Тракторлар мен автомомильдер 2


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Физика, математика және технология факультеті
Кәсіптік оқыту және технология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «ТРАКТОРЛАР МЕН АВТОМОБИЛЬДЕР» ПӘНІ
БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ - ПРАКТИКАЛЫҚ
САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дайындаған: Молданов П.
Кәсіптік оқыту, 3 курс
Тексерген: Кентпаева М. О.
Өскемен 2014 ж
Жоспар
- 5-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
- 6-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
- 7-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
- 8-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
- 9-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
5-цикл бойынша зертханалық-практикалық сабақтардың жоспары
Тақырыбы: Доңғалақты және шынжыр табанды тракторлардың үлестіргіш қораптары, берілістері және жетекші белдіктері.
Сабақтың мақсаты: Тракторлардың үлестіргіш қораптары, айқартопса берілістері және жетекші белдіктерінің құрылыстарымен оқушыларды толық таныстыра отырып, олардың теориялық білімдерін нығайту. Тракторлардың жетекші белдіктерін жартылай бөлшектеуді үйрене отырып, болашақ жұмысшылардың мамандыққа сай шеберліктерін арттыру.
Сабақ әдісі - зертханалық жұмыс. Берілетін уақыт -30 сағат. Топтар саны - 10.
Сабақ тақырыбына арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: ДТ-75МВ тракторының жетекші белдігі.
2-тапсырма: МТЗ-80 тракторының үлестіргіш қорабы, айқартопса берілісі және жетекші белдігі.
3-тапсырма: МТЗ-82 тракторының үлестіргіш қорабы, айқартопса берілісі және жетекші белдігі.
4-тапсырма: Т-40М тракторының үлестіргіш қорабы жөне жетекші белдігі.
5-тапсырма: Т-40МА тракторының үлестіргіш қорабы және жетекші белдігі.
6-тапсырма: Т-70С тракторының жетекші белдігі.
7-тапсырма: Т-150Ктракторының айқартопса берілісіне жетекші белдігі.
8-тапсырма: К-701 тракторының айқартопса берілісі жетекші белдігі.
9-10 тапсырма: Машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау.
Жұмыс орындарының құрал-жабдықтары:
-монтажды орналасқан тракторлар;
- арнаулы стендтерге орнатылған белдіктер. Шынжыр табанды тракторлардың жетекші белдіктерін жақтауымен бірге орнатып қойған дұрыс (кабинасын және басқа агрегаттары алынып тасталынған) ;
- бөлшектеу, жинау жұмыстарына қажет құрал-саймандар: монтажды үстелдер, қысқыштары бар шебер-үстелдер, тетіктерді қоюға арналған сөрелер, ПИМ-1516құралдар жиынтығы, динамометрлік кілт, ОР-16354, 4806 ажыратқыштар жиынтықтығы, серіппелерді шығару, кигізуге арналған құрылгылар, тоқтатқыш сақиналарды алып салуға арналған қондырғылар, ағаштан жасалган жапсырмалар, балғалар;
- тексеру-өлшеу құралдары: металдан жасалған сызғыштар, пластинкалы сүңгіштер, өлшеуіштер, серіппелі таразылар;
- оқу плакаттары, технологиялық нұсқау карталары, оқулықтар, карточка-тапсырмалар;
- қосымша құрал-жабдықтар: МТЗ-80 және Т-40 тракторларының артқы белдігінің дифференциалдары, штангенциркуль, бұрылу жалғастырғышын бөлшектеп, жиюғаарналған құрылғы, т. б.
Әдістемелік нұсқаулар . МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларының артқы белдіктерінің құрылысымен танысу үшін олардың тракторға қалай орналасқанын қарап шығу керек. Олардың қақпақтарын алып, берілістің қораптардан доңғалақтарға қалай келетінін қарауға болады. Материалды толық түсіну үшін плакаттарды пайдалану қажет. Окушылардың көңілін артқы белдіктің басты берілісіне, дифференциалына, соңғы берілісіне, тежеуіші мен дифференциалды блоктау механизміне аудара отырып, олардың, тетіктерінің аттарын есте сақтауларын көздеген жөн.
МТЗ-90 және МТЗ-82 тракторларының дифференциалдарын шығарып алу үшін олардың артқы белдіктерін бөлшектеуге тура келеді. Дегенмен, көбінесе уақыттың жетіспеушілігіне байланысты дифференциалды шығарып алу мумкіндігі қиындай түседі. Мұндай жағдайда оқушы - оның алынуын ауызша түсіндіріп, ал құрылысы-танысу үшін алдын ала дайындалып қойған (арнаулы стендке бекітілген) дифференциалды пайдалану тиімді.
Тракторлардың жетекші белдігін оқып үйрену барысында олардың тежегіштерінің реттелу әдісінің толық меңгерілуін көздеу қажет. Ол үшін алдымен тежеуіш баскышының толық жылжымын өлшеу қажет. Басқыштың толық жылжымының мөлшері 110 мм-ден артық болмауы керек екендігін оқушылардың есіне салған дұрыс. Реттеу жұмысын дұрыс жүргізу үшін ашпаны (7) бұрау арқылы басқыштың жылжымын 70-90 мм мөлшеріне жеткізу керек. Трактор қозғалғанда жалғастырушы дискілер жетекші шестернямен бірге айналатынын, тежеуішті (9) басқанда басқыш дискілерді тартқыш (4) екі жаққа бұрап, бір-бірінен алшақтауын, жұмыс барысында тракторды толық түрінде көрсету қажет.
МТЗ-80 тракторының жетекші белдігін бөлшектеу барысында оқушыларға дифференциалды блоктау механизмінің әрекет ету қағидатымен таныстырған дұрыс, оның автоматты жүмыс істеуіне айрықша көңіл бөлдірген жөн.
Тапсырмаларды орындау барысында, оқушыларға тракторлардың жетекші белдіктерінде болатын ақауларды, оларды түзету жолдарын толық таныстыруды көздеген жөн. Мысалы, май ағызу, тежеуіштің нашар жұмысы, жетекші белдік механизмдерінің шуылының артуы және қызып кетуіне себепші тетіктердің тозуы немесе олардың сынуы туралы түсініктерді оқушыларга түсіндіруге болады. Таза корпус тетіктерінде аққан май бірден байқала-тындықтан, трактордың сыртын күн сайын шаңтозаңнан тазартып отыру керектігін оқушыларға айтып беруді оқушылардың өздерінен талап етуге болады.
Нығыздауыш құрылғыда ақау болғанда май тежеуіштің үйкеліс (фрикция) қаптамаларына өтетінін, оның жұмыс істеуге кедергі келтіретінін түсіндіре отырып, оқушыларға мынадай сұрақ беруге болады: майланған қаптаманы қалай тазартады? Басты берілістің копусты шестернялары олардың бастапқы конустық төбелері бөліктерінің геометриялық осьтерінің қиылысу нүктесімен сәйкес келгенде дұрыс жұмыс істейтінін түсіндіру қажет. Бұл құбылысты дұрыс түсіну үшін оқушыларға материалтану негіздері бойынша «Тісті берілістер» тақырыбын қайталау керек екендігін ескертіп өткен жөн.
Оқушыларға «конустық шестернялардың арасында саңылау кеңейіп кетсе қандай ақау болады? Оны қалай байқауға болады?» деп сұрақтар қоюға болады.
Корпуста май аз болғанда, шестернялар мен мойынтіректер тозғанда не тісі сынғанда да шуыл пайда болатынын түсіндіре отырып, оларды болдырмау жолдарына да тоқталған жөн.
Оқушыларга дифференциал тетіктерінің тозғанын оңай анықтау үшін ондағы шуыл тек бұрылыста туындайтынын айта кету керек.
Артқы белдік механизмдері тетіктерінің істен шығуын болдырмау мақсатында белгілі бір ережені сақтау қажеттігін түсіндіру керек. Ол үшін трактормен шұғыл бұрылыс жасағанда, тежеуішті жайлап басу керек. Үлкен жылдамдықпен шұғыл бұрылыс жасауға болмайтынын ескерткен дұрыс.
Тракторлардың дифференциалды блоктау механизмдерінің құрылысын, әрекет ету қағидатын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар беруге болады: доңғалақтың бір жерімен жеткілікті іліністе болмаса, ол айнала ма, екінші доңғалақ ше, дифференциалды қалай іске қосуға болады?
МТЗ-82 тракторының айқартопса берілісімен танысу үшін оны трактордан шығарып алу керек. Айқартопса құрылысымен оны бөлшектемей-ақ танысуға болады. Айқартопса ашасы мен айқастырмалардың өзара орналасуына оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың қалай майланатынын түсіндіріп берген жөн. Айқастырмалардың май сауытына кұйылатын ТАП-15В немесе №158 майдың жұмыс орнында болғаны дұрыс.
Айкартопса біліктердің арнайы станоктарда теңгерілетінін түсіндіре отырып, оқушылардан «дұрыс теңгерілмеген кезде пайда болатын діріл неге алып келеді?» деп сұрауға болады.
К-701 және Т-150К тракторларының жетекші белдіктерімен толық танысу үшін олардың соңғы берілістері мен айқартопса берілістерін бөлшектеу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Т-150К тракторының айқартопса берілісін оның алдыңғы жетекші белдігінен босату керек. Содан соң бұрандамаларды ағыту арқылы доңғалақты бәсеңдеткіштің қақпағын алады. Белдіктің корпусын бөлектеу үшін (басты берілісі мен дифференциалымен қоса), оның жар-тылай осін шығарып алу үшін екінші ұшындағы М16 бұрандамасына арналған бұрандалы тесекті пайдалануға болады. Кесіктегі тесікке М 16x70 бұрандамасын бұрайды да, жартылай осьті бұрандамасымен қоса өзіне қарай тарту керек, сонда ол белдіктің картерінен алынады.
Гайкаларды босатып, гидрокөтергішті арбашық (тележка) көмегімен алдыңғы белдіктің картерінен, басты берілістің корпусын шығаруға болады. Жетекші шестерня білігінің ернемегін қысып шығарып алу керек, содан соң шестернялар мен тірек тығырықтары да алынады. Беріліс корпусының қақпағын шығару үшін де №12 екі бұрандаманы арнаулы бұрандалы тесіктерге бұрау арқылы шығарады, аунақшаны (ролик), мойынтіректердің стаканын жетекші шестернямен қоса корпустан қысып шығаруга болады. Содан соң стаканнан реттеуіш төсеніштерді алу қажет. Оқушылардың материалды дұрыс ұғуын тексеру үшін мынадай сұрақтар беруге болады: басты берілістің жетекші шестернясының мойынтірек стаканының ернемегі мен корпус аралығындағы төсеніштер не үшін қажет, доңғалақты және шынжыр табанды тракторларының жетекші белдіктерінде айырмашылықтар бар ма, т. с. с.
К-701 тракторының бәсеңдеткішін бөлшектеп болған соң оның жетекші белдігінен басты берілісін бөлшектеуді бастайды. Ол үшін таспалы тежеуішті шығарып, бұрандамаларды бұрау арқылы қысқыш тығырықты алу керек, содан кейін жетекші шестерня білігінен тежегіштің барабанын сығып шығарады.
Тапсырмаларды орындау жүйесін тиімді ойластыру үшін карточка-тапсырмалар жасауға болады. Осындай карточка-тапсырмалардың үлгісін төменде беріп отырмыз.
- Дифференциал көмегімен доңғалақтардың екеуінің екі бөлек бір орында айналуын қалай болдырмауға болатынын түсіндіріп беріңіз.
- Егер трактор доңгалағы бір орында айналмаса, қозғалтқыштың бұраушы моменті дифференциалға беріле ме? Осындай сәтте жалғастырғыш дискілер қандай жағдайда болады?
- Алдыңғы доңғалақтардың колеясын қалай реттеуге болады? Реттеу жолын жасаңыз.
№2 карточка-тапсырма.
- Дифференциалды блоктау механизмінің қызметін түсіндіріп беріңіз.
- Қандай трактордың артқы белдігі беріліс қорабымен ортақ корпуста орналасқан?
- Соңғы беріліс пен алдыңғы доңғалақ осінің қалпын өзгерте отырып, трактордың жөндеу түрлерін қарастырыңыз.
- Дифференциалды блоктау механизмінің қызметін түсіндіріп беріңіз.
- Тракторлардың қандайының артқы белдігі беріліс қорабымен ортақ корпуста орналасқан?
- Соңғы беріліс пен алдыңғы доңғалақ осінің қалпын өзгерте отырып, трактордың жөндеу түрлерін қарастырыңыз.
1-тапсырманың мазмұны мен орындалу жүйесі
Тақырыбы: ДТ-75МВ тракторының жетекші белдігі.
- Трансмиссия корпустарының бекітілуін қараңыз. Плакаттан, беріліс қорабының екінші білігінен жетекші доңғалақтарга айналмалы қозғалыстың қалай берілетініне назар аударыңыз. Тетіктердің аттарын біліп алыңыз.
2. Жетекші белдікті бөлшектеңіз. Басқару (21) және тежегіш реттеуше арналған жүктесік қаңпақтарын (4-сурет) алыңыз (20 және 22) тартқыштарын босату арқылы баскару қораптарын, (34) және (23) серіппелерді шығарыңыз. (12) және (18) сырғаларды босатып, (17) осьті ұрып шығарыңыз (жезден жасалған жапсырманы пайдаланыңыз) .
Тежеуіштердің жетек механизмінің иінтіректерін шығарыңыз да, корпустың артқы қабырғасындағы тежеуіш таспаларының кронштейндерін босатыңыз.
Реттегіш бұрандамаларды (43) бұраңыз да, тартып тұратын серіппелерді (40) шығарып алыңыз. Шкив бойындагы тежегіш таспаларды алдына қарай жазыңыз (7) және (8) жүктесіктен шығады.
Соңғы беріліс корпусының бүйіріндегі қақпақтарын шығарыңыз. Шестерня (36) күпшегінен нығыздағышты тартыңыз да, (37) білік ұшына бұрандамаларды бұрау арқылы, оларды артқы белдіктен тартып шығарыңыз.
Тақтайшаны (35) шығарьш, күпшек арқылы арнаулы ажыратқыштың қарнағын өткізеді де, соңы берілістің жетекші шестерняларын шығаруға болады. Тежеуіш шкивтерін таспаларымен қоса жоғары қарай шығарып алыңыз.
Монтажды бұрандамалар көмегімен стаканды (24) күн шестерняларымен қоса сығып шығарыңыз. Көтергішті пайдалана отырып, корпустан планетарлық механизмді шығарып алыңыз.
- Жетектегі конусты шестерняның (26) бекітілуін қараңыз. Бұрандамаларды босатып, оның реттеуіш төсемдерін алыңыз, құрылысымен танысып, орнына қайта салыңыз.
- Планетарлық механизм тетіктерінің құрылысын қарап, оның жұмыс істеу әрекетімен танысыңыз. Трактор түзу бағытта жүрген кезінде немесе бұрылу уақытындаоның қалай әрекет ететініне көңіл аударыңыз.
- Жетекші мен сателлитті жиып алып, тәжді шестерня барабанына орнатыңыз да, мойынтіректі қысып кіргізіңіз.
- Планетарлық механизмді орнатыңыз, оны корпусқа оңай түсіру үшін монтажды стаканды пайдаланыңыз.
- Планетарлық механизмнің және конусты шестернялардың қалай майланатынын көріңіз. Нығыздағыштардың (38) құрылысымен танысып, оларды күн шестерняларының күпшегіне кигізіңіз.
- Тежеуіш тетіктерінің құрылысымен, әрекет ету қағидатымен танысыңыз. Тетіктердің аттарын есіңізге сақтап қалуға тырысыңыз.
9. Тежеуіш таспаларын шкивтерге кигізіп, олардың реттеуіш гайкаларын (7 және 8) тартыңыз.
- Соңғы берілістің құрылысымен танысыңыз. Оның бекітілген жеріне назар аудара отырып, артқы белдіктің корпусынан қалай босатуға болатынын ойлаңыз.
- Шкивтерді (5) тежеуіш таспаларымен бірге соңғы берілістің шестернялары (36) мен біліктерін (37) орнатыңыз. Шестерня күпшектеріне олардың нығыздағыштарын кигізіңіз.
- Реттеуіш гайкаларды (7 жөне 8) 5-6 айналымға босатыңыз да, реттеуіш гайкалар жүктесіктерге кіретіндей етіп, тежеуіш таспаларын жайыңыз. әдіспен тартып, кронштейндерді бекітіңіз.
- Тежеуіш жетегінің механизмдерін жалғастырып, артқы белдік пен соңғы берілістің детальдарын орнына қойыңыз.
- Күн шестерняларының тежеуіштерінің реттеу әдісімен танысыңыз.
- Тоқтап түру тежеуішінің реттеу жолдарымен танысыңыз.
Бақылау сұрақтары
- ДТ-75МВ тракторының жетекші белдігі қандай механизмдерден тұрады?
- Дифференциал не үшін керек?
- ДТ-75МВ тракторының планетарлық механизмінің жұмысын түсіндіріңіз.
4. Жетекші белдіктердің қандай ақауларын білесіз?
5. Артқы белдік механизмдерінің істен шығуын болдырмау үшін қандай ережені сақтаған жөн?
6. Трактор түзу бағытта жүргенде және бұрылғанда дифференциалдың жұмыс істеу қағидатын айтып беріңіз.
7. Планетарлық бұрылыс мехаиизмінің бұрылыс жалғастырғыштарынан қандай айырмашылықтары бар?
6-цикл зертханалық-практикалық сызықтардың жоспары
Тақырыбы : Автомобильдер трансмиссиясы. Гидравликалық және пневматикалық тежеуіш жүйелері.
Сабақтың мақсаты: Автомобильдердің ілінісін, беріліс қорабын және артқы белдіктерін бөлшектеу, жинау және реттеу жолдарын оқушыларға үйрету. ЗИЛ-130 автомобилінің және Т-150К, К-701 тракторларының пневматикалық жетекті тежеуіш жүйелерімен таныстыру.
Сабақ әдісі - зертханалық жұмыс. Берілетін уақыт -30 сағат. Топтар саны - 10.
Сабақ тақырыбына арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: ГАЗ-53А автомобилінің трансмиссиясы.
2-тапсырма: ЗИЛ-130 автомобилінің трансмиссиясы.
3-тапсырма: КамАЗ-5320 автомобилінің трансмиссиясы.
4-тапсырма: ГАЗ-53А автомобилінің тежеуіш жүйесі.
5-тапсырма: ЗИЛ-130 автомобилінің пневматикалық тежеуіш жүйесі.
6-тапсырма: Т-150К тракторының пневматикалық тежеуіш жүйесі.
7-тапсырма: К-701 тракторының пневматикалық тежеуіш жүйесі.
8-тапсырма: КамАЗ автомобилінің тежеуіш жүйесі.
9-10-тапсырма: Машина-трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау.
Жұмыс орындарының құрал-жабдықтары:
- монтаж жасауға арналған үстелдер;
- қысқыштары бар верстактар;
- ПИМ-1516 құрал-саймандар жиынтығы;
- монтажды орналасқан ГАЗ-53А автомобилі;
- арнаулы стендке орналасқан ЗМЗ-53 қозгалтқышы (ілініс, беріліс қорабымен бірге) ;
- стендке орналасқан артқы белдіктер;
- ЗМЗ-53 қозгалтқышының тегершігі;
- беріліс қораптарын бөлшектеп жинауға арналған стенд;
- іліністің ажырату иінтіректерін орналастыруға арналған шаблон;
- беріліс қораптарын бөлшектеуге арналған әмбебап ажыратқыш;
- диаметрі 8 мм резеңкелі шарик;
- ілініс және беріліс қорабымен бірге құрастырылған монтажды орналасқан ЗИЛ-130 қозгалтқышы;
- редукторы ажыратылған ЗИЛ-130 қозғалтқышының артқы белдігі;
- ЗИЛ-130 қозғалтқышының тегершікке жалғасқан ілініс, беріліс қорабының алғашқы білігі, төртінші біліктің жетек шестернясы, IV және V берілістің үйлестіргіші;
- КамАЗ-740 қозғалқышы (ілініс корпусы және беріліс қорабымен бірге) ;
- жетекші белдіктер (стендке орналасқан) ;
- ГАЗ-53А және ЗИЛ-130 автомобильдерінің тежеуіш жүйелерінің механизмдері;
- тежеуіш колодкаларын алып-салуға арналған құрылғылар;
• монтажды орналасқан Т-150, К-701 тракторлары, КамАЗ-5320 автомобилі;
•автомобильдер мен тракторлардың доңғалақты тежеуіштерінің тетіктері;
•компрессорды бөлшектеп-жинауға арналған ОПР-647 стенді;
•ПИМ-1928 ажыратқыштары (жиынтықтығы) ;
•ГАРО съемнигі (компрессордың поршень саусақтарын алуға арналған) ;
•2494 құрылғысы (поршеньді саусақтарымен бірге компрессор цилиндріне салу үшін) ;
• динамометрлік кілт;
• қысқыштар, сүңгіштер;
• плакаттар, оқулықтар, технологиялық нұсқау карталары, карточка-тапсырмалар.
Әдістемелік нұсқаулар . Сабақ барысында оқушыларға автомобильдердің трансмиссиясының агрегаттары мен тетіктерінің бөлшектеу, жинау жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыру қажет. Әсіресе, бөлшектеу-жинау жұмыстарын орындау үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін еске салуды ұмытпау керек. Жұмыс барысында қолданылатын ажыратқыштар мен құрылғылардың пайдалану әдістерін көрсеткен жөн.
Беріліс қораптарын (ГАЗ-53А және ЗИЛ-130 автомобильдерінің) оқып үйрену жұмысын ұйымдастыру барысында олардың үйлестіргіштерінің жұмысын оқушыларға толық түсіндіріп берген жөн. Себебі, бүл материал күрделі түсіндіруді оңайлату үшін үйлестіргіштердің әр түрлі кезеңдердегі жұмысын жеке сызбалар жасап көрсету арқылы жүргізуге болады.
ГАЗ-53А автомобилінің тежеуіштерінің гидровакуумды күшейткіші жетектерінің жұмысы да күрделі болғандыңтан, бүл материалдыда түсіндіре отырып, оқушылардың дербес жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Гидровакуумды күшейткіштің жұмысын дұрыс оқып үйрену үшін екі плакатты қатар пайдаланған жөн, оның бірінде тежеуіштің басылу сәтіндегі күшейткіш әрекеті Көрсетілсе, екіншісінде басқыштың алыну сәтіндегі әрекеті көрсетілгені дұрыс.
Автомобильдердің трансмиссия жүйелерінің тетіктері мен механизмдерімен толық танысу үшін олардың құрылыстары көрсетілген альбомды пайдалануға болады.
Мұғалім зертханалық-практикалык; жұмыстардың тиімді өтуін қамтамасыз ету үшін автомобильдердің трансмиссиясы мен тежеуіш механизмдерінің толық жиынтығы болуын тексеруі керек. Әсіресе, сабақ барысында жоғалып кететін тетіктердің бар-жоқтығына назар аудару кажет. Мысалы, ЗИЛ-130 қозғалтқышы компрессорының енгізу және шығару клапандарының, тығынжылдары (плунжерлер) мен штоктардың, күйентелерінің бар-жоқтығын алдын ала тексеріп алган дұрыс.
ГАЗ-53А автомобилінің тежеуіш жүйесінің тетіктерін дұрыс дайындау үшін тежеуіш цилиндрін бөлшектеп, ондағы енгізу және шығару клапандары, серіппелері, пластикалық клапандардың орнында екеніне, поршеньнің тығыздауыш көмкермелерінің (манжета уплотнительная) ақауларының жоқтығына назар аударған жөн.
Гидровакуумдық күшейткіштің вакуумды және ауа клапандарының бар екендігін, вакуум камерасының диафрагмасы мен басқару клапандарының орнында екенін де тексеру қажет.
Автомобильдердің ілінісін жүмысқа әзірлеу барысында, олардың басқыш серіппелерінің, ажыратқыш иінтіректерінің саусақтары мен реттеуіш гайкаларының түгел екендігін де тексеріп алған дұрыс. Беріліс қораптарының ауыстыру механизмдерінің жиынтықтығына да көңіл аударған абзал.
Артқы белдіктерді тексере отырып, олардың басты берілістерінің жетекші шестернялары біліктерінің мойынтіректерінің реттеуіш төсемдерінің, сателлиттердің тірек тығырықтарының орындарында екенін қарап шығу керек.
ЗИЛ-130 автомобилінің беріліс қорабын бөлшектеу үшін оның қол тежеуішін шығарып алу керек. Ол үшін жетектегі біліктің фланецін барабанымен қоса шығарады. Қалып (колодка) серіппелерін босатып, серіппелі тығырықтары бар болаттарды ағытып алады. Тежеуіштерінің жетек иінтірегі мен бұранда тартқышын қосатын сіргеден (шплинт) босатып, шығарып алуға болады.
ЗИЛ-130 автомобилінің айқартопса берілісін шығару үшін артқы білік бұрандасының фланецін артқы белдіктің басты берілісінің жетекші білігі фланеціне бекітетін гайканы ағытады да, тығырықтарын шығарып, фланец тесіктеріне бұрандамаларды шығарады. Айқартопса білігін ұстап тұрып, аздап алға жылжытады да, оның артқы шетін жерге түсіреді. Аралық тіректі жақтауға бекітетін бұрандамаларды ағытып, алдыңғы бұранданың фланецке бекітетін бұрандамаларын босатады да, айқартопса берілісін автомобильден шығарады. Оны бөлшектеу үшін монтажды үстелге орналастыру қажет. Айқартопсалы бөлшектеуден бұрын оқушыларға, оның теңгеруін бұзып алмау үшін шлицтің соңымен төлкенің, аша, ернемектердің өзара орналасуын бояу арқылы белгілеп алу керектігін ескерту керек.
Айқартопса берілісін бөлшектеп, толық танысып алған соң оны құрастырады. Жиылған айқартопсаны автомобильге қайта орнату керек. Ол үшін айқартопса білігінің артқы жағынбасты берілістің жетекші білігінің фланеціне бұрандамаларын тартпай жалғайды. Берілісті көтеріп, аралык, тіректі жақтауға бекіткен соң бұрандамаларды қатайтады.
. ЗИЛ-ІЗО автомобилінің артқы белдігін бөлшектеу үшін арнаулы стендті (үлгісі 689-00-00) пайдаланған дұрыс. Егер ол зертханада болмаса, артқы белдікті тіреуге орнатып алып, бөлшектеуге болады.
Артқы белдіктің бәсеңдеткішін да бөлшектеп, оның тетіктерімен танысуды көздеген дұрыс. Бәсеңдеткішті, әдетте, темір ұстасы үстелінде бөлшектейді. Мойынтіректер картерін бекітетін бұрандамаларды босатып, балғамен ақырындап ұру арқылы жетекші шестерняның білігін картерімен қоса шығарып алу керек. Реттеуіш төсемдерін алып, оқушыларға оның қызметін түсіндіріп беруді талап етуге болады.
Артқы белдіктің тетіктерінің құрылысымен толық таанысып болған соң оны қайта құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Жинау барысында артқы белдік бәсеңдеткішінің конусты жетекші шестернясы білігінің мойынтіректерінің тартылуын реттеуді оқушыларға үйрету қажет. Реттеу жұмысының қажет екенін білу үшін ернемек гайкасын барынша бұрап, жетекші шестерня білігінің айналуын тексеруге болады. Егер ол оңай айналмаса, біліктің осьтік ауытқуы байқалса мойынтіректерді реттеу қажет. Оқушыларға мойынтіректің тартылуын реттеуге қажет төсеніштерді көрсетіп, оның қалай реттелетінін сұрауға болады.
Автомобильдердің іліністерінің құрылысын оқуға көп көңіл бөлген дұрыс. Оқушылардан сабақ барысында, қозғалтқыштардың иінді білігінен беріліс қорабының жетекші білігіне айналыстың қалай баратынын түсіндіріп берулерін талап етуге болады. Ілініс басқышының толық жылжымын реттеуден бұрын ажырату жалғастырғышы мен ажыратқыш иінтіректер арасындағы саңылаудың не үшін қажет екенін, ал саңылау болмаса қандай жағдай болатынын, оқушылардың өздерінен түсіндіріп беруді талап ету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz