Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ФРАЗЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 7
1.1 Неміс және қазақ тілдерінде фразеологияның зерттелу жайы 7
1.1.1 Неміс фразеологиясының зерттелу жайы 7
1.1.2 Қазақ фразеологиясының зерттелу жайы 11
1.2 Фразеология және оның өзіндік белгілері 15
1.3 Фразеологизмдердің түрлері 17
1.4 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы 19
1.5 Фразеологизмдердің шығу арналары 20

2 НЕМІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ “АҚ”
ЖӘНЕ “ҚАРА” АТАУЛАРЫ БАР ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
БІРЛІКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ. СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 23
2.1 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктерді салыстыра.салғастыра
зерттеу 23
2.2 Түр.түстің адам өмірінде алатын орны 24
2.3 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктердің морфологиялық сипаты 25
2.4 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктердің семантикалық табиғаты 30

ҚОРЫТЫНДЫ 32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уакытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына косылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына камқорлық.
Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту - ана тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз.
Өркениет заманы қаншалықты шарықтау шынына шықса да, ұлт мәдениетін ұлт тілінен бөліп алып, дамыту мүмкін емес. Ұлт мәдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, түрмыс-тіршілігінен хабардар ететін фразеологизмдер болып табылады.
Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы.
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің енбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М.М., Кеңесбаев I., Қайдаров А.Т., Сәбитова М.Т., Чернышева И.И., Флейшер В., Добровольский Д., Исабеков С.Е., Сәтенова С.К., Смағұлова Г.Н., т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, т.б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX ғасырдын екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр. Осы саланың басты бір тармағы ретінде түркі және герман тілдерін салғастыра зерттеу енді ғана өз бастауын тауып келеді. Сондықтан да түркі-герман, оның ішінде неміс және қазақ тілдерін салғастыра зерттеуде әлі шешуін таппаған мәселелер, міндеттер тұр. Осы мәселелердің бірі - неміс және қазақ тілдеріндегі түр-түс табиғатымен байланысты фразеологиялық тіркестерді кешенді түрде салғастыра зерттеу.
Түр-түстер халық өнерінде, ауыз әдебиетінде, халықтың ой-пікірінде, абстрактылы ұғымдар мен көңіл-күй сезімдерін бейнелі түрде беруде кеңінен қолданылады. Түр-түс фразеологизмдері - халықтың тарихын, салт-дәстүрін, адамгершілік заңдылықтарын, кәсібі мен тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлқын, ой-жүйесін, жан сарайын бейнелейтін ең қысқа формадағы болмыс пен тұрмыс ережелері.
Зерттеудің өзектілігі. Неміс және қазақ тілдерінің құрамында түр-түс атаулары бар фразеологизмдерін салғастыра зерттеу отандық тіл білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние. Неміс тіл білімі саласында да бұл тақырыпты лингвистикалық тұрғыдан зерттеуге арналған арнайы ғылыми еңбек жоқ.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Шет тілдер факультеті
Филология және Журналистика кафедрасы

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары
бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ФРАЗЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 7
1.1 Неміс және қазақ тілдерінде фразеологияның зерттелу жайы
7
1.1.1 Неміс фразеологиясының зерттелу жайы
7
1.1.2 Қазақ фразеологиясының зерттелу жайы
11
1.2 Фразеология және оның өзіндік белгілері
15
1.3 Фразеологизмдердің түрлері
17
1.4 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
19
1.5 Фразеологизмдердің шығу арналары
20

2 НЕМІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ “АҚ”
ЖӘНЕ “ҚАРА” АТАУЛАРЫ БАР ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ
БІРЛІКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ- СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 23
2.1 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктерді салыстыра-салғастыра
зерттеу
23

2.2 Түр-түстің адам өмірінде алатын орны
24

2.3 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктердің морфологиялық сипаты 25
2.4 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктердің семантикалық табиғаты 30

ҚОРЫТЫНДЫ
32

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
34
КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында
мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып,
жанданған уакытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де
көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-
салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас
қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық
қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын
жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына
косылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына камқорлық.
Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту -
ана тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы
мерейінің үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз.
Өркениет заманы қаншалықты шарықтау шынына шықса да, ұлт мәдениетін
ұлт тілінен бөліп алып, дамыту мүмкін емес. Ұлт мәдениетінің қай түрін
алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті
сақталған. Ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, түрмыс-
тіршілігінен хабардар ететін фразеологизмдер болып табылады.
Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің,
әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін
кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл
білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы.
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда,
оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда,
маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым
лингвистердің енбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М.М.,
Кеңесбаев I., Қайдаров А.Т., Сәбитова М.Т., Чернышева И.И., Флейшер В.,
Добровольский Д., Исабеков С.Е., Сәтенова С.К., Смағұлова Г.Н., т.б.
атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология
саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық,
бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін
тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор
мүмкіндіктер береді.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық,
лексикалық, т.б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX
ғасырдын екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы
және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала
ретінде қалыптасып отыр. Осы саланың басты бір тармағы ретінде түркі және
герман тілдерін салғастыра зерттеу енді ғана өз бастауын тауып келеді.
Сондықтан да түркі-герман, оның ішінде неміс және қазақ тілдерін салғастыра
зерттеуде әлі шешуін таппаған мәселелер, міндеттер тұр. Осы мәселелердің
бірі - неміс және қазақ тілдеріндегі түр-түс табиғатымен байланысты
фразеологиялық тіркестерді кешенді түрде салғастыра зерттеу.
Түр-түстер халық өнерінде, ауыз әдебиетінде, халықтың ой-пікірінде,
абстрактылы ұғымдар мен көңіл-күй сезімдерін бейнелі түрде беруде кеңінен
қолданылады. Түр-түс фразеологизмдері - халықтың тарихын, салт-дәстүрін,
адамгершілік заңдылықтарын, кәсібі мен тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлқын, ой-
жүйесін, жан сарайын бейнелейтін ең қысқа формадағы болмыс пен тұрмыс
ережелері.
Зерттеудің өзектілігі. Неміс және қазақ тілдерінің құрамында түр-түс
атаулары бар фразеологизмдерін салғастыра зерттеу отандық тіл білімінде әлі
қолға алына қоймаған тың дүние. Неміс тіл білімі саласында да бұл тақырыпты
лингвистикалық тұрғыдан зерттеуге арналған арнайы ғылыми еңбек жоқ. Осы
тұрғыдан бұл фразеологизмдерді мағынасы мен құрылымы жағынан салғастыра
зерттеу - қазақ тіл біліміндегі, сонымен қатар неміс тіл біліміндегі де
өзекті мәселе. Өзара туыстас емес құрылымы әр түрлі неміс және қазақ
тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологизмдер алғаш
рет салғастыра зерттеледі.
Зерттеудің нысаны. Осы курстық жұмыс неміс және қазақ тілдеріндегі
құрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктердің
құрылымдық (структуралық) және мағыналық (семантикалық) жүйелерін талдап,
оларды бір-бірімен салғастыра зерттеуге арналған. Кұрылымы әр түрлі туыстас
емес екі тілдің кұрылымдық және мағыналық жүйелеріндегі ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын, әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерін анықтау -
зерттеудің негізгі нысанын белгілейді.
Зерттеудің әдістері. Курстық жұмыста морфологиялық, синтаксистік және
компоненттік талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының дерек көздері ретінде
неміс және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық сөздіктерден теріліп алынған
151 екі тілдегі кұрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық
бірліктер қолданылды. Атап айтқанда Л.Е.Бинович және М.Н.Гришиннің "Deutsch-
Russisches Phraseologisches Wörterbuch" сөздігі, Дуденнің жүйелі
сөздіктері, қазақ тілінде І.Кеңесбаевтың "Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі", Х.Қ.Қожахметова, Р.Е.Жайсақова, Ш.О.Қожахметовалардың "Қазақша-
орысша фразеологиялық сөздігі", т.б. еңбектер қолданылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Неміс және қазақ тілдеріндегі
құрамында түр-түс атаулары бар фразеологизмдердің кұрылымдық және мағыналық
жүйелерін салыстыра-салғастыра қарастыруды жұмысымыздың негізгі мақсаты деп
белгіледік.
Алға қойған курстық жұмысымыздың мақсатына орай төмендегідей
міндеттер шешілуі тиіс:
- неміс және қазақ тілдері фразеологиялық қорынан құрамында “ақ” және
“қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктерді теріп алу;
- неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктер жасалуының өнімді деген құрылымдық-
грамматикалық үлгілерін анықтау;
- неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктердің құрылымдық жүйесіне талдау жасау;
- неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктердің семантикалық жүйесіне талдау жасау;
- неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктердің құрылымдық және семантикалық жүйелеріндегі
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Неміс және қазақ тілдеріндегі
құрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктер бұрын-
соңды арнайы зерттеу нысаны болмай келгендіктен, бұл зерттеудің теориялық
тұрғыдан тіл білімі ғылымына өзіндік үлесі болады деп санаймыз. Атап
айтқанда, неміс және қазақ тілдері аталмыш фразеологиялық бірліктердің
мағыналық, құрылымдық сипаттамасы жүйесіндегі ерекшеліктер мен ұқсастықтар
жайында теориялық маңызды пікірлер айтылады.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу нәтижелері жалпы тіл
біліміндегі салыстырмалы-салғастылмалы фразеология мәселелерін одан әрі
толықтырып, байыта түседі деген ойдамыз. Зерттеу жұмысының теориялық
тұжырымдарын неміс және қазақ тілдерінің салыстырмалы лексикология және
фразеология салаларында, шет тілдерін үйрету барысында: грамматика,
фонетика, синтаксисті өту кезінде қолданылып, жалпы елтану пәндерінде
жұмсалып, оқу процессін интенсивті түрде өткізілуіне белгілі бір пайдасы
тиер деген үміттеміз.

1 ФРАЗЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Неміс және қазақ тілдеріндегі фразеологияның зерттелу жайы

1.1.1 Неміс фразеологиясының зерттелу жайы
Фразеология ғылым ретінде алғаш рет ХХ ғасырдың 20-жылдары басқа
лингвистикалық пәндерден бөлініп шықты. Бұл құбылыс Ф.И.Буслаев,
И.И.Срезневский, А.А.Потебня, Ю.А.Бодуен де Куртене, С.Ю.Абакулов сияқты
орыс лингвистерінің еңбектерінің арқасында болды. “Фразеология” терминін
1905 жылы француз лингвисті Чарль Балли енгізді. Ол тұрақты сөз тіркесін
стилистикалық тұрғыда тілді әрлендіруші, безендіруші құралы ретінде
қарастырды.
Қазіргі неміс тілінің фразеологиялық қорының анықталуы, сөздердің
фразеологиялық жиынтығын шектеу принциптерін фразеологиялық емес типті
тұрақты сөз тіркестерінен айқындау жалпы фразеология теориясының даму
нәтижесінде соңғы жылдары ғана мүмкін болды. Фразеологияның жаңа
лингвистикалық пән ретінде қалыптасу процессі жан-жақты, әрі тиянақты түрде
орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі еңбектердің бірқатар соңғы
фразеологиялық ізденістерінде баяндалады. Көптеген зерттеушілер
концепцияларының арасындағы мәнді қарама-қайшылықтарға қарамастан,
фразеология ғылымының басты проблемасы қазіргі кезеңде объективті
критерийлер негізінде шешімін таппақ, яғни ресей лингвистерінің топтық
талпынысының нәтижесінде туындаған объективті критерийлер негізінде.
Неміс тіл біліміндегі фразеологияның зерттелуіне мынандай кезеңдер
тән:
1. Тіл туралы ғылымның әртүрлі бағыттарында тұрақты сөз тіркестерін
қарастыру кезеңінің созылуы, оның ортақ бір пән ретінде
фразеологияға біріктірілмеуі;
2. Фразеологиялық бірліктерді инвентаризациялаудың нақты теориялық
принциптерінің болмауы;
3. Фразеология теориясының әлсіз сұрақ құрылымы, сонымен қатар
берілген тіл аумағының жаңа аспектілерін зерттейтін теориялық
еңбектердің мүлдемге болмауы.
Неміс тілінің тұрақты және ауыспалы сөз тіркестері деп бөлінуі
грамматикалық зерттеулерде пайда болғаны анық, нақтырақ айтқанда XIX-XX
ғасырлардағы неміс ғалымдарының синтаксистік зерттеулерінде пайда болды.
Орыс тіл біліміндегі А.А.Шахманов, Ф.Ф.Фортунатов, В.К.Поржезинский деген
ғалымдардың синтаксистік зерттеулері фразеология теориясының негізін
қалады, басқа жағдайда ол неміс тіл білімінде болмаушы еді де. Бүгінгі
күнге шейін фразеологиялық және фразеологиялық емес типтегі тұрақты сөз
тіркестері көптеген неміс лингвистерінің еңбектерінде синтаксис пен
сөзжасамға анализ жасауда сөз тіркестер қатары қарастырылды. Бұған
қарамастан фразеологиядағы ауқымды зерттеулер ішінен Фридрих Зейлердің
“Неміс фразеологиясы” атты жалғыз еңбегін айтпасқа болмайды. Бұл еңбегі
фразеологияның түрлері - мақал-мәтел, жұпты тіркестің құрылымы мен
семантикасына анализ берумен қатар, олардың пайда болу тамырларын көрсету
арқылы неміс тілінің фразеологиялық тіркестерге бай екендігін ашып берудегі
қадамы болды. Бұл еңбегі құнды материалдармен қатар өзінің өзектілігін
бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған маңызды теориялық жалпылаудан тұрады.
Бірінші орында нақты мақалдар болды. Идиомалардың шығу тегін және
лексикографиялық басылымдардағы оның инвентаризациясын ашып көрсететін
Ф.Зейлердің зерттеулері қызықты болып келеді. Ары қарай фразеологиядағы
неологизмдерге анализ беруге қадам жасалады: жаңаша тұрақты сөз тіркес
проблемасын қарастыру, бірақ фразеологиялық материалдарды семантизациялау
дәстүрлі түрде берілді, ешбір ғылыми дәлелдеусіз. Лексикографиялық
жұмыстардың ішінен Э.Агриколаның Гернер мен Кюфнер қатысуымен болған
жұмыстарды атамай кетуге болмайды. Басқа сөздіктермен салыстырғанда, бұл
еңбектің материалды ғылыми тұрғыда жүйелеуі, кіріспесі және оның ауқымды
негізгі бөлімі тұрақты сөз тіркестерін ауыспалы сөз тіркестерінен айыруға
және фразеологизмдерді топтарға жіктеуге арналуы жағынан бірқатар
артықшылықтары бар.
Неміс фразеологиясы Кеңес Одағы германистикасында да бірқатар
зерттелген болатын. Кеңес Одағында неміс фразеологиясын зерттеуде басты
назар аударарлық жайт, “фразеология” ұғымының құрамына таза номинациялы
бірліктерді немесе неофористикалық фразеологияны қосу арқылы кеңейуі болып
табылады. Бұл қадам кеңес германистерінің неміс фразеологиясына
В.В.Виноградовтың классификациясын қолданудан болып отыр. Неміс
фразеологиясына В.В.Виноградовтың классификациясын қолдануда
М.Д.Городникова, Л.Ф.Зиндер, Т.В.Строева сияқты ғалымдардың осы
классификациялауды әмбебап қылуға деген ұмтылыстары тән. Мысалы,
М.Д.Городникова фразеологияның фразеологиялық салыстыру және фразеологиялық
бірлік типтерінің семантикалық құрылымын қарастыра келе, оларды бір топқа
біріктіріп “идиома” деп атап, оны фразеологиялық тіркестер, яғни лексикалық
бірліктерге қарама-қарсы қояды. Осыған ұқсас қадамдар Л.Ф.Зиндер мен
Т.В.Строева жасаған болатын. Осы ұсыныстың авторлары В.В.Виноградов
классификациясындағы (фразеологияық салыстыру мен фразеологиялық бірлік)
екі топты фразеологиялық бірлік деген атаумен біріктірді. Классификацияны
өзгертудегі екі топ өзінің өзгешіліктеріне қатысты фразеологиялық
бірліктерге қарсы тұратын фразеологиялық тіркестер болып қалды. Неміс
фразеологияна В.В.Виноградовтың семантикалық классификациясының қолданылуы,
неміс фразеологиясының орыс фразеологиялық бірліктеріне ұқсас ең басты
өзекті ерекшелігін шығарып алуға септігін тигізді: неміс тілінің
фразеологиялық бірліктерінің (толық және жартылай фразеологиялық кірігулер)
компоненттерінің ауқымды вариативтілігі, орыс тілінің фразеологиясынан
басым болып келеді: мысалы: j-n zur Weißglut bringen немесе j-n zur
Weißglut reizen, sich weiß waschen soll. Р.Клаппенбах В.В.Виноградовтың
классификациясын қолдану барысында “фразеологиялық бірліктің көркемдік және
экспрессивтік мазмұны құрамындағы бір сөзді ауыстыру арқылы толық өзгереді”
деген критерийдің неміс тіліндегі фразеологиялық бірлікке тән еместігіне
тап болды. Мысалы: sich weiß waschen soll = sich weiß brennen wollen. Неміс
тіліндегі фразеологиялық бірліктердің осы өзгешелігі германистерді
фразеологиялық құрылымдық синонимияны зерттеудің маңыздылығын көрсетті, бұл
құбылыс ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғалымдардың назарын аударуда.
Қазіргі неміс тілінің фразеологиялық бірліктерін классификациялау
проблемасы көптеген Кеңес Одағы германистерінің еңбектерінде кеңінен
қарастырылады. В.В.Виноградовтың семантикалық классификациясынан басқа,
семантикалық және функционалды классификациялар дүниеге келді. Сонымен
қатар, неміс тілінің фразеологиялық бірліктері сөйлем мүшелеріне қатысты
ұқсас болып келуі зерттелді. Фразеологиялық бірліктердің құрылымдық
типтерін зерттеу барысында басты қызығушылықты әдетте, неміс тілінің арнайы
әдебиеттерінің мәтелдер тобында немесе мүлдем фразеологияға жатқызылмаған
компаративті фразеологиялық бірліктер (тұрақты салыстырулар) туғызды.
Бүгінгі күнге шейін неміс фразеологиясы бойынша арнайы еңбектерінде зерттеу
объектісі фразеологиялық көрініс басқа құрылымнан шектеу болып табылатын
еңбектер аз. Жақында ғана ортаға қойылып, өзінің шешімін күтіп отырған жаңа
аспектілер - фразеология арқылы неміс тілінің қорын байыту және лексикалық
жүйені фразеологиялық бірліктер (фразеологиялық деривация) негізінде
толықтыру болып табылады.
Жоғарыда айтылғандар бойынша қарытынды.
Теорияға жасалған шолу шет елдердегі және Кеңес Одағы
германистикасындағы қазіргі неміс тілінің лексикографиясына төмендегідей
қорытындылар әкелді:
1. Неміс тіл білімінің фразеология теориясының әлсіз қарқынмен
дамуында жалпы мына сұрақтар зерттелді:
А) фразеологияның бір түрі - мақалдардың синтаксистік құрылымы,
семантикасы және жеткізу әдістері (Ф.Зейлер еңбегі);
Б) фразеологияның кейбір түрлері, әсіресе идиоманың этимиологиясы мен
шығу жолдары (фразеологиялық сөздіктер).
2. Неміс тіл біліміндегі фразеология дамуының оңды сәттерін жекелеген
лексикограф ғалымдардың неміс тіліндегі фразеологиялық бірліктердің
семантикасы мен құрылымын анықтаудағы ұмтылыстары деп атауға болады.
Фразеологиялық материалды жүйеге келтіру неміс тіл білімінде оның 3 түрі
арқылы көрініс табады:
А) Ф.Зейлермен толығырақ баян етілген классификациясы - құрылымды-
семантикалық классификация;
Б) Р.Клаппенбах құрастырған В.В.Виноградовтың семантикалық
классификациясының құрылымдық варианты;
С) фразеологиялық бірліктің семантикалық құрылымы бойынша
классификациялау.
3. Кеңес Одағы германистикасында өте қарқынды турде зерттелген
фразеология теориясының сұрақтары мыналар:
А) фразеологиялық бірліктердің семантикалық, функционалдық,
стилистикалық классификациясы;
Б) фразеологияның белгілі бір тобының сөйлем мүшелерімен ұқсас болып
келуі.
4. Неміс фразеологиясының фразеологиялық бірліктер арқылы баюы,
фразеология мен лексикология арасындағы байланыс.
1.1.2 Қазақ фразеологиясының зерттелу жайы
Фразеологизм - қазақ тілі сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай
саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық,
суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы алуан
түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер - жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін
арттыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-
нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында корланып, қолдануға дайын
тұратын, калыптаскан сөз тіркестері.
Фразеологизмдер - тіл қазынасының байырғы да құнарлы қабатына, көркем
сөз қорының сүбелі саласына жататын сыры мол, мазмұны терең, қолданыс аясы
кең құбылыс.
Фразеологизмдердің тіл байлығымыздан ерекше орын алып, көптеген
ғылыми зерттеулердің объектісі болуының себебі, біріншіден, олардың сан
жағынан көптігі (қазақ тілінде 20 мыңнан асады), екіншіден, тілдегі
қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақырып жағынан ауқымдылығы
және, төртіншіден, тіл практикасында жиі кездесуі. Фразеологизмдер, сонымен
қатар барша рухани өмірдің байлығын жан-жақты сипаттауда да ерекше қызмет
атқарады.
"Фразеология" деген термин тіл білімінде екі түрлі мағынада -
біріншіден, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада,
екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген
мағынада қолданылады.
Түркі тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерін С.Н.Мұратов төрт топқа
бөліп көрсетеді:
1. күрделі сөздер;
2. лексикаланған сөз тіркестері;
3. грамматикаланған сөз тіркестері;
4. фразеологиялық единица.
Түркі тілдеріндегі кез-келген фразеологиялық бірлік тұрақты сөз
тіркесі болғанымен, кез келген тұрақты сөз тіркесі фразеологиялық бірлік
бола алмайды. Фразеологиялық бірлік - тұрақты сөз тіркестерінің бір түрі
ғана.
Тұрақты тіркестер, оның ішінде фразеологиялық тіркестер - барлық
тілдерге тән құбылыс. Сондықтан да ол барлық тілдер де кеңінен зерттелуде.
Қазіргі тіл білімінде фразеология саласы мынадай бағыттарда зерттеліп
келеді:
1. фразеологизмдердің теориялық, практикалық мәселелері;
2. фразеологизмдердің стильдік қызметі, көркем шығармада
қолданылуы;
3. фразеологизмдердің әдеби тіл тарихы түрғысынан зерттелуі;
4. диалектілік фразеологизмдердің зерттелуі;
5. фразеологизмдердің құрылымы;
6. фразеологизмдердің тілдерде салыстыра-салғастыра зерттелуі.

Орыс тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеле басталуы А.Х.Востоков,
Ф.И.Буслаев, А.А.Потебня, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Шахматов, А.М.Пешковский т.б.
ғалымдардың еңбектерінен басталады. Сөз тіркестерін еркін және тұрақты,
тұтас деп қарастырған А.А.Шахматов болды. Оның кейбір сөз тіркестерін
грамматикалық жағынан бөлуге келмейді деген пікірі, идеясы лексика-
семантикалық жағынан да ажыратуға болмайтын бір ұғымды білдіретін сөз
тіркестерін зерттеудің қажеттілігін көрсетті.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелуі І.Кеңесбаев еңбектерімен
байланысты. Ғалымның қазақ фразеологиясы туралы зерттеулері "Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі" деген еңбегінде берілген. Сөздік 10000
фразеологиялық тіркесті қамтиды. Мұнда тұрақты тіркестер туралы маңызды
теориялық мәселелер берілген.
М.Копыленко фразеологияға номинативтік бірлік болып табылатын
лексикалық тіркестердің бәрін жатқызады.
Қазақ тіліндегі атау тұлғалы фразеологиялық бірліктің структуралық
түрлері А.Байтелиевтің еңбектерінде қарастырылған. Автор атау тұлғасындағы
суық қол, су жүрек секілді фразалық тізбектердің өзіне ұқсас жай
тіркестерден (соқыр кісі) айырмашылығын, екінші жағынан, бізқұйрық, жылтыр
қара секілді күрделі сөздерден айырмашылығын ашып көрсетуге тырысады.
Фразеологизмдердің семантикалық табиғатына С.Төлекованың еңбегі
арналған. Автор қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мағынасындағы
фразеологиялық тіркестердің шығу себептерін, олардың көнеру процесстерін
ашып көрсетеді. Сонымен қатар мұндай фразеологизмдердің эвфемизм, одағай
секілді тілдік категориялармен ұқсастығы мен айырмашылығын ашып көрсетуге
тырысады.
Фразеологиялық тіркестерді классификациялауға байланысты бір-қатар
мәселелер Р.Е.Жайсақованың зерттеу еңбектерінде қарастырылады. Бұл
еңбегінде фразалық тіркестерді бөлшектеудің төмендегідей түрлері кездеседі:
1) фразалық тұтастықтың семантикалық классификациясы:
а) фразалық-тұтастық;
б) фразалық бірлік;
в) фразалық тізбек;
2) лексика-морфологиялық классификация:
а) атау түлғасындағы фразалық тұтастық (ақ көңіл, қоян жүрек);
в) етістікті фразалық тұтастық (ала көзімен ату, бір сөзді болу);
б) әр түрлі сөз таптарының тіркесуінен жасалған
фразалық тұтастықтар;
структуралы-типологиялық классификация. Мұнда фразеолгиялық бірліктердің-
компоненттерінің саны есепке алынады;
синтаксистік классификация. Мунда фразеолгиялық бірліктердің-сөйлемде-
әр-түрлі сөйлем мүшесі бола алу сипаты беріледі;
пәндік-мағыналық классификация. Бұл классификация екі
мәселені қамтиды: а) негізгі сөздердің басты лексикалық мағыналарын есепке
алады: ә) фразеолгиялық бірліктердің жалпы мағынасын есепке алады.
Фразеолгиялық бірліктердің стилистикасы, олардың қазақ жазушыларының
шығармаларында қолданылуы бірқатар еңбектерде зерттелген.
Авторлар жазушылардың бейнелі құралдар мен фразалық тізбектерді
қолданудағы өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Қазақ тілі фразеологизмдері орыс жөне басқа тілдермен салыстыру-
салғастыру тұрғысынан да зерттеліп келеді (Исабеков С.Е., Сабитова М.,
Жетпісов С., Войтик Л.С., Қонақбаева Ж.К., Медербекова Д, Мұратов С.Н.,
Тажмұратова А.Е., Тезекбаев М.Т., Ураксин З.Г., т.б.).
Енді біраз зерттеулер фразеологизмдердің жеке категорияларын
қарастыруға бағытталған (Сатенова С, Ахметжанова Ф.Р., Уызбаева Б.,
Рыспаева К., Смағулова Г., Боранбаева Г., т.б.).
Жалпы шола келгенде, қазақ тіл білімінің фраэеологиясы екі бағытта
зерттелуде деп айтуға болады:
1) қазақ фразеологиясының теориясын жасауға қатысты жалпы
проблемалары;
2) қазақ фразеологиясының тәжірибеде қолданылуынан туатын жеке
проблемалары.

1.2. Фразеология және оның өзіндік белгілері

"Фразеология" деген термин тіл білімінде екі түрлі мағынада -
біріншіден, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада,
екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген
мағынада қолданылады.
Фразеологизмдер - тарихи категория. Олар ұзақ тілдік қолданыстан
кейін ғана тұрақтылыққа ие болады. Фразеологизмдерді басқа тілдік
бірліктерден ажыратудың айырма-белгілері деп зерттеушілер мынандай үш
негізге сүйенеді:
1) мағына тұтастығы (белгілі бір фразеологиялық бірліктің
ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай
айырылып қалады да шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді);
тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологиялық бірліктің ішін-
дегі сөздер бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық
келеді, барлық жағдайларда дерлік бір шоқ тіркес өз қалпын сақтайды);
қолдану тиянақтылығы (белгілі бір фразеологиялық бірліктің
әрдайым айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана
қолданылады).
Сөз тіркестері аталған белгілерге бірден ие болмайды, фразеология-лық
мағынаға ауысу үшін бірнеше шарттарды қажет етеді. Олар:
1) тура мағыналы сөз тіркестерінің қоғамдық қатынастардың
ауысуына, түрлі әдет-ғұрып, ой-сананың өзгеруіне байланысты алғашқы
мағынасының көнеленуі нәтижесінде идиомалық оралымдар жасалады;
2) еркін сөз тіркестерінің мағыналық жағынан толығуы нәтижесінде
фразеологиялық мағынаға ие болады;
жиі қолданылу нәтижесінде тілдік оралымдар нақтылығын
жоғалтып, алғашқы құрылымдары өзгеріске түседі де, тұтас тіркеске
ауысады;
сөз тіркестерінің алғашқы грамматикалық құрылымының
өзгеруімен бірге, ғасырлар бойы айтылған тұлғалары сақталып, тиянақты
құрылымға айналады.
Тіл білімінде фразеологизмдерге беріліп жүрген анықтамаларда
бейнелілік - фразеологизмдердің басты қасиеттерінің бірі ретінде жиі
көрсетіледі. Фразеологизмдердің экспрессиясын тудырудың бірден-бір жолы
образдылық болып табылады. Еркін сөз тіркестерінің образға ие болуы -
фразеологизмге өтудің бірінші сатысы.
Тура мағыналы еркін сөз тіркестері бір затты, құбылысты, басқа затқа,
құбылысқа ассоциациялау (теңдестіру, ұқсату) нәтижесінде ауыспалы мағынаға
ие болады. Еркін сөз тіркестерінің ауыспалы мағынаға өтуі -
фразеологизмдердің алғашқы шарты. Ауыспалы мағынада жұмсалатын тіркестің
белгілі бір нәрсеге теңелетін, баланатын түрлері адам санасында образ
жасайды. Бейнеліліктің негізінде тура және ауыспалы мағынаның қарама-
қайшылығы болады. Тілдік қолданыста ауыспалы мағынаға ие болған тіркестер
дәл сол құрамында да тұрып, тура мағынада жұмсала береді. Кейбір
тіркестердің алғашкы өз мағынасы әлсіреп, қолданыстан шығып қалады да,
екінші ауыспалы мағынасы ғана тілдік айналымда қалады. Олардың
ассоциацияланған негізгі құбылысы ұмытылады. Бұл - фразиологизм құбылысының
бір белгісі болып табылады.
Фразеологизмдердің бейнелілігіне диахрониялық тұрғыдан келгенде,
мынандай факторлар әсер етеді:
1) экстралингвистикалық факторлар: фразеологизм образының уақытқа,
қоғамға, әлеуметтік жағдайға, ұлттың тұрмысына, таным
түсінілгіне қатыстылығы;
2) лингвистикалық факторлар: бейнелілікті жасау тәсілдері, троп
түрлері, теңеу, эпитет, метафора, гипербола, литота.
Фразеологизмдердің бейнелілігі экстралингвистикалық және
лингвистикалық факторлар араласа қатар жүруімен жасалады.
Фразеологизмдер тіл байлығынан ерекше орын алатындықтан, жалпы тіл
білімінде олардың мән-жайын айқындау проблемалары да аса қажетті, өмірлік
мәселелерге айналды.

1.3 Фразеологизмнің түрлері

Енді фразеологизмге қандай тілдік құбылыстар жатады, олардың
басқалардан қандай түбірлі айырмашылықтары бар, оларды бір-бірінен
ажыратуда нені басты белгі етіп ұстау керек деген мәселеге қатысты
көзқарастарға тоқталайық.
Орыс тіл білімінде бұл салада көп енбек жасаған ғалым-академик
В.В.Виноградов. Ғалым фразеологиялық орамдарды фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірілік, фразеологиялық тіркес деп үшке бөлген.
Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан айқын ажыратыла
бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте күрделі
мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі
жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылған.
Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттерде бүтіндей тұрақты
тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары мағыналарының арақатысы жағынан
топтастырылса, екіншілерінде құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі немесе
эмоционалды-экспрессивті жағынан топтастырылады.
Академик В.В.Виноградов фразеологиялық бірліктерді бүтіндей
фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлары
мағыналарының арақатысы тұрғысынан топтастырған. Жалпы тіл білімінде де осы
классификацияны бірден-бір арқау етеді.
Фразеологизмдер негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер
бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін
ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, түйені
түгімен жұтты дегеннен ойсырата пара алып, елді қанады деген мағына туады.
Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда
болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекеті, сапа мен
белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып
келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаламуы, я
болмаса тасаланбауы жағынам елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ең алғашқы
еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның
аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады мағынасын түсінеміз. Бұл
мағынаның жасалуында, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы
негіз болған.
Фразеологиялық тізбек. Бұлар еркін тіркесті ауыспалы мағынада
қолданудан келіп шығады. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық
қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде
қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, қара бет.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз-дің сан
алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық мағынадағы
сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады.

1.4 Фразеологияның сөз табына қатысы

Орыс тіл білімі ғалымдары Ф.И.Буслаев, А.А.Шахматов, А.Потебня
фразеологизмді грамматикамен байланыстыра зерттеуді ұсынған болатын.
И.И.Срезневский тұрақты тіркесті етістік, зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік сияқты топқа бөліп жіктеуді де қарастырған-ды.
Фразеологизмдер жеке сөзге эквивалент болғанмен, сөз сияқты заттың
номинативті атауы емес жанама атауы. Дара сөзден оның өзіндік айырмашылығы
бар. Сондықтан да оларды әр сөз табына үзілді-кесілді жіктеу қиын.
Дегенмен. "сөз сөйлем ішінде жанданады" демекші, өзінің күрделілігіне
қарамастан, фразеологизмдер сөйлем ішінде сөздер сияқты байланысқа түседі,
тіпті, фразеологизмдердің тіркесуінің өзі грамматикалық байланыста ғана
қалыптасып тұрақталады. Ол дара сөз іспетті грамматикалық ереже
заңдылығымен жұмсалады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп
өз мәнін нақтыландырады, сөйлемнің бір мүшесі болып келеді. Ал сөйлем
мүшесі белгілі бір сөз табынан болады.
В.П.Жуков фразеологизмдерді етістік, үстеу. есім және предикатты есім
фразеологизмдер деп бірде сөз табы, бірде сөйлем мүшесі жағынан топтаса,
А.М.Молотков есімді, етістікті субъективті-адвербиалды, етістікті-
пропозициялды деп тек сөз табы жағынан топтайды.
Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова қазақ тілінің фразеологизмдерін
төмендегідей топтастырады:
есімді фразеологизмдер;
етістікті фразеологизмдер;
одағай түрі;
адвербиалды түрі;
сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер.
Ә.Болғанбаев фразеологизмдерді таза сөз таптық түрғысынан жіктейді:
етістік мағыналы фразеологизмдер;
заттық мағыналы фразеологизмдер;
сындық мағыналы фразеологизмдер;
4) үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан да көп сөздердің
жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады.
М.Н.Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қызметін атқарады
дейді. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер
дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады
да, бір сөздің орнына жүреді. Сондықтан, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем
мүшесі қызметін атқарады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз
табына бағынышты болады.
Тұрақты тіркестің белгілі сөз табына қатыстылығын әрбір тіркестегі
сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Алайда,
тіркестегі негізгі сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы мен
фразеологизмдердің тудыратын мағыналары үнемі сәйкес келе бермейді.
Мәселен, арасынан қыл өтпейді деген идиоманың сыртқы грамматикалық сипатына
қарасақ етістікке жататын сияқты. Ал, мұның беретін ұғымы тату-тәтті, дос
деген сын есімге қатысты болып тұр. Олай болса, фразеологизмдердің қай сөз
табына қатыстылығын анықтау үшін, негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын
фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет. Мәселеге бір жақты емес жан-
жақты қарау керек.

1.5. Фразеологияның шығу арналары

Фразеологиялық тіркестердің шығу төркініне байланысты екі түрлі пікір
айтуға болады:
1) фразеологиялык тіркес - белгілі бір озық ойлы, парасатты, сөзге
шешен, халық өкілдерінің өмірден алған тәжірибесінің немесе нақты бір
оқиға, іске қатысты айтылған ой-тұжырымдарының қорытындысы;
2) жесір дауы, құн дауы тәрізді келелі кеңестерде айыр көмей, жез
таңдай шешендердің айтқан биліктерінің уақыты өте келе ықшамдалып,
өңделіп жеткен үлгілері. Олар жылдар бойы халық жадында сақталып,
жатталып, бірте-бірте қолдануға даяр тілдік құралға, халықтық ортақ
мұрасына айналған. Фразеологизмдерді шебер қолданудың
үлгілері,
олардың сыры мол табиғатын терең тұсініп, сиқырлы күші мен құдіретін
бағалай білген кешегі шоқтығы биік шешен бабалардың, ердің құнын екі
ауыз сөзбен тындырған тапқыр да әділ билердің, замана
зарын,
халықтың арманын арқалап, күңірене күй толғаған абыз-жыраулардың
сөз саптауларынан аңғарылады. Олардың дуалы аузынан шыққан
халықтың жадында ұзақ уақыт, тіпті ғасырлар бойы сақталып, рухани
қазынаға айналып бізге жеткен сөз байлығының таусылмас бұлағы,
шешендік өнердің негізі, мәйегі болып саналатын сөз оралымдары, яғни
фразеологизмдер.
Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар,
түсініктер себеп болған. Солардың бастылары мыналар:
1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында
қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы,
сары қарын бие деп 8-9 жастағы биені айтса, мағына дами келе сары
қарын бәйбіше деп адамға қатысты айтыла бастаған. Сол сияқты ағынан
жарылды, аузынан ақ май ағызды деген фразеологизмдердің жасалуына да,
сөз жоқ, адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі
себеп болғандығын танып білуге болады.
Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде
пайда болған. Мысалы, қас қарая, қызыл іңірде, ала жаздай, ақ қар, көк
мұзда, ұзын сарыда, т.б.
Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-
ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы, ақ жуып, арулап көмді, қара
жамылды, қарасын алды, т.б.
Ақ сүтін көкке сауу - магиялық қарғыстан келіп шыққан. Ананың ақ
сүтін ең киелі деп санайтын халқымыз ананы қадірлеуді, оның ақ сүтін
ақтауды баласының ең үлкен борышы деп түсінген.
Ай, күн, жұлдыздың тотемдік қызметінің әсерін, бұларға байланысты
қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерінен көруге болады. Мысалы, айың оңыңнан
тусын, жұлдызың жоғары болсын, т.б.
Құдай, тәңір, алла сөздерінің тірек болуы нәтижесінде жасалған сөз
тіркестері көптеп кездеседі. Олар: алла жар болды, құдай білсін, аллаға
шүкір, т.б.
4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен өткен тарихи
оқиғалар негіз болған. Мысалы: жеті атасынан қара көк узілмеу, шынжыр
балақ, шұбар төс, қара нар, қой үстіне торғай жұмыртқалады, ақ табан
шұбырынды т.б.
Сонымен, фразеологизмдердің көпшілігі - халқымыздың тарихын, салт-
дәстүрін, адамгершілік зандылықтарын, кәсібі мен тұрмыс-тіршілігін, мінез-
құлқын, ой-жүйесін бейнелейтін ең қысқа формадағы болмыс пен тұрмыс
ережелері.
Курстық жұмысымыздың осы бірінші бөлімін қорытындыласақ, фразеология
- белгілі бір тілдегі тұрақты тіркестерді, яғни фразеологиялық бірліктерді
зерттейтін ілім. Бұл тіл білімінде біршама зерттелген категория.
Фразеология жазу, сөйлеу тілінің ажарын ашатын тілдің универсалды саласы.
Фразеологизмге тән үш белгі бар. Олар:
1) мағына тұтастығы;
2) тіркес тиянақтылығы;
3) даяр қалпында жұмсалуы.
Фразеологизмдерге бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық,
суреттеме қасиеттер тән.

2 НЕМІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ “АҚ” ЖӘНЕ “ҚАРА” АТАУЛАРЫ
БАР ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ- СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
2.1 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктерді салыстыра-салғастыра зерттеу

Бұл тарау неміс және қазақ тілдеріндегі “ақ” және “қара” атауларынан
жасалған фразеологизмдердің құрылымдық жүйесінің салғастырылып зерттелуіне
арналған. Осы тарауда екі тілдің “ақ” және “қара” атауларынан жасалған
фразеологиялық бірліктер құрылымына қарай топтастырылып, өнімді деген
құрылымдық үлгілер айқындалады. Неміс және қазақ тілдерінің ұқсас
қасиеттері мен әр тілге тән ерекше белгілерін айқындап көрсетуге талпыныс
жасалады. Сондай-ақ, құрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық
бірліктер компоненттерінің тіркесу амалдары мен жолдары көрсетіліп,
түсініктеме беріледі.
Тілдердің фразеология саласын салғастыра зерттегенде фразеологизмдер
компоненттері құрамының түрақтылығы, олардың грамматикалық ерекше кұрылымы,
фразеологизмдер құрамында негізгі және көмекші элементтердің болуы назардан
тыс қалмауы тиіс. Фразеологизмдердің лексемдік құрамы және кұрылымдық
болмысы дәл, әрі толык талданбаса, олардың шын мәніндегі мағыналарын түсіну
оңайға түспейді, өйткені фразеологизмдер мазмұны олардың мағынасына әсер
етпей қоймайтын формальды түрдегі құрылымымен тығыз байланыста тұрады.
Фразеологизмдерді салғастыра зерттегенде оларды құрылымдық-семантикалық
жағынан талдап қарастырудың үлкен мәні, зор маңызы бар. Өйткені, дәл осы
зерттеудің нәтижелері салғастырылған тілдердің ерекше және ортақ
қасиеттерін айқындауға септігін тигізеді. Әрине, әр тілдің өз
фразеологизмдері бар, сонымен қатар, олардың тек өздеріне ғана тән
кұрылымдық жүйесі, ұлттық ерекшелігі, қолданылу жиілігі және даму тарихы
бар. Фразеологизмдер басқа тілдік бірліктерден ерекшеленіп тұрғанымен де,
төл тілінің құрылым жүйесінен хабардар ететіні даусыз. Сондықтан да,
фразеологиялық қордың құрылымдық-семантикалық ерекшелігін жан-жақты
қарастыру әр тілдің тілдік жүйесі туралы жаңа қағидалар, тың ойлар
тудыратыны сөзсіз. Тілдердің фразеологиялық тіркестерің құрылымдық жағынан
салғастыра зерттеу - фразеологизмдердің негізгі лексико-грамматикалық
жүйесіне тән ерекшеліктерге көңіл бөлуді талап етеді. Себебі, тұрақты
тіркестер, сондай-ақ еркін тіркестер де лексемалардан тұрады, ал ол
лексемалар өз алдына белгілі бір грамматикалық тәртіппен жасалады.
Тілдердің бір-бірінен айырмашылығы олардың морфологиялық жүйесінен
көрінетіні бәрімізге мәлім. Құрылымы әр түрлі туыстас емес неміс және қазақ
тілдерінің фразеология саласындағы морфологиялық құбылыстарды жан-жақты
салғастыра қарастыру - әр тілдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері мен екі
тілде де кездесетін ұқсастық немесе ортақтықты айқындап, анықтауға
мүмкіндік береді.

2.2 Түр-түстің адам өмірінде алатын орны

Табиғаттағы неше алуан түр-түстер мен олардың реңктерін адам баласы
екі түрлі жолмен танып, біле алады екен. Олардың бірі - ғылыми жол да,
екіншісі - халықтық дәстүр, тәжірибе. Түр-түс әлемін ғылыми жолмен тану осы
құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының (колориметрия, физика,
физиология, психология, т.б.) дамуына байланысты болса, дәстүрлік тану
белгілі бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді.
Хронологиялық жағынан алып қарасақ, әрине, дәстүрлік тану ғылыми танудан
бұрын тұруы керек.
Түр-түс табиғатын әрбір халық, әрбір этностық топ өзінше танып,
өзінше анықтап, өз тілінде ат қояды. Бұл танымның "дәстүрлік таным" деп
аталуының себебі: ол ұзақ дәуірдің, халық болып жаралғаннан бергі
дүниетанымының, өзін қоршаған тамаша табиғаттың түр-түсін меңгеруінің және
оларды өз тілінде қалыптастыруының нәтижесі болып саналуында.
Түр-түс атаулары фразеологизм құрамында негізгі түстік мағына-сынан
гөрі, ауыспалы мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Түр-түс атауларының бұл
сыры жай уақытта байқала бермейтін, бірақ тілдің ұзак даму тарихында
қалыптасып, қолданыс дәстүріне айналған, оның күші мен құдіретін,
әсерлілігі мен әсемдігін паш ететін қасиет.

2.3 Неміс және қазақ тілдеріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктердің морфологиялық сипаты

Түр-түске қатысты тұрақты сөз тіркестерінің ішінен құрамында “ақ”
және “қара” түстері бар фразеологиялық бірліктердің морфологиялық құрамы
дегенде, біз олардың құрамына, яғни қанша сөзден және қандай сөз таптарынан
тұратындығына көңіл аударғымыз келеді. Фразеологизмдер құрамы жағынан екі
сөзден, үш сөзден және көп сөзден тұратын тіркестер болып бөлінеді. Оны
төмендегі кестеден көруге болады.
Құрылымдық Неміс тілі Қазақ тілі
түрлер Компоненттер саны Компоненттер саны
2 3 4 5
“weiß” “schwarz” “ақ” “қара” Неміс тілі Қазақ тілі
Етістік 14 19 11 18 weiß sein; Ақ түйенің
мағыналы schwarz қарны
ärgern жарылды
Зат есім 9 10 10 16 weiße Maus; Қарғылы
мағыналы schwarze Wareқара төбет
Сындық 6 6 12 10 die weißen Ақ
мағыналы Hunde бөкеннің
таңындай
Үстеу 2 6 1 1 wird es Қара
мағыналы schwarz vor өрттей
den Augen қаптады
Барлығы 31 41 34 45 72 79

Неміс және қазақ тілдерінде етістік мағыналы құрамында “ақ” және
“қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктер (неміс тілі - 33, қазақ тілі
- 29), зат есім мағыналы (неміс тілі - 19, қазақ тілі - 26), сындық
мағыналы (неміс тілі - 12, қазақ тілі - 22) және үстеу мағыналы (неміс тілі
- 8, қазақ тілі - 2) тіркес түріндегі құрамында “ақ” және “қара” атаулары
бар фразеологиялық бірліктер кездесті.
Екі тілдегі сөз тіркесі түріндегі құрамында “ақ” және “қара”
атаулары бар фразеологиялық бірліктерді модельдеу әдісімен талдай келе,
етістік мағыналы фразеологиялық бірліктердің неміс тілінде - 18, қазақ
тілінде - 10 құрылымдық үлгі, зат есім мағыналы фразеологиялық бірліктердің
неміс тілінде - 2, қазақ тілінде - 6 құрылымдық үлгі анықталды, ал сындық
мағыналы фразеологиялық бірліктердің неміс тілінде - 2, қазақ тілінде - 7
құрылымдық үлгісі, үстеу мағыналы фразеологиялық бірліктердің неміс тілінде
- 7, қазақ тілінде – 2 құрылымдық үлгісі айқындалды.
Неміс және қазақ тілдеріндегі етістік мағыналы
құрамында “ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктердің
салғастырмалы кестесі.
2-кесте
№ Құрылымдық Неміс Қазақ
үлгілер тілі тілі
1 Adj + V 3
2 Adj + S + V 6 12
3 Präp + Adj + S + V 2
4 S(Adj) + Präp + S + V 3
5 Präp + S(Adj) + V 1
6 Adj + Präp + Adj + V 1
7 Präp + 2Adj + Konj + Präp + 2Adj + V1
8 Adv.best + V 6 1
9 Adv.best + 2V 1
10 Adv.best + Präp + S + V 1
11 V + Adv.best + V 1
12 S(Adj) + V 4
13 Adj + S + Adj + V 2
14 S + Adj + S 2
15 Adj + 2S +V 2
16 Adj + Adv.best + V 1
17 S(Adj) + S 1
18 S(Adj) + 2V 1
19 V + Adv.best + 2V 1
20 V + Adv.best + Präp + 2V 1
21 Präp + 2S(Adj) + Präp + 2S(Adj) + V 1
22 Präp + S + V 2
23 S + Adv.best + 2V 1
24 V + Adj + Präp + S 1
25 Adj + S + Adj + S + V 2
26 S(Adj) + Präp + S(Adj) + V 1

Неміс және қазақ тілдеріндегі зат есім мағыналы құрамында
“ақ” және “қара” атаулары бар фразеологиялық бірліктердің салғастырмалы
кестесі.
3-кесте
№ Құрылымдық Неміс Қазақ
үлгілер тілі тілі
1 Adj + S 17 18
2 S(Adj) + Präp + S 1
3 Adj + ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Соматикалық фразеологизмдер
Қол-рука соматизмдері
Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Фразеологиялық символ мен таңбаны зерттей отырып, ағылшын және қазақ фразеологизмдеріндегі «жақсылық-жамандық» компоненттерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
Пәндер