Аралдың экологиялық жағдайы



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
2. Арал апатына себеп болған факторлар:
3. Арал экологиялық дағдарысы
4. Теңізді құтқарудағы болжамдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
АРАЛ ТЕҢІЗІ — Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 — 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 — 73 ж. жарық көрді. 1900 — 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда 24 — 26°С, қыста -7,0 — 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға4 шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз). Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған (картаны қ.). Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 — 98) 25 — 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009.
2. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
3. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
4. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10
5. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.

Қазақстан - Ресей Медицина Университетті
Қоғамдық денсаулық сақтау мен медицина және
апаттық медицина кафедрасы
Экология және тұрақты даму пәні

ОСӨЖ
Реферат
Тақырыбы: Арал дағдарысы:
себептері мен салдары

Студенттің аты - жөні: Мүсір А.А
Факультеті: Жалпы медицина
Курс: 1 курс
Тобы: 103 А

Оқытушы: Джадигеров А.С.

Алматы 2014
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Арал апатына себеп болған факторлар:
3. Арал экологиялық дағдарысы
4. Теңізді құтқарудағы болжамдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе:
АРАЛ ТЕҢІЗІ -- Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 -- 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға -- Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің сақ шығанағы есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс -- Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 -- 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист А.А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты. Теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 -- 73 ж. жарық көрді. 1900 -- 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. Және жобалау ин-ттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер -қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 -- 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение (бұл аралда КСРО-ның бактериол. қаруын сынау алаңы болған). Солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақгар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м- ге жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ ауаның орташа темп-расы жазда 24 -- 26°С, қыста -7,0 -- 13,5°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 -- 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құра-мы: кел бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға4 шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді (1-картаны қараңыз). Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық, болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған (картаны қ.). Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 -- 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 -- 14%о болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 -- 98) 25 -- 30%с-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытьмен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқы-ры, сазан, қаяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, казіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экон. қ-лары бұрын Арал (Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қ-лары болған. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзын-қайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы к. т. аталып (аралдардың өте көп болуы себепті, картаны қараңыз), кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км³, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Арал апатына себеп болған факторлар:
* жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
* ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
* суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
* жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
* табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; оң жақта - 2003 жж.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздыңмөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда - 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, Байқоңыр ғарыш аймағын және қауіпті Возрождение аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал апатына себеп болған факторлар
Арал теңізінің экологиясы жайында
Арал теңізінің зерттелуі
Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері
Аралдың ежелгі мәдениеті
Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы
Аралды апаттан қорғау шаралары
Арал қасіреті
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Пәндер