Шағатай ұлысын құрады. Бұрынғы керейлер, наймандар мен
ұйғырлардың иеліктері Үгедей ұлысының құрамына кірді. Кейін Иран және Таяу
Шығыс аумағында Хулагу ұлысы немесе илхандар мемлекеті қалыптасты. Ірі
ұлыстардың аумақтары өз кезегінде ұлыстар деп аталатын бірнеше ұсақ
құрылымдарға бөлінді. Олардың үш түрі болды:
1. Ұлыс-Шыңғысхан әулеті мүшесінің иелігі. Оның халқы әдетте 10 мың
отбасынан асқан жоқ, көбіне одан да аз болды.
2. Ұлыс-түмен, ханмен тағайындалған түменбасы басқарды. Оның тұрғындары 2
мыңнан 10 мыңға дейінгі отбасы болды.
3. Ұлыс-провинция, даруғабекпен басқарылатын отырықшы халқтарда құрылды,
кейбір ұлыс-провинцияларда жергілікті басқарушы элита сақталынды, олар
моңғол билеушілерінің тұрақты бақылауында болды.
Әрбір түмен тек әкімшілік қана емес, сондай-ақ соғыс болған жағдайда
он мыңдық корпус шығара алатын, түменбасы басқаратын әскери аймақ та болып
табылды. Түмендер соғыс жағдайында бір мың әскер шығара алатын әскери-
әкімшілік бірліктер – мыңдықтардан тұрды, яғни оның халқы 5-6 мың адамнан
тұрды. Мыңдықтар жүз әскер шығара алатын, халқы 500-600 адамнан тұратын
жүздіктреге бөлінді. Жүздіктер ондықтарға бөлінді. Ондық іс жүзінде жеке
экономикалық бірлік – қауым болды, ол он шаруашылықтан тұрды және онбасымен
басқарылды. Осы әскери-әкімшілік иерархияда олардың әр қайсысының белгілі
бір аумағы болды және қатаң белгіленген маршруттарда көшіп-қонып жүрді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жойылды, хан тікелей түменбасылар мен
мыңбасыларды тағайындады, түменбасылар – жүзбасыларды, мыңбасылар –
онбасыларды тағайындады.
Салық жүйесі. Моңғол империясында салық жинау жүйесі өте маңызды орын
алды. Үш жеке салық ведомствосы құрылды, біреуі Қытай үшін – Яньцзинда;
біреуі Орта Азия үшін - Әмудария аймағында; Жетісу, Қашқария және оған
жақын аймақтар үшін – Бесбалықта. Барлық халық есепке алынды. Салық
салынатын бірлік негізі шаруашылық – үй болды.
Империяның көшпенді халқы біртұтас салық – көпшұр төледі, ол жылына
мал санының 1% мөлшерінде белгіленді. Мұнан басқа, әскери салық – тағар,
төтенше салық – ауаиз болды. Отырықшы халық жер салығы – харадж төледі.
Құқық жүйесі. Моңғол империясында құқықтың негізгі қайнар көзі әдет-
ғұрып болды. Моңғолдар құқық нормасы космостық үйлесімділікті қамтамасыз
ететін Әлемдік Заңдарға сәйкес келеді және оны сақтау ғана қоғамда
үйлесімділіктің болуына кепілдік береді деп есептеді. Әлемдік Заңдарды
жердегі жүргізуші қаған деп есептелді, сондықтан ол империядағы жоғарғы заң
және сот билігін иеленді. Шыңғысхан мен оның мұрагерлерінің тұсында жаңа
заң жинақтары – Яса немесе Жасақ жасалды, олар қоғамдағы жаңа әлеуметтік-
саяси қатынастарға сәйкес келді. Шыңғысханнан соң Ясыны сақтаушы оның ұлы
Шағатай болды. Империяда жоғарғы судья қызметі жарғу жарғулықсан және судья
қызметі – жарғуши болды.
Шыңғысханның Ясасы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім, Білік, моралдық-
нормативтік сипаттағы Шыңғысханның айтқан сөздерінің жиынтығынан, сондай-ақ
мемлекеттік құқықтың негізгі нормаларынан тұрды. Екінші бөлім Жасақ деп
аталды және қылмыстық құқықтың нормалары мен діни тыйымдардан тұрды.
Жасақтағы өте маңызды нормалар әскери ұйымдастыру негізі мен тәртіпке,
әскери олжаны бөлуге қатысты болды.

2.2. №1 оқу сұрағы бойынша қорытынды.
Тұтастай алғанда ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Шыңғысхан мен оның
мұрагерлері тұсында құрылған мемлекет кішкене мерзім ішінде әлемдік
империяға айналды және күшті орталықталынған билік ретінде, орталық пен шет
жерлер арасындағы тең құқықты емес қарым-қатынаспен, үш негізгі
постулаттан: 1. басқаруға шыңғыстықтардың құқтарынан; 2. барлық
көшпенділерді ( киіз туырлықта адамдарды) біріктіру қажеттілігінен; 3.
әлемдегі барлық мемлекеттерді көшпенділердің қол астына біріктіру
қажеттілігінен; - тұратын мемлекеттік идеологияның болуымен сипатталды.
Бірақ, басқарушы элита арасындағы қарама-қайшылықтар және империяның
жекелеген бөліктерінің экономикалық байланыссыздығы негізгі ұлыстардың,
соның ішінде Қазақстан аумағы енген Жошы ұлысының жекеленуіне әкелді.

2.3. Ұлық Ұлыстағы мемлекет және құқық.

1219-1224 жылдардағы моңғолдардың Хорезмге қарсы жорықтары және ХІІІ
ғасырдың 20-30 жылдарындағы моңғол-қыпшақ соғыстары қазақ далаларын Жошы
ұлысының құрамына қосуға әкелді. Оның басшысы Жошының екінші баласы Бату
болды. Ол моңғол қағанының билігін мойындағанымен, іс жүзінде одан тәуелсіз
болды. Бату мен жоғарғы билеуші арасындағы қатынас 40 жылдардан соң ерекше
шиеленісіп кетті. Күйік қаған 1248 жылы Жошы ұлысына қарсы жорық жасады,
бірақ түсініксіз жағдайда қайтыс болды. 1251 жылы Моңғол империясының
тағына Бату қолдаған Мөңке қаған отырды. Батудың мұрагері Берке ханның
басқаруы кезінде Жошы ұлысы де-юре тәуелсіз мемлекетке айналды. Ресми
құжаттарда бұл мемлекет Ұлық Ұлыс – Ұлы Ұлыс деп аталды. Шығыс деректерінде
оны Ақ Орда деп атайды, ал орыс деректерінде Орда немесе Алтын Орда (ХҮғ.
ерте емес) деп аталады.
Мемлекеттік басқару жүйесі Ұлық ұлыста моңғолдан аздап ерекшеленді.
Мұнда саяси жүйенің империялық сипаты жоғары дәрежеде көрінеді. Мемлекеттің
басшысы Бату әулетінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Хан жоғарғы билік иесі
ХІІІ ғасырдағы Англияның саяси дамуы
Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін
Пәндер