Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Балқаш көлінің жалпы географиялық сипаттамасы . . .

1. 1 Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы . . .

1. 2 Көлдің физиографиясы және гидрологиялық жағдайына талдау жасау . . .

2. Балқаш көлінің ластануына баға беру . . .

2. 1 Балқаш көлінің пайдалану жолындағы ластану түрлері . . .

2. 2 Балқаш көлінің қоршаған ортасына зауыт-фабрикалардың әсері . . .

3. Балқаш көлінің экологиялық ахуалы және оны жақсарту жолдары . . .

3. 1 Көлдің қазіргі экологиялық жағдайы . . .

3. 2 Биологиялық ресурстарына және ауыл шаруашылық аспектісіне экологиялық-экономикалық баға беру . . .

3. 3 Іле өзенінің Қапшағай шатқалы тұстасындағы ағынды қатарының біртектілігін бағалау . . .

3. 4 Балқаш көлінің экологиясын жақсарту жолдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

1. Жұмыстың өзектілігі . Балқаш көлі - Қазақстандағы көлемі үлкен аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі су айдыны болып табылады. Көл фаунасы халық шаруашылығы үшін маңызды балықтарға бай және көл суын жағалауындағы өнеркәсіп орындары мен елді мекендер қажетіне пайдаланады. Мұнда 81 мың тонна балық ауланады. Алайда көл суы мен оның ихтиофаунасын көп мөлшерде пайдалану салдары және көлдің маңындағы өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен ластануы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Балқаш көлі экологиясының нашарлауының басты себепкерлері табиғатты пайдаланушылар, оның ішінде өнеркәсіп орындары, әскери полигондар болып табылады, сонымен қатар «Байқоңыр» ғарыш айлағының теріс әсерін де атап өту керек. Сондықтан да экожүйені қалпына келтіру және халықты қамтамасыз ету, сақтау үшін көл экологиясы мен биоресурстарын сақтау жолдарын қарастырып, оның техногендік әсерінің тәуелсіздігін, оның ішінде көлдің түрлі ингредиенттермен ластану деңгейін анықтауды қажет етеді. Бұл өңірде болып жатқан қазіргі антропогендік оның ішінде техногендік процестер әсері де шектен асып отыр.

2. Жұмыстың мақсаты: Балқаш көлі мен маңындағы өңірдің қазіргі экологиялық жағдайына баға беру, жағалауында орналасқан өнеркәсіп орындарынан шыққан кешенді ластаушы заттардың ихтиофаунаның өсуіне әсері және ауланатын балық көлемінің тәуелділігін анықтау, сонымен қатар ластаушы заттар әкелетін экономикалық шығынның көлеміне баға беру болып табылады.

3. Зерттеу нысаны: Балқаш көлінің геоэкологиясы

4. Жұмыстың міндеттері :

-Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайларын зерттей отырып, өнеркәсіп орындарының орналасу негіздерін алу;

-Өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар-Балқаш көлінің ластануындағы негізгі ластаушылардың бірі екендігін анықтау;

-Балқаш өңірінің қазіргі кездегі биоресурстар жағдайын талдай отырып, қорының азаюы мен жойылу себептерін анықтау;

-Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын анықтау;

-Балқаш көлінің суы мен биоресурстарын халық шаруашылығында пайдаланудың барынша тиімді жолдарын айқындау.

5. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері:

Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.

Жұмыстың дерек көздері: Дипломдық жұмыста география, экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағыттары бойынша ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген әдебиеттері, картографиялық және әр түрлі экологиялық-географиялық зерттеудің қор материалдары негізгі дерек көздері болды.

6. Зерттеудің базасы: Балқаш маңының ландшафттық-экологиялық жағдайы.

7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде Балқаш көлі, оның биоресурстарын тиімді пайдалану және маңында орналасқан өнеркәсіп орындарының әсерін экологиялық-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу алынып, зерттеу барысында :

Көлдің физикалық-географиялық, экологиялық және қазіргі кездегі жағдайы анықталды;

Көл суы мен биоресустарының көл маңында орналасқан кәсіпорындардың қалдықтарымен және зиянды заттарымен ластанғаны анықталды;

Балқаш көліне өнеркәсіптің теріс әсерін жою немесе төмендету мақсатында жүргізілген іс-шаралар айқындалды;

8. Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, алынған мәліметтер көлдің суы мен биологиялық ресурстарын пайдаланатын мекемелер үшін қажетті материал. Ал көрсетілген іс-шаралар тізімін практика жүзінде іске асыруға болады.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 48 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 8 кестеден, 7 cуреттен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 62 бет.

Кіріспеде жұмыс тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері тұжырымдалып, оларды шешудің маңыздылығы айқындалады. Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы баяндалады.

«Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы» деп аталған бірінші тарауда «Балқаш» атауының шығу тегі және көлдің зерттелуі мен физикалық-географиялық сипаттамасы жайлы айтылады.

«Балқаш көлінің ластануына өнеркәсіп орындарының әсері» деп аталатын тақырыпты ашатын тарауда көл маңында орналасқан өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, улы заттарымен, олардан шыққан ағынды сулармен көл суы мен биоресурстарын ластауы баяндалады.

«Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы және оны жақсарту жолдары» атты үшінші тарауда Балқаш көлінің проблемасы бүгінгі таңдағы Қазақстандағы экологиялық өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылып, оны шешудің жолдары ұсынылады.

Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, Балқаш көлінің экологиясына өнеркәсіп орындарының әсерін төмендету немесе жою мақсатында ұсыныстар қысқаша келтірілген.

  1. Балқаш көлінің жалпы географиялық сипаттамасыБалқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы

Балқаш - Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық көл. Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17-22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км³. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78, 2 %-ын береді, шығыс бөлігіне Қаратал (15, 1 %), Лепсі (5, 4 %), Ақсу (0, 43 %) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, тағы да басқа өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік - шығысында, Балқаш - Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі [1, 2] .

Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар: Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойсындағы жазықтық, Шу-Іле тауы және солотүстік Тянь-Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады.

Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини) . Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы С. У. Ремезов 1695 жылы «Чертежи всех сибирских городов и земель» атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы И. Г. Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. П. В. Рихтгофен (1877) мен А. Ф. Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И. В. Мушкетов, А. М. Никольский, Л. С. Берг, т. б. ) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П. Ф. Домрачев, В. Н. Абросов, Л. И. Лев, Н. М. Страхов, Д. Г. Сапожников, М. Н. Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институтары, тағы басқалар айналысты.

Сурет 1. Балқаш көлінің картасы

Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады [3] .

Климаты. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Қаңтардағы орташа температура -15-17°С, шілденің орташа температурасы 24°С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55-66 %, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4, 5-4, 8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым-шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылдары көтеріліп, 1946 және 1987 жылдары төмендегені байқалды.

1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш - жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидорлогиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3, 5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0, 5-1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суының лайлығы (5-6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк [4] .

Сурет 2. Балхаш көлі мен жағалық территорияларының картасы, 1903 жылы, Самуил Оргельбранд энциклопедиясынан

1. 2 Көлдің физиографиясы және гидрологиялық жағдайына талдау жасау

Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты оның морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері де өзгеріп тұрады. Көл суының деңгейі 342 метр болғанда, оның көлемі 18200 шаршы километр, ұзындығы 614 километр, ені 74 километр, орташа ұзындығы 30 километр, жағалауының ұзындығы 2383 километр, жағалауының даму сызығы 5, 1 метр, су қоры 106 текше километр болады. Үстіміздегі ғасырда Балқаш көлінің көлемі 23444 шаршы километрден (1908 жылы) өзгерген, тиісінше су қоры 82, 7 текше километрден 163, 9 текше километрге дейін көбейді [5] .

Балқаш көлінің ойысы ірі-ірі бірнеше арнадан тұрады. Көлдің ең терең жері (27 м. ) Шығыс Балқаштың орталығы - Бөрлітөбе маңы.

Балқаштың батыс бөлігінің ең терең жері (14 м. ) Бертіс шығанағы, ал шығысында Қоржын аралы маңында (16 м) . Көлдің батыс және солтүстік жағалаулары биік, тік жарлауытты, судың бетінен 20-30 метр жоғары тұр. Жағалаудағы төбелердің аралығында және көлдің тайыз жерлерінде қиыршық үйме тастар кездеседі. Жағалауы тілімденбеген. Тек қана Мыңарал аймағындағы жағалаулар тілімденген, бұл жерде көптеген шығанақтар, мүйістер, су үсті және су асты аралдары бар.

Оңтүстік -шығыс жағалауы Бөрлітөбе шығанағынан Қарашағанға дейін биік, ал Қарашаған шығанағынан қазіргі Іле атырауына дейін жағалай төмендейді, кей жерлердің су бетінен биіктігі 1-2 метр. Оларға биіктігі 5 -10 метрлік құмды төбешіктер келіп тіреледі

Балқаш көлінде көптеген ірі-ірі шығанақтар, түбектер бар. Шығанақтардың ішіндегі ең ірілері - Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған және басқалары. Ал көлемі жағынан ірі түбектер Қоржынтүбек, Қарағаш, Бертіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сарыесік т. б. Сарыесік түбегі Балқаш көлін Батыс пен Шығысқа бөліп жатыр, ол Ұзын арал бұғазы арқылы түйіседі.

Кесте 1 - Балқаш көлінің морфометриясы

Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Географиялық орны
Балқаш-Алакөл ойысы
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Теңіз деңгейінен биіктігі
340 м
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Ұзындығы
605 км
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Ені
9 - 74 км
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Ауданы
16, 4 мың. км²
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Көлемі
112 км³
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Жағалау сызықтарының ұзындығы
2 385 км
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Ең терең жері
26 м
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Орташа тереңдігі
5, 8 м
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: мөлдірлігі
1-5, 5 м
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Су жинау ауданы
413 000 км²
Координаттары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. б.  / 46. 540833° с. ш. 74. 878889° в. д.: Құятын өзендері
Іле, Қаратал, Аксу, Лепсі, Аягөз

Балқаштың оңтүстігінде Іле өзенінің құяр сағасында Үшарал архипелагы жатыр. Оған Босарал, Ортаарал, Аяқарал, т. б. шағын аралдар кіреді.

Көлдің солтүстік жағалауына аласа бұтақты долана, ал оңтүстігінде жаңғыл, жантақ, теріскен, ішінара тораңғы өседі. Іле мен Лепсі өзендерінің төменгі жағында жиде және тал өседі. Ескі Бақанас ауданында үлкен аумақты сексеуіл тоғайы алып жатыр.

Балқашқа құятын өзендерді оңтүстік және солтүстік өзендері деп екіге бөлуге болады. Көлдің солтүстігінде өзендер сирек кездеседі, көлге оңтүстігінен - Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі құяды. Су балансының негізін осы өзендер құрайды. Солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері құяды, бірақ көбінесе су мөлшерінің аздығынан көлге жетпей, жерге сіңіп кетеді [6] .

Балқаш көлі толқынды. Көлдің шығыс бөлігінде толқынның биіктігі 3-3, 5 метр болады, батыс бөлігінде 2, 5 метрден аспайды. Көл суының ағыны екі түрге бөлінеді. Біріншісі, көлдің батыс бөлігіндегі ағыны.

Бұл ағын Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасынан бастап батысқа қарай ағады, сонан кейін Мыңарал ауданында ол солтустікке бұрылып, көлдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік жағалауларын бойлай, Ұзынарал шығанағына жетеді.

Кесте 2. Балқаш көліне өзендерден құйылатын судың көпжылдық орташа мөлшері (1946-1965 жылдар аралығында)

Өзендер
Су шығыны м³/сек

Жылдық ағыны

км³

Үлестік пайызы
Өзендер:

Іле

Қаратал

Ақсу

Лепсі

Аякөз

Су шығыны м³/сек:

365

70, 5

2, 0

25, 2

4, 0

Жылдық ағыныкм³:

11, 5

2, 2

0, 1

0, 8

0, 1

Үлестік пайызы:

78, 2

15, 1

0, 4

5, 4

0, 9

Өзендер: Барлығы
Су шығыны м³/сек: 466, 7
Жылдық ағыныкм³: 14, 7
Үлестік пайызы: 100

Бұл жерде су ағыны Сарыесік түбегіне келіп тіреледі де, оңтүстікке, сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады, одан әрі қарай ағын бірте-бірте бәсеңдеп, Батыс Балқаштың шығыс жағалауына келіп тоқтайды. Екіншісі - жел әсерінен болатын ағындар.

Балқаш көлінің суы Іленің құйған жерінде 02, -0, 4 метрге, ал шығысында 10-12 метрге дейін мөлдір болады. Көл суы оңтүстік-батыс жағында лайлы сарғыш, шығысқа қарай көк-жасыл түске енеді. Көл суының температурасы батысында 9, 9 градус, шығысында 8, 5 градус болады, ал қыс айларында керісінше. Судың ең жоғары температурасы шілде айында батысында 23, 8 градус, ал шығысында 20, 1 градусқа жетеді.

Балқаштың батыс бөлігі қараша айының екінші жартысында, ал шығысы желтоқсан айының аяғында қатады. Оның әртүрлі мерзімде қатуы көл суы тұздылығының әртүрлі болуына байланысты. Мысалы, Іленің құяр жерінде судың орташа тұздылығы 0, 7-0, 9 промилле болса, көлдің шығысында 4, 1-5, 5 промилле аралығында болады. Желтоқсан айының аяғында көл жағалауындағы мұздың қалыңдығы 35-40 сантиметр, ал кей жылдары 50-65 сантиметрге жетеді. Мұздың қалыңдауы март айының басында тоқтайды. Бұл кезде мұздың орташа қалыңдығы 50, 85 сантиметр аралығында болады, кей жылдары 150 сантиметрге дейін қалыңдайды. Көл мұзы сәуір айының ортасынан бастап 10 майға дейін түгел еріп бітеді [8] .

Көлдер деңгейінің өзгеруі негізінен оларға құятын өзен мен көлдің буға айналатын судың мөлшеріне, климат жағдайының өзгеруіне, т. б. факторларға байданысты болады.

Үстіміздегі ғасырда Балқаш көлінің суы 1908 жылы ең жоғары, ал 1946 жылы ең төменгі деңгейде болды. 1947 жылдан бастап көлдің су деңгейі қайта көтеріле бастады - бұл келесі ғасырлық циклдың басы болып табылады, ол 2010-2016 жылдары аяқталады.

Балқаш көлінің гидрохимиясы әртүрлі: Іле өзенінің құятын жерінде 1 литр суда 0, 5 грамм, ал көлдің шығысында 4, 4 г/кг. Барлық көл бойынша орташа минералдылығы 2, 94 г/кг. Көл суында иод, бром, бор, мырыш, мыс, марганец, қорғасын, молибден, кобальт, никель және темір өте аз келеді (3-кесте) .

Кесте 3 - Балқаш көлінің тұз балансы (1934-1970 ж. ж.

Кірісі
млн. т
%
Шығыны
млн. т
%
Кірісі: Өзен суымен келетін тұз ерітіндісі
млн. т: 5, 36
%: 71, 1
Шығыны:

Карбонатқа

ыдырауы

млн. т: 4, 22
%: 56, 0
Кірісі: Ауадан жел әсерімен келетін тұз ерітіндісі
млн. т: 0, 52
%: 6, 9
Шығыны: Қосымша шығын
млн. т: 2, 99
%: 39, 0
Кірісі: Жер асты суымен келетін тұз ерітіндісі
млн. т: 1, 65
%: 22, 0
Шығыны:

Тұз қорының

көбеюі

млн. т: 0, 32
%: 4, 3
Кірісі: Барлығы:
млн. т: 7, 53
%: 100
Шығыны:
млн. т: 7, 53
%: 100

Балқаштың суында оттегі 90-100 процент аралығында. Ал терең және бет қабатында оттегінің тарауы нашар РН 7, 6-9, 0 аралығында, бірақ ол Іле атырауынан көлдің шығыс бөлігіне қарай көбейе бастайды. Көл суының жалпы сілтілігі бір литрінде 6-23 мг/эквивалент аралығында. Ол Іле өзені атырауынан көлдің солтүстік-шығысы мен шығысна қарай көбейе түседі.

Балқашқа шөгінділер негізінен өзен суымен келеді. Қазіргі кезде бұғаздарда тұнба лайдың қалыңдығы 2-3 сантиметрден 7 метрге дейін жетеді. Балқаш көліндегі тұнба лайын мынадай түрлерге бөлуге болады: қиыршық тасты шөгінді, ірі және өте ұсақ түйіршікті құм тұнбасы, ірі және өте ұсақ алевриттер, алевритті-лайлы тұнба, лайлы тұнба.

Жануарлар дүниесі . Балқаш көлі фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбақасы, Балқаш алабұғасы т. б. ), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, ақ қайраң, шип, көксерке, Арал қиязы) . Ауланатын балық (жылына 9-10 мың тонна) сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, ақ қайран [10] .

Планктон. (Planktos - деген грек сөзінен алынған, дәл мағынасы «кезбе» деген ұғымды береді) . Ағынға қарсы тұра алмайтын судың ішінде өмір сүретін организмдер жиынтығы. Фитопланктонның 200 түрі бар. Оның ішінде 38 проценті тұщы суда (суының минералдылығына сәйкес 45 проценті тұздылығы аз), ал 17 проценті ащы суда кездеседі. Бүкіл көлде биомассаның орташа мөлшері 1 литрде 2, 1 миллиграмм.

Бентос. (Benthos - гректің тереңдік деген сөзінен алынған. Судың түбінде тіршілік ететін организмдер жиынтығы) . Көлдің бентофаунасын негізінен олигохет, өкпе моллюскасы, хирономиттің ірі түрі және өскін құрттары, паденок, қыл қанаттылар: лизид, полихфет және монодакна моллюскасы құрайды. Батыс Балқаштың биомассасы бір шаршы метрде 4, 53 грамм, ал шығысында - 2, 09 грамм.

Көлдің оңтүстік тайыз жағалауын ну қамыс басқан. Тек Іле атырауында ғана 400 мың гектар жерді қамыс алып жатыр. Балқаштан жыл сайын бір миллион тонна қамыс дайындауға болады.

Нектон (nektos - деген грек сөзінен алынған, жүзуші деген мағынаны береді) . Балқаш көлінде балықтың 20 түрі кездеседі, олар: амур шабағы, балқаш шармайы, берщ, шығыс бабан балығы, салпыерін, ақмарқа, қара балық алабұға, торта, сазан, мөңке, сібірдің табан балығы, жайын, көксерке, қаяз, пілмай және т. б. Бұлардың ішінде кәсіптік негізде сазан, көксерке, жайын, табан балығы және ақмарқа жалпы жылына 13, 6 мың тонна балық ауланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы Балқаш ауданы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Ластану проблемасы
Ертіс өзені
Ертіс атауының этимологиясы
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Іле өзені аңғарының физикалық-географиялық сипаттамасы
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Талдықорған облысының ландшафтық, геоэкологиялық жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz