Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар



Жоспар
Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар
1.2 Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу
1.3 Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы мен шаруашылық серiктестiгiн басқару
1.4 Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі. Қатысушыларды шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шаруашылық серіктестік - Жарғылық капиталықұрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Серіктестік — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны. Қатысушылардың салымдары есебінен құрылған және қызмет нәтижесінде алынған мүлік Серіктестіктің меншігі болып табылады. Мынадай түрлерге бөлінеді: жауапкершілігі шектеулі cеріктестік — өздерінің ақшалай немесе заттай нысандағы салымдарын біріктіру жолымен немесе жеке тұлғалардың келісімі бойынша құрылатын және несиегерлер алдында тек өзінің мүлкімен ғана жауап беретін, несиегерлердің талаптары cеріктестік мүшелерінің мүлкіне қолданылмайтын заңды шаруашылық ұйым түрі; қосымша жауапкершілікті cеріктестік — шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында заңды тұлғалармен немесе азаматтармен (жеке тұлғалармен) жасалған келісім бойынша олардың мүлкін біріктіру жолымен құрылған ұйым; жауапкершілігі шектеусіз cеріктестік. — міндеттемелері бойынша қатысушылары салған капиталымен ғана емес, өзінің бүкіл мүлкімен ынтымақты түрде толық жауап беретін коммерц. ұйым; толық cеріктестік. — қатысушылары өзара жасасқан шарт негізінде серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап беретін заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны; сенімгерлік (коммандиттік) cеріктестік. — міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, салымшылардың мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын cеріктестік.; сауда cеріктестікгі — өнеркәсіп, а. ш. көлік салаларында, т.б саудамен және басқа кез келген шаруашылық қызметпен айналысатын заңды тұлға; шаруашылық cеріктестікгі — жарғы капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерц. ұйым; акционерлік қоғам — жарғы капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) акцияларынан құралатынакционерлік ұйым.
Серіктестік деп еәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Конституциясы.-Алматы.-1995.
2. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 22 сәуір N 220-I
3. ҚР Азаматтық Кодексі:жалпы және ерекше бөлімі.-Алматы,2002
4. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазасқтан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 02.05.1995 ж.
5. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар
1.2 Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу
1.3 Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы мен шаруашылық серiктестiгiн басқару
1.4 Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі. Қатысушыларды шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шаруашылық серіктестік - Жарғылық капиталықұрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктесгігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Серіктестік -- коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны. Қатысушылардың салымдары есебінен құрылған және қызмет нәтижесінде алынған мүлік Серіктестіктің меншігі болып табылады. Мынадай түрлерге бөлінеді: жауапкершілігі шектеулі cеріктестік -- өздерінің ақшалай немесе заттай нысандағы салымдарын біріктіру жолымен немесе жеке тұлғалардың келісімі бойынша құрылатын және несиегерлер алдында тек өзінің мүлкімен ғана жауап беретін, несиегерлердің талаптары cеріктестік мүшелерінің мүлкіне қолданылмайтын заңды шаруашылық ұйым түрі; қосымша жауапкершілікті cеріктестік -- шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында заңды тұлғалармен немесе азаматтармен (жеке тұлғалармен) жасалған келісім бойынша олардың мүлкін біріктіру жолымен құрылған ұйым; жауапкершілігі шектеусіз cеріктестік. -- міндеттемелері бойынша қатысушылары салған капиталымен ғана емес, өзінің бүкіл мүлкімен ынтымақты түрде толық жауап беретін коммерц. ұйым; толық cеріктестік. -- қатысушылары өзара жасасқан шарт негізінде серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап беретін заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны; сенімгерлік (коммандиттік) cеріктестік. -- міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, салымшылардың мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын cеріктестік.; сауда cеріктестікгі -- өнеркәсіп, а. ш. көлік салаларында, т.б саудамен және басқа кез келген шаруашылық қызметпен айналысатын заңды тұлға; шаруашылық cеріктестікгі -- жарғы капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерц. ұйым; акционерлік қоғам -- жарғы капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) акцияларынан құралатынакционерлік ұйым.
Серіктестік деп еәсіпкерлік қызметке атысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Серіктестік шаруашылықтардың мүшелері:
- басқару істеріне қатысуға;
- серіктестік кызметі жөнінде мағлұматтар алуға;
- оның құжаттарымен танысуына;
- несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған пайданы бөлісуге;
- тиісті мүлік құнының ақшалай баламасын алуға құқығы бар.
Серіктестік шаруашылық, иелігіндегі мүліктердің құрамына жататындар:
- негізгі өндірістік құрал-жабдықтар (ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар);
- айналым құралдары (шикізат, материал, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар);
- ақша қаражаты;
- басқа да құндылықтар кіреді.

Негізгі бөлім
1.1 Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар
1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен.
Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар 1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
2. Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.
Мемлекеттің шаруашылық серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.
6. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтай құжаттарында анықталады, дегенмен заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. Шаруашылық серіктестіктері туралы Жарлыққа (13-, 28-баптар) және ЖШС туралы Заңға (23-бап) сәйкес толық серіктестік үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем емес; сенім серіктестігі үшін айлық есептік көрсеткіштің елу мөлшерінен кем емес; шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік үшін жүз көрсеткіш мөлшерінен кем емес болуға тиіс.
Серіктестіктің мүліктік базасының азаюының тағы бір жағдайы толық серіктестің толық (сенім) серіктестігінен шығуымен немесе шектеулі (қосымша) жауапкершілікті серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бөлігін) серіктестікке сатуымен байланысты (АК-ның 80-бабының 3-тармағы). Егер қатысушы шыққанда толық (сенім) серіктестік сақталса, шыққан қатысушыға серіктестік мүлкіндегі оның үлесінің құны енгізілген салымға бара-бар, сол шыққан күні жасалған балансқа сәйкес төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісімімен салым толықтай немесе жарым-жартылай зат түрінде қайтарылуы мүмкін. ІІІығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді (АК-ның 67-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Осы тәртіпте толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға мүліктің бір бөлігінің құны да төленеді (АК-ның 68-бабының 2-тармағы). Мұндай ереже жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктерге де қолданылады (АК-ның 80-бабы).
Қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ал оны басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң актілері мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға, не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабының 5~тармағы).
Қатысушының үлесіне толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өндіртіп алуды аударға борыштарды етеу үшін серіктестіктің басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен, серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен, борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады (АК-ның 69-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестітінің акция шығаруға құқы жоқ (АК-ның 58-бабының 9-тармағы). Мұндай құқық тек акционерлік қоғамға ғана берілген, ол эмиссияларды тіркеудің күрделі процедурасымен, ерекше бухгалтерлік есеп-қисаппен және басқарудың өзіндік жүйесімен байланысты. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері, егер зан актілеріңде оған тыйым салынбаған болса, басқа бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
Сонымен қатар, серіктестікті басқару органы өз мүлкін үшінші жаққа сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұл жерде әңгіме мүліктің бір бөлігі туралы немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын туралы болуы мүмкін. Сенімгерлік басқаруға берудің мұндай мүмкіндігі Азаматтық кодекстің Ерекше бөлігінде берілген, ал жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктер үшін АК-ның 79-бабының 2-тармағында тікелей көзделге

1.2 Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары.
Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
2. Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады.
3. Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.
Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы.
4. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды.
5. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актiлерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе.
Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды. .
6. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы; құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.
7. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының (қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда) тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.
8. Құрылтай құжаттарында осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн осы Заңда қарастырылған шарттар да болуға тиiс.
9. Заң актiлерiмен құқық берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртiбiмен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады.
10. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады.
11. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады.
12. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
Дәріхана ұйымдары қызметінің ұйымдық нысандары
Заңды тұлғалардың түрлері
Заңды тұлғалар ұғымы, атауы, тұрған жерi мен тұлғаның органдары, олардың құқық қабілеттіліктері
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
Шаруашылық серіктестік түрлері
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері
Шаруашылық серіктестіктің статистикасы
Пәндер