Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.7

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы ... ... .. 8.20
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі ... 21.36
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.42

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.51
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52.59

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60.68
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары ... ... ..69.77
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78.86
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87.89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 90.92
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда, саяси және азаматтық құқық туралы халықаралық Пактіде, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы декларацияда және ең негізгі еліміздегі заң – Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның өмірін жоғары етіп алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.
Кісі өлтіру ежелден бері ауыр қылмыс болып есептеліп келеді. Барлық адамзат өмір сүрген заманда бұл қылмыс болып саналды. Алғашқы кісі өлтіру қашан болғанын ешкім білмейді. Бірақ та діни ағымдарда бұл туралы жазылған. Онда алғашқы кісі өлтіруші Қабыл деп жазады. Қабыл Адам атаның алғашқы баласы, жерде туылған тұңғыш адам. Ол қызғаныштан өзінің інісі Абылды өлтіреді. Содан бері адамның адамды өлтіруі әлі жалғасып келуде. Ал ең алғаш жалдамалы кісі өлтіру туралы ешкім білмейді. Тарихта ондай қылмыс алғашқы жалдамалы кісі өлтіру деп тіркелмеген.
Адам өміріне қол сұғудағы ең қауіптісі, тергелу жағынан ең қиыны жалдамалы кісі өлтіру болып табылады. Бұл қылмыс түрі адамдар арасындағы түсініспеушілікті, жауластықты жоюдың ең тиімді тәсілі болып табылады. Өкінішке орай, ақшаң болса, шешілмейтін мәселе болып тұрса, тек кісі өлтіру арқылы шешуге тура келетін болса жалдамалы кісі өлтірушіні жалдау
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Юрист, 2012.
2 Кудрявцева В.И., Эмиров В.Э., Криминология. Учебник - Москва: Юрист,1995.
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: Юрист, 2012.
4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанындағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы» қаулы. Жоғарғы Соттың ресми сайты.
5 Алауханов Е.О. Криминология. Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2005.
6 Ағыбаев А.Н., Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім., Оқулық, - Алматы:
Жеті жарғы, 2007.
7 Ағыбаев А.Н., Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2007
8 Слинько М.И., Заказные убийство. Оқулық, - Мәскеу: Новый юрист,
1997.
9 Сотов А.И., Криминалистическая характеристика убийств, совершенных по найму. Оқулық, - Мәскеу: Следователь, 1998.
10 Бородуллин А.И., Убийство по найму. Оқулық, - Мәскеу: Новый юрист,
1997
11 Илюсизова С.М., Общая и юридическая психология. Оқулық, - А.:
Юридическая литература, 2006.
12 Стуканов А., Убийство по найму. Оқулық, - Мәскеу: Законность, 1997.
13 Мацкеевич И., Локк Р., Уголовно-прававой анализ убийств по найму.
Оқулық, - Мәскеу: Новый юрист, 2001.
14 Чуфаровский Ю.В., Юридическая психология. Оқулық, - Мәскеу:
Юриспреденция, 2001.
15 Чуфаровский Ю.В., Юридическая психология. Оқулық, - Мәскеу:
Юрист, 1995.
16 Антонов В.Н., ХХІ век. Юридическая наука – практике. Оқулық, -
Владивосток: Юрист, 1999.
17 Долгова А.Н., Преступность и законодательство. Оқулық, - Мәскеу:
Закон, 1997.
18 Попов В.И., Теневая экономика и организованная преступность. Оқулық,
- Мәскеу: Юриспреденция, 1998.
19 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. - А.: Юрист, 2012.
20 Кролачева Н.М., Криминология. Оқулық, - Санкт-Петербург: Питер,
2002.
21 Поляркин А.С., Федюкин А.Е., Особенности организации деятельности
ОВД в области борьбы с убийствами, совершенными по найму. Оқулық,
- Мәскеу: Юрист, 2001.
22 Кутькин А.Д., Поляков А.Н., Убийства совершенные по найму и их
предупреждение. Оқулық, - Мәскеу: Юрист, 2001.
23 Тайбаков А.А., Профессиональная преступность: основные понятие и
направление предупреждение в ОВД. Лекция, Мәскеу: ВЮЗШ МВД,
1993.
24 Долгова А.Н., Организованная преступность. Оқулық, - Мәскеу:
Закон, 1998.
25 http://www.wikipedia.ru./assassins/407 - Жалдамалы кісі өлтіруші -
Ассасиндердің тарихы.
26 Алауханов Е.О., Криминология. Оқулық, - Алматы: Қазығұрт, 2006.
27 Юцкова Е.М., Общественная психология и изменение преступности.
Оқулық, - Мәскеу: Юриспреденция, 2002.
28 Долгова А.Н., Криминология. Оқулық, - Мәскеу: Юрист, 2002.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-7

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы ... ... .. 8-
20
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі ... 21-36
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан
айырмашылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-42

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43-51
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52-59

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...60-68
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары ... ... ..69-77
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы
субъектілердің қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 78-86
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 87-89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
90-92

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда,
саяси және азаматтық құқық туралы халықаралық Пактіде, адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы декларацияда және ең негізгі
еліміздегі заң – Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның өмірін
жоғары етіп алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз
мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған
кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған
кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу
ешқандай адамның қолынан келмейді.
Кісі өлтіру ежелден бері ауыр қылмыс болып есептеліп келеді. Барлық адамзат
өмір сүрген заманда бұл қылмыс болып саналды. Алғашқы кісі өлтіру қашан
болғанын ешкім білмейді. Бірақ та діни ағымдарда бұл туралы жазылған. Онда
алғашқы кісі өлтіруші Қабыл деп жазады. Қабыл Адам атаның алғашқы баласы,
жерде туылған тұңғыш адам. Ол қызғаныштан өзінің інісі Абылды өлтіреді.
Содан бері адамның адамды өлтіруі әлі жалғасып келуде. Ал ең алғаш
жалдамалы кісі өлтіру туралы ешкім білмейді. Тарихта ондай қылмыс алғашқы
жалдамалы кісі өлтіру деп тіркелмеген.
Адам өміріне қол сұғудағы ең қауіптісі, тергелу жағынан ең қиыны жалдамалы
кісі өлтіру болып табылады. Бұл қылмыс түрі адамдар арасындағы
түсініспеушілікті, жауластықты жоюдың ең тиімді тәсілі болып табылады.
Өкінішке орай, ақшаң болса, шешілмейтін мәселе болып тұрса, тек кісі өлтіру
арқылы шешуге тура келетін болса жалдамалы кісі өлтірушіні жалдау
тығырықтан шығудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Жалдамалы кісі
өлтірушілер кісі өлтіруді өз қызметі ретінде ғана көреді. Адам өмірі олар
үшін түкке тұрмайды. Олар тек материалды жағынан қамтамасыз етілуін ғана
ойлайды. Кейбір жалдамалы кісі өлтірушілер өз ісінен ләззат алатын
жағдайлар да кездеседі. Жалданып кісі өлтіру қылмыстары қоғамға елеулі
түрде қауіп төндіреді [2, 71б.].
Мемлекет адам өмірін ең жоғарғы қазынасы етіп алады. Ал бұл қылмыс түрі
адам өміріне тікелей қасақаналықпен бағытталған іс әрекеттерден тұрады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі 96-бабы, 2
бөлігі з тармақшасында көзделгендей пайда табу мақсатымен, сол сияқты
жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан іс-
әрекет деп бұл қылмысқа баға береді. Оның жазасына келсек мүлкін тәркілеу
арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы не онсыз өлім жазасына не
мүлкін тәркілеу арқылы не онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға
жазаланады деп аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызады, және өте қатаң жаза
қолданады [3].
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсанындағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық
үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы қаулыда
пайда табу үшін жасалған кісі өлтіруге өзі немесе басқа адамдар үшін
қандай да бір материалдық пайда (ақша, зат, мүліктік құқық, пәтер үйге
құқық т.б) табу мақсатында, не материалдық шығындардан құтылу (мүліктік
борышты, қызметі үшін төлемді қайтару, мүліктік міндеттемелерді орындау,
алимент төлеу т.б) мақсатында адамды қасақана өлтіру жатқызылған. Яғни
тапсырыс беруші мен орындаушының арасында жасалынған келісім шарт
нәтижесінде пайда болатын қылмыс болып табылады [4].
Қазақстандағы қазіргі қылмыстылық жағдайы өзінің масштабы жағынан да,
қоғамдық өмірге кері ықпал ету жағынан да, өршіп, мемлекеттің
қауіпсіздігіне, қызметіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына
нұқсан келтіруде. Ал кісі өлтіру қылмыстары қоғамның назарында болады және
азаматтар оның тергелуіне сәйкес құқық қорғау органдарының жұмысының
тиімділігіне баға береді.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен жағдайларын зерттеудегі
мәселелер тек осы салаға ғана қатысты емес, бүкіл криминологияға қатысты
деп қиналмастан айтуға болады. Осы мәселені шешуде криминологиялық
теорияның мазмұны мен тәжірибиелік бағыттылығын анықтауға болады. Жалдамалы
кісі өлтіру қылмысы көптеген жағдайлардың жиынтығынан, факторлардан,
себептерден тұратын күрделі құбылыс [5,210б.].
Соңғы жылдары көптеген ғалымдар (мысалы, В.Н.Антонов , А.Козусев ,
А.В.Кучинский , В.А.Номоконов , Н.А.Селиванов , М.И.Слинько, А.И.Сотов және
т.б) жалдамалы кісі өлтіру қылмысына құқық қолдануда біршама қиындық
туғызатын мәселелерге жолығып, бірнеше қарама-қарсы пікірлер қалыптасты.
Бұл мәселелер қатарына қылмысқа қатысушылардың қылмысын саралауда,
қылмыстың басталу уақыты мен аяқталу уақыты, заңда кәсіпқой орындаушыларға
арнайы бөліп алып көрсету туралы және т.б мәселелер кіреді. Бұл мәселелер
әлі күнге дейін өз шешімін табар емес.
Профессор Ю.М.Антонянның пайымдауынша жалдамалы кісі өлтірушілердің
психологиялық ерекшеліктерін жыныстық сипаттағы күш қолданушы маньяктармен
және саяси террористермен ұқсатады. Оларда эмпатияның (жанашырлық таныту)
жоқтығы, күш қолдану, қиратушы факторлардың басымдығы, айналасындағы
адамдардан басым түсуге, оларды өзіне бағындыруға ұмтылу секілді қасиеттер
тән. Олардың қоғамға қауіптілігі ең жоғарғы критерийлермен бағаланады.
Бүгінгі күндері жалдамалы кісі өлтіру түсінігінің детерминациясы маңызды
орынға ие болып, сыртқы қылмыстылықтың әлеуметтік құбылыстары мен
жағдайларына, оның өзіндік детерминациясына ықпал етуде. Іс жүзінде біз бұл
қылмыс түрінің ішкі және сыртқы құбылыстарының қарым-қатынасын өзгеруін
бақылап отырмыз. Бұл жерде жүйелік ықпал етудің маңызы зор. Жалпы
әлеуметтік құбылыстардағыдай (жалпы, арнайы алдын-алу) сияқты, кәдімгі
қылмыстылықтың, жекелеп алсақ жалдамалы кісі өлтіруді жан-жақтан, қоғамдық,
мемлекеттік өмір арқылы толық қалпына келтіріп, декриминализациялануы
маңызды орынға ие болып отыр.
Дипломдық зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Жалдамалы кісі өлтіру
қылмысынының құрбандары атақты кәсіпкерлер, саясаткерлер, бұқаралық ақпарат
құралдарының тележүргізушілері және т.б тұлғалар болып табылады. Жалдамалы
кісі өлтіру қылмысының кең таралуына қарамастан, Қазақстан Республикасында
бұл қылмысқа криминологиялық зерттеулер аз жүргізілген. Сондықтан бұл
қылмыс түрімен күресуде шешілмеген мәселелер көп. Бұл қылмысты алдын алу
үшін тиімді шараларды қажет етеді. Ал бұл үшін осы қылмысты зерттеп, оның
криминологиялық ерекшеліктерін, жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын жасаушы
тұлғалардың ерекшеліктерін, оларды қылмысқа итермелейтін себептер мен
жағдайларды анықтап табу дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар қойылды:
а) криминология тұрғысынан жалдамалы кісі өлтіру қылмысының ерекше
белгілерін талдап, оны зерттеу;
ә) жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасаушылардың жеке тұлғасын қарап, оларға
баға беру;
б) бұл қылмыстылықтың себептілігі мен жағдайларын анықтау;
в) жалдамалы кісі өлтіру қылмысының алдын алу шараларын қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің ғылыми
теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология саласындағы бірқатар
шетелдік (Долгова А.Н., Кутькин А.Д., Бородуллин А.И., Мацкеевич И., Локк
Р., Тайбаков А.А., Кролачева Н.М., Чуфаровский Ю.В., Попов В.И., Сотов
А.И., Слинько М.И.) және отандық (Алауханов Е.О., Ағыбаев А.Н.) авторлардың
еңбектері құрады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің негізгі ғылыми теориялар мен тәжірибиенің
өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды
қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі
болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері,
социологиялық-психологиялық, формальдық-детальдық, статистикалық әдістер
пайдаланылып, болжау жасау әдістері қолданылды.
Зерттелудің объектісі жалдамалы кісі өлтіру қылмысы, жалдамалы кісі
өлтірушінің жеке тұлғасы және жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері
мен жағдайлары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ

1.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объектісі және объективтік жағы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі з
тармақшасында көзделген пайда табу мақсытымен, не сол сияқты жалданып, не
қарақшылықпен, не қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан іс-
әрекетті көрсетеді. Бұл тізбектердің ішінде жалдамалы кісі өлтіру қылмысын
кіргізуге болады. Оның объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын, адамзаттың ең
қымбат қазынасы адамның өмірі болып табылады. Бұл туралы Қазақстан
Республикасының Конституциясының 1-бабында үлкен әріптермен бекітіліп
жазылған.
Өмірге қарсы қылмыстың соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі
адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына
қарамастан кез-келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің
туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы
арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс
нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің
соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге
бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннаң кейін 5-6 минут
шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Қазіргі заманның медицинасының
дамуына байланысты мұндай өлімдер көптеп кезедеседі. Адам денесінің
салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа
созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі
қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа
органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың
өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Бірақ та медицинада адам
өлімін триаданың тоқтауымен байланыстырады, яғни ми қыртысының, жүректің
және өкпенің тоқтауын биологиялық өлім деп атайды. Адам өмірінің соңғы сәті
- биологиялық өлім [6, 11б.].
Қылмыстық кодекстің 96-бабына түсініктеме берген кезде оның объектісі
ретінде – адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, ұлтына, дініне, нәсіліне,
шыққан тегіне және жасына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына
біліміне және т.б байланысты емес. Қылмыстық жәбірленушінің еркіне қарсы
адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей
дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу
қасақана адам өлтіргендік үшін жауапкершіліктен босатпайды [6,12б.].
Өмірге қарсы қасақана қаза келтіру объектісінің бар жоғы туралы мәселені
шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объектісі тек тірі адам болып табылады.
Жалдамалы кісі өлтіруші объектіні өлтіремін деп барып, өліп жатқан адамды
сыртынан атып кетуі мүмкін. Сот медициналық сараптамасы оны атыс қаруынан
келген зардаптардан емес, жүрек талмасынан өлді деген қорытынды береді.
Демек, ол кезде өлген адам өмірі бұл қылмыс үшін объект болып танылмайды.
Қылмыстық кұкық теориясында қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар
жатқызылған. Кез келген қоғамда көптеген қоғамдық қатынастар бар, олар
адамдар арасында, адам мен мемлекет арасында, адам мен ұйымдар арасында
және т.б. қалыптасады.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қоғамға қауіпті іс-әрекет деп
танылатындығы сондықтан, себебі оның жасалуы мемлекеттің, қоғамның
мүдделеріне, жеке адамдардың мүдделеріне қайшы келеді, аса қажетті
мұқтаждықтарды қанағаттандыруға кедергі болады. Ал, жалдамалы кісі өлтіру
қылмысы адам өмірін қиюға тікелей бағытталғандықтан, объектінің маңызы
артқан сайын қоғамға қауіптілік деңгейі артады деген қағидаға сүйеніп, оны
аса қауіпті деп тануға болады.
Қоғамдық қатынастар құқықтың барлық жүйесімен, оның ішінде қылмыстық
құқықпен, сондай-ақ мораль нормаларымен реттеледі және қорғалады. Қылмыстық
заң зияннан қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды, тек заң
шығарушының пікірінше аса құнды деп саналатындарын қорғайды, оның шеңбері
әрқашан өзгеріп отырады. Ал, адам өмірін мемлекет әрқашан да қорғайды [7,
60б.].
Кез-келген адамның өмір сүруге құқығы бар. Ол оған тумысынан беріледі және
одан заңда көзделген реттерді қоспағанда ешкім айыра алмайды. Адамды
өлтірген кезде оны өмірінен айырады және адамның өмір сүру құқығын
реттейтін қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді.
Ең маңызды да құнды қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісіне жатады
деген тұжырым жасауға болады. Бұзылуы мемлекет пен қоғамға елеулі зиян
келтіретін немесе келтіруі мүмкін қатынастар ең маңызды деп, ал әлеуметтік
пайдалы қоғамдық қатынастар ең құнды деп саналады, ал адамның өмірі - ең
құнды.
Қылмыстық қастандық объектісін дұрыс түсінудің практикада маңызы зор, ол
қылмысты қылмыс еместен ажыратуға көмектеседі. Объектінің сипаты қылмыстың
қоғамға қауіптілік деңгейін анықтауға айтарлықтай мүмкіндік тудырады:
объект маңызды болған сайын қылмыс та қауіптірек деп жоғарыда айтып кеткен
болатынбыз [7, 65б.].
Адам өлтіргенде адамның өзі тектік объект, ал оның өмірі - тікелей объект,
себебі адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар өмір, денсаулық, жыныстық бостандық, ар-ождан, намыс сияқты
ұғымдарды қамтиды. Қылмыстың тікелей объектісін, тектік объектіге жарым-
жартылай немесе түгелдей жатқызуға болады.
Қылмыстың тікелей объектісін анықтау қылмысты дұрыс саралауда, ұқсас
құрамдарды ажыратуда маңызды рөл атқарады. Қылмыстық қастандылық бір, екі
немесе одан көп объектілерге бірден жасалынуы мүмкін. Бұл қылмыстардың екі
объектілік, көп объектілік құрамдарында болады. Мұндай қылмыстар жасалғанда
бір уақытта екі объектіге қастандық жасалады. Факультативтік объектілерге
қастандылық қылмыстардың қарапайым, бір объектілік құрамдарында болуы
мүмкін. Кейде, бұл қылмыс жасалғанда, аталған үш объектіге бір уақытта
қастандылық жасалуы мүмкін. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы да бір уақытта
бірнеше объектіге қастандық жасай алады. Мысалы, бір адамды өлтіру
барысында оның үйіне жарылғыш зат қойып, басқа да объектілерді, оның
мүлкін, құнды құжаттарын, тіпті оның отбасы мүшелерін де жарып жіберуі
мүмкін.
Қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстардын бірқатар құрамдарының маңызды
белгілерінің бірі - қылмыстан жәбір шегуші. Қылмыстың бірқатар ұқсас
құрамдарын ажырататын да сол. Қылмыстың кімге қарсы жасалғанын анықтағанда
ғана оны дұрыс саралауға мүмкіндік туады [7, 69б.].
Ал енді жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объективтік жағына тоқталып
кетсек.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы әрекет арқылы да әрекетсіздік арқылы да
жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақат салу, тұншықтыру,
уландыру және т.б), психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп т.б)
айыруға болады.
1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылық
реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7 қаулыда былай бекітілген:
Соттар бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас араздық себептен
болып, төбелес немесе жанжал кезіндегі өлтіруден ажырата білу керек. Бұл
қылмыстың себебін, жанжалдың кімнің бастағанын, екі жақтың да сипатын және
белсенділігін, басқа да мән-жайларды анықтау қажет [4].
Қылмыстың объективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып
табылады. Оны мынадай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс-әрекет
(әрекет не әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап (қылмыстық нәтиже),
қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік
байланыс, қылмыс жасалған орын, уақыт, тәсіл, жағдай, жасау құралы мен
қаруы.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында қылмыс құрамының объективті жағы пайда
табу мақсатымен не сол сияқты жалданып құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті іс-
әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалады. Көп жағдайда бұл қылмыс түрі
әрекет арқылы жасалады. Ал, әрекетсіздік арқылы жасалатын жағдайлар сирек
кездеседі. Бірақ қандай жағдай болса да белгілі бір әрекетке барады.
Мысалы, тапсырыс берушінің сыйақы беруіндегі әрекет, орындаушының өз
қылмысын орындауда қылмысты жоспарлауы т.б.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы адамның жүзеге
асырылуы адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіптілік төндіретін идеясы мен
ойын емес, қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзатын қоғамға қауіпті іс-
әрекетті қылмыс деп таниды [7, 78б.].
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының обьективтік жағы субъективтік жақпен
тығыз байланысты. Қылмыстың объективтік жағын анықтай отырып қылмыстық
заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның пиғылын,
сылтауын және мақсатын білуге мүмкіндік аламыз. Қылмыстың қандай да бір
құрамында объективті жақ болмаса субъективті жақ та болмайды. Осы жерде
айта кетететін бір жайт бар. Ол жалдамалы кісі өлтіруде орындаушының өз іс
әрекетінен ерікті түрде бас тартуы жағдайындағы тапсырыс берушінің іс-
әрекетінде. Оның іс-әрекеті толық аяқталған болып есептеледі. Ол қылмысты
орындаушыны тауып, оған қылмысқа дайындалу үшін алдын-ала сыйақысын беріп,
нұсқамалар береді. Тапсырыс берушінің іс-әрекетін қылмыс деп тануға бола
ма, жоқ па? Осындай сұрақтар көптеген ғалымдарды мазалауда [8, 35б.].
ҚК-нің Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында заң шығарушы
қылмыстың объективті жағының белгілерін міндетті түрде көрсетеді. Мысалы,
КК-нің 96-бабы адам өлтіруге басқа адамға құкыққа қарсы қасақана қаза
келтіру деп анықтама береді.
Сондықтан, қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыстың
барлық құрамдарының міндетті белгісі болып табылады деп тұжырым жасауға
болады. Сонымен қатар заңда, көбіне, қылмыстың объективті жағының басқа
белгілері де көрсетіледі. Бұл белгілер қылмыстың әрбір құрамы үшін міндетті
болмағандықтан олар қосымша немесе факультативтік деп аталады.
Сонымен, жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объективті жағы дегеніміз
қылмыстық-кұқықтық қорғаудағы объекті болып табылатын адамның өміріне қол
сұғатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын
белгілердің жиынтығы, сондай-ақ сол қастандықпен байланысты объективті
жағдайлар.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объективтік жағының маңызын сөз еткенде,
алдымен, ҚК-нің 3-бабына жүгіну керек, онда қылмыстық жауаптылық тудыратын
негіз жайында айтылған. Қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі қылмыс
құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасау. Яғни, қылмыс құрамының
объективті жағының белгілері болмаса - жалпы қылмыстық жауапкершілік те
болмайды [3].
Қылмыстың объективті жағы қылмыстардың дұрыс саралануына септігін тигізеді.
Объективті жақты дұрыс анықтай отырып қана бұл қылмыстарды дұрыс саралауға
болады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалу тәсілі белгілі болса, қандай
обьектіге қастандық жасалуы мүмкін екендігін де, кінәнің формасын да
анықтауға болады. Яғни, адамды өлтірген кезде оны жай өлтіріп, заттарына
тиіспесе оның жасаудағы мақсатты анықтай аламыз.
Егер әрекетте қоғамға қауіптілік сипат болмаса, онда ол ҚК-нің 9-бабының 2-
бөлігіне сәйкес кылмыс деп танылмайды, қылмыстық жауаптылыққа алып
келмейді. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір
әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы
болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе
мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет
немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды [3]. Яғни, жалдамалы кісі
өлтіруде тапсырыс берушінің нұсқауынан бас тартқан орындаушының әрекеті
қылмыс болып саналмайды, жалпы осы әрекеттің барлығы қылмыс болып
саналмайды.
Іс-әрекет қылмыс деп танылуы үшін ол саналы түрде жасалуы тиіс. Мұндай
жағдайда адам өз әрекетінің қоғам үшін қауіпті екендігін ұғынады. Егер адам
өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынбаса немесе ұғына
алмаса, онда оны есі дұрыс емес жасаған болып танылады. Бұл жағдай ҚК-нің
23-бабында жазықсыз зиян келтіру деп сараланған [3]. Бірақ та жалдамалы
кісі өлтіруде орындаушы болып табылатын тұлғалар есі дұрыс емес адамды
пайдалану арқылы қылмыс жасайтын кездер де кездеседі. Бұл жерде есі дұрыс
емес адам қылмыс құралына айналады. Сол секілді есі дұрыс, қылмыс
субъектісі болып танылатын басқа тұлғаларды да пайдалануы мүмкін. Оларға
психикалық мәжбүрлеу арқылы қылмыс жасауға көндіріп, қылмыс құралына
айналдырады. Психикалық мәжбүрлеудің мәнісі өзгеше. Психикалық мәжбүрлеу
дегеніміз - адамды қоғамға қауіпті іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу үшін оны
қандай да бір зиян келтіремін деп қорқыту.
Егер күшпен немесе психикасына әсер етіп мәжбүрлегенде адам өз әрекетін
басқару мүмкіндігін сақтап қалса, онда оның қылмыстық жауаптылығы туралы
мәселе аса қажеттілік институтының ережелері ескеріле отырып шешіледі (ҚК-
нің 34-бабы). Бұл тұжырым ҚК-нің 36-бабының 2-бөлігінің мәнінен туындайды
[3].
Егер күштеп немесе психикасына әсер етіп мәжбүрлегенде адам өз еркімен
әрекет ету мүмкіндігін жоғалтпаса және оның әрекеті аса қажеттілік ұғымына
жатпаса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босанбайды, бірақ мұндай жағдай
жаза тағайындағанда жазаны жеңілдететін мән-жай деп қарастырылуы мүмкін (ҚК-
нің 53-бабы 1-бөлігінің ж тармағы).
Аталып өткендей, қолданыстағы қылмыстық заң (ҚК-нің 9-бабы) қоғамға
қауіпті іс-әрекеттің екі формасын - әрекетті және әрекетсіздікті
қарастырады [3].
Әрекет - адамның қылмыс жасаған кездегі белсенді қылығы. Көптеген қылмыстық-
жазаланатын әрекеттердің негізінде адамның қандай да бір мақсатқа
бағытталған дене қозғалысы жатады. Әдетте әрекет бірнеше дене қозғалысын
қамтиды. Мысалы, атылатын қару қолданып адам өлтіргенде қылмыскер мынадай
дене қозғалыстарын жасайды: алдымен ол қаруды оқтайды, көздейді, сонан соң
өлтіретін адамға қарай атады.
Әрекет тек дене қозғалысы түрінде ғана емес, ымдау, сөз айту (қорқытатын,
қорлайтын және т.б.) түрінде болуы мүмкін. Қылмыстардың көбісі әрекет
формасында жасалады. Әрекетсіздік - адамның қылмыс жасаған кездегі енжар
қылығы. Ол - адамның жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді
жасамауы болып табылады.
Әрекетсіздіктің әрекеттен айырмашылығы сонда, субъект жасауға міндетті және
жасай алатын әрекетті жасаудан айыпты бас тартады, қалыс қалады. Жалдамалы
кісі өлтіруде әрекетсіздік арқылы жасалатын кісі өлтіру саны аз, жоқтың
қасы. Бірақ тапсырыс беруші науқастанып жатқан аурудың өлімін жылдамдату
үшін дәрігерге көп мөлшерде ақша беріп, оған салғырт қарауына нұсқау
беріледі. Нәтижесінде ауру адам өледі, ал дәрігер бұл жерде әрекетсіздігі
арқылы қылмысқа қатысушы, орындаушы ретінде көрініс табады. Әрекет ету
міндеті адамның қызметтік немесе кәсіби функцияларды орындауымен де
байланысты болуы мүмкін [7, 80б.].
Белгілі бір әрекет жасау міндеті әрекетсіздікке дейінгі әрекеттен туындауы
мүмкін. Адамды қылмыстық әрекетсіздік үшін жауапқа тартарда оның қажетті
әрекетті жасауға мүмкіндігінің болған-болмағандығын анықтау керек. Және де
өзінің қылмыстық әрекетсіздігі кезінде, жағдайға қарай туындаған міндетті
орындамаумен қатар өз әрекетсіздігін ақтауға талпыныс жасайтындар болады.
Бұл жағдайлардағы қылмыстық жауаптылықтың негізіне әрекетсіздік алынады, ал
аталған әрекеттер әрекетсіздікті іске асырудың тәсілі болып табылады, ол
жауапкершілікті ауырлатады. Қылмыстық құқықта мұндай жағдай аралас
әрекетсіздік деп аталады.
Қылмыстық зардаптарды материалдық және материалдық емес деп екі топқа
бөлуге болады.
Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, қоғамдық ұйымдар мен
мекемелерге, мемлекетке келген мүліктік залал, адамның жеке басына келген
физикалық зиян жатады. Материалдық емес зардаптарға моральдық, саяси,
ұйымдық және басқа материалдық емес зиян жатады. Материалдық зардаптар
мүліктік сипаттағы зардаптарға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына
зиян келтіруге бөлінеді. Мүліктік залал ретіндегі материалдық зардапты заң
шығарушы ақшамен өлшейді [7, 82б.].
Жеке басқа келген зардаптарға мұндай сандық өлшем кейде жарамайды. Мысалы,
адам өлімінде өлшем жоқ. Ол қайтарымсыз. Адам өмірін қайтаруды ғылым әлі
ойлап тапқан жоқ. Сондықтан оның маңызы жоғары бағаланып, қоғамға қауіпті
зардаптар арасында не материалдық қа да моральдық қа да жатқызуға болмайды.
Адам өмірін алған кезде оны өлшей алмаймыз. Материалдық зардаптардың
мөлшерін оп-оңай мынандай айлық есептік көрсеткіште зиян келтірді деп
көрсете аламыз. Моральдық зиянның да мөлшерін көрсете аламыз. Менің
абыройым төгіліп қызметтегі беделім төгілді немесе мені қорлады деп оның
орнын толтырудың жолдарын көрсетуге болады. Менің атым Қожа фильміндегі
Қожаның өлген адам сөйлемейді деген сөзін бәріміз білеміз. Иә, өлген адам
сөйлемейді. Ол менің өмірімді қайтарып бер деп сұрай алмайды. Адам
өлгенде зиян оның айналасындағы адамдарға тиеді. Біреуіне материалдық
тұрғыда тигізсе, біреулерге моральдық тұрғыда зиян тиеді, көп жағдайда
екеуі араласып тиеді. Адам өлтіргенде оның тәні материя болса, жаны материя
емес. Сондықтан бұл қылмысты материалдық зардап әкелетін қылмыстарға
жатқызған кезде осы жағына да ойлану керек.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары
арасындағы себептік байланысты анықтау қылмыстың материалдық құрамдарындағы
қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Себептік байланыс
болмаса келген зиянды зардап үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейді.
Жалдамалы кісі өлтіруде себепті байланысты анықтау өте маңызды. Себебі,
жәбірленуші мен орындаушыны байланыстыратын ештеңе болмауы да мүмкін. Екеуі
бірін-бір көрмеуі де мүмкін, екі қалада, екі мемлекетте тұруы да мүмкін.
Сол себепті тергелу кезінде қылмыстардың ашылуы да қиынға түседі. Тапсырыс
берушіні басты сезікті ретінде қарасақ, қылмыс жасалған уақытта оның басқа
жерде жүруі анықталады.
Себептік байланыс қылмыстың материалдық құрамдарының объективтік жағының
міндетті белгісі болып табылады. Себептік байланыс туралы ілім қылмыстық
құқықта себептілік теориясына негізделеді.
Философиялық себеп және салдар санаттары объективті себептік-салдарлық
байланысты көрсетеді. Құбылыс (процесс, оқиға) басқа құбылыстың (процестің,
оқиғаның) себебі болады, егер бірінші екіншіден бұрын болса және екіншінің
туындайтын алғышарты немесе туындауының, өзгеруінің немесе дамуының негізі
болса.
Себептілік - адам санасынан тыс және оған тәуелді емес, материалдық әлем
құбылыстары арасындағы объективтік байланыс. Біздің санамызға тәуелді
болмаса да себептік байланысты танып білуге болады. Ол үшін зерттелетін
құбылысты өзара байланыстың жалпы жүйесінен жасанды түрде оқшаулау керек.
Қылмыстық құқықта әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамға келген қауіпті
зардаптың себебі деп тану үшін іс-әрекет уақыт бойынша зардаптан бұрын
жасалынып, оның болуына нақты мүмкіндік тудыруы және ол зардап басқадан
емес, дәл осы іс-әрекеттен болуы тиіс. Себептік байланыс болу үшін іс-
әрекет айыптыға қылмыстық зардаптың, дәл сол зардаптың болуына нақты
мүмкіндік тудыруы керек. Мысалы, автомашина басып кетіп, жаяу келе жатқан
адам қаза табады. Бұл жағдайда көлік жүргізушінің әрекеті мен
жәбірленушінің қаза табуы арасында себептік байланыстың болған-
болмағандығын айта салу оңай емес. Алдымен жүргізушінің жол жүру
қауіпсіздігі ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған-
бұзбағандығын айқындау керек, ол үшін арнайы автотехникалық сараптама
жүргізіледі.
Басқа бір мысал. Жарылғыш құрылғының көмегімен бір адамды өлтіруге талпыныс
көп адамның өліміне алып келуі мүмкін, бұл жағдайда айыптының әрекеті ҚК-
нің 96-бабы 2-бөлігінің е тармағының объективтік белгілеріне сай келеді
[7, 85б.].
Батыстың қылмыстық-құқықтық әдебиетінде ғалымдар арасында себептік
байланысқа қатысты ортақ пікір жоқ. Екі негізгі теория: қажетті жағдайлар
теориясы мен барабар себептілік теориясы кең таралған. Бірінші теорияның
мәнісі сонда - келген зардаптың алдындағы барлық жағдайлар, өздерінің жақын-
қашықтығына қарамай, бірдей деп саналады, яғни әрбір жағдай болған
зардаптың себебі ретінде қарастырылады. Бұл теорияны жақтаушылар қажеттілік
пен кездейсоқтық арасын бөлмейді.
Зардаптың басқа емес, дәл осы құбылыстан болғандығы анықталғанда ғана оқиға
жағдай емес, себепке айналады. Сондықтан да отандық қылмыстық құқықта
себептік байланыс екі түрге: қажетті және кездейсоқ болып бөлінеді. Зиянды
зардап мазмұнында осындай зардаптың нақты болу мүмкіндігі бар және ол
үшінші адамның араласуынсыз немесе қандай да бір сыртқы күштің көмегінсіз
жасалған әрекеттің заңды салдары болып табылса, қажетті себептік байланыс
болады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарына қажетті себептік байланыс тән
болып келеді.
Зардап белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінде емес, өзге себептерден және мән-
жайлардан туындаса, ол - кездейсоқ себептік байланысқа жатады. Жалдамалы
кісі өлтіру қылмысында кездейсоқ себептік байланыстың болуы ғажап емес,
кездессе аз кездеседі.
Бірнеше адамның әрекеті мен одан келген зардап арасындағы себептік
байланысты анықтау керектігі де кейбір жағдайларда туындайды. Бұл ретте
қылмыстан келген зардап пен оған қатысқан әр адамның әрекеті арасындағы
себептік байланыс анықталады. Жалдамалы кісі өлтіру адамдар тобы алдын-ала
келісу нәтижесінде пайда болады. Олардың арасындағы себепті байланысты
анықтаудың маңызы зор. Қылмыста орындаушы белгісіз, бірақ тапсырыс беруші
басты күдікті. Оның банктік шоттарын анықтап, қанша ақша жұмсағанын, қандай
себептермен жұмсағанын анықтау, кімге аударғанын табу арқылы орындаушыны
анықтауға болады немесе керісінше. Осылай олардың арсындағы себепті
байланысты анықтауға болады [7, 86б.].
Жалдамалы кісі өлітіру қылмысы белгілі бір жерде, нақты уақытта және нақты
жағдайда жасалынады. Өз мақсатын іске асыру үшін қылмыскер кейде қару
немесе қандай да бір құрал пайдаланады.
Қылмысты жасау тәсілі дегеніміз - қылмыскердің қылмыс жасаған кезде
пайдаланатын амалдары мен әдістері. Заң шығарушы ҚК-нің кейбір баптарында
қылмыстың ұқсас құрамдарын ажырату мақсатында қылмыстың жасалу тәсілін
көрсетеді.
Мысалы, ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінде ауырлататын мән-жайда адам өлтіруде
қолданылған тәсілге қарай д және с тармақтарга бөледі (д - адам
өлтірудің аса қатаң тәсілі, е - көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен
адам өлтіру) [3]. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы түрлі түрлі әдістермен
жасалынады. Жасалу әдісінен оның қылмыс жасаудағы мақсатын анықтауға
болады. Қылмыс жасау барысында қылмыс құрбанын өлтіріп, оның заттарына
тиіспеуі мүмкін. Бұл жерде оның нақты мақсаты адамның өмірін қию екенін
білеміз.
Адамды өлтірудің көптеген әдістері бар. Оларға: атыс қаруымен ату арқылы,
садақпен ату арқылы, жарып жіберу арқылы, суға батырып, тірілей көміп
тастап, дарға асып, буындырып механикалық осфикцияға ұшырату, улап өлтіру,
ауру адамға дұрыс қарамай әрекетсіздің арқылы өлтіру, жүрегі ауру екенін
біле тұра, оны қорқытып, жүрек талдырмасына ұшырату арқылы өлтіру,
заттармен ұру арқылы өлтіру, суық қаруды пайдаланып өлтіру, қолмен, аяқпен,
баспен соғып өлтіру т.б. Тәсілдердің дайындалуымен адам өлтіру жалдамалы
кісі өлтіру қылмысына тән [9, 42б.].
Қылмысты жасау құралы мен қаруы дегеніміз - қылмысты жасауға қажетті
қарулар мен құрылғылар. Қылмыстың кейбір құрамдарында, іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілігін баса көрсету мақсатында заң шығарушы қылмыстың объективтік
жағының белгілеріне тиісті кұралдар мен қаруларды да жатқызады.
Мысалы, қару ретінде пайдаланылатын қаруды немесе затты қолдану қылмыстың
саралаушы құрамы болып табылады (ҚК-нің 2-бабының г тармағы) [3].
Қылмыс жасаудың құралы мен қаруы арқылы қылмыстың объектісі мен затына
ықпал жасалынады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қаруына статистикалық
анализ жасауда мыналар анықталды. Бұл қылмыстарды жасауда 60%-қ көрсеткіште
атыс қаруымен жасалған, оның ішінде 60% - тапаншамен жасалынған. Демек,
жалдамалы кісі өлтіру қылмысы көп жағдайда тапаншамен жасалынады. Ал,
жарылғыш заттармен қылмыс жасау - 8%, тесіп кесетін қарулармен жасалатын
қылмыс – 20 %, қолмен буындыру, жіппен буындыру кезінде – 3 %, улау арқылы
2% -ды құрап отыр.
Әдетте, қылмысты жасап болған соң қылмыстың ізін жасыру үшін 70% жағдайда
қылмыс қаруын лақтырып кетеді, 6% суға лақтырып жібереді, 2% көміп
тастайды, 5% өзінде ұстайды, 10% адам біле бермейтін жерге тығып қояды [10,
44б.].
Жалдамалы кісі өлтірушінің объектісі мен объективтік жағымен тікелей
байланысты субъектісі мен субъективтік жағы. Қылмыс құрамының барлық
элементтері болған жағдайда ғана болған жағдайды қылмыс деп айта аламыз.

1.2 Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы және субъектісі

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы мен субъектісін
анықтаудың маңызы зор. Осы екі элемент арқылы бұл қылмыс басқа қылмыстардан
ерекшеленеді. Енді осы екі элементке жеке-жеке тоқталсақ. Алдымен
субъективтік жағына, содан соң субъектісіне тоқталып өтеміз.
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз - адамның өзі жасаған іс-әрекетке
және оның зардаптарына психикалық қатысы. Осыған сәйкес жалдамалы кісі
өлтіру қылмысының субъективтік жағы дегеніміз - жалдамалы кісі өлтірушінің
жасаған әрекетіне және оның зардаптарына психикалық қатынасы.
Қылмыстың сыртқы жағын көрсететін объективтік жаққа қарағанда субъективтік
жақ оның ішкі мәнін білдіреді. Және де қылмыстың объективтік және
субъективтік белгілері өзара тығыз байланыста болады, белгілі бір тұтастық
құрайды. Сондықтан субъективтік жақты зерделеу қылмыстың тиісті құрамының
объективтік жағына талдау жасалынып жүргізіледі. Жалдамалы кісі өлтіруде
субъектінің әрекеті арқылы оның қандай мақсатқа жететіндігін білеміз.
Қылмыстың субъективтік жағын - қылмыс жасаудағы кінәні, сылтауды және
мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы зор: қылмыстық әрекетті қылмыс еместен
ажыратуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағы бойынша ұқсас
құрамдарды бір бірінен ажыратуға, қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін
анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді [7, 90б.].
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі ҚР Жоғарғы
соты Пленумының 30 сәуір 1999 жылғы Соттардың қылмыстық жаза
тағайындалғанда заңдылықты сақтауы туралы қаулысында айтылған: Жасалған
қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда соттар ҚК-нің
қылмыстардың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін 10-бабының талаптарын да,
нақты қылмыстық әрекеттің жасалуына ықпал еткен барлық мән-жайлардың
жиынтығын да ескеруге тиіс (қылмыстың кінәсі, сылтауы, тәсілі, мән-жайы
және жасалу кезеңдері, келген зардаптың ауырлығы, әр адамның қылмысқа
қатысуының дәрежесі мен сипаты және басқалар) [4].
Қылмыстық құқықтың ең негізгі принципі - кінә болғанда ғана жауапкершілік
белгілеу. Ол жайында ҚК- нің 19-бабында нақты айтылған. Бұл баптың 1-
бөлігіне сәйкес адам өзіне қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті
әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті
зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады [3].
Кінә - адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға
қауіпті зардабына қасақаналық немесе абайсыздық формасында көрініс тапқан
психикалық қатысы.
ҚК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес қасақана немесе абайсызда әрекет
жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Жалдамалы кісі өлтірудегі
кінә - объективтік шындық фактісі. Субъектінің кінәсі туралы тұжырымды сот
іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелер негізінде жасайды [3].
Қылмыс жасаған адамның саналы-ерікті психикалық күйі дегеніміз - өзі
жасаған, қылмыстық заңда көзделген әрекет пен оның зардаптарына адамның
саналы және ерікті қатысы болуы. Сана (интеллектуалдық кезең) мен ерік
(еріктік кезең) өз жиынтығында кінәнің мазмұнын береді. Жалдамалы кісі
өлтіру қылмысындағы интеллектуалдық кезеңде қылмыскер қылмыс жасауға
дайындалады, жоспарлайды, ал, ерікті кезеңде сол қылмысты жасайды немесе
жасамайды. Интеллектуалдық және еріктік кезендердің әртүрлі арақатынасы
кінәні формаларға, ал форманы түрлерге бөлудің негізіне алынады [11,114б.].

Қылмыстық заңнамада кінәнің екі негізгі формасы қасақаналық және абайсыздық
қарастырылған (ҚК- нің 20 және 21-баптары). Қасақаналықтың мазмұны ҚК-нің
20-бабында ашылған: Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана
жасалған қылмыс деп танылады [3].
Егер адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғынса,
оның зиянды салдарының болатынын білсе, және оның болуын қаласа онда ол
тікелей ниет деп аталады. Егер адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қоғамға қауіптілігін ұғынса, одан зиянды салдар болатындығын алдын ала көре
білсе, ол салдардың болуын қаламаса да, оған саналы түрде жол берсе не оған
немқұрайлы қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған болып саналады. Жалдамалы
кісі өлтіруде қылмыскер тікелей ниетпен қылмыс жасайды. Яғни ол адам өлтіру
кезінде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілік сипатын
ұғынады және оның зиянды зардаптарын көре біледі және қылмыстың осындай
зардаптарының болуын қалайды. Өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға
қауіптілік сипатын ұғыну ниеттің қажетті элементі болып табылады, ол
болмаса қасақана кінә де жоқ.
Өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін ұғыну дегеніміз
кінәлі адамның оның нақты жағын ғана емес, әлеуметтік маңызын да, яғни
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға сол әрекеттің немесе
әрекетсіздіктің келтіретін не келтіруі мүмкін зардаптарын да ұғынуы.
Өмір тәжірибесі, білімі, жалпы мәдениеті, құқықтық сауаты және т.б. бар
жалдамалы кісі өлтірушілерде жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігін
ұғынатындай қабілет болуға тиіс [12, 43б.].
Қасақана кінә үшін жасалынатын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну
қажет, ал оның құқыққа қайшы екендігін білу міндет емес. Заң (ҚК-нің 20-
бабы) кұқыққа қайшылықты ұғынуды қасақаналықтың қажетті белгісіне
жатқызбайды [3].
Өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті зардабын, интеллектуалдық кезеңді
сипаттайтын белгі ретінде алдын ала көре білуі адамның өз әрекетінің
заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіретінін көз алдына
елестетуі болып табылады.
Жалдамалы кісі өлтірушілердің қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала көре
білуі келген зардаптардың нақты белгілерін ғана көре білу емес, олардың
әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың адам, қоғам және мемлекет үшін де
зияндығын ұғыну.
Қоғамға қауіпті зардаптарды көре білу сондай зардаптардың қалай да
болатындығын көре білуден ғана емес, олардың болуы мүмкін екендігін көре
білуден де көрініс табады. Мысалы, егер жалдамалы кісі өлтіруші мылтықты
тақап тұрып атса, екінші адамның қалай да өлетіндігін алдын ала болжайды,
ол мылтықты едәуір қашықтықтан атса ол адамның өлуі мүмкін деп болжайды.
Жасалатын іс-әрекеттің нақты жағын ұғыну және алдын ала көре білу сол
қылмысқа ілескен барлық нақты мән-жайларды емес, тек заңдық маңызы
барларын, яғни іс-әрекеттің қылмыстың осы құрамының белгісі ретінде заңда
көрсетілген барлық мән-жайларын ұғынуды білдіреді. Жалдамалы кісі
өлтірушілердің санасы мен алдын ала көре білуі қылмыстың осы құрамының
барлық обьективтік белгілерін - объект сипатын, сондай-ақ қылмыстың осы
құрамының объективтік жағын құрайтын барлық нақты мән-жайларды да қамтуға
тиіс. Қылмыс субъектісінің айрықша қасиеттері заңда тікелей көрсетілген
жағдайда жалдамалы кісі өлтірушінің санасы бұл мән-жайларды да қамтуға тиіс
[13, 26б.].
Қылмыстардың материалдық құрамдарында өз әрекетінін немесе әрекетсіздігінің
қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну ғана емес, оның қоғамға қауіпті
салдарларын, сондай-ақ жасалған іс-әрекет пен оның зардаптары арасындағы
себептік байланыстарды алдын ала болжау да қасақаналыққа жатады.
Заңда сол қылмыс құрамының қажетті белгісі ретінде көзделген қоғамға
қауіпті салдарларды ғана көре білу қасақаналыққа кіреді. Қасақаналық болу
үшін жалдамалы кісі өлтірушінің жасалған қылмыс пен келген зардап
арасындағы себептік байланыстың дамуын жалпылай көре білгендігі жеткілікті.
Бұл жерде егжей-тегжейлік керек емес. Мысалы, қасақана адам өлтіруде атқан
адам жәбірленуші жүрек жарақатынан өледі деп болжайды, бірақ ол басқа
органның жарақатынан өледі.
Қоғамға қауіпті зардаптың болуын қалау немесе оның келуіне саналы түрде
жол беру, не оған немкұрайлы қарау психикалық қызметтің еріктік жағын
сипаттайды және қасақаналықтың еріктік кезеңін құрайды.
Тікелей ниетте жалдамалы кісі өлтіруші өз әрекетінің немесе
әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады, оның зиянды зардабының
қалай да болатындығын немесе болуы мүмкін екендігін болжап біледі және оның
болуын қалайды. Тікелей ниеттің интеллектуалдық кезеңі жасалатын әрекеттің
немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін ұғынуды және оның зиянды
зардабының қалай да болатындығын алдын ала болжап білуді қамтиды. Еріктік
кезең қоғамға қауіпті зардаптардың болуын қалауды қамтиды.
Адамның өлімін көре білу тікелей ниетте екі жақты сипат алады. Адам
өлімінің қалайда болатындығын да, болуы мүмкін екендігін де жалдамалы кісі
өлтіруші болжай алады [7, 95б.].
Адам өлімінің қалай болуы мүмкін екендігін болжау ол зардаптың қайсыбір
себептермен болмай да қалуын білдіреді.
Адам өлімін болуын қалау тікелей ниетте әртүрлі формада көрініс табады: а)
адам өлімі кінәлі әрекетінің ақырғы мақсаты болуы мүмкін немесе б) адам
өлімі кінәлінің ақырғы мақсатқа жету жолдағы аралық мақсаты болуы мүмкін,
не в) адам өлімі кінәлі үшін ақырғы мақсатқа жету жолдағы белгілі бір кезең
болуы мүмкін.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарында материалдық құрамында тікелей ниеттің
мазмұнына осы қылмыс құрамының қажетті белгісі ретінде көзделген зиянды
зардаптардың ғана болуын қалау кіреді.
Адам өлтірудегі әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауға құлшыныс және адам
өлімін болуын қалау тікелей ниетте әртүрлі себептерден туындайды және
қандай да бір мақсатқа жетелейді.
Формальдық қылмыстарда объективтік жақ заң диспозициясында көрсетілген
қоғамға қауіпті әрекеттерден немесе әрекетсіздіктерден ғана тұрады және
қылмыс құрамына қандай да бір зиянды зардаптың болуы кірмейді. Бұл
жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарына қатысты емес.
Құрамы формальды қылмыстардағы адамның еркі сол іс-әрекеттің өзіне
бағытталған, ол тек тікелей ниет формасында болады. Қылмыс жасауға
оқталғанда немесе қылмысқа даярланғанда, құрамында арнайы мақсат бар
қылмыстарда жанама ниеттің болуы мүмкін емес. Жанама ниет кейбір
жағдайларда қылмысты қатысып жасауды болдырмайды. Жалдамалы кісі өлтіруде
жанама ниет тіпті болмайды [7, 98б.].
ҚК-нің 20-бабы ниеттің екі түріне ғана - тікелей және жанама ниеттерге
анықтама береді. Қылмыстық құқық теориясы мен сот практикасы ниеттің басқа
түрлерін де бөліп алады.
Қалыптасқан уақыты бойынша ниет алдын ала ойластырылған және тосыннан
туындаған болып бөлінеді.Алдын ала ойластырылған ниетте қылмыстық пиғылдың
пайда болуы мен оның іске асырылуы арасында уақыт бойынша біршама үзіліс
болады. Осы уақыт аралығында жалдамалы кісі өлтіруші қылмысты жасау
жоспарын ойластырады, қастандық жасалатын нысанды, , әрекет ету тәсілін
және т.б. таңдайды. Алдын ала ойластырылған ниетпен қылмыс жасаған адам,
кейбір жағдайларда, тосыннан туындаған ниетпен тура сондай қылмыс жасаған
адамға қарағанда қауіптірек.
Айыптының өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардабын дәл көре
білуіне қарай ниет анықталған (нақтыланған) және анықталмаған
(нақтыланбаған) болып бөлінеді. Анықталған ниетте айыпты нақты, дәл
анықталған, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі.
Анықталған ниет қарапайым немесе баламалы болуы мүмкін. Қарапайым
анықталған ниетте жалдамалы кісі өлтіруші өзі жасайтын іс-әрекеттің
нәтижесінде дәл анық бір қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала
біледі (мысалы, жәбірленушінің өлетіндігін). Баламалы анықталған ниетте бір
немесе одан көп зардаптардың анық болатындығын алдын ала біледі (мысалы,
жәбірленуші өледі немесе ауыр жарақат алады). Қандай нәтиже болса, сол
айыпталушыға айып болып тағылады. Анықталмаған ниетте айыпты қоғамға
қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала біледі, бірақ оның қандай зардап
екендігін нақты біле алмайды. Анықталмаған ниетте айыпты нақты болған
зардап үшін жауапқа тартылады.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы қылмыс жасаған
жалдамалы кісі өлтірушінің жазықтылығымен байланысты мәселелермен
шектелмейді. Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін
жалдамалы кісі өлтірушінің психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол
кінәнің формасына ғана байланысты емес.
Сондықтан да жалдамалы кісі өлтірушінің өзі жасайтын қылмысқа және оның
зардаптарына психикалық қатысының қалыптасу тетігін, сондай-ақ ішкі
мазмұнын айқындау үшін оның қылмыс жасаудағы сылтауының сипатын және
мақсатын анықтау керек [7, 108б.].
Жалдамалы кісі өлтірушінің қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін
сипаттайтын екі негізгі - интеллектуалдық және еріктік кезеңдерден басқа
адам қылмыс жасаған кезде оның қайсыбір қылмысты қандай сезімдік түрткінің
әсерімен жасағандығын көрсететін эмоционалдық кезең болады. Сонымен,
қылмыстың жасалуына себеп болатын эмоционалдық кезең адамның субъективтік
қасиеттерімен және қылмыс жасаған кезде қалыптасатын мән-жайлармен
байланысты. Ал, жалдамалы кісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалдап адам өлтірудің түсінігі
Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Кісі өлтіру нәтижесінде қызғаныш
Адам өлтірудің қылмыстық құқықтық ұғымы
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
Пәндер