Е- learning электронды оқу жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
1 Е- learning электронды оқу жүйесіне жалпы сипаттама
1. 1 Е- learning анықтамасы . . . 5-13
1. 2 Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі - заман талабы . . . 13-19
1. 3 E- Learning электронды оқыту жүйесін оқу үрдісіне енгізудің мәселелері мен оларды шешу жолдары . . . 19-23
2 Е- learning электронды оқу жүйесін орта мектепте енгізудің негізгі мәлелелері, даму қарқыны
2. 1 Электрондық оқытуды енгізу . . . 24-28
2. 2 Электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайы және проблемалары . . . 28-33
2. 3 E-Learning электронды оқыту бағдарламасы . . . 33-38
3 Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар 3. 1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі . . . 39-48 3. 2 Object Pascal тілі электрондық оқулықта қолданылуы, Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру . . . 48-55 3. 3 Visual Basic тілінде жасалған электрондық оқулықты математика сабағында қолдану . . . 55-67Қорытынды . . . 68-70
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 71-72
Кіріспе
e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Соңғы он жыл Интернеттің және адамдар арасындағы қатынасудың жаңа әдісінің қарқынды дамумен белгілі болды. Бұл құбылыстың басқы жағында World Wide Web (WWW) тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған сайттар ашылады және адамдарға әртүрлі жаңа қызмет көрсетулер түрлері ұсынылады. Нарықтың қарқынды дамуымен жаңа технологияларға және оны жасаушыларға үлкен сұраныс пайда болды.
Интернеттің дамуы оқу-білім саласына қатты әсерін тигізді. Соның ішінде қашықтан оқыту әдістемесі жаңа даму алды, себебі желі арқылы тек ақпаратты ғана беріп қоюмен қатар бірін бірі көре алмайтын сұхбаттасушылар арасында тірі қарым-қатынасты ұйымдастыруға болады, және де адамның оқуын қамтамасыз етуге болады.
Сайтта қолданушылар үйренетін және көшіріп алуға болатын әртүрлі мәтіндік, графикалық, аудио және видео оқу материалдары болады. Сонымен қатар оқушылар алған білімдерін тексеруге арналған әртүрлі интерактивті тесттер болады. Қашықтан оқыту бағдарламасының барлық қажетті материалдары оқушыға тез әрі толық жетеді. Қашықтан оқу жұмысының негізіне клиент-сервер технологиясы жатады. Клиент-сервер технологиясы - арнайы бағдарламалық қамтама орнатылған екі компьютер арасындағы қарым - қатынас технологиясы. Қарым қатынасқа қатысушның біреуі (клиент-бағдарлама) басқасынан (серверден) қандайда бір қызмет сұрайды деп жорамалданады. Желіде ақпаратты беру және өңдеу үрдісінде екі компьютер қатысады- сұраушы (клиент) және сұраныс бойынша мәліметтерді беруші (сервер), бұл жағдайда екі бағдарлама жұмыс істейді- клиент - бағдарламасы және сервер- бағдарламасы.
Қашықтан оқытуды жасауда әртүрлі бағдарламалар қолданылады. Бұл жобада РНР тілі, HTML гипермәтіндік тілі қолданылған. РНР - бұл жасаушыларға тез әрі тиімді түрде Web-қосымшаларын құруға мүмкіндік беретін, сервер жақта жұмыс істейтін Web-тің енгізілген сценарилер тілі. Бағалы мүмкіндіктерінің ішіне - тұрақты мәндерді қолдау, массивтермен жұмыс істеудің қуатты құралдары, объектке-бағытталған әдістемелер және мәліметтер базасымен жұмысты кең қолдау кіреді. РНР сонымен қатар JavaScript, WML (Wireless Markup Language) және басқа да пайдалы тілдермен қатар қолданылатын, динамикалық құрылымдарды жасау және басқару үшін қолданылатын бағалы құрал болып табылады. Жүздеген стандартты функцияларының арқасында РНР, жасаушының ойына келуі мүмкін кез-келген тапсырманы шеше алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері- мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру
- байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту
- оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету
Зерттеу нысаны: Электронды оқыту жүйесі курсын оқыту процесi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.
1 Е- learning электронды оқу жүйесіне жалпы сипаттама
1. 1 Е- learning анықтамасы
E-learning ұғымы E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning қысқартылған) - электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі. ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасы бойынша: “E-learning - Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту”.
E-learning негізгі элементтерінің бірі ретінде LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) қарастырылады. Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі: - кез-келген уақытта ашық - бүгінгі немесе болашақтағы ұстаздар білім беру қорларын, курстарды, он-лайндық қоғамдарды немесе қайта даярлау бағдарламаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта бағалай алады; - кез-келген жерде ашық - үйренушілер басқалармен катынасады немесе қорларды пайдалана алады, Интернет желісіне қосылған компьютер бар болса, кез келген орыннан нұсқау және сараптама алады;
- бірлескен жұмыс және желілік қоғамдар - э-оқыту ұстаздарға бірлескен жұмыстар және зерттеулер өткізу үшін, сонымен бірге проблемалық мәселелерді бірлесіп шешуде, инновациялық технологияларды енгізумен және оқу бағдарламаларындағы тақырыптарды бірлесіп талқылау мен тәжірибелерін ортаға бөлісу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады; - жаңа педагогикалық амалдар - э-оқыту дәстүрлі парадигманың өзгеру үрдісінде катализатор қызметін көрсете алады; э-оқыту дәстүрлі әдістермен салыстырғанда интерактивті ортада оқытуды бірлесіп құрастыруға мүмкіндік туғыза алады.
E-learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады: - мектепті басқару жүйесі(SMS) ; - сыныпты басқару жүйесі(CRMS) ; - оқу үрдісін басқару жүйесі(LMS) ; - тестілеуді басқару жүйесі(TMS) ; - пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер(MMS) ; - электрондық психологиялық-мониторингтік жүйе(MPsMS) ; - ақпараттық-анықтамалық жүйе(IMS) .
LMS - Learning Management System (оқыту үрдісін басқару жүйесі), оқу үрдісінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар) оқытуды интерактивтік режимде және де on-line мен off-line режимдерінде, Портфолио және дербес блогтар арқылы кәсіби бағытта рейтингісін жүргізуді, ұстаздардың, мектеп әкімшілігінің және т. б. әрекеттерді басқарады. Портал қосымшаларының қолданбалы қызметтеріне рұқсат беру үшін, жүйенің архитектурасы веб-сервис және ашық стандарттарға негізделген бірігу сызбаларын қолдануға мүмкіндік беруі керек. Мұндай бірігу сызбаларының түрі жұмыс көлемін азайтып, ақпараттық жүйелердің гетерогенді ортаға тән шығындарын қысқартады.
«Мектеп әкімшілігі» жүйесі келесі әрекеттердің орындалуына мүмкіндік береді:
-оқушылардың ата-аналарының қосымша бақылауының негізінде мектеп үлгерімі деңгейінің жоғарылауына;
- on-line режимінде сабаққа қатысуын бақылауға;
- ата-аналар мен мектеп кызметкерлерінің және оқушылармен, арадағы өзара виртуалды әрекеттерге;
- жоғарғы сатыдағы білім беру мекемелеріне есептер беруді әзірлеуде уақытты үнемдеуге;
- ептеген пайда табуына және оны мектептің кез келген мұқтажына тұтынуына;
- мектеп мәртебесінің жоғарылауына;
- кадрладың, оқушылардың контингенті бойынша жиынтық есеп нәтижелерін алуға;
- оқу үрдісі қорытындылары туралы есеп алуға;
- мектеп деңгейінде оқушылардың қозғалыс мониторнгісін жасауға;
- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға;
- Интранет арқылы ақпараттар алмасуға.
«Оқушы» жүйесі келесі әрекеттерді орындауға, атап айтқанда: сабақ кестесіндегі өзгерістерді, үйге берілген тапсырманы уақытында білуге; әр түрлі пәндер бойынша өз үлгерімі рейтингісінің өзгерістерін қадағалауға, оны сыныптастарының рейтингтері немесе сынып және параллель сыныптар бойынша орташа рейтингтермен салыстыруға; форум немесе чат арқылы сыныптастарымен мектептен тыс қарым-қатынаста (оның ішінде, үйге берілген тапсырманы, бос уақытты бірлесе өткізуі немесе мектеп оқмғаларын талқылауы) болуға; жаңа достармен танысып, оларды өз жүйесіне енгізе алуы; сайттағы жүйеде дербес мәліметтерді (оның ішінде, өз фотосуреттерін) жариялай алуына мүмкіндік береді.
«Ата-ана» жүйесі келесі әрекеттерді орындауға, атап айтқанда: - өз балаларының бағалары және үйге берілген тапсырмалар туралы мәліметтерді алуға; сабаққа қатысып, дайындық сапасын бақылай алуға; - алдын-ала мектеп оқиғаларымен (мысалы, алдағы вакцинациялар, спорт ойындарын, мерекелер туралы), сонымен бірге мәдени іс-шаралармен (саяхаттарға шығу, театрға бару, мұражайларды көру) танысуға; - баласының мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметіндегі табыстары жайлы біліп отыруға; - мектеп әкімшілігімен және мұғаліммен интерактивті диалог жүргізе алуға мүмкіндік береді.
Оқытуды басқару жүйесі - (Learning Management System) оқу қызметін басқару жүйесінің негізі, өңдеу, басқару және оқу oн-лайн мариалдарын тарату үшін қолданылатын бірлескен рұқсатпен қамтамасыз етілетін жүйе. Жүйенің негізгі бағыты оқыту ортасында тапсырмалар мен үйрету материалдарын кез-келген педагог жасай алатындығымен сипатталады. Жүйенің құрамына әр түрлі жеке тапсырмалар, аз топтың жобалары және барлық мектеп оқушылары үшін мазмұндық компонентке негізделген элементтер мен коммуникативтік оқу құралдары енеді.
LMS «Мектеп» мүмкіндігі Электрондық оқыту жүйесі келесі қызметтерді, атап айтқанда: білім беру ұйымының әкімшілігіне - LMS «Оқытуды басқару жүйесі» есеп беру нәтижелерін автоматтандырады, автоматты түрде және қолмен сабақ кестесін құру, оқушылардың қозғалыс есебі, кадр құрамының есебі және басқа да әкімшіліктің жұмысын орындауға; педагог ұжымына - тақырыптық жоспарлауға, электрондық сынып журналдарын және күнделіктер жүргізуге, білім беру үрдісінде сандық білім беру контентін қолдануға; оқушыларға интерфейс арқылы ақпараттық киоскілерге немесе интернетке жіберілетін ақпараттарға рұқсат берілген: сабақ кестесін көруге, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, хабарландыруды оқуға; ата-аналарға интернет желісінде өздеріне қажетті ақпараттарды алуға рұқсат берілген: өз баласының бағалары, сабақ кестесі, үйге берілген тапсырмаларға; сонымен бірге баласының бағалары туралы мәліметті ата-аналардың сұранысына sms - хабарлама немесе e- mail бойынша жіберуге мүмкіндік береді. Оқытуды басқару жүйесінің негізгі субъектілері оқу ісінің меңгерішісі, мұғалім, оқушы және ата-ана болып табылады. Субъектілердің арасында электрондық оқыту жүйесінің элементтерін басқару виртуалды векторлық қозғалыста болады. Әрбір субъектіге LMS-тың элементтерін орындаудың нақтылы қозғалысы қойылған. Виртуалды векторлық қозғалыстың схемасы 2-суретте берілген
CRMS - Classroom Management System (сыныпты басқару жүйесі) - мұғалімге оқушыны дербес компьютермен толық бақылап және басқаруға, сабақтың қызықты өтуіне және тиімді болуына мүмкіндік беретін арнайы программалық қамсыздандыру. Бұдан басқа, CRMS лездік дауыс қатынастары және диалогтардың берілу мүмкіндігі бар бағалы лингафон сыныбының атқаратын қызметтері болуы керек, сонымен бірге бейне және аудиофайлдарды таратып, оларды нақты уақытта демонстрациялауға болады.
CRMS педагогқа келесі қызметтері: - жүйедегі авторлық құқықты, сабаққа оқушының қатысу деңгейін негізге алуын, тапсырманы орындау үшін қызмет көрсетуін; - тізімнен алып тасталған оқушының жұмыс устелін бақылауын; - мұғалім экраннан барлығын бір уақытта, сол сияқты жекелей оқушылардың іс-әрекеттерін бақылай алуын; - мұғалімнің хабарының экраннан оқушылардың топтарына немесе нақты оқушыға берілуі сияқты әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Кірістірілген құралдардың хабарландырылатын материалға ескертулері мына түрде болады: - оқушының компьютерін (қосымшаларды іске қосу, пернетақтамен және тышқанмен басқару, компьютерді қосу, қайта қосу және өшіру) басқару; - барлық оқушыларға немесе таңдаулы оқушылардың тобына эфирден мұғалімнің хабары; - барлық оқушыларға немесе таңдаулы оқушылардың тобына аудио және бейне мариалдар хабарын жүргізу. Дыбысты ажырату мүмкіндігі. Мұғалімнің мариалды түсіндіруі; - интерактивтік тақтадан немесе дәрісхананың кез- келген компьютер мониторынан суреттер көрсету;
Барлық оқушыларға немесе таңдаулы топқа алдын-ала жазып алған мұғалімнің сөзінің көшірмесін және хабарын тыңдау, жазып алу; - оқушылардың мұғалімге, басқа оқушыға немесе оқушылардың тобына экранна хабары. Оқушылрдың эфирдегі ақпараттарды бақылау құқығы; - оқушылар топтарының немесе әрқайсысының жеке-жеке диалогтарды тыңдауы; - сыныпты басқару сызбасы. Сыныптың сызбасына компьютерді қосу немесе өшіру. Сыныптағы оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап отыру мүмкіндігі. Сыныпты басқару сызбасы арқылы топ оқушыларының біріктірілуі; - файлдарды тарату және жинау; -чаттар және топтық қарым-қатынас жасау. Хабарландырулар; - қолданушылардың интернет желісіне шығуын мұғалімнің бақылауы. Желіге қосылған және қосылмаған веб-сайттарды орнату мүмкіндігі.
Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы - электронды жүйемен оқыту. Осындай электронды оқыту жүйелерінің бірі E-learning. E-learning Қазақстандық білім жүйесінің дамуының жаңа бағытына айналды. Қазақстан Республикасы Президенті өзінің 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады» дегенді айтқан болатын. Электронды оқыту жаңа технология болып табылатынына қарамастан, тарихи деректер E-learning электронды оқыту жүйесінің алғашқы қадамы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Стэндфорд университетінің қабырғасында орын алғанын көрсетеді. Бұл жоба аясында сол кезде компьютерлер математика пәнін оқыту үшін қолданылған және бүкіл әлем бойынша оқушыларды оқыту үшін осындай мультимедиялық курстардан әлемнің 35 мемлекетінен елу мыңнан астам оқушылар мен студенттер өткен. E-learning Финляндияда, Ирландияда және Оңтүстік Кореяда білімді жетілдіру мен экономикалық өсудің негізгі құралы болып есептеледі. Электронды оқыту бойынша арнайы ұлттық бағдарламалар жасалды. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде электронды оқыту күнделікті өмірдің практикалық тәжірибесіне айналған. Білім кеңістігінде электронды оқыту жүйесін қолданудың мақсаты бұл оқу үрдісінде сапалы білім беру қызметтерін енгізу және оған қолжеткізу үшін ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамның интеллектуалдық потенциалы мен мемлекеттегі білім дамуының деңгейіне байланысты. Білім мазмұны мен сапасы қоғамда әрқашан басымдық маңызға ие. Осының салдарынан білім сапасын көтеру мақсатында жалпы оқыту жүйесіне әртүрлі жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу жоспарлы жұмыстары қарастырылуда. Әлемдік тәжірибеде ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды білім саласында жетістікке қол жеткізе қолданудың бірнеше мысалдары бар, сонымен қатар оқытуда оң нәтижелер беретін іс жүзіндегі бағдарламалар мен жобалар да бар. Электронды оқыту жүйелеріне кіріктірілген заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына өтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Ал біздің елімізде электронды оқыту жүйесі сұранысқа ие ме? Осы тұрғыда мемлекетімізде үстіміздегі жылы Қарағанды облысы, Алматы мен Астана қалаларының 44 мектебіне енгізу жоспарланған. Қазақстанда E-learning жүйесінің электронды оқыту нарығында алатын орны да ерекше. Бұған дәлел қазіргі буын білімгерлер үшін ақпаратты электронды тәсілмен қабылдау қалыпты жағдай болып табылады. Көптеген Қазақстандық компаниялар тек жақсы оқытылған қызметкер ғана мекемеге табыс әкеле алады деген тұжырымды ұстанады. Осы орайда басшылар өзінің басқаратын мекемесінде қызмет жасайтын адамдар үшін бірлескен тренингтік бағдарламаларды дамыту бойынша ұтымды шешім қабылдауларына мәжбүр. Ал бұл тұрғыда жаңа білім алу үшін электронды оқыту E-learning талапқа сай келеді. Электронды оқытуда мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды оқытушылар бөлмесі, ата-аналарды SMS-хабарламалары кіреді. Әрбір оқушы мен оқытушының кез келген уақытта әлемдік ең жақсы білім ресурстарына «онлайн» өту мүмкіндігі болады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар болу керек. Жалпы E-learning электронды оқыту жүйесіне берілетін анықтамалық түсініктер өте көп. Солардың бірі E-learning - оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану. Электронды оқытуды қолдану аясында қандай бір шектеулер болмайды. E-learning - күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал ретінде. Қазір Қазақстанда электронды оқытудың синонимі қашықтықтан оқыту жүйелерін (ҚОЖ) өндірістік ірі компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі - болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпыадамзаттық үрдіс десе де болады. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады:
- экономикалық әсерлігі. Тікелей оқытуға байланысты жанама шығындарды қысқарту мақсатында (іссапар төлемдері, уақытша тұру, ғимарат жалдау т. с. с. ) ;
- икемділігі. Клиент, серіктес немесе кез келген оқытылатын адамдардың географиялық орнына байланысты мәселелерді шешу мақсатында;
- оқытушыға тәуелсіз кез келген уақытта оқытуды жабдықтау мүмкіндігі;
- модульдігі, яғни оқыту бағдарламасы негізін модульдік принцип құрайды
- оқытушының алатын рөлінің жаңашылдығы, яғни оқу жобаларына жетекшілік ету, жеке оқу жоспарын құруда көмек беру, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу және т. б;
- сапаны бақылаудың арнайы түрлері: емтихандар, практикалық, курстық, жоба жұмыстары, компьютерлік интеллектуалдық тестілеу жүйелері;
- арнайы мамандандырылған технологиялар мен оқу құралдарын қолдану.
Е-learning электронды оқыту жүйесін қолдануға қойылатын талаптарда жоқ емес себебі, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайлары толығымен өзгертіледі, яғғни әр оқытылатын пәнге арналған жаңаша кабинеттер жасақталады. Бұған дейін тек информатика немесе физика кабинеттерінде тұратын компьютерлік аппараттық жасақтамалар интерактивті тақта, ноутбук, сондай-ақ жаңа құрылғы - электронды планшетниктер, тағы басқа қажетті құралдар барлық пән кабинеттерге толықтырылады. Бұл жүйемен оқыту білімгерлердің бұрынғы ұстап жүрген портфельдерінен бастап күнделіктеріне дейін электронды түрге ауыстырады. Электронды оқыту жүйесінің ерекшелігінің бірден-бір негізгі ұғымы білімгерлер үшін ол - «планшетник». Бұл өте қолайлы, бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Бұл «планшетник» білім мекемесіндегі компьютерлік торапқа байланыстырылады да білімгерлер өзіне қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізіп отырады, яғни мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар тіпті алған бағаларына дейін ата-аналарымен көрулеріне жағдай жасалады. Бұл ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады деген сөз. Білім мекемесіндегі кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесі де интернетке қосылған компьютерлерге жалғану арқылы жұмыс істейді. Мұндай оқыту педагогтардың жұмысын мәселен, жоспарлау, сабақ кестесін жасау, кабинеттерді бөлу, журналға баға қою, статистикалық мәліметтер жинау, тағы басқа ұсақ-түйек қол байлайтын шаруаның бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Электронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді деуге болады. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін бұл электронды жүйе бірден-бір шешім сияқты десе де болады, алайда балаларының сабағын тексеру сияқты жұмыстарды ата-аналардың орындауы үшін интернет байланысының қажеттігін түсінгендері жөн. Тіпті қалаған уақытта сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол, ол үшін электронды оқыту жүйесінде sms хабарлама ұйымдастырылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz