Салықтың мәні мен түрлері
Жоспар
Кіріспе
1) Салықтың мәні мен мазмұны.
2) Қазақстан республикасындағы салықтардың түрлері мен принциптері
3) Мемлекет бюджет
4) Кәсіпкерге белгіленген салық салу тәртібі
5) Қорытынды
6) Пайдаланылған әдебиеттер

Салықтар – бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан – табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектілерден –пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп – айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар — өздерінің табысынан төлейді.Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық субъектілері және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері мен нысандарының, сонымен қатар қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын салық қызметі мен басқару органдарының жиынтығы.Қазақстаннның салық жүйесі тәуелсіздік алған уақыттан бері қалыптасып, әлі күнге дейін толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық жүйесінің «нөлдік» кезеңнен қалыптасуына себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін қалыптастырудың алғышарты болатындай белгілі бір қағидалардың қалыптасуы, біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.1991 жылы 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық негізінің қалыптасуына «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» заңының бекітілуі себеп болды. Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар мен төлемдердің түрлері

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi
1)Шеденов Ө.Қ «Жалпы экономикалық теория»
2)Әубакiров А. «Экономикалық теория негiздерi»
3)Әубакiров А. «Нарықтық экономика негiздерi»
4)Байжанов Л. «Циклы в кризисы в жизни общества» Алматы Унив «Туран» 1999 г
5)Есенбаев М. «Қаржы-қаражат» журналы 1995 №4
6)Какiмжанов З. «Қаржы қаражат» журналы 1999 №12
7)Кененова Қ «Экономическое обозрение» 1999 №3
8)Арзаев М.Ж. «ҚазҰТУ хабаршысы» Экономика сериясы 2003 №2
9)Байдусенов Л.Д. «Қаржы-қаражат» журналы 2001 №4
10)Кәкiмжанов З. «Егемен-Қазақстан» газетi 2002 ж №129-130 7 маусым

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Құлан ауылшаруашылық колледжі
Курстык жумыс
Тақырыбы: Салықтың мәні түрлері.
Орындаган:3курс 3топ МалдәрігерлігіҚырғызбаев Ғалым
Тексерген:Исаева Аклима
2014 жыл
Жоспар
Кіріспе
1) Салықтың мәні мен мазмұны.
2) Қазақстан республикасындағы салықтардың түрлері мен принциптері
3) Мемлекет бюджет
4) Кәсіпкерге белгіленген салық салу тәртібі
5) Қорытынды
6) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Салықтар - бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан - табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектілерден - пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп - айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар -- өздерінің табысынан төлейді.Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық субъектілері және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері мен нысандарының, сонымен қатар қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын салық қызметі мен басқару органдарының жиынтығы.Қазақстаннның салық жүйесі тәуелсіздік алған уақыттан бері қалыптасып, әлі күнге дейін толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық жүйесінің нөлдік кезеңнен қалыптасуына себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін қалыптастырудың алғышарты болатындай белгілі бір қағидалардың қалыптасуы, біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.1991 жылы 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық негізінің қалыптасуына Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы заңының бекітілуі себеп болды. Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар мен төлемдердің түрлері
мен алыну ерекшеліктерін, олардың бюджеттің әр түрлі деңгейіне бекітілуін, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін анықтап берді. Сол уақыттан бері мемлекет пен шаруашылық субъектінің арақатынасын реттейтін басқада заңдар қабылдана бастады.Салықтар жүйесін бағалауды негізгі төрт: қаржылық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық бағыттар негізінде жүзеге асыруға болады.
1) Салықтың мәні мен мазмұны:
Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықұғымымен салық жүйесіұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі.Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.Салықтардың екінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери - қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 - бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы - осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік - мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада - 29 пайыз, Ресейде - 33,3 пайыз).Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
*Салық көзі - салық салынатын табыс.
*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
*Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі - салық төленетін уақыт.Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
2) Қазақстан республикасындағы салықтардың түрлері мен принциптері: Салыктар дегеніміз мемлекеттік бюджетке занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды көзі юмикалық категория.Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылык көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде каржы көздері қажет.Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.Мемлекет салықтарды, экономиканы, дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.Салықтар -- тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.Салықтың экономикалық мәні шаруашылық субьектілерінен, азаматгардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.Банктер 2002 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210-11 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінің заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелерінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу және ақырында заңмен бекітілген мерзімде бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне негізделеді: міндеттілік (салық төлеуші салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындайтын салық міндеттемелерін толық көлемде
және белгіленген мерзімде орындауға міндетті);Кәсіпорындар салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнымен және банктің нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне байланыссыз анықталады.Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз байланысты, себсбі, салық есебіиде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп мәлімеітерінен алынып, содан кейін салық заңның талаптарна сәйкес түзетулер жүргізіледі.Салық есебі және есептілік ережелері салық салу мақсатында шетел валютасында операцияны жүргізген күні валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып ұлттық валюта теңгеде есептелуі қадағалап отырады. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстанның қор биржасының иегізгі есесиясында қарас-тырылған және ҚР Ұлттық банкпен біргс Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілетін тәртінпен анықталған шетел валютасының теңгедегі өлшенген орташа биржалық бағамы. Қазақстанның қор биржасымда сауда-саттық жасалмайтын Шетел валютасына шаққандағы теңге бағамы кросс-бағамын қолдану арқылы есептелінеді.Жаңа кодекспен салық салудың ерекше жағдайлары қарастырлған:Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.Салықтар тура және жанама салықтарга бөлінеді. Жанама салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Басқалары тура салықтарға жатады. .Банктер резидент ретінде келесі салық түрлерін төлейді:Қазақстан Республикасының Салық Кодексі жобасында Қазақстан Республикасының салық жүйесі салық заңдылығын бұзған салықтық бақылау мен жауапкершіліктің формалары мен тәсілдерін, сондай-ақ осы Кодекс арқылы қарастырылған салықтар мен жинақтар, олардың орнату формалары мен тәсілдері, өзгерістері немесе бас тартулар жиынтығын көрсетеді.Салық жүйесінің міндеті - ұлттық табысты қайта бөлістіру көмегімен мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау; әлеуметтік бағдарламалдарды жүзеге асыру. Салық жүйесінің басты функциясы - кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар құру. Басқа да функциялар - сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы өндірістің құрылымы мен көлеміне әсері, табыстарбойыншақоғамныңдифференциац иясы;сыртқы экономикалық қызметті реттеу.Салық жүйесінің тиімділігі екі фактормен анықталады. Бірінші-салық салу мақсатында көздерді шығару толықтығы, Екінші - салық алу бойынша шығындарды минимизациялау. Тиімділік мемлекетті салық салудан босату таза табыс ретінде анықталады, яғни жалпы табыс пен шығындарды алып тастау арасындағы айырма. Жоғарыда келітірілгендер салық жүйесінің құрылымын көрсетеді.Әлемнің кептеген елдерінде салық салудың үш деңгейлі жүйесі қабылданған. 90 жылдардың басынан бастап Ресейде енгізілді. Салықтар федеральдық, республикалық және жергілікті болып бөлінген. Бұл бөліну басқарудың әрбір деңгейіне бюджеттк федерализмнің принципіне сәйкес қалыптастырудың меншікті тұрақты көздерін қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталған.Салық жүйесінің құрылымын салық салудың формалары мен тәсілдері, принциптердің тізімдері қарастырады.Салық жүйесінің құрылымы оның жұмыс жасалуын қамтамасыз ететін органдарды қарастырады. Салық органдары ретінде Мемлекеттік салық қызметінің органдары, салық полициясының органдары және Мемлекеттік кедендік комитеттің органдары танылады.Мемлекеттік салық қызметі салық заңдылықтарын, соның ішінде салықтар төлеу мен жинаудың дұрыстығын сақтауда методологиялық басшылық пен бақылауды жүзеге асырады. Ол көп деңгейлі иерархиялық ұйымдардың: республикалық, жергілікті және облыстық деңгейлердің принциптері бойынша құрылған. Әрбір деңгейдің өзіндік функциялары мен ерекшеліктері бар.Мемлекеттік Кедендік комитеттің органдары тауарларды кеден шекарасынан алып өткенде, соның ішінде салықты төлеу мен алып тастаудың, кедендік баждар мен басқа да кедендік төлемдердің дұрыстығын салықтық және кедендік заңдылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.Салық полициясының органы салық органдарындағы салықтық құқық бұзушылық, коррупция мен басқа да құқық бұзушыларды ескерту, табу, бұлтартпау бойынша функцияларды орындайды.Салық жүйесінің негіздері Салықтардың, жинақтардың, баждар мен басқа да төлемдердің жиынтығы орнатылған тәртіппен салық жүйесін құрайды. Салық төлеушілер заңдық актілерге сәйкес салықтарды төлеу міндеті жүктелген заңды және жеке тұлғалар болып табылады.Салық салудың объекітісі табыс, белгілі бір тауарлардың құны, салық төлеушілердің жеке түрлері, бағалы қағаздармен операциялар, табиғи ресурстарды пайдалану, заңды және жеке тұлғалардың мүліктері, жұмыстар мен қызметтер болып табылады. Салық салу кезеңінде белгілі бір заңмен объект салық салумен бір рет қана салынады. Салық төлеуші міндетті:
- салықтарды уақытылы және толық көлемде төлеуге;
- бухгалтерлік есеп жүргізуге, қызметтің қаржылық-шаруашылық есептерін құруға;
- салық органдарына салықтарды төлеу мен алып тастау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
- салық туралы заңдылықтарды бұзуды жоюда салық органдарынын талаптарын орындауға.
Салық төлеушінің құқықтары:
- салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға;
- салық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz