Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері.

1. Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметінің түсінігі және негізгі белгілері

Қазақстан Республикасының жер заңдарының тарихы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңының қабылдау күнінен басталады. Бұған дейін қолданыста болған Қазақ КСР-ның 1990 жылғы 16-қарашадағы Жер кодексі мемлекет дамуының жаңа жағдайларындағы қоғамның талаптарына толық көлемде жауап бере алмады. Сол себепті де, 1991 жылғы 28-маусымда «Жер реформасы туралы» заң қабылданды. , , жердіұтымдыпайдалану мен .

Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардьң бірлестіктерінін пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамшылық дербес қызметі. Ауылшарушылық кәсіпкерлігін азаматтар өз атынан, өздерінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаньң (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Еліміздің аграрлық кәсіпкерліктің қалыптасу үдерісі жалпы халықтык кұқықтың дамуымен байланысты, кейінірек онын мемлекеттік реттеуді күшейтетін, сонымен қатар нормативтік актілерде алғашқы шаруа (фермер) кожалыктары пайда бола бастаған, азаматтық құқықтардың да кезендерін қамтиды.

Кәсіпкерліктің әрі қарай дамуы, өзара түсінісуге әкеліп соқтыратын, жеке мүддеге мемлекеттік бастаманың әсерінін жалпы үдеме кезеңін қамтиды. Мемлекеттің басқаруындағы экономика аралас сипатта болды, себебі жеке және коғамдык ой ұштасып, синтезделе бастайды.

Бұл заңды жүзеге асырудың нәтижесінде мыңдаған шаруа қожалықтары, шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындары және ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа конституциясы алғашқы рет жерге жеке меншік құқығын орнықтырып, жерге мемлекеттік және жеке меншікті мемлекеттің танып, теңдей қорғайтынын бекітті. Конститутцияның нормаларының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы «Жер туралы» жаңа жарлығы қабылданды. Бұл жарлық жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына қатысты туындайтын жер қатынастарын жаңаша реттеп, алғашқы рет сервитут институты мен басқа да жер-құқықтық нормаларды қарастырды.

. Солсебепті де, . 2001жылғы 24-қаңтарда «Жер туралы» заң қабылданды. Бұл акт : беру туралы (26-бап), шарттыжерүлесітуралы (24-бап), (3-бап, 1-тармақ) . мен , енді осыЗаңының 35-бабына сәйкес тек . Соныменқатар, мен - (87-бап) . 2003 жылғы 20-маусымда .

Ең алғашы рет « шаруа (фермерлік) қожалығы » термині Қазақ ССР-інің 1990-жылғы 21-мамырдағы «Шаруа қожалығы туралы» Заңының 1-бабында былайша көрсетілді: « Шаруа қожалығы деп ауыл-шаруашылығын бірлесіп жүргізуде өндіріс шаруа қожалығы мүшесінің жеке еңбегіне және ортақ меншіктегі өндіріс құралдары мен өзге де мүлікке артықшылықты негізделген тұлғалардың отбасылық-еңбектік бірлестігі танылады ».

Шаруа (фермер) қожалықтары - өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік.
Алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша совхоз директорлары құрды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Заңы шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жүмыс істеуінің құқықтық, үйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.

Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 2000 жылдан бері 13 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны ұлғайды, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері 1, 6 млн-нан 30, 6 млн. га. дейін, яғни 20 еседей өскен.

2013 жылы шаруа (фермер) қожалықтар үлесі Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылыққа арналған жер көлемінің 40 %-дан аса құрайды.

Қазақстан - ірі мемлекет, оның табиғи және экономикалық жағдайлары әртүрлі. Сондықтан шаруа қожалықтарының дамуы да әркелкі қалыптасады. Кей жерлерде олар көптеп шоғырланса, енді бір жерлерде сирек орналасқан, көлем жағынан да әртүрлі, әртүрлі мамандандырылған, және т. б. Бүкіл Қазақстан 5 географиялық аймаққа бөлінеді: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс.

Жериеленудің жалпы саны ішінен шаруа (фермер) кожалықтарының үлесі Қазақстанның барлық аймақтарында басымырақ болып келеді және орта есеппен алғанда Солтүстік Қазақстанда - 88%, Батыс Қазақстанда - 88%, Орталықта - 92%, Оңтүстікте - 93%, Шығыс Қазақстанда - 95% құрайды. Ал ауылшаруашылығына арналған жер көлемі мен шаруа (фермер) қожалықтары көлемі үлестерінің бір-бірінен айырмашылығы көбірек. Бұл көрсеткіш:

- Солтүстік Қазақстан бойынша - 24%;

- Батыс Қазақстанда - 27%;

- Орталықта - 60%;

- Оңтүстік Қазақстанда - 14%;

- Шығыста 54%.

Сонымен қатар, шаруа (фермер) қожалығының орташа көлемі мен Қазақстан аймақтарындағы заңды тұлғалардың мемлекеттік емес ауыл шаруашылығының орташа көлемі арасында да айырмашылық көп. Бұл көрсеткіштердің шамасы:

  • Солтүстік Қазақстанда - 422 және 9680 га;
  • Батыста - 1130 және 20700 га;
  • Орталық Қазақстанда - 1710 және 13000 га;
  • Оңтүстікте - 78 және 6520;
  • Шығыста - 451 және 7371 га.

2. Шаруа (фермер) қожалығының қызметінің негізгі бағыттары.

Еліміздің ауыл шаруашылығында көп салалы экономиканы кұру аграрлык реформаның бастапқы негізгі мақсаты мен мазмұнын анықтады. 90-жылдардың аяғында «кайта құрудың» басында ауылда жаңа әлеуметтік-экономикалык құрылыс кұрудың алғашқы қадамдары жасалып, олар шаруа (фермер) қожалықтар нысанында көрініс тапты. Экономикалык реформаны ұйымдастырушылар қыска мерзімнің ішінде жоғары нәтижелі фермерлік кожалықты куруға болады деп санап, тек бұл кұрылысты құкыктык тараптанмойындап, шаруаларға колхоздар мен совхоздардан шығуға рұқсат беру кажет деп есептеді.

Мемлекеттік саясаттың колдауы бойынша колхоздар мен совхоздар қайта ұйымдастыру нәтижесінде әртүрлі нысандардағы кәсіпорындар пайда бола бастады. Барлык шаруашылыктардың жиынтығын бір топка енгізіп «ауыл шаруашылық кәсіпорындар» деп атады. Олар әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан ұксас жэне аграрлық экономиканың бірыңғай кұрылымын кұрайды. «Аграрлық реформа барысында «ұлттықтық шаруашылықтың» арнайы әлеуметтік-экономикалык құрылымы кең тарады. Бастапқыда ауыл тұрғындарыньң жеке қосымша шаруашылықтары және кала тұрғындарының бау-бақша телімдері болған. Бүгінгі халықтық шаруашылық бастапқы шаруашылык нысандардың құрамы, масштабы және әлеуметтік-экономикалык кұқыктық сипаттары бойынша ерекшелінеді».

Ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарыстың салдарынан өндіріс едәуір құлдырады. Дағдарысқа карсы бағытталған басқару «2030 стратегиялык бағдарламасы» аясында 1998 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары құлдырау тоқтап, енді экономикалық өрлеу басталып кетті. Өндірістің ішкі жалпы өнімі ұлғайды. Қазақстанда өндірілетін тауарлар өтімі төмен, бәсекеге түсуге қабілеті төмен болып тұр. . Өйткені отандык өндірістің техникалық және технологиялық жабдыкталуының артта қалушылығы, кешіктірілуі қордаланып келеді. Осы себептен Жолдауында Елбасы бәсекелесуге кабілетті экономиканы дамыту мақсатын жариялады. Осылай 2030 бағдарламасынан бастап демократияландыру және тиімді басқару, азаматтык коғамның іргелі институттарын жетілдіру мәселелері үнемі Елбасының Жолдаулары мен басқа да алқалы жиындарда көтеріліп келеді.

Үкіметтің жанындағы қоғамнын демократиялануы жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Тұрақты Кеңес екі жылдай жүмыс істеді, жүздеген заңдар кайта қаралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бірак зандардың тиімділігі әлде де төмен, жергілікті жердегі билік өкілдерінің халык алдындағы жауапкершілігін одан да арттыру қажет.

Республикамыздың экономикасында аграрлық секторды кұру экономикалық қатынастардың жаңалауына байланысты туындады. Сондай-ақ ауылшаруашылык кәсіпкерлігі саласындағы қатынастарды анықтайтын өндірістің экономикалық базисі түбегейлі өзгерді. Меншік - бұл мүлікгі иелену құқығын білдіретін экономикалык категория болып табылады. Өндіріс құралдарының кімнің меншігінде екеніне қарай айырбас және бөлу катынастары жүзеге асырылады.

Аграрлык сектордағы табиғи және тиімді шаруашылык нысаны - шаруа (фермер) кожалықтары болып табылады. Осы нысанда өндірісті үйымдастырудын арнайы биологиялык факторы ескеріліп, жер, су, өсімдіктер мен малдардың өсуі мен дамуына байланысты тиімді жағдайлар жасалуы тиіс.

Ауыл шаруашылығын тиімді жүргізудің экономикалық тетігі, сонымен бірге еңбекке адамдардың материалдык кызығушылығы және өндіріс өсімін қамтамасыз етудің мотивациялық тетігі ауыл-шаруашылық тауар өндірушілерінің өндірістің жаңа жағдайларына бейімделуі мен тиімділігі туралы талдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік кұқық саласының зерттеу пәні ғана емес, сонымен катар басқа да ғылымдар объектісі болғандықтан, әртұрлі түсініктер жиынтығынан тұратын ұғым болып келеді. Ол экономиканық, ұйымдастырушылык, кұкыктық санаттарға тән нақты касиеттергеие.

Ғылымға белгілі болғандай, «кәсіпкерлік» термині түсінігі алғаш рет XVIIIғасырда орын алған. Оған сол уакыттағы ғалымдардың еңбектері дәлел болып отыр.

Бұл ұғымды аныктаудың мәселелері келесі факторлармен байланысты.

Біріншіден, кәсіпкерлік аукымының өзі накты түрде белгілі емес, өйткені нарықтык шаруашылық экономиканың, кұкыктың, психологияның және этиканың қиылысуымен ғана жүзеге асырылады.

Екіншіден, кәсіпкерлік әртүрлі тарихи кезеңдер мен әртүрлі мемлекеттерде тұрлі сипатқа ие болады. Сондықтан кәсіпкерлік әрекет ететін ортасынын шаруашылық, саяси, элеуметтік және ұлттық ерекшеліктеріне тығыз байланысты кұбылыс ретінде, оның түсінігінің тәуелділігі мен оған қоғамның қатысуымен бағаланады. Шын мәнінде де, еңбекшілердің жауыз қанаушысы атағына ие болған, XIXғасыр кәсіпкер-капиталисі мен кызметінің басты кағидасы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру және серіктестерімен әділ қатынас орнату болып табылатын қазіргі батыстык жаңашыл-бизнесменнің арасындағы ортақ байланысты аныктау оңай емес.

Біздін елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісі 70-жылдардың басынан баяулап, 80-90 жылдары кұлдырай бастады. Оның себептері әртүрлі. Ауыл шаруашылығын техникалык жарақтандыру өте төмен деңгейде болды, инфракұрылым дамымады, жолдың, тасымалдың және сақтау объектілерін нашар жарақтандырылуы нәтижесінде өнімнің шамамен үштен бір бөлігі ысырап болды. Аграрлылык сектордың негізі колхоздар мен совхоздар әкімшілік-әміршілдік жүйенің қысымында қалды. Жылдан жылға еңбекке деген кызығушылык жоғала бастады, шаруалардың еңбегі ынталандырылмады, ал оның соңы немқұрайлықка, ішімдікке салынуға, ұрлыққа алып келді. Нарықтық экономикаға көшудің бастапқы кезеңінің аграрлық саясаты:

- басты бағыты жеделдетіп фермелендіру және колхоздар мен совхоздарды тарату;

- жекешелендіру, агроөнеркәсіптік кешенді реттеуден бас тарту;

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын босату;

- аграрлық салаға колдау көрсетуді тоқтату;

- сырттан әкелінетін азық-түлік өнімдеріне қолдау көрсету болды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі Қазақстан экономикасындағы маңызды саласы болып табылады. Ауылшаруашылық сектордың даму деңгейі Казақстандық қоғамның экономикалык, әлеуметтік, саяси тұрактылығын аныктайтын фактор болып саналады. Республика экономикасының дамуындағы басым бағыт болып табылып, ауыл шаруашылығы үлкен потенциал мен резервтерге ие.

Нарыктық экономикадан тұрақты дамуға көшу кезеңінде ауыл-шаруашылық өнімдері тиімді және тұрақты болуы маңызды. Ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің өнім шығару аркылы салық төлеу негізінде мемлекеттік бюджетке кіріс кіргізуін, әлеуметтік міндеттерді толықтай атқарушы ауылшаруашылық кәсіпкерлігінің тиімді қызметі деп түсінгеніміз жөн. Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі - жалпыға пайдалы кызмет.

3. Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі мен шарттары.

Заң әдебиеттерінде ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік жөнінде көкейтесті мәселелер калыптасып отыр. Еліміздің ауылшаруашылық саласындағы кәсіпкерлік кызметтің ерекшеліктері осы қатынастарды реттейтін аграрлық кұкықтың да маңыздылығын көрсете отырып, аталмыш саланың дамуына өзіндік ыкпалын тигізуде.

Ауыл шаруашылық кәсіпкерлігі аграрлык-құкықтық институт ретінде түбегейлі аныкталғандыктан, оның құкыкгық негізін аграрлық зандармен қатар, ауылшаруашылык қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер кұрайды. Біздін ойымызша бұл дау туғызбайтын постулат ретінде қаралуы тиіс.

Мемлекеттің ауьлшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру нәтижесінде еліміздің ауыл шаруашылығында көптеген мемлекеттік емес нысандағы шаруашылыктар, оның ішінде шаруа қожалыктары кұрыла бастады.

Аймақ экономикасына жалпы елдің ауыл шаруашылығын даму үрдістері едәуір ықпалын тигізеді. Нарықтық катынастарының дамуы жағдайында, жеткәлікті өндірістік күш-куаты мен заман талабына сай шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері бар ауылшаруашылық кәсіпорындары ғана қызмет етуі мен нығаюы мүмкіндігіне ие болатыны тәжірибеде белгілі.

Сол себепті, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігінің кұкықтық табиғатын анықтап, осы саладағы кәсіпкерлік кызметті реттейтін зандарды терең зерттеп, кажет болған жағдайда тиісті өзгерістермен толыктырулар енгізіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын іздестіру керек.

Сондай-ақ, «Казақстан - 2050» даму стратегиясын анықтай отырып, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында:«. . Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады . . . Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.

Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн. . » деп атап өтті.

Аграрлық сектордың дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар, шаруашылыктардың арасындағы өзара интеграциялык байланыстардын қалыптасуы мен дамуы елеулі рөл атқарады. Экономикалык механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен тетіктерінін жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор кайтарымы мен тауар козғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы, ұсақ түріне қарағанда басым түсетіні белгілі.

Кәсіпкерлік табиғи жолмен калыптасқан, ал оны мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістері элеуметтік-экономикалық ұзак реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген, экономикасы дамыған елдерге карағанда, республикадағы агрокәсіпкерліктің даму тарихы небәрі 20 жылдан астам уакытты кұрайды. Бірақ, әлі де басқан қадамы нық емес. Осы кездегі кәсіпкерлікті қолдаудың дамуынын мемлекеттік бағдарламалары кабылданып және іске асырылып жатыр. Қазакстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік жэне экономикалық дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы онын үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың жэне Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдеріндегідей аса елеулі болмағанымен, агрокәсіпкерлік біздің елімізде іскерлік өмірдің бұкаралык серпінді дамушы бөлігі болып отыр.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында жеке секторда косылған құны жоғарғы өндірістерді құруға ынталандыратын шағын бизнесті қолдаудың таяу перспективаға арналған, онын ішінде кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары косалқы кұны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдык институттар жүйесін қалыптастьфу жөніндегі негізгі бағыттарды анықтайды. Нарыктык реформалар жылдарында кэсіп-керлік секторлар коғамда елеулі орынға ие болды. Басты страте-гиялық максатқа: кәсіпкерлікпен айналасу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялык кұқыктарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына кол жеткізілді.

Аграрлык нарықтык реформалар барысында меншік нысаны, әлеуметтік құрлымы, басқару механизмі мен әдістері күрт өзгеріске ұшырады. Сонымен бірге, реформалау тактикасында жекешелендіру аясында, нарыктык құралдарды қолдануда, мемлекеттік бакылау кызметінде, аграрлық реформаны кұқықтық қамтамасыз ету кезінде асығыс, олкылық шешімдер қабылдап, кателіктерге жол берілді. Көбінесе, мұндай шешімдер саяси факторлар мен ғылыми тұжырымдардың жоқтығымен, әлеуметтік базаның дайындық деңгейінің төмендігімен, аграрлық саясатты жүзеге асыру барысында қолданылған шаралардың қателігімен ерекшеленді. Ауыл шаруашылығының дамуы әлеумеггік, күкыктық және экономикалық салалардан тежеленіп жатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығының негізгі мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығығының қызметін реттеу
Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалығының құқықтық жағдайы
Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері
Аграрлық кәсіпкерлікті құқықтық реттеу
Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің даму жағдайы
Шаруа (фермер) қожалығының құрылу тәртібі және ерекшеліктері
Шаруа қожалығының меншікке құқығы
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz