Тракторлар мен автомомильдер



Жоспар

1. 1.цикл бойынша зертханалық.практикалық сабақтардың жоспары
2. 2.цикл бойынша зертханалық.практикалық сабақтардың жоспары
3. 3.цикл бойынша зертханалық.практикалық сабақтардың жоспары
4. 4.цикл бойынша зертханалық.практикалық сабақтардың жоспары
Кіріспе

Еліміздің ауыл шаруашылығында бүгінгі күні жаңа жұмысшы мамандар даярлана бастады. Мұның өзі бүгінгі күнгі нарық экономикасының талабына сай жаңа мамандар десек қателеспейміз. Себебі, жаңа пайда болған шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарына білікті де білімді мамандар қажет бола бастады. Егер Кеңес дәуіріндегі совхоздар мен колхоздарға тракторшы, комбайн жүргізуші, автокөлік жүргізуші, темір ұстасы, дәнекерлеуші, т.с.с. дара мамандар қажет болса, бүгінгі күні осы мамандықтың бәрін де меңгере алатын бесаспап жұмысшы қажет болып отыр. Мысалы, осындай жұмысшы мамандығының бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері (фермер). Мұндай шебер әрі тракторшы, әрі автокөлік жүргізуші, әрі дәнекерлеуші, әрі слесарьлық жұмысты қатар ала жүретін маман болуы қажет. Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны көбеюде. Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгере алатын білгір жұмысшы мамандарын даярлау жолдарын қарастыруды қолға алу қажет.
Техниканың сан салалы тетігі мен жөн-жосығын шебер, әрі білімді, әрі тәжірибелі мамандар меңгергенде ғана егістіктер мен фермалар ісі жанданып, жұмысы алға ілгерілемек. Осы себепті де үкіметіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды даярлауды жақсарту, әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық бірлігінде халық игілігіне, ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне оң қабақпен қарау, т.б. тәрбиелеу ісін жолға қойып отыр.
Қолданылған әдебиеттер
Қ.Өстеміров, Е.Бекболғанов, Н.Әліпбеков Өндірістік оқыту шебері (ауылшаруашылық техникасы). Оқу құралы. 2 – басылым.- Астана: Фолиант, 2011.-168 бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Физика, математика және технология факультеті
Кәсіптік оқыту және технология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: ТРАКТОРЛАР МЕН АВТОМОБИЛЬДЕР
ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ
САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Дайындаған: Сәденов М.К.
Кәсіптік оқыту, 3 курс
Тексерген: Кентпаева М.О.

Өскемен 2014 ж

Жоспар

1. 1-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
2. 2-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
3. 3-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
4. 4-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары

Кіріспе

Еліміздің ауыл шаруашылығында бүгінгі күні жаңа жұмысшы мамандар даярлана бастады. Мұның өзі бүгінгі күнгі нарық экономикасының талабына сай жаңа мамандар десек қателеспейміз. Себебі, жаңа пайда болған шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарына білікті де білімді мамандар қажет бола бастады. Егер Кеңес дәуіріндегі совхоздар мен колхоздарға тракторшы, комбайн жүргізуші, автокөлік жүргізуші, темір ұстасы, дәнекерлеуші, т.с.с. дара мамандар қажет болса, бүгінгі күні осы мамандықтың бәрін де меңгере алатын бесаспап жұмысшы қажет болып отыр. Мысалы, осындай жұмысшы мамандығының бірі - ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері (фермер). Мұндай шебер әрі тракторшы, әрі автокөлік жүргізуші, әрі дәнекерлеуші, әрі слесарьлық жұмысты қатар ала жүретін маман болуы қажет. Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен жаңа техникалардың саны көбеюде. Демек, ауыл шаруашылығын механикаландырумен қатар ауыл экономикасын көтеру үшін жетік технологияларды да тез меңгере алатын білгір жұмысшы мамандарын даярлау жолдарын қарастыруды қолға алу қажет.
Техниканың сан салалы тетігі мен жөн-жосығын шебер, әрі білімді, әрі тәжірибелі мамандар меңгергенде ғана егістіктер мен фермалар ісі жанданып, жұмысы алға ілгерілемек. Осы себепті де үкіметіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына қажетті мамандарды даярлауды жақсарту, әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық бірлігінде халық игілігіне, ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне оң қабақпен қарау, т.б. тәрбиелеу ісін жолға қойып отыр.



ТРАКТОРЛАР МЕН АВТОМОБИЛЬДЕР
ПӘНІ БОЙЫНША
ЗЕРТХАНАЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ
САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
Тақырыбы: Дизельді және зертханалы қозғалтқыштардың айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдері.
Сабақтың мақсаты: дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштардың айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдерінің құрылысымен, әрекет ету қағидаттарымен оқушыларды толық таныстырып, олардың теориялық білімдерін нығайту. Механизмдердің бөлшектеу, жинау, реттеу жолдарын үйрете отырып, оқушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу.
Оқушылардың техникаға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа деген талапкерлігін тәрбиелеу.
Сабақ әдісі - зертханалық сабақ. Оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру. Тақырыпқа берілген уақыт - 30 сағат. Топтар саны - 10.
Сабақ тақырыбына арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: А-41 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмі.
2-тапсырма: Д-240 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмі.
3-тапсырма: Д-144 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмі.
4-тапсырма: СМД-62 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмі.
5-тапсырма: КамАЗ- 740 дизеліндегі осы механизмдердің ерекшеліктері.
6-тапсырма: ЯМЗ-240Б дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдері.
7-тапсырма: ЗМЗ-53 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдері.
8-тапсырма: ЗИЛ-130 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдері.
9-10-тапсырма: Машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау.
Топтардың алмасу кестесі

Сабақ нөмірі
Тапсырмалар
Жүмыс орны
Топтар нөмірі
1.
1т.
1
12345678910
2.
2т.
2
23456789101
3.
Зт.
3
34567891012
4.
4 т.
4
4567810123
5.
5т.
5
56789101234
6.
6 т.
6
6789101234
7.
7т.
7
78910123456
8.
8т.
8
89101234567
9.
9т.
9
91012345678
10.
10 т.
10
10123456789
Жұмыс орындарының құрал-жабдықтары:
1-тапсырманың жұмыс орны: А-41 дизелі, технологиялық карта-нұсқау плакаттар, оқулық, құрылғылар мен құралдар, ажыратқыштар, динамометрлік кілт, монтаж үстелі, ПИМ-1516 жиынтық құралдары. 1 сүңгіш (щуп) жиынтығы, жұмсақ сым, қысқыш, балға.
2-тапсырма жұмыс орны: Д-240 дизелі және бірінші тапсырма жұмыс орнында көрсетілген құрал-саймандар мен оқу құралдары.
Қалған жұмыс орындарында да дәл осылай пайдаланады, кейінгі жүмыс орындарында басқа құралдар жазылған.
3-тапсырманың жұмыс орны: Д-144 дизелі және басқа құралдар.
4-тапсырманың жұмыс орны: СМД-62 дизелі және басқа құралдар.
5-тапсырманың жұмыс орны: КамАЗ-740 дизелі және басқа құралдар.
6-тапсырманың жұмыс орны: ЯМЗ-240Б дизелі және басқа құралдар.
7-тапсырманың жұмыс орны: ЗМЗ-53 қозғалтқышы және басқа құралдар.
8-тапсырманың жұмыс орны: ЗИЛ-130 қозғалтқышы және басқа құралдар.
Әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмалар бойынша әрбір жұмыс орнында оқып үйренуге қажетті қозғалтқыштарды (монтажды) картер түбімен төмен қаратып, арнаулы айналатын стендке жайғастыру керек (1.1-сурет). Қозғалтқыштан оның сырт жағында орналасқан жүйе (қоректендіру, майлау, салқындату, оталу) тетіктері мен агрегаттарын іске қосқыш қозғалтқыш не стартер, иінді білік шкивін, іліністі және басқа да тақырыпқа қажет емес түтіктер мен тетіктерді алып тастаған дұрыс. Қозғалтқышта орналасқан айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдердің тетіктердің бәрі (жұмысқа жарамды болмаса да) ақаусыз және толық жиынтықты болуға тиіс.
Тапсырмалардың орындалуын толық қамтамасыз ету үшін 2-суретте көрсетілген құрылғылар мен аспаптарды пайдалану қажет.
Кіріспе нұсқау жүргізу барысында, оқушыларға механизмдерді бөлшектегенде технологиялық нұсқау картасында көрсетілген жұмыс операцияларының орындалуының кезектігін қатаң сақтау керектігін түсіндіру қажет. Орындалу кезегінің бұзылуы аталған механизмдердің одан әрі бөлшектеу мүмкіндігін жоғалтатынына, тетіктердің сынуына алып келетінін түсіндірген жөн. Жұмыс барысында тетіктерді балғамен ұруға болмайтынын, қажет болған жағдайда жұмсақ металдардан (алюминий немесе мыс) қаптама жасау арқылы, ал алюминий қоспасына жасалған поршень түбін тек кана ағаштан жасалған брусок арқылы ұруға болатынын түсіндірген жөн.
Бөлшектеу барысында алынған бұрандамалар мен гайкаларды бір жерге жиюға болмайтынын да оқушылардың есіне салу керек. Әрбір тетіктен алынған бұрандамалар мен гайкаларды тығырықпен бірге жеке жинауға дағдыландырған дұрыс. Тетіктерді жинау барысында бұрандаларды бұзып алмау үшін гайкалар мен бұрандамалардың бұранда қадамдарының бірге болуын түсіндіру қажет, сондықтан мұғалімде резьбомер болу керек, онымен қалай жұмыс істеу керектігін де түсіндірген жөн.
Айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдерді бөлшектеп болған соң оқушылар олардың тетіктерінің құрылысымен танысулары керек. Олардың назарын поршень түбіндегі бұлғақ (шатун) пен оның төменгі қалпақшасындағы тарататын тістегеріштердегі (шестернялар) таңбаларға назар аудару керек.
Механизмдерді жиғанда осы таңбалардың бір-біріне дұрыс келмеуі неге әкеліп соқтыратынын түсіндіре отырып, мәселелі сұрақтар беруге болады.
Мысалы, гильзадағы поршеньді қалай дұрыс таңдауға болады? Бұлғақты оның төменгі қалпақшасымен қалай жиюға болады, т.с.с.
Үшінші айналым барысында мұғалім арнайы ажыратқыштарды пайдалана отырып, блок-картерден бір гильзаны шығарып алуды көрсетіп, оның блокқа қалай тығыз орналасуын түсіндіруі керек. Арнаулы сүңгішті (щуп) пайдалана отырып, гильзаның блоктан қаншалықты жоғарыда жататынын өлшеп беріп, басқа да жоғарыда аталған құрылғыларды пайдалану әдістерін көрсеткен дұрыс.
Жұмыс барысында пайдаланылатын аспаптар мен өлшеу құралдарын дұрыс пайдалануды әр оқушыға жеке тапсырма беру арқылы ұйымдастыруға болады, біреуіне поршень мен гильзаның арасындағы саңылауды сүңгіш арқылы өлшеуді, екіншісіне поршень сақинасының жапқышының мөлшерін өлшеуді тапсыруға болады.
Әр оқушының жеке тапсырмасының орындалуын есеп беру ретінде дайындауға болады. Төменде осындай есеп берудің үлгісі көрсетілген.
1-тапсырманы орындау жөнінде есеп беру.
А-41 қозғалтқышының айналшақты-бүлғақты және газ тарататын механизмдері.
Оқушылардың білімін ауызша сұрақтар беру арқылы немесе алдын ала дайындалған карточка-тапсырмалар көмегімен тексеруге болады. Егер оқушы берілген тапсырмалар бойынша өз жұмысын қиналмай жүргізе алса, сабақтың нәтижелі болары сөзсіз.


Окушыныд фамилиясы Тобы
\ \
\

Тапсырма мазмұны
Өлшеу нәтижесі
Норма бойынша өлшем мәиі

1
1 цилиндрдің компрессиялык сақинасы жаіщыштық мөлшері: I сақина II сақина III саңина
0,6-0,9 0,7-1,0 0,5-0,6

2
Поршень түбіндегі таңбаны табыңыз
таңба Б, нүсқар Б.С.М таңбасы және алға жазуы
Б.С.М таңбасы
Штангенциркуль көмегімен енгізу, 3 1 шығару клапандарының тэрелке диаметрін өлшеңіз
Енгізу - 60 мм Шығару - 48 мм
Енгізу клапанын тарелка диаметрі клапаннан үлкен
4 1 т.с.с.

Сондықтан да нұсқауларда берілетін тапсырмаларды орындағанда әр оқушының шығармашылық еңбек етуін қарастырған жөн. Мұғалім әр тапсырмаға дұрыс нұсқау жасау үшін оның орындалу жүйелілігін ұйымдастыру керек.
Осы мақсатпен технологиялық нұсқау картасын жасауға көмек де бірінші тапсырманың мазмұнын және оның орындалу жүйесін беріп отырмыз.
1. А-41 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмі.
1. Плакат көмегімен А-41 дизелінің айналшақты-бұлғақты және газ тарататын механизмдерінің жалпы құрылысы мен танысыңыз. Тетіктердің аттарын есіңізге сақтаңыз.
2. Дизель механизмдерін бөлшектеңіз.
Цилиндрлер қалпақшасын, оның төсемін және декомпрессиялық механизмді дизельден ажыратыңыз.Күйенте бөлігін тіреуімен, серіппесімен қоса босатыңыз.
Күйентелердің қарнағын (штанга) шығарып алыңыз. Цилиндрлер қалпақшасын бекітетін барлық гайкаларды босатып, шығарып алыңыз. Цилиндрлер қалпақшасын монтаж жасайтын үстелге жатқызыңыз.
Дизельді 90°-қа бұрыңыз. Картер түбін, оның төселімін, май сорғысын, оның май қабылдағышымен теңгеретін механизмдерін алыңыз.
Бірінші және төртінші цилиндрдің айналшағын төменгі нүкте қалпына келтіріңіз. Бұлғақтар мен оның қалпақтарының нөмірлеріне сәйкес таңбаларын тексеріңіз.
Бұрандамаларды бұрап, бір бүлғақтың қалпағын алыңыз. Балғаның жеңіл соққысымен цилиндрдегі поршеньді блоктың жоғарғы жағына ақырындап (цилиндр айнасына зақым келмейтіндей етіп) алып келіңіз де, оны бұлғағымен қоса суырып алыңыз. Осы әдіспен басқа поршеньдерді де цилиндрлерінен шығарыңыз.
2.4. Бөлгіш шестернялардың қақпағын, тегершікті,оның картерін алыңыз.
2.5. Таңбаларын тексере отырып, түпкі мойынтіректерді 1-5-2-4-3 ретімен шығарыңыз. Арнаулы құрылғы көмегімен блок төсенішінен иінді білікті суырып шығарыңыз.
2.6. Тартқыш біліктің (фланецін) ұстап түрган екі бұрандаманы бұрап алып, оны блоктан шығарыңыз. Итергіштердің түйінін кронштейндерімен қоса шығарып алыңыз.
Блокты картерін төмен қаратып аударыңыз. Ажыратқышты пайдаланып (1.1, ө-сурет) бір не екі цилиндр гильзасын шығарып алыңыз.
Бұлғақ пен поршеньді қысқыштың көмегімен бекітіп, поршень сақиналары мен бекіткіш сақиналарды шығарыңыз (1.1,б-суретте көрсетілген құрылғы көмегімен). Балға көмегімен поршеньнен оның саусағын шығарып алыңыз.
Цилиндр қалпақшасына бормен клапандар нөмірін жазып қойыңыз, кейін өз орындарына қою үшін оңай табылады. Құрылғы көмегімен (1.1, г-сурет) сухариктерді, содан соң тәрелкені, клапандар мен серіппелерді де алыңыз.
3. Блок-картердің және айналшақты-бұлғақты механизмнің құрылымымен танысыңыз.
Блок-картердің түтіктерінен сым жүргізіп, иінді біліктің түпкі мойынтіректері мен бөлгіш білігінің мойындарына баратын май жолын байқаңыз.
Цилиндр гильзасының құрылысымен, ондағы белгілермен танысыңыз. Гильзаның төменгі жағы блок картерге қалай нығыз бекітілетініне көңіл аударыңыз.
Цилиндр қалпақшасының төсенішіне назар аудара отырып, оны блокқа қай жағынан жатқызатынын байқаңыз.
3.4.Поршеньнің құрылысын оқып, ондағы таңбалардың қызметіне көңіл аударыңыз.Поршень сақиналарынын, құрылысымен танысып, бір поршеньдегі сақиналардың бір-бірінен айырмашылығын табыңыз. Поршень саусағын гильзаға кигізіп, оны поршеньнің басымен төмен қарай 30-40 мм түсіріп, сүңгіш арқылы сақина тіліміндегі саңылауды алыңыз.
3.5. Бұлғақтың, оның мойынтірегі төсемдерінің құрылысымен танысыңыз. Бұлғақтың төменгі жақтағы бас қақпағындағы және мойынтіректің төсемдеріндегі белгілеріне назар аударыңыз.

1.1-сурет. 1-цикл тапсырмаларын орындауға қажет құрылғылар:
а - қозғалтқыштарды орнатуға арналған стенд; з -- цилиндрлер гилъзасын шығару үшін қолданылатын босатқыш; б - поршенъдер сақинасын алып-салуға арналған
құрылғы; в - түрткіштерді босатқыш; г,ғ -- поршенъ сақиналарын қысып, поршенъді цилиндрге кигізетін құрылғы
Иінді біліктің құрылысымен танысыңыз. Оның бұлғақтың мойнындағы тығынды шығарып алыңыз.Біліктің түтіктерінен сым жүргізіп, оны тексеріп көріңіз.Май қайтарғышты, таза май түтігін табыңыз.
Теңгергіш механизмнің құрылысымен танысып,оның жүмысын теңгеру сызбасы арқылы оқыңыз (оқулықтан).
4. Тартқыш біліктің құрылымымен танысыңыз.
Цилиндрдің қалпақшасымен танысыңыз. Сымды пайдалана отырып, ауа жолымен пайдаланылған газдың шығатын түтіктерін табыңыз. Басқа да түтіктер мен тесіктердің атқаратын қызметімен танысыңыз. Енгізу және шығару клапандарының орналасқан жерін табыңыз.
Енгізу жене шығару клапандарының айырмашылығына көңіл бөліңіз, клапандардың қырының қалай екенін анықтаңыз.
Тартқыш біліктің және оның тірегінің құрылысымен танысып, білік осінің люфтік шектеуін қалай реттеуге болатынын түсініңіз. Барлық енгізу-клапандарының жұдырықшаларын бормен белгілеңіз.
Барлық тартқыш шестернялардың қызметімен,құрылысымен, орналасу реттерімен танысыңыз, олардағы таңбаларды табыңыз.
Беріліс тетіктерінің құрылысымен танысыңыз: қарнақ, итергіш, күйенте, осьтер мен серіппелер.
4.6. Декомпрессиялық механизмінің құрылысы,жұмыс әрекеті мен реттеу амалдарын оқыңыз.
5. Айналшақты-бұлғақты және газ таратқыш механизмдерді табыңыз.
Құрылғы көмегімен (1.2, д,е,ж,з-сурет) клапанды механизмді жиыңыз.
Цилиндр гильзаларын блок картерге орнатыңыз.
Гильзаның кертпегі блок жазықтығынан 0,07... 0,17 мм жоғары орналасуы керек.
5.3. Тартқыш білікті орнына қойыңыз, содан соң итергіштерді осьтерімен бірге орнатыңыз.
5.4. Иінді білікті блок төсенішіне орнатыңыз. Білікті блок-картерге орнатпастан бұрын ондағы май жүретін түтіктер мен бұрандалы тесіктердің бәрін ауа қысымымен үрлейді, сонымен қатар бұлғақ мойындарын тазалап, түпкі мойынтіректердің төсенішіне май (моторды) жағады.
Түпкі мойынтіректердің қақпағын бұрамасұқпаларға (шпилькалар) кигізіп, гайкаларын тартыңыз. Динамометрлік кілтті пайдалана отырып, алғаш үшінші, содан соң бесінші, екінші, төртінші және бірінші түпкі мойынтіректердің гайкаларын тартыңыз. Тарту момент күші 410-440 Нм, содан соң біліктің айналуын тексеріп гайканы бекітіңіз.
Поршеньдерді бұлғақтарымен қоса жиыңыз.Поршеньнің дөңесшесіне бекіту сақинасын орнатып,поршень мен бұлғақты поршень саусағы арқылы қосыңыз, содан соң саусағын кигізеді.
Құрылғы көмегімен (1.1, б-сурет) поршеньге май сыдырғыш сақиналар мен кеңейткіштерді, содан соң төменгі екі компрессиялық сақиналарды және жоғарыдағы хромданған сақинаны кигізеді. Сақиналардың түйіскен жердегі саңылау мөлшері 0,45-0,75 мм болуы керек.
Бірге жиылған поршеньдер мен бұлғақтарды гильзаға орнатыңыз. Сақиналары жиылған поршеньге монтаж жасайтын құрылғыны кигізіп, ақырын ғана поршеньді бұлғақпен бірге гильзаға төменгі май сындырғыш сақинаға дейін кигізіңіз, бұлғақ қақпағы тартқыш білік жағында болатындай етіп поршеньді бұрыңыз да,оның бар сақинасы гильзаға түсетіндей етіп төмен жылжытыңыз. Бұлғақты иінді білікке дейін тартыңыз.
Бұлғақтың қақпақшасын біліктің мойнына кигізіп,оның қақпағын орнатыңыз. Динамометрлік кілтті пайдаланып, бұрандамаларды бірқалыпты етіп екі-үш рет тартыңыз. Тарту моменті - 180-200 Нм.

1.2-сурет
д - поршенъді қысқыш; е,ж - клапандар сухариктерін алуға және орнатуға арналған құрылғы; з - динамометрлік кілтті пайдалану әдісі
Теңгеру механизмді орнатыңыз. Оның шестернялары бір-бірімен таңбалары бойынша қосылуы керек.
Шестернялар картерін, тегершік пен оның картерін орнына бекітіңіз. Аралық шестерняны осіне отырғызып, басқа шестерняларды таңбалары арқылы қосыңыз. Май қабылдағышымен бірге май сорғысын орнатыңыз да, картер түбін төсенішімен бірге бекітіңіз.
5.10. Блокты картерімен төмен қарата бұрыңыз. Блок төсенішін орнатып, оның үстіндегі бұрамасұқпаларға қалпақшасын кигізіңіз.
Цилиндрлер қалпақшасын бекітетін бұрамасұқпаларға гайкаларды кигізіп, оларды плакатта көрсетілгендей етіп рет-ретімен тартыңыз. Динамометрлік кілтті пайдалана отырып, тарту моменті 160-180 Нм шамасында болуын қадағалаңыз.
Күйенте мен қарнақтарды тіреуімен бірге орнына бекітіңіз. Декомпрессиялық механизмді жиыңыз.
Клапандар мен күйентелерінің аралығындағы саңылауды ретке келтіру жолымен танысыңыз. Ретке келтіруге тырысыңыз. Клапандар мен күйентелердің жеке декомпрессиялық механизмдердің аралығындағы саңылауларды ретке келтіргеннен кейін цилиндрлер басының қалпағын орнына қойыңыз.
Жұмысты орындап болған соң есеп беруге (үлгісі берілген) дайындаңыз.

Бақылау сұрақтары
1. Айналшақты-бұлғақты механизм қандай тетіктерден тұрады?
2. Поршень сақиналары не үшін қолданылады?
3. Иінді біліктің осьтік ығысуы немен шектеледі?
4. Иінді біліктің мойынтіректері қандай материалдардан жасалады?
5. Газ таратқыш механизм не үшін қолданылады?
6. Клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау не үшін қажет?
7. Таратқыш шестерняларды таңбасы бойынша орнатудағы мақсат не?
8. Клапандарды қалайша ретке келтіреді?
9. Декомпрессиялық механизмдерді ретке келтірудің кезегі қандай?
2-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
Тақырыбы: Іштен жанатын қозғалтқыштың салқындату жөне майлау жүйелері.
Сабақтың мақсаты: Іштен жанатын қозғалтқыштың салқындату және майлау жүйелерінің механизмдері мен агрегаттарын бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін оқушыларға үйрету. Жүйелердің механизмдерінің техникалық күтімін жасау, олардың ақауларын анықтай білу шеберлігін қалыптастыруға көмектесу.
Сабақ әдісі - зертханалық сабақ. Тақырыпқа берілетін уақыт - 30 сағат.
Топтар саны - 10.
Сабақтың тақырыбына арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: А-41 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
2-тапсырма: Д-240 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
3-тапсырма: СМД-62 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
4-тапсырма: ЯИЗ-240Б дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
5-тапсырма: КамАЗ-740 дизелінің салқындату және майлау жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктері.
6-тапсырма: Д-144 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
7-тапсырма: ЗМЗ-53 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
8-тапсырма: ЗИЛ-130 дизелінің салқындату және майлау жүйелері.
9-10-тапсырма: машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау.
Жұмыс орындарының құрал-жабдықтары.: Салқындату және майлау жүйелерінің бөлшектерімен жабдықталган монтаж қозгалтңыштар (арнаулы стендтерге орнатылған). Аталған жүйелердің агрегаттары: (толық жиынтықты және нығыздау тетіктерімен бірге) май сүзгілері, картон қағаздан жасалған элементтер, термостаттар, су, сорғылар мен желдеткіштер, радиаторлар, қозғалткыштар мен олардың бөлшектерінің (цилиндр калпақшаларының, майтазалағыштар, т.с.с.) қимасы. Бөлшектеуге арналған құралдар мен құрылғылар: ПНМ-1516 құралдары жиынтығы, верстак және қысқыштар, әмбебап ажыратқыштар, балға, май сорғыларын бөлшектеп жинауға арналған ОПР-3854 құрылғысы және арнаулы құрылғылар. Тексеру-өлшеу аспаптары, көрсеткіштер, сызғыштар, КИ-8920 құрылғысы. Жылу аспаптары мен термостаттарды тексеруге арналған аспаптар, плакаттар, оқулықтар, технологиялық нұсқау карталары.
Әдістемелік нұсқаулар. Мұғалім сабақ барысында оқушыларға тапсырмаларды орындауға арналған құрылғылармен жұмыс істеу әдістерін көрсетуі керек. Оқушылардың назарын технологиялық нұсқау карталарында көрсетілген бөлшектеу немесе жинау үдерістерінің кезек-тілігіне, оны қатаң сақтау керек екендігіне аударған дұрыс. Оқып танысатын жүйелердің бөлшектерінде көптеген біліктердің кездесетініне байланысты олардың шеттерінде кездесетін бұрандаларды бұзып алмау үшін жұмыс барысында білік шеттерінен балғамен ұруға болмайтынын ескерту керек, ал оларды ұрған жағдайда жұмсақ металдардан немесе басқа материалдардан қаптама жасау арқылы ұруға болатынын айту керек. Салқындату және майлау жүйелерін бөлшектеп, жинау барысында көбінесе оқушылар оның білігінің мойынтірегіндегі тоқтатқыш сақинасын алуды ұмытады да, оның екінші ұшына ұра бастайды. Соның салдарынан сорғы корпусының бұзылуы не сы-нуы мүмкін.
Оқушылардың жұмысын үйымдастыруда мұғалім үшін әңгімелесу (кеңес) әдісін кең пайдалану үлкен нәтиже берері сөзсіз. Мәселелі сұрақтар арқылы әр оқушының ойлау қабілетін одан әрі дамытуды барлық уақытта көздеген жөн. Мысалы, ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда тетіктердегі қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына ауа үрлеуді роторлы желдеткішпен жүзеге асыруға болатынын түсіндіріп, оқушылардан жылу режимін қалай реттеуге болатынын айтып беруді талап етуге болады.
Қозғалтқышты сұйықтыкпен салқындату әдісімен таныстыра отырып, оқушыларға радиатордың бу-ауа клапанының не үшін керек екендігін түсіндіріп беруін сұрауға болады.
Сұйықтықпен және ауамен салқындатылатын жүйелерді салыстыра отырып, сумен салқындату жүйесінің қозғалтқыш құрылымының күрделілігіне, оның массасының үлкендеуіне алып келетінін, суық күндері судың тоңазытылып қалатынына, тағы да басқа кемшіліктеріне тоқтала кеткен дұрыс.
Салқындату жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оған таза, мүмкіндігінше жұмсақ су қүю керек екенін түсіндіре отырып, кермек суды жұмсарту әдістерін де айта кету керек. Оқушыларға қыс кезінде салқын қозғалтқышқа тым ыстық суды неге құюға болады? деп сұрақ беруге болады.
Жауап беруге қиналған жағдайда олардың физикамен қатты дененің жылуын ұлғаюын естеріне түсіруге болады.
Тракторға техникалық қызмет көрсету барысында ауысым сайын радиатордағы су деңгейін тексеру керек екенін түсіндіре отырып, радиатордың қылта аузындағы қақпағын ашқанда одан шығатын ыстық бу мен судың бет пен қолды шарпып күйдіріп кетпеуіне абай болу керектігін қатал ескерткен жөн. Жетек ременінің керілуі және бүгілуі күшін арнайы жабдықпен өлшеуді оқушыларға көрсетіп, содан соң ғана оларға тапсырма беруге болады.
Оқушылардан ауамен салқындатылатын қозғалтқыштың қызып кету себептерін айтып беруді талап етуге болады. Осы жүйенің негізгі су ағатын жерлерін көрсетуді өтініп, оны қалай түзетуге болатынын сұрауға болады.
Майлау жүйесімен танысу барысында оқушылар олардың негізгі бөлшектерінің орналасу әдістерімен танысулары керек. Сондықтан да майлау жүйесінің бөлшектерін бөлшектеп, қайта жинауды қамтамасыз ету қажет. Оқып-үйренуге арналған қозғалтқыштардың майлау жүйелерін бөлшектеп, қайта жинау үшін технологиялық нұсқау карталарын кең пайдалану қажет. Теориялық сабақтардағы өтілген материалды толық бекіту үшін оқушыларға әңгіме барысында мынадай сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:
Автотрактор қозгалтқыштарының тетіктерін майлау үшін жоғарғы сапалы мотор майларының жіктеу тәртібі бойынша топтарын атаңыз.
Майлау жүйесінде қолданылатын қысым күшіжәне шашырату әдістерінің қай жағдайда қолданылатынын айтыңыз.
Картердегі майдың мөлшерін қалай өлшеуге болады? Өлшеуді қозғалтқыш тоқтағаннан кейін 15-20 минут өткен соң неге жасайды?
Бөлшектеу жұмысы барысында оқушыларға центрифугадан майдың тазартылуын түсіндіре отырып, майдың жоғары қысымын қандай себептерден болуы мүмкін екенін түсіндіріп беруді сұрауға болады.
Оқушыларға дербес тапсырмалар беру мүмкіндіктерін де кең пайдаланған жөн: мысалы, ортадан тепкіш май сүзгісіндегі осьтік ауытқуы, пластикалық сүңгіш арқылы май сорғысы шестерняларының арасындағы саңылауды өлшеу, т.б.
Өлшем мөлшерлерін дәптерге түсірген дұрыс.
I тапсырманың мазмұны және орындалу жүйесі.
Тақырыбы: А-41 дизелінің салқындату және майлау жүйесі.
1. А-41 дизелінің салқындату жүйесі.
1.1. Трактордан және плакаттан дизельдің су тысы мен оталдыру қозғалтқышының, су сорғының, желдеткіш пен радиатордың өзара орналасуын, сонымен қатар оталдыру алдындағы жылытқыш пен кабина жылытқышының жүйеге жалғанатын жерін табыңыз. Салқындату сұйықтығының құйылатын және ағызылатын жерін табыңыз.
2. Радиатордың құрылысымен танысыңыз.
Оның трактор жаңтауына (рама) бекітілген жерін көріңіз.
Радиатор өзегінің, бағының құрылысымен танысыңыз.
2.3. Майлау жүйесі радиаторының бекітілетін жерімен, желбезегімен, оның басқару механизмімен танысыңыз.
Ауа-бу клапанының қызметін есіңізге түсіріп, оның құрылысымен танысыңыз.
Су сорғысын желдеткішімен жиылған түрінде қараңыз.
Қозғалтқыштан су сорғысын желдеткішпен қоса алып бөлшектеңіз: сорғы білігінің алдыңғы жағындағы гайканы босатып, оның артқы кесегіндегі бұрандаманы ағытыңыз; желдеткіш қалаған шкивтен босатыңыз; ажыратқышты пайдалана отырып, желдеткіш шкивін шығарыңыз. (2, ә-сурет).
Қысқыштың еріндерін барынша ашып, оған сорғыштың корпусын қысыңыз да, балғаның жеңіл ұруымен (жапсырма арқылы) ақырғы кесіктен білікті, оның мойынтірегімен (подшипник) қоса шығарыңыз (2,6-сурет).
5. Сорғы тетіктерінің құрылысымен танысыңыз.
Корпустың ішкі құрылысымен және радиатормен жалғанатын жерін қараңыз.
Сорғының қалағына көңіл бөле отырып, оның айналу бағытын табыңыз да, корпусқа жайғастырыңыз.
Сорғының ішкі қуысынан төменгі және жоғарғы қысым аймағын табыңыз.
Сорғы корпусын қозғалтқышқа бекітетін жерін қою арқылы оны соратын қуысы мен блок-картердің су таратқыш арнасының арасындағы қарым-қатынасты байқаңыз.
Тоқтатқыш сақинасын алып, қанатша білікшесінен кескіш нығыздағышты шығарыңыз. Нығыздағыштың құрылысымен танысып, оны қанатшаның білігіне кигізіңіз.
Су сорғысы мен желдеткішті жиыңыз. Бөлшектеу барысындағы операцияларды кері бағытпен орындасаңыз жеткілікті.
Цилиндрлер қалпақшасын алыңыз, онан су әкеткіш түтікті шығарыңыз. Блок-картердің су тысының, оталдырғыш қозғалтқыш пен цилиндр қалпақшасының құрылысы мен өзара орналасуына көңіл аударыңыз.
Тетіктер мен плакатты пайдалана отырып, салқындату жүйесінің сызбасымен танысыңыз.
9. Трактор жұмыс істеп тұрғанда салқындату жүйесіндегі су температурасының қандай болатынын оқулықтан көріңіз де, су температурасын, көрсеткіш пен бергіштің (датчик) орналасқан жерін табыңыз.
10. Монтажда тұрған трактордың желдеткіш жетегінің ременін алып, қайта салыңыз да, КИ-9920 (2, ғ-сурет) құрылғысы көмегімен оның тартылуын реттеңіз.
Кнопка көмегімен динамометрдің (1) межелігін (шкала) нөлге әкеліңіз.
Құрылғы белдікке (5) қойыңыз (екі шкивтің ортасынан), ұстағыш (2) көмегімен 40 Нм мөлшерінде төмен басыңыз да, межелік бойынша бақылау керек.Сегменттер (3), (6) белдігінің иілуіне пропорционал бұрылуы керек.
Иілу мелшері сегменттің (6) межелігі бойынша анықталады (14-18 мм болуы керек).
11. А-41 дизелінің майлау жүйесі.
Плакаттан және қозғалтқыштардан майлау жүйесі бөлшектерінің өзара орналасуын қараңыз. Май құйылатын және ауыстырылатын орнын табыңыз.
Май тазалағышты, картер түбін, тазартқыш шестернялардың қақпағын шығарыңыз (олардың төсенішін бұзып алмаңыз).
Май сорғысына жалғанған май түтіктерін ағытып,шығарып танысыңыз.
Май сорғысын май түтіктерімен қоса ағытып, шығарып алыңыз.
Май сорғысын шығарып, оның реттегіш төсеніштерін бір жерге ретімен жинаңыз.
Май сорғысын жартылай бөлшектеңіз: клапандар корпусын, оның тарту бұрандамаларын бұрап, корпусты,шестерняларды, радиаторлар бөлшектерін алыңыз.
3.4. Май сорғысы тетіктерінің құрылысымен танысыңыз. Шестернялардың айналу бағытын анықтаңыз.
3.5 Тартқыш кранды шығарып, оның құрылысымен танысыңыз.
3.6. Блок-картердің түтіктеріне мыс сымды жүргізіп, сорғының әр бөлшектерінің майды қалай айдайтынын көріңіз.

2-сурет. 2-цикл жұмыстарын жүргізуге қажет құрылғылар жэне олармен жұмыс істеу әдістері: а - шкивті шығару; ә - тоқтағыш сақинасын шығару; б - білікті мойынтіректерді сығып шығару, в - сорғы қалақшасын шығару; г - күпшекті шығару; е - Н-8920 құрылғысымен дененіц тартылуын тексеру; 1 - межелік; 2 - ұстагыш; 3-6 - сегменттер; 4 - бұрама; 5 - белдік; д,е - центрифуга роторыныц осътен ауытқуы; ж - май сорғысы жетегінің орнығуы.
Таратқыш кранды бғрау арқылы май ағымының өзгеру мүмкіндігіне назар аударыңыз.
Май сорғысы корпусының редукциялық клапанды шығарып, оның құрылысымен танысыңыз.
Май сорғысын жиыңыз.
4. Центрден тепкіш май тазалағыштың құрылысымен танысыңыз.
Центрифуганың роторы мен қалпағын алыңыз,корпустан оның осін ағытыңыз. Гайканы ағытып, ротордың стақанын шығарыңыз.
Бір бүркігішті (форсунка) ағытып алып, ротор тетіктерінің құрылысымен танысыңыз.
Май тазалағыштың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тiркемелер мен машиналардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Машина – трактор паркінің құрамын негіздеу және пайдалануды жоспарлау
Қызылорда обылысы Абай ауылы Рахымжанов жеке шаруашылығында күріш өндіруді механикаландыру және топырақты өңдейтін машинаның сұлбасын жобалау
Тракторлар мен автомомильдер 2
Агротехнология мен машиналар
Күріш өсіру және жинау технологиясы
Ауыл шаруашылығы техникасы
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Өткелдердің құрылысы, мазмұны мен оларды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары
Пәндер