Меншік құқығынан туындайтын заттық құқық


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Меншік құқығынан туындайтын заттық құқық

Меншік -экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіркеледі. Меншік, бұл -зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық (нақты) қатынас». Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белілі бір қоғамдық қатынас, адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрлыстың әлеуметтік - экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді - алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді. «Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) » деуге болады. Екінші жағдайда -«меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік -экономикалық, ал меншік құқығы -заңдық санат .

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіред, олт құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады. Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылад, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік (тиесілік) жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтікм мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Мешік құқығы мүлктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.

Меншік иесіне өз мүлкін иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген. Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада рим жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Иемдену құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін. (АК-ның 188 - бабы 2- тармағының 3- бөлігі) . Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімге күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғанда күрделі әрекетті қарастырайық - меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онаша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады . Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Нақты бар меншік құқытары туралы айтуға болатындай бір де бір элемент соншалықты қажет болып табылмайды. Бір объектіге мұндай құқықтар бір уақытта бірнеше адамға берілуі мүмкін. Ол құқықтардың әрқайсысы бұл аталған элементтердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы міндетті емес.

Осы елде қолданылатын заңдарда тікелей көзделген құқықтар ғана заттық құқықтарға жатады, яғни жеке тұлға өз еркімен заттық құқықтардың қандай да бір өзге түрлерін жасай алмайды.

Әр түрлі заң актілерінде заттық құқықтардың осынау тұйық шеңбері бірдей емес. Белгілі бір елдік құқық жүйесінде орталық институт болып табылатын меншік құқығы барлық елдердің азаматтық құқығыңдағы заттық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады.

Сонымен қатар, кепіл, сервитут, узуфрукт құқығы секілді заттық құқықтар осы жүйеге жатады. Бұлардың бәріне ортақ нәрсе - бұл мүлік иелеріне меншік иесінің кейбір өкілеттіктеріне (әдетте иелену, пайдалану) жататын кейбір өкілеттіктерді бекітіп беретін бөтеннің мүлкіне құқық. Басқаша айтканда, бұл меншік құқығынан туындайтын заттық құқықтар.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтқанда, жаңа заттық құқықЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта пайда болды. Бұл заң актісінде жер қойнауын пайдалануды баянды ету одан әрі өрістетілді (Жарлықтың 3-тарауы) . Бұл құқық бұрын да бар болатын, бірақ ол ешқашан азаматтгық-құқықтық және заттық құқық ретінде қарастырылған емес. «Жер қойнауы және минералдық шикізатты өндеу туралы» 1992 ж. ескі Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығы әкімшілікқұқықтық қатынастар моделі бойынша таукен құқығының көлемінде қарастырылды. Бұл қатынастарды азаматтық құқық арнасына бұру жөніндегі алғашқы батыл қадам Мұнай туралы жарлық арқылы жасалды, ол бойынша жер қойнауын пайдалануға берудің келісім-шарттық жүйесі енгізілді.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта жер қойнауын пайдалану құқығы жерді пайдалану құқығы секілді модельмен құрастырылған. Бұдан былайғы міндет мынада: табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі басқа қатынастарды шарттык принциптерге көшіру және орманды пайдалану, суды пайдалану, секілді заттық құқықтарды, сондай-ақ неғұрлым жалпы құқықтық институт - табиғат қорғау құқығын қалыптастыру.

Заттық құқықтарды меншік құқығына және меншік нелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқығына бөлу олардың негізгі жіктелуі болып табылады (АК-ның 195-бабы) .

Мұның екінші тобы рим құқығында бөтеннің затына құқық деп аталды. Осы заманға әдебиеттерде оларды кейде шектеулі заттық құқықтар деп атайды.

АК-ның 194 жене 195-баптарында заттык құкықтардын кейбір түрлері аталғган:

- шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жерді пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына ұқсас заттық құкық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.

Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікгі мемлекеттік тіркеу) АК-ның 118-бабының 2-тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар (бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы) . Алайда, бұл құқықтар заттық қана емес, сондай-ақ міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.

Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың алуан түрлі жиынтығы беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Заттық құқық
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Заттық құқық жәнеменшік құқығы туралы жалпы ережелер
Жер құқық қатынастары туралы
Заң немесе басқа құқықтық акт азаматтық - құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғаның салдарынан
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz