Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік



1. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түсінігі және белгілері
2. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік
3. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
4. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін азаматтық жауапкершілік
5. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Енді осы кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығында жүзеге асырылатын түрі - шаруа (фермер) кожалығының құрылуына тоқталайық. Жеке кәсіпкерліктің нысаны ретінде шаруа (фермер) қожалығы ерікті түрде құрылады және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап кұрылды деп есептеледі.
Экономиканың ауылшаруашылық секторын дамыту Қазакстан экономикасының басым бағыттарының бірі болғандыктан ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті шаруа (фермер) қожалығы негізінде жүзеге асыру мәселесі өте өзекті болып отыр.
Еліміз тэуелсіздік алған жылдары шаруа (фермер) кожалығыныңқұқықтық жағдайын анықтап, қызметін реттейтін бірқатар заңдар қабылданды. Солардың негізгісі 1990 жылдьщ 21 мамырында қабылданған Қазақ КСР-нің «Шаруа қожалығы туралы» заңы болды. Бұл заң бойынша шаруа қожалығы ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізуші тұлғалардын отбасылық-еңбек бірлестігі болып табылады. 1997 жылдың 19-маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік түрлері өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік болып екіге бөлініп, шаруа (фермер) қожалығы бірлескен кәсіпкерліктің нысаны ретінде танылған. Ал 1998 жылдың 31-наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңында шаруа (фермер) қожалығының:
- кәсіпкерлік кызметі бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
- өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер кожалығы;
- бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер кожалығы нысандары көрсетілген.
Бұл жерден байқайтынымыз, шаруа (фермер) қожалығына тек кана кәсіпкерлік қызметі бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлікті ғана емес, сонымен қатар өзіндік кәсіпкерлік сипатындағы фермерлік қожалык пен бірнеше жеке кәсіпкерлердің бірлескен қызмет туралы
Нормативтік құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20 маусым 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. 09 қаңтар 2007 ж.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. /жалпы бөліп/ 27 желтоқсан 1994 ж.
5. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 30 қаңтар 2001 ж.
7. Қазақстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңы. 31 наурыз 1998 ж.
8. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңы. 06 ақпан 2006 ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік

1. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түсінігі және белгілері

Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Енді осы кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығында жүзеге асырылатын түрі - шаруа (фермер) кожалығының құрылуына тоқталайық. Жеке кәсіпкерліктің нысаны ретінде шаруа (фермер) қожалығы ерікті түрде құрылады және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап кұрылды деп есептеледі.
Экономиканың ауылшаруашылық секторын дамыту Қазакстан экономикасының басым бағыттарының бірі болғандыктан ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті шаруа (фермер) қожалығы негізінде жүзеге асыру мәселесі өте өзекті болып отыр.
Еліміз тэуелсіздік алған жылдары шаруа (фермер) кожалығыныңқұқықтық жағдайын анықтап, қызметін реттейтін бірқатар заңдар қабылданды. Солардың негізгісі 1990 жылдьщ 21 мамырында қабылданған Қазақ КСР-нің Шаруа қожалығы туралы заңы болды. Бұл заң бойынша шаруа қожалығы ауыл шаруашылығын бірлесіп жүргізуші тұлғалардын отбасылық-еңбек бірлестігі болып табылады. 1997 жылдың 19-маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік түрлері өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік болып екіге бөлініп, шаруа (фермер) қожалығы бірлескен кәсіпкерліктің нысаны ретінде танылған. Ал 1998 жылдың 31-наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңында шаруа (фермер) қожалығының:
- кәсіпкерлік кызметі бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
- өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер кожалығы;
- бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер кожалығы нысандары көрсетілген.
Бұл жерден байқайтынымыз, шаруа (фермер) қожалығына тек кана кәсіпкерлік қызметі бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлікті ғана емес, сонымен қатар өзіндік кәсіпкерлік сипатындағы фермерлік қожалык пен бірнеше жеке кәсіпкерлердің бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы ұйымдасқан жай серіктестік нысанындағы фермер кожалығы да жаткызылған, яғни отбасылық-еңбек бірлестігі сипатындағы шаруа қожалығының бір түрі, фермерлік кожалықтың екі түрі көрсетілген. Алайда, Қазақстан Республикасынын Шаруа (фермер) қожалығы туралы Заңының 1-бабында адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерде ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) кожалығы деп танылады, - делінген. Берілген анықтамада шаруа кожалығының ғана ұғымы ашылып, фермерлік кожалықтың белгілері карастырылмаған. Себебі шаруашылык жүргізудің отбасылық-еңбек бірлестігі сипаты фермерлік қожалыққа емес, тек шаруа қожалығына тән белгі. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік туралы заңында шаруа (фермер) қожалығы азаматтар тобының бірлескен кәсіпкерлігі нысанына жатқызылған, ал Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңның 1-бабының 3-тармағында көрсетілген бір ғана азаматпен жүзеге асырылатын фермерлік қожалық азаматтар тобының бірлескен кәсіпкерлігіне жатпайды. Ол өзіндік кәсіпкерлік нысанындағы фермерлік қожалық болып табылады.
Егер азаматтар кәсіпкерлікті ауыл шаруашылығында ауыл-шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану арқылы отбасылық-еңбек негізінде жүзеге асырса, ол шаруа қожалығы деп аталады. Себебі шаруа қожалығы ауыл шаруашылығында өнім өндіруші отбасылық кәсіпкерлік болып табылады және оны фермерлік қожалықтардан ерекшелендіріп тұрған да осы отбасылық белгісі.
Бұл орайда біз Г.А. Волковтың, тек отбасылық-еңбек белгісі ғана шаруа қожалығын ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер мен ауыл шаруашылығындағы басқа да кәсіпкерлік қызмет нысандарынан ерекшелендіреді, - деген пікірімен қосыламыз.
Төменде осы Шаруа (фермер) қожалығына тікелей байланысты кейбір баптар келтірілген.

2. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік.

Тәртіптік жауапкершілік - еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптікжаза қолдануданкөріністабады.Тәртіптікжа уапкершілікке еңбектәртібінбұзғанжағдайда (себепсізжұмысқакелмеу, еңбектікміндеттердіорындамаунемесет иісіншеорындамау) еңбекшартыменжұмысістепжүргенеңбекк ертартылады. Мемлекетқызметкерлерүшінлауазымдықө кілеттілікшегіненшығу мен мемлекеттікқызметтеболуғабайланысты шектеулердісақтамау да тәртіптікжауапкершіліккеәкелуімүмкі н. Тәртіптікжазаның ескерту, сөгіс, қатаңсөгіс, қызметіненбосатусияқтытүрлері бар. Мемлекетқызметшігебұларғақосатәртіп тікжазаретіндеқызметінесәйкессіздіг ітуралыескертуберілуімүмкін. Тәртіптікжаза қолданылмасбұрынеңбеккерденжазбашат үсініктемеалынадыжәнетәртіпбұзушылы қтыңдеңгейі, оны жасаукезіндегімән-жайларжәнееңбекке рдіңбіліктілігі мен мінез-құлқыескерілугетиісті. Біртәртіпбұзушылыққабір тәртіптікжаза қолданылады. Тәртіптікжаза қолданутуралыбұйрықнемесеқаулыеңбек кергежарияланады. Мұндайбұйрықнемесеқаулынышағымдаутә ртібіеңбекзаңнамасындабелгіленген. Кейбірқызметкерлерсанатынақызметере кшелігінеорайтәртіпжарғысынасәйкеса рнайытәртіптікжазаларқолданылуымүмк ін.
Еңбек кодексінің 72-бабтың 2-тармағы - сөгіс, ал 3-тармағы - қатаң сөгіс болып сипатталады. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
73-баптың 6-тармағына сәйкес Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

3. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексi

Әкімшілік жауапкершілік -- азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚазақстанРеспубликасында 1984 жылы 24 наурыздақабылданған (1995 жылы 1 сәуірдебірнешеретөзгерістер мен толықтыруларенгізген) "Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыкодек сі" қолданылады. Осықұжат бойыншаәкімшілікжауапкершілікке құқық бұзғансәтте 16 жасқатолғаназаматтарғанатартылады. Әскериқызметшілер мен әскерижиындарғашақырылатындар, ішкіістероргандарыныңқызметкерлеріә кімшілікқұқықтыбұзғанреттетәртіптік жарғыларбойыншажазаланады. ҚазақстанРеспубликасыПарламентініңд епутаттарын - сәйкестіПарламентпалатасының,жергіл ікті мәслихат депутаттарын -- сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал ҚазақстанРеспубликасыныңсудьяларынҚ азақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуғ аболмайды. Сондай-ақреспубликадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары:
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық:
1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.
3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс,мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу
Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiнсiз және осы органдардың нұсқауы бойынша ескерткiштердiң паспорттандырылуы мен сақталуын анықтау жөнiндегi алдын ала шараларды жүзеге асырмай, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс, мелиорация, жол жұмыстарын және басқа да жұмыс түрлерiн жүргiзу; ескерткiштердi қорғау өңiрлерiнде жер, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк ескерткiштердi қорғау органдарының рұқсатынсыз бұл өңiрлерде шаруашылық қызметпен айналысу, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиiстi органдардың ескерткiштердi қорғау жөнiндегi ережелердiң бұзылуын жою туралы нұсқамаларын орындамау, - жеке тұлғаларға - жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар менконкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiнқасақана бұзу
Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiрiп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзу тәртiбiн қасақана бұзу - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептiк көрсеткiштен бiр жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтiрiлген залал, не айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.
251-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдаланунемесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiр жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану
1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
554-бап.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 175 (екiншi бөлiгiнде, шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бiрiншi бөлiгiнде), 240, 240-1, 241 - 246 (бiрiншi бөлiгiнде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екiншi бөлiгiнде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 306-1 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 306-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

4. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды бұзғаны үшін азаматтық жауапкершілік.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі

Азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік; өзге түлғаның субъективтік азаматтық құқықтарыныңбұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтынсалдарлар.
Азаматтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне байланысты. Азаматтық жауапкершілік - мүліктік жауапкершілік. Ол келісімшарттық және келісімшарттық емес; үлестік; бірлескен; субсидиарлық, аралас, сондай-ақ регрестіктәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді. Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде Азаматтық жауапкершілік пайда болады. Азаматтық жауапкершілік, әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеу принципіне негізделген.
Қазақстан Республикасының заңдары да шаруа қожалығын отбасылық-еңбек бірлестігі деп тани келе, ондағы өндірістің шаруа қожалығы мүшелерінің жеке енбектеріне негізделгенін бекітеді. Бірақ, кей жағдайларда жалдамалы еңбек күшін пайдалану мүмкіндігіне де жол берілген.
Отбасы шаруа қожалығының өзегі болып табылады. Қазакстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңының 1-бабының 2-тармағында шаруа қожалығының мүшелері ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да туыстар болып табылатындығы көрсетілген. Бұл заң бойынша шаруа қожалығының құрамына шаруашылыкта еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар мен еңбек шарты жасасқан туыстары кірмейді.
Шаруа қожалығының мүлкі егер мүшелерінің арасында өзгеше белгіленбесе ортақ бірлескен меншік қудығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
Ал, фермерлік кожалыққа келетін болсақ оның шаруа қожалығынан айырмашылығы - ол бір ғана азаматтың өзіндік меншігіне негізделген кәсіпкерлігі және сол сияқты бірнеше азаматтардың кәсіпкерлікті бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік құру арқылы жүзеге асыруында.
Жоғарыда айтылып кеткен туыстық қатынасы жоқ тұлғалар ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасыңда жай серіктестік нысанында ұйымдастырылатын фермерлік қожалық арқылы жүзеге асыра алады.
Алғашқыда Жеке кісіпкерлікті корғау мен колдау туралы занның 4-бабы жай серіктестікті тек азаматгар тобының кәсіпкерлік қызметі ретінде аныктады. Жай серіктестік нысанындағы фермерлік қожалыктың негізі бірлескен шаруашылық кызмет туралы шарт болып табылады. Қазақстан Республикасының Меншік туралы заңына сәйкес жай серіктестік нысанындағы фермерілік қожалық кызметінің негізі болып, оның мүшелерінін ортақүлестік меншігі танылады. Кәсіпкерліктің бұл түрін толық көлемде құқықтық реттеу 1994-жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік) деп аталатын 12-тарауында қарастырылған. Осы кодекстің 228-бабына сәйкес жай серіктестік шарт атауымен де аталуы мүмкін.
Жалпы серіктестестік деген түсінік кәсіпкерлік қызмет түрін ғана емес, сонымен катар шаруашылық қызмет пен өзге де қызмет түрлерін қамтиды.
Бірлескен шаруашылык қызмет туралы шарт негізіндегі фермерлік қожалықтың серіктестері (әрі қарай мүшелері) бірлескен мақсатты көздейді және жалпы ереже бойынша бір-бірінің қатынасына байланысты несие беруші мен борышқор болып табылмайды. Жай серіктестік нысанындағы фермерлік қожалық қатысушылары өз мақсаттарына жету үшін жарналарын ақшалай немесе баска мүлікпен, не еңбек үлесі аркылы қосады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығығының қызметін реттеу
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі
Меншік құқығы жайлы
Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалығының негізгі мәселелері мен келешегі
Пәндер