Ежелгі дүние философиясы
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ежелгі Қытай философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Ежелгі Үнді философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Антикалық философия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

КІРІСПЕ
Философияның пайда болына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Бұл кезеңді Ясперс өзекті уақыт (осевое время) деп белгілейді. Хронология жағынан бұл уақыт б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады. Адам радикалды мәселелер қоя бастады, түсінік іздеді, жанды құтқару жолдарын іздестірді. Адам мүмкіндігінің шекарасын пайымдай отырып, өзіндік сананың тереңдігі мен трансценденті дүниенің тұңғиығының абсолюттілігін түсіне бастайды.
Бұның бәрі рефлексияның арқасында мүмкін еді. Сана өзін-өзі тани бастады, ойлаудың объектісі ойлаудың өзі болды. Рухани тайталас басталды, әркім өз пікірін басқаға жеткізуге тырысты, өз идеяларының дәйектілігін аргументеуге тырысты. Қарама-қарсы пікірлер сыналды. Пікір таластар, рухани саланың жікке бөлінуі, олардың қайшылықтары мен өзара байланыстары жайбарақат өмірді сергілтіп, қозғалыс тудырды, рухани хаос

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихи – Аоматы, 2000.
2. Абай. Шығ.жинағы. Алматы,1995
3. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.
4. Введение в филосфию. Учебник для вузов 2-е издание М., 1997
5. Әлемдік филосфиялық мұра. 1-20 тт-Т.1-Алматы: Мектеп, 2005-2007

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ежелгі Қытай философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Ежелгі Үнді философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Антикалық философия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Философияның пайда болына ықпал еткен ерекше рухани процесс тарихта аса маңызды кезең болып өткен деп жорамалдайды неміс философы Карл Ясперс (1883-1969). Бұл кезеңді Ясперс өзекті уақыт (осевое время) деп белгілейді. Хронология жағынан бұл уақыт б. з. б. 800-200 жылдар аралығы болыпты. Осы кезеңде ежелгі Қытай, ежелгі Үнді және ежелгі грек елдерінде жаңа дүниетаным қалыптасады, адам бүкіл болмысты, сондай-ақ өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Адамның алдынан дүниенің тұңғиығының сырлары және өзінің маңыздылығын тану мүмкінділігі ашылып, қызықтырып, мен мұндалап тартып тұрады. Адам радикалды мәселелер қоя бастады, түсінік іздеді, жанды құтқару жолдарын іздестірді. Адам мүмкіндігінің шекарасын пайымдай отырып, өзіндік сананың тереңдігі мен трансценденті дүниенің тұңғиығының абсолюттілігін түсіне бастайды.
Бұның бәрі рефлексияның арқасында мүмкін еді. Сана өзін-өзі тани бастады, ойлаудың объектісі ойлаудың өзі болды. Рухани тайталас басталды, әркім өз пікірін басқаға жеткізуге тырысты, өз идеяларының дәйектілігін аргументеуге тырысты. Қарама-қарсы пікірлер сыналды. Пікір таластар, рухани саланың жікке бөлінуі, олардың қайшылықтары мен өзара байланыстары жайбарақат өмірді сергілтіп, қозғалыс тудырды, рухани хаос алаңдаушылық тудырды.
Осы дәуірде негізгі категориялар қалыптасты, ол категориялармен біз осы күндерде де пайдаланамыз. Нағыз сол уақытта адам өмірін анықтауда әлі күнге дейін күшін жоймаған әлемдік діндер қалыптасты. Бұл процесстер көп адамдардың бұрын санасыз қабылданған әдет-ғұрыптарға көзқарастарын өзгертті. Бұның бәрі тоғыса келе шексіз таным процесіне ұласып кете берді. Философияның тақырыптық мәні қоғам дамуының барысында дамып отырды. Философияның мазмұны да эволюцияға ұшырайды. ХХ ғасырдың кейбір ғалымдары философияға нақты анықтама беру мүмкін емес деп есептейді.
1. Ежелгі Қытай философиясы
Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді, оқ дәріні (порох), фарфор ыдыс-аяқты және т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. Көркем әдебиет, сурет өнері, философия, дін аяларында еңбек еткен ұлы қытайлықтардың есімдері қазіргі күнге дейін сақталып келе жатыр.
Әсіресе, философия саласын алсақ, ежелгі Қытай Жер шарында алғаш қалыптасқан философия ошақтарының біріне жатады. Осы елде б.д.д. 8-3 ғасырлар аралығында ең белгілі философиялық мектептер пайда болып, даму өрісін кеңейтеді. Олардың қалыптасуына мынадай негізгі алғышарттар ықпал жасады:
1. Қолайлы табиғи климат жағдайларының әсерімен орын алған мәдениеттің жоғарғы деңгейі;
2. Иероглиф негізінде жасалған жазудың қалыптасуы;
3. Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымдарындағы абыздар тобының болмауы;
4. Рухани өмірдегі бәсекелестік, сөз бостандығы, шығармашылық құбылыстарының орын алуы;
5. Қытай білімінің классикалық кітаптарының қалыптасуы.
Ежелгі қытай философиясының қайнар көздері ретінде есептелетін бұл кітаптардың тізімі төмендегідей көрініс алады:
- Ши цзин (б.д.д. ХІ-YІ ғ.ғ.) (жыр кітабы) - ежелгі халық поэзиясының жинағы;
- Шу цзин (б.д.д. 1 мыңжылдықтың басы) (Тарихи аңыздар кітабы) - ресми құжаттардың жинағы;
- Ли шу ( б.д.д. ІY- І ғ.ғ.) ( Дәстүрлер кітабы) - діни және саяси рәсім, салттарды жүргізу ережелерінің жинағы;
- Чунь цю (б.д.д. YІІ- ІY ғ.ғ.) (Көктем және күз кітабы) - Лу мемлекетінің хроникасы (жылнамалар);
oo И цзин ( б.д.д. ХІІ- YІ ғ.ғ.) (Өзгерістер кітабы)
Философиялық тұрғыдан қарағанда "Өзгерістер кітабы" аталмыш кітаптардың ішінде ең маңызды болып табылады. Ол екі негізгі бөлшектерден тұрады: 1) каноникалық текстерден және 2) сол текстерге берілген түсініктемелерден.
Каноникалық текстерді 64 гексаграммалар құрайды. Әр гексаграмма шындықтың, қоршаған ортаның, болмыстың белгілі бір күйін суреттейді. Гексаграмма бірінің астына бірі орналасқан 6 сызықшалардан құрастырылады. Өз кезегінде гексаграммалар триграммалардан пайда болады. Алғашқыда "Өзгерістер кітабы" бал ашу кітабы болғандықтан триграммалар былай қалыптасқан: белгілі бір адамға үш рет теңгені (монетаны) тастауға мүмкіндік беріледі; егерде монета оң ("орел") бетімен түссе, онда " -- " белгі, яғни үздіксіз сызықша, "ян" белгісі қойылады, монета (теңге) теріс бетімен ("решка") бетімен болғанда " - - " белгі, үзік сызық "инь" белгісі сызылған. Сөйтіп, көрсетілген белгілер өзара комбинацияға түсіп 8 триграммаларды береді. Адамда кездесетін түрлі құбылыстарды және заттарды осы триграммалардың үйлесімімен немесе олардың бірімен белгілеуге болады.
Аталмыш 8 триграммалардан құралған 64 гексаграммаларды мантика және философия тұрғыларынан қарасытыруға болады: мантика болжау өнері ретінде ақыл-кеңестер, ұсыныстар арқылы көрініс тауып, ашық, анық түрде орын алады, ал философия жасырын турде берілгендіктен, өз мәнін ашуды талап етеді. "И цзин" кітабындағы философияны инь мен ян туралы ілім сипаттайды. Ежелгі Қытай мифологиясында әлемнің екі негізгі бастамаларын (рухтарын) білдіретін инь мен ян ұлы шығарма беттерінде ұғымдық түрге ие болады.
"Инь" сөзінің мағынасы таудың, жотаның, сайдың қараңғы, көлеңкелі жақтарын білдірсе, "ян" сөзінің мағынасы аталған объектілердің жарық жағын білдіреді. Жалпылама түрде айтқанда, ежелгі қытай философиясында инь мен ян ұғымдары әлемнің дуалистік сипатын бейнелейді. Яғни, әлемнің бүкіл заттары мен құбылыстарын екі қарама-қарсы топтарға жіктеуге болады:
Инь тобы
Ян тобы
Қараңғы
Жер
Әйел
Төменгі
Ай
Ішкі
Салқын
Белсенді емес, енжар
Тыныштық және т. б.
Жарық
Аспан
Ер
Жоғарғы
Күн
Сыртқы
Жылы
Белсенді
Қозғалыс және т. б.
"Инь" мен "Ян" екеуінің дуализмі мен өзара әсері бүкіл әлемдік құбылыстардың мәнін айқындайды. Мұндай қызметті олар адамның өмірі мен парасатты іс-әрәкетіне де, таным процесіне де байланысты атқарады. Инь және ян бүкіл әлемдік хаосты реттеуші бастау болып табылады. Инь, ян ілімін Ұлы жалпы заң деп атайды. Ауысу, өзгеру және толықтыру құбылыстары инь мен янның өзара қатынасқа түсуі нәтижесінде жүзеге асып жатады. Инь, ян ұғымдары жаhандағының бәрі екі қарама-қарсы жақтардан құралғанын бейнелейді, шексіз екі қарама-қарсы жақтар бар. Дүние шексіз, инь, ян бір-бірінсіз өмір сүрмейді.
Инь мен янның өзара байланыстарын, қатынастарын, мызғылмас бірлігін тайцзы (ұлы шек) ұғымы көрсетеді. Ол графикалық түрде монема арқылы көрініс табады. Аталмыш монеманың мағынасын былай сипаттауға болады:
1. Шеңбер шексіз әлемнің символы болып табылады.
2. Қара (инь) мен ақ (ян) әлемнің екі қарама-қарсы жақтарын білдіреді.
3. Инь мен ян мызғымас бірлікті құрайды: әр янда аз мөлшерде инь болады, әр иньде аз мөлшерде ян болады.
4. Ян өз шегіне жетіп иньға өтеді, ал инь өз шегіне жетіп янға өтеді.
Сонымен, ежелгі қытай философиясындағы инь мен ян туралы ілім
әлемнің бірлігін, дуализмін және ұдайы өзгерістерде болатындығын бейнелейді.
Б. з. б. 8 - 5 ғасырларда ежелгі қытай философиясының "Инь", "Ян" теориясы "ци" (энергия, тіршілік қуаты) ұғымымен, ал б. з. б. 5 - 3 ғ.ғ. "У-син" (өмір мен өлімнің өзара күрделі байланысын сипаттайтын бес алғашқы элемент, бес қозғаушы күш) концепциясымен толықтырылды. Ежелгі Қытайдағы алғашқы философиялық құрылымдар үшін ең маңызды мәселе осы ұғымдар мен адам өмірінің, әлеуметтік құбылыстардың арасындағы кері байланысты мойындау болатын. Мұндай космогониялық идеялар ежелгі қытайлықтардың діни - философиялық дүниетанымдарының негізіне енгенімен, гуманитарлық ойдың жеке саласына айналып келе жатқан (б.з.б.8-6 ғ.ғ.) философия үшін олар басты орында болмады.
Ал енді у-син (5 стихия) іліміне келетін болсақ, оның қалыптасуы Цзоу Янь (б.д.д. ІІІ ғ.) есімімен байланысты. Бұл ілім заттар мен құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін бақылау нәтижесінде қалыптасқан. Атап айтқанда, кез келген зат немесе құбылыс мынадай даму кезеңдерін өтеді:
- жаралу, пайда болу; ________________ символы - ағаш;
- ең жоғарғы белсенділік; _____________ символы - от;
- торығу; ___________________________ символы - металл;
- ең төменгі белсенділік, енжарлық;_____ символы - су.
Осы 4 стихияға (элементтерге) сондай-ақ жер де қосылады, өйткені жоғарыда көрсетілген құбылыстар, процестер жер үстінде жүреді.
У-син ілімі инь-янды зерттеу барысында пайда болғандықтан 5 стихиялар (элементтер) арасындағы байланыстар қарама-қарсы түрде болады:
Су ағашты өсіреді. Ағаш жанған кезде отты жаратады. Оттан жер пайда болады. Жер қойнауында металл пайда болады. Металл балқыған кезде су тәрізді түрге айналады.
Су отты өшіріп жояды. От металлды балқытып, оның күшін жояды. Металл (ара, балта) ағашты жояды. Ағаш тамырларымен жерді бұзады. Жер суды сіңіріп жояды.
Ежелгі Қытай философиясында су, ағаш, от, жер металл элементтеріне, олардың екі түрлі өзара байланыстарына әмбебап сипат беріледі. Яғни, әлемнің әр затын немесе құбылысын осы 5 элементтермен байланыстыруға болады. Мәселен, адамды алатын болсақ, онда оның ішкі органдарын мынадай түрде жіктеуге негіз бар: бүйрек су элементіне жатады, бауыр - ағашқа, жүрек - отқа, өт (селезенка) - жерге, өкпе- металлға. Бір қызығы, қазіргі заманғы медициналық зерттеулерге жүгінсек, айтып кеткен ішкі органдардың арасындағы оң және теріс байланыстарының дәлелденгендігіне көз жеткіземіз.
Ежелгі Қытай философиясы басымды түрде көркем - әдеби формада дамып отырады. Философиялық ойлар, қағидалар, тұжырымдар көбінесе қысқа әңгімелер, афористік сентенциялар, нақыл сөздер, притчалар арқылы көрініс тапты деуге толық негіз бар.
1. Ежелгі Қытай философиясы практикалық өмірмен тығыз байланысты болды. Сол кездегі ойшылдардың қалыптастырған ақыл-кеңестері, ережелері, ұсыныстары, тегеуірінді талаптары (императивтері) адамдарды дұрыс өмір сүруге бағыттады.. Мысал ретінде Конфуцийдің "алтын ережесін" келтіруге болады: "Өзіңе тілемейтін нәрсені, басқаға жасама".
2. Ежелгі Қытай философиясы өткен шаққа, дәстүрлерге бағытталды деуге болады. Конфуцийдің пікірінше, қоғамда орын алған зұлымдықтардың негізінде дәстүрлерді құрметтемеу, олардан бас тарту жатады.
3. Ежелгі Қытай философиясының даму барысында алуан түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға ұсынып отырды. "Алтын ғасыр" (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады.
Даосизм философиясы.
Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды.
Даосизмнің негізгі қайнар көзіне "Дао дэ цзин" ("Жол мен Игілік туралы кітап") жатады. Сонан соң "Чжуан-цзы", "Ле-цзы", "Хуайнань цзы" трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті ("Дао цзан") 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды.
Даосизм философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда "дао" ұғымы екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. "Дао дэ цзин" кітабындада оған мынадай сипаттама берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін " әлем анасының" жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады.
Екіншіден, "дао" сөзі тікелей "жол" деп аударылады. Аталмыш мағынада дао жаратылыс заңы ретінде қолданылады:
Қорыта айтқанда, даосизм философиясы адамның табиғи негізін айқындап,
оның әлемде алатын орнын белгілейді. Ал адамның әлеуметтік қасиеттерін конфуцийшілдік философиясы қарастырады.
Даостардың этикалық идеалы - Шэнжень, яғни"аса данышпан". "Шэнжень" - жоғарғы дэ мен Дао адамы. Даосизм ойшылдары адамды сырқы дүние анықтай алмайтынына сенімді. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен олар бірін-бірі толықтырды да.
Конфуций философиясы.
Қытай елінің тарихында конфуцийшілдік ерекше орын алды. Себебі, 1912 жылға дейін Конфуцийдің ілімі Қытайда ресми идеология ретінде өмір сүрді, даосизммен қатар адамдардың рухани дүниесінің бір өзегі болып келді.
Конфуцийшілдіктің негіздерін Кун-Фу-цзы (қошеметті ұстаз Кун) қалаған. Ол 72 жыл өмір сүріп (б.д.д.551-479 ж.ж.), 50 жасында өзінің мектебін қалыптастырады, көптеген шәкірттерді тәрбиелеген. Ежелгі грек философы Сократ сияқты Конфуций де ештеңе жазбаған, оның ойлары, айтқан нақыл сөздері, пікірлері шәкірттерінің арқасында "Лунь юй" ("Кеңес пен толғам") кітабында жинақталған.
Конфуций ежелгі қытайлық дүниетанымның негізгі қағидаларын қолдайды. Оның пікірінше, әлемдегі жоғарғы, құдіретті күш болып Аспан табылады. Ал Аспан астындағы өтпелі, өзгермелі әлемде Конфуций тұрақтылықты орнатуға қызмет істеді.
Жэньді ұстанатын адам әлемді тепе-теңдікке келтіруге мәжбүр болады, өзін-өзі жеңіп, жол-жораға оралады. Мәрт азамат әрқашанда моральдың "алтын ережесін" орындайды:
1. "И" - борыш, әділеттік, тазалық, адамның өзіне-өзі жүктейтін моральдық міндеті. Бұл қасиет әке мен бала, үлкен мен кіші, патша мен оның шенеуніктері араларындағы қатынастар қалыптарын айқындайды.
2. "Ли" - әдеп, этика, жол-жора, рәсім. Ли - мінез-құлық нормалары ретінде сыпайылық, әдептілік, ұстамдылық деген мағына білдіреді.
3. Сяо - ұлдың қошеметтеушілігі. Осы қасиеттің мәні мына қағидалар арқылы айқындалады:
а) ата-анаға ли ережелері бойынша қызмет ету;
б) ата-ананы ли ережелері бойынша жерлеу;
в) ата-анаға ли ережелері бойынша құрбан шалу.
Сяоның қатаң заңы - ата-ананың еркіне толық бағынышты болу.
4. Чжи - ақыл-білім, даналық, зият. Мәрт азаматтың, игі адамның ("благородный муж") ерекшелігіне білімді игілікпен ұштастыра білу қабілеті жатады.
Конфуций мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі: "тең орта", "адамгершілік" және "өзара сүйіспеншілік". Осы үш ұғым бірігіп, "дао" ("дұрыс жол") құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
"Тең орта"-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай "ортаны" ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі-"жэнь"-"ата анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау", жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал "өзара сүйіспеншілік" арқылы қарым-қатынас, кофуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда "Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама",- дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын "текті адамдар"("цзюнь-цзы") ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
2. Ежелгі Үнді философиясы
Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі шығыс өркениеттерінің бірі- Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.
Ежелгі үнді философиясының кезеңдерін үш буынға бөліп қарауға болады. Ол кезеңдер мыналар:
1. Ведалық кезең (б.з.д. 1500-600жж).
2. Эпикалық шығармалар дәуірі (б.з.д. 6-3 ғ.ғ.)
3. Философиялық сутралар кезеңі (б.з.д. 3 ғасыр - б.з.2 ғасыры).
Ежелгі үнді философиясының даму тарихы ведалық әдебиет пен брахманизмді танып білу нәтижесінде қалыптасты. Веда текстері - діни мазмұндағы әдебиеттер. Олар б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап жазыла бастаған. Веда текстерінің жазылуының аяқталуы б.з.д. 6 ғасырға тұс келеді. Яғни бұл әдебиет арийлер кезеңінен бастап Үнді елінде алғашқы мемлекеттер пайда болғанға дейін жазылып келген. Бұл құбылыс қоғамның кастаға бөліунімен (варна) байланысты болды.
Веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды 4 жинаққа бөліп қарайды: 1.Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі 4 топқа бөлінеді:
1) Ригведалар (гимндер ілімі).
2) Сама-ведалар (жырлар, өлеңдер ілімі)
3) Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі).
4) Яджур-веда (Құрбан шалу формулалары жайындағы ілім)
ІІ. Брахмандар (веда текстеріне комментарийлер, түсініктемелер).
ІІІ. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары - сопылық жолын ұстап, елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын ұстанған адамдарға арналған тексттер.
ІV. Упанишадтар (Философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы).
Ведалық дүниетаным - ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар комплексі. Ол әрдайым дамуда болған. Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі - сансара ілімі. Үнді діни-мифологиялық сенімі бойынша адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттағы барлық заттар сияқты адам да денеден және мәңгі рухтан тұрады. Сансара ілімі бойынша дене өлген соң, рух басқа денеге көше алады. Мұндағы маңызды мәселе - мәңгілік мәселесі, мәңгі жойылмау туралы пікір. Туу және жойылу заттардың мәнін қамтымай өтеді, олардың тек сыртқы түрі өзгеріп отырады.
Үнді философиясында карма және мокша ілімдері де болды. Карма қайта туу доктринасын толықтырады. Карма тірі жандардың жасаған іс-әрекеті мен қылықтарының, қадамдарының жалпы жиынтығы арқылы оның қайта тууын анықтайды. Рухтың заттан затқа, денеден денеге көшу тізбегі шексіз бола бермейді. Адам имандылықпен, дхарма заңымен өмір сүрсе, діни ережені ұстанса, рухтың Брахманға (Абсолют) айналуына жол ашады. Рух қайта туудан құтылғанда мокшаға қол жетеді. Мокшаға жету - бұл мақсатқа жету, яғни азаптан құтылу, себеп-салдар заңымен көшіп, рухтың жиһан кезуден құтылуы болып табылады.
Ведалық гимндерде жалпы принципті іздеу мәселелері де қойылаған. Ондай принцип ретінде универсалдық космостық тәртіп жарияланған. Ол - бейнесіз, денесіз және барлық нәрсенің үстінен үкім жүргізеді.
Ертеректегі теорияларда нағыз болмыс және бейболмыс немесе құбылыстар дүниесі бар деп түсіндірілген. Нағыз болмыс "сат" деген атаумен белгіленген. Бейболмыс "асат" деп аталған. "Асат" тәртіпті бұзушы күштерді қабылдайды. "Сат" хаосты тәртіптеуші заңдарға сүйенеді және космосқа айналады. Сат" пен асат" біртұтастықтан пайда болған.
Ведалық мифологияда "Бхагавадгита" тексттерінің маңызы үлкен. Бұл кітаптарда Кришнаның эпостық батыр Арджунаға айтқан діни-философиялық ақыл-кеңестері орын алған. Батырлар алдында өмір және өлім мәселелері, болмыстың мәні және маңызы, еркіндік пен іс-әрекет, идеал, міндет ұғымдары жайлы түсініктер қарастырылған. Ешқандай мақсатты көздемей, өз тілектерін ескермей, шешім жасау әрекеттері уағыздалады. Мұндай күйді практикада йога мектебінде кездестіруге болады. Йогтардың мақсаттары - өз денелерінен рухты босату, Атмана-Брахма күйіне ұмтылу, яғни әлемдік біртұтастықпен бірігу.
Веда әдебиетінің аяқтаушы кезеңін упанишадтар құрайды. "Упанишада" сөзін аударғанда ұстаздың қасында отыру, ұстазды тыңдап отыру деген мағына береді. Шығыс дәстүрінде ұстаздың ролі аса маңызды болған.
"Ригведалардың" философиялық бөлімдері мен алғашқы упанишадтар ежелгі үнді философиясының дамуында өте маңызды орын алды. Бұл мұраларда тұтастық туралы, әлемнің жаратылуы туралы, Пуруша (әлемдік рух) туралы, космостық аптап туралы ой-пікірлер жазылған. Дәл осы шығармаларда Брахман, дхарма, карма, мокша ұғымдары мен концепциялары түзілді, космология, эсхатология (ақыр заман), теология, сотериология (құтқару туралы ілім), болмыс, таным, реалдылық мәселелері қарастырылды. Бұл шығармаларда жанның жиһан кезуі концепциясы, зұлымдықты жеңудің практикалық жолдары ұсынылды. Сезімдік дүниеге тәуелділік азап шегудің бірден-бір себебі екені туралы айтылған. Азап шегуден құтылу жолдары көрсетілген.
Упанишадтардағы негізгі идея - жалпы тұтастықты мойындау, әлемнің негізінде абсолютті бастау бар екенін мойындау. Бұл бастау - Брахман. Брахманның екі бейнесі болады: денелі және денесіз. Брахман - бұл дүниенің рухани бастауы, ол адамның рухани мәні - Атманмен бара-бар. Жердегі жаңадан туып-өліп жататын тұйықталған тамұқтан арылу үшін адам, упанишадтар бойынша, өзінің жан-дүниесінің (атман) даралығы туралы брахманмен бірлікте ой тұңғиығына шомуы керек.
Жайнизм және буддизм кең тараған діни-философиялық доктриналар. Жайнизмнің негізін қалаған ("джина" - жеңімпаз) Махавира Вардхамана (б.з.б. 8 ғ.). Бұл ілім бойынша адам мәні 2 нәрсемен айқындалады. Оның бірі - джива, яғни тірі жан, екіншісі - аджива, яғни жанды емес дене. Олар карма арқылы біріктіріледі. Адживамен бірігу дәрежесіне қарай джива екіге бөлінеді: толыққанды болмыс формасы, толыққанды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz