Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
№:
Кіріспе: І бөлім. Негізгі құралдар есебінің экономикалық маңызы және ғалымдар мен тәжірбиешілердің еңбегіндегі негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары.
№:
Кіріспе: 1. 1. Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық маңызы.
№:
Кіріспе: 1. 2. Ғалымдар мен тәжірбиешілердің еңбегіндегі негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары.
№:
Кіріспе: ІІ бөлім. “Дәнқамту” ААҚ-ның экономикалық сипаттамасы және оның қаржылық жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы.
№:
Кіріспе: 2. 1. “Дәнқамту” ААҚ-на - экономикалық сипаттама беру
№:
Кіріспе: 2. 2. Қаржы жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы.
№:
Кіріспе: ІІІ бөлім. Негізгі құралдардың түсуі мен шығысының есебін ұйымдастыру.
№:
Кіріспе: 3. 1. Негігі құралдар есебін ұйымдастыру және оның алдындағы міндеттемелері.
№:
Кіріспе: 3. 2. Негізгі құралдардың түсуі.
№:
Кіріспе: 3. 3. Негізгі құралдардың шығуынан қаржылық нәтижие.
№:
Кіріспе: 3. 4. Негізгі құралдардың тозуы.
№:
Кіріспе:
№:
Кіріспе:

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

№:

Кіріспе

Нарықты қатынастар кеізнде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың негізгі құрал- жабдықтары болуға тиісті.

Кез келген өнеркәсіп, өндіріс түрлері еңбек күші, еңбек құралдары және еңбек бұйымдарысыз өндірістік процестің басталуы мүмкін емес.

Өндіріс тиімділігін анықтауда негізгі құралдардың түсуі мен шығуы олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.

Сондықтан оның есбін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай қадағалау мүмкін емес.

Осы жұмыстың тақрыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат болып “Дәнқамту” ашық акционерлік қоғамында негізгі құралдардың есебін, аудитін жүргізу тәртіптері мен әдістеріне тоқтала кетіп, оның есебі мен аудитін жүргізудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмысты орындау кезінде шешуін табуға тиісті міндеттер болып:

  • Негізгі құралдардың түсінігі мен экономикалық мазмұны;
  • Олардың есебін жетілдіруде ғалымдар мен тәжірибиешілердің еңбектеріне;
  • Кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық және есеп қаржылық жұмысына;
  • Негізгі құралдардың түсуі мен тозуына;
  • Олардың қозғалысын құжаттауға;
  • Синтетикалық және аналитикалық есебі мен аудитіне сипаттама беру саналады.

Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп туралы заңы”, “Қазақстан Респуликасының қаржылық есеп стандарттары”, “Дәнқамту” ашық акционерлік қоғамының жылдық есеп мәліметтері қолданылды.

Жұмыстың теоретикалық және әдістмелік негізі болған ғалымдардың және тәжірибиешілердің еңбектері, инструкивтік және нормативтік құжаттар.

Тақырып бойынша жұмыс жүргенде келесі әдістер қолданылды: салыстыру, талдау әдістері, теоретикалық және нақты материалды тұжырымдау, статистикалық топтастыру, баланстық тұжырым, екі жақты жазу, түгелдеу, бағалау.

Күтілетін нәтижие болып негізгі құралдардың есебімен мен аудитін кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады.

І бөлім. Негізгі құралдар есебінің экономикалық маңызы және ғалымдар мен тәжірбиешілердің еңбегіндегі негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары.

  1. Кәсіпорынның негізгі құралдарының экономикалық маңызы.

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралдары болып бөлінеді. Ауылшаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор.

Өйткені, олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар негізгі құралдар өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлесін сақтап отыра, құнын өндірілген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен, бухгалтерлік стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - бұл материалдық өндірістік және материалдық өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі № 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің субьектіге жататын меншк құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. (20)

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал - сайман т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды.

Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады. Ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндіретін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымының мәдени - тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын -үй, коммуналдық, денсаулық сақтау мүлкі т. б. ) қажетіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - бұл кәсіпорынның меншігіндегі және оның балансындағы көрсетілген негізгі құралдар.

Жалға алынған - бұл басқа кәсіпорыннан белгіленген мерзімге шарт бойынша алынған негізгі құралдар.

Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121 -ші “Жер”, 122-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 123-ші “Меншік және құрал жабдықтар, өткізгіш қондырғылар”, 124 - ші “Көлік құралдары”, 125-ші “Басқада негізгі құралдар” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.

Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал - жабдықтар.

Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал - жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүлік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Мүліктік (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындай (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.

Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы), яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер участкелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

Жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқадай машиналар мен жабдықтар; көлік құралдары; құрал - сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер: жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер участкелері мүліктік объектісі болып саналады.

Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті - құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.

Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.

Өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдары соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоса алғанда мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:

Күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель- машиналары;

Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал - жабдық;

Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай - ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, микроскоптар) ;

Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы жабдығы және басқа есептеу машиналары) ;

Басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіруші машина) ;

Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объекті болып табылады. (20)

Құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объекті болып табылады.

Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект мүліктік объекті бола алады.

Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал-мүйізді ірі-қара мал; асыл тұқымды биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, ешкілер, қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объекті болып табылады.

Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс- жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады.

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

Бастапқы құны - негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізу, беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т. б. шығындарынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:

Жер участкелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы- актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу - сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі бойынша жұмсалатын шығыстар;

Үйлерді, жерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл объектілердің бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар аморитазацияланбайды. Егер пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер ғимараттар, жеміс ағаштары т. б. бұзуға жатады. (24)

Жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептеледі;

Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісіген құнына құрал - жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;

Құрылтайшылардың жарлық капиталына салынған негізгі құралдар - өздерінің келісілген бағасы бойынша;

Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша - құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал- жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) ;

Жас малдарды негізгі табынға аударған кезде - малдарды өсірудің нақты өзіндік құны;

Жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп - баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар;

Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша - жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Ағымдағы құн - бұл негізгі құралдардың басты бір мезгілдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есепте беруде көрсетілген жинақталған тозу саласын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны.

Сату құны - негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы.

  1. Ғалымдар мен тәжірбиешілердің еңбегіндегі негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдары.

Нарықтық экономикаға көшу еліміздің алдында жаңа талаптар қойды. Көп жылдан бері қалыптасқан нәрселердің барлығы өзгеріске ұшырап отыр. Осы орайда экономика, есеп қаржы жұмыстары 1-ші орын алады. Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу және оны жетілдіру өте маңызды болып табылады. Сондықтан көптеген тәжірибиешілермен ғалымдардың еңбегінде бухгалтерлік есеп реформасына байланысты жағдайлар қарастырылған. Осы негізгі құралдар есебін жетілдіру жөнінде бірнеше ғалымдар мен тәжірибиешілердің ойларын келтіруге болады:

Профессор, экономика ғылымының докторы Н. А. Сафронованың (22) пікірінше негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың факторы болып негізгі құралдарды жаңарту және техникалық жетілдіру саналады. ҒТП - тің жетістіктерін ендіру, өндірісті автоматтандыру және механизациялау деңгейін жоғарлатады.

Материалдық шығындарды үнемдеуге көмектеседі және де өндірістің қауіпсіздігі мен мәдениеттілігін жоғарлатады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын жетілдірудегі резерв жүйесі төмендегідей жолдармен көрсетіледі:

  1. Еңбек құралдарын техникалық жетілдіру:комплексті автоматтандыру базасында техникалық қайта қарулану. зерттеудің дамуы.
  2. Машиналармен құрал жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту:жұмыссыз тұрған құралдарды арендаға өткізу т. б. беру. құралдарды жөндеу уақытын қысқарту.
  3. Өндірісті басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру:жобалық өндірушілікке жетуді жылдамдату, қайта енгізілген өндірістік жүйе негізіндематериалды техникалық ресурстармен қамтамасыздықты жетілдіруғылыми еңбек ұйымы мен өндірісті ендіруЭВМ жүйесінде өндірісті басқаруды жетілдіруөндірісте тиімділікті жоғарлату үшін жұмысшылардың материалдық жағдайын жақсарту.

И. Хегай (28) “Хегай и К” ЖШС директорының пікірі бойынша негізгі құралдарды сатып алған кезде аталған объектіге қатысты біздің ойлайтынымыз - ұзақ уақыт бойы табыс алуға байланысты болады. Негізгі құрал - жабдықтар объектілері ұзақ мерзім активтер болып саналады. Сондықтан оларды пайдалану барысында күтіп ұстауға және техникалық қызмет көрсетіге, жөндеудің, жаңғыртудың қайта құрудың т. б. барлық түріне қосымша шығындар жұмсалатыны белгілі. Бухгалтерлердің алдында тұратны негізгі проблема - шеккен шығынды қайта дұрыс жіктеуге болатындығында, өйткені оларды бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету және де аталған шығындарды салық есебінде шегерімдерге жатқызудың құқықтылығы осыған байланысты.

Жаңғырту - қазіргі талапқа сай жетілдіруді енгізу. Алғашқы кезде негізгі құралдарды жаңғырту күрделі шығын келтіретін секілді. Алайда оларды ондай деп тану үшін оның өзі алдағы уақытта экономикалық пайда әкелетін болуы тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі проблемаларды дұрыс шешу үшін кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Оның міндетіне жататыны:

  1. Пайдаланудың нормативтік мерзімін және тозуды есептеу әдісін белгілеу.
  2. Есеп саясатын енгізу үшін күрделі және күрделі емес шығындарды межелеу.
  3. негізгі құралдарды түгендеуді жүргізуге қатысу.
  4. Негізгі құралдар объектісі бойынша сатып алынған және де қажет болған жағдайда, кейінгі күрделі қаржы бөлу кезіндегі жойылу құнын белгілеу т. б.

Экономика ғылымының кандидаты, профессор И. В. Сергеевтің () ойынша негі құралдарды жетілдіру былай болады дейді. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану, жетілдіру кәсіпорынның қаржылық нәтижесінде көрсетіледі. Бұл, яғни өнімді шығару көлемін көбейту өзіндік құнды төмендету, өнім сапасын жақсарту мүлікке салықты азайту және баланыстың пайданы көбейту есебінен деуге болады.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі ол көбіне негізгі өндірістік қорлардың сапасы мен құрлымына және жағдайына байланысты. Соңғы жылдары негізгі өндірістік қорларды жаңарту процесі баяулап қалды, соның нәтижесінде негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуына әкелді, ал ол өзі кәсіпнорынның шаруашылық қызметіне жанама түрде әсер етті. Сонымен қатар кәсіпорында негізгі өндірістік қорларды жетілдірудің резервтері қолданылады. Осы мақсаттарға жету үшін және олардың орындалуы үшін жаңа техникалармен, технологиялы механизация мен өндірістік процестерді автоматтандыру, уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу т. б. Негізгі құралдарды жетілдіру жолдары негізінен қорында ағымдағы және өткен жылда қалыптасқан нақты шарттарға, жағдайларға байланысты.

Т. Рысқұлов атындағы КазЭУ доценті В. Назарованың (17) пікірі бойынша кез-келген кәсіпорынның негізгі құралдарды жөндеу мен оны жетілдіру жаңғырту мен кездеседі.

Мысалы: істен шыққан құралдарға, компьютерлерге т. б. Оларға шығын маңызды болмайды. Ал офисқа немесе толық өндірістік кешенге кеткен шығын бөлек, өйткені оған кеткен шығынның сомасы үлкен болуы мүмкін. Негізгі құралдады өндірісте қолданғанда олар бірте-бірте тозады, өзінің бастапқы күйін жоғалтады. Сондықтанда осы жағдайларға кәсіпорын резерв қарастыруы керек. Яғни айтқанда өндіріс барысында негізгі құралдарға жөндеуге, жаңғыртуға алдын ала қарастырған жөн. Ал басқа жағдайда ол өндірістік өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді.

Сондықтанда резервтік қордың маңызы зор. Бірақта кәсіпорын одан зиян шекпейді, керісінше жаңғыртудың нәтижиесінде өнімнің сапасы жақсарады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, яғни нарықтық талаптарға сай болуы керек, өйткені нарық сұраныстары өзгеріп отырады.

Экономика ғылымының кандидаты, профессор В. Я. Горфинкельдің (8) пікірінше: Негізгі құралдарды жетілдіру дегеніміз олардың айналымын жылдамдату, яғни моральдық және физикалық тозуына байланысты үзілісті қысқартады.

Және де негізгі қорларды тиімді пайдалану жетілген экономикалық реформа кезеңі мен де тығыз байланыста, яғни шығарылатын өнімнің жоғары болуы, өйткені нарықтық шарттарда бәсекеге сай болса, жоғары сапалы өнімдер жылдам өткізіледі және қоладнылады.

Негізгі құралдарды экстенсивті түрде жетілдіру, біржағынан календарлық мерзімде құрал - жабдықтардың жұмыс уақыты көбейеді, ал екінші жағынан кәсіпорындағы барлық жабдықтардың қолданудағы салмағы жоғарлайды.

Негізгі құралдарды және өндісітік қуаттарды интенсивті түрде жетілдіру. Бұнда бірлік уақытқа жабдықтауды жоспардан артық жүктеуді жоғарлату.

Қолданудағы машиналармен механизмдерді, оларға оптимальды жұмыс режимін орнату арқылы жабдықтауға жүктеуді интинсивті түрде жетілдіруге байланысты.

Экономика ғылымының докторы, профессор А. С. Пелихтың (18) айтуынша:

Елдердің экономикалық дамудың маңызды көрсеткіштерінің бірі негізгі қорлардың пайдалануының деңгейін жетілдіру болып табылады.

Негізгі қорлардың тиімді қолданылуы өндірістің барлық жақтарына сәйкесінше әсер етеді. Негізгі құралдарды пайдалану деңгейі сәйкесінше төмендегілерге әсер етеді:

  1. Капиталдық салым көлеміне.
  2. Жинақтау қорымен ұлттық пайда аралығындағы ара қатынас.
  3. Қолдану құралдарының өндірісімен өндіріс құралдарының даму деңгейіне.
  4. Елдің еңбек ресурстары мен оның өнімділігін пайдалану деңгейіне.
  5. Шығарылған өнім сапасына.
  6. Жұмысшылардың материалдық қажеттілігінің өсуіне.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорынның айналым қорларын басқару
Айналым қаражаты
Айналым құралдары
Айналым активтері
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
ӨНДІРІС НӘТИЖЕСІН БӨЛУ ЖАЛАҚЫ
Кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының мәні мен ролі
Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
Қаржылық қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz