Кәсіби педагогикалық құзіреттілік



1. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік тарихы
2. Құзіреттілік ұғымы, ғалымдардың пікірі
3. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік элементтері мен түрлері
Адамзат қоғамының бүігінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдың басында білім беру мәселесі бойынша халықаралық комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беру негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттілігі ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үйрену. Осы тұғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру тұрғысынан тереңірек үңіліп ой жүгіртсек оның әрқайсысы бойынша әлі көптеген өзгертулер енгізу қажет екенін аңғарамыз.
Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім берудегі құзіреттілік мәселелері жан-жақты талқылануда. Бұл мәселелер Н.Хомский, Р.Уайт, Дж.Равен, Н.В.Кузьмина, Б.С.Гершунский, Т.В.Добудько, А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.Н.Лобанова, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, М.В.Прохорова, Е.В.Бондаревская, В.А.Сластенин, ИА.Зимняя, Н.Д.Хмель, М.Х.Балтабаева, Б.Т.Кенжебеков, Ш.Т.Таубаева, Г.Ж.Менлибекова, У.Б.Жексенбаева, М.В.Семенова тағы басқа көптеген шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелуде.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіби педагогикалық құзіреттілік
1. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік тарихы
2. Құзіреттілік ұғымы, ғалымдардың пікірі
3. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік элементтері мен түрлері
Адамзат қоғамының бүігінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдың басында білім беру мәселесі бойынша халықаралық комиссияда Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына) (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беру негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттілігі ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үйрену. Осы тұғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру тұрғысынан тереңірек үңіліп ой жүгіртсек оның әрқайсысы бойынша әлі көптеген өзгертулер енгізу қажет екенін аңғарамыз.
Қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде білім берудегі құзіреттілік мәселелері жан-жақты талқылануда. Бұл мәселелер Н.Хомский, Р.Уайт, Дж.Равен, Н.В.Кузьмина, Б.С.Гершунский, Т.В.Добудько, А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.Н.Лобанова, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, М.В.Прохорова, Е.В.Бондаревская, В.А.Сластенин, ИА.Зимняя, Н.Д.Хмель, М.Х.Балтабаева, Б.Т.Кенжебеков, Ш.Т.Таубаева, Г.Ж.Менлибекова, У.Б.Жексенбаева, М.В.Семенова тағы басқа көптеген шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелуде.
Отандық білім беру саласында құзіреттілік бағыт Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында және 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаламасында кеңінен талқыланған. Кейінірек ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына жан-жақты қарастырылып жоғарға оұу орындарын бітіруші жас мамандардың білімділік деңгейлеріне байланысты қойылатын талаптар ретінде:
1. Жалпы білімділіктеріне қойылатын талаптар;
2. Әлеуметтік-этикалық құзіреттеріне қойылатын талаптар;
3. Кәсіби құзіреттеріне қойылатын талаптар;
4. Өзгермелік пен белгізісдіктің кең таралуы жайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдерді ауыстыра алу даярлығына, географиялық және әлеуметтік мобильдігіне қойылатын талаптар;
5. Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімділіктеріне қойылатын талаптар;
6. Жеке пәндер бойынша білімділіктеріне қойылатын талаптар анықталған.
Құзірет, құзіреттілік ұғымдары педагогика саласындағы ғылыми айналымға жаңадан енген, терең зерттелу үстіндегі ұғымдар болғандықтан олардың анықтамасыда әртүрлі берілуде. Дегенмен, көптеген анықтамаларды салыстырғанда зерттеушілердің көзқарастарында бір ортақ пікірлер байқалады.
Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясында құзірет ұғымы (лат.competentia - жетемін, лайықпын) екі мағынада түсіндіріледі:
1)заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері.
2)белгілі бір саладағы білім, тәжірибе, біліктілік.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартын (2007 ж) құрастырушылар Ү.Б.Жексенбаева, Н.Н.Хан, Ш.Т.Таубаева, С.И.Қалиева, Е.Я.Коган, В.Прудникова, Г.Голуб, И.Фишман, К.К.Жампеисова, Ш.Курмалина, К.Аганина, Ж.Самуратова тағы басқалары құзіреттілік, және құзірет деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтама береді.
Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекет даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізуге үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.
Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Ш.Т.Таубаева жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттардың құзіреттілік форматтарында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:
1.Өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілеті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);
2.Табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнетивтік аспект);
3.Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылығын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект).
Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап А.К.Маркованың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі арнайы жан-жақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құзіреттілік тұрғысында білім беру
Болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыру – педагогикалық проблема ретінде
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
Мұғалімнің құзыреттілігі
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Пәндер