Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 . Тарау. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік ... ... ... 5
1.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ..5
1.2 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.3 Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы ... ... ... ... ... ... . 24
2 .Тарау. Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
1 . Тарау. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік ... ... ... 5
1.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ..5
1.2 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .21
1.3 Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы ... ... ... ... ... ... . 24
2 .Тарау. Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Құқық бұзушылық—заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау. Құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Заң бойынша жауаптылық— кінәлі адамға құқық бұзғаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары. Заң бойынша құкық бұзушылық екіге бөлінеді: 1) қылмыс, 2) теріс қылық.
Қылмыс — құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалы, көшеде жүру, автокөлік жүргізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық кұқықтық (мүліктік) жауаптылық.
Құкық бұзушылық заң бойынша жауаптылықтың негізі ретінде төрт жағымен сипатталады:
1. Субъект (тұлға) — ерекет қабілеттілігі бар занды бұзушы тұлға.
2. Объект (зат) — заң қорғайтын, бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік.
3. Объективтік (ақиқаттық) жағы—заңсыз әрекет (әрекетсіздік), оның зиянды салдары және әрекет пен (әрекетсіздікпен) оның салдарының арасындағы себепті байланыс.
4. Субьективтік (көзқарас) жағы—кінә,былай айтқанда, құқық бұзушының өз әрекетіне және оның салдарына қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі көзқарасы.
Заң бойынша жауаптылыққа тұлға тек құкық бұзушылықтың төрт жағы түгел болғанда ғана тартылады. Егер аталған төрт жактың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелей кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірген зиянын көлік иесі
Қылмыс — құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалы, көшеде жүру, автокөлік жүргізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық кұқықтық (мүліктік) жауаптылық.
Құкық бұзушылық заң бойынша жауаптылықтың негізі ретінде төрт жағымен сипатталады:
1. Субъект (тұлға) — ерекет қабілеттілігі бар занды бұзушы тұлға.
2. Объект (зат) — заң қорғайтын, бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік.
3. Объективтік (ақиқаттық) жағы—заңсыз әрекет (әрекетсіздік), оның зиянды салдары және әрекет пен (әрекетсіздікпен) оның салдарының арасындағы себепті байланыс.
4. Субьективтік (көзқарас) жағы—кінә,былай айтқанда, құқық бұзушының өз әрекетіне және оның салдарына қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі көзқарасы.
Заң бойынша жауаптылыққа тұлға тек құкық бұзушылықтың төрт жағы түгел болғанда ғана тартылады. Егер аталған төрт жактың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелей кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірген зиянын көлік иесі
1. Мемлекет және құқық теориясы.Сапарғалиев,А.Ибраева
Алматы 1998ж.[102-103 б.]
2. Мемлекет және құқық теориясы. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н.Тәукелев.. Алматы 1999ж. [204-217 б.]
3. Мемлекет және құқық теориясы.Т.Ағдарбеков . Алматы 2003 ж.[266-269б.]
Алматы 1998ж.[102-103 б.]
2. Мемлекет және құқық теориясы. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н.Тәукелев.. Алматы 1999ж. [204-217 б.]
3. Мемлекет және құқық теориясы.Т.Ағдарбеков . Алматы 2003 ж.[266-269б.]
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 - Тарау. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік ... ... ... 5
1.1 Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ..5
1.2 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
1.3 Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы ... ... ... ... ... ... . 24
2 -Тарау. Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Құқыққа сай тәртіп және құқықты бұзу
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .34
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 36
Кіріспе
Құқық бұзушылық—заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған
әрекетті жасау. Құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа
тартылады. Заң бойынша жауаптылық— кінәлі адамға құқық бұзғаны үшін
қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары. Заң бойынша құкық бұзушылық
екіге бөлінеді: 1) қылмыс, 2) теріс қылық.
Қылмыс — құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам
қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі
бар: әкімшілік жауаптылық (мысалы, көшеде жүру, автокөлік жүргізу тәртібін
бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін
орындамағаны үшін); азаматтық кұқықтық (мүліктік) жауаптылық.
Құкық бұзушылық заң бойынша жауаптылықтың негізі ретінде төрт жағымен
сипатталады:
1. Субъект (тұлға) — ерекет қабілеттілігі бар занды бұзушы тұлға.
2. Объект (зат) — заң қорғайтын, бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес
игілік.
3. Объективтік (ақиқаттық) жағы—заңсыз әрекет (әрекетсіздік), оның зиянды
салдары және әрекет пен (әрекетсіздікпен) оның салдарының арасындағы
себепті байланыс.
4. Субьективтік (көзқарас) жағы—кінә,былай айтқанда, құқық бұзушының өз
әрекетіне және оның салдарына қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі
көзқарасы.
Заң бойынша жауаптылыққа тұлға тек құкық бұзушылықтың төрт жағы түгел
болғанда ғана тартылады. Егер аталған төрт жактың біреуі болмаса, тұлға
жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік
жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелей
кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса,
жүргізушінің біртұтас келтірген зиянын көлік иесі төлеңді. Қаралайтын
мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсіздік болжамы
қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік
жауаптылыққа тартылмайды.[1]
1 - Тарау.
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
1.1Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын карастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп күқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әркдшан орын алады. Бұл шартгы құбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-
әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-
әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет,
мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың
елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай
отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай
іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орыңдамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, деңсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостаңдықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркеңдеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар
жеке және заңды тұлғалардың іс- әрекеттерін қатаң бакылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына
ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық
бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады.
Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың
түсінігін береді.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез - құлық.
Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз.
Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде,
мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді
және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық
бұзшылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1.Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2.Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы
объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын
әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл
осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие
болады.
Формальді — логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы,
қоғамға зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл
тұжырымнан екі терістік байкалады:
1. Заңға құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе
қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп
тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін боліп
көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық
құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне
келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекетгің қоғамға
қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға
айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі.
Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар
қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады.
Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы
мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіңдіктен емес, өзі тектес әрекет-
әрекетсіздікгің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның
қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін
бұзады, сондықтан да кұқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан
қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының
құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның
маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық
бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін.
Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің
үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен,
осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың
қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды
қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс еңгізуінен де көрініс табады.
Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы — ажырамас белгісі.
Оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының заңды
көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің
нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-
әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни
егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, кұқыктық
нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның
өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты
болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға,
мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.[2]
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1.Құқық бұзушылық - құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді
бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті,
қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа
адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық
бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті
арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып
табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып,
суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай
да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз
жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл
дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында
жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын
ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2.Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нүқсан келтіріп,
қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
төртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде
құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір
игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына,
рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы
мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай төсілдері белгілі:
1.Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2.Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3.Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4.Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда
айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас
бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нүқсан келеді. Кейбір жағдайда
келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру,
мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5.Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы
келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын
қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан кұқыққа қайшы әрекет деуге
болады. Құқыкқа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық
бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына
алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен
қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа
қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі
мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні
мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6.Құқық бұзушылық кұқық субъекгісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана
жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс
болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған
адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық
нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз
әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды.
Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілетгілігі шектелмеген
болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттіпік деген адамның өз еркімен саналы
түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә -
құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-
қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам іс-
әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық
қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын
ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен
жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не
бұған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін
екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады.
Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға
шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде
жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпең сипатталады. Мәселен, жүргізуші
жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол
көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын
алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш
-белгісімен сипатталады:
-мемлекеттік мәжбүрлеу;
-құқық бұзушыны жауапқа тарту;
-құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын
бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы
қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса,
мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті
айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді,
адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған
деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім
қабылдайды.
Әр кез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол
оның мүлкіне немесе өз басының бостаңдығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі
адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын
толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады.
Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы
айтылғандардың құқықтық жауаптылықгың мақсаты:
-кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін
қауіпті екенін көрсету;
-қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның
өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
-заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын
анықтау оны құқыкқа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл
ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның
мазмұнды белгілерін нақгылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң
ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде
саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың
занды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-
әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген күқыққа сай
әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-
әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына
әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян
келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған өй-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге
кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік
(балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.
1.Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет-
әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және
келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз -
келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыкқа қайшы әрекет-
әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған
нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық
бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір
игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою,
азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу
т.с.с.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке
мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің
сипаты және одан келген зиян қоғамға кауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық
бұзушылықгы басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін
қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс
айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды
салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде
келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ. Демек, әрекет-әрекетсіздікпен
қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша
айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі
анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы
байланыстың қажетгі немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын
жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2.Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік
емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар.
Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай
да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі
болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы
мүмкін.
3.Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты
жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын,
элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық
бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан
қарағанда құқық бұзушылық - құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол
берген кінәлі ерекет болып табылады.
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетіңің әлеуметтік
зиянды нәтижесін алдын ала болжағандығы немесе болжамағандыгына қатысты
анықталадыжәне қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді.
Қасақаналықта адам өз іс- әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның
қоғамдық кдуіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай
қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді, Ал
абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін
білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен
болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе кджетті ұқыптылық пен сақтық болғанда,
ол зардаптарды болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің қоғамдық
қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни кінә
(қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі
психологиялық жай-күй болып табылмақ.
Дегенмен, мұнда құқық бұзушылыққа жол берген психологиялық факторлар да
ескеріледі. Барлық еріюі әрекет іпггей реттелген және белгілі бір мақсатты
көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-
әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз -
құқық бұзушылықгы жасауға түрткі салатын ең басты негіз, ал мақсат - құқық
бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-
әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықпен
қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделеріне зиян
келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік
береді.
4. Субъект - әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект
құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-
есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық
жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге
әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді
құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар
қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың
жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс
түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық
жауапкершілік 15 жастан есептеледі.
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен
практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне
келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес
келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол
берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде
адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық
бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі — жауапкершілікке жеке тұлға
тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің
істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бұл тұрғыда
мамандардың пікірі әр түрлі. Олардың бір тобы адамдардың тобын құқық
бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.
Сонымен, құқық бұзушылық - әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің занды
жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа қайшы және
кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.
1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы,
уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мең сипаты, кінәнің нысаны
құкыкқа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының
жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі
негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор
негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған
айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік
құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік,
мүліктің және басқа да құқықтары? Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық
заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады.Қылмысты
заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық
бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса,
қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі
біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан
келтіруші кұқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып
табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген
зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне
байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға
жіктелінеді.
1.Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындагы қоғамдық
кдтынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және баскд кұқық
салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-
әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне
кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу,
өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне нүқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және
мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес,
жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен,
ескерту, айыппүл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
2.Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық
тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол
өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында
түрған шаруашылық, әлеуметтік- мәдени, басқару және де мақсаттар мен
міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар
қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және
т.б.
3. Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін
мүліктік және онымен байланысты жекелеген кдтынастарға зиян келтіретін,
әлеуметтік кдуіпті әрекет- әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге
бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің
әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын
сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы,
олардың заңда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән
ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы
болып табылады. Мұнда және бүзылған құқыктың қалпына келтірілуі көзге
түседі: заңға қайшы келетін мәмлені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның
орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық
құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен
ұйымдардың бұзылған құқыктары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін
көздейді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі
пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық
нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер
ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам
өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр,
қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз,
тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-
ақ байқаған. "Жаманнаң жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман
туар, бір ауыз сөзге алғысыз" деген мақал айғағы болса керек.
Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен
балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді,
салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін.
Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне
байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның
жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам
өдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.
Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да
олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында да
мемлекетімізде жүздеген заңдар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан
құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың
бәрін біле бермейді. Әрине, занды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана
немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар.
Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз
бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай
құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды (ҚР Конституциясы,
39-6).
Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі — бұл, мемлекеттік идеологияға,
адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz