Павлодар облысын геоэкологиялық аудандастыру негізі (Ақсу ауданының мысалында)


Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік проблемаға айналып отыр. Ал оның ең өзекті мәселелері тек қана мемлекеттік шаралар негізінде шешілуге тиіс. Өйтпейінше адамзат цивилизациясы жасаған бар игіліктің қатып кетуі де ғажап емес.
Қоғам мен табиғат бір - бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жекедара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қазақстанның жеке аймақтарының табиғаты, бізді қоршаған табиғат сияқты, өзара тығыз байланыста болатын және өзара әсерлескен табиғат компоненттерінен: - жер бедері, геологиялық құрылысы, ауасы мен суы, топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінен тұрады. Табиғат комплексін көп жағдайда табиғи - территориялық комплекс немесе табиғи ландшафт деп атайды. Республиканың алабында дамыған табиғи - территориялық комплекстер біріне бірі ұқсамайды. Табиғи - территориялық комплекстердің обьективтілігін танитын болсақ, Павлодар облысының экологиялық - географиялық аудандастырылудың үлкен ғылыми -практикалық маңызы бар.
Зерттеудің мақсаты : Ақсу қалалық әкімшілігі аумағының экологиялық жағдайына сипаттама беру негізінде аймақтың экологиялық - географиялық тұрғыдан аудандау мәселесін нақтылау.
Зерттеудің міндеттері: Павлодар облысының экологиялық - географиялық аудандастырудың негізінде Ақсу қалалық әкімшілік аймағының экологиялық - географиялық тұрғыдан аудандастыру мәселесін қарастыру.
- экологиялық - географиялық аудандастырудың ғылыми принциптері мен әдістерін қарастыру;
- аймақ дамуының табиғи - ресурстік алғышарттары мен әлеуметтік -экономикалық ерекшеліктерін сипаттау;
- аймақ территориясының қазіргі аудандастыру сызбалары арқылы Ақсу қалалық әкімшілік аймағының экологиялық аудандастыруын айқындау.
- экологиялық - географиялық аудандастырудың ғылыми принциптері мен әдістерін айқындау;
- аймақ дамуының табиғи - ресурстық алғышарттары мен әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін сипаттау;
- аймақ территориясының қазіргі аудандастыру сызбаларын талдау.
Зерттеудің көздері . Өлке - аймақтарды аудандастыру мәселелері өте аз қарастырылған мәселе десек қателеспейміз. Көбінесе ресейлік ғалымдардың еңбектеріне арқау болатыны байқалады. Атап айтқанда: физикалық -географиялық аудандастырудың алғышарттары В. Н. Татищев, А. Н. Радищев, А. Ф. Бишинг, Х. А. Чеботарёв, Е. Н. Зябловский, К. И. Арсеньев еңбектеріне арқау болады. Аудандастырудың аналитикалық кезеңі ғалымдар Р. Э. Траутфеттер, Н. А. Бекетов, Н. А. Северцев, А. И. Воейков, С. Н. Никитин еңбектерінде қарастырылады. Синтетикалық аудандастыру мәселелері - Г. И. Танфильев, П. И. Броунов, А. А. Крубер, Л. С. Берг, В. П. Семенов Тянь - Шаньский еңбектерінде назарға алынады. Физикалық - географиялық аудандастырудың кезеңдері ірі аймақтар бойынша Л. С. Берг, В. В. Ревердатто, Б. Ф. Добрынин, С. П. Суслов еңбектеріне арқау болады. Аудандастырудың қазіргі кезеңі Н. А. Солнцев, Ф. Н. Мильков, Н. И. Михайлов, Г. Д. Рихтер зерттеулерінде назарға алынады. Физикалық - географиялық аудандастыру шетелдерде Э. Д. Гербертсон, Д. Ф. Анстед, Е. Тейлор, А. Гетнер, Видаль-де-ля-Бланш, Л. Галлуа, З. Пассардің еңбектерінде де. Павлодарлық авторлардың ғылыми жұмыстары М. Тереник, Р. Қадысова, К. Нұрбаевтар еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің пәні : Павлодар облысының экологиялық - географиялық аудандастырылуы.
Зерттеудің нысаны: Ақсу қалалық әкімшілігі аумағының экологиялық жағдайы.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері : Зерттеуде дәстүрлі географиялық зерттеу әдістері мен тәсілдері жүргізілді: салыстырмалы - географиялық, картографиялық, статистикалық экспертиза әдістері. Экономикалық -географиялық аудандастырудың кешенді принциптері арқылы аудандастыру жүйесі тұжырымдалды. Сондай-ақ ғылыми басылымдардағы материалдарға сараптама мен экстраполяция әдісі кеңінен қолданылды
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Павлодар облысының аудандастырылу мәселесі хақында жеке зерттеу еңбек жоқ деуге болады. Сол себепті аталмыш дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижелерін институт, колледж студенттері қосымша деректер, мәліметтер ретінде пайдалануларына болады.
Зерттеу жұмысына қатысты тұжырымдар:
- аудандастыру мәселесі - территорияны белгілі бір жүйелерге бөлуге қатысты географиялық қағидалардың жиынтығы.
- Павлодар облысы аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарын дамыту - Қазақстанның экономикасының өркендеуіне қосылатын көрсеткіштер.
- Ақсу қалалық әкімшілігі аумағының экологиялық жағдайына ықпал етіп отырған факторлармен күрес - облыстың әр тұлғасы ат салысуы тиіс өзекті ахуал.
- Ақсу қалалық әкімшілік аумағының елді мекендерінің экологиялық - географиялық тұрғыдан жағдайларын шешу - халық игілігі үшін атқарылатын жүйелі жұмыстардың жүзеге асуы.
Зерттеудің құрылымымен көлемі: Дипломдық жұмыс бес тараудан, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.
1 Аудандастырудың теориялық негіздері
Аудандастыру - зерттелетін ауданды кем дегенде 2 өлшемге бөлінетін аумақтық ұяшықтың ерекшелік өлшеміне және оларды қанықтыратын өзара байланыстардың өлшеміне сай келетін таксондарға бөлетін әдіс. Аудандастыруды жеке және жалпы деп бөледі. Жеке аудандастыруда аумақтың тек жеке элементтері, ал жалпы аудандастыруда интегралдық элементтері ескеріледі.
Аудандастыру - қандай да бір өзара байланысты белгілерінің және құбылыстардың жиынтығы бойынша ерекшеленетін аумақ; Әдетте генезистің ортақтылығымен және географиялық қабықтың құрам-бөліктерімен, сондай-ақ ландшафт немесе қоғамдық өндіріс элементтерінің өзара байланысымен сипатталатын тұтас аумақ. Аудандастыру ұғымы - географияның ең негізгі ұғымы, ол кейбір жағдайларда әдістемелік және әдіснамалық әдістердің, ғылыми бағыттардың бастауы болып табылады, сол сияқты барлық географиялық пәндерде, сондай - ақ аудандастыру түсінігін қосымша сипат алатын ғылымдарда пайдаланылады [1]
Аудандастыру теориясы барлық географиялық ғылымдарды бір-біріне жақындатады. Аудандастыру - территорияны белгілі бір жүйелерге бөлу. Оларды бөлудің жалпы принциптері бар. Географияда географиялық объектілердің пайда болуы мен эволюциясы туралы үлкен топтамалар әдістердің бірі жасалған. Физикалық - географиялық аудандастыру ландшафтарды жүйелеудегі бірі, ландшафтардың неғұрлым жоғары дәрежедегі аумақтық жүйелерге өтуге саяды (ландшафтық аймақ физикалық -географиялық елдер, секторлар, белдеулер) .
Физикалық - географиялық аудандастыру. Республика аумағын табиғат жағдайларын ерекшеліктеріне қарай жеке аудандарға бөлу географиялық әдебиетте XIX ғасырдың бірінші жартысынан - ақ орын ала бастайды. Мəселен, Э. А. Эверсманның «Орынбор өлкесінің табиғи тарихы» (1840) деген еңбегінде Қазақстанның батыс бөлігі 3 табиғи өңірге бөлінеді. Олар: Орманды жəне таулы жерлер, Солтүстік жəне шығыс құнарлы кара топырақты далалар өңірі, Оңтүстік жəне оңтүстік батыс құнарсыз далалар. Қазіргі ландшафтық ұғым бойынша бұл өңірлердің біріншісі Оңтүстік Оралдың тау орманы мен орманды даланың солтүстігіне, екіншісі - орманды дала мен далаға, үшіншісі - шөлейт пен шөлге сəйкес келеді. Осы сияқты Қазақстанның жазықтық бөлігі А. И. Левшин «Қырғыз - қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» (1832) деген еңбегінде 7 табиғи өңірге бөліп, олардың əрқайсысының табиғат жағдайларының жан-жақты сипаттамасын берді. Бірақ аудандастырудың негізіне бірыңғай принцип алынбағандықтан оның бөлген аудандарының кейбіреуі зона іспеттес келсе (мысалға І - өңір), екіншілері табиғи аудан (мысалы Үстірт) сипатын алды. Тап осы кезде Ресейдегі геоботаника ғылымын негіздеуші И. Г. Борщов Арал - Каспий өлкесінің ботаникалык жағдайы еңбегінде (1865) Қазақстан аумағын ландшафтылық типологиялық негізде аудандастыру жөнінде тұңғыш қадам жасады. XX ғасырдың басында Қазақстанның жазықтық бөлігінде табиғат зоналарын бөлуді негіздеу үшін зоналық топырақ жəне өсімдік типтерімен қатар климаттық көрсеткіштер қолданыла бастады. Алғашқы метеорологиялық бақылау нəтижелерін қорытудың негізінде Б. А. Скалов Батыс Қазақстанды үш табиғат өңіріне бөліп, олардың əр қайсысына сипатты орташа температуралар мен жауын - шашын мөлшерін келтіреді (1907) . Дегенмен, Қазақстан аумағын шын мəніндегі физикалык географиялық аудандастыру Л. С. Бергтің еңбегінен басталады «Сібір мен Түркістанды ландшафтылық жəне морфологиялық облыстарға бөлу тəжірибесі», 1913 жылы ғалым аудандастырудың бір - бірінен бөлек 2 дербес таксономиялык бірлігін ұсынады. Олар ландшафтылық зоналар жəне морфологиялық бірлігін ұсынады. Қазақстанды физикалық географиялық аудандастырудағы жаңа кезең КСРО Ғ. А. Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің (СОПС) бүкіл Кеңес Одағын табиғи - тарихи аудандастыру схемасында орын алды. Бұл схемада аудандардың ең ірі бірлігі физикалық географиялық аймақ болып белгіленеді. Аймақ зонаға, өз кезегінде зона провинцияға бөлінеді. Қазақстан аумағы төрт жазықтық (Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты, Қазактың қатпарлы өлкесі, Тұран ойпаты) жəне екі таулы аймакқа (Алтай - Саян жəне Орта Азия таулыаймақтары) жатқызылады. Физикалық - географиялық таксономиялық бірліктердің көлемі мен шекарасына байланысты көзқарастардың əртүрлілігі көбіне көп аудандастырудың жоғарыдан төмен карай жүргізілуінде (яғни ірі бірліктерді ұсақ бірліктерге бөлу түрінде (аудан - аймақ - облыс - провинция т. с) . Шын мəнісінде ғылыми негіздегі аудандастыру типологиялық карталарды талдау арқылы əртүрлі типтегі ландшафтарды біріктіру жолымен жүргізілуі керек (яғни ұсақ бірліктерден ірілендіру арқылы физикалық географиялық аудан - провинция - облыс - аймақ белгіленуі керек) [2] .
Экологиялық аудандастыру антропогендік жүктеме дәрежесін анықтау негізінде экологиялық - демографиялық қысымның күйзеліс ошақтарын анықтауға, тұрғындардың өмір сүру қабілетінің деңгейін анықтайтын негізгі ландшафтық - экологиялық және әлеуметтік - экономикалық факторларды талдауға, халық тұратын экологиялық - демографиялық аудандарды талдап, бағалауға, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің бүліну үдерістерін төмендету мен экологиялық жағдайды сауықтыруға мүмкіндік береді, бұл ретте халықтың өмір сүру қызметі жақсара түседі.
Экономикалық аудан - жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. Ол өз кезегінде бірнеше әкімшілік - аумақтық бөлініс бірліктерін қамтиды. Экономикалық аудан бір - бірінен жер аумақтарының экономикалық -географиялық орналасу жағдайының, табиғат және еңбек ресурстарының шаруашылығының кешенділігі мен оның салалық мамандануының, өндіріс орындарының өзара ауданішілік тұрақты байланыстарының бірыңғайлы үйлесуімен, әрі олардың ел экономикасындағы маңызына қарай ерекшеленеді. Әдетте халқының еңбек дағдысына және табиғат жағдайына байланысты белгілі бір аумақтағы шаруашылықтың тиімді салалары бағытында дамуы барысында географиялық еңбек бөлінісі туындайды. Олармен тығыз байланыста басқадай қосалқы қызмет көрсетуші өндіріс салалары пайда болуы арқылы үлкен аумақты қамтитын экономикалық аудан дүниеге келеді. Кейбір экономикалық аудан бір бағыттағы өнімдер өндірсе, екіншісі көп салалы болады. Осылайша экономикалық аудан арасында үнемі қызмет пен өнімдер алмасуы нәтижесінде ауданаралық экономикалық байланыстар орнығады. Ел ішіндегі экономикалық аудандар жиынтығы, сол мемлекеттің жалпы ұлттық экономикасын құрайды. Халық шаруашылығының дамуы барысында экономикалық ауданның мамандану бағыты да өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа кен байлықтарының үлкен қорлары ашылуы немесе ірі өндіріс орындарының салынуларына байланысты. Осы себепті, экономикалық аудан құрамында іргелі өзгерістер болып, оның орналасу шекараларының өзгерісі нәтижесінде жаңа экономикалық аудан қалыптасады. Қазақстан, жер аумағының кеңдігіне және табиғи ресурстарының молдығына, табиғат жағдайларының әр түрлілігі мен әлеуметтік - экономикалық даму ерекшеліктеріне, негізгі белгілеріне қарай 5 ірі экономикалық ауданға (Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік) бөлінген. Еліміздің жер аумағын экономикалық география ғылымы тұрғысында аудандастырудың негізін қалаған ғалым - географтарға Н. Н. Баранский, Б. Я. Двоскин т. б. жатады. Кез - келген экономикалық ауданның экономикалық -географиялық сипаттамасы төмендегі жоспар бойынша беріледі:
- экономикалық аудан құрамы, оның шекаралары;
-экономикалық-географиялық жағдайлары мен ресурстары, оларға шаруашылық тұрғысынан баға беру және тиімді пайдалану мүмкіндігі;
- халқы және еңбек ресурстарының орналасу ерекшеліктері;
- шаруашылығының дамуындағы тарихи алғышарттар;
- шаруашылығының, оның ішінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының мамандануы мен орналасуы;
-өндірісті орналастыру формалары (аумағы - өндірістік кешен, өнеркәсіп тораптары, өндірістің шашыраңқы орталықтары, т. б. ) ;
- ірі қалалары;
- экологиялық жай - күйі;
- сыртқы байланыстары және экономикалық ауданның даму болашағы.
Гидрогеологиялық аудандастыру - жер қыртысын геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерге, жер асты суларының пайда болу, таралу, алмасу жағдайларына қарай біртектес табиғи аудандарға бөлу. Гидрогеологиялық аудандастыру арнаулы және жалпы гидрогеологиялық аудандастыру болып екіге бөлінеді. Арнаулы гидрогеологиялық аудандастырудың түрлері көп: мелиоративтік гидрогеологиялық аудандастыру, минрералдық немесе ыстық сулар ауданы, жер асты суын табиғи немесе пайдалану қорына қарай аудандастыру, т. б. Жалпы гидрогеологиялық аудандастыру жер асты гидросферасын тұтасынан алып, оның грунт және артезиан сулы қабаттарын біріктіріп топтастыру негізінде жүргізіледі. Мұндай гидрогеологиялық аудандастыруда жер бетіндегі өзгерістер есепке алына отырып, жер қабығының тектоникалық құрылымы, гидрогеологиялық ерекшеліктері, жер асты суының қалыптасуы мен ағын бағыттары ескеріледі. Бұл бағытта гидрогеологиялық аудандастыру гидрогеологиялық массив (таулы, қыратты аймақтар) және гидрогеологиялық алап (жазықтар, тау аралықтары) бойынша жүргізіледі. Гидрогеологиялық массивтерде кристалдық іргетас жер бетіне шығып жатады, оның қойнауындағы жер асты суы аса тереңде болмайды. Гидрогеологиялық алаптарда бұл табантасты қабат кейінгі геологиялық кезеңдерде пайда болған теңіз, өзен - көл шөгінділерінің астында 10 - 20 км - ге дейін тереңдікте жатады. Оның қойнауындағы жер асты сулары әр тереңдікте қалыптасады да арыны күшті болады. Қазір республикада гидрогеологиялық аудандастырудың жаңа құрылымдық - гидрогеологиялық әдістемесі жасалған. Оның негізінде Қазақстан жері 10 гидрогеологиялық ауданға бөлінеді. Олардың төртеуі гидрогеологиялық массивтерді (Жетісу Алатауы, Тянь - Шань, Алтай, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Орал - Мұғалжар, алтауы гидрогеологиялық алаптарды (Каспий - Маңғыстау, Үстірт, Торғай -Арал, Шу - Сарысу, Солтүстік Қазақстан жазықтары, тауалды және тауаралық жазықтар) қамтиды. Гидрогеологиялық аудандастыру жер асты суының қалыптасу жағдайын, оның қорын дұрыс анықтауға, тиімді пайдалану шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Аумақты сейсмикалық аудандастыру мақсаты үшін аумақтың неотектоникалық белсенділігі мен сейсмикалығы құрылымдық жағдайы, стратиграфиялық және литологиялық кешендерінің болуы, олардың құрылысы, орналасу заңдылығы мен қуаты (алаңның өзгеруі мен бөлігі бойынша) тұрғысынан оның геологиялық құрылысы талданады.
- Су шаруашылық аудандастыру барысында алынған мәліметтер шаруашылықтың негізгі түрлеріне сай аумақты су ресурстарымен қамтылу деңгейі бойынша бөлуді іске асыруға, сонымен қатар тұрғылықты жердің ағымдағы және перспективалық сумен қамтамасыз етілуін бағалауға мүмкіндік береді. Функционалдық аудандастыру оның қала құраушы базасын анықтайтын аумақтың ағымдық және перспективалық бейінді мамандануын көрсетуді көздейді.
Ауданды функционалдық аудандастыру мыналарға бөлінеді:
- өнеркәсіптік аудандастыру;
- ауыл шаруашылық аудандастыру;
- көліктік аудандастыру;
- рекреациялық аудандастыру;
- ғылыми - технологиялық аудандастыру;
- сервистік аудандастыру.
Өнеркәсіптік аудандастыру өнеркәсіп салалары объектілерінің аумақтық бөлінісі ескеріліп жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық аудандастыру агроөнеркәсіптік өндірістің әр түрлі факторлары бар ауыл шаруашылық аудандардың типологиясын ескереді.
Көліктік аудандастыру үшін көлік желісі мен олардың түйіндерін орналастыру орны ретіндегі аумақтардың мәні маңызды болып табылады.
Рекреациялық аудандастыру рекреациялық ресурстардың қолданыстағы ареалдарын ескереді.
Ғылыми - технологиялық аудандастыру аумақтар типологиясын олардың ғылыми - техникалық даму деңгейі, ҒЗТКЖ саны мен сапасы, өндіріс пен инновацияларды енгізу деңгейі, экономикалық дамуда ғылым мен технологиялық дамудың болуы және аталатын орны бойынша қарастырады.
Сервистік аудандастыру «қызметтер экономикасының», қаржы - банк саласының, сауда және өзге қызмет көрсетудің даму деңгейі бойынша аумақтар бөлінісін көздейді.
Экономикалық аудандастыруда алғашқыда өндіруші күштерді (қуаттарды) орналастыруды талдауға арналып бөлінген аумақтық таксономикалық бірліктер аудан ретінде қарастырылады.
2 Павлодар облысы аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстары
Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтар айында құрылған. Қазіргі кездегі облыс аумағының жалпы ауданы 124, 7 мың км 2 .
Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығыс бөлігінде (49 0 55’ - 54 0 27’ с. е. және 73 0 16’ - 79 0 56’ ш. б. аралығында), орманды дала, дала және шөлейт зоналарында, Ертіс өзенінің орта ағысы маңында орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен (Алтай өңірі, Новосібір және Омбы облыстарымен) батысында - Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы және оңтүстік және оңтүстік - батысында Қарағанды, оңтүстік - шығысында - Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі.
- Жер бедері. Павлодар облысының бедері, басқа жерлер сияқты ұзақ жылдар бойындағы жердің ішкі және сыртқы күштердің өзара қақтығысуларынан қалыптасқан. Облыс аумағының үлкен бөлігі 110 - 200 м биіктіктердегі Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде (Ертіс маңы жазығы) жатыр, ол солтүстікке қарай аздап еншіктеу келген. Облыстың оңтүстік - батысына Қазақ ұсақ шоқыларының солтүстік - шығыс бөлігі енеді.
Павлодар облысы шегіндегі Қазақ ұсақ шоқылары (Сарыарқа) аумағын екі провинцияға: оңтүстік - батыс және оңтүстік деп айыруға болады. Сарыарқаның оңтүстік - батысына Баянауыл, Екібастұз, Майқайын аудандары кіреді. Бұл провинцияға тән қасиет ұсақ шоқылардың бедерінің күшті ыдырауы, ала таулардың жекеленген үйінділерінің көп болуында. Орташа абсолюттік биіктік 400 - 600 м - ге дейін байқалады. Баянауыл аудандарында жеке биік таулы массивтер мұнарланады. Ақбет тауы биіктігі 1026 м. Баянауыл тауларының оңтүстік шығысындағы Қызылтауда Павлодар облысының ең биік нүктесі - Әулие тауы (1055 м) орналасқан. Аумақ каледон қатпарлану зонасында орналасқан және ондағы басты жағдай шөгінді, жанартаулық (құмтас, порфирит, гранит) жыныстарынан құралған.
Аласа таулы ландшафтың көп бөлігі дала бейнесінде. Бедер кескіндеу жерінде ішкі күштердің әсерінен пайда болған гранитті үйінді болып көрінеді: Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері тауаралық қазаншұнқырларында орналасқан.
Сарыарқаның оңтүстік провинциясы Май ауданының зонасы кіреді. Тау шоқыларының жер бедері тектоникалық көтерулер кезінде пайда болған. Солтүстік жағалау бөлігінің орташа биіктігі 200 - 300 м.
Павлодар облысында орналасқан Батыс - Сібір жазығының аумағы төрт бөлікке бөлінген: Ертіс бойы, Құлынды, Барабинск және Ертіс.
Ертіс бойы провинциясында Май, Лебяжі, Ақсу, Ақтоғай, Павлодар және Қашыр аудандары орналасқан. Бұл көлбеу - сәкілі жазық, Ертіс аңғарымен қақ екі бөлікке бөлінген. Жазықтың биіктігі оңтүстік батыстан өзеннің оңтүстік шығысына қарай 200 м - ден 110 м - ге дейін төмендейді. Жазықтың ірі қалың өзен шөгінділері (құм, саз, гравий) неогендік кейбір жерлерді тұзды саздар құрайды. Жердің көп бөлігі тал тәрізді соқпақты көлбеу жазық, біразы мыралы.
Құлынды провинциясының көп бөлігі Алтай өлкесінде және Павлодар облысының Успенка, Шарбақты, Лебяжінің бөлігі, Қашыр ауданының жерлерінде жатыр. Мұнда Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі - Құлынды жазығы абсалюттік 100 - 130 м орналасқан. Құлынды аймағы шөгінді жыныстардың қалың қабаттарымен қабатталған. Оның астында неогендік саз, су ұстағыш қабат орналасқан [8] .
Барабинск провинциясы Железинка ауданының оңтүстік - шығыс бөлігінің жерін алып жатыр. Абсолюттік биіктіктері: 100 - 120 м. Оның үстіңгі қабаты бөлшектеніп, биік емес жолдарға және көлдер мен батпақ немесе кең ойпаттарға бөлінген. Қалың құм - саздың астында қалыңдығы (5 - 10 км) су ұстағыш тұзды неогендік саз жатады.
Ертіс провинциясы облыстың солтүстік батыс бөлігін (барлық Ертіс ауданы мен Железинка ауданының Ертіске жақын жерлер) алып жатыр. Бұл провинцияға тән жағдай жер бедерінің тегіс жазық, жайпақ сәлімі Ертіс аңғарына қарай түсуі. Орташа биіктігі 140 - 200 м.
Пайдалы кендері. Пайдалы қазбалардың саны мен алуан түрлігіне байланысты облыс Қазақстанның алдыңғы қатарларында орын алады. Қазіргі кезде облыста 12 полиметалл кен орындары ашылған, онда алтын, күміс, мыс, қорғасын, цинк, молибден, кобальт, кадмий, селен, телур, барий т. б. сирек кездесетін элементтер кездеседі. Екі ірі көмір бассейні, құм кен орындары, 80- нен астам құрлыс материал орындары бар Қазақстанда ірі каолин саздарының кен орындары ашылып, онда зерттеу жұмыстары жүргізулерде. Облыстық пайдалы қазбалары төрт топқа бөлінеді:
- металл;
- отын;
- бейметалл;
- құрлыс материалдары.
Полиметалл рудалары Майқайн топтарында кездеседі: Төртқұдық, Александровское, Бозшакөл мыс рудасы. Бозшакөл мыстан басқа молибден, алтын, күміс кездеседі.
Отын. Екібастұзда қоңыр көмір бассейні және Майкүбі тас көмір бассейн.
Бейметалл пайда қазбаларға тұз қара металлургияға қосымша шикізат, цемент шикізаты, әшекей тастар.
Құрлыс материалдар. Облыс бойынша астал құрлыс материал кендері орналасқан. Олар құрлыс тастары, құмдар, гравий, шыны шикізаты, т. б. шикізаттар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz