Шетел мемлекеттеріндегі адвокатура



Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгібөлім
2.1.Ежелгі, орта ғасырдағы, қәзіргі уақыттағы адвокатура.
2.2. Европа мемлекеттеріндегі адвокатура.
2.3.ЕурАзЭҚ мүше.мемлекеттер арасындағы адвокаттар қызметі мен халықаралық ынтымақтастық қатынасы.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тизімі.
І .Кіріспе

“Адвокатура” түсінігі әртүрлі анықтамалар береді, атап айтсақ:
1. Адвокатура – сотта азаматтардың мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қызметтерді орындайтын адвокаттардың кәсібі;
2. Адвокатура – бұл сотта құқықтық қорғауды жүзеге асыру қызметі;
3. Адвокатура – осы кәсіпті жүзеге асытарын адвокаттардың тобы.
Адвокатураның мәнін толық ашатын анықтама ол:
Адвокатура – азаматтар мен заңды тұлғаларға заңның негізінде құқықтық көмектер көрсететін кәсіби ұйым.
Адвокатура ертеден келе жатқан институт, ертеректе отбасылық өкілдік болған, онда отбасы басшысы (партер) өзінің қандас ағайындарын қорғап қоймай, басқа да туыстарын, олардың отбасы мүшелерін – отбасы басшысын қамқор іздеген адамдардың құқықтарын қорғап отырған.
Ежелгі Грецияда патрондар мен клиенттерден басқа заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырып отырды, мысалы монастырлардың мүдделерін монахтар қорғады және олар дін заңдарын жақсы меңгерген болатын.
Германиядағы адвокаттың мәртебесін бекітетін негізгі нормативтік құжат 1959 жылғы Федералды адвокатура туралы ережесі болып табылады. Германияда адвокаттарға қойылатын талаптар ол: төрелік заңға сәйкес төрелік міндеттерін орындауға жарамды тұлға ғана адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат берілді.
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: Юрист, 2013.-148 бет.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2012.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме – А.Н. Ағыбаев. АЛМАТЫ «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»
4. Указ Президента РК, имеющий силу закона, «О принудительном лечении больных алкоголизмом, наркоманией и токсикоманией» от 7.04.95г.
5. Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступность и психическая аномалия. – М., 1987

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Касспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

Экономика және Құқық Институты
Құқықтану кафедрасы

Реферат

Пәні: Адвокатура негіздері
Тақырып: Шетел мемлекеттеріндегі адвокатура.

Орындаған: юс-10-1 тоб
Студенті: Шойынбаев Д.М.
Тексерген: аға оқытушы
Сеюбергенова Д.С

Ақтау 2011

Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгібөлім
2.1.Ежелгі, орта ғасырдағы, қәзіргі уақыттағы адвокатура.
2.2. Европа мемлекеттеріндегі адвокатура.
2.3.ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттер арасындағы адвокаттар қызметі мен халықаралық ынтымақтастық қатынасы.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тизімі.

І .Кіріспе

"Адвокатура" түсінігі әртүрлі анықтамалар береді, атап айтсақ:
1. Адвокатура - сотта азаматтардың мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қызметтерді орындайтын адвокаттардың кәсібі;
2. Адвокатура - бұл сотта құқықтық қорғауды жүзеге асыру қызметі;
3. Адвокатура - осы кәсіпті жүзеге асытарын адвокаттардың тобы.
Адвокатураның мәнін толық ашатын анықтама ол:
Адвокатура - азаматтар мен заңды тұлғаларға заңның негізінде құқықтық көмектер көрсететін кәсіби ұйым.
Адвокатура ертеден келе жатқан институт, ертеректе отбасылық өкілдік болған, онда отбасы басшысы (партер) өзінің қандас ағайындарын қорғап қоймай, басқа да туыстарын, олардың отбасы мүшелерін - отбасы басшысын қамқор іздеген адамдардың құқықтарын қорғап отырған.
Ежелгі Грецияда патрондар мен клиенттерден басқа заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырып отырды, мысалы монастырлардың мүдделерін монахтар қорғады және олар дін заңдарын жақсы меңгерген болатын.
Германиядағы адвокаттың мәртебесін бекітетін негізгі нормативтік құжат 1959 жылғы Федералды адвокатура туралы ережесі болып табылады. Германияда адвокаттарға қойылатын талаптар ол: төрелік заңға сәйкес төрелік міндеттерін орындауға жарамды тұлға ғана адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат берілді.

2.1. Ежелгі, Орта, Жаңа заманғы адвокатура.

Адвокатура ертеден келе жатқан институт, ертеректе отбасылық өкілдік болған, онда отбасы басшысы (партер) өзінің қандас ағайындарын қорғап қоймай, басқа да туыстарын, олардың отбасы мүшелерін - отбасы басшысын қамқор іздеген адамдардың құқықтарын қорғап отырған.
Ежелгі Грецияда патрондар мен клиенттерден басқа заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырып отырды, мысалы монастырлардың мүдделерін монахтар қорғады және олар дін заңдарын жақсы меңгерген болатын.
Орта ғасырда сотта өкілдер қатыса бастады және алдымен ондай құқыққа корольдік отбасының мүшелері ие болды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардын дамуы нәтижесінде саудамен және басқада коммерциялық қызметтермен айналысатын адамдардың тобы шыға бастады және оларға құқықтық кеңестер және олардың мүдделерін сотта қорғау қажеттілігі арта бастады. Осы кезден бастар өтініш беруші не стряпчий мамандығы шықты. Кейінірек бұл тұлғалар ортағырлық цехтік ұйымдарға бірігіп, "басқа тұлғалардың істері бойынша жүру" үшін заңгерлерді дайындау мен оқытумен айналысты. Осының негізінде ХIV-ХV ғғ. Англияда заңгерлерді бірлестігі - барристерлер пайда болды. Осы уақытта Англияда солиситерлер институты туындалды. Адвокатураның осындай құрылысы қазіргі уақытқа дейін сақталынып отыр.
ХVII-ХVIII ғғ. Европада мемлекеттік, үкіметтік адвокатура институты қарқын дами бастады, оның негізін қалаушы прус королі Ұлы Фридрих 2 болды.Адвокаттарды сот тағайындады және олар сот чиновниктері болды, оларға жалақы беріп отыр және мемлекеттен зейнетақы алып отырды. Оларға сот алдында болатын тәртіптік жауапкершілікте болды.
Қорғау мен өкілдік жасаудың цехтік және мемлекеттік ұйымдардан кейін келе еркін мамандықтан тұратын өзін өзі басқаратын адвокатура қалыптасты. Осындай түрде, ол 1789 жылғы революциядан кейін Францияда пайда болады.
Ерекше адвокаттық тап жойылып, сотта өзінің құқықтарын қорғауына барлық азаматтарға берілді (2 сентябрь 1790 жылғы 2 декрет). Наполеон 1 (1803 ж) кезінде адвокатура қалпына келді, бірақ құқықатыр шектелінді. Дегенмен, адвокатура өзінің дамуын әрі қарай жалғастыра берді: Францияда Англиядағыдай адвокаттар екі разрядқа бөлінді - сотқа шығып сөйлейтіндер және клиенттерді табумен және дайындық материалдарын жинаумен айналысатындар деп
ХVIIІ ғасырдың ортасына дейін Ресейде заңгерлерді дайындаумен айналыспаған, тек 1755 жылы бірінші ресей университеті ашылды - Московский. 1864 жылғы реформаға дейін "бөтендердің істерін" жүргізушілер арнайы ұйымға біріктірілмеген болатын және оларда әдетте заң білімі болмады. 2 Екатерина кезінде германдық үлгі бойынша мемлекеттік адвокатураны жасау жобасы дайындалды, бірақ ол қабылданбай қалды.
Ресей адвокатурасының қалыптасуына 1864 жылғы Қылмыстық сот ісін жүргізу жарғысы ерекше әсер етті. Енді адвокатура мемлекеттен бөлек, өзін өзі басқаратын заңгерлердің бірлестігі ретінде мойындалды. Адвокатура азаматтарға құқықтық көмектер көрсететін және сотта олардың мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын болды.
Адвокаттар екі категорияларға бөлінде: присяжный поверенный - кәсіби ант берген адвокаттардың корпарациясы, жеке поверенный - адвокаттық қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар. Сот палатасы жанында Присяжный поверенный кеңесі құрылды, оған присяжный поверенныйлар мүше бола алды және бұл кеңес адвокаттардың жеке қызметтерін бақылып отырды және басқада функцияларды жүзеге асырды.Присяжный поверенный кеңесіне жоғары қадағалауды Сот палатасы және Үкіметтік сенат бақылап отырды.1890 жылдан бастап заң консультациялары бойынша ұжымды жұмыс жасау нысаны қолдана бастады.
Осындай қалыпта присяжный және жеке поверенный институты 1917 жылға дейін болды.
Ресей империясы отарланғанға дейін бүгінгі Қазақстан аумағында айрықша қорғау институтының болғандығы туралы тұжырым жасауға болады. Осылайша, қазақтың ғұрыптық құқығындағы айыптау бағытымен қатар, онда "іздестірушілік бастау" орын алды, бұл құқық бұзушылықтың жәй жапсарын шынайы талқылауға мүмкіндік берді және сол арқылы айыпталушыны негізсіз жаладан қорғауға ықпал етті. Қылмыстық істі жедел қарауға "істі мұқият тергеу мен қарау" және "қоғамдық пікірдің кепілдігі" кедергі болып табылды. Көп жағдайда билер сотының шешімдерімен қатар мүліктік дау-дамайды сот билігі емес, адамгершілік беделі бар қарттар анықтады. Солай болса, да қазақ қоғамына Ресей империясының басқа заңдары сияқты присяжный поверенный институтының кіруі өте баяу жүрді. Бұл 1867-1868 жылдардағы реформалар барысында өзінің ұлттық және жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселелерді шешкен билер соты мен қазылар сотының сақталғандығымен және ішінара отаршылдық міндеттер мен мақсаттарға бейімделгендігімен түсіндіріледі. Дау дамайды шешу кезінде билер соты ғұрыптық құқық пен шариғат қағидаларын, ал қазылар соты тек шариғат тәртіптерін басшылыққа алды, алайда соңғысы қазақтарда исламның жеткіліксіз ықпалынан және басқада белгілі жәйттардан қанат жая алмады.
1864 жылғы реформа бойынша құрылған присяжныйлық және жеке адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне қайшы келгендіктен, кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура бірдендеп кеңестік сот төрелігінде қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру мен сотқа қатысушының қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Кеңестік адвокатураның ұйымдық нысаны, сондай-ақ мемлекет тарапынан оған деген көзқарас бойынша революуцияға дейінгі адвокатурамен көптеген ортақ түстарының болғандығын атап өткен жөн.1950-1960 жылдары Қазақ ССР Министрлері Кеңесі жанындағы заң комиссиясының төрағасына адвокаттар алқасы жиналасымен қатар алқа төралқаларының төрағаларына тәртіптік жаза қолдану құқығы берілді. 1977 жылы кеңестік заңнама тарихында КСРО Конституциясында алғаш рет адвокатураның құқықтық жағдайы бекітілді. Сөйтіп, мемлекет ресми деңгейде адвокатураны конституциялық орган, ал адвокатты сот ісін жүргізу кезінде тікелей қатысушы ретінде мойындады. 1979 жылғы 30 қарашада КСРО-дағы адвокатура туралы заң қабылданды. Бұл заң жалпы одақтық көлемде кеңестік адвокатураның ұйымдық және қзмет мәселелері реттелді. Осы актінің негізінде 1980 жылы 13 қарашада ҚазССР-нің "Адвокатура туралы" ереже қабылданды. Осындай актілерді қабылдау адвокаттар қызметін реттеуді қамтамасыз ету және сонымен қатар адвокаттар алқасының рөлін көтеру, кейбір мәселелерде адвокаттарға үлкен дербестік беру қажеттігінен туындады. Сонымен қатар, адвокатураның мемлекетке деген туәелдігі күшейтілді.

2.2. Европа мемлекеттеріндегі адвокатура.

Қазiргi Франция ,Англияда ,Германияда тағы басқада қөпдеген Европа мемлекеттеріндегі адвокатура әділеттілік жүйесінде тәуелсіз ұйым , ал адвокат қызметшілер жалдайтын өз кеңсесі бар еркін кәсіпкер ретінде танылды. Олардың басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдардан айырмашылықтары болды. Адвокаттарға өз кәсіби қызметін жарнамалауға құқық берілген және қолөнер салығынан босатылған болатын. Германиядағы адвокаттың мәртебесін бекітетін негізгі нормативтік құжат 1959 жылғы Федералды адвокатура туралы ережесі болып табылады. Германияда адвокаттарға қойылатын талаптар ол: төрелік заңға сәйкес төрелік міндеттерін орындауға жарамды тұлға ғана адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат берілді. Яғни қорғаушы қызметімен айналысу үшін талапкер заң ғылымдарының жеті симестрлік курсын және мемлкеттік емтихандарды тапсыруы қажет. Осыдан кейін бітіруші сот жүйесінің барлық мекемелерінде тағылымдама-қызметші ретінде 2-3 жыл практикадан өтеді. Осы кезеңдегі оның еңбек ақысы земстволық басқару органдарының қорынан беріледі. Практика мерзімі аяқталғаннан кейін оған тағы бір мемлкеттік емтихан тапсыруы тиіс және осыдан кейін ғана ол өзінің кім болатынын таңдайды: судъя, адвокат немесе заң сұрақтары бойынша фирма консультанты.
Жоғарғы соттың құзырына жұмыс жасауға мүмкіндік алған барлық адвокаттар, адвокаттар палатасын құрады. Федералды сотта жұмыс істеуге мүмкіндік алған адвокаттар ерекше палатаны құрайды. Әрбір жергілікті палата басқарумен айналысатын 7 мүшеден тұрады. Басқару мүшесіне 35 жасқа толған және адвокатурада 5 жылдық жұмыс стажы бар адвокат сайлана алады. Палатаның басқару мүшелері 4 жылға сайланады және әрбір 2 жылда мүшесінің жартысы жаңарып отырады. Федералды сотта қызмет атқаратын адвокаттар палатасы өз қызметі жөнінде ақпараттарды федералды әділет министріне тапсырады. Негiзiнде Федералды және жергiлiктi палаталардың қызметiне мемлекеттiк қадағалаудың функциялары заңдардың орындалуы және палатаның жарғысының тексерулерi, сонымен бiрге нақты палата жүктелген есептердiң орындаулары шектеледi.
Адвокатура туралы Федералды заң адвокаттың құқықтары мен міндеттері туралы бөлек параграфтарда бекітілген. Осылайша бұл заңның 43 параграфына сәйкес, қорғаушы өз кәсіби міндеттерін орындап, құрметке және сенімге лайықты болуы талап етіледі. Егер қорғаушының заңгерлік көмегіне жүгінген жағдайда, ол заңгерлік көмек көрсетуден бас тартса, ол бас тартуының себебін түсіндіруі тиіс.
Ерекше адвокаттық тап жойылып, сотта өзінің құқықтарын қорғауына барлық азаматтарға берілді (2 сентябрь 1790 жылғы 2 декрет). Наполеон 1 (1803 ж) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Қазақстан Республикасында адвокатура институтын дамыту
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Қоғамдық өкіл ретінде
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Адвокатура ұғымы және міндеттері
Пәндер