Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар ... ... ... .5
1.2 Қала топырағының фондық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер ... ... ... ... .35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ.1бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ...41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ ... 45
5.1 Өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары ... ... ... ... ... ... 45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
КІРІСПЕ

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.
Қазақстанның оңтүстік астанасында экологиялық жағдай 60-шы жылдардың ортасынан бастап-ақ нашарлай бастады. Содан бері экологиялық қиындықтар көбейді: атмосфералық ауаның бұзылуы, ашық су қоймаларында су дәрежесінің төмендеуі, қалалық тұрғындардың автокөлік бөлген газдармен улануы, т.б. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Алматы қаласының экологиялық қолайсыз 100 қаланың қатарына кіргенін көрсетеді /мәлімет – ТМД бойынша/. Бұл қорытынды заңды, өйткені өкімет пен қала басшыларының шешімдерінің 90% жүзеге асырылмайды немесе «кейінге» қалдырылады. Мысалға, «Асфальтбетон» акционерлік қоғамының асфальтбитум өнімдерін қала шетіне шығарып ұқыптауына ұсыныс әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Бұл өндіріс әсіресе «Айнабұлақ» және «Дорожник» шағын аудандарының ауасына, тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.
Табиғатты климаттың ерекшеліктеріне байланысты (Алматыда жел өте сирек соғады) қаланың атмосфералық ауасының ластануы өте қауіпті. Бұл тұрғыда атмосфера ауа қоспасында фондық мөлшерді өлшеу және лабораториялық бақылау өте қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Коробкин В.А., Лященко Л.В., Лищенко Г.Х., Стуканов В.А. Токсикологические свойства сточных вод. Алматы
2. Белозеров Е.С. Современные проблемы оценки движущих факторов здоровья. Население-гигиена окружающей среды 1998. 3-4 бет.
3. Кенесариев У.С., Мусин Е.М., Амрин М.К. Гигиеническая оценка техногенных биохимических провинций Республики Казахстан и их клинико-эпидемиологической классификации // Сб. Актуальные вопросы гигиены и профпатологии в Казахстане. Алматы. 1994, 129-133 бет.
4. Құлқыбаев Г.А. Медицинские аспекты экологии / Караганда, 1995. 25-29 бет.
5. Острикова В.М., Байжанова М.К. Газопоглатительная, пылеулавливающая способность деревьев и кустарников в условиях г. Алматы / Сб. Региональное использование и охрана природных ресурсов Северного и Центрального Казахстана. Алматы. Изд. ГВС, 1999, 143-144 бет.
6. Фурсов В.И. Содержание свинца в окружающей среде и в организме жителей г. Алматы и ее пригородов. Информационное письмо 1995 жыл
7. Молдақұлова М.М. Экологические проблемы крупных городов // Здр. Казахстана № 5 1996, 24-27 бет
8. Ренкевич В.Э. Экологические проблемы столицы // Здравоохранение Казахстана, № 4, 1995, 19-21 бет
9. Шардабаев М.С. Экологическое районирование крупного промышленного города // Методические рекомендации, Қарағанды қ. 1994 жыл
10. Щербак В.Г. Роль растительных индикаторов в выявлении загрязнений окружающей среды / Тезисы докладов конференции/ Окружающая среда здоровье человека. Барнаул, 1991, 63 бет
11. Омарова М.Н., Байназарова С.Ж. Алматы қаласын техногенді әсеріне байланысты аймақтарға бөлу, Алматы, 1998, 66-69 бет
12. Омарова М.Н. Алматы қаласындағы өсімдіктерді ауаны ластауынан қорғауға пайдалану. Проблемы окружающей среды в республике Казахстан, Алматы, 1998, 70-72 бет
13. Жаркинов Е.Ж. Состояние экологической ситуации в Алматинской области и актуальные задачи научных исследований в этом регионе. Проблемы окружающей среды в Республике Казахстан, Алматы, 1998, 125-128 бет
14. Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе Алматы қаласы, Қазақ университеті, 2004 жыл, 36-52 бет
15. Скаков А.А., Елеуова К.Т. Оценка окружающей среды Алматинской области. – Алматы: Ғылым, 2002. –136 б.
16. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. РНД 211.2.01.01. –97. – 49 б.

БАКАЛАВРЛЫҚ БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АГЛОМЕРАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

РЕФЕРАТ

Осы жұмысты орындағанда қойған мақсатымыз – Қазақстандағы ең ірі
мегаполис – Алматының экологиялық проблемаларын көтеріп, мүмкіндігінше
олардың алдын алып, практикалық шараларды ұсыну.
Мамандық бойынша технологиялық процестердің Алматы мегаполисінде
өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорттың табиғи ортаға көрсеткен ықпалын
қарастырды. Біздің анализ бойынша қазіргі кезде Алматыда көп өнеркәсіп
көздерінің құлдырауына қарамастан, ауа алабы, су көздері және топырақты
ластау белсенді жүріп жатыр. Ауа қабатына жіберілетін ластаушы заттардың
құрамына көміртегі оксидтер, күкірт және азот оксидтері, фенолдар,
қорғасын, формальдегид және шаң жататын анықталады.
Дипломдық жұмыс 52 бет болды, оның ішінде 5 тарау, қорытынды, 16
қолданылған әдебиеттер тізімі бар.
Дипломдық жұмыста қалада өсетін өсімдіктердің техногенезге байланысты
ластануы және олардың тұрғындарының денсаулығына әсер ету байланысы
қарастырылған. Осыған байланысты мәліметтер Қазақ ғылыми гигиена және
кәсіптік аурулар зерттеу институтынан алынған.
Өзекті мәселелер – Алматы қаласының қоршаған ортаға байланысты
экологиялық аймақтарға бөлу 5-ші тарауда берілген.
Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсарту үшін пайдаланатын есеп
жолдары қаралған.
Бүл жұмыс экологиялық ұжымдарға, ұйымдарға және Алматы қаласының
жағдайын көтеруге көмек көрсете алады.
Негізгі қолданылған түйіндік сөздер: температуралық инверция,
радиациялық баланс, ультракүлгін радиациясы, циклон, фондық шоғырлану,
ластану коэффиценті, экология, топырақ, санитарлық нормалар, тұндырғы,
жасыл желек, герметикалық қондырғы, гидроизоляция, фондық құрам,
токсикологиялық баға.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар ... ... ... .5
1.2 Қала топырағының фондық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық

анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ
КОМПОНЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына

әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында)
30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі
көздер ... ... ... ... .35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-
1бойынша) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ...41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ ... 45
5.1 Өзекті
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті
аудандары ... ... ... ... ... ... 45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .51

КІРІСПЕ

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының
оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес
оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында
түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс
атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын
бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы
жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.
Қазақстанның оңтүстік астанасында экологиялық жағдай 60-шы жылдардың
ортасынан бастап-ақ нашарлай бастады. Содан бері экологиялық қиындықтар
көбейді: атмосфералық ауаның бұзылуы, ашық су қоймаларында су дәрежесінің
төмендеуі, қалалық тұрғындардың автокөлік бөлген газдармен улануы, т.б.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Алматы қаласының экологиялық қолайсыз 100
қаланың қатарына кіргенін көрсетеді мәлімет – ТМД бойынша. Бұл қорытынды
заңды, өйткені өкімет пен қала басшыларының шешімдерінің 90% жүзеге
асырылмайды немесе кейінге қалдырылады. Мысалға, Асфальтбетон
акционерлік қоғамының асфальтбитум өнімдерін қала шетіне шығарып ұқыптауына
ұсыныс әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Бұл өндіріс әсіресе
Айнабұлақ және Дорожник шағын аудандарының ауасына, тұрғындарының
денсаулығына әсер етеді.
Табиғатты климаттың ерекшеліктеріне байланысты (Алматыда жел өте сирек
соғады) қаланың атмосфералық ауасының ластануы өте қауіпті. Бұл тұрғыда
атмосфера ауа қоспасында фондық мөлшерді өлшеу және лабораториялық бақылау
өте қажет.

1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы – Алматы қаласы өзінің
территориясының экологиялық ерекшеліктерін қалыптастыратын физикалық-
географиялық және табиғи-климаттық сипаттамалары бойынша таңғажайып болып
табылады.
Қала Іле Алатауының баурайында, тау жотасының етегі зонасында
орналасқан. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан тау жотасы белдеулейді.
Жергілікті жер жалпы еңіспен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2°-қа
төмендейді. Одан басқа, қаланың орталық бөлігінің экологиялық жағдайының
нашарлау себептерінің бірі – екі еңісті жазықтардың қосылған жерінде
орналасуы.
Алматы, біздің планетамызда орналасуы ерекше "биік", аздаған қалалар
қатарына кіреді. Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі теңіз деңгейінен 670
метр биіктікте, ал ең төменгісі 970 метр биіктікте орналасқан. Қаланың
мұндай тік орналасуы оның табиғи-климаттық жағдайларының алуан түрлілігін
қалыптастырды. Алматыда суық оңтүстіктің және ыстық оңтүстіктің табиғи
зоналары қиылысады. Сібір қайыңымен Тянь-Шань шыршасы жүзім, өрік
ағаштарымен көршілес өседі.
Қала климаты континентті. Алматы қаласының ерекшелігі болып табылатын,
оның толық желсіздігі. Қаланың жел режимі қаланың ауа алабының күйіне
едәуір әсер ететін өзіндік ерекшеліктері бар. Желдің барлық бағыттарында
қала "аэродинамикалық көлеңкеде" қалады. Сондықтан абсолюттік желсіздік
кезеңдері жиі болып тұрады, жазда штилдердің қайталануы 45% , қыста 77% .
Бұл қала қалдықтарының барлығының жерге жақын қабатта қалып, тұмшаның
түзілуіне әрекет етеді.
Жерге жақын желге ауаның таулы-аңғарлы желі ластанған қала ауасын тау
жаққа әкетіп, соның салдарынан таулар тез арада түтінделіп қалады. Түнде
қала жаққа таза таудың ауасы соғады. Сондықтан С.И. Төребаеваның (1985)
пікірінше, тау беткейлерінде орналасқан қаланың оңтүстік бөлігі қаланың
орталық және солтүстік бөліктерімен салыстырғанда ыңғайлы жерде
орналасқан. Таулы-аңғарлы циркуляция қаланың желденуінің жалғыз механизмі
болып табылады. Алайда Б.Н. Ахметов (1990) жасаған математикалық модельдеу
мәліметтеріне сәйкес, қаланың жылу аралының болуына байланысты бір
циркуляциялық ұяшық екіге бөлініп, тау ауасының ағыны қалаға тіке
өтпейтіндігінің салдарынан қаланың желденуі нашарлайды. Соңғы жылдары
қаланың архитекторлық-жоспарлау құрылымы жел режимін өзгерткен - қаланың
негізгі ауа жүйесін қамтамассыз ететін салқын тау ауасының ағынына бөгет
болып тұр. Оңтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай басым желдердің ығысуы
жүрді, яғни 45 %-ға жел жылдамдығы 3 мс-ке өзгерді (бұрыңғысы 5 мс). Бұл
өзгерістер ауа алмасу процестеріне және ауа алабының табиғи тазалануына
әсер етеді. Қаланың оңтүстік бөлігінде желдердің әлсізденуімен байланысты
түнде тау желі мүлдем соқпайды. Ауаның күндізгі аңғарлы циркуляциясынының
дамуы қала территориясының оңтүстік бөлігінде ауаның ластануына әрекет
етеді.
Өзіміз көріп отырғандай, соңғы жылдары жел режимінің өзгеруі қала
шегіндегі ауа алабының сапасында бейнеленеді.
Бұл аспектіде тау бөктерінде орналасқан аудандарға ерекше қауіп туады.
Қаланың орналасуы тау беткейінің жазықтыққа қарай өту зонасында жатыр,
мұндай орналасудың нәтижесінде қала территориясында тектоникалық бұзылулар,
жер бетінің жарықтары кездеседі. Қаланың қазіргі тектоникалық өмірінде
анықтаушы жарықтар Іле Алатауы және Күнгей Алатауы жоталарының көтерілуін
бақылайтын Іле Алатау жарығы және тауалды жарығы болып табылады.
Қоршаған ортаның денсаулыққа зиян және қауіпті химиялық заттармен
ластануы экологиялық фактор мәніне ие болады. Қаланың экологиялық статусы
қауіп тудырады және қоршаған ортаның ластануын ғана емес деградациясын
куәландырады.

1. Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар

Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле
Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаңы аймағына жатады. Қалыңдығы 3200
метрден астам палеоген-неоген, антропоген шөгінділерінде түзілу тегі мен
құрамы әртүрлі жер асты суы жиналған.
Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37-54 гл),
хлоридті натрийлі, ыстық (70-80), арыны күшті (250-300 атмосфералық
қысымдағы) жер асты суы бар. Суының құрамы (гкг): йод – 0,007; бром –
0,060; бор – 0,006-0,018; кремний қышқылы – 0,017; фтор – 0,007.
Жоғары неоген жыныстары қабатының 1750 метр тереңдігінен ыстық
(забойында 81 С°), сәл тұздылау су шығады. Құрамы (гкг): йод –
0,001–0,002, бор – 0,020, бром – 0,012–0,017, кремний қышқылы – 0,036, фтор
– 0,003; газдары ( % ): азот пен сирек газдар – 85%, оттек – 13%, метан
–2%. Судың емдік қасиеті анықталды. Мұнда қол аяқ, жүйке, ішек-қарын
ауруларын емдейтін санаторий салынуда.
Антропогеннің дөңбектасты-малтатасты, құмды-саздақты шөгінділерде
(қалыңдығы 500 метрден астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші
Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су арынсыз келеді, ал
таудан 16-20 км қашықтықтағы сазды қабаттарда арынды судың бірнеше
горизонттары қалыптасқан, суы тұщы (0,2-0,3 гл), гидрокорбонатты,
кальцийлі және салқын. Бұл горизонттарда 50-60 % өзен суы, 20-25%
ирригациялық су, 10 % атмосфера суының үлесі бар. Антропоген жыныстарының
сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда.
Тауда жарықшақтық және өте тұщы (0,1-0,3 гл), гидрокорбонатты,
кальцийлі-магнийлі су көздері өте көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің
жапсарларындағы су сәл ащы (1-3 гл), сульфатты-натрийлі болады.
Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су аймақтары өзара байланысты.
Бұл сулардың шипалық қасиеті бар. Алма-арасан санаторийі осындай судың
негізінде жұмыс істейді.
Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар
ағыны қатты, арналы енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м)
келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа
бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер мен
мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-
шашын суымен толысатын болғандықтан су көздерінің ең жоғары деңгейлері
көктемгі қар еруге шілде айларындағы таудағы қар мен мұздықтардың еруіне
байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының
шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға
түседі. Осы кезде сел тасқындары жиі болады. Таңертеңгілікте су
деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз
еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.
Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары –
Есентай, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады сурет 1. Бұлар 3000
метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады,
деңгейінің төмендеуіне немесе көтерілуіне жауын – шашын мен жер асты суы
әсер етеді.
Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан
басталады. Негізінен мұздық суымен толысады. Орта биіктік аймағында мұның
бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуіне Үлкен
Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС-тің
тізбегіне беріледі. Одан сәл төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы су
бөгені салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км
қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдың орташа су шығыны 4 мс. Қаланы
электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға
тосқауыл ретінде Медеу су бөгені бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші
Алматыға Кімасар және бұтақты салалары құяды. Қаладан үш тармақ – Кіші
Алматы, Есентай, Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай арналары
қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп жағасы бетондалған. Кіші
Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.
Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық аймақта орналасқан.
Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе
ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер боп екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы
сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Тұйықсу мұздығының
етегінде Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі
өзгереді., кейде мүлде тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. Қала
өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені,
Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор 1.

Сурет 1

Іле бойындағы Қапшағай тағы басқа бөгендер қала халқының демалыс
орындарына айналып отыр.
Қалаға тікелей әсер ететін Іле Алатауы жотасының солтүстік баурайында
жалпы аумағы 308,3 км2 болатын 307 мұздық бар, Солтүстік баурайдың мұздық
аумағы батыста Ұзынқарғалы өзенінің бас жағынан шығыста Түрген өзенінің бас
жағына дейін созылып жатыр. Қарлы белдеу 3800-3900 м биіктікте өтеді. Ірі
мұздықтар жотаның орта бөлігіндегі шыңдарда 4700-4900 м биіктікте
орналасқан. Тұйықсу мұздығы Кіші Алматы мұздықтар тобының ішінде ең ірісі
болып саналады. Оның ұзындығы 5 км-ге жуық, аумағы 4 км2. Тұйықсу инесі
мұздығының ұзындығы 4 км, аумағы 2,5 км2, Молодежный мұздығы – 2,5 км мұз
қабатының қалыңдығы төменгі жағында 15 м жуық, ортасында – 60-70 м, ал
жоғарғы жағында – 100 м. Мұздықтардың төменгі бөліктері күшті (200-230 м)
моренамен қапталған. Морена гляциалдық талқандаушы селдерді қалыптастыру
көзі болып табылады. Соңғы онжылдықта 1951, 1956, 1973 және 1999 жылдары
ірі селдер болды.
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз,
тымық ауа-райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай
ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы 9 С°, ең
жоғары температурасы 42 С°, ең төменгі минус 38 С° кесте 1

Кесте 1 Ауаның көпжылдық орташа экстремалдық және жауын-шашынның
көпжылдық орташа мөлшері, салыстырмалы ылғалдығы

Айлар І ІІ ІІІ ІV V
Үлкен Алматы өзені
Нитриттер 13,5 8,2 2,0 2,2 2,75
Фенолдар 1,3 1,0 1,0 1,0 0,7
Мұнай өнімдері 4,2 2,6 2,5 4,1 2,4
Фтор 0,85 1,1 0,8 0,7 0,8
Кіші Алматы өзені
Нитриттер 15,0 17,0 4,0 12,0 5,5
Фенолдар 2,2 3,1 2,0 1,0 0,9
Мұнай өнімдері 2,5 2,1 2,2 3,0 2,2
Фтор 1,4 1,4 1,2 0,8 1,0

Үлкен және Кіші Алматы өзендері сулары сапасы бойынша I және II ластану
кластарына (өте таза және таза) жатады. Қала шектерінде төменгі ағын
бойынша су сапасы нашарлайды, сапа класы ІІІ-пен бағаланады (шамалы
ластанған).
ЖБ территорияларында су шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жұмсалады,
сонымен бірге территорияны және жасыл желектерді суландыруға, сыртқы өрт
сөндіру мақсаттарына да қолданылады.
ЖБ территориясында бұрылатын судың сапа және көлем талаптарына сәйкес
канализацияның келесі торлары жоспарлануда: шаруашылық-жаңбырлық тор.
Шаруашылық-жаңбырлық канализация мұнай өнімдерімен ластанған жетілдірілген
жабылуларды жуу нәтижесінде түзілетін жер беті және өндірістік ақаба
суларды бұру үшін жоспарланған.
Жаңбырлық және өндірістік ақаба сулардың шығындары есептелген.
Санитарлық нормалар және ережелер (СН және Е) 2.04.02.-84 және СН және Е
2.04.03-85 стандарттарына сәйкес анықталған және келесі мәліметтерді
құрайды формула 1:
жаңбырлық:
секундтық шығындар

= 3.42 лс 1

Мұнда:
Zmid – ағын коэффициентінің орташа мәні
п.2.17 СН және Е 2.04.03-85;
п-4 СН және Е 2.04.03-85 кестесімен анықталатын деңгей көрсеткіші;
т-4 СН және Е 2.04.03-85 кестесімен анықталатын жаңбырдың орташа жылдық
мөлшері;
Р-п.2.13 СН және Е 2.04.83-85 жаңбыр қарқындылығының бір реттік көтерілу
деңгейі;
Ғ – ағын ауданы, га;
Деңгей көрсеткіші, 4 СН және Е 2.04.03-85 кесте
Т – жаңбырдың ұзақтылығы, мин.
Асфальтбетонды территорияның суғару ағыны тәуліктік

Qтәу=0.7*g*F*10-3 = 0.7* 1.2*600.0* 10-3 = 0.5 м3тәу жылдық

Qжыл=Qтәy*150=0.5*150=75 м3жыл.

Ақаба сулардың құрамы және мөлшеріне байланысты пайдалануда ең арзан,
қарапайым әдісі ретінде ақаба сулардың механикалық әдісі қабылданған.
Тазарту қондырғыларының құрамы: тұндырғы, пенополиуретанды жүктемесі бар
фильтр.
Ақаба суларды тазалау әдісі, тазарту қондырғыларының құрамы, тазалау
эффективтілігі, тазалаудан кейінгі қалған ластану сипаттамасы анықталған.
Тазалаудан кейін ақаба сулар территорияны және жасыл желектерді
суландыруға қолданылады.
Тұндырғыдағы ластаушы заттар мөлшері:
өлшенген заттар 117,6-11, 8=105,8 кгжыл
мұнай өнімдері 19,6-2,94=16,7 кгжыл
Фильтрдегі ластаушы заттар мөлшері:
Өлшенген заттар 11,8-0,23=11,57 кгжыл
мұнай өнімдері 2,94-0,06 =2,88 кгжыл
Барлығы 14,45 кгжыл
Фильтр жүктемесінің көлемі 0,3 м3
Фильтрдің ластаушы заттар сыйымдылығы:
өлшенген заттар - 50 кгм3
мұнай өнімдері - 33 кгм3
суммарлық ластаушы заттар сыйымдылығы 83*0,3=24,9 кг
0,3 м көлеміндегі өңделген фильтрлер көмір жағатын қазандары бар
мекемеге келісім бойынша жағуға жіберілді.
Фильтрлік жүктемені ауыстыру 2 жылда бір рет жүргізіледі.
Ластанудан жер асты және жер беті суларын қорғау мақсатында ғимараттарға
өту жолдары және қондырғалар асфальтбетонды қылып жоспарланған.
Болатты контейнерлік блоктар темірбетонды поддонда сыйымдылығы 8 м3
авариялық төгілулер жинағына авария кезінде кездейсоқ төгілген мұнай
өнімдерін бұрумен бекітілген.
Жер бедерінің ұйымы мұнай өнімдерімен ластанған беткі суларды тазарту
қондырғыларына бұру есебімен тазаланған сулар территория және жасыл
желектерді суаруға қолданылады.
Құбырлар және ЖБ қондырғылар негізінде құмтасты дайындау және
утрамбалданған табиғи грунт қызмет етеді.
Канализациялық құдықтар және ЖБ-тің басқа жер асты қондырғылары
күшейтілген гидроизоляциямен жабылады.

2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына әсері

Өзекті геологиялық проблема топырақ грунттарына ластаушы заттардың әсері
болып табылады. Ластаушы заттар геологиялық ортаға резервуарлардан,
арматурадан, құбырлардан шығу нәтижесінде және автокөліктерге бензин
құйғанда оның төгілу нәтижесінде түсу мүмкін. Топырақ грунттарының
ластануының түзілуіне нақты рөлді атмосферадан түсетін жауын-шашындар және
Алматы қаласы бойынша автокөлік қозғалысы алады.
Герметикалық қондырғысы бар қазіргі ЖБ-де, жанармайдың жер асты суларына
ағып қосылу мүмкіндігі азайған, алайда жанармай колонкаларындағы және
жанармайдың шайылу алаңында ағу мөлшері жоғары болып қалады, 1 т бензинге
және 1 т дизелді жанармайға 50 г 14.78.80.
Автокөлік қозғалысы және атмосфералық жауын-шашын салдарынан беткі
ағынның жоғарғы ластануы тіркеледі. Ластанған беткі ағынның геологиялық
ортаға әсері, әсіресе құйынды канализация және ағынды тазалау болмаса
интенсивті болады. ЖБ мысал ретінде қарастыратын болсақ, қазіргі кезде
барлық ЖБ-де суды бұрудың жабық жүйелері мен тазарту қондырғылары жоқ.
Мұндай жүйелер бар болған жағдайда да газон және жарықтар арқылы жолдарда
ластанған ағынның бөлігі топырақ грунттарына түседі (көлемнің 10 %-нан 30 %-
ға дейін) ЖБ ауданында топырақ грунттарының күйін зерттеу жеткіліксіз. Бұл
топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы біздің елде нормаға
келтірмейтіндігімен түсіндіріледі. Геологиялық орта және биосфераға кешенді
әсерді зерттеу қажет.
Топырақтың ластануы негізінде топырақ бетіне атмосферадан түсетін
аэрозольдардың жинақталуы нәтижесінде жүреді. Мұнай өнімдерінің қүрамында
бензол, стирол, толуол, ксилол және т.б. сияқты қауіпті заттар бар
екендігін ескеру керек. Топырақ салыстырмалы түрде алғанда табиғи орта
болып табылады және оның ластануын сипаттайтын параметрлер әлсіз өзгереді.
Топырақ литосфераның беткі қабаты болып табылады және табиғи химиялық
құрамын едәуір бейнелейді. XX ғасырдың 30-жылдарында академик В.И.
Вернадский геохимиялық процестерді зерттегенде, топырақтың химиялық
құрамының өзгеруі тірі ағзаларға әсер ететіні анықталған. Көбінесе қоршаған
ортаның химиялық заттармен интенсивті ластану көздерінің маңында
қалыптасатын техногенді биогеохимиялық провинциялармен жұмыс істеуге тура
келеді. Егер оларды адамға қауіпті деңгейлермен, қоршаған ортаға жүктеме
есебімен бағаласақ, бірінші орындарда ауыр металдар, хлорланған
көмірсутегілер тұрады.
Соңғы жылдары биосфераның ауыр металдармен тығыздалуы өсуде. ВОЗ
эксперттерінің мәліметтері бойынша метелдардың едәуір таралауы мұнай
мекемелерінің , өндірістік объектілерінің айналасында жүреді.
Топырақтағы қорғасынның орташа құрамы 10 мгкг-дан, ал автожолдардың
маңында 700 мгкг-ге жетеді. Бұл территорияда ерекше ұсақ бөлшектерден
тұратын қорғасынның 80% шөгеді және бір айға дейін ауада айналады. Едәуір
қашықтықтарға әкетіледі. ЖБ және автотрассалардың қасында кадмий және
мырыштың фондық құрамы 2-3 есе көбейеді.
Жоғарыда айтылғаннан қазіргі кезде Алматы қаласы қоршаған ортасын
негізгі ластаушы заттар металдар болып табылады. Гео және биохимиялық
деструкцияға ұшырамай, ортада активті жылжитын металдар жасанды геохимиялық
провинцияларды түзе отырып, табиғи объектілерде (сонымен қатар топырақта)
жинақталады. Олардың арасында ерекше орынды металдар – тығыздылығы 5 гсм3
болатын химиялық заттар тобы алады. "Индекс стресстарының" токсикологиялық
бағалары бойынша ластаушы заттар арасында пестицидтерден кейін екінші
орынға ие болады және көміртегі тотығы, күкіртті ангидрид, фотооксиданттар
сияқты кең таралған ластаушы заттардан алдыңғы қатарда. Болашақта олар
атомды электростанция және органикалық заттар қалдықтарынан кейін ең
қауіпті ластаушы заттар болу мүмкін.
Ауыр металдардың жылжымалы формасы топырақ кескінінде тең емес таралады.
Ауыр металдарға қатысты гумусты қышқылдар ауыр металдармен бірге кешенді
органико-минералдық қосылыстар түзуі мүмкін. Кешенді бола тұрып олар аз
қозғалмалы болады. Дәл осы жағдайға байланысты топырақтың жоғарғы, яғни
гумусталған қабатында ауыр металдардың жоғары құрамы түсіндіріледі.
Сондықтан беткі қабаттар талдауының (10-12 см-ге дейін) нәтижелері
топырақтың ауыр металдардың суммалық түсуін ластаушы көзі әрекетінің барлық
кезеңі бойынша көрсету мүмкін.
Қазіргі кезде топырақта жекелеген элементтердің табалдырықты
концентрациялары анықталған және олардың қатынастарына тәуелді мәліметтер
бар. Мысалы, Сu, Zn, Со Nі-дің улылығын төмендетеді, ал қорғасын
кобалытікін төмендетеді.
Сонымен қатар көптеген зерттеушілер қоршаған орта объектілерінен ағзаға
түсетін бірнеше ауыр металдардың бір уақыттық әсері адам ағзасына кешенді
әсер етеді. Мұнымен бірге эффектілердің суммалауы сияқты потенциалануы
байқалады.
Қорғасынмен ластану қоршаған орта объектілеріндегі, топырақтағы ең улы
және қауіпті химиялық элементтердің бірі болып табылады, соңғы онжылдықта
нақты зерттеулердің нысаны болды. 1 кг топыраққа тәулігіне орташа 10,5-7 кг
қорғасын түседі. Алматы қаласының топырақтарында қорғасынның максималды
құрамы 56-66 мгкг-ға жетеді. Алматы қаласының ластанған ауданының
жекелеген аумақтарында топырақтағы қорғасын деңгейі мөлшерлі нормативтен 5-
10 есе асқан. Канализациялық ағындар лайларында қорғасын концентрациялары
фоннан 3-25 есе артып, 20-дан
500 мгкг-ды құрайды.
Алматы қаласының қоршаған орта ластануының негізгі компоненттері болып
күкірт-сутегі, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, көмірсутегілер, азот
диоксиді, күйе, бензапирен табылады. Олардың салдарынан топырақ құрамы
бұзылады, оның физико-химиялық құрамы өзгереді.
Авариялық төгілулермен күресуге ерекше назар аудару керек, өйткені олар
лезде және күтпеген жағдайда жүреді, тұрақты ластанудан айырмашылығы -
табиғи ортаның бейімделу мүмкіндігін тудырмайды 8.

2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі

ЖБ-нің өзінің автокөлігі жоқ, атмосфераға шығарылатын зиянды заттар
мөлшері жанармай құятын көліктердің есебімен жүргізілді. ЖБ-де жанармай
құятын автокөліктердің орташа мөлшері:
Карбюраторлы - 60 бірліктәулігіне, яғни жылына 21900 бірлікті құрайды;
Дизельді – 10 бірліктәулік, яғни жылына 3650 бірлік құрайды; ЖБ
территориясында автокөлік өту қашықтығы 50 м-ге тең. Бензиннің орташа
шығыны 100 км-ге 12 литр. Дизельді жанармайдың орташа шығыны 100 км-ге 15
литр құрайды.
Зиянды заттардың жылдық қалдықтарының есебі жанармайдың жалпы шығыны
бойынша жүргізілген кесте 3.
Сондай-ақ автокөлік қалдықтарының құрамындағы зиянды заттар тізбегі
сурет-5 және автокөлік қалдықтарының құрамы анықталып сурет-6 диаграмма
түрінде көрсетілген.

Кесте 3 Зиянды заттардың жылдық қалдықтарының есебі (жанармайдың
жалпы шығыны бойынша жүргізілген)

Жанармайдың Жанармай Ластаушы зат
Жанармай түрі меншікі шығыны, тжылқалдығы,
Ластаушы заттар атауы шығыны, тжыл тжыл
Этилденбеген бензин
Көміртегі оксиді 0,42 0,1 0,042
Көмірсутегілер 0,046 0,1 0,0046
Азоттың қос тотығы 0,027 0,1 0,0027
Күкіртті ангидрид 0,002 0,1 0,0002
Альдегидтер 0,0012 0,1 0,0001
Күйе 0,0011 0,1 0,0001
Бензапирен 0,1*10-6 0,1 1*10-8
Дизельді жанармай
Көміртегі оксиді 0,47 0,02 0,001
Көмірсутегілер 0,019 0,02 0,0004
Азоттың қос тотығы 0,033 0,02 0,001
Күкіртті ангидрид 0,010 0,02 0,0002
Альдегидтер 0,0034 0,02 0,0001
Күйе 0,0034 0,02 0,0002
Бензапирен 0,14*10-6 0,02 0,3 *10-8
Ингредиенттер бойынша қалдықтардың суммалық мәндері
Көміртегі оксиді 0,043
Көмірсутегілер 0,005
Азоттың қос тотығы 0,037
Күкіртті ангидрид 0,0004
Альдегидтер 0,0002
Күйе 0,0003
Бензапирен 2,3 *10-8
барлығы 0,053
Автокөлік қалдықтарының құрамындағы зиянды заттар тізбегі (%) есебінде

Сурет 5

Автокөлік қалдықтарының құрамы (%) есебінде

Сурет 6

2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау

Өндіріс қауіптілігі категориялары атмосфераға тасталатын зиянды заттар
массасы және түрлі құрамына байланысты келесі 2-ші формуламен анықталады:
2

Мұнда:
М1 – бірінші зат қалдығының массасы, тәулікжыл;
МШШ – бірінші заттың орташа тәуліктік мөлшерлі шектік шамасы;
n - өндірістен шығатын ластаушы зат мөлшері;
а – зияндылық деңгейін сәйкестендіретін өлшемсіз константа.
МШШ-ның орташа тәуліктік мәндері болмағанда МШШ-ның максималды бір
реттік мәндері қолданылады. КОП шамасы бойынша өндіріс кәсіпорындарын
қауіптіліктің 4 категорияларына бөледі:
І – КОП 10
ІІ – 10КОП10
ІІІ - 10КОП10
ІV - КОП10
Көміртегілер – 0,224 гжыл, а=0,9, МШШ=1,5. КОП = (0,2241,5)0,9 =
(0,15)0,9 = 0,181
КОП = 0,181 103, өнеркәсіп қауіптілігін ІV категориясына жатады.
Өндірістік кәсіпорнының қауіптілік категориясына жоғарыдағыдай анықтау
бойынша Алматы қаласында қызмет ететін мекемелер қатарына ұсынуға болады.
Алматы қаласының тұрғындары 1,5 млн. асып кетті. Бұл қаланың ластану
жағдайы өте нашарға жатады. Мысалы, формальдегид пен шаң-тозаңның құрамы
гигиена-санитарлық деңгейден 1,5-2 рет жоғары, бензапирен – 7 есе көп.
Қаланың орталығында 9,12 және 17 бақылау нүктесінде, әсіресе автокөліктің
топтасқан жерінде, бұл химиялық қоспалардың деңгейі 2 есе көбейеді.
Бақылау нүктелерінде бір жылдың ішінде бензапиреннің қоспасы рұқсат
етілген деңгей шамасынан 9-13 есе артық шығады. Басқа аймақтармен
салыстырғанда қаланың оңтүстік жағында ауаның ластануы 2-4 есе кем. Бұл
жағдай Алматы қаласында оңтүстіктен және шығыстан соғатын желге байланысты.
Бұндай желдің қайталануы қаңтар айында 23%, ал шілдеде 45% болады.
Қаланың ең басты ластану жағдайы автокөлік газына байланысты.
Атмосфераның төменгі жағында лас химиялық заттардың 77% қоспасы түседі.
Оның үстіне теміржол көлігінің лас заттары атмосфераның 1-2 метр деңгейден
жиналады.
Энергетикалық мекемелер қаланың ластауына көп әсер етеді. Мысалы, басқа
кәсіпорындармен салыстырғанда бұл объектіден 40%-ға дейін жететін заттар
бөлінеді.
Алматыда саны 6-8 мыңға жететін газ, шаң-тозаң жұтатын жүйе бар, бірақ,
өкінішке орай, олардың көбі қазір не сынып жатыр, не болмаса айтарлықтай
эффект бермейді.
Мінеки, жоғарыда айтылғандар қалада тұратын адам денсаулығына зиянды
факторлар ретінде бұларға қарсы күрес жүргізудің маңызы зор. Бұл мәселелер
біздің жанадан тәуелсіздік алған елімізде жалпы мемлекеттік тұрғыдан
қаралып, шешілуі керек. бұған Қазақстан республикасының денсаулық сақтау
туралы заңдары негіздерінде осы зиян заттардың шудың тербелістің т.б. адам
ағзасына зиян келтіретін факторлардың алдын алу және оны жою үшін арнаулы
құжаттар шығаруы дәлел бола алады.
Алматы қаласында "Гидрометтің" мәліметі бойынша тигізетін әсері туралы
бірнеше ғана химиялық заттардың (шаң, мырыш, қорғасын т.б.) фондық
концентрациясы анықталады. Басқа да, саны 100-ге жететін қолайсыз, ауаны,
суды, жерді ластайтын заттардың сапасын анықтайтын жұмыстар жүргізілмейді.
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінен жинақталатын су қоры (водозабор)
эпидемиялық, гигиеналық, санитарлық жағынан қарағанда өте нашар, лас. Үлкен
Алматы, Казачка, Проходная дейтін су қорында санитарлық қорғау немесе түнде
қорғайтын ұйым жоқ, олардың айналасы адамдар демалатын жерлерге айналып
кеткен.

2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты геоэкологиялық
құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында)

Алматы қаласының атмосфера ластануының жоғарғы аясы көбінесе осы
аймақтың қазаншұңқырлы жер бедері жағдайындағы жер бетіндегі ауа
температурасының инверсиясымен және жердің тымық тәртібімен байланысты.
Қаланың ауа бассейінінің интенсивті ластануына атмосфералық жауын-
шашынды және шаң тозаңның таралуын алған сынаманың мәліметтері бойынша
геохимиялық бақылауларында көрсетілген.
Техногенді заттардың атмосфераға таралуы қоршаған ортадағы объектілерде
(топырақта, суда, өсімдікте) геохимиялық алаңдарда ластандыру көздерін
қалыптастырады. Ауа бассейіндері жөніндегі мәліметті атмосфералық жауын-
шашын және шаң-тозаңның құрамын анықтау арқылы білуге болады. Бұл әдіс
қаланың территориясындағы ауа бассейінінің жағдайына баға беру үшін
қолданылады.
Атмосфераның жағдайына баға беруде қоршаған ортаға түсетін шаң-тозаңның
көлемі белгілі бір уақытта, белгілі бір ауданға түсетін шаң-тозаңның
көлеміндегі ласты заттармен өлшенеді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мынандай нәрселерді анықтауға мүмкіндік
береді. Химиялық элементтердің жерге түсу мөлшері таулы аймағында 10 кгкм2
және жазықта 20 кгкм2 , оның 75 пайызы суда еритін тұздар екен. Алматы
аумағында қоршаған ортаға түсетін ауа бассейінінің шаң-тозаңмен ластану
дәрежесі, оңтүстіктен солтүстікке қарай өсіп отыратыны анықталады.
Шаң-тозаңның өсуі өнеркәсіп алаңдарының орналасуына байланысты.
Ластандыру көздерінен шаң-тозаңның таралуына өсімдіктер кедергі болып
табылады. Қала саяжайларындағы жасыл желектер жылына бір га 70 т
атмосферадағы шаң-тозаңдарды жұтады.
Алматы аудандарындағы ауа бассейініндегі шаң-тозаң құрамындағы
металдардың мөлшері (мырыш, марганец, қорғасын, мыс т.б.) жердегі қалыпты
топырақтың құрамындағы металдар үлесіне қарағанда бірнеше есе артық екені
анықталады.
Алматы қаласының атмосферасы - өнеркәсіптік ландшафттар атмосферасына
жатады. Оның құрамында техногенез әсерінен қатты және сұйық аэрозольдер
бөлшектерін, яғни күйелердің, шаңның, қышқылдардың күрт артуы байқалады.
Антропогенез атмосфера құрамында СО2-нің артуын анықтайды, және де
атмосфераның көптеген бөтен ингредиенттерімен ластануына әкеледі
Атмосфералық ауаны ластандырудың өнеркәсіп көздерінен болатын
экономикалық шығындарының ірілендірген бағасы Қазақстан Республикасының
министрлер кабинеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы
төралқасының, халық шаруашылығының қоршаған ортаға келтірген зиянының
экономикалық тиімділігін анықтаудың уақытша типтік методикасы туралы
қаулысына сай Алматының табиғатын қорғаудың территориялық кешенді схемасын
жасау процесінде ауаны ластаудан болатын шығынмен есептейді, қаладағы ауа
бассейініндегі ластаудың 10 пайызы өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.
Қала үстінде қалқып жүрген заттардың химиялық құрамына анализ жасап
қарағанда онда көмірсутегі, азот тотықтары бар екені анықталған. Олар
ауадағы басқа да қосылыстар мен реакцияға түсіп, өте улы газдар түзеді. Бұл
химиялық қосылыстар адамның, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің
генетикалық ерекшеліктеріне өте зиянды әсер етеді. Нәтижесінде ауада түтін,
шаң-тозаңдардың мөлшері артты.
Ауаны көмірқышқыл газымен ластауда, басты кінә автокөліктер болып отыр.
Автокөліктер негізгі отын ретінде қолданылатын жанармайдан улы газдар
(қорғасын, көмірқышқыл газы, күкірт, формальдегид т.б.) шығады.
Алматы қаласында геожүйенің экологиялық реттейтін нормативтік мөлшерлі
шекті шамамен салыстырғанда күйе 1,4-2 есе, шаң 2-6 есе, азоттың қос оксиді
3,6 есе артып отыр. Соған байланысты Алматы қаласында атмосфераның жер
бетіне жақын қабатының жоғарыда атап кеткен заттардың ластау деңгейін сызба
нұсқа ретінде ұсынамыз сурет 7,8.
Қорытып айтқанда өндіріс орындарының ауаның құрамына жіберетін керексіз
улы заттарды шығару мөлшері әлі де белгіленген санитарлық шамадан ондаған
есе артып жатыр.
Алматыда шаң-тозаң қалдықтары жиналып, ауаны ластай бастайды. Қаланың
төменгі жағында қимылсыз тұрған ауаның қалыңдығы 300-400 метрге жетсе, тау
жағында 100-200 метр болады.

Алматы қаласындағы ластаушы заттардың атмосфераға тастандысы (мың тонна)
есебінде

Сурет 7

Алматы қаласының атмосферасының күкіртті ангидридпен ластану
көрсеткіштері (мың тонна ) есебінде

Сурет 8

Қыста атмосфералық ауаның қысымы жоғары болғандықтан желсіз күндер
көбейіп ауада жиналған шаң-тозаң қалаға қайтадан түседі. Күн сайын аспаннан
келетін шаң-тозаң мөлшері 125-130 тонна шамасында болады.
Алматының орналасқан жерінің ерекшелігін ескере отырып, мұнда өндірістің
қалдықтары аз технологияларды енгізу, газбен шаңды ұстайтын қондырғылар
қою, күлі аз көмірді отқа жағу, тағы басқа химиялық зиянды қалдықтарды
тазарту шараларын іске асыру арқылы қаланың ауасын таза ұстауға болады. Ол
үшін:
– Алматы табиғатына антропогендік әсерлердің салдарын алдын алу;
– Алматының айналасындағы табиғи ресурстарды шаруашылыққа пайдалануының
орынды кезектілігін қарастыру;
– Тау өңіріндегі және басқа рекреациялық-сауықтыру мақсаттар есебімен
Алматының табиғи ресурстарын дұрыс пайдалану керек.
Алматы өнеркәсіптік ауданы шегінде табиғат өзгерістерге ұшырады. Соның
салдарынан қоршаған ортаның жағдайы стандартқа сай келмейді. Таулы және тау
маңындағы орналасқан санаторий, курорттарда, ресторандарда т.б. сол сияқты
жерлерде су тазартқыш желілер жоқ. Жоғарыда аталған объектілер су қорғау
аймағында жатыр, сондықтан бұл талаптарды бұзу өте қауіпті екенін ескеру
қажет, өйткені мұнда жер асты және жер беті су көздері түзіледі сурет 9.

Алматыдағы өнеркәсіп кешенінің қалдықтар концентрациясы

Сурет 9

Тікелей су шығару конусында жер асты суын пайдалану аймақтың бастапқы
кездегі су деңгейінің 40 метрге дейін төмендеуіне алып келді.
Сондықтан тау етегінде сайға жиналған шөгінділердің астындағы жер асты
суларымен түйіскен жерінде территориялық ауқымның ені 1 км-ге дейін және
ұзындығы 20 км жуық жерде жер асты суын ағыны аймағының түзелуіне алып
келді. Мұнда сайларға қоқырсық қалдықтар тасталып жатыр, ағын сулар жауын-
шашынның жерге сіңуі, ал бұрынғы құдықтардың көпшілігі әжетханаға айналған,
бұл жерде айта кететін жай ластандырғыш заттар сумен араласып сулы
горизонттар түсуі мүмкін.
Су ағындарының химиялық құрамы әр түрлі, бұлардың көпшілігі барлық тірі
организмдерге қауіпті химиялық қосылыстар түзуі әбден мүмкін. Мысалы үшін
Сайран су қоймасының жер асты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Аймақтық экономикалық құралдар
Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарындағы әлеуметтік - демографиялық мәселелер
УРБАНДАЛҒАН АУМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қалалардың орналасу факторы
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Экономиканы басқарудың жаңа бағыты – кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер