Қала атауларын өзгерту және оның салдары



... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Топонимикадағы атаулардың тарихы мен атаулардың өзгертулердегі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Жалпы топонимика ғылымының тарихы және топонимизация үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ойконимдердің сипаттамасы және атаулардың қалыптасуына ықпал еткен факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Географиялық атаулардың трансформациясы (өзгеруі) ... ... ... ... ... ...
1.4 Әлемдегі өзгертілген атауларға талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Қала атауларын өзгерту себептері және оның салдары ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қала атауларын өзгерту себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстандағы ауыстырылған қала атаулары және ономастикалық комиссияға талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қала атауларын өзгертудің экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қала атауларын өзгертудің әлеуметтік салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Қала атаулары – мақтаныш, рақымшылық, тамсану, таң қалу, өкініш және т.б осы секілді эмоция толқындары мен сезім гаммасын оята алады. Өздігінен қала атаулары көп мәнге ие және оған сақтаушылықпен қарау керек. Кезінде К.Г. Паустовский жазады: - «Атауды құрмет тұту керек. Атауды ең керек жағдайда ғана елдің білімділігі мен оған деген махаббат арқылы сауатты түрде ауыстыру қажет. Ал кері жасалған жағдайда сөз қоқысына айналып, ойлап тапқан адамның надандығын көрсетеді» - дейді. Ал Д.С. Лихвчев осы жайында: -«Географиялық атау кеңістік пен уақыттың бағдары. Сондықтан атауды өзгерту мен атау беруде ақылға салып жасау керек. Сәтсіз қойылған атау бағдардан «тайдырумен» іспеттес»- деген екен.
Елбасымыздың Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайында ой толғағанда, үнемі оның көне тарихына шолу жасап, одан тағылым алу қажеттігін ескертіп отыруы да кездейсоқ емес. Осы арада Нұрсұлтан Әбішұлының ономастика мәселелері әркез ел басшылығының назарында болады. Бұл ретте жалтақтаудың еш қажеті жоқ. Жердің байырғы тарихи атауына үйлеспейтін, халқымыздың абройы мен беделіне көлеңке түсіретін отарлық кезеңнен қалған атаулардан арылу керек деген сөздерің еске түсірсек артық болмас.
1. Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде көптеген қала атауларын өзгерту қажет деген сөздер естейміз. Оның бір себебі, сонау Кеңес үкіметінің тұсында берілген атаулардан арылу болып табылады. Сондықтан аталған дипломдық жұмыстың тақырыбы өте маңызды әрі өзекті болып келеді.
2. Жұмыстың мақсаты: Қала атауларының ауыстыру себептері мен салдарларын анықтай отырып, әртүрлі әдістер арқылы талдау жасау.
3. Зерттеу нысаны: Өзгерген қала атаулары
4. Жұмыстың міндеттері:
Топонимикадағы қала атауларының тарихы және оның мәнін аша отырып, ойконимдердің сипаттамасы мен атаулардың қалыптасуына ықпал еткен факторларды сипаттау;
Қала атауларының өзгерту себептерін анықтап, еліміздегі өзгертілген қала атауларына талдау жасау және ономастика мәселелеріне тоқталу;
Қала атауларын өзгертудегі экономикалық және әлеуметтік салдарын айқындау.
5. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері.
Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: В 4 Т. – М.: Русский язык, 1999.
2. Дьякова В.И. Принципы и способы номинации местных географических названий в воронежских говорах // Материалы по русско-славянскому языкознанию. – Воронеж: Изд-во ВГУ, 1974.
3. Жиленкова И.И. Региональная топонимика (ойконимия Белгородской области). Учебное пособие к спецкурсу. – Белгород: Изд-во БелГУ, 2001.
4. Морозова М.Н. Имена собственные русского языка (географические названия). – М.: Изд-во МГУ, 1977.
5. Мурзаев Э.М. География в названиях. – М.: Наука, 1979.
6. Никонов В.А. Введение в топонимику. – М.: Наука, 1965.
7. Никонов В.А. Словарь русских фамилий. – М.: Школа-Пресс, 1993.
8. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М.: Советская энциклопедия, 1968.
9. Осыков Б.И. Белгородский алфавит. Краткий краеведческий справочник. – Воронеж: Центр.-Черноземное изд-во, 1990.
10. Осыков Б.И. Города и реки Белгородчины. – Белгород, 1990.
11. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. – М., 1978.
12. Рубцова З.В. Из истории донской топонимики // Историческая ономастика / Под ред. А.В. Суперанской. – М.: Наука, 1977.
13. Суперанская А.В. Что такое топонимика? – М.: Наука, 1985.
14. Мурзаев Э. М. Топонимика и география. – М: Мысль, 1995.
15. Рылюк Г.Я. Истоки географических названий Беларуси (с основами общей топонимики). – Минск: ЗАО “Веды”, 1999.
16. Рылюк Г.Я., Басик С.Н. В мире географических названий южных материков. – Минск: ЗАO «Веды», 1998.
17. Рылюк Г.Я., Басик С.Н., Шафран В.В. В мире географических названий материков северного полушария. – Минск: Народная асвета, 2000.
18. Агеева Р. А. Страны и народы: происхождение названий. М.: Наука, 1990.
19. Мурзаев Э. М. Словарь народных географических терминов. Изд. 2-е, перераб. и доп.: в 2-х томах. – М: Картгеоцентр – Геоиздат, 1999.
20. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. – М.: Наука, 1998.
21. Поспелов Е.М. Географические названия мира: Топонимический словарь: около 5000 единиц / Отв. ред. Р.А.Агеева. – 2-е изд., стереотип. – М.: Русские словари, ООО “Издательство Астрель”, ООО “Издательство АСТ”, 2001.
22. Рогалев А.Ф. Белая Русь и белорусы: в поисках истоков. – Гомель, 1994.
23. Рогалев А.Ф. Этнотопонимия Беларуси. – Гомель, 1993.
24. Русская ономастика и ономастика России. – М. 1994.
25. Черных П. Я. Историко-этимологический словарь современного русского языка. М.: Русский язык, 1999.
26. «Топонимические размышления геоурбаниста»//Г.М. Лаппо// 2002ж.
27. «Заман Қазақстан» газеті, «Тәуелсіз елдің топонимикасы да тәуелсіз болуы керек»// С. Жараспай// 7 сәуір, 2011ж.
28. «Смена топонимики как дерусификация Казахстана»// 10 шілде, 2008ж.
29. «Переименование: «А» упало, «Б» пропало»// В. Широкобородов// 21 желтоқсан, 2000ж.
30. «Новый град Симбирск» газеті, «104 миллиона на переименование»// Г.Антонцев// 19 маусым, 2008ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қала атаулары - мақтаныш, рақымшылық, тамсану, таң қалу, өкініш және т.б осы секілді эмоция толқындары мен сезім гаммасын оята алады. Өздігінен қала атаулары көп мәнге ие және оған сақтаушылықпен қарау керек. Кезінде К.Г. Паустовский жазады: - Атауды құрмет тұту керек. Атауды ең керек жағдайда ғана елдің білімділігі мен оған деген махаббат арқылы сауатты түрде ауыстыру қажет. Ал кері жасалған жағдайда сөз қоқысына айналып, ойлап тапқан адамның надандығын көрсетеді - дейді. Ал Д.С. Лихвчев осы жайында: -Географиялық атау кеңістік пен уақыттың бағдары. Сондықтан атауды өзгерту мен атау беруде ақылға салып жасау керек. Сәтсіз қойылған атау бағдардан тайдырумен іспеттес- деген екен.
Елбасымыздың Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайында ой толғағанда, үнемі оның көне тарихына шолу жасап, одан тағылым алу қажеттігін ескертіп отыруы да кездейсоқ емес. Осы арада Нұрсұлтан Әбішұлының ономастика мәселелері әркез ел басшылығының назарында болады. Бұл ретте жалтақтаудың еш қажеті жоқ. Жердің байырғы тарихи атауына үйлеспейтін, халқымыздың абройы мен беделіне көлеңке түсіретін отарлық кезеңнен қалған атаулардан арылу керек деген сөздерің еске түсірсек артық болмас.
1. Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде көптеген қала атауларын өзгерту қажет деген сөздер естейміз. Оның бір себебі, сонау Кеңес үкіметінің тұсында берілген атаулардан арылу болып табылады. Сондықтан аталған дипломдық жұмыстың тақырыбы өте маңызды әрі өзекті болып келеді.
2. Жұмыстың мақсаты: Қала атауларының ауыстыру себептері мен салдарларын анықтай отырып, әртүрлі әдістер арқылы талдау жасау.
3. Зерттеу нысаны: Өзгерген қала атаулары
4. Жұмыстың міндеттері:
Топонимикадағы қала атауларының тарихы және оның мәнін аша отырып, ойконимдердің сипаттамасы мен атаулардың қалыптасуына ықпал еткен факторларды сипаттау;
Қала атауларының өзгерту себептерін анықтап, еліміздегі өзгертілген қала атауларына талдау жасау және ономастика мәселелеріне тоқталу;
Қала атауларын өзгертудегі экономикалық және әлеуметтік салдарын айқындау.
5. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері.
Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.
Жұмыстың дерек көздері. Дипломдық жұмыста география, топонимика, экономика, ономастика, әлеуметтану бағыттары бойынша ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген әдебиеттері, картографиялық және әр түрлі ғылыми зерттеудің, газет-журнал басылымдарының қор материалдары негізгі дерек көздері болды.
6. Зерттеудің базасы. Қала атаулары.
7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде қазіргі дүние жүзі бойынша және өз елімізде өзгерген қала атауларын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу алынып, зерттеу барысында :
Дүние жүзі бойынша өзгерген қала атауларының саны анықталды;
Қала ойконимдерінің ауыстыруына кеткен және болашақта өзгертілуі мүмкін қалаларға кететін қаражат көлемі анықталды;
Сол қала топонимдердің әлеуметтік және экономикалық салдарлары айқындалған болатын.
8. Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, алынған мәліметтер ономастика мекемелері үшін қажетті материал. Ал көрсетілген іс-шаралар тізімін практика жүзінде іске асыруға болады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ? қолданылған әдебиеттер тізімінен, ? кестеден, ? cуреттен тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі ? бет.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері тұжырымдалып, оларды шешудің маңыздылығы айқындалады. Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы баяндалады.
Топонимикадағы атаулардың тарихы мен мәні деп аталған бірінші тарауда жалпы топонимиканың тарихы, ондағы атаулар туралы, географиялық атаулардың трансформациясы (өзгеруі) жайлы айтылады, әлемдегі өзгертілген атауларға талдау жасалынады.
Қала атауларын өзгерту себептері және оның салдары деп аталатын тақырыпты ашатын тарауда қала атауларын өзгерту себептері, қала атауларын өзгертудің экономикалық салдары, қала атауларын өзгертудегі әлеуметтік салдары жайлы баяндалады.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, қысқаша ұсыныстар келтірілген.

І. Топонимикадағы атаулардың тарихы мен атаулардың өзгертулердегі мәні
1.1 Жалпы топонимика ғылымының тарихы және топонимизация үрдісі

Бүкіл дүние жүзін географиялық атауларынсыз елестету мүмкін емес. Әрбір топоним өзіндік ақпаратты тасиды: географиялық, лингвистикалық, тарихи, сондықтан географиялық атау - бұл тарихи кезеңдердің нәтижесінде пайда болған, қалыптасып таралған.
Географиялық атауларға және олардың мәндік мазмұнына деген қызығушылық адамзат өркениетінің ерте кезеңдерінен пайда болды. Сонау ежелгі Египеттік текстерінде алғашқы топонимдерге сипаттама мен олардың классификациясын жасауға тырысқан. Ал антикалық дәуірлерде тарихи-географиялық еңбектерді топонимдердің анықтамасы арқылы түсіндіру дәстүрге айналды. Бірақ ол кездегі топонимикалық этимология негізі әртүрлі болатын. Сол кездегі атаулар мифологиялық негізге сүйене отырып, жаңа грек немесе латын тілінің көмегімен қойылды.
Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары - топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де және еліміздің басынан өткен сан қилы заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Топонимдер - қоғам мен бүкіл адамзаттың дамуының міндетті элементі болып табылады. Ал олардың жиынтығы сол территориядағы елдің көп ғасырлық халықтық шығармашылығы ретінде есептеледі. Географиялық атау - ел, қала, табиғи объектпен танысқан кездегі визиттік карточкасы.
Әрине топонимдердің мәнін ашу керек, олардың шығу тарихын, дамуын, өзгерісін зерттеу қажет. Осы барлық сұрақтарды топонимика саласы шешеді.
Топонимика - бұл географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, қазіргі жайын, мағынасын, жазылуы мен айтылуын зерттейтін ғылыми сала. Ал топонимия - бұл белгілі бір территориядағы географиялық атаулардың жиынтығын айтады.
Топонимика интегральды ғылыми сала болып табылады. Ол бірнеше ғылымның - лингвистика (тілтану), тарих және география салаларының ұштасуынан пайда болды. Сондықтан да топонимиканың күрделілігі оның кешендік сала аралық мәнінде жатыр.
Топонимиканың географияда үлкен мәні бар. Географиялық атаулар - карталардың маңызды элементі. Ол белгілі бір территорияның халқының орналасуы, шаруашылығының игерілуі мен пайдалануы туралы кеңістіктік байланыст көрсетеді. Топонимияда белгілі бір аймақтың табиғат ерекшеліктерін сипаттайды. Географиялық атаулар өткен ғасырдың ландшафтың бейнелейді. Топонимияны дұрыс түсінген географ үшін табиғи ландшафтты тану, халықтың шаруашылық әрекетінің сипаты, этникалық құндылықтары туралы бай материал береді. Тек қана географтар топонимды құрайтын халықтық географиялық терминдерді біледі.топонимдердің дұрыс жазылуы картография үшін өте маңызды.
Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Топонимика ғылыми пән ретінде тәжірибелік сұраныстардың нәтижесінде пайда болды. XVIII - XIX ғасырлардағы ғалымдар ең алғашқы болып объект атаулары оқыту үрдісінде, сипттау мен картография ғылымында қолданылды.
XVIII ғасырларда дәлірек айтсақ, В.Н.Татищев топонимияны география элементі ретінде қарастырды. Оның анықтамасы бойынша ... белгілі бір облыстың немесе шекараның жеке географиясы ең алдымен оның атауымен, қандай тілден шыққанымен және нені білдіретінімен сипатын табады ...
XIX ғасырда топонимикалық мәліметтер географиялық зерттеулерде кеңінен қолданылды. Ең алдымен Н.И.Надеждиннің Опыт исторической географии русского мира (1837) еңбегін атап өтуге болады. Бұл еңбекте автор тарихи-географиялық зерттеулерде картографиялық әдісітің топонимикалық жоспарын пайдалану керек деп ұсынды. Топонимикалық сұрақтарды өз еңбектерінде сонымен қатар, А. Х. Востоков, М. А. Кастрен, Я. К. Грот секілді академиктер зерттеді.
Сонымен, XVIII - XIX ғасырларда топонимикалық бағыттың негізі қаланып, материалдар жинастырылып, топонимиканың жеке заңдылықтары шығарылды.
XX ғасырдың бірінші жартысында тпонимикамен кеңінен, Л. С. Берг, В. П. Семенова-Тян-Шанский айналысса, ал XX ғасырдың екінші жартысында В. А. Никонов, А. В. Суперанская О. Н. Трубачева, В. Н. Топорова, Н. И. Толстой, А. И. Попова, Ю. А. Карпенко және т.б ғалымдар айналысты. Ал қазіргі таңдағы геотопонимикалық топонимикалық зерттеудің негізгі бағытын Э. М. Мурзаев қалады деп еркін түрде санауға болады.
Топонимиканың ғылым ретіндегі мәртебесі туралы пікірталас ХХ ғасырдың екінші жартысында орын алды. Бұл пікірталас барысында топонимиканың ғылымдар жүйесіндегі орнына қатысты көптеген пікірлер айтылды. Көрнекті лингвист А. А. Реформатский бастаған ғалымдар тобы топонимиканы географиялық атауларды сипаттайтын тіл білімінің бөлімі ретінде сипаттаса, А. Н. Суперанская (1973), Н. В. Подольская (1988) оған ономастика ғылымының топонимдерді зерттейтін саласы деп түсінік берді. В. А. Никонов, Е. М. Поспелов, Э. М. Мурзаев топонимиканы географиялық атауларды зерттейтін дербес ғылым ретінде тануды ұсынса, А. В. Маракуев, В.А. Жучкевич, С.В. Калесник оны географияның қосымша саласы ретінде есептеді. А. К. Матвеев, И. А. Воробьёва бастаған ғалымдар топонимиканы нағыз лингвистикалық ғылым деп сипаттады.
Топонимиканың географиядағы орнына байланысты мәселеде географтар топонимиканы географиялық ғылымдар жүйесіндегі сала ретінде қарастырады. Әйгілі географ С. В. Калесник Стокгольм қаласында өткен XIX Халықаралық географиялық конгрессте жасаған баяндамасында топонимикаға лингвистика мен географияның аралығындағы, географиялық атаулардың шығу тегі мен мағынасы туралы ғылым ретінде анықтама берген. Ғалым құрамына топонимикадан да басқа көптеген пәндер енетін география ғылымдарының дамуын біртұтас, өзара байланысқан жүйенің дамуы ретінде түсіндірген.
Топонимиканы география құрамындағы сала деп ұғынудың ұтымды жағы ең алдымен, әртүрлі мамандануы бар географтардың топонимикалық зерттеулерге ден қоюына, сол арқылы оның ғылыми нәтижелерін географияның басқа салаларына кеңінен енгізілуіне ықпал етсе, екінші жағынан топонимикалық зерттеулерді географияның қуатты әдіснамалық негізіне сүйеніп жүргізуге жол ашады. Топонимикалық зерттеулермен айналысқан географ А. В. Маракуев та топонимиканы географиялық ғылым ретінде сипаттаған: Топонимика деп біз географиялық атаулардың (топонимдердің) пайда болуы мен эволюциясы мәселелерімен айналысатын, олардың үлгілерін, семантикасын (мағыналық жағын) және синонимиясын зерттейтін, олардың орфографиялық (дұрыс жазылуы) және орфоэпиялық (дұрыс айтылуы), сондай-ақ оларды картада бұрыннан бар жазу жүйелері мен картографияда қолданылатын шрифттер арқылы бейнелеу ережелерін бекітетін географияның бөлігін атаймыз. А. В. Маракуев Бүкілодақтық географиялық қоғамның Қазақ бөлімшесінде 1953 жылы Тарихи география және топонимика секторының ашылуын, қазақ атауларының географиялық карталарда дұрыс жазылуын реттеуге көмектесетін оқиға ретінде бағалаған. Топонимиканың географиялық бағытына қатысты пікір айтқанда, ең алдымен географияның зерттеу пәні әртүрлі құбылыстардың географиялық таралуы екендігі туралы Л. С. Берг (1915) жасаған тұжырымды есте ұстау керек. Ғалым география тек қана табиғи жағдайлар немесе адамның шаруашылық әрекетіне байланысты құбылыстарды ғана емес, оның рухани әрекетінің көріністерін де зерттейтіндігін, ал өзіне қажетті заттар туралы нақты деректерді географ басқа пәндерден алатындығын жазған. Әйгілі географтың бұл анықтамасының топонимиканың географиялық бағытына да тікелей қатысы бар. Топонимикадағы географиялық топонимика деп аталатын жаңа бағыт жалпы топонимика ғылымын географиялық деректермен толықтырып, топонимдердің мағыналық жүктемесі мен этимологиясын зерттеуде географиялық негіздеме жасауға мүмкіндік береді. Өйткені топонимиялық жүйе белгілі бір аумақтағы географиялық атаулардың қарапайым жиынтығы емес, оның қалыптасуына географиялық фактор ықпал еткен, ал олардың орналасуы кеңістіктік заңдылықтар негізінде жүзеге асады.
Қазақ ономастикасының жалпы мәселелеріне қатысты осы саланың негізін қалаушы Ә.Абдрахманов, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақов, О.Султаньяев, Е.Керімбаевтардың зерттеулерімен қатар соңғы жылдарда аймақтық топономика мәселелеріне қатысты қорғалған жұмыстардың орны ерекше. Бұл зерттеулер лингвистикалық сипатта болғандығын атап көрсеткен орынды. География ғылымдары тұрғысынан сараланған арнайы еңбек ретінде Ғ.К.Қонқашпаевтың (1949) географиялық терминология мәселелеріне арналған диссертациясын айрықша атауға болады. Жалпы топонимдердің табиғи ортамен байланысы Э.М.Мурзаев, Ғ.Қоңкашпаев, Б.А.Будагов, Х.Х.Хасанов, К.Конкобаев, Х.Л.Ханмагомедов, С.К.Караев, С.О.Омырзаков, А.П.Горбунов,А.С.Бейсенова, Ж.Д.Достай, А.Р.Медеу, т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. География институтының топонимист мамандары С.А.Әбдрахманов, Қ.Базарбаев Қазақстан топонимдерін жинақтап, Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогтарын (облыстар бойынша) жарыққа шығарып, қомақты зерттеулер жүргізіп келеді. Географиялық ғылымдар тұрғысында тұңғыш рет қазақ топонимдерінің ақпараттық жүктемесінің этноэкологиялық және физикалық-географиялық негіздері К.Д.Каймулдинованың зерттеулерінде талқыланды. Қазақстанда топонимияның ландшафттар динамикасы және табиғатты қорғау мәселелеріне қатысты қырларын қазақ топонимдері негізінде, географиялық ғылымдар тұрғысында зерттеу С.Омарбекова, Ә.Е.Аяпбекова, А.У.Мақанова, З.Қ.Мырзалиева, К.Т.Мәмбеталиев, Ө.Ж.Сағымбай т.б. ғылыми туындыларында жүзеге асырылды.
Қазақстан географтары арасында бұл мәселемен арнайы айналысқан, кезінде Э.М. Мурзаев "Қазақстан топонимикасының пионері" деп атаған Ғ.Қоңқашбаевтың топонимикалық еңбектері жаңа зерттеулерге жол салды. 1948 жылдың өзінде қазақ географиялық терминдерін зерттеу, топтастыру негізінде кандидаттық диссертация қорғаған Ғ. Қоңқашбаев Қазақстан топонимикасын дамытуда зор үлес қосты.
Географиялық атаулар қазақ - тың бірінші ғалымы Шоқан Уәли - хановтың қызметінде ерекше орын алды. Ол Орталық Қазақстан, Жетісу, Ыстықкөл, Шығыс Түркістан және Орта Азияның тарихи-геог - рафиялық жаз - басы мен геогра - фиялық атау - ларының шығу тари - хына көп көңіл бөлді. Халық аңыздары, ауыздан-ауызға тараған әңгіме - лер мен сөздерге сілтеме жасай отырып көптеген геогра - фиялық атаулардың мағынасын ғылыми тұрғыдан түсіндірді және этимо - логиясын ашты.
Ғ. Қоңқашбаевтың топонимика саласындағы еңбектерінің географиялық бағыттағы топонимиканың теориялық негіздерін қалыптастырудағы басты нәтижелері мынадай болды:
1) Қазақ халқының географиялық терминологиясының мазмұндық, құрылымдық және аумақтық ерекшеліктерін анықтауы. Бұл тұрғыда жергілікті географиялық терминологияны, оның диалектілік үлгілерін жинақтаумен айналысқан тілтану саласындағы зерттеулерден басты айырмашылығы терминдерді жергілікті жер ландшафтысымен байланыстыра білуінде болды. Бұл бағытты Қазақстан топонимикасында орнықтыру кейіннен географтардың белгілі бір терминдер мен олардың топтарының ландшафт түріне байланысты шоғырлануына қатысты топонимикалық зерттеулер жүргізуіне негіз болды.
2) Қазақ халқының географиялық атауларын дәстүрлі шаруашылық тұрғысында талдауы. Бұл талдаулар нәтижесінде Ғ. Қоңқашбаев қазақ халқының бай орографиялық және жайылымдық терминологиясының жіктелген сипат алуын дәстүрлі мал шаруашылығымен байланыстыра түсіндірді. Ғалымның бұл бағытта ұстанған идеясы - географиялық нысандарға ат қою негізінен оларды шаруашылық тұрғыда бағалаудан келіп шығады. Осының негізінде қазақ халқының табиғатты пайдалануы мен қорғауының топонимикалық аспектілеріне қатысты зерттеулер жүргізуге негіз жасалынды.
3) Түркі-монғол географиялық терминологиясы мен атаулар жүйесінің ерекшеліктерін талдауы. Еуразияның шетсіз-шексіз ұлы даласын ғасырлар бойы мекен еткен осы халықтардың шаруашылық жүргізу тәсілдері, этностық аумағының табиғат жағдайлары ұқсас болуының өзі бұл халықтардың топонимиясы мен жалпы номинация үрдісінде ұқсас заңдылықтардың көрініс табуына алып келген болатын. Кейбір географиялық терминдердің үндес болуы олардың негізінде қалыптасқан атаулардың этимологиясын талдауда үлкен қиындықтар келтіреді. Осы тұрғыдан алғанда, Ғ. Қоңқашбаевтың ғылыми мақала (1959) көлемінде Қазақстандағы 150-ге тарта монғолдық атауға түсінік беруі сол кезең үшін үлкен жетістік болды. Аталған еңбек әлі күнге дейін топонимикалық зерттеулерде сілтеме жасалып, кеңінен қолданылып жүрген туындылар қатарына жатады.
4) Қазақ тіліндегі географиялық атаулардың транскрипциясы мен транслитерациясына қатысты ізденістері. Бұл мәселені Ғ.Қоңқашбаев 1949 жылы көтерген болатын. Өзінің Вопросы транскрипции казахских географических названий атты мақаласында географиялық карталар мен әдебиетте бұрмаланып жүрген қазақ атауларына шолу жасап, олардың жазылу ережелерінде бірізділік сақталу керектігін мәселе етіп көтерген.
Мұндай бағыттағы зерттеулерде география ғылымының негіздеріне сүйену өте жемісті нәтижелер береді. Мұны Қазақстанға көршілес елдердегі географтар жүргізген топонимикалық зерттеулер көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің География институтында ұзақ жылдар бойы географиялық атауларды бірізге келтіру, олардың дұрыс айтылуы мен жазылуына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Осы орасан зор ізденістердің нәтижесінде географиялық карталар мен әдебиетте мыңдаған атаулардың ретке келтірілді. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қатысуымен 32 томдық Қазақстанның географиялық атауларының мемлекеттік каталогы жарық көрді. Бұл қолданбалы маңызы бар ауқымды жұмыс теориялық зерттеулерге қомақты ақпарат көзі болып табылады.
Теориялық және қолданбалы бағыттардағы топонимикалық зерттеулер Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орындарында да жүргізілуде. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ғылыми мақалалар, монографиялар жарық көріп, дипломдық жұмыстар, магистрлік, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды.
Көрнекті қазақ ғалымы, академик Қ.Сәтбаев пайдалы қазба - лардың кен орындарын іздестіруде топонимдерді сенімді белгі - лердің бірі есебінде кездейсоқ енгізген жоқ. Топонимдерде ау - мақтарды қоныстанудың тарихи кезеңдері, адамдардың шаруа - шылық іс-қимылдары, байырғы көші-қондар мен ұлтаралық қа - рым-қатынастар, этностардың ареалдары, елде ғасырлар бойы болған тарихи, саяси және әлеу - меттік-экономикалық өзгерістер көрсетілген. Геог - рафия - лық атау - лардың мекен-жайлық және ғы - лыми-ақпараттық қыз - метімен қа - тар, мемлекетіміздің тәуелсіз - дігі және ұлттық басым - дығы мен мемлекет символын бекітудің бірден-бір құралы ретінде қызмет етеді.
Географиялық атаулары жоқ кез келген картография көзі тілсіз болып есептеледі. Географиялық атаулар - карта тілі, ал топонимдер халықтың рухани бай - лығы мен даналығының орасан қоймасы бола отырып, мә - дениет пен халық ауыз шығар - машы - лығының ескерткіштері ретінде әрі қарай жинауды, сақ - тауды және ұқыпсыз пайдаланудан қорғауды қажет етеді.
Қазақ елінің көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердің идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудің саяси құралына айналдырды. Нәтижесінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелеріне орасан зиян келтірілді. Қазақстан картасы едәуір бұрмалауларға ұшырады. Әсіресе, Ресейдің бес облысымен шекаралас Батыс өңірінің атаулары жаппай орыстанып, ежелгі ұлттық бастауымыздан ажырап қалғандай күй кешкен едік. Бірақ, бақытымыз бар екен, тәуелсіздік таңы атып, соның арқасында жоғалтып ала жаздаған ұлттық құндылықтарымызды ақырындап қайтара бастадық. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтің салиқалы саясаты арқасында ұлттық ономастика әлемдік кеңістікке белсене араласа бастады.
Қала, көше, алаң, нысан аттарын қою, ауыстыру - мемлекет - тік идеология болса, сол ұлттық ономастика саясатын халық арасында насихаттау, мемлекеттік тұжырымдама, осы салаға қатысты басқа да заңдық құжаттарды тү - сіндіру атқарушы және өкі - летті органдардың, тиісті ме - кемелердің және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың басты міндеті.
Ономастика - ғылыми-талдамалық және тарихи негіздерге сүйенетін сала. Қазақстанда шамамен 2,7-3 млн. шамасында әртүрлі географиялық атау бар деп есептелінеді.
Қандай да болмасын халықтың өткені мен қазіргі жағдайын топонимдік атаулар көрсетеді. Жер атаулары қазақ халқының көпжылдық тарихының сырын ашады.
Адамзат қоғамының дамуы барысында адам өзін қоршаған ортадағы географиялық объектілерге атау беруге тырысты. Бұл адамның жергілікті мекен ортасына бейімделуінің бір көрінісі болатын. Уақыт өте келе қойылған атаулар тұрақтанған, ал кейбіреулері тарихи жағдайларға байланысты жойылып, ұмыт болып кетті. Осылайша, географиялық объектілердің сипатын бейнелейтін атау сөздердің тобы оқшаулана бастады, яғни топонимдену (топонимизация) жүрді.
Адамзат қоғамы дамуының бастапқы кезеңдерінде қолданылатын сөздер қоры да шектеулі болды. Сол себепті сипаты ұқсас объектілердің (теңіз, өзен, көл) барлығын су деп атаса, тау деп төбені де, биік шыңды да, қыратты да атаған. Орта Азия мен Қазақстандағы көптеген көне өзен атауларында су терминінің кездесуін осымен түсіндіруге болады.
Керісінше, осы кезеңде бірнеше сөзден тұратын, белгілі бір оқиғадан хабар беретін, сөз тіркесі түріндегі атаулар да кең қолданыста болған. Тайпалық-рулық даму кезеңінде қалыптасып, осы күнге дейін сақталып қалған кейбір топонимдер осыны дәлелдейді: Солтүстік Оралда манси тіліндегі Сат-хум-хайтум-лог - Жеті еркек қашқан сай, Аустралиядағы аборигендердің Woolongong - Құбыжық өткен жер және т.б.
Географиялық атаудың пайда болуы, жалпы түсініктің нақтыланғандығын көрсетеді. Өйткені бұрын жалпы Су деп атап жүрген өзенді Сарысу, Ұзынсу, Қызылсу деп атау өзеннің жеке ерекшеліктерін байқап, объект туралы неғұрлым нақты түсінік қалыптастырады. Сонымен, топонимнің пайда болу себебінің өзі күнделікті қажеттіліктен келіп туындайды. Адамның өз мекен ортасын шаруашылық тұрғыда игеруі және кеңістікте бағдар алуы үшін ондағы объектілер туралы білімі осы атауларда көрініс табуы маңызды болды. Белгілі бір аумақта бірнеше ұқсас объект болған жағдайда оларды ажырату үшін нақтылау қажет болды.
Сонымен, топонимнің басты қызметі бірегей объектіні оған ұқсас объектілерден бөліп көрсету болды. Ресейлік ғалым В. А. Никонов топонимнің бұл қызметін адрестік қызмет деп атаған болатын. Номинация, яғни белгілі бір объектіге атау беру көптеген фактор әсерінен болады. Нақты объектіге берілген атау ендігі жерде жалпы есімдерге тән емес жаңа қасиетке ие болады.
Жерге меншік қатынастарының дами бастауы, феодалдық дәуірде антропонимдердің географиялық атаулар құрамында көптеп пайда болуына алып келді. Бұл жағдай жаугершілік замандарында да байқалды: жаңа жерлерді жаулап алу барысында жеңімпаздар есімі жаңа атауларға негіз болды. Мысалы, Орта Азиядағы Искандеркуль, Қазақстандағы Шыңғыстау, Египеттегі Александрия, Түркиядағы Искендерун атауларының қалыптасуына жеңімпаз қолбасшылар есімі себепші болған.
Номинацияға әсер ететін факторларды ғалымдар тілдік (лингвистикалық) және тілден тыс (экстралингвистикалық) деп бөледі. Жетекші экстралингвистикалық факторлар ретінде географиялық орта мен тарихи жағдайларды атауға болады. Номинация барысында объектінің белгілі бір ерекшелігі дүниенің кез келген аймағында атауға негіз болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір елде жаңа қаланың пайда болуы осы мағынадағы атауды әр тілде қалыптастыруға негіз болған: Карфаген (Солтүстік Африкадағы көне қаланың финикиялық атауы), Неаполь (Италиядағы қаланың гректер қойған атауы), Ниигата (Жапония), Нейбург (Германия), Синьфу (Қытай), Великий Новгород (Ресей), Новогрудок (Беларусь).
Кейде номинацияға бұрыннан бар атаулар да қолданылады. Әртүрлі географиялық объектілердің бірдей атауларының болуы - кез келген аймақта жиі кездесетін құбылыстың бірі. Әдетте өзен атауына қарап, сол маңдағы елді мекен, әкімшілік бірлік атауы беріледі және т.б. Бір географиялық объекті атауының келесі көршілес объектіге берілу құбылысын топонимикалық метонимия деп атайды. Мысалы, Мұғалжар тауының атауы Ақтөбе облысындағы теміржол бекеті мен әкімшілік ауданға, Ертіс өзені атауы Павлодар облысындағы ауыл мен әкімшілік ауданға, Есіл өзені атауы Ақмола облысындағы қала мен әкімшілік ауданға, Балқаш және Алакөл көлдерінің атаулары Алматы облысындағы осы аттас әкімшілік аудан атауларына берілген.
Дүние жүзі бойынша да топонимикалық метонимияға мысал жеткілікті: Квебек қаласы - Квебек провинциясы, Нью-Йорк қаласы - Нью-Йорк штаты, Сакраменто өзені - Сакраменто қаласы. Африкада табиғи объектілердің атаулары тіпті мемлекет атауына негіз болған. Мысалы, Гамбия өзені Гамбия мемлекетіне, Конго өзені Конго және Конго Демократиялық Республикасы атауларына, Чад лимнонимі Чад мемлекетіне, Нигер өзені атауы Нигер мен Нигерия мемлекеттеріне, Камерун өзені атауы Камерун мемлекетіне, Замбези өзенінің атауы Замбия мемлекетіне, Сенегал өзенінің атауы Сенегал мемлекетіне, Кения тауының атауы Кения мемлекетіне, Гвинея табиғи аймағының атауы Гвинея және Гвинея-Бисау, Экваторлық Гвинея мемлекеттеріне, Судан табиғи аймағының атауы Судан мемлекетіне берілген. Аталған қатардағы табиғи объектілердің атаулары бастапқы атау, ал одан пайда болған мемлекет атаулары туынды атау болады.
Географиялық атаулар арасында әсірелеу, теңеу негізінде қойылғандары да бар, оларды жалпы атпен метафора-атаулар (грекше метафора - орын ауыстыру, яғни сөздің басқа мағынада қолданылуы) деп атайды. Метафоралар жергілікті халықтың географиялық объектілерге тән белгілі бір ерекшеліктерді айналасындағы өздеріне таныс нысандарға ұқсатуынан пайда болады. Әсіресе бұл ұқсатулар адам мен жануарлардың дене мүшелерін білдіретін сөздердің географиялық термин түзуінен көрінеді. Көптеген халықтарда орографиялық терминдер арасында бас, тамақ, жал, мүйіз, жота, қолтық сөздері бар. Мысалы, мүйіз термині славян халықтарында үшкір шың, мүйіс, жыра, немісше және ағылшынша horn үшкір шың, қытайша цзяо - мүйіз, мүйіс, вьетнамша khau - мүйіз, үшкір шың мағынасында қолданылады. Бұл терминдер Ресейдегі Таганрог, Украинадағы Кривой Рог қалаларының, Альпідегі Финсерархорн және Маттерхорн тауларының, Кордильердегі Бигхорн тауы мен Оңтүстік Америкадағы Горн аралы мен мүйісінің Вьетнамдағы Кхауфай тауының атауларында көрініс тапқан.
Метафора-атаулардың арасында күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдармен байланысты қойылғандары да бар. Олардың арасында түркі халықтарының басым көпшілігінде қолданыста жүрген қазан сөзі бар. Ауыспалы мағынасында жер бедерінің ойыс пішіндерін белгілеу үшін қолданылатын бұл сөз Татарстан астанасы Қазан, Болгариядағы Казанлык, Түркиядағы Казан, Казанджи, Түрікменстандағы Казанджык, Өзбекстандағы Қазанкеткен атауларына негіз болған.
Кеңістікті бейнелейтін нақты атаулар ретінде топонимдер ежелден зерттеушілер назарын аударып келеді. Дегенмен оларды талдау мен зерттеу әдістері көбінесе біржақты болумен шектеледі. Топонимика географиялық атауларды олардың қызмет етуі, мағынасы мен шығу тегі, құрылымы, таралу ареалы, уақыт аралығында дамуы мен өзгерістері тұрғысында жан-жақты зерттейтін ғылым саласы, ол қазіргі кезде лингвистиканың ономастика саласы мен географияның, тарихтың тоғысында дамуда.

1.2 Ойконимдердің сипаттамасы және атаулардың қалыптасуына ықпал еткен факторлар
Жалпы алғанда топонимика (грекше топос-орын және онима, немесе онома,- ат, атау) - географиялық атаулар туралы ғылым. Ол географиялық атаулардың шығу тегі туралы, оның тарихы мен дамуын зерттейді.
Топоним - географиялық атаулар бір уақытта тілдік және тарихи болғандықтан, тарих, тілтану, география, археологияда үлкен мәнге ие. Қазіргі қоғамды географиялық атауларынсыз елестету мүмкін емес, олар бүкіл жерде және біздің ойлау кеңістігімізбен бірге жүреді. Онсыз өркениетті елестетуге болмайды, ел мен халықтың бір-бірімен тілдесуіне жол ашады.
Ал ойконим (грекше ойкос-баспана және онома-ат, атау) болса -- бұл топоним түрі, жалқы атау - қандай да болмасын қаладан жеке тұрған үйге дейінгі тұрғылықты жер атауы. Қалалық типті ойконимдерді астионимдер, ал ауылдық типте -- комонимдер деп атайды.
Жер бедерінің сипаты кез келген халықтың географиялық атауларында көрініс тапқан. Таулар мен жазықтардың, үстірттер мен ойпаттардың, қыраттар мен ойыстардың, тіпті кішігірім төбешіктер мен ойпаңдардың өз атаулары бар. Бұларды жалпы атпен оронимдер (грекше оро - тау, οнома - атау) деп атайды. Мысалы, Сарыарқа, Анд, Тұран ойпаты және т.б.
Географиялық нысандардың келесі бір үлкен тобын су нысандары құрайды. Жалпылама түрде олардың атауларын гидронимдер (грекше гидро - су, οнома - атау) деп атайды. Н. В. Подольскаяның анықтауы бойынша, гидронимдер өз кезегінде гелонимдерге (батпақтың, кез келген батпақтанған жердің атаулары), лимнонимдерге (көл, тоған атаулары), потамонимдерге (өзен атаулары), пелагонимдерге (теңіз және оның бөліктерінің атаулары), океанонимдерге (мұхит пен оның бөліктерінің атаулары) ажыратылады. Амазонка, Балқаш, Пантанал, Беринг теңізі, Бискай шығанағы, Тынық мұхит және т.б. гидронимдерге мысал бола алады. Гидротопоним өзі анықтап тұрған су нысанының орнын басқа нысандарға қатысына қарай айқындау арқылы оның географиялық ерекшелігін көрсетеді.
Кез келген табиғи немесе әкімшілік аумақтың, облыстың, ауданның атауларын хоронимдер (грекше хоро - өлке, аймақ, οнома - атау) деп атайды. Мысалы, Қырым түбегі, Канада, Патагония, Ақтөбе облысы және т.б. Ал елді мекен, қоныс атауларын жалпы атпен ойконимдер (грекше ойкос - мекен, үй, οнома - атау) деп атайды. Ойконимдерді астионим (қала атауы) және комоним (ауыл атауы) деп бөледі. Мысалы, Алматы қаласының атауы астионим, ал Үржар ауылының атауы комоним болып табылады.
Кез келген қатынас жолдарының (су жолы, құрлық, тағы жолдар, жерасты жолдары) атауын дромоним (грекше дромос - жол және οнома - атау) деп атайды. Мысалы, Ертіс-Қарағанды каналы, Трассібір магистралі. Үңгірлердің атауларын жалпы атпен спелеонимдер (грекше спелео - үңгір, οнома - атау) деп атайды.
Дримоним (грекше дримос - емен орманы, орман, οнома - атау) орманды алқаптың, тоғайдың атауы болып табылады. Мысалы, Қарқаралы орманы, Семей орманы және т.б.
Географиялық атауларды қалыптастыруға географиялық терминдер, күнделікті қолданыстағы сөздер, сан есімдер, түр-түсті білдіретін анықтауыштар қатысады, сонымен қатар топонимдерге адам есімдері (антропоним), халық, тайпа атаулары (этноним), өсімдік атаулары (фитонимдер), жануар атаулары (зоонимдер) негіз болады.
Елді-мекендердің атауларын екі топқа, яғни табиғи-географиялық сипаттағы (геогенді ойконим) және мәдени-тарихи сипаттағы (антропогенді атау) атаулар деп бөлуге болады.
Табиғи-географиялық ойконимдерге елді-мекендердің физикалық ерекшеліктерін бейнелейтін, яғни су бастауларымен, ландшафт ерекшеліктерімен, табиғи жағдайларымен, жануар және өсімдік дүниесімен байланысқан елді-мекендердің атауларын жатқыздыруға болады. Нақтырақ айтсақ, оның келесідей түрлерін бөлуге болады:
a) Өзен атауларынан пайда болған атаулар (мысалы: Орал, Шу, Ақсу, Ембі қалалары т.б);
ә) Географиялық апеллятивті лексикадан пайда болған ойконимдер - оған жергілікті жердің, елді-мекеннің жер бедеріне және т.б ерекшеліктеріне қойылған атаулар (Көкшетау, Ақтау, Приозёрск, Ақтөбе және т.б қалалар);
б) Ойконим-фитонимдер - ағаш және бұталардың атауларынан пайда болған (Алматы, Талдықорған және т.б қалалар);
Ал мәдени-тарихи сипаттағы ойконимдерге жергілікті тұрғын немесе иесінің атаулары (аты, жөні, лақап аты), олардың отбасы мүшесінің есімдері, халықтың әлеуметтік құрлымы, діни-мәдени лексикасымен, адам өмірінің шаруашылық немесе әлеуметтік өмірімен байланысқан атаулар жатады. Оларды келесідей бөлеміз:
a) Ойконим-антропонимдер (Сатпаев, Мамлютка, Сергеевка және т.б қалалар);
ә) Мәдени-діни лексикадағы ойконимдер (Петропавлск, Павлодар, Түркістан және т.б қалалар).
Географиялық атаулар бір географиялық объектіні екінші географиялық объектілерден айыра білуге мүмкіндік беретіні бәрімізге аян.
Жалпы алғанда революциялық атауларды ресми түрде өзгертудің өз тарихын Ұлы француз революциясының аяғында XVIII ғасырда бастауын алады. Ең алдымен топонимдерді өзгерту шаралары патшайым билігіне қатысты, вельмож титулы, діни түсініктерге қатысты атауларды өзгерту болып табылды. Мәселен, Сен-Пьенс атауы өзімен дыбыстас Сапьенс (даналық), Сен-Ло атауы Роше-де-ла-Либерте (тәуелсіздік жартасы), Иль-де-Бурбон аралы (Бурбон династиясының аралы) Реюньон (Бірлестік), Париждегі Людовик даңғылы XVI ғасырда Революция даңғылына (қазіргі таңда Келісім даңғылы) өзгертілді. Ал Ресейде кеңес үкіметі билікті өз қолына алысымен атауларды өзгертуге ат салысқан болатын. Ең алдымен, патша, дворян, православты және т.б діндерге қатысты топонимдер жойылған болатын. Соның нәтижесінде Александровск атауы Запорожье болып, Николай II Жері - Оллтүстік Жерге, Ново-Николаевск - Новосибирск, Царево-Кокшайск - Йошкар-Ола (марийлік қызыл қала), Романов-на-Мурмане - Мурманск, Петроград - Ленинградом және т.б атауларға өзгертілген еді.
Атауларды өзгерту жаппай ауыстыру сипатына ие болды. Соның салдарынан көптеген объектілерге мемориалды және символды атаулар берілді.
Әскери әрекеттер де топонимияға үлкен септігін тигізеді. Мысалы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польшаның шекаралары өзгерді. Оған Поморье, Силезия, Гданьск - секілді көптеген ежелгі польяк жерлері қосылды. Ол үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, 5 жылдың ішінде польяк атаулары белгіленген: Алленштейн - Ольштын болды, Данциг - Гданьск, Бреслау - Вроцлав, Каттов - Катовице, Оппельн - Ополе және т.б атаулар өзгертілді. Сондай жұмыстардың бірін кеңес үкіметі де Шығыс Пруссия жерінде жүргізіп, нәтижесінде тіптен басқа жаңа топонимия белгіленді: Кенигсберг - Калининград болды, Инстенбург - Черняховск, Пиллау - Балтийск, Раушен - Светлогорск және т.б атаулар өзгертілген болатын. Корей түбегі, Сахалин, Куриль аралдарын жаулап алу жылдары ішінде Жапония да өзінің топонимиясын енгізген болатын. Соғыс аяқталған соң тағы да сондай өзгерту жұмыстары жүргізілді.
Географиялық атауларды ауыстырудың көптеген жұмыстары колониальды жүйенің жойылуы нәтижесінде жүргізілді. Тәуелсіздігін алған жас мемлекеттер өткен тарихының топонимиясынан арыла бастады. Нәтижесінде жаңа қайта құрылған топонимдер пайда болды.
КСРО мен социализмнің құлдырауы нәтижесінде жаңа егеменді елдерде транфсормация үрдісі үлкен көрінісін тапты.
Қырғызстан астанасына ескі атау Бішкек (оның алдында Пишпек деп те атаған); еліміздің жаңа астанасы (бұрынғы Целиноград) алдымен Ақмола, кейіннен - Астанаға; Тәжікстанның ең биік нүктесі Коммунизм шыңы Исмаил Самани шыңына (Тәжікстанның ұлттық қаҺарманы); Красноводск қаласы Түркіменстан президенті С. Ниязовтың құрметіне Туркменбаши деп ауыстырылды және т.б. Бұл үрдістер әлі де ТМД елдерінде жалғасын табуда. Атауларды ресми өзгерту елдің өміріндегі болып жатқан көптеген құбылыстар мен оқиғаларға қатысты болуы мүмкін. Мұндай географиялық атаулардың пайда болуы қазіргі уақытта да болып жатыр. Мысалы, Вануату (Океания) аралдық мемлкететінде Санта-Катилина аралы жаңа мыңжылдыққа қатысты Миллениум деп өзгертілді.
Аймақтағы топонимдердің қалыптасуына көптеген факторлар ықпал еткен. Аса маңызды сауда-экономикалық және әскери-саяси қатынас жолдарының тоғысында орналасқан Орта Азия мен Қазақстан аумағы ежелден бері Шығыс пен Батыс арасын жалғастырып жатқан көпір қызметін атқарды. Орасан зор аридті аудандар, таулар мен шұраттар алмасып келетін бұл аумақта отырықшы және көшпенді мәдениет үйлескен күрделі мәдени-шаруашылық кешен қалыптасты. Географиялық орнының стратегиялық жағынан маңызды болуы осы аймақ арқылы көне керуен жолдарының өтуіне, яғни экономикалық, мәдени қатынастардың дамуына, құрамы мен құрылымы жағынан түрлі топтарға жататын халықтардың көші-қоны, алмасуына себепші болды. Жаулап алушылар мен көшіп келген халықтар бұл аумаққа өзінің шаруашылық, мәдени дәстүрлерін алып келумен қатар, аймақтың бай географиялық терминологиясы мен топонимиясын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Тарихи факторлар. Аймақтағы географиялық атаулардың кейбіреулері көне заманнан бергі жазба ескерткіштерде сақталып қалған немесе ауызша түрде ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Орта Азиядағы ең ежелгі атаулардың бірі - Тұран. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта ірі әскери-саяси бірлестік құрған, көршілес Иран жеріндегі отырықшы халықтармен ұдайы соғысқан ежелгі көшпенді тайпалардың жалпы атауы тур болған. Өзбек тарихшысы Ш.С. Камолиддиннің (2006) зерттеулері бойынша, бұл этноним алғаш рет көне парсылық Авеста еңбегінде аты аталып, кейіннен иран, араб тілдеріндегі көне және ортағасырлық әдеби, тарихи-географиялық жазбаларда кездесетін Тұран топониміне негіз болған. Ғалым тур және түрік этнонимдері мен Тұран және Түркістан топонимдерінің ортақ негізі бар деп есептейді. Өйткені ежелгі ирандықтар турлар деп ортаазиялық түріктерді, түркі тілдес сақтар мен ғұндарды атаған.
VI-VII ғасырлардан бастап Тұран аумағы Түрік қағанатының шекараларымен сәйкес келе бастайды. VII-VIII ғасырларда осы аумаққа келген араб жаулап алушылары оны Мауреннахр (Мавераннахр) деп атай бастады, араб тілінен аударғанда бұл атау өзеннің ар жағы деген мағына беретін. Орта ғасырларда арабтардың арқасында бұл атау аса танымал болды. XIX ғасырда еуропалық ғылыми әдебиетте Трансоксания деген калька-атау пайда болды, бұл Мауреннахр топонимінің латынша нұсқасы болатын. Сонымен, тарихи кезеңде Орта Азия мен Қазақстан аумағына әртүрлі халықтар бірнеше түүрлі атау берді. Ал жергілікті қолданыста көбінесе Түркістан және Мауреннахр атаулары болды.
Түркістан топонимі Тұран, Туристан топонимдерінің неғұрлым кейінгі баламасы болып табылады, ол алғаш рет VI-VII ғасырлардың жазба еңбектерінде көрініс тапты. Тұрфан шұратында 639 жылы құрастырылған соғдылық құжатта Түркістан атауы қазіргі Орта Азия аумағын белгілеу үшін қолданылған. Сонымен, бұл аймақтың Мауреннахрдан басқа атаулары географиялық ерекшеліктер тұрғысынан емес, этностық шекараларды белгілеу мақсатында қойылған деуге болады.
IX ғасырда Орта Азияда Араб Халифатының саяси құлдырауына байланысты жергілікті тәжіктердің Саманидтер әулеті (819 -- 999) орнықты. Дәл осы кезеңде әдеби парсы тілі (дари) қалыптасты. Бұл аймақта жаңа ирандық топонимдер тобын қалыптастырды. X ғасырдың соңында Жетісу мен Шығыс Түркістандағы көшпенді түркі тайпаларының ақсүйектері Қараханид мемлекетін құрды. Көшпенді тайпалармен бірге осы аймақтағы отырықшы халықтарды қол астына енгізген бұл мемлекет Х ғасырдың соңында Саманид мемлекетін жаулап алды. Дәл осы кезеңде Сырдария аңғарында оғыздардың Селжук мемлекетінің негізі қаланды. Қараханидтер дәуірінде Орта Азияда түркі халықтары басым бола бастады. Бұл өз кезегінде түркі тілдес жаңа ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуына және түркілік топонимдердің басым бола бастауына алып келді. 1029-1038 жылдар аралығында қараханидтік түркі ғалымы Махмұт Қашқари араб тілінде өзінің әйгілі Диуани луғат-ит-түрік (Түрік сөздігі) жазды.
1089 жылы Қараханидтер Селжук империясының қарамағына өтті, ал Солтүстік Қытайдан қуылған көшпенді қидандар (қарақытайлар) 1128 жылы Жетісуды, 1141 жылы тұтас Мауреннахрды басып алды. 1219-1221 жылдар аралығында бүкіл Орта Азияны монғолдар бағындырып алды. Осы кезеңнен бастап, аймақта монғол атаулары пайда болды. Олар әсіресе Қазақстан аумағында көбірек саналады.
XIV ғасырда монғол езгісінен азат болған Орта Азия аумағында түркі халықтарының мемлекеттері қалыптасып, түркілік топонимдер басым пайда бола бастады. Соңғы 3 ғасырда аймаққа орыстардың қоныстана бастауы топонимикалық жүйені тілдік тұрғыдан күрделендіре түсті.
Табиғи-географиялық факторлар. Орта Азия мен Қазақстан аумағының табиғат жағдайлары аймақтың өзіндік топонимдерін қалыптастыруға себепші болған. Кеңістікте бағдар алу мақсатында топонимияда түспен байланысты атаулар тобы қалыптасты. Түс атаулары тілдегі дәстүрлі мағыналық жүктемесімен қатар, кеңістік туралы айрықша географиялық ақпарды бейнелеген. Мысалы, барлық түркі халықтары сияқты, қазақтарда да топонимдер құрамындағы қара тек түсті ғана емес, ұлы, күшті, қорқынышты, айрықша деген метафоралық мағыналарға ие болған. Қара сөзінің полисемиялық сипаты көне түркілер жасаған әлемнің кеңістіктік бейнесіндегі солтүстік ұғымымен де анықталады.
Түркі халықтарының түспен байланысты геосимволикасында солтүстік қара түспен байланысты болып келеді. Белгілі түркітанушы ғалым А.Н.Кононов атап өткендей, кеңістік символы ретінде алынған қара этнонимдерде де халықтың мекен ортасының географиялық орнын білдіреді: қарақытайлар - қытайдың солтүстігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте ортағасырлық топонимдер
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Болашағымыз – мемлекеттік тілде
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»
MS Access
Деректермен жүргізілетін операциялар. мб құрылымын жоспарлау және құру
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Пәндер