Сана. Өзіндік сана


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1) Кіріспе

Сана дегеніміз не?

2) Негізгі

2. 1. Психика дамуының кезеңдері

2. 2. Өзіндік сана

2. 3. Психика деңгейлерінің өзара байланысы

3) Қорытынды

Сана - психиканың жоғарғы формасы

4) Пайдаланылған әдебиеттер

Сана - болмыстың категориялық құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет- қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей. Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы белсенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана біршама үдерістік және мазмұндық ерекшеліктерге ие.

  • Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау қабілетімен сипатталады.
  • Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік - тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік -мәдени сипат алады.

Психика дамуының кезеңдері

I-кезең. Қарапайым сезімталдық - бұл сатыда тек өкілдерінің инс- тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.

II-кезең. Заттай қабылдау . Бұл кезеңнің нәтижесі - дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар фор- масы.

III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу , яғни интеллектуалды әрекет-қылық - заттар арасындағы байланыс - қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.

  • Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т. б. ) байланысты келеді.
  • Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.
  • Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байла- ныстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

  • нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы - сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.
  • адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай- ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.
  • сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

1. Ғылым - заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

2. Өнер - болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

3. Әлеуметтік талап, өлшем - шектеулер - қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

4. Адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т. б. ) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қимыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.

Өзіндік сана

Сана өзіндік сана және өзіндік жауап әрекетке келу (саморефлексия) қабілеттерімен байланысты. Өзіндік сана - бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты - мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі. Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетік- тері арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т. б. ) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» - интериоризацияланған «Өзге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау. Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалау- таңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.

Психика деңгейлерінің өзара байланысы

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана , астар сана және ашық сана . Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті - рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет - қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни - организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру) . Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары - ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция) . Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол - автоматтасқан дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде бұл - сезім көрегендігі (интуиция) . Ашық сана - бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.

Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді:

1) бейсана - инстинкттік тума қимылдар;

2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер;

3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.

З. Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана ұғымы
Өзіндік сананың қалыптасуы мен құқықтық жауапкершілігі
Өзіндік сана
Сана және тілдің өзара байланысы
Сана - объективті дүниенің бейнесі
Реттеу функциясы
Философияда сана мәселесі
Сана туралы жалпы түсінік
Философия сана мәселесі
Сана адам миының функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz