АҚШ және Канада елдерінің әкімшілік территориялық бөлінісінің ерекшелігі



Мазмұны

Кіріспе 5
І Елдердің экономикалық.географиялық сипаттамасы 6
1.1 АҚШ.тың экономикалық.географиялық сипаттамасы 6
1.2 Канаданың экономикалық.географиялық сипаттамасы 12
ІІ Елдердің әкімшілік.аумақтық бөлінуі 16
2.1 АҚШ.тың әкімшілік.аумақтық бөлінуі 16
2.2 Канаданың әкімшілік.аумақтық бөлінуі 20
Қорытынды 24
Пайдланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе

Шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатқан АҚШ пен Канада мемлекеттері өздерінің халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етіп отқан дүние жүзіндегі аса бай, әрі қуатты державалардың бірі десек те қателеспейміз.
Аталған елдер жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы, шаруашылық құрылымында Үлкен жетілікке енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес салалар басым. АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен кұрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына колайлы жағдай жасайды. Канада — дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел
Әкімшілік жағынан Америка Құрама Штаты елу штаттан және Колумбия федерациялық окпугінен, ал штаттар 3133 округқа бөлінетін болса, Канада өз ішінде 10 провинция және 3 территориядан тұрады. Ең жаңа әкімшілік бірлігі Нунавут территориясы (1999 жылы құрылған) болып табылады.
Мақсаты: АҚШ және Канада елдерінің әкімшілік территориялық бөлінісінің ерекшелігін қарастыру.
Міндеттері:
- елдерге толық экономикалық-географиялық сипаттама беру;
- елдердің әкімшілік-территориялық құрылымын қарастыру;
- аталған мемлекеттердің әкімшілік бөлінісінің ерекшеліктерін анықтау.
Өзектілігі: Қазіргі таңда АҚШ пен Канада мемлекеттері дамыған жетілік елдердің қатарында. Сондықтан олардың экономикасын, саяси құрылымын зерттеу, ал ең бастысы әкімшілік территориялық бөлінісінің ерекшеліктерін айқындау өзекті мәселелердің қатарына жатқыздыруға болады.
Пайдланылған әдебиеттер тізімі

1. Сандерсон И. Северная Америка М: 1979 — 225 б.
2. Атлас мира Америка М: 1977 — 123 б.
3. Географический энциклопедический словарь гл. ред. А.Ф. Тришков М. 1983 — 210 б.
4. Словарь географических названий зарубежных стран. М: 1986 — 320 б.
5. Крылова О. В. Материки и океаны. М: 2001 — 171 б.
6. По материком и океаном. М: 1988 — 280 б.
7. А.А. Шибанова Америка общий обзор. М:1991 — 165 б.
8. Бесенова Ә. Материктер мен мұхиттар геогарфиясы. А: 2003 — 144 б.
9. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. А: 1973 —
10. Атлас мира Америка. М:1980 — 221 б.
11. Кулышев Ю. А. Канада. — М.: Мысль, 1989. — 144 б.
12. Тишков В. А. Страна кленового листа: начало истории / Отв. ред. др ист. наук Н. А. Ерофеев. Академия наук СССР. — М.: Наука, 1977. — 176 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатқан АҚШ пен
Канада мемлекеттері өздерінің халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етіп
отқан дүние жүзіндегі аса бай, әрі қуатты державалардың бірі десек те
қателеспейміз.
Аталған елдер жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы, шаруашылық
құрылымында Үлкен жетілікке енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес
салалар басым. АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен
кұрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі
елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына колайлы жағдай
жасайды. Канада — дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші
орын алатын, жоғары дамыған ел
Әкімшілік жағынан Америка Құрама Штаты елу штаттан және Колумбия
федерациялық окпугінен, ал штаттар 3133 округқа бөлінетін болса, Канада өз
ішінде 10 провинция және 3 территориядан тұрады. Ең жаңа әкімшілік бірлігі
Нунавут территориясы (1999 жылы құрылған) болып табылады.
Мақсаты: АҚШ және Канада елдерінің әкімшілік территориялық бөлінісінің
ерекшелігін қарастыру.
Міндеттері:
- елдерге толық экономикалық-географиялық сипаттама беру;
- елдердің әкімшілік-территориялық құрылымын қарастыру;
- аталған мемлекеттердің әкімшілік бөлінісінің ерекшеліктерін
анықтау.
Өзектілігі: Қазіргі таңда АҚШ пен Канада мемлекеттері дамыған жетілік
елдердің қатарында. Сондықтан олардың экономикасын, саяси құрылымын
зерттеу, ал ең бастысы әкімшілік территориялық бөлінісінің ерекшеліктерін
айқындау өзекті мәселелердің қатарына жатқыздыруға болады.

І Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы
1. АҚШ-тың экономикалық-географиялық сипаттамасы

Америка Құрама Штаттары, АҚШ — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның
барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант
мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады.
Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі. АҚШ климаты
біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска
штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі
ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде
орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық
мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 12-ін (елдің батысында) биік
таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи
тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар)
орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы
ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193
м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде
темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние
жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ
(Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара
металл шикізаттарына бай келеді.
Аумағы, шекаралары, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттің
құрылысы. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Ол
мыадай үш бөліктен тұрады: 1. негізгі аумағы (немесе АҚШ-тың өзі) –
шығыстан батысқа 4,7 мың, ал солтүстіктен оңтүстікке 3 мың шақырымға
созылып жатқан үлкен төртбұрыш тәрізді. 2. Аляска: 3. Тынық мұхиттағы Гавая
аралдары [1].
АҚШ ЭГЖ-сі өте қолайлы, ол барлық кезенде де елдің дамуына қолайлы
жағдай туғызып отырады. Бұл, ең алдымен, теңіз шекарасының ұзындығымен (12
мың км), тамаша табиғи айлақтарының болуымен және негізгі аумағы екі
мұхитын ортасында болуы айырықша ерекшелігімен түсіндіріледі. Канада және
Мексикамен шектеседі құрлықтағы шекаралары шартты сызықтар, өзендер мен
көлдер арқылы өтіп, сауда және экономикалық байланыстардың дамуына қолайлы
жағдай туғызады.
Экономикасы. АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір
экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп,
тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы
элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси
мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне капиталистік шаруашылық
деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі
әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын
тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін
енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп
социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері
капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты
бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік
шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей
таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым
қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал
бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған
таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа
мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз
коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын
үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын аралас экономика
деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен
үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі
болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып
шықты.Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары
болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және
минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар
ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын
өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы
Көлдеркемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ
жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50
штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді [2].
Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың
екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың
өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар
тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін
қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым
копшілігінЕуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-
бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар
құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде
келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: дүниежүзілік экономикадағы АҚШ-тың
жетекшілік орыны. АҚШ XIX ғысырдың өзінде-ақ Ұлыбританияны қуып шеттіп,
өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Қазір өзінің экономикадағы қарқыны бойынша дүние жүзінің кез келген басқа
елін көп артқа тастап, өзінің индустриялық даму деңгейі жағынан жетекші
елдердің тобына қосылады. АҚШ-тың ЖҰӨ-і 7 трлн доллардан асады, бұл
дүниежүзілік ЖІӨ-нің 15 бөлігін құрайды. АҚШ өнеркәсіп өндірісі бойынша,
тылыми-техникалық потенциял мен жоғары технологиялық ғылымның тікелей
қатысуымен өндірілген өнімдер деңгейі бойынша, өндірістік емес салаларының
дамуы бойынша, қаржылық қуаты мен әлем шаруашылығының байланысына әсер ету
дәрежесі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады.
АҚШ-тың ірі ТҰҚ-сы өзінің тікелей шетелдік инвестициясының көмегімен басқа
елдерде АҚШ-тың екінші экономикасы деп аталып кеткен көптеген әр түрлі
өндірістер құрылады. Осы елге қатысты жалпы ұлттық өнімнің көрсеткішінен
жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін ажыратудың маңызы зор болатын себебі
сондықтан [3].
Қолда бар болжамдарға сәйкес, әлемдік экономикада АҚШ-тың үлес салмағы
төмендеп бара жатқаныны қарамастан, бұл ел XXI ғасырдың басында негізгі
әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері бойынша әлемдегі өзінің жетекшілік
рөлін әлі де сақтайтын болады.
АҚШ өнеркәсібі өндірістік және аумаққа шоғырланып орналасуы жағынан
жоғарғы деңгейде екендігімен ерекшеленеді. Ал жаппай, сериялы, сондай ақ
күрделі және аса сирек кездесетін бағалы бұйымдар шығаруға бейімделген.
АҚШ өнеркәсібінде барлық басты және кіші салалық өндіріс түрлері түгел
бар. Сонымен бірге олардың ішінде дүниежүзілік шаруашылықтағы бұл елдің
тиісті орынын, бет-бейнесін анықтайтын өнімдер де баршылық.
Ол - АҚШ үшін автомобиль жасаудың баяғыдан келе жатқан орныққан дәстүрі.
Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келген әуе-зымыран-
ғарыштық өнеркәсіп пен электроника. Мұнай өнеркәсібі аса жоғары мәнге ие
болған. Автомобиль және әуе көліктерінің дамуымен тығыз байланысты болып,
стратегиялық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін бұл сала көп ретте елдің
экономикалық қана емес саяси өмірінде анықтап береді.
АҚШ сондай ақ микропроцессірлар қоршаған орданы қорғау құралдарын
биотехнология мен биоиндустрияны, ақпарат саласының технологиясын жасап
шығаруда да жетекшілік рөл атқарып келеді.
АҚШ ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жағынан да дүниежүзінің кез-келген
елін басып озады. АҚШ агробизніске бірінші болып өтті. АӨК ауылшаруашылық
өнеркәсіп кешені саласындағы еңбек өнімдігігі өнеркәсіптегіге қарағанда тез
өсуде көп салалы ауылшаруашылығы осы елдің қажеттерін ғана емес экспорт
үшін де едәуір өнім шығарып келеді дүниежүзінде экспорталатын дәнді-
дақылдардың тең жартысы АҚШ-қа тиесілі.
АҚШ-тағы ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізгі түрі – сатылатын өнімнің
негізгі бөлігін шығаратын ферма. Біріңғай өндірістік процестің жекеленген
буындарға тарамдану жағдайында агробизнес сатылап мамандану тәсілі арқылы
үлкен дамуға қол жеткізді.
Маманданудың мүндай түрі фермерлердің табиғат жағдайының
ерекшеліктерін барынша тиімді пайдалануына, жоғары сапаға қол жеткізуіне,
өнімдерді арзандатуына мүмкіндік берді. Алайда, бұл фермерлерді тауар
өткізетін рынокке және бағаның ауытқушылығына тәуелді етіп қояды.
АҚШ барлық көлік түрлерінің дамуы жағынан да кез келген елден алда: жалпы
көлік санының 13 бөлігі, Батыс елдердегі барлық тасымал түрлерінің 14
бөлігі соның үлесіне тиеді.
Қазіргі АҚШ шаруашылығының шетелдік Еуропадан өзгешеленетін
географиялық бейнесіне тән сипат - экономикалық өмірінің - мұхит пен өзен
жағалауында шоғырлануы.
Экономикалық жағынан дамыған басқа елдердегі сияқты, АҚШ-та да
аумағының сәйкессіздік жағдайы бар, аса дамыған аудандар мешеу қалған
аудандармен жиі көрші болып тұрады. Бұл елде осындай сәйкессіздіктерді
азайтуға бағытталған аумаққа тән саясат жүргізіледі, ол белгілі бір
нәтижелер де бере бастады [4].
Көлік қатынасының географиясы: басты магистральдар мен жол тараптары.
Сыртқы сауда АҚШ-тың көлік тізбегінің негізгі қаңқасы Атлант мұхитынан
Тынық мұхитқа және канадалық шекаралардан мексикалық шекараға дейін созылып
жатқан ендік және бойлық бағыттардағы континентальды көлік магистральдарын
құрайды. Оған ішкі су жолдарының тізбегі қосылады. Ендік бағыттағы ең
бастысы - 50-жылдарды терең су жолына айналған Әулие Лаврентия өзені мен
Ұлы көлдер жүйесі.
Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет
көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983
жылдағы 3.4 триллионнан 1998 жылда 8.5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл
сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын
қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтің нарықтық
бағасынкөрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір
ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы,
жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық
балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі
өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы
салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін
өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған
фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі
дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп,
қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой
өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы
ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда
серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен
Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады.
Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер
Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен
айналысатын Шеврон, Shell, Мобиль компаниялары мен Prіse Waterhause
есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
Саясаты. АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
• Заң шығарушы: АҚШ Парламенті – Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты
негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер
Палатасынан тұрады.
• Атқарушы: АҚШ Президенті – мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы,
ол заң жобасын жою құқығына ие болады
• Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон,
Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган
осы партияның мүшелері
Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы.
АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының
саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан
кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны
2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде
оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың
табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт
келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық
пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн.
адамға жетпей отыр. Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп
келеді және солай бола береді де. Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-
ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан,
жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді. АҚШ халқының ұлттық құрамын
қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. Қазіргі американ ұлты
— бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен
Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды,
бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция
жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында
мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған
адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос"
(дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп
атайды. Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-
ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ
американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана
тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-
қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген
адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы
тұрғындар — аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ
американдары бүкіл халықтың 34-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды.
Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден
шыққанын байқауға болады. Қара американдар (афроамерикандар, негрлер)
американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер,
олар АҚШ халқының 12%-ін құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі
Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық
үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы
Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да
қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның
ұлттық құрамымен тығыз байланысты. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.
Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Халықтың
орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі
халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км²-ге 27
адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар. Мысал.
АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ін
алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы
штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км²-ге 350—400-ден 2—3 адамға
дейін келеді. Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік
штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-
қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния
штаттарының халқы тезірек өсуде. АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар
географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар.
Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың
жастығына байланысты болып келеді. Американ қалалары негізінен төртбұрышты
болып жоспарланады. Әдетте, Орталық іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі
көзге түседі, онда басқару органдары, банктер, бұқаралық ақпарат және
қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен қалалардың келбетін әдетте
аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар қала күш-қуатының, оның
гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған бөліктерінде 3—5 қабатты, ал
орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым болады. Бұл қаланың барынша
қанат жаюына және қала агломерацияларының қалыптасуына жағдай туғызады. АҚШ
— нағыз қала агломерацияларының елі. Мысал. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-
жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6
"миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының
жартысы осыларда тұрады. Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен
шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация
орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен
дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның
үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала
маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай
"бір қабатты Америкада" бүкіл Америкадағы отбасының 23-сі тұрады, ал
қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен
болды. Сендер бұл процестің субурбандалу деп аталғанын білесіңдер. 50-
жылдары американ географтары АҚШ-та бұдан да гөрі ірі қала түзілімдері —
мегалополистердің қалыптасқанын атап көрсетті. Қазір елде осындай үш
мегалополис бар. Олар — Солтүстік-Шығыс, Көл маңы және Калифорния
мегалополисі. Олардың Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан біріншісін
қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург аралығында орналасқан екіншісін
—"Чипитс", ал үшіншісін (Сан-Франциско — Сан-Диего)— "Сан-сан" деп атайды
[5].

2. Канаданың экономикалық-географиялық сипаттамасы
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет.
Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана
емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді.
Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды
мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен
(Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-
et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен
шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы
8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік
мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет.
Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші
орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен
көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын
анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы
бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий
өзені елдің басты теңіз қақпалары қызметін атқарады және Африка Еуропа
құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады.
Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен,
теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен
шектеседі. 
Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп. Жер
көлемінің жартысына жуығы ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий
таулы қыраты , көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді.
Батыс және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік шығысында
Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі ғана игерілген. Елдің
қатал табиғат жағдайлары Канаданың солтүстігі мен солтүстік батысында
шаруашылық ісімен айналысу орын алмаған.
Елдің тарихына көз жүгіртетін болсақ, ертеректе Канада жерінде өмір
сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”каната” деген сөз
болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”,”мекен” деген мағынаны білдіреді.
Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана
бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды
атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545
жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау
бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы
Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер ”Canada” деп аталған. Британдық
отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп
алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, ”Канада провинциясы” болып
аталады. 1867 жылы Канадажерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді Канада
деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге
Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін ”Канада Доминионы”
қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси
тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми
атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен
мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.
Территориясының ауданы 9984670 шаршы км. Оның ішінде құрлықтың жері
9093507 шаршы км., сулы жері 891163 шаршы км. Канаданың территориясының
басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша
(суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка
материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің
солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі
Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа
кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы
температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық
ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы
ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы
аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер
сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және
Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан [6].
Саяси құрылымы. Канада – Британ Достастығына кіретін, бірақ формальді
түрде мемлекет басшысы британ королевасы болып табылады. Королеваның
Канададағы ресми өкілі генерал-губернатор, оны королева кеңесімен премьер-
министр тағайындайды. Дэвид Ллойд Джонстон 2010 жылдың 1 қазанынан осы
орынға тағайындалды.сонымен қатар ол канада әскерінің қолбасшысы да болып
табылады. Ридо-холл — басты Оттав резиденциясы, оған Квебектегі сарай да
кіреді.
Одан басқа Канада – бұл парламенттік федеративтік жүедегі,
демократиялық дәстүрі бар мемлекет. Заң шығарушы органы Парламент, оның
құрамына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
Халықаралық еңбек бөлінісі.Халықаралық интеграция.Халықаралық сауда.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі
Халықаралық еңбек бөлініс жайлы
Халықаралық еңбек бөлінісі жайлы мәлімет
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Пәндер