Шаруа (фермер) қожалығының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайындағы дамуы: Халықаралық құқықтық аспект



1. Қазақстан Республикасының ДСҰ.не ену жағдайындағы келісім шарттар
2. Шаруа (фермер) қожалығының ДСҰ.на ену жағдайының құқықтық негіздері
3. Шаруа фермер қожалығы туралы заңдардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі
ҚОРЫТЫНДЫ
Дүниежүзілік сауда үйымы (ДСҰ) - халыкаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне карай реттейтін халықаралык экономикалык ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жмыс істей бастады. Алғашкы кезеңде ДС¥-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоксандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында кабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95%-ын кұрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуык ел осы ұйымга кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған 76аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
- саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортка шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
- сауда кедергілерін азайту немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар, басқаша айтканда, импортқа койылатын көлемдік шектеулер жатады;
- тұрақтылық пен сауда шартынын алдын ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
- халықаралык саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқыкты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттык субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену максатында демпингтік
1) Асқар Тұрапбайұлы «Біз ДСҰ-ға кіруге әзірміз бе?» ∕∕ Егемен Қазақстан 7 қаңтар 2004жыл
2) www.google.kz Қазақстан – ДСҰ: жаңа заңдар мен жаңаша көзқарас қажет
3) www.google.kz Әлемдік сауда ұйымы және Қазақстан
4) Әлмереков Н.А. «Қазақстанның экономикасын дамыту және Республиканың ДСҰ-ға кірудегі проблемасы» ∕∕ ҚазЭУ хабаршысы №4 2006жыл. 216-221бет
5) Шумилов В.М. Всемирная торговая организация: право и система, 2005 г.
6) 17. www.wto.ru - Сайт Всемирной Торговой Организации (рус.).
7) Вступление Казахстана в ВТО: проблемы, последствия и перспективы КенжегалиСагадиев
8) 27. Правовое регулирование инвестиционной деятельности в Республике Казахстан Аскар Баталов
9) 28. http://www.zakon.kz/
10) 29. http://ru.wikipedia.org
11) 30. http://wto.kz/
12) www.wto.ru – Дүниежүзілік Сауда Ұымының сайты.(орысша)
13) www.wto.org - Дүниежүзілік Сауда Ұйымының сайты. (ағылшынша)
14) www.zhgu.edu.kz - Ілияс Жансүгіров атындағы ұлттық университетінің сайты

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Шаруа (фермер) қожалығының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) ену жағдайындағы дамуы: Халықаралық құқықтық аспект

1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-не ену жағдайындағы келісім шарттар.

Дүниежүзілік сауда үйымы (ДСҰ) - халыкаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне карай реттейтін халықаралык экономикалык ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жмыс істей бастады. Алғашкы кезеңде ДСYen-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоксандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында кабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95%-ын кұрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуык ел осы ұйымга кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған 76аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
- саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортка шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
- сауда кедергілерін азайту немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар, басқаша айтканда, импортқа койылатын көлемдік шектеулер жатады;
- тұрақтылық пен сауда шартынын алдын ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
- халықаралык саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқыкты бәсекелестігі үшін әділетсіз тәсілдерді жою, оған экспорттык субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену максатында демпингтік бағаларды пайдалану;
- жоғары дамымаған мемлекетгер үшін халыкаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда, ол әлемдік шаруашылыкка осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашкы кезенде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру әділетті болар деп есептеледі. ДСҰ-ға кіруге мүдделі Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру - елдің сыртқы экономикалык саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал кызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.
Келіссөздер Женевада орналаскан ДСҰ Хатшылығында көп жакты және екіжакты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі танда қазақстандык делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
- тауарлар нарығына шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соңҚазакстан пайдалануға құқык алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүшеелдермен анықтау және келісуді көздейді;
- кызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердін шығу шарттары болып табылады;
- ауыл шаруашылығына катысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттык субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
- ДСҰ катысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада колдануға тиіс шараларды аныктау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру процесі 1996 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ Хатшылығына ДСҰ-ға кіру туралы ресми өтінішін беруінен басталды.
1996 жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-дағы бақылаушы ел мәртебесі берілді.
Мұнымен бір уақытта Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қазіргі кезде ДСҰ-ның 40 мүше елдері кіреді.
Жұмыс тобының төрағасы болып БҰҰ-дағы және Женевадағы басқа халықаралық ұйымдардағы Финляндия елшісі Веса Химанен болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі негізгі төрт бағыттар бойынша көп жақты және екі жақты деңгейлерде келіссөздер жүргізеді:
1. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер.
2. Ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі келіссөздер.
3. Тауарлар нарығына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер.
4. Қызмет көрсетулер нарығына қол жетімділік жөніндегі келіссөздер.
I. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер
Жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде ДСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерінің қатысуымен, Қазақстан сыртқы сауда режимінің және сыртқы сауда заңнамасын олардың ДСҰ-ның көп жақты саудалық келісімдерге сәйкестігі мәнін қарастыру, сондай-ақ ұлттық заңнаманы ДСҰ-ның нормалары мен ережелеріне үндестіру үшін қажет шараларды белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Көп жақты келіссөздер барысында елдің экономикалық және сауда саясатының саласындағы баға жасау нормалары және реттеу практикасы, мемлекеттік меншік және жекешелендіру, салық салу жүйесі және импортталатын тауарларға салықты қолдану, жекелеген экономикалық секторларға, атап айтқанда ауылшаруашылығына жәрдем ақшалар, шетелдік инвестициялар режимі, валюта айырбастау және төлемдер жүйесі, импорттық кедендік тариф, кез келген қолда бар тарифтік артықшылықтарды қоса алғанда, кедендік жинаулар, қорғаныс шаралары және ұлттық өндірушілерді қорғаудың басқа да шаралары (демпингке қарсы және өтем шаралары), импорттық лизензиялау, экспортты реттеу, импорттық тауарларды стандарттау және сертификаттау жүйелері, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, зияткерілік меншік құқығын қорғау жүйесі және т.с. мәселелер жүргізіледі.
Бұдан басқа, тауарлар және қызметтер саудасына ықпал жасайтын әзірлеу тетігі және саясатын жүзеге асыру жөніндегі мәселелер келісіледі.
Қазіргі уақытта Жұмыс тобының баяндамасы - Қазақстанның сыртқы саудасының Жұмыс тобын қарастырудың және Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігінің нақты шарттары бар қорытынды құжаты көп жақты келіссөздер үшін негіз болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді.
II. Ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегікеліссөздер ауылшаруашылығына экспорттық жәрдем ақшалар мөлшері мен ішкі қолдау шаралары жөніндегі арнайы көп жақты келіссөздер шеңберінде жүргізіледі.
III. Тауарлар нарығына қол жетімділік жөніндегі келіссөздерДСҰ-ға мүше елдермен импорттық кедендік баж салықтарын байланыстырудың ең көп деңгейін анықтауды және келісуді қосады, ол бойынша Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін оларды пайдалану құқығына иеболады.
IV. Қызмет көрсетулер нарығына қол жетімділік жөніндегі келіссөздерҚазақстан рыногына шетелдік жеткізушілердің қол жетімділік шарттарын келісу мақсатында жүргізіледі.
Бүгінгі күні Қазақстан Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жұмыс тобының 10 отырысын өткізді:
:: 19-20 наурыз 1997 жыл
:: 9 қазан 1997 жыл
:: 9 қазан 1998 жыл
:: 12-13 шілде 2001 жыл
:: 13 желтоқсан 2002 жыл
:: 4 наурыз 2004 жыл
:: 3 қараша 2004 жыл
:: 7 маусым2005 жыл
:: 1 қараша 2006 жыл
:: 17 шілде 2008 жыл
Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-ға бірыңғай кедендік одақ болып кіреді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Бірыңғай кедендік одақ құрамында кіретін болады. ДСҰ-ға бірыңғай кедендік аумақ ретінде қосылу туралы шешім Ресей, Беларусь және Қазақстанның Үкімет басшылары келіссөздерінің қорытындылары бойынша қабылданды. Бұл үш елдің өздеріне ДСҰ-ға кірудің бірыңғай шарттарды қорғайтындықты білдіреді.

2. Шаруа (фермер) қожалығының ДСҰ-на ену жағдайының құқықтық негіздері.

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялык даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға кол қойылды. ҚР мен ДСҰарасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды.
Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте, бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, калыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге кол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйьмына кіру үдерісі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысындаҚазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер үдерісінде уағдаластыққа жету қиыншылыктары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялык мүддені козғамайтын, тіпті, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсірекатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Казакстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктержасауда.
Әлемдік каржы институттары мен Әлемдік және Еуропалық банк сонымен қатар рейтингтік агенттіктер Қазақстанның экономикасының дамуына өте жоғары баға берген. Шетелден инвестиция келу жағынан Қазақстан бұрынғы пост кеңестік мемлекеттері ішінде бірінші орынға ие. Осылай деп Қазақстанның Қасымжомарт Тоқаев Азиялық ынтмақтастык диалогы деп аталатын Қытайда өткен жиында мәлімдеген. Жоғарыда аталған басты көрсеткіштерді негізге ала отырып, Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2005 жылдың аяғында не 2006 жылдың ортасында кіруге ниеті бар екендігін айтқан.
Ондағы басты мақсат елдің экономикасын барынша бәсекеге қабілетті ету, - деген Қазакстанның Сыртқы істер министрі болған Қасымжомарт Тоқаев Қытайда өткен Азиялык ынтымақтастык диалогы деп аталтын Кеңесте. Алайда, қазакстандық мамандардың айтуынша, егер Қазақстан Дүиежүзілік сауда ұйымына таяу жылдары кіретін болса, онда керісінше, елдің экономикасы бәсеңдеп, отандық тауар өндірушілер күйреуі мүмкін. Мысалы кезінде Мәжіліс депутаты Шәріп Омаровтын айтуынша, Отандық кәсіпкерлер бәсекеге төтеп беру үшін оларға белгілі бір мерзімге дейін жеңілдік беруі керек дейді. Егер олай болмаса, біздің барлық ауыл шаруашылығымыз құрып, немістердің майын жеп, Италияның сүтін ішіп отырамыз, - дейді Шәріп Омаров. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Асқар Бисенбаевтың пікірінше: Бүгінгі біздің ауыл шарушылығы өнімін шығаратын азаматтарымыздың бәсекеге жауап бермейтіні барлығымызға айқын. Сол үшін ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау жөнінде бағдарлама іске асырылуы қажет. Егер қазір ондай дайындық болмастан тіке кіретін болсақ, онда ауыл шаруашлығындағы азаматтарымыз қиналып қалады. Ертен олардың өндіріс орындары казіргі талапка сәйкес болмайды. Олар жабылып қалуы мүмкін. Одан кейін шығарылган өнімімізді сатуға мүмкіндік болмайды,
Ал Ауыл партиясының төрағасы Ғани Қалиев Казақстанның әзірге Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің қажеті жоқ, біз ашык бәсекеге төтеп бере алмаймыз дейді.
Қазақстандық сарапшылар, мәселен, Қытай мемлекетінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін 15 жыл дайындалғанын, ал Кырғыз мемлекетінің ешбір дайындықсыз кіріп, казір соның зардабын тартып отырғандығын айтады.
Сарапшылардың бірі ғалым, экономист Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Байназаровтың ойынша, Дуниежүзілік сауда ұйымына кіру қазіргі заман талабы. Астанада өткен Еуразиялық экономикалык қауымдастыкқа мүше мемлекет басшыларының бас қосуында Беларусия президенті Александр Лукашенко дуниежүзілік сауда ұйымына кіруге талпынған мемлекеттер келіссөздерді әркелкі жүргізбей, бір бағытта жүргізіп, бір уакытта кіруін қалар едім деген ойын айтқан болатын.
2005 жылғы қазанның 14-інде Индустрия және сауда вице-министрі, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздегі Қазакстанның арнайы өкілі Жанар Айтжанова мен Корей Республикасының Қазакстандағы елшісі Ким Иль екіжақты келіссөздін аякталғандығы туралы хаттамаға кол қойды. Қазақстан нарығына шетелдік тауарлардың кіргізілуі туралы келіссөз барысында макарон өнімдері, кондитер бұйымдары, шырындар, қағаздан жасалған бұйымдар, теледидар және көлік құралдары сияқты тауарларға импорттық баж салықтарын салу деңгейі де талқыланды. Корей Республикасы Қазакстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болып табылады. 2004 жылдын наурыз айынан бері корей тарабының сұрауына сәйкес, Қазақстан нарығына импорттык тауарлар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аграрлық құқық
Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Қазақстан мен ДСҰ
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Республиканың басылым беттеріндегі Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына «жақтаушы» және «қарсы» көзқарастар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері баға арқылы мемлекет тарапынан реттеудің жолдары
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Нарт шаруа қожалығының жерін бағалау
Пәндер