Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі еңбек қатынастары


Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі еңбек қатынастары
1. Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі еңбек қатынастарының түсінігі.
Шаруа (фермер) қожалығындағы жұмыстарды орындауға енбек шарты бойынша жқмыс істейтін азаматтар тартылуы мүмкін. Шаруа (фермер) кожалығында жатдау туралы шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленеді. Шаруа (фермер) кожалығының мүшелері мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының зандарында көзделген барлық кұқыктарды пайдаланады.
Шаруа (фермер) қожалығының басшысы Қазакстан Республикасының тиісті әлеуметтік сактандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік корғау органдарында өзінің тұрғылыкты жері бойынша сактандырушы ретінде тіркеледі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сактандыру қорына және басқа органдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз табысынан белгіленген тәртіппен каржы енгізеді. Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс істеген уакыт еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасынын Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 каңтарға дейін жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенін растайтын құжаттар негізінде жалпы және үздіксіз жұмыс стажына есептеледі. Шаруа (фермер) кожалыктарының мүшелеріне, сондай-ақ жалданып жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы зандарында белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша жүргізіледі. Шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебінен жабады. Шаруа (фермер) кожалығының өндірістік, коммерциялык және өзге де қатынастары шарт негізінде жүзеге асырылады. Шаруа (фермер) кожалығының кызметіне, Қазақстан Республикасының зандарында көзделгеннен басқа жағдайларда, мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.
Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегі өз ақшаларына иелік етуге құқылы.
2. Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі еңбек қатынастары субъектілерінің еңбек қабілеттігі
Шаруа (фермер) қожалығына салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Шаруа (фермер) кожалығы қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіп пен ережелер бойынша мүлкін, жер учаскесін және жер пайдалану кұқығын кепілге салып кредит алуға құқылы. Шаруа (фермер) кожалығы сактандыру туралы колданылып жүрген заңдарға сәйкес жалға алынған және жеке меншік өндіріс кұрал-жабдыктарын, сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдарының егісін (екпелерін), көпжылдық екпелерді, шығарған өнімдерін, шикізатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асырады. Қызметкерлерінің жылдык орташа саны 50-ден аспайтын және орта есеппен алғанда жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың мәрте есептік көрсеткіштен аспайтын шаруа (фермер) кожалығы:
- Қазақстан Республикасыныңтабиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдыктау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарда көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;
- мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай шот ашады; бухгалтерлік есептілікті жеке кәсіпкерлер ретінде оңайлатылған тәртіппен береді;
- шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстар орналастыру кезінде басым кұкыкты пайдаланады;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік каржылык колдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгіленген шекте жеңілдікті жағдайларда статистикалык және ақпараттық қызмет (каражат), сондай-ак ғылыми-техникалык талдамалар мен технологиялар;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген каражат есебінен кадрларды даяр-лау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Шаруа (фермер) қожалықтары жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгіленген тәртібін қолдануға кұқылы. Ауылшаруашылық өндірісіне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимін пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы зандарында көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін. Мемлекет отандық шаруа (фермер) нарығын дамыту мен корғауға жәрдемдеседі. Шаруа (фермер) кожалыктарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының зандарыменреттеледі.
3. Шаруа (фермер) қожалығы қызметіндегі жеке еңбек шарты
Шаруа (фермер) қожалық қызметінің тоқтатылу тәртібі мен ережелері ҚР «Шаруа (фермер) қожалық туралы» Заңының 20 бабында белгіленген. Шаруа (фермер) қожалық қызметі шаруашылықтың бірде бір мүшесі, мұрагері немесе шаруашылықты жалғастырушы басқа тұлға қалмаған жағдайда, сонымен қатар банкроттық жағдайда және жер пайдалану құқығы аяқталған кезде тоқтатылады.
Шаруа (фермер) қожалық мүлкі заң бойынша немесе аманат бойынша мұрагерлікке өтеді.
Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы менмүшелерінің құқықтары және міндеттері:
Шаруанемесе фермер қожалығыныңбасшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Шаруанемесе фермер қожалығыныңбасшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға;
4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өзеркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Шаруа немесе ферме рқожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Шаруа (фермер) қожалықтың мүлкін мұрагерлікке беру ортақ азаматтық-құқықтық негізде: заң бойынша немесе аманат бойынша орын алады. Заң бойынша мұралануда шаруашылық басшысының мүлкі заңда тізілген тұлғалар арасында КазССР АК-нің 527 бабында бекітілген кезекке сәйкес теңдей мөлшерде бөлінеді:
- бірінші кезекте - қаза болғанның балалары (оның ішінде асыранды балалары да), жұбайы және ата-анасы (асыраушылары), сонымен қатар оның қазасынан кейін туылған балалары;
- екінші кезекте - қаза болғанның әкесі мен шешесі жағынан ата-әжесі, сонымен қатар еңбекке жарамсыз бауырлары мен апайлары;
- үшінші кезекте - қаза болғанның бауырлары мен апайлары.
Жұбайы ретінде қаза болған шаруашылық басшысымен тіркелген некеде тұрған тұлға ғана таласа алады.
КазССР АК-нің 529 бабына сәйкес әрбір азамат өзіне тиесілі мүлікті және жер пайдалану құқығын бір немесе бірнеше тұлғаға аманатқа қалдыра алады. Бұл тұлғалар заң бойынша мұрагерлер құрамына кіруі де, кірмеуі де мүмкін. Аманат жазбаша түрде, жазылу уақыты мен орны көрсетілген, қол қойылған және нотариалды расталған болуы керек. Аманат бойынша мұрагерлікке Шаруа (фермер) қожалық мүшесі болмайтын әрбір тұлға ие бола алады.
Мұрагерлікті алу үшін, яғни Шаруа (фермер) қожалықтың мүлкін, жер учаскесін иемдену үшін шаруашылық басшысы қаза болғаннан кейінгі алты ай ішінде мұрагерлікті қабылдау туралы өтінішпен және ол өтінішке қажетті құжаттар мен шаруа қожалық жерін пайдалану құқығы актісін қосып, мұрагерлікті ашу орны бойынша нотариалды кеңсеге баруы керек. Алты ай өткеннен кейін мұрагерлерге мұрагерлікке құқық куәлігі беріледі. КазССР АК-нің 546 бабына сәйкес мұрагерлік ашылған алты ай ішінде мұрагер мұрадан бас тартуға құқылы. Мұрадан бас тарту мұрагерлік ашылған орын бойынша мемлекеттік нотариалды контораға өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Шаруа (фермер) қожалықты жүргізетін мұрагерлер болмаған жағдайда жер учаскесі мұрагерлікпен жеке шаруашылық жүргізу үшін, тұрғын үйге қызмет көрсету үшін, бақша немесе малөсірушілік үшін айқындалған мөлшерде беріледі. Шаруа қожалық қызметін жалғастырушы бірде-бір крестьяндық шаруашылық мүшесі болмаған жағдайда ол өз қызметін тоқтатады, ал шаруа қожалықтың жер учаскесі мемлекетке қайтарылады.
Шаруа (фермер) қожалық қызметі банкроттық жағдайда тоқтатылады.
Шаруа (фермер) қожалық өз ұйымдастыру-құқықтық түрі бойынша жеке кәсіпкерлік болғандықтан оған сәйкес банкроттық ережелер де күшінде болады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында қарызгерді банкрот деп жариялауда жеке кәсіпкердің несие берушінің қаржылық міндеттемелер бойынша, оның ішінде еңбекақы төлеу, бюджетке міндетті төлемдерді беру және оған тиесілі мүлік есебінен бюджеттен тыс қорларды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыра алмауы негіз болады деп көрсетілген. Банкроттықты сот шешімі бойынша белгіленеді немесе сотсыз тәртіпте несие берушілермен келісілген түрде қарызданушы тарапынан жарияланады. Қарызданушы үш ай ішінде міндеттерін орындамаған жағдайда төлем қабілетсіз болып саналады.
Сот кәсіпкерді банкрот деп шешім шығаруы мүмкін немесе өндірістегі істі тоқтатып, сыртқы басқару мен санацияны қамтитын реабилитациялық процедуралар өткізу туралы анықтама шығаруы мүмкін.
Бұл шараларды өткізу барысында кәсіпкер төлем қабілетінің орнына келуі мүмкін болса және оның шаруашылық қызметінің қалыпты жалғасуына жағдай жасалынған кезде ғана сот тарапынан белгіленеді. Егер сот шешімімен кәсіпкер банкрот деп танылса, баспасөз бетінде сот шешімі және несиеберушілердің сотқа шағымдану мерзімі туралы жарияланады, ол хабар шыққан уақыттан бастап екі ай мерзімнен аспауы керек.
Несиеберушілердің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 21 бабында көрсетілген тізбекте жүзеге асырылады:
- алименттер, сонымен қатар өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды төлету бойынша талаптар;
- еңбек келісімімен жұмыс істейтін тұлғалар еңбегін төлеу және авторлық келісімдер бойынша марапаттау;
- жеке кәсіпкерге тиесілі мүлікті кепілдеумен қамтамасыз етілген несие берушілер талаптары;
- бюджетке міндетті төлемдер және бюджеттік емес қорларға төлемдер бойынша қарыздар;
- -айырысу.
Шаруа (фермер) қожалық жер пайдалану құқығы аяқталған кезде тоқтатылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz