Еңбек қорғау шаралары


МАЗМҰНЫ

бет

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕР

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

КІРІСПЕ . . .

1. «ИМСТАЛЬКОН» ЖШС-гі ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ-ТАР . . .

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы мен жалпымәлімет . . .

1. 2 Кәсіпорын орналасқан жердің климаттық сипаттамалары . . .

1. 3 Кәсіпорын орналасқан жердің физико-географиялық сипаттамалары

2. КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . .

2. 1 Кәсіпорынның еңбек қорғау ұйымдастыру . . .

2. 2 Кәсіпорын технологиялық үрдісті сипаттау . . .

2. 3 Технологиялық процесс кезінде бөлінетін зиянды заттарды талдау . . .

3. КӘСІПОРЫНДА ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ ІС-ШАРАЛАРЫ . . .

3. 1 Өндірістік ортаны желдету . . .

3. 2 Жұмыс орнын жарықтандыру . . .

3. 3 Электр қауіпсіздігі . . .

3. 4 Өрт қауіпсіздік шаралары . . .

3. 5 Өртке қарсы сумен қамту . . .

3. 6 Дәнекерлеу жұмыстары кезінде шашырайтын металл ұшқындарының қауіпсіздігі . . .

4. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ . . .

4. 1 Кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

7

9

9

11

13

14

14

17

25

27

27

33

36

40

42

49

52

52

60

62

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕР

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС:

РТБ

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Резеңке-техникалық бұйымдар

ЖШС:

МКК

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

мемлекеттік коперативтік кәсіпорын

ЖШС:

МЕСТ

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

мемлекеттік стандарт

ЖШС:

ҚНжЕ

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

құрылыс нормалары және ережелер

ЖШС:

СН

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

санитарлық нормалар

ЖШС:

ӨҚН

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

өрт қауіпсіздік нормалары

ЖШС:

ШРЕК

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

шекті рұқсат етілген концентрация

ЖШС:

ПӘК

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

пайдалы әсер коэффиценті

ЖШС:

ТЖК

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

табиғи жарықтандырудың коэффиценті

ЖШС:

ҚО

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

қоршаған орта

ЖШС:

ШМТ

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

шекті мүмкін тастамалар

ЖШС:

СК

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

синтетикалық каучук

ЖШС:

сағ

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

сағат, уақыт

ЖШС:

м

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

метр, ұзындық

ЖШС:

см

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

сантиметр, ұзындық

ЖШС:

мм

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

милиметр, ұзындық

ЖШС:

с

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

секунд, уақыт

ЖШС:

г

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

грамм, салмақ

ЖШС:

т

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

тонна, салмақ

ЖШС:

Па

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Паскаль, қысым

ЖШС:

Дж

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Джоуль, жылу мөлшері

ЖШС:

Гц

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Герц, шу жиілігі

ЖШС:

кВт

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

киловат, тоқ қуаты

ЖШС:

лм

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Люмен, жарық ағыны

ЖШС:

лк

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Люкс, жарықтылық

ЖШС:

ом

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Ом, кедергі

ЖШС:

А

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Ампер, тоқ күші

ЖШС:

В

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

Вольт, тоқ кернеуі

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: КНжЕ 23. 05. 95
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Табиғи және жасанды жарықтандыру»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 1. 046-95
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Өндірістік алаңдарды жарықтандыру нормасы»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: СН 1. 02. 011-94
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Жұмыс орнындағы ауадағы зиянды заттар шекті рұқсат етілген мөлшері»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 1. 004-91
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Өрт қауіпсіздігі»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 14098-91
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Темір - бетон конструкцияларының арматурасымен орналастырылатын бұйымдарының дәнекерлеу қосылыстары»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: ҚНжЕ 2. 04. 05 - 91
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Жылыту, желдету және кондиционерлеу»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 4. 011-89
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Жұмысшының жеке қорғану құралы»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 1. 005-88
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Еңбек қауіпсіздігі жүйесіндегі метрологиялық қамтамасыздандыру»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 1. 013-88
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Құрылыстағы электр қауіпсіздігі»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 4. 051-87
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Жеке қорғаныс құралдары»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 12. 1. 030-81
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Электр қауіпсіздігі. Қорғаныш жерге қосу. Нөлге келтіру»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ - 14098-91
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Темір бетон конструкцияларына орналастырылатын арматураның конструкциялары және өлшемдері»
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 5. 03-34-2005
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Бетон және темір-бетон конструкциялары. Негізгі ережелері».
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 13015-2003
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Құрылысқа арналған темір-бетон және бетон конструкциялары. Негізгі ережелері».
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ 28042-89
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Кәсіпорын ғимараттарына арналған темір-бетон жабындарының тақталары. Негізгі ережелері».
ҚНжЕ ҚР 2. 02-01 -2001: МЕМСТ - 14098-91
«Ғимараттардың өрт-жарылыс қауіптілігі»: «Темір - бетон конструкцияларына орналастырылатын арматураның конструкциялары және өлшемдері. Негізгі ережелері».

КІРІСПЕ

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі. Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.

25 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялау - халықаралық еңбек ұйымының ең маңызды акцияларының бірі.

Бұл - әлемнің көптеген елдерінде өндірісте зардап шеккен еңбекшілер еске алынатын күн, оны атап өткізу аясында құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және еңбекті қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар кеңінен насихатталады.

Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр. Қазіргі уақытта, республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 1 миллионнан астам жұмыскер еңбек етеді. Жыл сайын еліміздің ұйымдары мен кәсіпорындарында үш мыңнан астам жазатайым оқиға орын алып отырады, олардың үш жүзінен артығы адамдардың қаза болуына әкеліп соғады.

Мұндай жағдай, ең алдымен, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қажетті көңіл аудармайтынынан, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуына деген жауапкершілігінің төмендігінен, өндірістік процестің техникалық ахуалынан туындайды.

Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары көп ретте техникалық тұрғыдан алға басылушылықтың арқасында, өндірістегі техника мен технологияның жетілдірілуі арқасында қамтамасыз етіледі.

Алайда еңбек инспекциясы жүргізетін тексерістер еліміздің көптеген кәсіпорындарында қолданылатын қондарғылардың, құрал-жабдықтың, тетіктердің және еңбек құралдарының техникалық күйі стандарттардың, нормалардың талаптарына және оларды пайдалану ережелеріне сай келмейді. Шектес тыс тозған негізгі өндірістік қорлар мен шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер жағдайында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа тигізетін зиянды әсері күннен-күнге ұлғайып келеді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі қағидалары 2007 жылғы шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының еңбек кодексінде келтірілген. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ұйымдастырушының, құқықтың, санитарлық, профилактикалық шаралар жиынтағы болып табылады.

Қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындар ғимараттардан, имараттардан тұрады. Ол ғимараттарда өндірістік цехтар. Технологиялық жабдықтар, инженерлік және коммуналдық, энергетикалық коммуникациялар көлік, байланыс және басқару жүйелері орналасады. Әрбір өндіріс нысанының ерекшелігіне байланысты өзіндік сипаты болады. Дегенмен ортақ сипаттамалары көптен кездеседі: ғимараттардың бірыңғай бөліктерге, инженерлік, коммуналдық және энергетикалық жүйелердің ұқсастығы. Осы ортақ сипаттарына сүйене отырып оларды төтенше жағдайларға дайындық жүргізудің ортақ факторлары болады.

Жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне белсенді қатысуын, сондай-ақ негізгі назар қауіпсіздік техникасына аударылуын көздеу тиіс. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және дамыту шаралары қауіп-қатер мен олардың алдын қалай алынуы және бақылануы мүмкін деген түсініктер жөнінде хабардар болу және түсіну деңгейін арттыруға барлық қолда бар кұралдардың қолданылуын талап етеді. Солардың ішінде негізгілерінің бірі еңбек жағдайын жақсарту нәтижесінде, еңбек қауіпсіздігін арттыру.

Еңбек жағдайының жақсаруы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану мен кәсіби кеселденуді төмендетіп, еңбек өнімділігі мен өндіретін өнім сапасын арттыруға мүмкіндік туындатады.

1. «ИМСТАЛЬКОН» ЖШС-гі ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы мен жалпы мәлімет

ЖШС «Имсталькон» Жамбыл облысында және Қазақстанның басқа да аймақтарында болат конструкцияларын, темір бетон конструкцияларын, құрылыс материалдарын шығару, дайындау және оларды монтаждау жұмыстарымен айналысады.

ЖШС «Имсталькон» Қазақстан және ТМД елдерінің нарығында 1992 жылдан бері болат конструкцияларын және темір бетон конструкцияларын дайындау мен монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс атқарады. Ол ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкімімен «Казстальмонтаж» арнайы монтаждау серіктестігінің негізінде құрылған. Серіктестіктің оғанға дейн Қазақстан Республикасы бойынша 6 зауыты және 23 монтаждау басқармалары болған, олар Қарағанды, Жамбыл, Өскемен, Повладар, Рудный, Жаңатас, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Семей, Ақтөбе, Рудный, Шымкент қалаларында орналасқан болатын.

1964 жылы Шымкент қаласының «Казстальконструкция» трестінің Жамбыл қаласында мантаждау учаскесі ашылған болатын. 1969 жылы аталған учаскенің жұмыс көлемінің өсуіне байланысты монтаждау учаскесі арнайы монтаждау басқармасына айналды. 1987-1989 жылдары қайта құрулар мен өзгертулер нәтижесінде «Казстальконструкция» тресті Жамбыл қаласы бойынша арнайы монтаждау трестінің басқармасы болып аты өзгертілді де, соның негізінде 1992 жылы қыркүйек айында АҚ «Жамбыл монтаждау фирмасы - Имсталькон» болып құрылды. Жамбыл монтаждау фирмасы соғылып жатқан ғимараттарға және реконструкциядан өтетін өндірістік ғимараттарға және темір бетон конструкцияларын жобалап дайындаумен қоса оларды монтаждау жұмыстарын атқарады.

Мекеме Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Толе би көшесі 230, қаланың солтүстік-батыс аймағында, өндірістік аймақта орналасқан. Өндірістік аймақтың жалпы ауданы 3, 77 га. Мекеменің өндірістік алаңында 8 негізгі ғимараттары орналасқан:

  1. Әкімшілік ғимарат
  2. дайындау цехі
  3. Темірбетон конструкцияларын дайындау цехі
  4. Дәнекерлеу цехі
  5. Механикалық және жөндеу цехі
  6. Бетон қоспаларын дайындау орны
  7. Өндірістік автотранспортының орны
  8. Қойма

Тұрғын үйлер өндіріс алаңшасынан 200 метр қашықтықта оңтүстік бөлігінде орналасқан. Өндірістің солтүстігі мен шығысында өндірістік орталар орналасқан.

Мекеме орналасқан аймақтың климаттық жағдайы бойынша өндірістік аудан ІІІ В климаттық санатқа жатады. Климаты күрт континенталды, ыстық, құрғақ. Атмосфера стратификациясының коэфиценті 200. Желдің орташа жылдамдығы - 6м/с. Жер бедері тегіс. Ауданның сейсмикасы Рихтер шкаласы бойынша 8 балл. Кәсіпорын қалыптасқан (қолданыстағы) нысан болып табылады (1. 1- сурет. ) .

1. 1- сурет. Кәсіпорын орналасқан жердің сызбасы

ЖШС «Имсталькон» өндірістік қызметтің негізгі бағыты металл конструкциялары және темірбетон бұйымдары мен құрылымдарын шығару болып табылады. Қазіргі уақытта қуыс тақталар мен басқа да темірбетон бұйымдарын шығарады. Мекеме жылына 9000 м куб. тауарлық бетон мен 65000 м куб. құрастырылатын темірбетон шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтары бар өндірістік қуатқа ие. Қазіргі уақытта кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Мекеме басшылығының кадрлық саясаты жұмыс істеп тұрған өндірісті дамыту мен тиімділігін ұстап тұру мақсатында жұмысқа көбінесе тиісті біліктілігі мен белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар мамандарды қабылдауға бейімделген. []

09. 01. 2013 жылғы №2 санитарлық-эпидемиялогиялық қортындысына және 08. 07. 2012 жылғы №334 СанНжЕ 1 қосымшасындағы 23 тармақ 92 тармақшасына сәйкес нысан ІІІ сыныпқа жатады. Санитарлық-қорғау аумағы - 300 метр, яғни Экологиялық кодекс бойынша нысан ІІ санатқа жатады.

Нысанның өндіріс алаңшасында темір бұйымдарын дәнекерлеу цехі, темір бетон бұйымдарын дайындау цехы, жөндеу шеберханасы орналасқан.

Өндірістік алаңшаның жалпы аумағы 45200 шаршы метрді (ш. м. ) құрайды, соның ішінде 4002, 5 ш. м. құрылыс нысандарында, 300 ш. м. асфальтобетонмен қапталған, 200 ш. м. көгеріштендірілген.

1. 2 Кәсіпорын орналасқан жердің климаттық сипаттамалары

Кәсіпорынның өндіріс алаңы орналасқан аумақ табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Аймақ таулы болып есептелгендіктен ауа-райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес, ылғал да біршама жақсы түседі. Ауаның жылдық орташа температурасы 6, 5 және 10, 5 0 арасында ауытқып тұрады. Ал, солтүстік және таулы аудандарда 6, 5-8 0 , орталық аудандарда 9-10 0 шамасында болады.

Ең суық ай - қаңтар болып саналыды, ауаның орташа температурасы 5 0 -15 0 арасында. Кей жылдары аяз -20 0 дан -40 0 -қа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерінде 25-35 0 . Жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы 15-17 0 .

Көктемнің алғашқы белгілері наурыздың аяғы мен сәуір айының басында байқалады. Осы көктем айларында сел жүру қауіптері болады. Көктемнің ұзақтығы 70 күнге дейін созылады.

Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты (74%-ы) жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді.

Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 пайызға дейін жетеді.

Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150 мм, жазықтықта 150-200мм, тау бөктерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 мм-ге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40 пайызы көктемде жаады.

Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда 15-30, тау бөктерінде 20-40, тау бастарында 20-40 см-ден 70 см-ге дейін жетеді.

Климаттық аймақ III В категориясына жатады. Ең үлкен орташа желдің жылдық жылдамдығы - 8, 3м/с. Желдің басым болатын бағыты : қаңтарда - оңтүстіктік - шығыс, шілдеде - солтүстік. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы: қаңтарда - 67%, шілдеде - 31%. Тұнбалардың орташа жылдық мөлшері - 324-354 мм.

Желдің орташа жылдамдығы: қаңтар айында - 2, 73 м/с, шілде айында - 3, 39 м/с құрайды.

Желдің румба бойынша шілде айындағы орташа жылдамдығы және қайталануы (көрсеткіште желдің қайталануы % түрінде берілген, ал румба бойынша желдің орташа жылдамдығы м/с түрінде берілген) 2-ші кестеде келтірілген

1. 1- кесте. Желдің румба бойынша орташа жылдамдығы.

С
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
С
ШТИЛЬ
С: 8/3, 8
СШ: 10/4, 6
Ш: 6/3, 2
ОШ: 25/3, 6
О: 8/3, 8
ОБ: 10/3, 9
Б: 9/5, 2
С: 14/3, 9
ШТИЛЬ: 20%

Ауаның есептік температурасы ең суық бескүндікте - 5 о С, ең cуық тәулікте - 23 о С құрайды. Ауа температурасының тәуліктік амплитудасы қыркүйекте - 15, 1 о С, қарашада - 8, 9 о С. Жылыту кезеңінің орташа температурасы - 7, 1 о С құрайды, жылыту кезеңінің ұзақтығы 167 тәулік.

Тұрақты қар қабаты желтоқсанның алғашқы онкүндігінде қалыптасады және 90 күн барысында ұсталады. Қыс мезгілінде қар қабаты тұрақсыз. Тұрақсыздықтың негізгі себебі температуралық тәртіптің тұрақсыздығы. Қыс мезгілінде ауаның температурасының күрт жоғарылануынан қардың қарқынды еруіне алып келеді

Сыртқы ауаның орташа температурасы cуық айларда -5 о С, ыстық кездерде 31, 9 о С құрайды.

Жылдық жауын-шашын көлемі - 320 мм құрайды.

1. 2- кесте. Айлық және жылдық жауын - шашын мөлшері, мм

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
I: 24
II: 25
III: 42
IV: 48
V: 38
VI: 26
VII: 11
VIII: 7
IX: 9
X: 31
XI: 35
XII: 28
жыл: 320

1. 3- кесте. Тұманды күндердің орташа саны

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
жыл
I: 9
II: 7
III: 6
IV: 1
V: 0, 4
VI: 0, 1
VII: -
VIII: 0, 1
IX: 0, 1
X: 1
XI: 5
XII: 8
жыл: 38

1. 3 Кәсіпорын орналасқан жердің физико-географиялық сипаттамалары

Сипатталынатын өндіріс горизонты біртегіс және жоғарғы жағы - төрттік, аллювиальды шөгінді, қыртысты болып келген.

Литологиялық құрамы:

  • топырақты - өсімдікті қабат:
  • гумус құрамы - 12 %
  • ұсақ тас және ірі құм - 8 %
  • құмдақ бөлігі - 29 %
  • тозаңды бөлігі - 51 %
  • топырақты бөлігі - 12 %
  • құмдақ - саздақты топырақ:
  • ұсақ тас және ірі құм - 11 ден 15% - ке дейін
  • құм - 45 %
  • тозаңды бөлігі - 35, 2 %
  • топырақты бөлігі - 8 %
  • ұсақ жұмыр тасты топырақ
  • саз балшықты тастақты, фосфор ұсақтары, кокс ұсақтары, құмайт - саздақты топырақ, металл бөлшек қалдықтары, құрылыс қалдықтары бар ұсақ жұмыр тасты және ірі құмды топырақ.

Аумақ тереңдігі :

  • топырақты - өсімдікті қабаты - 0, 1 - 0, 25 м.
  • құмайт - саздақты қабаты - 0, 5 - 1, 5 м.
  • ұсақ жұмыр тасты топырақ қабаты - 30 - 70 м.
  • үйінді топырақ қабаты - 0, 2 - 0, 5 м.

Кеуектілік коэффициенті - 0, 075 - 0, 1 м 3 / тәулігіне 1 м 2 фильтрация қабатына.

Жер асты сулары фильтрациясының жылдамдығы және бағыты:

Солтүстік - батысқа бағытталған Аса ауданы елді - мекеніне қарай.

Фильтрация жылдамдығы- V=0, 4 м/тәулігіне немесе 144 м/жылына

2. КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру

Қызметкер жұмысқа орналасқаннан кейін мекеменің тарихымен, жұмы процессімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша бастапқы нұсқамадан өтеді, оны ЖШС «Имсталькон» еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері өткізеді. Одан кейін оны цехқа жібереді. Ол жерде тікелей жұмыс орнында жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша нұсқамадан өткізіледі. Осыдан кейін қызметкерді тәжірибелі маманға бекітеді және оның бақылауымен сынақ ісінен өткізіледі. Кәсіптің күрделілігі, сынақ мерзімінен өтушінің өтіліне және жұмыс тәжірибесіне қарай сынақ ісі 5-тен 14 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. Қызметкер сынақ ісі аяқталғаннан кейін бас инженер төрағалық ететін тұрақты жұмыс істейтін мекеме комиссиясына емтихан тапсырады. Егер қызметкер емтихан тапсырып, өз біліктілігін растайтын болса, онда ол мекеме бойынша шығарылған бұйрықпен өздігінен жұмыс істеуге жіберіледі.

Бас инженерге және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерге нұсқамалардың барлық түрлерін ұйымдастыру, жұмысшыларды оқыту, мамандар мен барлық деңгейлердегі басшылардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың ережелері мен нормалары жөніндегі білімдерін тексеру, сондай-ақ кәсіптер және жұмыс түрлеріне арналған нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту жауапкершілігі жүктелген.

«Имсталькон» ЖШС-дегі еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. 2006 жылдан бастап «АСАР Со» ЖШС фирмасымен бірге мекеме өндірістік нысандарындағы жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізіліп келе жатыр. Аттестаттау барысында жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігіне баға беріледі.

Мысалы, қалыптау цехының әр түрлі темір-бетон бұйымдары жасалатын барлық 11 постындағы жарақат қауіпсіздігі бойынша еңбек жағдайлары оңтайлы сыныпқа (1 сынып) сәйкес келеді деп танылды- жабдықтар мен аспаптар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің стандарттары мен талаптарына сай келеді. Қорғаныстың қажетті құралдары орнатылған, аспап ақаусыз және қауіпсіздік талаптарына жауап береді, нұсқама мен оқыту құралдары белгіленген талаптарға сәйкес құрастырылған өндірістік жарақаттарну оқиғалары болған жоқ. Аттестаттаудың басқа нысандары (цемент қоймасы, өлшем, бетон араластыру цехтары және басқалары) бойынша да осындай қорытынды жасалды.

Сондықтан «Имсталькон» ЖШС-ндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін жетілдіру мен олардың барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында негізінен еңбекті қорғау бойынша қорғаныстық шараларды үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Еңбекті қорғауды басқару, өндірісте еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша заңнаманың талаптарын мүлтіксіз орындау жөнінде алға қойылған міндеттерді орындау үшін 2012 жылы қаңтар айында «Имсталькон» ЖШС-нің бас директоры бірқатар негіз қалаушы бұйрықтар шығарды (2. 1- кестеде) көрсетілген.

2. 1- кесте. «Имсталькон» ЖШС-де 2012 жылдың қаңтар айында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша шығарылған бұйрықтар

№ №
Бұйрық -күні және нөмірі
Аталуы
№ №: 1
Бұйрық -күні және нөмірі: 15. 01. 2012 жыл, № 4-б
Аталуы: Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқарудың негізгі міндеттерін орындау туралы
№ №: 2
Бұйрық -күні және нөмірі: 20. 01. 2012 жыл, № 9-б
Аталуы: Өрт қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы
№ №: 3
Бұйрық -күні және нөмірі: 20. 01. 2012 жыл, № 10-б
Аталуы: Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияның жай-күйіне бақылау жасауды күшейту туралы
№ №: 4
Бұйрық -күні және нөмірі: 21. 01. 2012 жыл, № 12-б
Аталуы: Жүк көтергіш крандарды краншыларға бекітіп беру және қызмет көрсетуші жөндеу персоналын тағайындау туралы
№ №: 5
Бұйрық -күні және нөмірі: 21. 01. 2012 жыл, № 14-б
Аталуы: Тиісті техникалық қадағалауды ұйымдастыру мен қазанқадағалау және көтеру құрылыстары нысандарын қауіпсіз және авариясыз пайдалануды қамтамасыз ету туралы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Шартты-отандық энергокомплекс түрлері
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Құрылыстағы еңбек қорғау
Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
Еңбек қорғаудың нормативті – құқықты заңнама актілері
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz