Несие нарығындағы коммерциялық банктердің кызметі
Мазмұны
Кіріспе
І. Несие нарығының қалыптасуы және дамуы
1.1 Несие нарығына сипаттама
1.2 Қазақстандағы несие нарығының структурасы
ІІ. Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялык банктердің ролі
2.1 Банктік несиенің ерекшеліктері және түрлері
2.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы
ІІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тіуекелді бағалауы
3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалауы
3.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Осы курс жұмысы «Коммерциялық және банктік несие» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлім – несие нарығының қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта – Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялық банктердің рөлі – деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Қорытындысында – осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталамын. Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының несие нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі, оның несиелік қызметі туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл несие нарығын қамтиды. Бұл тақырыпта зерттелетіні - Қазақстан Республикасының несие нарығының мәні мен маңызы, ал зерттеу мақсаты – республикадағы несие нарығының қалыптасуы мен дамуын оқып білу.

1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444.
2. Н. Назарбаев Қазақстан – 2030; Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы; Білім, - 1997. 176 бет
3. Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы; Атамұра,2005. 48бет
4. Қр Ұлттық банкі.Статистикалық бюллетень №1(110) қаңтар 2004.
5. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Алматы; Экономика 2000 – 328бет
6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246бет
7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары . Оқу құралы./ Алматы: Издат Маркет, 2004 – 246бет
8. Саниев М.С. Ақша. Несие. Банктер: Оқу құралы Алматы; Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 165бет
9. Ақша. Несие. Банктер: Оқклық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Сғ Сейітқасымов. Алматы; Экономика, 2001 – 466бет
10. Шаяхметова К:О: Банктік тәуекелдер; Оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж
11. Банки и банковские операции : Учебник/ Под. Ред Проф. Н.Ф.Жукова
12. Банковское дело / Под. ред. О.М. Ловрушина. М Финансы и статистика,1998-576стр
13. Кудрявцев В.А. Основы организации ипотечного кредитования. Москва:Высшая школа,1998
14. Усоскин В.М. современные комерческие банки.М. 1994 – 320с.

1. Несие нарығына сипаттама
2. Қазақстандағы несие нарығының структурасы
ІІ. Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялык банктердің ролі
2.1 Банктік несиенің ерекшеліктері және түрлері
2.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы
ІІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тіуекелді
бағалауы
3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалауы
3.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Екінші онжылдықтың басында
еліміздегі банк жүйесі Қазақстанды
бүкіл Орталық Азия аймағындағы
қаржылық орталыққа айналдыруды
қамтамасыз етуге тиіс .
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және
тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің
дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын
жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру
жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет
реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас
бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие
қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік
береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте
маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде
бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра
түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер
несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық
несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын
көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді
жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның
басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және
Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық
қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және
саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Осы курс жұмысы Коммерциялық және банктік несие - атты
тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлім –
несие нарығының қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта – Қазақстандағы
несие нарығындағы коммерциялық банктердің рөлі – деген басты бөлімдеріне
шолу жасаймын. Қорытындысында – осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталамын.
Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер
қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының несие нарығындағы
коммерциялық банктердің қызметі, оның несиелік қызметі туралы егжей-
тегжейлі мағлұмат бүкіл несие нарығын қамтиды. Бұл тақырыпта зерттелетіні -
Қазақстан Республикасының несие нарығының мәні мен маңызы, ал зерттеу
мақсаты – республикадағы несие нарығының қалыптасуы мен дамуын оқып білу.
І Несие нарығының қалыптасуы және дамуы
1.1 Несие нарығына сипаттама
Несие – нарықтық эконамиканың тірегіретінде экономиканың дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан ізеуіміз керек.Тауар айырбастау – бұл тауардың бір
қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас
кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбінесе несиені ақша түрінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақша түрінде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретіндігін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы:
дотация,субвенция,субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартына уақытша пайдалануға
(қарызға)берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жйнақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар.
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудің әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінле қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің нарықтық экономикадағы маңызы аса зор .Ақша капиталының
жинақталу ауқымының ұлғыюы несие нарығының дамуына себепкер болады.
Ссудалық капиталдың қозғалысы: ақша қаражаттары түрінде жинақталған капитал
ссудалық капиталға тікелей айналады. Несие нарығы экономика санаты ретінде
түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты
әлеуметтік – экономикалық қатынасты білдіреді.
Несие нарығы – бұл механизм, оның көмегімен қаржылық қаражатқа
мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы
және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттар мен
қаражатты қсынуды, (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым – қатынас
белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс
процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы,
бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады.Ол оғант нарық арқылы ссудалық
капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа
да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Несие нарығының мәнін онда
қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің
капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды, дәлірек айтқанда банкир өз
ісін өзіндік капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе өз банкісінде депазитке
салынған канпталдың көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі жоқ.
Несие нарығы арқылы қндіріс пен тауар айналымының өсуі ел ішінде
капитао\л қозғалысы, капитал салымындағы жинағының трансформациялануы,
ғылыми техникалық революция негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге
асырылады.
Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі маңызды ролі ұсақ әрі
бытыраңқы ақша қаражаты біріктіреді әрі нарықтың өндіріс пен капиталды
шоғырландырып, орталықтандырылуына мүмкіндік береді.Ақша капиталы негізінен
ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады. Осыған байланысты алатын
болса, оқшау процесі ретінде жинақтаудың ешқандай маңызы жоқ, жинақтау ең
алдымен өндірістің барысына ықпалын тигізіенде ғана маңызды болады. Ақша
капиталын макроэкономикалық тұрғыдан жинақтау нақты жинақтаумен өзара тығыз
байланысты болады. Ақша капиталы негізінен халықтың жинағының негізінен
қалыптасатыны белгілі ал олардың мөлшері елдің жалпы ұлттық өнімдерінде
капитал салымының үлесін қалыптастыруда үлкен роль ойнайды.
Несие нарығының мәні мен ролі оның функциясын да анқтап береді.
Несие теориясында оның функциясы мен мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай
көз қарастар жоқ. Алайда өзінің барлық формасында несие мәні қайта бөлу
функциясында, несие құралын жасаушы функциясында тұрақты түрде пайда болып
отырады. Кейбір ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенсек Қазақстанның
несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
- Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-
ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
- Ақша қорларын ссудалық капиталда тікелей шоғырландыру және оны
өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану;
- Мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері
ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ
аса қуатты қаржы - өнеркәсіп топтарынық қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығының құн қозғалысы мен оның ақшалай формасында, әр түрлі
қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасуы мен және
пайдалануымен органикалық тұрғыға байланысты болатыны белгілі. Оның
деңгеиі қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оны тұтастай әлеуметтік –
экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысымен,
мөлшерімен және бағытымен өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының негізгі қатысушылары – несие беруші және қарыз
алушы. Несие беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда беретін жағы
(тарап). Тауарлық өндірістің бұрынғы сатысында несие берушілердің ролін
өсімқорлар орындаған. Оның дамуына қарай ақшалай несиені берушілердің орнын
банк мекемелері басты. Ал, тауарды ссудаға беруде несие беруде ретінде
тауар өндірушілер алға шықты. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір
қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне оның (несие берушінің)
өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа
субъектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін.
Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайына несие беруші банк ссуданы тек өз
ресурстары есебінен емес, сонымен бірге, өз шотында сақтаулы жатқан
тартылған ресурстардың есебінен, сондай-ақ, жұмылдырылған бағалы қағаздарды
орналастыру арқылы беруі мүмкін.
Қарыз алушы – бұл несие қатынасында несие алатын әрі алған ссудасын
белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті тарап. Өсімқорлық кезеңінде несиені
ұсақ шаруалар, қолөнерші-шеберлер, сондай-ақ, аса ірі жер иеленушілер
немесе бай адамдар пайдаланады. Кейін банктердің пайда болуына қарай
алушылардың шоғырлануы жүзеге асты.ьБұл арада банк ұжымдық несие беруші
ретінде алға шықты. Ссудалық мәміледе несие берушіге қарағанда қарыз
алушының мынадай ерекшелігі болады.
- ол ссудалық қаражаттың иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі
ғана бола алады әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
- қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс
саласында да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы қндіріске тікелей шықпай
ауысу фазасында (в фазе обмена) береді.
- қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруасына пайдаланғаннан кейін
қайтарады. Қарыз алшу ссуданы қайтаруы үшін ұдайы өндірістік процесті несие
берушімен есеп айырысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп
ұйымдастыруы керек;
- қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана пайдаланып
қоймайды, сонымен бірге, оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада қарыз
алшының өз шартын алға тартатын несие берушіге тәуелді болатынын естен
шығармауымыз керек.
Несие беруші мен қарыз алшы несие қатынасына түсу арқылы қздерінің
мақсаттары мен мүдделерінің біртұтас екенін көрсетеді. Олар несие қатынасы
шеңберінде орындарын алмастыруы да мүмкін, егер орындарын алмастыратын
болса, несие беруші қарыз алушыға, ал қарыз алушы несие берушіге айналады.
Несие қозғалысының заңдылығы несие нарығында пайда болатын несие
беруші мен қарыз алшының арасындағы қатынасты толығырақ ұғынуымызға
мүмкіндік береді. Мұны сызба түрінде былайша көрсетуге болады:
2- сызба
Несие қозғалысының сызбасы.
1.2 Қазақстандағы несие нарығының структурасы
Нарықтағы негізгі несие берушілерге коммерциялық банктер жатады.
Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартадыжәне
активті операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын
құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық
несиені, қайта қаржыландырудың несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді
қарызды ұйғаратын РЕПО-ны ұсынады. Ұлттық банк қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің
пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемелерден төмен
белгілей алмайды.
Несие нарығында реттеуші орган ретінде ҚР қаржы нарығын және
қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттігі алға шығады.
Бұл орган, мәселен кастодиан-банктің, брокер банктің және т.б. банктердің
негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.
Белгілі боғандай, коммерциялық банктер әмбебап коммерциялық банк
және мамандандырылған коммерциялық банк болуы мүмкін. Бүгінгі таңда отандық
тәжірибеде әмбебап банктердің артықшылықтарға ие болып отырғаны байқалады.
Дегенмен, соңғы уақытта мамандандырылған банктер алға шыға бастады.
Мәселен, Тұрғын үй құрылыс банкі АҚ-ын айтуға болады. Оның негізгі бағыты-
халыққа ипотекалық несие беру болып табылады.
Несиені тек коммерциялық банктер ғана емес, сондай-ақ ломбардтық,
несиелік серіктестіктер де және т.б. береді. Олар ссуданы аз ғана мерзіге
және аз ғана сомада зергерлік бұйымдардың, автокөліктің және халық
тұтынатын тауарлардың кепілімен береді.
Қазақстан несие нарығының институтционалдың құрылымын былайша
көрсетуге болады. (3-сызба)
Қазақстан несие нарығының институционалдық құрылымын былайша көрсетуге
болады.
Қазақстанда осы уақытқа дейін қысқа мерзімді несиелер негізінен аса
ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға беріліп келгені байқалған,
ал бүгінгі таңдаелімізде ұсынылатын несиелердің көптеген түрі пайда болып
үлгереді. Оның үстіне, несие барушілердің қатарын мамандандырылған
мекемелер толықтырады, қарыз алушы жеке және заңды тұлғалардың да саны өсіп
отыр.
Қаржы мекемелерінің несиелік портфелдеріне қарай несие нарығының
құрылымын былайша көрсетуге болады. (4-сызба)
ҚР-ға тән несие нарығынің сегменттері.
Бүгінгі таңда Қазақстанда басқа несие нарығына қарағанда тұтынк
несиесінің нарығы қатты дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып
алу үшін беріледі. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа
да тауарлардың құнын біртіндеп бөліп - бөліп төлеуге мүмкіндік
беретіндіктен бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналған.
Құрлыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрлыс жұмыстарының қарқын
алуына қарай оған жұмсалатын қаражатқа қажеттілік артып келеді. Банктерде
ссудалық пайыздардың кемуі, несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие
нарығының ұлғаюына себепкер болды.
Банк аралық несие нарығы – несие нарығының айрықша бөлігі.Басқа
несие нарықтарында банктер өзгерісінің бәрі қарыз алушыға жатса, мұнда тек
банктердің өздері ғана несие берушінің де, қарыз алушының да рөлінде
болады. Халықтың баспана қажеттілігімен байланысты ипотекалық несие нарығы
жыцлдам дамып келеді. Алайда, халықтың көп бөлігінде баспана алуға
жеткілікті қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы
тұрғын үй несиесін ипотекалық қамтамасыз етумен алу болып табылады.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен
түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте
болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның
қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық
несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие
субъетілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және
қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі- ол тауар
түрінде берілетін несие.
Банктік несие- ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялык несие тауар түрінде беріледі, ал банктік
несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір-біріне тауар сатылуын қамтамасыз ету үшін беріледі. Банктік
несие берушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде
беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен ,
субъектілері, яғни несие келісіміне қатысушылары бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді.Банктік
несиеді несие беруші – банк, алқарыз алушы кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шетеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) де бір келкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптік даму
кезеңінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп , дағдарыс кезінде
төмендейді.Дағдарыстың әсерәнен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал
қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбееді.Өндірістің жанданып
көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау
үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралыретңнде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды берәп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың банктен ақша қарыздарын алғаны. Егер қарыз алушы банктен
ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал
несиесін алғаны.Банктік несиені экономикалық кез – келген салалары
пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген
келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп
өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының – коммерциялық және банктік
несиелер - әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге
бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық,
мемлекеттік, халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып, тұтыну тауарларын
несиеге сату. Несие алшы халық, ал несие беруші - әр түрлі өндіріс
орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі –
коммерциялық кредит формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлем
кейінге қалдырып,тауар сату) және банктік несие формасында яөни тұтыну
тауарларын сатып алуға ақша беру – ұзақ қолданылатын тауарларға
беріледі.Бүгінгі таңда Қазақстанда басқа несие нарықтарына қарағанда тұтыну
несиесінің нарығы жақсы дамып келеді. Ол халық тұтынатынтауарларды сатып

да тауарлардың құнын біртіндеп бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен
бүгінгі күнде ең қолайлы нұсқаға айналған. Оның үстіне, бүгінгі таңда
банктер пайыз мөлшерлемелерін көп төмендетіп, мұндай несиені алдың рәсімін
оңайлатты. Бұлосы нарықтың даму қарқынын арттыруға әкелді.
Лизинг несиесі – тауар түрінде берілетін несие.Лизинг деп
маманднған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал –
жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа және ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беру. Тауар
өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті
төлеу, мүлікті меншіктеу құнына ие болады.
Ауыл шаруашылық несиесі – ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал
мен айналымына капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз
капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың)
қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктіқ кепілдігімен банк ұзақ
уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік
айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқы мерзімді несие қызмет
етеді.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді, жерді, өндіріс және
тұрған ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін көрсетеді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен коорпорациялардың ипотекалық облегациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады. Халықтың баспана қажеттілігімен
байланысты ипотекалық несие нарығы жылдам өркендеп келеді. Алайда, халықтың
көп бөлігінде баспана алуға жеткілікті қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке
тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үй несиесін ипотекалық қамтамасыз етумен
алу болып табылады.
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін
жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы инсайдерлерге (банк
қызметкерлері) беріледі. Достық несиеде – ақысыз несие түрі.
Қорыта айтқанда, әлемдәк банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа
көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін
несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін және тағы басқалар.

Осы заманғы мемлекеттік тұрғын үй саясаты халықтың әлеуеттік
көмекке мұқтаж бөлігінің қажеттіліктеріне бағдарланған бұрынғысымен қатар
орташа табысы бар және тегін жекешелендірудің нәтижесінде өз меншігіне
айналдарып алған бас панасы бар халықтың негізгі бөлігінің тұрғын үй
мәселесін шешуге жаңа екпін түсіріп отыр.
Халықтың осы бөлігінің мәселелерін шешудің негізгі тәсіліне ұзақ
мерзімді ипотекалық тұрғын үй несиесі жатады. Алайда, халық табысының
аздығын, қаржы нарығында пайыздың мөлшерлемелердің жоғары болуын, тұрғын үй
нарығының дамымағандығын және құрылыс бағасының жоғары деңгейден түспеуін
ескермегенде ипотека механизімінің көмегімен шешілуі тиіс басқа да
мәселелер көп.
Ипотекалық тұрғын үй несиесі ҚР азаматтары – жеке тұлғаларға несие
қаражатына біртіндеп бөліп – бөліп немесе толық сатып алынған жылжымайтын
мүлік кепілімен екінші деңгейлі банктердің беретін қарызы. Ипотекалық
тұрғын үй несиесі қарыз алушыға көп пәтерлі үйден жеке пәтер сатып алу үшін
немесе жеке үй сатып алу үшін беріледі. Оларды банк операцияларын жүргізуге
ҚР Ұлттық Банксі лицензия алған банктер береді.
Қазақстан Республикасында ипотекалық несие жүйесі екі деңгейлі
болып келеді. Бірінші деңгейінде ипотекалық несие беретін банктер мен
банкілік емес ұйымдар түріндегі бастапқы кредиторлар, екішісі осы
кредиторларт берген ипотекалық кредиттер бойынша талап құқықтары мен
кепілдік құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайтй қаржыландырушы ұйым.
Еліміздегі мұндай ұйым Ұлттық Банк 2001 жылы ақпан айында құрған Қазақстан
ипотекалық компаниясы АҚ. Қазақстандық модельдің негізін қалау кезінде АҚШ-
тың Fannie Mae және Малайзиялық Berhad сияқты белгілі компанияларының
тәжірибесі ескерілген. Қазақстанда алғашқы қадамын жасай бастаған тұрғын үй
құрылысы қаражатының жүйесінде алынатын заемдар бойынша сыйақы ставкасы
жылына 5,5-6,0 пайызды құрайды. Тұрғын үй құрылыс банкіне азаматтардың
салатын салымына түсетін сыйақының пайыздық ставкасы жылына 2,5-5,0 пайыз
болып отыр. Соңғы жылдарда ипотекалық несие жүйесі үш этаптан өтті
- Банктердің берген несиелері
- Ипотекалық компаниялардың берілген несиелері бойынша талап ету құқығын
сатып алу
- Ипотекалық облигациялардың шығарылуы.
2003 жылы қараша айында Қазақстан ипотекалық компаниясының қоры
құрылды.
Ол дербес қаржы институты долып табылады, ол несие беруші
банктерден ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша талап ету құқығын алады,
әрі осы құқықтармен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды
шығарады.
Компанияның негізгі функцияларына мыналар жатады:
- Несие берушілерді белгіленген стандарттар мен талаптардың негізінде
ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғынт үй несиесі бойынша талап етудің
құқықтарын сатып алу жолымен қайта қаржыландыру;
- тікелген немесе өзгермелі сыйақы мөлшерлемелермен ипотекалық бағалы
қағаздарды шығару;
- тұрғын үй несиесі саласына инвесторлардың қаражатын тарту
- ҚР Ұлттық Банкпен несие беруші банктердің қаржылық жағдайы туралы
ақпараттар мен қамтамаысз ету турасында келісімді бекіту;
- Банктер үшін ипотекалық несиелеу бойынша әдістемелік ұсыныстарды
әзірлеу;
- Ипотекалық тұғын үй несиесі бойынша консалтингтік қызмет көрсету және
ипотекалық несие опрацияларын жүргізудің тәуекелі төмен әрі оңтайлы
тәжірибесін еңгізу үшін несие бершілерге ықпал ету;
Компания несие беруші банктердің ипотекалық тұрғын үй несиесі
бойынша ұсынған мәліметтерін талдауды ипотекалық тұрғын үй несиесінің
сапасын тексеруді жүзеге асырады және қарыз алушылар жөніндегі ақпараттарды
алу туралы мемлекеттік және басқа да органдармен келісімді бекітеді,сондай-
ақ ипотекалық несиелеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру
мақсатында оқытуды жүзеге асырады.
Бұл қордың негізгі міндеті – ипотекалық несиелер бойынша мерзімнің
өсуі, олардың пайыз ставкаларының төмендеуі, несие мөлшерінің көбеюі болып
табылады. Қордың ең алғашқы қатысушылары Альянс банк АҚ, БТА ипотека АҚ
және Казкоммерцбанк АҚ болып табылады.
Коммерциялық Альянс банк ипотекалық несиелерді кепілдендіру
жүйесінің алғашқы қатысушысы болып отыр. Бұл-2007 жылға дейінгі тұрғын үй
құрлысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын меңзейтіндіктен де аса маңызды
болмақ. Ипотекалық несие немесе ипотека – бұл Қазақстанның кез келген
азаматы үшін сатып алынатын пәтерді кепілге қойып, тұрғын үйді сатып алға
несие алудың бірден-бір мүмкіндігі. Басқаша айтатын болсақ – сіз жаңа
пәтеріңізге қоныстанып, бірте-бірте тұрғын үй үшін несиені өтеп отырасыз.
Бүгінгі таңда біздің азаматтарымызда өздерінің түрғын үй мәселелерін
Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры мен шешуге мүмкіндігі
пайда болды, әрі ол банктердің несиелік тәуекелдерін бөлу арқылы берілетін
ипотекалық несиелер бойынша шарттарды жеңілдетеді.
Соңғы жылдарда ипотекалық несиенің көлемі тез өсіп келеді, 1 – кесте
арқылы көре аласыздар.
Ипотекалық компаниялардың несие қоржынын жіктеу.
Мың тенге,кезеңнің соңына
12.03 01.04
Негізгі борыш Нақты құрыл- Негізгі Нақты
ған борыш құрылған
провизиялар провизиялар
Барлығы Қысқа мерзімді Ұзақ мерзімді
Ұлттық Шетел Ұлттық Шетел
валютада валютада валютада валютада
Барлығы 3455 357 88 7054 23957
Оның ішінде 4768 181 2 737 3848
Астана қаласы
Алматы қаласы 15124 157 67 4323 10578
Ақмола 166 - - 70 96
Ақтөбе 2616 1 - 156 2459
Алматы 51 1 0 21 30
Атырау 1166 1 5 138 1022
Шығыс 1419 1 0 350 1068
Қазақстан
Жамбыл 316 1 0 146 169
Батыс 782 13 1 57 712
Қазақстан
Қарағанды 1095 0 4 90 1000
Қостанай 674 1 4 241 428
Қызылорда 85 - 0 31 54
Маңғыстау 930 0 3 127 799
Павлодар 763 0 0 183 580
Солтүстік 300 0 - 70 230
Қазақстан
Оңтүстік 1199 - 1 316 883
Қазақстан
Компания өз қызметінің алғашқы кезеңінде негізінен пайыздың
мөлшерлемесі
бар, өтелу мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақытты қамтитын несиені
сатып алады. Мұнда несие бойынша сыйақының мөлшері 3 жыл мерзіміндегі несие
бойынша жылына 13,9 пайыздан 10 жыл мерзіміндегі несие бойынша 18,8 пайызға
дейін құрады.
Несиенің ең аз шамасы 3000 АҚШ долларының шамасында болды, ең көп
шамасы 4,5 млн теңгеден аспауы керек. Айрықша жағдайларда ғана ипотекалық
тұрғын үй несиесінің ең көп шамадағы сомасы компанияның шешімі бойынша 100
мің долларға дейін жоғарылай алады. Сонымен, пәтердің құны 4300 доллардан
43000 долларға дейін бола алады.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан Ипотека компаниясының серіктестері: БТА-
Ипотека ААҚ, Алматы Сауда – Қаржылық Банкі ААҚ, ЦентрКредитБанкі ААҚ,
Казкоммерцбанк ААҚ, Нұрбанк ААҚ және Астана – Финанс банктік емес
ұйымы Аладин, Хромы – Еstate, Недвижимость – Алматы, ЦКН – Ипотека
жылжымайтын мүлік агенттіктері. Бұл банктердің Қазақстан Ипотека Компаниясы
жағдайында ипотака берумен қатар өздерінің ипотакалық несие пакеттеріне ие.
Кейбір банктер компанияның серіктестері болып табылмаса да, ипотекалық
несиені беруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында әр түрлі
ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ең көп тәжірибе жинақтаған банк
Тұрғын үй құрлыс банкі АҚ.
ІІІ. Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуәкелді
бағалауы
3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау
Жалпы банк табысты берген несиесіне байланысты: оның сапасы,
қайтарылымдылық деңгейі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz