Әскери демократия және Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ӘСКЕРИ ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР

1. 1 Сақ-массагеттердің қоғамдық-саяси құрылысы . . .

1. 2 Усун, кангюй, ғұндардың әскери демократиялық одағы . . .

1. 3 Батыс Түркі қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы және құқығы . . .

1. 4 Түргеш және Қарлұқ қағанаттары . . .

1. 5 Қимақ-қыпшақтардың саяси одағы . . .

1. 6 Ертефеодалдық Қараханидтер мемлекеті . . .

1. 7 Қазақстан моңғол дәуірінде. «Яссы» . . .

1. 1 Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық қоғам. Сақ-массагет тайпаларының қоғамдық-саяси құрылысы

Б. з. д. ІІ-І мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан аумағында материалдық мәдениеті, қоғамдық-саяси құрылысы әр түрлі рулар мен тайпалар мекендеген. Ол ру, тайпалардың өзара қарым-қатынасы да әр түрлі дәрежеде болады. Кейбір тайпалар жеке өмір сүрсе, керісінше кейбірі өзара тығыз байланыста болған.

Б. з. д. І мыңжылдықтың басында солтүстік-шығыс Қазақстан мен Батыс Сибирь аумағында Евразияның тұңғыш тұрғындары-Андронов мәдениетінің ұрпақтары- көшпелі өмір салтына көшеді.

Көне Қазақстан жерінде өмір кешкен ру-тайпалардың экономикасы, тұрмысы мен мәдениетінде түбірлі өзгерістер пайда болады. Ол-қоғамның шаруашылықтың жаңа түріне көшуі. Табиғаты қолайлы, шөл дала малға жайлы болғандықтан егін шаруашылығын азайтып, адамдар бірыңғай мал шаруашылығына ауысады.

Далалық өңірде тайпалардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Жаңа саяси институт-көшпелі мал шаруашылығы пайда болады. Мал шаруашылығы басым дами бастайды, табиғи ортаға бейімделу көшпелілерді әлеуметтік және саяси үлкен күшке айналдырады. Көшпелі мал шаруашылығы адамдарға өмір сүруді қамтамасыз ететін жеке сала ретінде қалыптасады. Батыс Сибирь және Қазақстан аумағында кеңінен тарайды.

Экономиканың екі бағыты - мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің, қоғамдық еңбек бөлінісінің мамандануының артуына, яғни ірі қоғамдық өзгерістерге алып келеді. Қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде бақташылар бөлініп шығады.

Мал шаруашылығының жедел қарқынмен дамуы Батыс Сибирь, Орта Азияның солтүстігінде және Қазақстанның далалық өңірінде адамзат тарихындағы алғашқы еңбек бөлінісіне алып келеді. Қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде диқаншылардан бақташылар бөлініп шығады.

Бақташылықтың диқаншылықтан бөлінуі оларды бір-бірінің өніміне мұқтаж етті. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандар мал өнімдерін жер өнімдері, қару-жарақ, құрал-жабдық, тұтыну бұйымдарына айырбастады. Айырбас нәтижесінде алғашқы құқықтық қарым-қатынастар қалыптасып, келісім шарттардың түрлері пайда болады.

Қазақстан аумағын мекендеген көшпелілер әлеуметтік ұйым-ру, тайпа және тайпалар одағына бірігеді. Руға адамдар туыстық, шаруашылық жағынан топтасады. Ру алғашқы қауымдық демократиялық принцип негізінде басқарылды. Руды басқарудың жоғары органы-жалпы жиналыс. Жалпы жиналысқа барлық ересек адамдар қатысатын. Онда ру өміріне қатысты шаруашылық, рухани және қоғамдық мәселелер қаралып, шешім жалпы қауымның келісімімен, әділдікпен қабылданатын.

Жалпы жиналыста ру мүшелері тәжірибелі, руластары арасында беделді адамдарды жынысына қарамастан көсем етіп сайлады. Көсем руластарының қызметіне басшылық етіп, ру мүшелері арасындағы дау-дамайларды шешті; қоғамдық рәміздерді іске асырып, әскери қақтығыстарда жетекшілік етеді. Көсем билігі оның жеке басының беделіне негізделгенімен болашақ мемлекеттердің саяси инфрақұрылымындағы нақты биліктің үлгісі еді. Сонымен қатар көсем рулық әдеттерді сақтаушы, қорғаушы және кепілі.

Рулық әдеттер барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар. Рулық әдет мүлтіксіз орындалған. Әдет нормалары ру мүшелерінің еркін білдіріп, өзара көмекке, бір-бірін қорғауға бағышталған.

Б. з. д. VІІ-ІV ғасырларда Евразияның этникалық және саяси картасы тұрақты болған жоқ. Сол дәуірде өмір сүрген тайпалардың арасында әскери қақтығыстармен қатар олардың жақындасу, бірігу процестері жүріп жатты. Олар ірі саяси, экономикалық одақтар құрып, басқа тайпалармен мәдени байланыстар орнатып, өзара соғысып жатты. Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар Орта Азия, Шығыс елдерімен қарым-қатынаста болған.

Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың ішінен бірлігі күшті сақ-массагет тайпалық одағы бөлініп шығады. Тайпалық одақ-саяси-әлеуметтік, әкімшілік бірлестік.

Сақ-массагет тайпалары өз кезіндегі тарихи оқиғаларға қатысып, Парсы патшасы Кирмен соғыс одағын жасайды. Патша Кир сақ-массагеттерді кіріптар ету үшін оларға қарсы шапқыншылық жасап, жаулап алу жорықтарын жүргізеді. Ол соғыста «досқа адал, қасқа қатал» сақтар жеңіп шығады. Кирден кейін де Парсы елі сақтарға жаулап алу мақсатында жорықтар жасап отырған. Б. з. д. 519-518жж. патша Дарий І сақ тайпаларын бағындыруға күш салған. Уақытша сақтарды бағындырған Дарий І сақтардың қажырлы қарсылық көрсетуі нәтижесінде жеңіліске ұшыраған.

Сақ-массагет тайпалар одағы әскери демократиялық құрылыстың алғашқы сатысында өмір кешті. Әскери демократия дегеніміз-алғашқы қауымдық қоғамының ыдырау кезеңі. Әскери демократия кезеңіндегі көшпелілердің қоғамдық құрылысы: шағын туыс отбасылар тобы-ру-тайпа, үлкен әлеуметтік ұйым-тайпалар одағы.

Сақ-массагеттер тайпалар одағының басында Геродот патша деп атаған сайланбалы көсемдер тұрды. Тайпа өміріне қатысты барлық мәселе тайпа мүшелерінің қатысуымен өткен халық жиналысында қаралып шешілді. Көсемдер халық жиналысында сайланған. Көсемді сайлауға халық жиналысының барлық мүшелері (оның ішінде әйелдер де) қатысқан.

Көсем тайпалық одақтың әскербасы, судья, мәдени шараларды жүзеге асырушы. Көсем билігі мен беделі соғыс кезінде арта түсті, әскери жасақтарды басқарып, әскерді азық-түлік және қару-жарақпен қамтамасыз етті. Соғыста түскен олжаны әскерлеріне бөліп беріп отырған. Тайпа атынан соғыс және бейбітшілік туралы келісімдер жасады. Тайпа ішіндегі қақтығыстарды қадағалайтын.

Көшпелілер үшін жайылымды маусымға қарай бөлудің маңызы өте зор. Сондықтан да бұл қызмет тайпа көсемінің негізгі міндеті болып табылады. Тайпалық одақ көсемінің негізгі функциясы жайылымдық жерлерді рулар мен тайпаларға иеленуге, пайдалануға бөліп беріп, жер мен жайылымдарды пайдалану тәртібін бекітеді.

Сонымен қатар көсем әр түрлі дау-дамайларды қарап шешкен. Көсем билігі халық жиналысының шешімі және әдет-ғұрыппен шектеліп отырды. Сондықтан да әдет-ғұрып қағидалары көсем үшін де міндетті болған. Әдет-ғұрып нормаларын бұзған көсем өлтіріліп, орнына дәстүр бойынша оның інісі таққа отырған. Көсемнің жеке басына дәріптеліп, күнге теңестіріледі, ол иерархиялық сатының биік тұғырында тұрады1. Көсем билігін дәріптеу сакрализация деп аталады. Көсем билігі мұрагерлік жолмен ағадан ініге беріліп, көсем билігі институты қалыптасады. Биліктің мұрагерлік жолмен берілу институты қалыптасады.

Көсем тағайындаған сатраптар (наместниктер) белгілі бір аймақты немесе тайпаны басқарған.

Сақ-массагеттер қоғамында салт атты жауынгерлер, яғни әскери-тайпалық аристократия жетекші роль атқарады. Әйелдер де соғыс шайқастарына ер адамдармен бірдей қатысып отырған. Грек авторы Ктеси: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді»2, -дейді.

Сегізаяқтылар жігі, яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар, олардың малы көп, қоныс аударған кезде мүлкін екі өгіз арбамен алып жүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақ-массагеттер осы топқа жатқызылады.

Тайпа ақсүйектері, қарапайым қауым мүшелерімен қатар абыздар да деректемелерде аталады.

Қоғамдық жіктелудің төменгі сатысында тәуелді адамдар, жаяу жауынгерлер мен құлдар орналасқан. Соғыс жорықтарында қолға түскен тәуелді адамдар бас бостандығын сақтап, өз шаруашылығын жеке жүргізе алған. Тек белгіленген мөлшерде натуралды салық төлеп отырады. Тәуелді адамдар өзара ру, тайпаға бірігіп, ішкі басқаруда өз дербестігін сақтады.

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы экономиканың жетекші түріне айналуына байланысты алыс жерлерге көшуге және қыста тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқының үлес салмағы күрт өседі. Кең даланы игеруде, көрші тайпалармен, шалғай жатқан халықпен экономикалық және мәдени байланыстар орнатуда жылқының ролі артады. Жылқысы жоқтар қоғамның әлеуметтік төменгі тобына жатқызылып, олар жаяу әскер сапына тұрды.

Құлдар үй шаруашылығында еңбек етті. Геродоттың мәліметі бойынша сақ қоғамында құлдар сату-сатып алу объектісі болмаған. Сондықтан да құл еңбегі шаруашылықта жетекші роль атқарған жоқ. Көшпелі өмір жағдайында құл еңбегі өндіруші күш бола алмайды. Мал өнімдерін өңдеуде негізінен әйелдер еңбегі пайдаланылды. Сеніп тапсырылған мүлікті алып қашып кетпес үшін құлдарды иелері көз жанарынан айырған3.

Жер қауымдық меншікте болды, жайылымдық жерлер мен су көздері пайдалану үшін әр маусымда бөлініп беріліп отырды.

Суармалы егіншілік пен отырықшылық кең тараған аудан-оңтүстік Қазақстанда жерді пайдалану құқығы бір жылдық мерзімге беріліп отырған. Демек, қауымдық меншіктегі жер қауымға кіретін отбасына жыл сайын көктемде пайдалануға қайта бөлініп беріліп отырады. Пайдаланудағы жерді жалға беру сақтарға қоағмына белгілі. Жал ақысын төлемеген жағдайда ғана сақтар соғысқа шығады. Жал ақысы жоғары болмаған, күнделікті қажеттілікті қанағаттандыратын мөлшерде белгіленген. Жал ақысы төленбеген жағдайда ғана сақтар соғысқа шыққан4.

Отбасының ортақ меншігі оның мүшелерінің ортақ пайдалануында болған, ал жеке меншіктегі әшекейлі бұйымдар қайтыс болған адамның моласына бірге көмілген. Мал отбасының жеке меншігінде болды.

Ұл балалар ортақ меншіктен өзіне тиесілі үлесін алып бөлек шыға алған (Геродот, ІV, 114, 115) . Туыстық әке жағынан болғандықтан мұрагерлік құқыққа да ер адамдар ие болады. Көп әйел алушылық көп кездескен. Күйеуі қайтыс болған жесір әйел мұрагерлерге мирас болып қалады.

Қылмыс жасаған отбасының мүшесіне өлім жазасы тағайындалса, қылмыскермен қатар сол отбасының барлық ер адамдары өлтіріліп, әйел адамдары отбасының тәркіленген мүлкімен бірге жәбірленушінің қарамағына өткен. Отбасы өз мүшелерінің әрекеті үшін жауапты, әулет ұрпақ жалғастыру құқығынан айырылады (Геродот, ІV, 114, 115) . Туыстар арасындағы дау-дамайлар көсемнің бақылауымен жекпе-жекте шешілген.

1. 2 Усун, кангюй, ғұндардың әскери демократиялық одағы

Б. з. д. ІV-ІІІ ғасырлар тоғысында Қазақстан аумағында жаңа тайпалар одағы пайда болады. Сол кезеңдегі жазбаларда сақ-массагет тайпалар одағы туралы еш дерек кездеспейді. Сақ-массагет тайпалары өздері мекендеген аймақта басқа тайпалар одағының құрамында өмір сүрді. Қоғамның экономикалық, шаруашылық және саяси дамуы тереңдейді.

Ірі тайпалық бірлестіктердің пайда болуы қоғамдық-саяси дамудың, адамдар қауымы формасының, материалдық және рухани мәдениеттің, тілдің жоғары дәрежеде дамуына үлкен үлес қосады.

Сақ-массагеттер тайпалық одағының орнына б. з. д. ІІІ ғасырда саяси аренаға жаңа ұйым-алғашқы мемлекеттер шығады. Алғашқы протомемлекеттер-усун, кангюй. Усун, кангюй және ғұндар ежелгі Қазақстан тарихында елеулі із қалдырды, тұрақты ірі одақтар құрады. Аталған тайпалар одағы тарих сахнасында өте ұзақ өмір сүрді-б. з. д. ІІІ және біздің заманымыздың V ғасырлары аралығында.

Ірі тайпалық бірлестік-усун тайпалар одағы батыста Шу, Талас өзендерін, шығыста Тәңіртаудың (Тяньшань) шығыc сілемін, Солтүстік Балқаш көлінен бастап оңтүстік-батыста Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан байтақ өңірді алып жатты. Усундердің батыс шекарасы Талас өзені болды. Орталығы-Чыгу қаласы5. Усундер алып жатқан аумақ қазіргі Евразияның өмірлік маңызды артериясы, Жібек жолы бойындағы негізгі шешуші аймақ.

Усундер одағының б. з. д. 138ж. жан саны 105 000, отбасының саны 21 000, әскер саны 30 000 болса, кемеліне келіп дәуірлеген кезеңінде, яғни б. з. д І ғасырдың соңында халқының саны 630 мыңға жетеді. Түтін саны-120 мыңға жетіп, 188 800 әскер шығара алған6.

Қаралып отырған кезеңде батыс өңірінде 40 тайпаға 39 895 түтін біріккен. Ол бірлестіктегі жан саны-309 757, әскер саны-70 4997. Усундердің халық саны олардан үш есе, әскер саны 1, 5 есе көп болған. Мұның өзі усундер әскери демократиялық одағының күшті болғанын көрсетеді.

Усундер одағының басшысы-гуньмо (күнби), гуньмо-князьдердің князі, яғни ұлы билеуші деген мағынаны білдіреді. Гуньмо сайланбалы лауазым емес, оның билігі мирасқорлық жолмен атадан балаға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға көшу институты қалыптасады.

Гуньмо усун тайпалық одағын басқара отырып, маңызды экономикалық және саяси қызметтерді атқарды, тайпалар мен ірі мал иеленушілердің арасындағы жайылымдарды белгіледі, сот істерін қарады.

Гуньмодан кейін оның көмекшісі, кеңесшісі уәзір тұрды. Уәзірдің қолында әскери билік те болған. Уәзір ақсүйектер арасынан тағайындалған. Уәзірден кейін сол қол және оң қол сардарлар тұрады. Сардар-жоғары әскери лауазым8.

Усундер одағы рулық топтарға бөлініп, оларды гуньмо өзі тағайындаған әскери-әкімдік ұлықтары арқылы басқарған.

Аумақтың үлкендігі, билік үшін талас-тартыс б. з. д. 73 жылы усундер одағын үш қанатқа бөлінуге әкеліп соқты. Сол қанат (шығыс), оң қанат (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық қанатқа бөлінеді. Бұл әскери-әкімшілік бөлініс еді, мемлекеттің белгілері айқындала бастайды. Сол қанат пен оң қанатты гуньмоның мұрагерлері биледі, олар гуньмоға жоғары дәрежеде тәуелді болған. Осылайша усундер одағы үш ұлысқа бөлініп, бірақ барлығы үлкен гуньмоға бағынған. Әр қанатта 10 мың жауынгер болып, басқарудың ондық жүйесі қалыптасады.

Б. з. д. 64-53 жылдары аралығында таққа таласқан ішкі қырқыс, Хан патшалығының усундердің ішкі істеріне араласуы нәтижесінде усун халқы мен аумағы екі бөлікке-Ұлы және Кіші гуньмоға бөлінуімен аяқталады. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылады. Ұлы гуньмоға Ыстықкөл алқабы мен Іле өзені аймағы, кіші гуньмоға Жетісу жазығы бекітіледі. Ұлы гуньмоға алпыс мың, кіші гуньмоға қырық мыңнан аса түтін қаратылады.

Усундердің дәуірлеген кезеңі-б. з. д. 45-14 жылдар аралығы, кіші гуньмо «билікті берік ұстады, иеліктерде алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады»9.

Усундер жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, мал шаруашылығы экономикада өзінің жетекші ролін сақтап қалды, шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесін жетілдіріп отырды.

Усундердің иелігінде жылқы көп, жекелеген отбасыларында жылқы саны 4-5 мыңға дейін жеткен. Мал отбасының жеке меншігінде болады. Оларға салынатын белгі-таңба пайда болады. Металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер жеке меншіктің пайда болғанын көрсетеді.

Жылжымайтын мүлік-жер пайдалану және иелену объектісі бола тұра байлық ретінде жеке меншікке көшпеді. Усундерде жерді иелену, пайдалану мирастық жолмен ұрпақтан-ұрпаққа көшіп отырды. Жер иесі гуньмо болғандықтан Ұлы гуньмо Цыли «жұрт жылқы мен мал баққанда жайылымға кірмесін деп жариялады»10. Қысқы жайылым ірі меншік иелерінің жеке меншігінде болса керек. Бұл жайылымдық жерді пайдалану құқығын бекітеді. Гуньмо өзінің жоғары меншік құқығын қамтамасыз етеді.

Жерді маусымдық жайылымдарға бөлу оны мұрагерлік жолмен иелену құқығын бекітеді. Қоғамда шұрайлы жайылымдар билеуші топтың иелігінде болған.

Жылжымайтын мүлік усун қоғамы жоғары топтарының қолында шоғырланды. Мүліктік теңсіздік қоғамды билеушілер мен тәуелділерге бөлді. Усундер қоғамының әлеуметтік жіктелінуі: ірі меншік иелері, шаруашылығын жеке жүргізе алатын еріктілер, қатардағы қауым мүшелері және тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар.

Құлдықтың басқа да халықтардағыдай негізгі қайнар көзі-соғыс тұтқындары. Құлдар еңбегі үй шаруашылығында ғана пайдаланылады, мал шаруашылығымен айналысқан усундер одағында құлдар еңбегін пайдалану кеңінен тарамады.

V ғасырда усундердің әскери-саяси одағы ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Усундер қазақ халқының этногенезінде жетекші орын алады.

Б. з. д. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» нәтижесінде Қазақстан аумағында жаңа тайпалық бірлестік-кангюйлер одағы пайда болады.

Кангюйлер одағы Ташкент жазирасы мен Сырдария және Жетісудің оңтүстік бөлігін, оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Одақтың аумағы б. з. д. І ғасырының аяғында Ферғанаға дейін кеңейген.

Кангюйлердің даму дәрежесі усундер одағы даму дәрежесімен бір сатыда болғаны қытай деректерінен белгілі11.

Кангюйлердің жоғары билеушісі-хан, ханның орынбасары әскери басшы міндетін атқарған. Тайпа одағының ісін басқаратын ханның үш уәзірі болған.

Кангюйлердің саяси орталығы-Битянь қаласы болды. Ежелгі кангюйлер Сырдарияның төменгі бойында қыстап, жаз мезгілінде Арыс, Шу, Талас өзендерінің бойында шөбі шүйгін жайылымдарда қоныстанған.

Б. з. д. кангюйлердің саяси орталығы Отырар қаласына ауысады. Жалпы Битянь қаласының да орналасқан жері ғалымдардың пікірінше, қазіргі Түркістан қаласының маңайында12.

Кангюйлер одағы өз ішінен бес иелікке бөлінген. Кангюйлердің бес иелікке бөліну кезеңі-б. з. д. ІІғ. -Іғ. басы. Иеліктерді кіші хандар басқарып, олар ұлы ханға бағынған. Иеліктердің аттары мен орналасқан орындары (Сырдария өзеннің бойында) :

  • Юегань - Хорезм;
  • Ги - Сырдария сағасы:
  • Фуму - Жаңақорғанның солтүстік-батысынан Қазалыға дейін;
  • Сусе - Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі;
  • Юени-Ташкент жазирасы13.

Кангюйлердің билеушілері өздерін тәуелсіз, батыл ұстаған. «Кангюй (усунмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Наместниктен жіберілген чиновниктерді усун елшілерінен төмен отырғызады»14, -деп Хан наместнигі императорға хабарлаған.

Әр жылдың маусым айында барлық иеліктер жиналып, ата-баба рухына табынып, одақ өміріне қатысты маңызды мәселелерді шешкен.

Б. з. д. ІІ-І ғасырларда кангюйлер батыс өңірдегі күшті тайпалардың бірі болған, 600 000 адам, 120 000 әскері болыпты. Сол кезеңде кангюйлер күшті одақ құрған15.

Қытай деректері кангюйлердің жазба заңы болғанынан хабар береді. Б. з. д. ІІ ғасырда кангюйлер Азия көшпелі халықтарының тарихында бірінші болып заң құрастырған. Ол заң хан сарайында сақталып, қылмыскер сол заң қағидаларымен жазаланған. Заң бойынша өте ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылған. Одан соңғылары өлім жазасына үкім етілген. Ұрлық істегендердің қолы кесілген16.

Біздің дәуіріміздің басында кангюйлер одағында ақша жүйесінің қалыптасуы, билеушілердің таңбасы басылған монеталардың шығарылуы әлеуметтік, экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің едәуір жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді.

Б. з. д. ІV-ІІІ ғасырларда Қытайдың солтүстігін мекен еткен тайпалардың бірігу процесі жүріп жатты, олар ғұндар тайпалық одағына бірігеді. Ғұндар одағы өз кезіндегі тарихи оқиғаларға белсене араласып, шекаралас елдердің тарихына да зор әсерін тигізеді. Ғұндар Қытайдың солтүстік және батысындағы аумақтарды, соның ішінде Қазақстанның шығысы мен орталығын алып жатты. Қытай деректері ғұндардың басты резиденциясының Орхон өзені бойында (қазіргі Моңғолия) болғандығынан хабар береді.

Ғұндар-ежелгі тайпа, олар туралы деректер б. з. д. ІХ ғасырда пайда болған. Олардың этникалық шыққан тегі бүгінге дейін анықталмаған. Зерттеушілердің көпшілігі ғұндарды прототүркілер деп есептейді.

Ғұндар тайпалық бірлестігінің дәуірлеу кезінде бірлестік құрамына көптеген тайпалар енеді. Сондықтан да ғұн деген термин этникалық емес, саяси мәнге ие. Ғұндар тайпалық одағында мемлекеттің белгілері айқындала түседі.

Ғұндардың саяси дамуына себепші болған Қытаймен болған соғыс, ғұндар мен Қытай төрт ғасыр бойы соғысады. Ғұндар даму тарихының әр кезеңінде Қытаймен соғыста жеңіске жетіп отырады. Б. з. д. 188 жылы ғұндар жеңіп, Қытай ғұндарға алым төлеп тұруға міндеттенеді.

Ғұндардың негізін құраған төрт ру, соның ішіндегі ең атақтысы чугэ руы, ол ең батыр және ұлық болады, сондықтан шаньюй (тәңірқұт) солардан шықты17. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріледі. Тайпалар одағын шаньюй (тәңірқұт) басқарады. Тайпа ақсүйектері-князьдер бөлініп шығады. Оларға қарамағында он мыңнан әскері бар ақсақалдар (старейшиндер) бағынады.

Ғұндар б. з. д. 206 жылы бірігіп топтасты. Олардың бір одаққа бірігуі Модэ (Маодунь) көсемнің есімімен байланысты18.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы
Мемлекет ұғымы (түсiнiгi ) және оның белгi-нышандары
Құқықтың маркстік теориясы
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Мемлекетің мазмұны және әлеуметтік құндылығы
Мемлекет нысаны жайлы
Егемендік және Тәуелсіздік
Унитарлы мемлекет
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz