Қылмыстық жаза тағайындау


  1. МазмұныКіріспе . . . 3-6

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Қылмыстық жаза тағайындау институтының қалыптасу . . . 7-14
  2. Қазақстан Республикасының жаза тағайындау институтының кезеңдері . . . 15-18
  3. Қылмыстық жаза тағайындау институтының қағидаларының маңызы . . . 19-21
  1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1 Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі

дәрежесін есепке алу мәселелері . . . 22-34

2. 2 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар . . . 35-48

2. 3 Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар49-59

  1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ

3. 1 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңіл жаза белгілеу . . . 60-64

3. 2 Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза белгілеу . . . 65-70

3. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза белгілеу . . . 71-74

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75-77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78-82

  1. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Адам адам болғалы, өркениет әлемі өз көшін түзегелі бері қылмыс пен жаза атты телі ұғым қаншалықты сөз болып, сынға түсіп келе жатқанына қарамастан адамзат тарихындағы ең ұлы, ең қилы-киямет оқиғаларға толы ғасыр болып өткен ХХ-ғасырдың басында айтылған осынау пікірдің, қойылған осыну сауалдың күні бүгінге дейін бір жақты жауабын таппай, маңызын жоймай келе жатқандығы таңдандырмай қоймайды.

Жаза шарасын сот заң санкцияларының кең көлемде «әділдік сана-сезімінің» субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осының барлығын шешетін сана-сезім мейілінші тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.

Бүгінде әлем бойынша, әлбетте әр елдің ұлттық, мемлекеттік, құрылымдық ерекшеліктеріне негізделген қылмыстық құқық жүйесі берік қалыптасқан. Ғылым қашанда тоқтап тоқырап қалмақ емес. Осы үрдісте қылмыстық кұқық саласы да үздіксіз даму, жетілу үстінде. Әсіресе, оның толғақты бір буыны-жаза, жаза белгілеу мәселесінің, жоғарыда айтылғандай, әлі күнге нақтылы жауабын таппай, талқыдан түспей келе жатқаны ақиқат.

Заңгер-зерттеушілердің осы жаза белгілеу мәселесін басты тақырып етіп алып, тұрақты түрде зерделеп жазып келе жатқанына біраз жылдардың жүзі болды. Жаза белгілеу проблемасын зерттеуде көптеген қылмыстық істер қарастырылып, ғлыми зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізілген.

Сөз жоқ жаза белгілеу-қылмыстық құқықты қолдану барысындағы ең жауапты кезең.

Қазақстанның тәуелсiздiгi жылдары iшiнде демократиялық және құқықтық мемлекеттiң сұранысына сай келетiн құқық қорғау жүйесi қалыптасып, тұтас алғанда тиiмдi жұмыс iстеп келедi.

Елiмiздiң құқық қорғау жүйесiнiң ұйытқысы прокуратура органдары, ішкi iстер органдары, сот жүйелері болып табылады. Олардың басты мiндеттерi қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, жеке адамға, меншiкке қарсы қылмыстарға және басқа да жалпы қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Азаматтардың қауiпсiздiгi мен тыныштығы, елiмiздегi қылмыстың жай-күйi пен криминогендiк жағдайдың деңгейi iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiне байланысты, сондықтан iшкi iстер органдарын жетiлдiру процесi қылмыстық көрiнiстер мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда олардың жылдам әрi барабар әрекет етуiн қамтамасыз етуге бағытталуға тиiс.

ҚР ҚК 52-бабында: «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға . . . әділ жаза тағайындалады. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардын алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс»- деп атап көрсетілген. Осы орайда заң әдебиеттеріндегі: «Қылмысты дұрыс санаттау қаншалықты маңызды болса да, қылмыстық заңнаманың нақтылы тиімділігі ең алдымен қылмыс жасауға айыпты болып танылған адамға тағайындалған жазадан көрніс береді», -деген барынша негізді пікірге еріксіз ден қоясыз [3] .

Жаза белгілеу проблемасы ұлттық заң әдебиеттерінде тұрақты сөз болып, зерттеу обьектісіне айналып келе жатыр.

Зерттеудің мақсаты: Тақырыптың маңыздылығы жоғарыда айтылғандай, осынау адамзат өркениетінің сан ғасырлық даму жолындағы маңызын жоймай келе жатқан жаза белгілеу мәселесінің мән-маңызын ашып көрсету. Әдебиет көздерін келтіру. М: Дулатбеков, Ағыбаев А. Н.

Зерттеудің міндеттері:

- қылмыс ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық құқықтық тұрғыда зерттеп білу;

- қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және мәнін ашу;

- құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде әділсоттылықты жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру;

- жаза белгілеу мәселесіне тарихи тұрғыда, тарихтың қалаулы бір қайнар көзі болып табылатын әдет-ғұрып заңдарындағы жаза белгілеу мәселесінен бастап сол жібек желі, алтын арқауды үзбей, одан кейінгі қилы заман, дүбірлі кезеңдердегі жаза белгілеу институтының даму-қалыптасу дәстүрлерімен берік сабақтастырып, бір ізбен, бір жүйемен қысқаша баяндап көрсету;

- жаза белгілеудың жалпы негіздері, қағидалары, жазаны жеке даралаудың аспектілері, сонымен қоса Қылмыстық кодекстің 4 тарауында көзделген іргелі мәселелер мәселенің желісі ретінде қарастыру;

- жаза белгілеу мәселесіне байланысты бұрын соңды айтылған, білікті мамандар, ғалымдар тарапынан лайықты бағасын алған ой-пікірлерді саралау, даулы мәселелерге қатысты екі жақты пікірлерді алдыға тарта отырып, батыл байламдарды негіздеу;

- бұл үшін сот тәжірибесінен алынған дерек-дәйектерге ерекше көңіл бөлу;

Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасындағы жаза белгілеу проблемасы.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізгі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық материалистік заңдарын, таным әдістерін басшылыққа алып, криминогендік мазмұндағы құқықтық деректерді ашу болып табылады. Сонымен қатар осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, жазалауды саралау, нақты- әлеуметті- логикалық әдістері қолданылды.

Зерттеу пәні: Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты, жазаны жүзеге асыру қылмыстың пәні болып табылады

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау әрине, қиындық тудыратыны дәлел. Анықталған қылмыстарға қазіргі кезде көптеген жазалау түрлері қолданылып, көптеген заңдар шығарылуда. Құрамына жаңа қосымшалар мен мазмұндары бүгінгі күнде жаңартылуда.

Зерттеу жұмысының практикалық мағыздылығы: Жаза белгілеу-қылмыстық құқықты қолдану барысындағы ең жауапты кезең. Қылмысқа қарсы өз жұмыстарын құқық қорғау органдары- сот, пракуратура, ішкі істер департаменті т. б. айналасуда. Олардың деген қызметтері ҚР заңдары бойынша жүргізілуде.

Жұмыстың құрлымы үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ

ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1. Қылмыстық жаза тағайындау институтының қалыптасу

Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы - қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет -ғұрыптары мен салт -дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әрі еңбек-халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.

Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик С. З. Зиманов «Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің негізін құраған мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі және өміршеңдігі мен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы далада көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркіндік қабылетінің сақталыуымен оқшау орналасуы мен түсіндіруге болады 1 », -деп атап өтті.

Қазақ елінің құқық тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген және сараптама жасаған А. Алекторов, А. Якуткевич, А Лапшин, Л. Баллюзек, Д. Андре, Е. Бекмағанов, И. Козлов, И. Кради, Т. Күлтеев, С. Фукс, Ә. Марғұлан, С. Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды.

Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірінде кездесіп тұратын азаматтық және қылмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелетін. Қазак даласында би ешқашан сайланбалы қызметте болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт- дәстүрін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, сөзі уалі, шаруасы түзу, ата тегі белгілі және елге беделді сыйлы адамдар ғана би болған. Ел ішінде көпшілік жұртқа әділ, тура билігімен танылған билер беделі әрқашан күшейіп, олардың орны маңыздала түседі. Әділ билеріміз тарихына көз жүгіртер болсақ, тіліміздің ұшына ең алдымен үш жүздің ұлы билері - Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке есімдерінің оралуы жайдан емес.

Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын саясат қылып ұстаған Тәуке ханның қазаққа жасаған көп игілігінің бірі - ескіден келе жатқан әдет-ғұрып нормаларын қайтадан жүйелеп, өз заманы талабына сай «Жеті жарғыны» қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезінде үш бидің және басқа билердің кеңес - ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге әкелуге көп септігін тигізді. «Жеті жарғы» - көшпелі қазақ халқының Ата заңы. Ол «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол» сияқты дала заңдарының заман талабына сай өңделіп, дамытылып, толықтырылған билік, үкім, нұсқауларының жинағы. Күні бүгінге дейін «Жеті жарғының» толық нұсқасы табылған жоқ.

Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстаған ерінің сол сәтте екеуінде өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалуға мүмкіндігі болған. Егер әйелдің ойнас жасағанына төрт адам куә болса оның қылмысы әшкере болды деп саналған ондай жағдайда күйеуінің шешімімен өлім жазасына кесу құқығы берілген. Өзгенің әйелін ықтиярсыз алып қашқаны үшін өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кеседі. Егер әйел өз еркімен қашса оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосып береді.

Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып, зорлаушы қалың мал төлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де, өлім жазасынан да босатылады. Осылайша ата - бабаларымыз «қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деп әлпештеп өсірген қыз баласының арын да қызғыштай қорғап, «қызға қырық үйден тыйым» деген тәрбиелік қағиданы қатты ұстанған.

Жоғарыда қарастырылған қазақтың әдет-ғұрып заңдарының қалыптасуы, дамуының тарихы, толғақты мәселелері төңірегінде нақтылы мысалдарға сүйене отырып, белгілі бір дәрежеде біршама сөз еттік. Ендігі ретте содан кейін бастау алатын, халқымыз тарихындағы ақтаңдақтармен, қилы қиямет оқиғалармен белгілі отаршылдық саясат кезеңіндегі қылмыстық заңдардағы жаза белгілеу проблемасына қысқаша тоқтам жасайық.

Қазақстан аумағында қолданыста болған Ресей империясының заңдары сол кезеңдегі негізгі мемлекеттік-құқықтық институттардың саяси және экономикалық мазмұны мен ерекшеліктерін сипаттайды.

Ресей империясы қылмыстық-құқықтық нормаларының алғашқы барынша жүйеленген жиынтығы 1845 жылғы «қылмыстық және түзеу жазалары туралы уложение» болды. «Жазалар туралы уложение» бойынша жаңа қонысқа аударудың екі түрі болды: Сібірге және Закавказьеге. Қазақтар үшін Сібірге және Ресейдің шалғай мекендеріне жер аудару жазаның ең қатаң түрі болып саналған. Жазаның бұл түрін қолдану барысында қазақтар қарым қатынас ортасынан, шаруашылықты жүргізудің дәстүрлі тәртібінен айырылды, ал бұл өз кезегінде сотталушылардың жүйкесіне кері әсерін тигізді. Қазақтар жазаның бұл түрінен қатты қорықты, сондықтан да «Итжеккенге айдалу» өлім жазасымен пара-пар болды. «Уложениенің» 90- бабында айтылғандай, жаңа заң қаулысының нақты негізі ретінде анықталады. 4- бап кылмыстық жазаны жеке даралау қағидасы бөлінеді, соған сәйкес жаза шараларына мыналар ықпал етеді: көбірек немесе азырақ қасақаналық шарасы, қылмыстың ниеті жүзеге асыру дәрежесі, бірлесіп жасаған қылмысқа қатысу сипаты. 129, 134- баптарда жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар атап көрсетілген.

Қылмыстық заңдардың келесі нормативтік сатысы 1903 жылғы 22 наурыздағы II Николай патша бекіткен «Қылмыстық уложение» болды. 1903 жылғы Қылмыстық уложение 1845 жылғы уложениеден өзгеше болды. Онда 687 бап болды (ал 1845, 1885 жылдардағы ондай құжатта баптардың саны 1711-ге жететін) . Ол өз мазмұнына оның алдындағы заңдардың өміршең өзгешелерін, қылмыстық құқық саласындағы біліктілікті мамандардың озық ой-толғамдарының сарабымен жазылған еді. «Жинақта» ант бергендер соты айыпкерге жаза белгілеу барысында басшылыққа алынатын өлшемдерді айқындайтын жаза белгілеуды рәсімдеу нормалары көрініс тапқан.

Ресей империясында құқықтық жүйені жетілдіру процесі Қазан төңкерісіне байланысты тоқтап, тоқырап қалды. Жаңа үкімет патшалық Ресейдің барлық зандарын толығымен қолданыстан алып тастады.

Қылмыстық-құқықтық қатынастарды жекелеген актлер, деректер, қаулылармен реттеу бұл актлерді жүйелеп, кодификациялау қажеттілігін туғызды. Мұндай бірінші кодификацияланған акт «1919 жылғы жетекші бастамалар» болды.

Оның 11, 12, және 25- баптарында жаза белгілеудың тәртібі анықталған болатын. 11- бапта сот жаза тағайындаған кезде басшылыққа алынатын өлшем нақтылы берілді: «Жасалған қылмысқа ықпал ету шараларын анықтаған кезде сот қылмыскердің жеке басы және сондай-ақ оның жасаған қылмысының қоғамдық өмір үшін қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты (ерекшелігін) қарастырады. Бұл мақсатта сот біріншіден, жасалған қылмыстың барлық жай жапсарын зерттеумен ғана шектелмей, қылмыскердің жеке басын тексереді, өйткені оның жасаған әрекеті ниетінде сондай пиғылдар көрініс табуы және де оның өткені мен қазіргі өмір салты негізінде оны анықтау мүмкін; екіншіден, әрекеттің өзі уақыт пен орынның нақтылы жағдайында қоғамдық қауіптілік негіздерін қаншалықты дәрежеде бұзатынын анықтайды» [3] .

12- бапта соттың қарауына жататын және қылмыс жасаған адамның жеке басы сипаты мен жауаптылық дәрежесіне ықпал ететін деректердің нақты тізімі келтірілген:

«Әрбір жекелеген жағдайда жаза шарасын анықтауда мыналарды айыра білу қажет:

а) меншік құқымен байланысты қандайда бір артықшылықтарды қалпына келтіру, сақтау немесе иелену мақсатында қоғамның дәулетті табына жататын адамның қылмыс жасауы немесе аштық, не мұқтаждық жағдайында кедей адамның қылмыс жасауы;

ә) іс-әрекет қанаушы таптың билігін қалпына келтіру тұрғысында жасалды ма, немесе іс әрекетті жасаған адамның жеке басының мүддесіне орай жасалды ма;

б) іс-әрекет келтірілетін зардапты білі отырып қасақана жасалды ма, немесе көргенсіздігі не санасыздығы салдарынан жасады ма;

г) іс-әрекетті кінәлі қылмыскер жасады ма немесе бірінші рет жасады ма;

д) іс-әрекет адамға күш көрсету арқылы жасалды ма не ондай орын алмады ма; е) іс-әрекет жеке адамға немесе мүлікке қарсы бағытталды ма;

ж) іс-әрекетте алдын ала ойластырылған ниет, қаталдық, залымдық қылық немесе жауыздық ниет болды ма немесе әрекет қызбалық, жеңілтектік әлде немқұрайдылық салдарынан орын алды ма».

Аталмыш нормативтік актының 25-бабында жазалар тізімі келтірілген.

Жетекші бастамаларда ерекше бөлім болған жоқ. Қылмыстың нақтылы құрамының бөлім белгілері мен оларды жасағаны үшін қолданылатын санкциялардың заңды бекітілмеуі, қасаң қылмыстық саясат осы нормативтік актідегі барлық ұнамды, ұғынықты мәмілелердің баршасын дерлік жоққа шығарғандай еді.

Жаза белгілеу институтын қалыптастырудағы келесі қадам 1922 жылғы РКФСР қылмыстық кодексінің қабылдануы болды.

1922 жылығы қылмыстық кодекстің қабылдануы қылмыскердің жеке басына қатысты мән-жайларды алға шығарған және іс-әрекеттің қоғамдық

қауіптілігінің маңызын бірінші кезекте бағаламаған. Жетекші бастамалар мен салыстырғанда алға қарай жасалынған қарышты қадам болды.

1922 жылы КСРО құрылғаннан кейін, 1924 жылғы Конституцияға сәйкес «КСРО мен Одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негізгі бастамалары» қабылданған болатын. Бұл заңда жаза тағайыдаудың төмендегідей тәртібі белгіленген: қылмыскердің жеке басының сипаты мен қауіптілік дәрежесін ауырлататын және жеңілдететін жән-жайларды есепке алу. Жаза белгілеу институты дамуының маңызды кезеңдерінің бірі 1958 жылғы «КСРО мен Одақтас респуликалардың қылмыстық заңдары негіздерінің» қабылдануы болып табылады. Осы заңның үшеуі де И. В. Сталин қайтыс болғаннан кейін жеке басқа табыну саясаты айыпталып өрескел заң бұзушылықтар жөнінде жария болған, жылымың деп аталған кезеңде қабылданған еді. Қылмыстык заңды ұқсастығы бойынша қолданудан бас тарту және Кеңестік қылмыстық құқықтың «Заңда ол туралы белгіленбесе онда қылмыс жоқ» қағидасына көшуі қоғамды демократияландыру бағытындағы біршама илгерінді қадам болды. КСРО конституциясына сәйкес барлық он бес Одақтас республика өзінің ішкі қылмыстық заңдарын қабылдай бастады. Қазақстан КСРО ның субьектісі ретінде 1960 жылғы 1-қаңтарда күшіне еңген өзінің қылмыстық заңын 1959 жылы 22 шілдеде қабылдады. Бұл Қазақ КСР-ның өзіндік тұнғыш Қылмыстық кодексі болды. Қылмыстық заңның 4-тарауында қылмыстық кодекстің жаза белгілеуға қатысты алты бабы (34-39) болды [1] .

Қылмыстық кодекстің 34-бабында жалпы одақтық заңдардың жоғарыда келтірілген ережелерін сөзбе сөз қайталанатын жаза белгілеудың жалпы негізі қарастырылған. 35 және 36 баптарда жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар көзделген.

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылды:

1) жасалған қылмыстың зиянды салдарын айыпкердің жоюы немесе өз еркімен

келтірлген залалдың толтыруы немесе келтірілген залалды жоюы;

2) ауыр жеке басылық немесе отбасылық мән-жайлардың тоғысуы салдарынан

қылмыс жасау;

3) күштеп немесе мәжбүрлеу салдарынан не материальдық не өзге тәуелділігі

себепті қылмыс жасау;

4) жабірленушінің құқыққа қайшы әрекетін тудырған күшті жан күйзелісі

әсерінен қылмыс жасау;

5) қажетті корғану шегінен шыға отырып, қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан

қорғану кезінде қылмыс жасау;

6) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы;

7) жүктілік жағдайында әйелдердің қылмыс жасауы;

8) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу.

Қылмыскық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар

танылды:

1) Бұрын қандайда болсын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауы;

2) ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы;

3) пайдақорлық немесе өзге де қара ниетпен қылмыс жасау;

4) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

5) жас балаға, қарт адамға немесе дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты

қылмысты жасауы;

6) кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға азғыру немесе кәмелетке

толмағандарды қылмыс жасауға тарту;

7) аса қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

8) қоғамдық нәубат жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау;

9) жалпыға қауіпті әдіспен қылмыс жасау;

10) мастық күйдегі адамның қылмыс жасауы;

37 және 38 баптарда бірнеше қылмыстар жасау кезінде және бірнеше үкімдер бойынша жаза белгілеу жайында айтылады. Көбінесе, егер адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарымен қарастырылған немесе оданда көп қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп танылса және олардын ешқайсысы үшін жеке-жеке жаза тағайындай отырып, онша қатаң емес жазаға біршама қатаң жазаны қарастырылатын заң бабында көрсетілген шекте тағайындалған жазаларды толығымен немесе ішінара қосу жолымен, олардың жиынтығы бойынша соңғы жазаны анықтайды.

1961 жылғы жаңа Қылмыстық кодекс ширек ғасырдан астам уақыт қызмет етті. Осы жылдар ішінде Ерекше бөлімнің, сол сиякты Жалпы бөлімнің жекелеген баптары көптеген өзгерістермен толықтыруларға ұшырады, ал жаза белгілеу мәселелерін реттейтін ережелер еш өзгерген жоқ.

Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза белгілеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар болып жатты, алайда өкінішке орай, мәнді өзгерістер болмады. Бұл уақыт аралығында 1961 жылы 4 науырыздағы «Қылмыстық заңдарды қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы», 1972 жылғы 11 шілдедегі «Соттардың бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстарын қолдану тәжірибесі туралы», 1980 жылғы 29 тамыздағы «Соттардың қосымша жазаларды белгілеу тәжрибесі туралы», 1981 жылғы 31 шілдедегі «Бірнеше қылмыстар жасау кезінде және бірнеше үкімдер бойынша жаза белгілеу тәжрибесі туралы», 1979 жылғы 29 маусымдағы «КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларын орындау барысы туралы», 1991 жылғы 29 тамыздағы «Соттардың жаза белгілеудың жалпы негіздерін қолдану тәжрибесі туралы» сияқты маңызды қаулылар қабылданған болатын [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны жеке даралау мәселелері
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Жазаны жеңілдетудің тәсілдері
Жаза тағайындау түсінігі
Жаза туралы тусінік оның белгілері және мақсаты. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Бас бостандығынан айыру
Қылмыстық жаза туралы
Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz