Шөлдер


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)
Жоспар
Кіріспе
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1. 1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
1. 2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
1. 3 Шөлдердің жіктелуі
1. 4 Шөлдердегі тіршілік
ІІ. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.
2. 1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2. 2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2. 3 Жер бедері
2. 4 Климаты
2. 5 Су қоры
2. 6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2. 7 Жануарлар әлемі
2. 8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)
ІІІ. Шөл және адам
3. 1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік- экономикалық аспектісі
3. 2 Шөлдерді игеру мәселелері
3. 3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сахара - дүние жүзіндегі ең ыстық шөлдердің бір. Оның зор кеңістігіне алғаш рет тап болған адам қандай сезімде болатыны анық. Күннің өте үлкен отты шары көкжиек үстіне көтерілгенде шөл қызады. Құмның ыстықтығы сондай, түйенің құс аяғы ғана оның аптабын сезбейді - тасқа қол тигізу қиын . . . Құмның қызуынан ауа да қызады. Оның үстінде ауаның құрғақтығы соншама, одан ерін күйіп, жарыла бастайды. Көгілдір аспан күңгірт тартып, ауа мүлде тымық күйге енеді. Талтүстегі нағыз үрейлі аптап басталады.
Күндізгі адам төзгісіз аптап сүйектен өтетін түнгі суықпен алмасады. Температураның кенет төмендеуі нәтижесінде шөл бетінде бірден-бір ылғал көзі-шық тамшылары пайда болады.
Жер бетіндегі ең әйгілі де, үлкен шөлдің ашылмаған жұмбақтарына, ерекше табиғи жағдайы қызықпайтын адам табылмас. Шынында Сахара - ерекше табиғи жағдайы мен көптеген халық коныстанған, таңғажайып ежелгі тарихтан тұратын тұтас аумақ. Шексіз кеңістігі мен қатал ландшафттары оны одан аса ерекшелендіреді.
Сахара туралы шексіз көптеген ғылыми есептер, жұмыстар, кітаптар жазған. Яғни шөлді зерттеу көп ғалымдарды аса қызықтырған.
Бұл курстық жұмыста Сахара шөл болып табылатындықтан, ал шөлдердің даму, қалыптасу үрдістері, биологиялық жағдайлары да ұқас болып келетіндіктен, алдымен шөлдерге жалпы түсінік беріледі. Яғни Сахара шөлін қарастырмас бұрын шөл дегеніміз не екенін анықталынады. Одан кейін Сахараның географиялық орнына, геологиялық құрылысына, жер бедеріне, климат және су ресурстарына, флора және фаунасына сипаттама беріледі. Ары қарай шөлге антропогендік фактордың әсерін қарастырылады.
Сахара - тек ғана өлі шөл ғана емес, бұл - ертегідегі қалалар секілді көрінетін ғажайып көпірлі, мұнаралы қатпарлықты ландшафтар, бұл - мыңжылдық гүлдейтін ағаштары бар далалы алқап, бұл - алтынды түстес құмдақты дюналар. Шөл өзінің ерекше анағұрлым жасырынды, тыныш және басқа жер шары облыстарымен салыстырғанда қозғалмалы тіршілігін кешеді. Өзендер пайда болып, қайта кеуіп кетеді. Жаңбыр мен желдер тауларды бұзады. Құрғақ жерлер құнарлы болып, кейн оны құрғақшылық қайта құртады. Мұнда осы аймақтың қатал климаттық жағдайына бейімделіп, үйреніп кеткен жануарлар мекендеп, өсімдіктер өседі. Егер ұзақ ыстық айлар бойы тіршілік тоқтап қалғандай көрінсе, жаңбырлы уақыттарда тіршілік қызу үстінде болады.
Тұрақтылық пен шыдамдылық шөлдегі өмірді сипаттайды. Адам шөлде жүз мың жылдай тіршілік етуде. Осы уақыт бойы адам да, басқа да тіршілік иелері секілді климаттық барлық ауытқуын көтеріп келеді.
Сахара - Атлант мұхиты жағалауынан шығысқақарай бүкіл Африка арқылы және Қызыл теңізге дейін 5 мың шақырымға созылып жатыр. Сахара оңтүстіктен солтүстікке қарай 2 мың шақырымға созылып, Жерорта теңізі жағалауында оны құмы ежелгі Рим қалаларының қираған орнын басқады.
Мұндай үлкен кеңістіктегі алуан түрлі шөл беті әртүрлі тау жыныстарынан тұрады. Ұшы-қиыры жоқ сусыз жазықтардың бетін үлкен, жұмыр және шағыл тастар басып жатады - бұл тасты шөл. Сахараның нақ ортасында Тибести және Ахаггар ткалы үстірттері орналасқан. Желдің әрекетінен жартастар таңқаларлық пішінге ие болған. Жел жұмыр тастар мен құмды ұшырып, жартастардың бетіне соғады, құмтастағы сызаттарды тереңдете түседі. Сахара жер көлемінің шамамен 20%-ын құмды шөлдералып жатыр. Бұл құм төбелерден тұратын орасан зор құм теңізі. Құм төбелердің өсімдік жамылғысы жоқ бөлігі ұдайы көшумен болады. Басқа құмдар қозғалмайды. Оларды өте ұзын тамырлы өсімдіктер бекітіп тұрады. Сахара да сазды шөлдер де бар.
Тропиктік шөлде тұтас өсімдік жамылғыс жоқ. Тасты бөліктерде өсмдіктер жартастардың сызаттары мен жарықтарында ғана өседі. Құмды бөліктерде сирек өсімдік жамылғысы түзеді. Мұнда жүзген, селеу және басқа да өсімдіктер өседі. Бір қарағанда шөлде тіршілік жоқ секілді көрінеді. Алайда ол олай емес, мұнда ұсақ бунақденелерден бастап, шаяндар, өрмекшілер, кесірткілер, жыландар, құстар түрлері кездеседі. Сүтқоректілер де баршылық. Ұзақ уақыт бойы су тапшылығына төзу - шөлде тіршілік етудің басты шарты. Қалың тері жамылғысы жануарлардың өз ылғауын сақтауға септігін тигізеді. Денесінің пішіні олардың болмашы сызаттар мен құм ішіне жасырынуға мүмкіндік береді. Сахараны ежелден көшпелі тайпалар мекендеген. Жазиралар ертеден керуендер тынығатын орын болған. Онда жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан. Аумақта құрма пальмасы өседі. Ніл атырауы - Сахараның ең ежелгі және үлкен жазирасы.
Соңғы жылдары тропикалық шөлдердің көлемі тез өсіп келеді. Сахараның өзі ғана саванналардың көлемі есебінен жыл сайын 1 млн шаршы шақырымға ұлғаюда. Мұны шөлдену үрдісі деп атайды.
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1. 1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
Шөлдердің жер бетіндегі қалыптасуының басты «механизмі» алдымен жердегі жылу мен ылғалдың біркелкі таралмауына, біздің ғаламшардағы географиялық қабықтың зоналдылығына тәуелді. Ауа температурасы мен атмосфералық қысымның зональды таралуы желдердің негізі бағытын, жалпы атмосфералық циркуляцияны анықтайды. Экватордың жоғары бөлігінде, мұнда құрлық пен су анағұрлым қызып, ауаның қозғалысы үдемелілігі артады. Мұнда әлсіз ауыспалы желдердің облысы түзеді. Экватордан жоғары көтерілген жылы ауа біршама салқындап, тропикалық жаңбыр (нөсер) түрінде жауатын үлкен мөлшерде ылғалдылығын жоғалтады. Содан кейін атмосфераның жоғары қабатында ауа солтүстікке және оңтүстікке тропиктер жаққа қарай қозғалады. Бұл ауа ағындарын антипассаттар деп атайды. Жердің айналуының әсерінен солтүстік жарты шарда антипассаттар оңтүстікке шегінсе, оңтүстік жарты шарда солтүстікке шегінеді. 30-40 0 С ендік үстінде (субтропиктерде) олардың шегіну бұрышы 90 0 С құрайды, және олар ендік параллельдер бойынша орналаса бастайды. Осы ендіктерде ауа массалары қызған жер бетіне түседі, ол жерде одан астам қызады. Осыған орай тропиктерде жыл бойы жоғары атмосфералық қысым, ал экваторда, керсінше жоғары атмосфералық қысым қалыптасқан. Сондықтан, жер бетінде үнемі ауа массалары (пассатар) субторпиктерден экваторға қарай қозғалып отырады. Экваторлық-тропиктік ендіктерде пасссаттар атмосфераның тұрақты стратификациясын анықтайды, бұлттардың түзуімен, жауын-шашын түсуіне әсер ететін тік қозғалысынан кедергі келтіреді. Сондықтан бұл ендіктерде бұттылық өте сирек байқалады, ал күн радиациясының ағыны өте жоғары. Осыған байланысты бұл аймақтарда ауа өте құрғақ болады (салыстырмалы ылғалдылық жазғы уақыттарда орташа шамамен 30%-ды құрайды) және жазғы айларда температура өте жоғары болады. Тропиктік белдеудегі құрлықтарда ортша ауа температурасы 30-35 0 С-қа жетеді; мұнда жер шарындағы ең жоғары ауа температурасы +58 0 С. Орташа жылдық ауа температурасының амплитудасы - 20 0 С, ал тәуліктік 50 0 С, топырақ беті кейде 80 0 С-қа жетеді. Жауын-шашын өте сирек түседі, нөсер түрінде.
Қоңыржай белдеуінде шөлдердің қалыптасуы үшін қажетті жағдай ішкі құрлықтық аудандарда болады. Онда жауын-шашын 200 мм-ден аз түседі. Мысалы, Орталық Азияға циклондар мен муссондардың өтуіне таулы көтерілімдер кедергі жасайды, бұл жерде жазда барикалық депрессия орнайды. Ауа өте құрғақтылығымен ерекшеленеді, температура өте жоғары (40 0 С және одан да жоғары) және өте шаңды. Мұнда Арктикадан және мұхиттардан енген циклонды ауа массалары тез қызып, құрғап кетеді.
Сонымен, атмосфера циркуляциясының жалпы сипаты ғалымшарлық ерекшілктерге негізделген және жергілікті географиялық жағдайлар солтүстікке қарай және экватордан оңтүстікке қарай, 15 және 45 0 С ендіктер аралығында шөл зонасын қалыптастыратын өзіндік климаттық орта туғызады. Оған тропиктік ендіктердегі суық ағыстар әсер етуі қосылады (Перу, Бенгаль, Батыс-Австралия, Канар және Калифорния ағыстары) .
Аридтіліктің (шөлді) деңгейі бойынша көптеген аумақтардың құрғақтылығы бірдей емес. Осыған байланысты біз аридті жерлерді экстрааридті, аридті және шөлейтті немесе өте құрғақ, құрғақ және жартылай құрғақ деп бөлеміз. Эстрааридті облыстарға тұрақты құрғақтылық -100%, аридті облыстарда - 50-75% және шөлейтті аудандарда - 20-40%.
М. П. Петров бойынша (1975ж), шөлдерге өте құрғақ климатты аумақтар жатады. Онда жауын-шашын шөлдерінің түсуі жылына 250 мм-ден аз, Булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен бірнеше есе көп.
Шөлдер жазғы жоғары температурамен, аз жауын-шашын мөлшерімен (100-200 мм) ерекшеленді. Мұнда эолды үрдістер жиі байқалады және жер беті сулары, топырақ құрамында тұз мөлшері жоғары және бірелкі емес. Шөлдердік таралуының басты ерекшелігі -аралдық, олардың географиялық орналасуының локальды сипаты. Бірде-бір материкте шөлді жерлер тұтас жолақты болып жатпайды. Бұл жағдайда шөлдер толығымен зоналдылық заңдылығына бағынбайды.
Солтүстік жарыт шарды Африка континентінде шөлді аумақтар 15 0 С және 30 0 С с. е. аралығында орналасқан, онда дүние жүзіндегіең ірі шөл - Сахара орналасқан. Оңтүстік жарты шарда олар 6 және 33 0 С о. е. аралығында орналасқан. Оған Калахари, Намиб и Карру, және де Сомали және Эфиопия аумақтарындағы шөлдер кіреді. Солтүстік Америкада шөлдер континенттің оңтүстік-батысында 22 және 24 0 С с. е. аралығында орналасқан, олар Сонора, Мохаве, Хила және т. б. шөлдерді қамтиды. Оңтүстік Америкада шөлдер 5 және 30 0 С о. е. аралықтарын қамтиды. Мұнда Сечура, Пампа-дель-Тамаругаль, Атакама шөлдері орналасқан. Азияда шөлдер 15 және 48-50 0 С с. е. аралығында орналасқан және оған мынандай ірі шөлдер жатады, Арабия түбегіндегі Руб-эль-Хали, Үлкен Нефуд, Эль-Хаса; Иран мен Ауғанстандағы Деште-Кевир, Деште-Лут, Дашти-Марго, Регистан, Харан; Түркменстандағы Карақұм; Өзбекстандағы Қызылкқұм; Қазақстандағы Мойынқұм; Индияда Тар; Пәкістанда Тхал; Монғолия мен Қытайда Гоби; Қытайда Такла-Макан, Алашань, Бейшань, Цайдаси. Австралияда шөлдер үлкен аумақты алып жатыр, 20 және 34 0 С о. е. аралығын қамтиды, оған Үлкен Виктория, Симпсон, Гибсона және Үлкен Құмдақ шөлдері кіреді.
Мейгл бойынша дүние жүзіндегі шөлді аумақтардың жалпы ауданы 48810 мың шаршы шақырымды құрайды (кесте 1), яғни құрлықтың 33, 6%-ын алып жатыр экстрааридтердің көлемі - 4%, аридтер - 15 және шөлейттер - 14, 6%. Кестеге сәйкес, типтік шөлдердің шөлейттерді қоспағанда аумағы 28 млн. шаршы шақырымды құрайды, яғни жер шары аумағының 19%-ын алып жатыр.
Кесте 1. Континенттер бойынша аридті аумақтардың ауданы, млн. шаршы шақырым (Мейгл бойынша, 1955 ж) .
1977 жылы ЮНЕСКО бойынша дүние жүзіндегі аридті аудандардың нақты аумақтары, шекаралары белгіленген 1 : 25 масштабтағы карта құрастырылды. Картада төрт биоклиматтық зоналар белгіленді.
Экстрааридті зона. Жауын-шашын мөлшері 100 мм шамасында немесе одан да аз; өсімдік жамылғысы жоқ, тек кей жерлерде эфемерлер мен бұталар кездеседі. Мал шаруашылығына жарамсыз. Бұл зона анық белгіленген.
Аридті зона. Жауын-шашын мөлшері 100-200 мм. Өсмідіктер жамылығысы өте кедей, мұнда көпжылдық және бір жылдық өсімдіктер кездеседі. Көшпенді мал шаруашылығының зонасы.
Шөлейт зонасы. Жауын-шашын мөлшері 200-400 мм. Бұталы өсімдіктер, шөп жамылғысы қалыптасқан. Ауыл шаруашылығына, соның ішінде егнішілік пен мал шаруашылығына жарамды.
Осы картаға сай әлемдегі аридті ауамқтардың ауданы 48 млн. шаршы шақырым, ол барлық құрлықтың тура 1/3 алып жатыр.
1. 2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
Жер бетіндегі көптеген шөлдер геологиялық платформаларда қалыптасқан және олар құрлықтың ежелгі учаскелерін алып жатыр. Азия, Африка және Австралиядағы шөлдер теңіз деңгейінен 200-600 м биіктікте орналасқан, ал Орталық Африка мен Солтүстік Америкада - теңіз деңгейінен 1 мың биіктікте орналасқан. Шөлдер - Жердің ландшафттарының бірі, ол да басқа ландшафтар сияқты заңдылықты түрде жер бетіндегі ылғал мен жылудың әркелкі таралуына байланысты қалыптасқан, осыған орай органикалық дүниенің дамиды. Шөлдер - белгілі даму тарихымен қалыптасқан географиялық құбылыс, ландшафт, оның да даму немесе тозу кезінде қалыптасқан өзгеру белгілері мен пішіндері бар. Шөлдерді ғаламдық құблыс ретінде айтқанда оны бір типті немесе бір түрлі деп қабылдауға болмайды. Көптеген шөлдер таулармен қоршалған, кейбіреулері таулармен шектеседі. Кейбір шөлдер жас тау жүйелерімен көршілес жатады, басқасы - ежелгі бұзылған таулармен қатарлас орналасады. Біріншісіне, Орталық Азиядағы Қарақұм мен Қызылқұмды, Алашань мен Ордос шөлдерін және Оңтүстік Америка шөлдерін жатқызсақ, екіншісіне, Солтүстік Сахарына жатады.
Таулар шөлдер үшін сұйық ағындардың қалыптасу облыстары, олар жазыққа «соқыр» салаларымен транзиттік өзендер ретінде өтеді. Шөлдер үшін жерасты суларының маңызы зор. Өзендер жазықтарға көптеген қалдық заттарды тасиды. Олар мұндақ сұрыпталып, өте ұсақ ұнтақтарға айналып, кұм бетіне шөгеді. Көп ғасырлар өткен соң жазықтардағы өзендер бірнеше метрлік аллювиальды жыныстарға толады.
Шөлдердің беткі жыныстары әртүрлі. Бұл аумақтың геологиялық құрылымы мен табиғи үрдістерге байланысты. М. П. Петрова (1973) бойынша, шөлдердің беткі жыныстары барлық жерде бірдей. Бұл үштік және бор дәуірлерінде түзілген тастақты, құмдақты элювиалдьды жыныстар. Шөлдерге бірнеше бір типті табиғи үрдістер тән: эрозия, су аккумуляциясы, құмдақтық массаның эолдық жиналуы. Шөлдер көп белгілері бойынша ұқсас болып келеді. Айырмашылықтар көбінесе шөлдердің Жердегі әртүрлі жылу белдеулерінде географиялық орналасуымен байланысты: тропикалық, субтропикалық, қоңыржай. Бірінше екі белдеуде Солтүстік және Оңтүстік Америка және Таяу және Орталық Шығыс, Үндістан, Австралия шөлдері орналасқан. Олардың ішінде континенттік және мұхиттық шөлдер ажыратылады.
Мұхиттық шөлдерде климат мұхитпен жақын орналасқандықтан жұмсарады, мұндағы жылу және су баланстары аралығындағы айырмашылық, жауын-шашын мөлшері, буланушылық мөлшері континенттік шөлден айырма жасайды. Мұхит маңы шөлдер үшін жылы және суық ағыстардың әсері зор. Жылы ағыстар мұхиттан келетін ауа массасын ылғалдандырады да, олар жағалауға жауын-шашын әкеледі, керсінше суық ағыстар ауа массасын құрғатады. Мұхит маңы шөлдері Африка мен Оңтүстік Американың батыс жағалауларында қалыптасқан.
Азия мен Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде континентті шөлдер орналасқан. Олар материк ішінде орналасқан (Орталық Азия шөлдері) және олар аридті және экстрааридті жағдайлармен ерекшеленді. Шөлдердің табиғатына оның биіктік орналасуы да әсер етеді.
Таулы шөлдер өте күшті аридті климатпен ажыратылады. Шөлдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары көбінесе олардың екі жарыт шардың әртүрлі ендіктерінде, Жердің ыстық және қоңыржай белдеулерінде орналасуына байланысты. Осыған орай Сахара австралиялық шөлдермен ұқсас болып, Орталық Азияның шөлдерінен басқаша болуы мүмкін.
1. 3 Шөлдердің жіктелуі
Шөлді аумақтар біркелкі болып көрінгендерімен, олардың табиғатының өзіндік ерекшеліктері болады. Жер бедері бірдей болғанымен, топырақтары әртүрлі болады; егер топырақтары бірдей болса, су режимдері әртүрлі; егер су режимдері бірдей болса, өсмідіктер дүнинесі әркелкі болып келеді және т. б.
Осыған орай, шөлді аумақтардың табиғат жағдайлары өзара байланысты факторлардың тұтас кешеніне байланысты, шөлдерің түрлерін жіктеу және аудандастыру - өте күрделі іс.
Кеңестік және шетелдік әдебиеттерде шөлдердің жітелуіне көптеген жұмыстар арналған. Өкінішке орай ешқайсысында бұл сұрақты шешетін біртұтас тәсіл-әдіс жоқ. Кейбіреулері климаттық көрсеткіштерді негізге алса, екіншісі - топырақты, үшіншісі - флоралық құрылымын негізге алып жіктейді.
М. П. Петров өзінің «Жер шарындағы шөлдер» деген кітабында (1973 ж. ) жер шары шөлдері үшін он литоэдафикалық түрден тұратын көп сатылы жіктеуді ұсынады:
* ежелгі аллювиальды жазықтың құмдақты қопсылған жыныстары;
* төрттік дәуірдегі гипстелген құрылымды жазықтар мен тау алды жазықтардағы құмдақтар мен ұсақ тасты жыныстар;
* төрттік дәуірдегі жазықтардағы ұсақ тасты, гипстелген жыныстар;
* тау маңы жазықтардағы ұсақ тасты жыныстар;
* аласа таулар мен ұсақ шоқылардағы тастақты жыныстар;
* жазықтардағы аз карбонатты ұнтақталған құмдар;
* тау маңы жазықтарындағы лессті жыныстар;
* аласа таулардағы батпақтар;
* тұздақты депрессиялық сортаңдар және теңіздік жағалаулар бойынша.
Жер шарындағы және жеке континенттерде шөлді аумақтардың түрлерін жіктеу шетелдік әдебиеттерде де кездеседі. Олардың көбі климаттық көрсеткіштерге негізделіп жасалған. Салыстырмалы басқа табиғат орталарының басқа элементтері бойынша жіктеулер аз. (жер бедері, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі және т. б. )
1964 жылы К. Троль зональды климаттық жіктеуді ұсынды. Жіктеу:
- Солтүстік жарты шар.
- Солтүстікамерика тобы:
- Суық тип:
- Үлкен Бассейн
- Әйгілі жазықтар
- Мохаве шөлі
- Жылы тип:
- Сонора шөлі
- Оңтүстік Калифорния шөлі
- Чиуауа.
- Афро-азиаттық тобы:
- Жылы тип:
- Солтүстікафрика подгруппасы:
- Солтүстікафрикалық дала
- Сахара
- Шығыс Сахара (Ливия-Египеттік шөл)
- Сахель даласы
- Африканского ауданы;
- Сирия-Аравия подгруппасы:
- Аравия
- Руб-эль-Хали;
- Иран-Индия подгруппасы:
- Иран жазығы
- Деште-Кевир
- Деште-Лут
- Белуджистан
- Ауғанстан
- Тар шөлі
- Арал-каспий подгруппасы:
- Түркістан (Қарақұм, Қызылқұм)
- Суық тип:
- Арал-каспий даласы (Қазақстан, Үстірт және т. б. ) ;
- Ортылқ Азиялық подгруппа:
- Жоңғария
- Такла-Макан
- Гоби
- Бейшань
- Алашань
- Ордос
- Цайдам
- Тибет жазығы.
- Оңтсүтік жарты шар .
- Оңтүстікамерикандық топ:
- Перу жағалауы
- Атакама
- Андылық биік таулы өлке
- Гран-Чако
- Аргентина таулары
- Патагония
- Солтүстік-Батыс Бразилия
- Венесуэла жағалауы .
- Оңтүстікафрикалық топ:
- Намиб
- Калахари
- Карру
- Оңтүстік-батыс Мадагаскар.
- Австралиялық топ:
- Симпсон шөлі
- Үлкен Виктория шөлі
- Гибсон шөлі
- Үлкен Құмдақты шөл
- Полярлы шөлдер
Кесте 2. Дүние жүзіндегі шөлдердің негізгі географиялық сипаттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz