«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал
Мазмұны
Кіріспе
Қазіргі кездегі білім беруді ізгілендіру мен - демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, информатикадан білім негіздерін оқыту процесіне еңгізу орта білім беру жүйесін акпараттандырудың негізі болып табылады.
XXI гасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай болса, Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Қазақстандағы жалпы білім беру жүйесін ақпаратгандыру ақпараттық коғамның қалыптасуы жағдайында қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру жүйесі тәжірибесінде калыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар - жалпы білім беру жүйесін ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, ақпараттық қоғамдағы өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарауды қажет етуде.
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі акпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты кұрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі ақпараттық қоғамға сәйкес келіп отыр. Олай болса, орта білім беру жүйесін акпараттандырудың негізі -информатика курсының мазмұнын өзгерту болып табылады. Сондықтан информатиканың мамандыққа баулу курсының мазмұнын ақпараттық қоғам жағдайында анықтау негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Білім беру жүйесін реформалау еліміздің тәуелсіз мемлекеттеріндегі даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Олай болса, білім беру тәжірибесінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар жалпы білім беру жүйесін ұлттық, әлеуметтік, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарау кажеттігін талап етіп отыр. Ал орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатиканың мамандыққа баулу курстарының қазіргі бағыттарын дамыту оның алғышарттары болып табылады.
Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуальды дамуын қалыптастырудың қажетті жолы. Ол адам мен акпараттық ортаның («мұғалім-компьютер (ақпаратты-үйрету орта) - оқушы»; «оқушы-компьютер-оқушы») арасындағы жеке тұлғаның бағыттағы қарым-қатынасты зерттеуді қажет етеді. Елімізде ақпараттық коғамның дамуы оқушылардың кәсіби бағытын қалыптастырумен сипатталады. Ал ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру кұралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде ақпараттық білімді қалыптастыруда түрлі қарама-қайшылықтар кездеседі. Мұғалім оқушыларды адамгершілікке, ізгіліктілік қасиетке және компьютерлік техникаға ұқыпты қарауға тәрбиелей отырып, ақпараттык қоғам идеяларын насихаттайды. Ал информатиканы мамандыққа баулу курсы бағытында окытудың оқу программаларының мазмұнында ақпараттық заңдылықтардың маңызы ашып көрсетілген мәліметтер ене бермейді. Жеке пәндерді зерттеуде әрбір оқушының меңгеруі тиіс ақпараттық мазмұндағы ұғымдар мөлшері айқындалмаған, оған қатысты кәсіби бағытың дамыту мәселелері ескерілмеген.
Сонымен бірге, орта мектептің 10-11 сыныптарынан бастап орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерін бітіргенге дейін әрбір оқушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық білім, білік және біліктілік дағдыларын меңгерудегі белсенділіктерін арттыру жұмыстарын жүргізген орынды.
Ақпараттық білімді қалыптастыру төмендегі мәселелерге: тәрбиенің мақсатында. болашақтағы және ақпараттық қоғамның саясаты мен міндеттерін оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; орта мектептің және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасына; оқушылардың жас ерекшеліктеріне; оқушылардың кәсіби деңгейін анықтай білу қабілеттеріне; педагогтардың информатикадан білім деңгейлеріне жәнс шеберліктеріне, тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Аталған тәуелділіктерді ескере отырып, оқушыларды қазіргі мамандықтың түрлеріне дайындау барысында білім мазмұнын талдап, беру бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Осы уақытқа дейін информатиканың мазмұны алгоритмдеу, программалау және ақпараттық технология сиякты мәселелер ретінде карастырылып келді. Бұл мәселелер 7 сыныптан бастап енгізілгенменен де, орта білім беру жүйесіне жаппай енгізілмей келеді. Соған байланысты аталған мазмұндағы мәселелер жан-жақты қарастырылмай келді. Ал ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты жоғарыдағы мәселелерді 7-9 сыныптарға көшіру қажеттілігі тудырып отыр. Аталған қажеттілікті шешуде информатиканың мазмұнын саралап, ғылыми-теориялық жағынан негіздеп, жүйелеу тиімді.
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру - бүгінгі күннің негізігі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар қажет екеніне талдау жасап, қажетті мамандарды дайындаудың тұжырымдамасын, стандартын, оқу программасын, оқу -әдістемелік кешендері мен қолданбалы программалық кұралдарды жасақтау қажет.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т. б. мамандардың қажет екендігін түрлі бұқаралық ақпарат құралдар да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Ал біз дістемелік құралда Adobe Photoshop программаcында түрлі графикалық бейнелерді өңдеуге қолданудың әдістемелік негіздерін қарастырып отырмыз.
Жұмыс тақырыбының көкейкестілігі тәжірибедегі жоғарғы сыныпта информатиканы оқыту мәселелеріне негізделген, яғни информатиканы оқытудың тиімді әдістемесін дайындау қажеттілігі шығады.
Жұмыстың мақсаты - мектеп оқушыларына информатика мен ақпараттық технологияны үйлестіру арқылы «Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал дайындау.
Зерттеу нысаны - жоғарғы сынып оқушыларына информатиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні -информатиканы оқыту әдістемесі.
Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын талдау;
- компьютерлік технологияларды қолдану жүйесі;
- электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі;
- Adove Photoshop программасын үйрету технологиясы және оған арналған дидактикалық материалдар;
- Adobe Photoshop тақырыбына электрондық құралды жобалау.
Зерттеу әдістері - ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, озық педагогикалық тәжірибелерді ескеру, оқыту үрдісін тұрақты бақылау, тиімді әдістерді оқу үрдісіне енгізу және оның нәтижелерін қорыту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы : Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жоғарғы сыныптағы «Компьютерлік графика» тақырыбын оқыту
1. 1 ҚР-ның жалпыға білім беру стандарты
Ақпараттық технология желісі мазмұнындағы компьютерлік графиканы оқып-үйренуді қарастырайық.
Тақырыпты үйрену бойынша әдістемелік нұсқау
Қарастырылған мәселелер:
- компьютерлік графиканы қолдану аясы;
- графикалық редактор аясы;
- жұмыс режимі;
- графикалық редактормен жұмысжасау командалары;
- графикалық редактормен өрнектелік берілгендер.
Компьютерлік графика - ЭЕМ пайдаланудың жаңа облысы. Алғашқы буындағы машиналар сандық және символдық ақпараттарды өңдеумен шектелген болатын. ЭВМ үшінші буынында графикалық құрылғылар пайда болды. Ал компьютерлік графика төртінші буында жасалып шығарылды.
Компьютерлік графика қосымшалары түрліше болып келеді: ғылыми графика, қызметтік графика, құрылымдық графика, кескінграфикасы, көркем және жарнамалық графика, компьютерлік анимация.
Компьютерлік графика - ақпараттық технологияның нақты облысы. Сондықтан компьютерлік графика өнімдерін көбікрек көрсету керек, оларға түрлі-түсті суреттер, сұлбалар, диаграммалар, анимация және үш өлшемді графика үлгілері жатады. Оқушылардың назарын графикалық интерфейске аударамыз, ол арқылы үш өлшемді нақты көріністер алынады. Графиктік программалау - ең күрделі сала. Қолданбалы графиктік жинақтамалар арқасында компьютерлік графика баршаның қолдануына мүмкіндік береді.
Қолданбалы программалық құралдар. Компьютерлік графиканың бірнеше қолданбалы программалары бар, әрбір бөлімі үшін өзіндік программалары беріледі. Мысалы, ғылыми графика үшін Graher; инженерлік жұмыс үшін AutoCad; қызметтік графикада көбінесе диаграммалар салу пайдаланылады.
«Графикалық редактор» атауы қолданбалы программаларға қатысты қолданылады және ондағы графиктік ақпарат-растрлық және векторлық түрде ұсынылады. Сондықтан расторлық және векторлық графикалық редакторлар кездеседі.
Қарапайым растрлық редакторларға Paint, Adobe Photoshop. Adobe Photoshop растрлық редакторларды кәсіби дизайнерлер қолданылады. Олар сканерленген суреттерді өңдеу үшін, көркем композиция, коллаж және т. б. жасауда пайдаланады.
Графикалық редакторы. Графикалық редактордың пайдаланушылық интерфейсі бірыңғай болып келеді. Экранның сол жағында құралдар панелі орналасқан, онда құралдардың суреті бейнеленген пиктограммалар бар. Экранның төменгі жағында түстер жиынтығы беріледі. Қалған бөлікте жұмыс орны орналасады. Жұмысшы орынның жоғарғы жағында жұмыс режимін өзгертетін меню орналасады. Сол жақ бөлікте түстерге боялған квадраттар тұрады. Жоғарғы квадрат түсі жұмысшы түсті, ал төменгі квадрат қосалқы түсті көрсетеді. Құралдар панелінің төменгі жағында өлшеуіш шкалалар бар, олар арқылы жұмыс жасайтын құралдардың өлшемі анықталады.
Жұмыс режимі. Графиктік редакторлардың жұмыс режимі пайдаланушы қызметінің мүмкіндігімен анықталады, берілген командаларды жүзеге асырады.
Суретпен жұмыс режимі (сурет салу) . Осы режимде жұмысшы алаңшасында құралдар суреті шығып тұрады.
Құралдарды баптау және таңдау режимі. Бағыттауыш меңзер құралдар панелі маңайында болады. Осы құралдар менюінен оларды таңдап алып, оның өлшемін, түрін, сызық енін өзгертуге болады.
Жұмысшы түстерді таңдау режимі. Түстер палитрасынан, яғни жинағынан түстерді таңдауға болады, оларды баптау сурет түсін, оның көлеңкелік және аясын өзгертуге мүмкіндік береді.
Ішкі құрылғылармен жұмыс режимі. Осы режимде суретті сақтау, дискіге жазу, оны басып шығару орындалады. Кәсіптік дербес компьютерлерде осы ішкі құрылғылар сканермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Графиктік редакторлардағы командалар жүйесі. Жоғарыда аталған режимде графиктік редакторының командалар жиынтығы болады. Олар түрлі компьютерде олардың бір-бірінен басқару ерекшелігі болады.
Командалар жүйесіне мыналар кіреді:
- құралдарды таңдау командалары;
- құралдарды баптау командалары (сызық, қаріп, өлшемі) ;
- түстерді таңдау командалары;
- суретті масштабтау командалары;
- алмастыру буферімен (көшіру, кесіп алу, енгізу) жұмс командалары;
- ерекшеленген фрагменттермен басқару командалары (бұру, созу, т. б. ) ;
- ішкі құрылғылар арқылы енгізу/шығару командалары. Командалар менюі пиктограмма, мәтін түрінде де кездеседі.
Мұғалімдерге оқу материалдарын сабақтар бойынша жіктеп беретін тақырыптық жоспарлау үлгісі (1-кесте) :
1-сабақ. Компьютерлік графика түсінгі. Adobe Photoshop редакторымен танысу;
2-сабақ. Жұмыс үстелi және оның құрылымы. Құралдар тақтасы және оның құрылымымен жұмыс жасау әдістері. Құралдар тақтасында орналасқан құралдарға сипаттама;
3-сабақ. Photoshop программасымен жұмыс жасау негіздері. Бейнелерге сурет салу мен оны редакторлеу. ;
4-сабақ. Мәтіндермен жұмыс жасау негіздері. ;
5-сабақ. Photoshop арқылы ескі суреттермен жұмыс істеу. ;
6-сабақ. Контурларды редакторлеу. 2 фотографияға құю. ;
7-сабақ. Линза эффектiлерi. Пейзажды қалпына келтiру. Бейнелердi монтаждау мен Render/Lighting Effects. Қабаттар;
8-сабақ. Шығаршашылық жұмыс. Тест.
Кесте 1
Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау үлгісі. 10 сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Кесте 1 жалғасы
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Окушылар білуі тиіс:
- жаңа программалық жабдықтарды;
- компьютердегі программалық жабдықтарды орнату тәртібін және ережесін;
- мәтіндік құжаттарды безендіру элементтерін;
- мәтіндік процессорлардың автоматты түрде бапталуы мәнін және мүмкіндіктерін;
- үнемі пайдаланылатын баспалық жүйені, оның мүмкіндіктерін, программалық жабдықталуын;
- растрлы және векторлы графиканыөңдеудің құралдары жиынтығын;
- анимация және мультипликацияны ұйымдастыру негізін;
- компьютерлік презенттеуді дайындау технологиясын;
- Internet жүйесіндегі іздеу жолдарын;
- Web беттерін дайындау тұжырымдамасынан.
Окушылар игеруі тиіс:
- операциялық жүйені орнату және конфигурлеуі;
- компьютерде қолданбалы программалық жүйені орнатуды;
- мәтіндік редактор параметрін баптауды;
- мәтіндік редактордың графиктік және қаріптік мүмкіндіктерін пайдалануды;
- мәтіндік редактор арқылы басылымның мұқабасын түзуді және беттеуді жүргізуді;
- құжаттарды танып-оқу жүйесімен жұмыс жасауды;
- мәтіндерді тексеру және түзету жүйесімен жұмыс жасауды; графиктік және дыбыстық файлдарды дайындауды;
- офистік техникалық құралдармен жұмыс жасауды;
- Internet жүйесінде ақпараттарды қарауды және іздеуді жүзеге асыруды;
- Web-беттерді дайындауды, оның дизайнын безендіруді.
1. 2 Компьютерлік технологияларды қолдану жүйесі
Информатика пәнінің мұғалімі мектеп өміріндегі компьютерлік технологияларды қолданатын сарапшы. Өйткені, мектеп тәжірибесінде мұғалімнің өзі компьютерлік технология құралдары мен барлық жаңа бағыттағы программаларды бірінші орындап көреді. Программаларды орындауда мұғалім алдына оқыту жүйесіндегі жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
- Жалпы компьютерлік желілер мен өз аймағындағы ғылыми оқыту желісін пайдалану;
- Оқушылармен бірге программалау ортасында жаңа әдістерді пайдаланып, мектептің тәжірибесінде қолданылатын педагогикалық программалық құралдар құру;
- Оқушылармен бірге программалау ортасында жаңа әдістерді пайдаланып, мектеп өмірінде қолданылатын программалық құралдар құру;
- Компьютерлік технологиялар жүйесін әр түрлі мақсаттарда кеңінен қолдану (қабырға газетін шығару, оқыту матералдарын безендіру және т. б. )
Әрбір мұғалім сабақта пәндер арасындағы өзара байланыстылықты дамытуды ойлайды. Өйткені бұндай сабақтар оқушылырдың серпілісін тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқытудың бұрын қалыптасқан стандартты жүйесіне қарағанда әртүрлі пәндерді оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану мына төмендегідей бірқатар артықшылықтар береді:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- Оқу процесінің қарқынын жоғарлату;
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;
- Оқытудың сапасын арттыру;
- Дифференциалды оқытуға көшу;
- Әрбір оқушыны оқу процесінің субъкетісіне айналдыру.
Жаңа ақпараттық тенологияны оқу процесінде мына төмендегідей жұмыс түрлерінде пайдаланылуы мүмкін:
- әртүрлі пәндерді оқытудағы компьютерлік сабақтарда;
- компьютерлік программаларды демонстрациялық материалдар ретінде пайдалануда;
- оқушылардың топтық және фронтальдық жұмыстарын ұйымдастыруда.
Компьютерлік сабақтарды өткізуде курстың программасын түгел қамтитын немесе берілген курстың көптеген тақырыптарын қамтитын программалық-әдістемелік кешендер пайдаланылса жақсы нәтиже береді. Ондай сабақтарды жаратылыстану пәндерін және гуманитарлық пәндерден де өткізуге болады.
Жоғары сыныптарда оқушылар компьютерді және компьютерлік желіні әртүрлі пәндерден өткізілетін семинарларға дайындалу кезінде пайдалануларына болады.
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлесу кезеніңде тағы бір ерекшелігі, ол оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды оқу материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуге болады. Оқытудың модульдік технологиясы арқылы жүзеге асыратын кезде тарауға оқу программасы бойынша берілген сағат саны өзгермейді. Бұл технологиясының информатикада пайдаланудың ерекшілігі: есеп шығару сабағына сағат саны көбірек бөлініп, саралап оқытуға ыңғайлы.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде ойындар кеңінен пайдаланды. Сөйлесу бөлімінің 1, 2, 3 - сабақтарында «Қарлы кесек» ойындарында оқушылар тақырыпты көру, оқу, сөйлесу арқылы меңгеріп 3, 4, 5 сабақтарда «Брейн-ринг» ойыны арқылы тақырыпты қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Ол үшін оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Модульдік оқытудың құрылымы. Оқу үрдісі құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке бастардан жасалады. Олар:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын - ала (диагностикалық) бағалау;
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау енеді.
Оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспе, сөйлесу, қорытындылау бөлімдерінен тұрады.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге, сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Оқу модулінің кіріспе бөлімге. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауда (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе-қызығушылық, операционалдық-танымдық, рефлекциялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс. (Л. М. Фридман) .
Сөйтіп оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құралымымен және мазмұнымен таныстырады
б) оқушыларды оқу модуліндегі қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
с) тірек сызбасына сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып-үйренудің екінші операционалдық - танымдық кезенің іске асыру болып табылады.
Біз бөлімді құрастырғанда Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушының іштей өсуі жүргенде ғана, баланың білім дәрежесінің атқаруына қарай мүмкін болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz