Өзін-өзі тәрбиелеу


Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі
1. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік
2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның қызметі
Өзін-өзі тәрбиелеу -бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін-өзі дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз бйланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.
Көптеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес, сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен роль атқарады. Бұл мәселемен тікелей айналысқан А. Г. Ковалев, А. И. Кочетов, Л. И. Рувинский т. б. болған.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасында-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөапірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлығының деңгейіне байланысты.
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жақсы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымының атқаратын рөлі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның өзін-өзі тәрбиеленуіне қатысты ұжымның екі қызметі анықталған:
Біріншісі, ұжымның өзі балдардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады (ұжым балалар бойында жағымды әлеуметтік іс-әрекеттерге деген оң көзқарастарын, ұжымдық іс-әрекетке қатысуға деген қызығушылықтарын, қоғамдық борыш, белсенділік т. б. қасиеттерді дамытады) .
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады (балалардың санасын қалыптастырады, өз-өзімен жұмыс істеуге ынталандырады, өз талаптарының нәтижелерін жоспарлап бағалауда көмек көрсетеді)
Жеке тұлғаның дамуындағы ұжымның, әлеуметтік ортаның әсерін атақты педагогтар К. А. Гельвеций, Д. Дидро, Р. Оуэн жоғары бағалап, адамды өзгерту үшін оны қоршаған ортаны өзгерту керек деген идеяны негіздеп кеткен. Педагогика ғылымында жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудің жүйелі теориясы құтырылып, оның даму заңдары тереңінен теория және практика тұрғысынан зерттелген. Осы ұжымда тәрбиелеу теориясының авторыА. С. Макаренко болған.
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеуде сыртқы педагогикалық талаптардың адамның өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі -жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.
Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қоғамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрақтарға жауап іздестіруге тырысуы тиіс. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғалымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларға жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ.
Өзін-өзі басқару, билеу оңай іс деп айтуға болмайды, десек те мынадай қанатты сөздерді есте сақтау көптеген жағдайларда адамның өз ерігін шыңдауға негіз бола алады:
«Өзіңді-өзің билеу -ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына айналу -ең қорқынышты құлдық»
Сенека.
«Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең»
Абай.
Адамзат тарихында өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, көпшілікке танымал болған адамдар аз емес. Бірақ ондай табысқа жету үшін ерінбей еңбектену, жалықпай жаттығу қажет. Эдисон айтқандай: «Данышпан -бұл 1 процент шабыт, 99 прцент тер төгу».
Өзін-өзі тәрбиелеуде кітап оқудың да рөлі маңызды. Кітап арқылы біз өте қызықты адамдармен танысамыз, соларға қарап жақсы болуға тырысамыз, кітапты оқу арқылы өзімізді әдепті ұстауға, қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыруға үйренеміз. Қазіргі БАҚ-та адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жасауда.
Б. Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу -дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тәжірибесін меңгеру процесі.
Адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы мүмкін. Сондықтан да «менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ешнәрсеге жарамсызбын» деп өз қабілеттерінің дамуына шек қоюға асықпағаны жөн. Осы жайлы жағашыл-педагог Ш. А. Амонашвилидің «балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жарқын болашағын «тірідей жерлегенміз» деген сөздерін еске сала кетуіміз орынды.
Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұят, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz