Егізгі құралдардың 16 кехс бойынша есебі


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Қаржы және есеп факультеті
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Негізгі құралдардың есебі
Орындаған:
Жоспар
1. Жоспар
2. Кіріспе 3
3. Негізгі құралдардың 16 КЕХС бойынша есебі 4
4. Есепке алу және есептен шығару. 5
5. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі 8
6. Салық кодексынан мәлiметтер . . . 15
7. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі. 19
8. Қорытынды. 24
9. Қолданылғын әдебиеттер
Кіріспе
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 КЕХС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз - жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.
Негізгі құралдардың есебi
Балапанова Ә. Ж. мен Баймұханова С. Б. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында былай делініп жазылған негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі) .
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ; технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады) ; жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету» мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№1-шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (КЕХС) сәйкес, амортизация - активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Есепке алу және есептен шығару
Сомасы,
теңге
Қолданыстағы негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы:
- негізгі өндіріс цехтарында пайдаланған негізгі құралдың амортизациясы (технологиялық құрал жабдық)
- көмекші өндіріс бойынша
540 000
197 000
8110(935)
8110(935)
Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация:
а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 12-ші «Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы» деген аралық шотының дебеті бойынша және 13 бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясы есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс) ;
-жеделдетіп есептен шығару;
-қалдығын азайту жолыменесептен шығару;
-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталу тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін . Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Дүйсембаева К. Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында жазылғандай негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Тозу-бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозуыдың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозуыдың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:
- Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады) ;
- Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес) ;
- Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз) ;
- Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
- Жұмыс күшінің? Білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;
- Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация - бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.
Амортизациялық құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы - бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Нормалар еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.
Қайтадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.
Жалға алынған НҚ бойынша амортизация есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді.
Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезеңде НҚ әрбір түріне жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны есептеудің субъект таңдап алған әдістері есеп саясатымен анықталып, бір есепті кезеңнен келесісіне қарай қолданылуға тиіс.
Т. Ә. Әбдіқалықовтың «Аудит және бухгалтерлік есеп» атты еңбегінде негізгі құралдың ( үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, т. б. ) өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» - деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері - дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға жыл бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы жыл соңында субъектінің жыл бойы өндірген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің өзіндік құнына кіргізіледі.
Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі. Ал субъектінің баласынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың бірінен бастап амортизациялық аударым есептелмейді.
Бухгалтерлік есептің №16 КЕХС- «Негізгі құралдарды (құрал-жабдықтарды) есепке алу» - деп аталатын стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бекітілген:
- құнды бірқалыпты (тура жолды) есептеп шығару әдісі.
- құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
- жылдамдатып есептен шығару әдістері
а) қалдық құнның кему (қалдық азайту) әдісі
б) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.
Амортизациялық аударым есептеудің қолдануға таңдап алынған әдісі шаруашылық субъектінің есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданылады. Егер негізгі құралдарға қолданылатын амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептермен болғаны қаржылық есептемеде айтылып көрсетілуі керек.
Қ. К Кеулімжаевтың., Н. А. Құдайбергеновтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» атты оқулығында былай деп жазылған: Негізгі құралдардың өндіріс үрдісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар аустырып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын тыабиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозу олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөліктерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылмағандығына ғана байданысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдалануы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінде болып табылада.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдарың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған тура осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Сонымен қатар амортизациялық аударымда мынадай жағдайларда есептелінбейді:
- кайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта.
- Негізгі құралдарды уақытша тоқтатып қойған мерзімде
Негізгі құралдар үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер және т. б. өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz