Резеңке кәсіпорнында еңбек қорғау шаралары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРМЕН БЕЛГІЛЕР
ЖШС
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
РТБ
Резеңке-техникалық бұйымдар
МКҚ
МЕСТ
мемлекеттік стандарт
ҚНжЕ
құрылыс нормалары және ережелер
СН
санитарлық нормалар
ӨҚН
өрт қауіпсіздік нормалары
ШРЕК
шекті рұқсат етілген концентрация
ПӘК
пайдалы әсер коэффиценті
ТЖК
табиғи жарықтандырудың коэффиценті
ҚО
қоршаған орта
ШМТ
шекті мүмкін тастамалар
СК
синтетикалық каучук
сағ
сағат, уақыт
м
метр, ұзындық
см
сантиметр, ұзындық
мм
милиметр, ұзындық
с
секунд, уақыт
г
грамм, салмақ
т
тонна, салмақ
Па
Паскаль, қысым
Дж
Джоуль, жылу мөлшері
Гц
Герц, шу жиілігі
кВт
киловат, тоқ қуаты
лм
Люмен, жарық ағыны
лк
Люкс, жарықтылық
ом
Ом, кедергі
А
Ампер, тоқ күші
В
Вольт, тоқ кернеуі
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
МАЗМҰНЫ
бет
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРМЕН БЕЛГІЛЕР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ . . .
1 «РЕЗЕҢКЕ-ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР» ЖШС - гі ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР . . .
1. 1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет . . .
1. 2. Кәсіпорын орналасқан жердің физико-географиялық сипаттамалары . . . 1. 3. Кәсіпорын орналасқан жердің климаттық сипаттамалары . . .
2. КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫ . . .
2. 1. Кәсіпорынның еңбек қорғау ұйымдастыру . . .
2. 2. Еңбек қорғаудың құқықтық негіздері . . .
2. 3. Жұмысшыларды кәсіпорынның қауіпті және зиянды факторларынан қорғауға арналған жеке қорғану құралдары . . .
3. КәсіпорынДАҒЫ ЗИЯНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПТІЛІКТЕРІН ТАЛДАУ . . .
3. 1. Кәсіпорындағы өндіріс технологиясың сипаттамасы . . .
3. 2. Технологиялық процесс кезінде бөлінетін зиянды заттар . . .
3. 3. Әктас өндіру кезінде бөлінетін зияндылықтар . . .
3. 4. Ағаш өңдеу цехының зияндылықтары . . .
4. КӘСІПОРЫНДА ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ ІС-ШАРАЛАРЫ . . .
4. 1. Өндірістік ортаны желдету . . .
4. 2. Жұмыс орнын жарықтандыру . . .
4. 3. Электр қауіпсіздігі . . .
4. 3. 1. Ток өткізгіш сымды нольдік сыммен қосу . . .
4. 4. Өрт қауіпсіздік шаралары . . .
4. 4. 1. Өртке қарсы сумен қамту . . .
5. КӘСІПОРЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . .
5. 1. Кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6
8
8
10
11
14
14
16
18
22
22
25
28
29
30
30
34
38
41
44
47
51
51
59
61
КІРІСПЕ
25 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялау - халықаралық еңбек ұйымының ең маңызды акцияларының бірі.
Бұл - әлемнің көптеген елдерінде өндірісте зардап шеккен еңбекшілер еске алынатын күн, оны атап өткізу аясында құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және еңбекті қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар кеңінен насихатталады.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі. Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.
Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр. Қазіргі уақытта, республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 1 миллионнан астам жұмыскер еңбек етеді. Жыл сайын еліміздің ұйымдары мен кәсіпорындарында үш мыңнан астам жазатайым оқиға орын алып отырады, олардың үш жүзінен артығы адамдардың қаза болуына әкеліп соғады.
Мұндай жағдай, ең алдымен, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қажетті көңіл аудармайтынынан, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуына деген жауапкершілігінің төмендігінен, өндірістік процестің техникалық ахуалынан туындайды.
Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары көп ретте техникалық тұрғыдан алға басылушылықтың арқасында, өндірістегі техника мен технологияның жетілдірілуі арқасында қамтамасыз етіледі.
Алайда еңбек инспекциясы жүргізетін тексерістер еліміздің көптеген кәсіпорындарында қолданылатын мәшинелердің, құрал-жабдықтың, тетіктердің және еңбек құралдарының техникалық күйі стандарттардың, нормалардың талаптарына және оларды пайдалану ережелеріне сай келмейді. Шектес тыс тозған негізгі өндірістік қорлар мен шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер жағдайында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа тигізетін зиянды әсері күннен-күнге ұлғайып келеді.
Бұл тұрғыда аса үлкен алаңдаушылықты тау-кен металлургиясы саласының кәсіпорындары туғызады, себебі, мұндағы негізгі қорлардың 40 пайызға жуығы тозған. Өндірістік жарақаттанудың, әсіресе жұмыскерлердің өліміне әкеліп соқтыратын жазатайым оқиғалардың ең жоғары деңгейі құрылыс саласында тіркеліп отыр. Биікте орындалатын және жер қазумен, көтергіш тетіктерді пайдаланумен байланысты жұмыстар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Көптеген жағдайларда обьектілерде қажетті қауіпсіздік шаралары, жеке қорғану құралдары қолданылмайды. Сондықтан, жұмыскерлердің еңбек қызметі процесіндегі қауіпсіздігін және еңбегін қорғауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдану қажет.
Ағымдағы жылы талқылауды және практикалық шараларды қолдануды қажет ететін өзекті мәселелер ретінде еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, авиациялық және автомобильдік көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау көзделіп отыр.
Еңбекті қорғау мәдениетіне барлық деңгейлерде трипартизм қағидаттары негізінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқықтарын қамтамасыз ету кіреді. Трипартизм қағидаты нақты белгіленген құқықтар, міндеттер және жауапкершілік жүйесі арқылы Үкіметтің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне белсенді қатысуын, сондай-ақ негізгі назар қауіпсіздік техникасына аударылуын көздейді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және дамыту шаралары қауіп және қатер мен олардың алды қалай алынуы және бақылануы мүмкін деген түсініктер жөнінде хабардар болу және түсіну деңгейін арттыруға барлық қолда бар кұралдардың қолданылуын талап етеді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі қағидалары 2007 жылғы шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде келтірілген.
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ұйымдастырушының, құқықтың, санитарлық, профилактикалық шаралар жиынтағы болып табылады.
Төтенше жағдайларда жүргізілетін жұмыс шаралары алдын-ала жоспарланады. Ол атқарылатын жұмыстар зақымдалу ошағында жүргізілетін құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстар шараларын дайындаумен тығыз байланысты. Себебі адмның қатысуынсыз төтенше жағдайларда зақымдалу ошағында оның салдарын жою мүмкін емес.
Қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындар ғимараттардан, имараттардан тұрады. Ол ғимараттарда өндірістік цехтар. Технологиялық жабдықтар, инженерлік және коммуналдық, энергетикалық коммуникациялар көлік, байланыс және басқару жүйелері орналасады. Әрбір өндіріс нысанының ерекшелігіне байланысты өзіндік сипаты болады. Дегенмен ортақ сипаттамалары көптен кездеседі: ғимараттардың бірыңғай бөліктерге, инженерлік, коммуналдық және энергетикалық жүйелердің ұқсастығы. Осы ортақ сипаттарына сүйене отырып оларды төтенше жағдайларға дайындық жүргізудің ортақ факторлары болады.
Солардың ішінде негізгілерінің бірі еңбек жағдайын жақсарту нәтижесінде, еңбек қауіпсіздігін арттыру.
Еңбек жағдайының жақсаруы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану мен кәсіби кеселденуді төмендетіп, еңбек өнімділігі мен өндіретін өнім сапасын арттыруға мүмкіндік туындатады.
1. «РЕЗЕҢКЕ-ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР» ЖШС - гі ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1. 1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет
Кәсіпорынның толық атауы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Резеңке - техникалық бұйымдар" зауыты. Кәсіпорын 2004 жылы 23 тамызда қайта құрылып тіркелген. Бас директоры Ажибаев Талғат Рахманқулович мырза. Кәсіпорын Тараз қаласы, Асқаров көшесі №160 орналасқан. Байланыс телефондары +7 (726) 2 42-60-17, +7 (726) 242-59-84, факс: +7 (726) 2 42-60-17.
ЖШС «Резеңке-техникалық бұйымдар» зауытының өндіріс алаңшасы әкімшілік жағдай бойынша Тараз қаласы, Асқаров және Баласағұн көшелерінің қиылысында орналасанқан. Климаттық жағдайы бойынша өндірістік аудан ІІІ В климаттық санатқа жатады. Климаты күрт континенталды, ыстық, құрғақ. Атмосфера стратификациясының коэфиценті 200. Желдің орташа жылдамдығы - 6м/с. Жер бедері тегіс. Ауданның сейсмикасы 8 балл. Кәсіпорын қалыптасқан (қолданыстағы) нысан болып табылады (Сурет 1. 1. ) .
Тұрғын үйлер өндіріс алаңшасынан 50-100 метр қашықтықта орналасқан.
ЖШС «РТБ» зауытының негізгі қызметі - резина-техникалық бұйымдар және әктас өнімдерін шығару бойынша жұмысты жүзеге асырады. Резина-техникалық бұйымдарын өндіру қуаты жылына 100 тонна, әкті жылына 100 тонна.
09. 01. 2011 жылғы №2 санитарлық-эпидемиялогиялық қортындысына және 08. 07. 2010 жылғы №334 СанНжЕ 1 қосымшасындағы 23 тармақ 92 тармақшасына сәйкес нысан ІІІ сыныпқа жатады. Санитарлық-қорғау аумағы - 300 метр, яғни Экологиялық кодекс бойынша нысан ІІ санатқа жатады.
Нысанның өндіріс алаңшасында қазандық, резина бұйымдарын өндіру цехы, ағаш өңдеу цехы, әк өндіру учаскесі, жөндеу шеберханасы орналасқан.
Өндірістік алаңшаның жалпы аумағы 45200 шаршы метрді (ш. м. ) құрайды, соның ішінде 4002, 5 ш. м. құрылыс нысандарында, 300 ш. м. асфальтобетонмен қапталған, 200 ш. м. көгеріштендірілген.
ЖШС «РТБ» зауытының өндірістік алаңында он негізгі нысан орналасқан, оның ішінде 5 пайдаланылмайды. Өндірістік цехтары келесідей орналасқан:
1. Қазандық, ауданы 80 м 2
2. Негізігі өндірістік цех, ауданы 3600 м 2
3. Ағаш өңдеу цехы, ауданы 75 м 2
4. Әктас өндіру алаңы, жалпы ауданы 72 м 2
5. Жөндеу шеберханасы, ауданы 175, 5м 2 құрайды.
Өндірістік цехтардың жалпы ауданы 4002, 5м 2 құрайды. Ғимараттар бір қабатты, өндірістік типте.
Қазандық бөлмесінде Е1-0, 9Г3 қазандығы орналасқан, ол қатты отынмен жұмыс істейді (көмірмен) . Күл қоймасы қазандық цехының солтүстік жағында орналасқан.
Негізгі өндірістік цехтың ішінде:
- зауыт басқармасы
- еріту бөлім
- пресстеу бөлімі
- көмір қойомасы
Ағаш өңдейтін цехтың ішінде ағаш өңдейтін станоктар орналасқан:
- циркулярлы ара - 1 дана
- сүргіш станок - 2 дана
- ағаш аралағыш станок - 1 дана
Әк тас өндіру алаңында әктас қоймасы және әк күйдіретін екі пеш орналасқан.
Жөндеу шеберханасында механикалық металл өңдеу станоктары орналасқан:
- токарлық станогы - 1 дана
- ұштағыш станок - 1 дана
- фрезерлі станок - 1 дана
Газ және электр дәнекерлеу жұмыстары навес астында жасалады. Өндірістік нысанды жылыту электр қыздырғыш приборлардың көмегімен жүзеге асады. Қазақндық тек резина қоспаларды қыздыру үшін ғана пайдаланылады. Жұмыстың жалпы уақыты жылына 500 сағаттан аспайды.
Ауа ортасына теріс ықпал ететін негізгі ластаушы көздер көмірмен істейтін қазандық, көмір және күл қоймасы, резина бұйымдарын өндіру, ағаш және металл өңдеу, әк күйдіру, электр және газбен дәнекерлеу жұмыстары болып табылады.
Барлығы 14 шығарынды көзі ауа ортасына жылына 2, 813 тонна көлемде 16 зиянды затты бөліп шығарады (Кесте 1. 1. ) .
Кесте 1. 1. Шығарынды көздерінен атмосфераға бөлінетін негізгі зиянды заттардың тізімі.
Ағаш шаңының ауа ортасына бөлінуін азайту мақсатында №0005 шығарынды көзінде ПӘК 98%-ға тең 3 циклон және жеңді фильтр орнатылған.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға қолданылатын су «Тараз-су» МКҚ-мен келісім-шарт негізінде, жылына 18, 6 мың текше метр көлемде су алынады, соның ішінде 1, 073 мың текше метр су қайтарымсыз шығындар.
Сарқынды сулар жылына 1, 826 мың текше метр көлемде, келісім-шарт негізінде «Тараз-су» МКҚ- мен шығарылады.
Қатты қалдықтар жылына 15, 826 тонна көлемде пайда болады, соның ішінде:
-тұрмыстық қатты қалдықтар - 1, 75 тонна;
-көмір күлі - 10, 575 тонна;
-металолом - 1, 0 тонна;
-ағаш қалдықтары - 2, 5 тонна.
Қатты қалдықтар «Жасыл Тараз» ЖШС-мен келісім-шарт негізінде шығарылады. Металл қалдықтары арнайы металл қабылдау орындарына өткізіледі. Өндіріс жұмыстары жабық ғимараттарда жүргізілуіне байланысты физикалық әсерге қарсы арнайы шаралар қарастырылмаған.
1. 2. Кәсіпорын орналасқан жердің физико-географиялық сипаттамалары
Сипатталынатын өндіріс горизонты біртегіс және жоғарғы жағы - төрттік, аллювиальды шөгінді, қыртысты болып келген.
Литологиялық құрамы:
- топырақты - өсімдікті қабат:
- гумус құрамы - 12 %
- ұсақ тас және ірі құм - 8 %
- құмдақ бөлігі - 29 %
- тозаңды бөлігі - 51 %
- топырақты бөлігі - 12 %
- құмдақ - саздақты топырақ:
- ұсақ тас және ірі құм - 11 ден 15% - ке дейін
- құм - 45 %
- тозаңды бөлігі - 35, 2 %
- топырақты бөлігі - 8 %
- ұсақ жұмыр тасты топырақ
- саз балшықты тастақты, фосфор ұсақтары, кокс ұсақтары, құмайт - саздақты топырақ, металл бөлшек қалдықтары, құрылыс қалдықтары бар ұсақ жұмыр тасты және ірі құмды топырақ.
Аумақ тереңдігі :
- топырақты - өсімдікті қабаты - 0, 1 - 0, 25 м.
- құмайт - саздақты қабаты - 0, 5 - 1, 5 м.
- ұсақ жұмыр тасты топырақ қабаты - 30 - 70 м.
- үйінді топырақ қабаты - 0, 2 - 0, 5 м.
Кеуектілік коэффициенті - 0, 075 - 0, 1 м 3 / тәулігіне 1 м 2 фильтрация қабатына.
Жер асты сулары фильтрациясының жылдамдығы және бағыты:
Солтүстік - батысқа бағытталған Аса ауданы елді - мекеніне қарай.
Фильтрация жылдамдығы - V=0, 4 м/тәулігіне немесе 144 м/жылына
1. 3. Кәсіпорын орналасқан жердің климаттық сипаттамалары
Кәсіпорынның өндіріс алаңы орналасқан аумақ климаты келесі мәліметтермен сипатталады: климаты күрт континеталды, ыстық, құрғақ, атмосфера стратификациясына тәуелді коэффициенті А 200; климаттық аймақ III В категориясына жатады. Ең үлкен орташа желдің жылдық жылдамдығы - 8, 3м/с. Желдің басым болатын бағыты : қаңтарда - оңтүстіктік - шығыс, шілдеде - солтүстік. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы: қаңтарда - 67%, шілдеде - 31%. Тұнбалардың орташа жылдық мөлшері - 324-354 мм.
Желдің орташа жылдамдығы: қаңтар айында - 2, 73 м/с, шілде айында - 3, 39 м/с құрайды.
Желдің румба бойынша шілде айындағы орташа жылдамдығы және қайталануы (көрсеткіште желдің қайталануы % түрінде берілген, ал румба бойынша желдің орташа жылдамдығы м/с түрінде берілген) 2-ші кестеде келтірілген
Кесте 1. 2. Желдің румба бойынша орташа жылдамдығы.
Ауаның есептік температурасы ең суық бескүндікте - 5 о С, ең cуық тәулікте - 23 о С құрайды. Ауа температурасының тәуліктік амплитудасы қыркүйекте - 15, 1 о С, қарашада - 8, 9 о С. Жылыту кезеңінің орташа температурасы - 7, 1 о С құрайды, жылыту кезеңінің ұзақтығы 167 тәулік.
Тұрақты қар қабаты желтоқсанның алғашқы онкүндігінде қалыптасады және 90 күн барысында ұсталады. Қыс мезгілінде қар қабаты тұрақсыз. Тұрақсыздықтың негізгі себебі температуралық тәртіптің тұрақсыздығы. Қыс мезгілінде ауаның температурасының күрт жоғарылануынан қардың қарқынды еруіне алып келеді
Сыртқы ауаның орташа температурасы cуық айларда -5 о С, ыстық кездерде 31, 9 о С құрайды.
Жылдық жауын-шашын көлемі - 320 мм құрайды.
Кесте 1. 3. Айлық және жылдық жауын - шашын мөлшері, мм
Кесте 1. 4. Тұманды күндердің орташа саны
Сурет 1. 1. Нысан орналасқан жердің сызбасы
2. КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫ
2. 1. Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру
Адам өндірістік бөлмедегі еңбек үдерісі кезінде белгілі бір метеорологиялық жағдайдың, яғни климатының ықпалында болады. Ауа микроклиматының негізгі мөлшерленетін көрсеткіштеріне температура (t, °С), салыстырмалы ылғалдылық (φ, %), ауа қозғалысының жылдамдығы (V, м/с) жатады.
Нормативтік құжатгарға микроклиматтың мүмкін жіберілетін және тиімді көрсеткіштері түсінігі енгізілген.
Микроклиматтың тиімді көрсеткіштері - адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде, термореттеу механизмдеріне ауыртпалық түсірмей, организмнің қалыпты функциоиалдық және жылулық күйін сақтауды қамтамасыз ететін сандық көрсеткіштер үйлесімі. Ол жылулық жан-жақты жақсартылған жағдай мен жоғары жұмысқа деген қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
Микроклиматтың жіберілуі мүмкін көрсеткіштері адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде, өтпелі және жылдам қалыпына келетін организмнің қалыпты функционалдық және жылулық күйін өзгертуі мүмкін сандық көрсеткіштердің үйлесімі. Бұл жағдайда адам денсаулығы нашарлап, зақымданбайды, бірақ жайсыздық бойлап, жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Микроклиматтың көрсеткіштерінің шамалары 2-кестеде келтірілген.
Өндірістік бөлмелерде талап етілетін микроклиматтың көрсеткіштерін жасау үшін желдету, ауаны баптау, түрлі жылыту қондырғылар жүйелері қолданылады.
Адам өмірі өте үлкен 734-1267 гПа (550-950 мм сынап бағанында) қысым шектерінде жүреді. Адам денсаулығына қысым шамасы емес, қысымның жылдам өзгеруі қатты әсер етеді (Кесте 2. 1. ) .
Кесте 2. 1. МЕСТ 12. 1. 005-88 «Еңбек қауіпсіздігі жүйесіндегі метрологиялық қамсыздандыру» сәйкес микроклиматтың көрсеткіштері
бірлігі
мәні
ылғалдылығы
Ауа қозғалысының
жылдамдығы
Адам ағзасының жылу бөлу шамасы Q, белгілі бір метеорологиялық жағдайда физикалық кернеулік дәрежесіне байланысты. Мысалы, тыныштық жағдайында 85 Дж/с, ал ауыр жұмыс кезінде 500 Дж/с құрастырады. Адамның ағзасындағы физиологиялық процестер қалпында болу үшін, одан белінетін жылу адамды қоршаған ортасына бөлінуі керек. Жылу мөлшері мен қоршаған ортаның салқындату мүмкіндігінің арасындағы сәйкестік органын микроклиматтық жайлылығын сипаттайды да, қолайлы жағдайда адамның жаурауға немесе ыстықтауға соқтыратын сезімі болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz