Экология және денсаулық (Көкшетау қаласының көшелері мысалында)


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Осы тақырыпты алған себебім экология және денсаулық арасындағы өзара тығыз байланысты болғандықтан, дүниежүзі бойынша ең актуальды проблема болып есептелінеді. Адамның қоршаған орта мен тірі табиғатқа әсерінің өскендігі соншалықты миллиард жылдар бойы қалыптасқан зкологиялық тепе-теңдік бұзылуда.
Табиғат-сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі. Қандай жұмыстың болса да «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуда заңды түрде орны талмас алқылықтар пайда болады [1] .
Адам баласының қалыпты өмір сүруі үшін оған қажетті қоршаған орта жағдайлары және табиғат байлықтары болуы қажет.
Адамзат қоршаған орта мен табиғат байлықтарын өз қажетіне пайдалана алатын саналы тіршілік иесі. Адам тек табиғатты пайдаланып қана қоймай, табиғатты өзгерте де алады.
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы ерекше маңызға ие. Пайдалы қазба байлықтарының шектен тыс көп пайдалануы, жер бетінен көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоқ болып кетуі және сонымен қатар табиғи ортаның ластануынан адамдардың денсаулығы да бұзыла бастады. Қоршаған ортаның шектен тыс ластануынан бұрын белгісіз аурулар пайда болуда. Мысалы, адам қоршаған ортаның сынаппен ластануынан - минамата, ал калий элементі арқылы ластануынан итай - итай ауруларына шалдығуда. Тіпті сыртқы ортаның шектен тыс ластануы адамның генетикалық ақпараттарын өзгертіп жіберетіндігіне түрлі кейіптегі сәбилердің дүниеге келуі мысал бола алады. [2]
Табиғат, Жер - Ана, туған жер, атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялататын қасиетті сөздер. Адамның өзі сол табиғат пен Жер - Ананың перзенті. Өзіміздің қоршаған тіршілік ортасын - биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу бүгінгі жас ұрпақтың басты парызы болып табылады. Сондықтан, студенттерге қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен оны қорғау жолдары туралы мағлұмат беріп, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру және оларды туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға, қамқорлық жасауға баулуымыз керек.
Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.
XXI ғасырға аяқ баса отырып адамзат өзімен бірге көптеген келелі мәселелерді ала келді. Үнемі дамыс үстіндегі техникалық ықпалдан қоршаған ортаны қорғау, денсаулыққа әсерін тигізбеу, осындай маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қоршаған орта мәселелері барлық адамзатқа тиесілі ортақ мүдде. Адамның шаруашылық қызметі оның талғамына байланысты дамиды. Ол дамыс табиғат және оның алуан түрлі қорын пайдалануды талап ететін өндіріске негізделеді. Кез келген қоғамның белгілі бір даму кезеңінде адам мен табиғат арасында, өндіріс пен табиғи экологиялық жүйелер арасында қарама-қайшылық пайда болады. [3] .
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғи қорларды ұтымды пайдалану, қорғау және ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңдық, техникалық және санитарлық нормалар жүйесі болып табылады.
Адам - өндірістік объект- қоршаған орта түріндегі экологиялық жүйелер туралы ақпараттарды жүйелеу, сонымен қатар адамды және оны қоршаған ортаны қорғаудың техникалық әдістерін талдау «Антропогендік өндірістік фактор» атты жалпы түсінік негізінде жасалады. Антропогендік өндірістік фактор (АӨФ) дегеніміз - адам денсаулығын келеңсіз өзгерістерге және тап осы өндірістік процестің әсеріне шалдыққан қоршаған ортаны антропогендік өзгерістерге ұшыратуға қабылетті фактор. [4] .
Адамзат биологиялық түр және әлеуметтік қоғам ретінде қоршаған ортада өтіп жатқан процестермен тікелей байланыста болады және үнемі өсіп жатқан масштабтарда оның қорларын алып тұрады, қалдықтармен, тіршілік әрекетінің өнімдерімен ластандырады. Мұның бәрі «тіршілік кеңістігінің» өте жұқа қабаты биосферада өтеді. Бұл тіршілік қабатында органикалық заттардың тізбегіндегі: топырақ- өсімдіктер- жануарлар- адам- топырақ айналымы бойынша заттардың, сондай-ақ табиғи айналымның басқа тізбектерінің шегіндегі бейорганикалық заттарды үнемі қозғалып жатқан күйінде болады, себебі табиғат қоршаған ортаның тірі және өлі компоненттерінің арасында өтетін негізгі химиялық элементтің тұрақты айналымының механизмдерін жасап шығарады. [5] .
Зерттеудің мақсаты - экология және денсаулық жағдайын зерттеу.
Зерттеулердің міндеттері:
- еліміздің экологиялық проблемаларын анықтау
- экология және денсаулық байланысын зерттеу;
- Қазақстан Респуликасының тұрақты дамуға көшу концепциясын ұсыну.
Зерттеу нысаны - Ақмола облысының Көкшетау қаласының Ауэзов, Абай, Ақан сері көшелері.
Зерттеу пәні - экология және денсаулықты бағалау.
Зерттеу әдістері - диплом жұмыс жазу барысында логикалық, жүйелік, аналитикалық және салыстыру әдістер пайдаланды.
Мәселенің зерттелу ауқымы - экология және денсаулық байланысын келесі ғалымдар зерттеген: Әлімбетов К. Ә., Оспанова Г. С., Мейірбеков А. Қ. [4] ; Байдельдинов Д. Л. [5], Болбас. М. М [6], Голенко Д. И. [9], Баешов А. [10], Омаров А. Д. [20], Сүлейменов С. Т., Құлбеков М. Қ. [27], Сағынбаев А. Е. [29], Аксенова О. В. [31], Олардың жұмыстары экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық маңызы. Ақмола обылысының экологиялық жағдайы және адам денсаулығына тигізетін әсері зерттелінген. Алынған нәтижелері көптеген салалалрда пайдалануға болады.
Зерттеудің практикалық базасы. Ақмола облысының ауасы, топырағы және су ресурстары.
Жұмыс құрылымы және көлемі. Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, 2 кесте мен 3 формуладан, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялык және әдістемелік негізі қарастырылган.
Бірінші бөлімінде еліміздің экологиялық проблемалары қарастырылған.
Екінші бөлімінде экология және адам денсаулық зерттелінген.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Респуликасының тұрақты дамуға көшу концепциясы ұсынылған.
Қорытындыда диплом жұмысының барысында алынған мәлеметтері реттеп, жүйеге келтіріп, бір-бірімен салыстырып жазылған.
- ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫҚоршаған ортаның ластаушы көздері
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған [6] .
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2, 5 млн. га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1, 4 млн. га жер радиоактивті ластануда.
"Экология" гректің oikos - үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - "өз үйіндегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімсн өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастык қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып күрескенде ғана және алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару колданғанда колдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар көнедсн келе жатқан халықтардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мәселен, үнділердің "Махабхарата" жырында (б. д. д. VI - II ғғ. ) табиғаттың дүлей күштері - су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріледі, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың өмір сүру белгілері сипатталады, тіпті қайсыбірінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтср де беріледі. Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өңдеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері келтіріліп, ксйбір мәдени өсімдіктерді қай мезгілде егудің жолдары көрсетіледі. Ал Кытайдың біздің дәуірімізге дейінгі IV - II ғғ. хроникаларында бірқатар өсімдіктердің сорттары туралы сөз қозғалып, олардың пісіп-жетілу мерзімдері де айтылады [7] .
Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың, өсетін өсімдіктердің өліміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін XVІІI ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М. В. Ломоносов "Жер қыртысы туралы" трактатында: ". адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер . . . " деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлардың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.
XVІІI ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қоршаған ортаның құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Олардың еңбектерінде экологияның элементтері жиі-жиі кездесетін болды. Ғылымның дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты.
Экология ғылымының одан әрі дамуы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық ілімінің негізінде жүзеге асырылды. Оған атақты орыс ғалымдары В. В. Докучаевтың (1846-1903), В. И. Вернадскийдің (1863-1945), В. Н. Сукачевтің (1880-1967), Н. Ф. Реймерстің (1931-1993) қосқан үлестері мол. Олардың ішінен В. И. Вернадскийді ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, казіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны әлемдік экожүйе деп танып, оның орнықтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттектер мсн энергия балансына байланысты екенін тұңғыш рет ашып көрсетті. В. И. Вернадский сонымен қатар ноосфера концепциясының негізгі қағидаларын да тұжырымдады [8] .
Алайда, "Экология" деген терминді ғылымға алғаш рет енгізу неміс ғалымы Э. Геккельдің (1834-1910) еншісіне тиді. Ол экологияға төмендегідей анықтама берді: "Экология деп, біз табиғат экономикасына катысты барлық білімдерді - жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануар-лармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз".
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті химикаттар атқаруда.
Экологиялық заңнамалардың сақталуы бойынша шаруашылық субъектілерде жүргізілген тексерістер саны - 8814; 6508 экологиялық заңнамаларды бұзу анықталды, 5999 нұсқама берілді; жалпы көлемі 1986, 703 млн. тенге болатын 6210 әкімшілік айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 1486, 54 млн. тенге көлемінде 5188 әкімшілік айыппұл төленді.
2012 жылы салынған әкімшілік айыппұлдардан жалпы сомасы 119, 232 млн. тенге көлемінде 489 әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне төленді;
Жалпы 2013 жылы жалпы сомасы 1, 6 млрд. тенге көлемінде 5677 әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне төленді [9] .
Есепті кезеңде экологиялық заңнамаларды бұзу нәтижесінде қоршаған ортаға тигізген залалдар үшін жалпы соммасы 12, 4 млрд. теңге көлемінде залалды өтеу туралы 1241 талап беріліп, оның 9, 3 млрд теңге болатын 908 талап төленді, сондай-ақ 2012 жылы ұсынылған талаптардан жалпы көлемі 3, 9 млрд. тенге болатын 166 талап мемлекет кірісіне төленді.
Жалпы 2013 жылы 13, 2 млрд. тенге көлемінде 1074 талап мемлекет кірісіне төленді.
Бұл ретте, ерікті түрде төленбеген залалды өтеу бойынша талаптар мәжбүрлеп төлету үшін сот органдарына жолданды [48, 49, 50, 51] .
Біздің планетамыз өзінің даму тарихында 2 кезеңнен өткен. Олар: тіршілікке дейінгі кезең және тіршілік шыққаннан кейінгі кезең. Жердегі алғашқы өте қарапайым организмдер 3 миллиард жыл бұрын пайда болған. Тірі организмдер жер қабықтарының, яғни атмосфераның, гидросфераның және литосфераның беткі қабатын алғашқы қалпынан өзгерткен.
- Организмдердің атмосфераға әсері. Жер атмосферасының қазіргі жай-күйі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Ауаның құрамындағы оттегі түгелдей өсімдіктердің Күн қуатының күшімен көмірқышқыл газын ыдыратуының нәтижесінде пайда болған. Ғалымдар қазіргі кезде атмосферадағы бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер 10 мың жылдарда-ақ бөліп шығара алатындығын есептеген. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеймей, бірқалыпты қалуы оның екінші жағынан жануарлардың тыныс алуына, жануға және де басқа құбылыстарға жұмсалуына байланысты. Өсімдіктер ауаға оттегін шығарса, керісінше, жануарлар оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Өсімдіктермен жануарлардың тіршілік әрекетін де ауаның газ құрамы реттеліп отырады.
- Организмдердің гидросфераға әсері. Атмосфера сияқты гидросферада организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланысты. Организмдер ұдайы суды бойына сіңіреді және өзінен бөліп шығарады. Әсіресе өсімдіктер өз бойынан суды өте көп мөлшерде өткізеді. Тек қана орман өсімдігінің үлесіне жыл сайын бүкіл құрлықтан буланатын судың 10% тиеді. Тірі организмдер Жердегі бүкіл суды 2 млн жылды өткізіп шығаратынджығы есептелінген. Бұл жағдай-тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді қалдықтар құрлықтағы судың құрамына әсерін тигізеді деген сөз. Организмдермен Дүниежүзілік мұхиттың тұз құрамы тығыз байланысты. Мұхиттарға кальций тұзы өзен суы арқылы барады. Тұздың бұл түрі қазіргі кезде мұхитта қанша болса, әр 15 мың жылда сонша мөлшерде қосылып отыратындығы есептелінген. Бірақ оның мұхит суындағы мөлшері көбеймей, ұдайы бір қалыпта сақталады. Оған себеп-кальцийді мұхит суында тіршілік ететін жануарлар өте көп мөлшерде бойына сіңіреді. Кальций жануарлардың қаңқаларымен сауыттарын түзеді. Олардың қалдықтары мұхиттармен теңіздердің түбіне шөгіп, қалыңдыңы бірнеше км-ге жететін әктас қабаттарын құрайды.
- Организмдердің литосфераға әсері. Ол екі түрлі жағдайда анық байқалады. Біріншіден организм қалдықтарынан тау жыныстарынан органикалық деп аталатын ерекше тобы құралады. Олар бізге жақсы таныс: әктас, ұлутас, таскөмір, шымтезек, жанар тақтатас, мұнай және т. б. Екіншіден, организмдер тау жыныстарының үгілуіне үлкен үлес қосады. Тасқа жабысып өскен қына оның бетін қобсытады. Ағаштың тамыры тау жыныстарын жарығына сыналай кіріп, кеңейтеді. Ін қазатын жануарлар жердің беткі қабатын үгіп аудастырады [10] .
Организмдердің әсерінен топырақтың пайда болуы. Литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатынада топырақ түзіледі. Топырақ-тірі органикалық және өлі беирганикалық табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене. Органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде топырақтың қарашірік қабаты түзіледі. Ол топырақ құнарлылығының ерекше көрсеткіші. Құрамында қарашірігі көп топырақтың құнарлылығы да жоғары болады. Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайымен тығыз байланысты. өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді, тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады.
Ақмоланың облысының экологиялық мәселелері
1. Уран өңдейтін кешенінде уақытылы рекультивация жұмысы атқарылмағандықтан, көпжылдық өндіріс қызметінде көп көлемді уран кені мен өндіріс қалдықтары жиналды.
2. Жыл сайын жердің барлық жаңа және жаңа аудандарында рұқсатсыз немесе рұқсатпен көңқоймалармен қатты тұрмыстық тастандылардың кемуі технологияның болмағандығымен көрінеді.
3. Көкшетау қаласын Чаглинка су қоймасы сумен қамтамасыз етеді. Су қоймасының күйі қанағаттандырылмаған. Негізгі су тексеретін насостарда құм және тұнбалар бар, су шығатын түбі жұмыс істемейді.
4. Көкшетау қаласының полигонында қатты тұрмыстық тастандылардың жағдайы қолайсыз, тастандылардың түрлері бойынша ұйымдастырылмаған.
- Экологияның өзгеруі денсаулыққа тигізетін әсері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz