Еңбек қызметін ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еңбек қызметін ұйымдастыру
Дайындаған:
Қабылдаған:
Алматы 2014
Жоспары
1. Еңбек қызметінің ұғымы мен мазмұны
2. Кәсіпорын күрделі социотехникалық жүйе ретінде
3. Еңбек бөлісі және кооперация, олардың қажеттілігі
4. Еңбек бөлісі мен кооперацияның бүгінгі тенденциялары
Еңбек қызметін еңбектің кез келген түрімен айналысу деп анықтауға болады (өндірістік, педагогикалық, ғылыми қызмет) . «Қызмет» ұғымы еңбектің екі маңызды ерекшелігін білдіреді:
- Адамның еңбек затына ықпал ету белсенділігі дәрежесін.
- Жұмыс барысында жұмсалатын ақыл-ой.
Кейде «еңбек» және «жұмыс» деген сөздер синоним ретінде қолданылады.
Еңбек қызметі мәнін қос міндетті шешу объективтік қажеттілігі белгілейді:
А) адамдардың еңбек элементтерімен өзара әрекетін орнату;
Б) ортақ іске қатысушылар арсында еңбек қатынастарын қалыптастыру, бұл еңбек қызметінің затын құрайды.
Еңбек қызметін ұйымдастыру міндетіне мына мәселелерді міндеті кіруге тиіс:
- Еңбек субъектін белгілеу (яғни жұмысшы және ұжым) .
- Оны қажетті несиемен және еңбек құралдарымен қамтамасыз ету.
- Еңбекке қолайлы жағдай туғызу.
- Еңбек процестерін ұйымдастыру.
- Еңбекке ақы төлеу.
Орыстың «организация» (ұйымдастыру) сөзі «organso» латын тілінен аударғанда дұрыс тіземін, жөнге саламын деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, ұйымдастыру белгілі мақсатқа жету жүйесін құру және жетілдіруге бағытталған саналы қызметтің үрдісі мен нәтижесі деп түсіндіріледі.
Әрекет етуді ұйымдастырудың әр түрлі теориялары мен тәжірибелері бар. Ұйымдастыру теориясы мен практикасы проблемаларын әзірлеудің ғылыми бағыттары арасында праксеология тиімді практикалық қызметтің принциптері мен әдістері туралы ғылым ерекшеленеді.
Ұйымдастыру ұғымы объектісіне байланысты бөлінеді: еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру. Сонымен қоса еңбекті ұйымдастыру өндірісті ұйымдастырудың бөлігі, ал ұйымдастырудың өзі - басқару функциясы ретінде жиі зерттеледі.
Өндірісте жұмыс істейтіндердің еңюегі тиімді болады, егер оны ұйымдастырудың өндіріс пен басқаруды ұйымдастырумен бірге, кешенді түрде қаралса деп санайды.
Өндірісті ұйымдастыру өндіріс құралдарын ұйымдастыру деп түсіндіріледі (еңбектің заттық элементтері, процестерді кеңістікте және уақыты бойынша үйлестіру) .
Басқаруды ұйымдастыру тиісті функцияларды орындау жүйесін құру және басқаруды ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру арқылы басқару қызметін ұйымдастыру деген ұғымды білдіреді.
Нарық қатынасына көшумен өндірістің рөлі мен басқару сипаты өзгереді, кәсіпорын (мемлекеттің қарамағында болмаса) материалдық ресурстарына қажетті қорды орталықтан алмайды, өз бетімен іздеп табуға мәжбүр болады. Әдетте мұны еңбекті ұйымдастыру емес, басқару мен өндірісті ұйымдастыру міндеті деп санайды. Бұл екі категорияны бір-бірінен айыру орынсыз екенін дәлелдейді. Мұндай жағдайда еңбекті ұйымдастыру жайында сөз етудің де қажеті жоқ.
Сонымен ұйымдастыру ұғымы еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, бөлу осы ұғымдардың мазмұны мен мәніне сәйкес келмейтін ескі дәстүрлі көзқарас болып табылады. Барлығы еңбек қызметіне қатысты болуына байланысты ұйымдастыру жайындағы нәтиже адам қызметінің барлық саласындағы түрлі жүйелер болып табылатын (білім беру, өндірістік, басқару, коммерциялық, экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық және т. б. ) жалпы адам шығармашылығының ерекше түрі ретінде сөз қозғалуы мүмкін.
Кәсіпорын күрделі социотехникалық жүйе ретінде. Жүйе деген не? «Жүйе» деген ұғымның кең мағынасы бір-бірімен байланысы, қатынасы бар, белгілі тұтатық және бірлік құрайтын элементтер жиынтығы дегенді білдіреді. Жүйе сонымен қатар ұйымдастыру заты мен өнімі болып табылады.
Жүйе ұйымдастыру заты мен өнімі ретінде, ұйымдастырудың осы интерграциялық қасиеті - оыс екі нәрсені біріктіру-ұйымдастыру теориясының түйіні деп санауға болатын жүйелер теориясына сүйенеді.
Кез келген жүйенің аса маңызды қасиеті - оның әрекет етуідің өзгеріп отыратын жағдайына икемделу мүмкіндігі.
Жүйе ұйымдастыру өнімі ретінде ұйымдастыру статистикасын (инжинерлік термин) білдіреді, ол құрылған жүйе мақсатына сәйкес екендігімен сипатталады. Оны құру, яғни дамыту, өзгерту, бейімдеу процесі ұйымдастыру динамикасын сипаттайды.
Кәсіпорын теория тұрғысынан күрделі социотехника деп танылады, онда көптеген өндірістік және функциялық кіші жүйелер көмегімен мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған детерментистік (өзгеру) процестері жүзеге асырылады. Сол себептен жүйе құрудың мақсатын айқындап алу қажет, яғни өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыс пен көрсетілетін қызметтің сипатын, мазмұнын және көлемін, сонымен бірге жүйенің құқықтық статусын анықтап алу қажет (заңды тұлға, ішкі өндірістік және функциялық құрылымдар, басқару органдары) .
Ұйымдастыру жүйелері ерекше рөл атқарады. Өндіріс кәсіпорындарына қатысты олар технологиялық, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді реттеп, тұтас жүйеге біріктіреді. Егер қажетті функция болса, онда оны жүзеге асыратын жүйеде болуға тиіс - жүйе қалыптастыру принципі осы.
Экономикалық және әлеуметтік жүйелер (ЭӘЖ), жұмысшыларды, ресурстарды сақтауға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сапасын арттырып пайданы өсіруге материалдық тұрғыдан ынталандыру негізді шаруашылық механизмінің қалыпты әрекет етуі және кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық тетіктер мен ынталандырулар (ережелер мен нормалар) .
Әр жүйе дербес болғанымен біріккен жағдайда ғана тиімді әрекет ете алады.
Ұйымдастыру сапасының өлшемі, жүйенің интеграциялану дәрежесі ұйымдастыру сапасының ең басты өлшемі болып танылуы тиіс. Толық интеграцияланған жүйе (еңбек ресурстары мен өндіріс құралдарының жиынтығы, өндіріс, еңбек және басқару процестерін ұйымдастыру әзірлігі, өндірістік және функциялық бұйымдарда еңбек қызметін ұйымдастыру) - ұмтылатын үлгі осы.
Еңбек бөлісі және кооперация, олардың қажеттілігі. «Еңбек бөлісі» деп қызметкерлердің еңбек функцияларының жекеленуі және олардың ортақ қызметі барысында бөлінуін түсіндіреді. «Кооперация» ұғымы жұмысшылардың өнімінің белгілі түрлерін өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыс атқару бойынша еңбек қызметінің жалпы процесіне қатысуын білдіреді. Еңбек бөлісі мен кооперацияның объективтік қажеттілігі кәсіпорынның мамандануна байланысты және жұмысшылар мен бөлімшелердің мамандануын, құзырының аясын анықтап алмай, ортақ жұмысқа қатысушылардың өзара бірігіп әрекет етуін қамтамасыз етпей еңбек тиімді болмайтынымен белгіленеді.
Еңбек бөлінісінің негізгі белгілері болып төмендегілер саналады:
А) технологиялық;
Б) функциялық;
В) кәсіби біліктілік.
Жұмысшыларға қатысты технологиялық еңбек бөлінісі кең дамыған, мамандар мен қызметкерге функциялық, орындалатын жұмыс пен атқарылатын міндеттер шеңберінде кәсіби біліктілік белгісі қолданылады.
Еңбек бөлісі мен кооперацияның бүгінгі тенденциялары. Еңбек бөлісі мен кооперацияның стратегиясы мен тактикасын қазіргі заманға сай етіп әзірлегенде қолданып жүрген әр категорияны бөлек қарау тәжірибесінен өзгеше, жұмысшылардың барлық катергорияларының еңбек қызметі процесінің мазмұнын жүйелік байланысында талдау нәтижесіне сүйенұген жөн. Жұмысшыларда да, қызметкерлерде де технологиялық және функциялық белгілер бір-бірімен тығыз байланысуы қажет. Еңбек бөлінісі дамыған сайын, ұлттық өндіргіш күштерінің даму деңгейі арта түседі деген ережені бүгінгі таңда ескі деп тану керек. Еібек бөлінісінің бүгінгі негізгі тенденцияларының ішінде жұмысшылардың еңбек функцияларын өнімнің белгілі түрі ішіндегі алмасуы негізіндегі кәсіби бағыт бағдарының кеңеюін атап көрсетуге болады (мысалы, ауыл шаруашылық өнімді өндіру және қайта өңдеу, өндіріс және сауда) .
Еңбек қызметін ұйымдастыру құрылымдарын құру. Еңбек қызметінің әр жүйесі белгілі бір ұйымдастыру нысанын, құрылымын қажет етеді. Ол жүйенің атқару және басқару бұйымдарының жиынтығы мен өзара байланысының, олардың экономикалық және құқықтық қатынастарын, еңбек бөлісі мен кооперация нысандарын білдіреді. Мысалы, ұйымдастыру құрылымына өндірістік құрылым мен басқару құрылымы кіреді. Біріншісі өндірістік бөлімшелердің құрамын, олардың мамандануын және өзара байланысын сипаттайды. Екіншісі - басқару буындары мен жеке лауазым иелерін құру, олардың міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін, бағыныштығы мен өзара әрекеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz