Бизнес - жоспарды уйымдастыру


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кiрiспе . . . 3

1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері . . . 5
1. 1. Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері . . . 5

1. 2. Бизнес-жоспардын сипаты және ерекшелiктерi . . . 7
1. 3. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері . . . 12

2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы . . . 12

2. 1. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері . . . 16
2. 2. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы . . . 24

2. 3. Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары . . . 28

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34

Кiрiспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл ұйымдастыра бiлмесе, нарық жадайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа жетпейдi. Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау- бұл кәсiпкерлiктiң барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал. Ал бизнес-жоспар- үнемi жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі. Бизнес-жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді

Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi, жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi. Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине, бұл шешiмдердiң әрқайсысының өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл өлшеу көбiнесе мүмкiн болмайды.

Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет.

Әдетте бизнес-жоспар жобаның жүзеге асыру мүмкiндiгi әбден зерттелгеннен кейiн, оның өмiр сүру қабiлеттiлiгi анықталғаннан соң және бағалау зерттеулерi жүргiзiлiп, оны жүзеге асыруға болады деген соңғы шешiм қабылданғаннан кейiн ғана құрылады. Одан ары қарай жобаның мақсаттары мен кәсiпорынның мақсаттары қалай ұштасады, және жобаны жүзеге асыру барысында және нәтижесiнде серiктестердiң, несие берушiлердiң, инвесторлардың мүдделерi қалай сақталады деген сияқты мәселелер анықталады.

Бизнес-жоспар оған қызығушылық танытқан тұлғаға iстiң дәл мәнiсi жайлы, оған қатысу дәрежесi және одан келетiн пайда туралы дәл ақпарат беруi керек. Ол жаңа өнiм өндiрудi немес оны елеулi модификациялауды көздеген бiрнеше компаниялардың қызметiн үйлестiретiн белсендi құрал болуы керек. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен, бизнес-жоспарлаудың қазiргi нарық жағдайында компаниялар қызметiн табысты жүзеге асырудағы маңыздылығын ескерек отырып, бұл тақырыптың өзектiлiгiн байқауға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: берілген тақырып бойынша бизнес-жоспардың мәні мен ерекшеліктерін айқындау, сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылығындағы бизнес жоспардың тиімділігін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
  2. бизнес жоспардың құрылымын сипаттау;
  3. кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың маңыздылығын арттыру;
  4. кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес жоспардың қажеттіліктерін көрсету;

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің ататуы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

1. Бизнес - жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері
1. 1. Бизнес- жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері

Бизнес-жоспар - бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты оны пайдаланудан бұрын оның дұрыс түсінілуі керек.

Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады.

Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Сіздің алдыңызға қойған мақсаттардан шыға отырып, ол осы мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін сізге қажет болатын барлық кезеңдер мен ресурстарды қамтиды. Сіздің бизнес-жоспарды жасау кезінде жұмсаған ой-пікіріңіз сізге немен айналысуды қаласаңыз соны тұтастай көруге және жекелеген аспектілерге назар салмауға мүмкіндік береді. Егер ұшқыш өз ұшағында жанар-жағар майдың бар-жоғын тексермей ұшса, онда айтарлықтай қайғылы салдар күтуге болады. Сондықтан ол әрбір ұшудың алдында нені тексеру керек екендігі белгіленген «тізімді» пайдаланады. Ұқсас түрде «бизнес әлеміне ұшуға» аттанар алдында, ешқандай жағдайда көзден таса қалмауы тиісті күдікті жерлердің тексерілуі қажет.

Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік ойды немесе дамып келе жатқан істің табысқа жету мүмкіндіктерін жақсырақ бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар жақсы орындалған болса, онда ол сіздің осы ойдың жүзеге асу мүмкіндігіне жасаған зерттеуіңіздің көрінісін береді.

Бизнес-жоспар сондай-ақ, істің өзін дұрыс жүргізуге
көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз
басқару, машинаны бір отвертканың көмегімен ғана жөндеуді
қалаумен бірдей. Жоспардың өзі осы машинаны жөндеуге
көмектесетін қосымша құрал болып табылады.

Қандай болса да бизнес-жоспарға ие болу, жоқтан жақсы.

Сіздің бизнес-жоспарыңыз бизнес-ойларыңызды фирма-дан тыс тұлғаларға беруге, қажет болғанда қаржы алуға
немесе бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.

Банкирлер, инвесторлар және потенциалды серіктестер мыналарды білуді қалайды:

  • сізге қанша ақша қажет;
  • сізге олар қай уақытта қажет болады;
  • сізге олар не үшін қажет;
  • сіздің оларды қайтарып беруге жағдайыңыз болады мажәне қашан.

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап беруі қажет.

Болып жатқан оқиғаларға әсерлену қағидасы бойынша жүзеге асырылатын істерге қарағанда, бизнес - жоспар негізінде жүзеге асырылатын істердің табыстылыққа жету мүмкіншілігі молырақ.

Сіз жаңа іс бастасаңыз немесе қазіргі бизнесті дамытатын болсаңыз, бизнес-жоспар сізге негізгі бағытты ұстануға көмектеседі және жеңіл-желпі , әрі алаңдататын мәселелерге салынудан сақтайды.

Бизнес - жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін тауарға (қызмет) деген сұранысты анықтау қажет. Нені сатамын, калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар тауарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды сипаттап алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) тауардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген тауарға сұранысын қанағаттандырады және оның жөнелту орнын қосады.

Адамзаттың хайуанаттан айырмашылығы алдағы істейтін жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады.

Біздің Қазақстанда экономикалық реформа жүргізген жағдайда - нарықтық экономикаға көшуде өрескел қателіктер болды. Оның болу себебі алдын ала ойластырылып жоспарланбағанның салдарынан.

Советтік экономикада жоспарлау халық шаруашылығын баскарудың басты құралы болды. Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатардағы капиталистік елдер қолданып дүниежүзілік дағдарыстан құтылды.

1994 жылы Жапонияның миллиардері Хираса Теравами Қазақстандағы жағдаймен танысып былай деген: "Біз сіздерден ештеңе түсіне алмадық. Біз уақытында сіздің жоспарыңызды алып оны икемді нұсқаулармен толықтырдық, ол біздің елде жемісті жұмыс істеуде. Ал енді қарасақ, сіздер жоспардан бас тартыпсыңыздар. Уақытында сіздер ақылды болдыңыз, ал біз, жапондықтар, ақымақ болдық. Енді біз ақылды болдық, ал сіздер бес жасар сәбиге ұқсап кетіпсіңіздер. " Хираса Теравами айтқандай қазіргі жағдайда біздің Қазақстан Рсспубликасы қайтадан ұлттық шаруашылықты стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады. Сондай-ақ кәсіпкерлік жағдайда алдын-ала мұқият болжап жоспарламай жұмыс жасау мүмкін емес.

Кәсіпкерлік іске көпшілігі жоспарлау керегі жоқ деген ұғымға келеді. Ол мүлдем дұрыс емес. Нарық жағдайында жоспарлау керек. Біздің социалистік шаруашылық жүргізу жағдайында жоспарлау жоғарыдан басталып дүректива (фр. латын сөздері - бағыттау, яғни бұйрық, басшылық нұсқау) ретінде беріліп жергілікті жағдай ескерілмеді, ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыруға көңіл көп аударылмады, басшылардың, кәсіпкерлердің инициативасын кең пайдалана алмады. Мұндай жоспарлау нарық экономикасына мүлдем қарсы.

Қазір инициативаға толық мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен жоспарлау кең қолданылуы тиіс. Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген қортындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесі және логика кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпкер, мысалы, өз алдына жеке фирма құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді ұйымдастырғысы келсе бизнес-жоспар жасауы керек. Бизнес-жоспар - бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің (ойлаған істің) барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.

Бизнес-жоспардың маңызы мынада:

- кәсіпкердің бір істі істеуге өз қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы да мүмкін, ал ол қаражат басқа адамдарда. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін, ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере қою оңай емес. Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, өндірген өнімнің нарықта өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек. Ол жұмысты Бизнес-жоспар орындайды:

- серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, оның көмегіне және нарықтағы потенциалына (қуатына), баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақ алынатын пайда мөлшеріне т. б. көрсеткіштерге аса көңіл аударады;

- бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компания өндірістік финанстық көрсеткіштер ғана емес, болашақ серіктестіктерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр потенциалының және материалдық ресурстардың жеткілікті екеніне сендіруі керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп және басқара алатынын көрсетуі тиіс; бизнес-жоспарды жасақтағанда тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық үйлесімділік және шанымдылық болуы керек. Оны оқитын ақша-қаражаты бар кісілер тек қана тиянақты цифрларға олардың шанымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі - пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс. Бизнес-жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарау керек.

Бизнес-жоспар жасаудың объективтік қажеттілігі: Бизнес - жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі.

Бизнес жоспардың объективтік қажеттілігі мына жағдайлармен байланысты: алға қойылған мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді ескеру арқылы стретегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;

- кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен қарау;

- дүние жүзілік практикада алдын ала жасалған объективті жоспар болмаса істе сәттілік күту мүмкін емес.

1. 2. Бизнес - жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi

Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бизнес істі жүргізу мен іскерлік қатынастарының субектісіне және меншік қатынасына қарай оный мынандай түрлері болады.

  1. Кәсіпкерлік бизнес, ол жеке меншік өндіріс құрал - жабдықтарына негізделген. Одан қазіргі таңдағы мемлекеттік емес жаңа меншік түрлері (топтық, ұжымдық, кооперативтік, акционелік, пайлық) өсіп шықты. Кәсіпкерлік бизнестің негізгі бағыттары: өнім шығару, коммерция (сауда) және коммерциялық жылдамдық.
  2. Тұтынушы бизнес, ол жеке меншікті тұтыну және қызмет көрсету саласына негізделеді. Тұтынушы бизнеске қатысушылар - барлық азаматтар, сонымен қатар басқа фирмалардың өнімдерін тұтынушы ретіндегі кәсіпкерлер.
  3. Еңбек бизнесі, ол жеке меншіктің жұмыс күшіне негізделеді. Бұл бизнестің субъектісі - жұмысшылар, олар өз еңбегін жалға сатады, шарт бойынша еңбек етеді.
  4. Мемлекеттік бизнес, ол мемлекет меншігіндегі өндіріс құрал - жабдықтары, ақпарат, интелектуалды еңбек өнімі, құнды қағаздар, ақша ресурстары, т. б негізделеді. Мұнда мемлекеттік оргрндар басқа қатысушылармен іскерлік қатынастар арқылы тепе - тең әріптес ретінде қызмет етеді.

Нарықтық экономикада кез келген бизнестің стратегиясы және тактикасы болады. Бизнестің стратегиялық мақсаты - өндірісті, жұмысты ( қызмет ) жүзеге асыру процесінде пайданы ( табысты, байлықты ) молайту.

Тактикалық мақсаты - осы стратегиялық нұсқаманы әр әріптеспен және клиентпен нақты жұмыс істеу барысында белгілі мәмілені жүзеге асыруда қолдану. Бизнестің бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратын шаралар және операциялар жолы арқылы бірте - бірте ойлаған мақсатқа жеткізетін әрекет жоспарлары немесе бағдарламалар шетел нәтежесінде бизнес жоспар деп аталады.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес жоспардың мазмұны орталықтандырылған жоспарлаудан әлде қайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:

  • Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу, мақсатты рыноктармен және олардағы фирмалар орнын анықтау.
  • Нарық қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін өнімнің қажетті көлемімен сапасын дәлелдеу, өндірістік мүмкіндіктер мен қажет көлемімен сапасын дәлелдеу, өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау
  • Басқарудың ұйымдық - құқықтық нысаны мен құралы мен таңдау фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру.

Бизнес-жоспарды жасау кезінде екі кезең бар:

Біріншісі, Ақпараттар жинау. Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде мүмкіндігінше көп білу қажет. Сіз мыналарды білуіңіз қажет:

Қызмет - сіз не істеп жатырсыз немесе не істегіңіз
келеді, соны нақты анықтау қажет.

Нарық - сіздің тұтынушыларыңыз кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, сіздің бәсекелестеріңіз кімдер және т. б.

Қаржы - сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайда таба аласыз ба?

Қолыңызда жеткілікті мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы мәліметтердің және т. б. жоқ болуынан қорықпаңыз. Сіз өзіңізге қатысты қызметтің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып табыласыз. Сіздің кез келген қосымша ақпаратты қарапайым жолмен табуыңыз өте маңызды.

Екіншіден, Ақпараттарды жөнге келтіру. Қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Сіз серіктеріңізге, оларды көндіру үшін өз білетініңізді қалай жеткізетіндігіңіз аса маңызды болып табылады. Жоспар бәрін тегіс қамти алатын және қысқа болуы керек.

  • Қарапайым және түсінікті тілді пайдаланып көріңіз.
  • Өзіңіздің ойыңызды белгілі мәселелерді баяндайтыннақты бөлімдермен ретке келтіріңіз.
  • Негізгі текстің оқырмандардың оқуына жеңіл болуыүшін техникалық бөлшектер мен қосымша материалдарды қосымшада көрсетіңіз.

Сіздің жоспарыңыз жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы, ол жасалған мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер сіз шағын дүкен ашқыңыз келсе, онда сіздің жоспарыңыз компьютер өндіріп және оларды халықаралық нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші жағдай бойынша айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын.

Сондай-ақ, егер сіз банкіден несие алу үшін өз жоспарыңызды пайдалансаңыз, онда сіз оған фирма жөнінде, басшылық және т. б. жөнінде мәліметтер беруіңіз керек. Егер сіз өз жоспарыңызды фирманы басқарудың ішкі құралы ретінде пайдалансаңыз, бұл мәліметтер сіз үшін аса тиімді емес.

Бизнес-жоспардың жасалуы өз алдына бір мақсат емес екендігін айта кету маңызды деп есептейміз. Оны жасағаннан кейін іс жүзінде жүзеге асыру анағұрлым маңыздырақ. Сонда барып жоспар тек жай қағаз емес, ал кәсіпкерлік қызметті басқаруға болатын құжат болады. Тағы бір маңызды нәрсе бизнес-жоспар алдын ала болжамдалған және әлдеқашан пайда болған өзгерістермен тұрақты сәйкестендіріліп отырылуы керек. Біраз уақыт өткеннен кейін атқарылған жұмыстарды бағалаңыз және күтілген нәтижемен салыстырыңыз, ауытқулардың себептерін анықтаңыз, орындалмаған жұмыстарды жеңілдету жолдарын табуға тырысыңыз және сіз өзіңіздің басты әрі негізгі мақсаттарыңызға жету үшін жоспарды пайда болған өзгерістерге сәйкес келетіндей етіп қайта түзетіңіз. Сөйтіп, жоспарды пайдалану логикасы келесідей көріністе болуы керек:

Бизнес-жоспар нені қамтуы қажет және оны қалай жасау керек деген мәселелер осы бөлімнің талқыланатын пәні болып табылады. Біз атап өткендей, бизнес-жоспарды жасаудың бірыңғай ережесі жоқ, әрбір жоспар ол өзі дайындалған мақсаттарға және өзі сипаттап отырған бизнес-жоспарға сәйкес келуі керек. Кез келген бизнес-жоспар оның авторының жеке белгілерін қамтиды. Төменде біз бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс негізгі бөлімдерге тоқталамыз:

-Бизнес (фирма, қызмет ету саласы, мақсаттары)

-Нарық (тұтынушылар, тауар/қызмет, нарық сегменті, бәсекелестер)

-Басшылық (құрылымы, басшылық, қызметтер)

-Қаржылар (кірістер, шығыстар, қайнар көздер және қорларды пайдалану, қаржылық болжамдар) .

Бірнеше сұраққа жауап беру бизнес-жоспарды жасаудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бизнес-жоспардың әрбір бөлімі қамтуы тиіс және жауабы табылуы қажет детальдардың анықтап алайық.

Бизнес-жоспардың маңызды элементтері:

  • Бизнестің қысқаша сипаттамасы;
  • Өнімнің/қызмет көрсетудің және олардың ерекшелік-терінің қысқаша сипаттамасы;
  • Сіздің сегментіңіздің қысқаша сипаттамасы;
  • Басқарушы команданың қысқаша көрінісі;
  • Болашақ кезеңдердегі болжамдалған қаржылық нәтижелердің мазмұны;
  • Сіздің бизнесіңіздің негізгі және ерекше мақсаттары.

Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.

Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.

Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:

Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:

* Істі ашу үшін не қажет?

* Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?

Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Қазақстан кәсіпорындарындағы бизнес-жоспарлау мәселелері
Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеу мақсаты
Жобаның мәні
Бизнес жоспарды құру негізі
Бизнес - жоспарды жасау дәне оның нарық жағдайындағы қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz