Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Мазмұны
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Сарыарқа жеріне физикалық.географиялық сипаттама
2.1 Атаудың пайда болу этимологиясы
2.2 Қазақтың ұсақ шоқыларының геоглогиясы мен шығыс бөлігінің геоморфологиясы.
2.3 Сарыарқаның климаты және пайдалы қазбалары
2.4 Өсімдіктері мен жануарлары
2.5 Қазақтың ұсақ шоқыларының зерттелу тарихы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Бұл курстық жұмыста Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Оның табиғаты, климаты, жер бедері мен пайдалы қазбалары, зерттелу тарихы туралы сөз қозғалады.
Мақсаты:
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Міндеттері:
• Сарыарқа даласының геологиясы мен геоморфологиясына сипаттама жасау;
• Аймақтың климаты, флорасы мен фаунасына тоқталып кету;
• Өлкенің зерттелу тарихы туралы сөз қозғау.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
2. Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңірінің тарихы.- Қарағанды ҚарМУ баспасы, 1998.-275 б.
3. Аршабеков Т. Қарқаралы күмбездері.- Қарағанды: «Арко» ЖШС, 1997.- 96 б.
4. Аршабеков Т. Тасқа жазылған тарих // Сана.- 2000.- 7 желтоқсан (№46).- 5 б.
5. Аршабеков Т. Туған жер төсіндегі жәдігерлер: /Қазына: тарихқа шолу/ // Орт. Қазақстан.- 1994.- 29 желт.
6. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы.- Алматы: РБК, 1997.- 404 б.
7. Әзиев Ә. Қазыналы Сарыарқа.- Алматы: «Қазақстан», 1978.- 119 б.
8. Балташұлы Е. Қазыналы құтты өлке // Орт. Қазақстан.- 2002.- 9 қаңтар
9. Бекбалақ Қ. Сарыарқаның рухани қазынасы: Этнографтың жолжазбасы // Орт. Қазақстан.- 1998.- 23 желт.
10. Бұланты шайқасы / Жауп. Ред. Ж.О.Артықбаев.- Қарағанды: РМҚ «Полиграфия» ӨБ, 1998.- 64 б.
11. Дәулетбектегі С. Теміршедегі таңбалы тас: /Қарқаралы маңындағы ескерткіштер туралы/ // Қарқаралы.- 1995.- 9 қыркүйек
12. Жанысбай С. Бегазыда көп сыр бар: Ескерткіш – елдігіміздің белгісі // Орт. Қазақстан.- 1999.- 2 қазан
13. Қадыров М., Нұрмұқамбетов Б. Ертедегі Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті мен өнері // Ежелгі мәдениет куәлары.- Алматы, 1966.- 68-78 б.
14. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия / Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: Қаз. сов. энцикл. Бас ред., 1990.- 632 б.
15. Қарқаралы округтік приказының ашылуы // Қарқаралы.- 1991.- №3.- 86-91 б.
16. Марғұлан Ә. Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер // Ежелгі мәдениет куәлары.- Алматы, 1966.- 8-52 б.
17. Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы.- Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.- 80 б.
18. Омарбекова М. Қарқаралының тарихи ескерткіштері және саяхат маршруттары // *Қарқаралы.- 1999.- 10, 17, 24 сәуір // Орт. Қазақстан.- 2000.- 13-31 мамыр, 3 маусым
19. Попов Ю. Өлкеміздің тарихи беттері: Тастар сыр шертеді // Шұғыла.- 1981.- Наурыздың 28
20. Сапарұлы Б. Көне тарих отаны боған өлке немесе Бегазы-Дәндібай мәдениеті туралы // Қазақстан әйелдері.- 1992.- №3.- 8,9 б.
21. Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер: Сұлулық туралы сырлар.- Алматы: Жалын, 1981.- 240 б.
22. Сейдімбеков А. Қарқаралы // Кеніш: Қарағанды облысы туралы кітап.- Алматы, 1978.- 93-109 б.
23. Смағұл С. Ескерткіштер ел мұрасы: Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясына – 55 жыл // Сарыарқа.- 2001.- 2 қараша
24. Смайылов Ж., Бейсенов А. Қызылкеніш сарайы // Білім және еңбек.- №6.- 28-31 б.
25. Сұлтанов К. Шапқан төбенің құпиясы: /Қарқаралы ауд. Қаз. экспедициясының зерттеулері бойынша табылған қола дәуірінің соңғы кезімен көшпелі тұрмысқа ауысудың алғашқы дәуірін көрсететін материалдар жайында/ // Қазақ әдебиеті.- 1969.- 23 авг.
26. Уәлиханов Ш. Қарқаралы сыртқы округіндегі болыстардың қыстақтары: Қарқаралы құжаттары.- 1991.- №4.- 89 б.
27. Ісләмұлы І. Шежірелі өлке – Жаңаарқа // Азия Транзит.- 2000.- №6.- 28-37 б

2.Сарыарқа жеріне физикалық-географиялық сипаттама
2.1 Атаудың пайда болу этимологиясы
2. Қазақтың ұсақ шоқыларының геоглогиясы мен шығыс бөлігінің
геоморфологиясы.
3. Сарыарқаның климаты және пайдалы қазбалары
4. Өсімдіктері мен жануарлары
5. Қазақтың ұсақ шоқыларының зерттелу тарихы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып
тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі
көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ
деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Бұл курстық жұмыста Қазақтың
ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Оның табиғаты,
климаты, жер бедері мен пайдалы қазбалары, зерттелу тарихы туралы сөз
қозғалады.
Мақсаты:
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Міндеттері:
• Сарыарқа даласының геологиясы мен геоморфологиясына сипаттама жасау;
• Аймақтың климаты, флорасы мен фаунасына тоқталып кету;
• Өлкенің зерттелу тарихы туралы сөз қозғау.
2. Сарыарқа жеріне физикалық-географиялық сипаттама
2.1 Атаудың пайда болу этимологиясы
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи
аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана
облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері
кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта
бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден
Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы жер бетіндегі өсімдіктері
күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз
адырлы қырқа ұғымын білдіреді.
Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің,
мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай
заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай,
Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет,
Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және
Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар
Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш
Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас
күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып
еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған адамзат ажалының
аралындай КарЛАГ-та жас ғұмырларын тар жол, тайғақ кешумен өткізген
небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар
қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан алғашқы
қарлығаштар болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы,
қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде
бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.
Орталық Қазақстан атырабы гипсометриялық тұрғыдан Солтүстік Қазақстан,
Торғай, Бетпақдала және Балқашмаңы жазықтарынан бөлектеніп, ерекше өлкеге
жатады. Жалпы ауданы 1 млн. км2-ге жуық атыраптың мұндай бөлектенуі оның
геологиялық дамуының тарихымен және геологиялық құрылымымен байланысты.
Кристалды жыныстар беттерінің өз түзілу элементтерін барлық тұстарда анық
көрсете, ашыла жатуының салдарынан орыс тілді әдебиетте Қазақтың катпарлы
атырабы, Орталық Қазақстандық қалқан, Орталық Қаз ақстан платформасы, Қазақ
үстірті деген терминдер пайда болды.
Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның өзіне тән жер бедері Қазақтың ұсақ
шоқылығы (Казахский мелкосопочник) деген қалыптасып кеткен атауын туғызды.
Қазіргі күнде дәл осы ұсақ шоқылық атауы ғылымда түрлі қарама-қайшылықтар
туғызуда. Орталық Қазақстанды көптеген төбелерден басқа кең байтақ ауданды
жазықтар мен тым бөлектеніп кеткен аралды аласа таулар алып жатыр.
Ұсақшоқылық-мелкосопочник сөзінің семантикасына көңіл аударатын болсақ,
оның атырап бедерінің жалпы кейіпіне сәйкес келмейтінін көру қиын емес.
Ұшар басы күмбезді болып келетін шокы-төбе ("сопка" осылай аударылып жүр)
Орталык Қазақстанда жеке құбылыс, ал әр түрлі пішіндегі кыраттардың
арасында, тіпті, едәуір сирек кұбылыс болып табылады. Ұсақ- кішкентай,
майда, - сөзін жазық емес бедерлердің барлық жиынтығы үшін қабылдауға
болмайды, өйткені мұндағы (ұсақ щоқы, мелкая сопка сөзінің аясындағы)
пішіндердің басым көпшілігінің биіктігі ондаған метр, ал көлденеңі жүздеген
метр ғана болады. Ал Орталық Қазақстан қыраттары іс жүзінде бұдан анағұрлым
үлкен бедерлерге жатады "Мелкосопочник сөзін басқа тілдерге аударғанда
тіпті де ұқсас келмейтін ұғымдар пайда болады; қазақша - ұсақ, майда сөзі
ағылшынша - hummock (кішкентай төбе); немісше - klein (ұсақ-түйек)
ұғымдарына айналып кетеді және т.т.
1902 ж. Ұсакшоқылық терминін ұсынған Н.И.Тихонович [1902] жергілікті
халыкқа сүйенді. Жергілікті халық болғанда, кезінде Орал, Алтай,
Тарбағатай, Алатау сияқты үлкен тауларды көрген, кейіннен Орталық
Қазақстанға қоныс аударған орыстар жергілікті қоршаған бедерді үлкен
таулармен салыстыра отырып осылайша атаған болуы керек. Әйтпесе бұл
Төбелерді ұсақ деп айтуға болмайды. Қалай болмасын, термин 20 ғ.-дың
бірінші жартысында-ақ қолданысқа енді, ұсақшоқылық геологтар мен
георафтардың еңбектерінде Орталық Қазақстанға тән түпкі жыныстардағы
жүйесіз төбелі болып, бір түрде тараған бедердің көрінісі болып қалды.
Одан кейінгі кезде, бұл бедердің әр түрлі аспектілері тереңірек зерттелді,
бірақ ұсақшоқылық термині өзгеріссіз қала берді. Жергілікті қазақ халқына
жер бедері ешқашанда зеріктіретін бір түрлі болған жоқ еді. Далалықтар
өздерінің атақоныс ортасын бейнелі және анық қабылдады, ал рельефтің
пішіндері мен элементтеріне олар қаларлықтай және толық атаулар берді.
Геолог және геоморфолог Г.Ц.Медоев (1901-1992) 1927 жылы Орталық
Қазақстанда жұмысын бастады. Ол сол кезде-ақ "Казгеолтрестің" түсіру
секторын басқара отырып, "шоқы", "жал", "қойтас", "керегетас" және басқа
қазақ терминдерін жаттап алды. Сонымен қатар, оларды алғаш рет орыс тілді
әдебиетте пайдалана отырып, рельефтің пішіндерінің морфологиялық жіктемесін
жүргізуді бастады [Медоев,1944]. Ол қыраттар типінің жыныстардың
литологиялық қүрамына және олардың созылып жатуына тәуелді екенін көрсетті.
Қазақ атауларының бір бөлігі сондай дәл болды да, тез арада табиғат
зерттеушілердің сөздік құрамына еніп кетті. Мысалы, қойтас-өз еркімен
жайылып жүрген қойларды елестететін бедер - ол граниттік алқаптарға тән
келеді. Жал - аттың жалы, - бүзылуға берік жыныстардың ұзына бойы көрініп
жатуына сәйкес келеді. Керегетас және қотыртас тиісінше эффузивтердің,
конгломераттардың және гранитоидтардың үгілу пішіндері және т.б. болып
табылады.
Орталық Қазақстанның ұланғайыр аумағы мен онда тұратын халықты зор
құрметпен қабылдаған Г.Ц.Медоев қазақ топонимдерінің аса көп картотекасын
жинады, күнделікті тұрмыста қолданылатын қазақ атауларын ықыласымен
жанжақты зерделеді, оларды ғылыми айналымға ендіруге ұмтылды. Бұл жөнінде
ол өзінің аға серіктесі Қ.И.Сәтбаевтан тұрақты қолдау көріп отырды. Мұның
көрнекті мысалы қазақтың эпосында, халық әдебиетінде және музыкасында
кеңінен белгілі "Сарыарқа" атауы болып табылады.
Г.Ц.Медоевтың талдаулық-негіздемелік пікірі бойынша, бұл атау
Орталық Қазақстан, Қазақтың қатпарлы атырабы, Қазақтың ұсақшоқылығы,
Қазақтың таулы қыраты сияқты басқа топонимдерге қарағанда, аумақтың
географиялық және геоморфологиялық мәнін әлде қайда дәлірек береді
[Медоев, 1948]. Одан бері көп уақыт өтті, бірақ қазіргі кезде Қазақстан
туралы табиғи білімдерде Сарыарқа ұғымы заңдастырылып қойылды.
2.2 Қазақтың ұсақ шоқыларының геоглогиясы мен шығыс бөлігінің
геоморфологиясы
Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы
кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге
мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі
қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.
Сарыарқа – Қазақтың ұсақ шоқысы (Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы).
Батыстан шығысқа дейін ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950
км. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және
Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) ерекшеленеді. Шығыс жағы 1403 метрге
(Қарқаралы таулары), 1469 метрге (Шыңғыстау жотасы) және 1566 метрге
(Ақсораң тауы) биіктеп, шоқылы жер бедерімен айрықшаланады.
Сарыарқа 54°-46° с.е. және 66°-80° ш.б. араларында орналасқан,
жоғарыдан қарағанда шығысқа қарай жіңішкере, дұрыс емес трапеция пішіндес
болып келеді. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай Торғай қолатынан Шыңғыстаудың
оңтүстік-шығыс шетіне дейін 1150 км шамасында. Ені батысында Көкшетау
қыратынан Ұлытаудың оңтүстік шетіне дейін 800 км, ал шығысында 350 км-ге
жуық.
Сарыарқаның батыс бөлігі біршама аласа және тегіс болып келеді.
Мұнда жер бетінің басым көпшілігінің биіктік абсолют белгілері 300-400
м аралығында. 500 м - ден биік белгілері Көкшетау қыратының аласа таулы
төбелерінде (Көкше-947 м, Жалғызтау-730 м, Жыланды-665 м, Имантау-661 м,
Сандықтау-626 м, Зеренді-587 м), Ұлытаулық аласа таулардың айтарлықтай кең
жүйесінде (Ұлытау-1133 м, Едіге-1064 м, Кішітау-793 м, Арғанаты-757 м),
сондай-ақ түгелдей дерлік Сарысу-Теңіз жазықты суайрығының жеке
қыраттарында шоғырланған.
Сарыарқаның шығыс жартысы анағұрлым биіктеу келеді және орташа абсолют
белгілері басым көпшілігінде 500-1000 м-ді құрайды. Оның бас суайрығының
аумағында едәуір анық көрінетін, кейде сүйір болып келетін шындары бар
(Ақсораң-1566 м. Жиренсақал-1403 м. Қособа-1305 м. Шаңкөз-1360 м және
басқалар), аласа таулы алқаптар тобы - Карқаралы, Қызыларай, Шыңғыстау және
басқалар орналасқан.
Сарыарқаның әр бөлігінде жер қыртысының ұзақ және әр келкі дамуы мұнда
күрделі геологиялық құрылымның қалыптасуына әкеп соқты. Ғылымда палеозой
көтерілімінің шегінде екі бас геоқұрылымдық атырапты, яғни, батыс-
каледондық және шығыс -герциндік қатпарлықтарды бөлу қабылданды [Богданов,
1959].
Батыс қатпарлыққа Көкшетау шойтасы, Теніз ойысы, Ұлытау антиклинорийі,
Сарысу-Теңіз көтерілімі. Жезқазған мульдасы жатады. Мұнда екі құрылымдық
қабат бөлінеді. Төменгі қабаты ежелгі антиклиналдардың ядросында
граниттердің, гнейстердің және шынытастықтардың интрузиясы бар алғашқы
палеозойдың қарқынды сығымдалған және метаморфозданған шөгінділерінен және
жанартаулық формациялардан түзілген. Жоғарғы қабатында ортаңғы және жоғарғы
палеозойдың ірі кесекті және карбонатты қат-қабаттары басым келеді. Олар
аздау сығымдалған, метаморфизм дәрежесі нашар байқалады. Оларға айырылымдық-
шойтастық тектоника тән.
Шығыс атырабында палеозой шөгінділерінің қимасы түгелдей басқаша.
Мұнда құрылымдық қабаттарға бөліну жоқ және бүкіл қима гранитондтардың
көптеген интрузияларымен үзілген түгелдей геосинклиналдық шөгінділерден
тұрады. Палеозойдың эффузивтік-шөгінді жыныстарының қатқабаттары солтүстік-
батыс бағыттағы ұзына бойғы қатпарлардан тұрады. Герцин қатпарлығының ең
ірі құрылымы ішінен қиылысқан жерлерінде күрделі тектоникалық түйіндер
түзетін Шыңғыс, Балқаш және Тектұрмас антиклинорийлары мен Солтүстік Балқаш
синклинорийін бөліп айтуға болады. Сарыарқаның мезазойлық шөгінділері
палеозой түғырының үстін жауып жатқан тектоникалық мульдалар мен
грабендерде шоғырланған. Олар континенттік борпылдақ сынық, көбіне
өнеркәсіптік көмірлі (Қарағанды, Майкөбе бассейіндері және басқалар)
шөгінділерден түрады, жазықты кеңістіктерде мезозойдың үгілу қыртысының
сазды түзілімдері кеңінен таралған.
Кайнезойлық палеоген-неогендік құмды-сазды шөгінділер ірі ойыстарда
(Теңіз) және Сарыарқаның ежелгі су торының алқаптарында таралған. Барлық
жерде дерлік дамыған ширектік шөгінділері әдетте жұқа болып келеді де
қазіргі өзендер алқаптарының құмды-саздақты аллювийінен, ірі кесекті
беткейлік түзілімдерден және әр түрлі жекеленген эллювийден тұрады.
Ауданның үлкен бөлігі эпигерциндік платформаның қатпарлық іргесінің
кең байтақ көтерілімі болып табылады. Бедердің құрылуында палеозойдың
шегінді, эффузивтік және метаморфтік жыныстары, сондай-ақ жыныстардың
интрузивтік кешендері қатысады. Девонның, карбонның және пермнің
қатқабаттарында конгломераттар, құмтастар, аргилиттер, порфириттер,
порфирлер басым болып келеді. Олардың ішінен әр жерде жекелеген анық
көрінетін аласа тауларды құрайтын ірі гранитті интрузиялар бөлектеніп
тұрады. Сарыарқаның ең қыратты және бөлшектенген бөлігі жиі орналасқан
аралды таулы-төбелі алқаптардың жүйесін біріктіреді. Қызылтас (1283 м).
Қызыларай (1565 м). Кешубай (1559 м). Кент (1415 м). Қарақуыс (1342 м).
Қарқаралы (1403 м). Қу (1356 м) аласа таулары және бұлардың маңындағы
кейбір біршама ұсақтау көтерілімдер жиыны негізгі орографиялык жене
суайрықтық ядроны түзеді. Бұл аймақтан Теңіз алабының өзендері Шерубай-Нұра
мен Нұра, Ертіс езенінің алқабы бағытындағы Түндік және т.б., сондай-ақ
Балқаш өзенінің алабына жататын Мойынты, Жамшы, Токырауын, Дағанделі
езендері басын алады. Аласа таулардың негізгі тобынан солтүстікке қарай
оқшаулана Баянауыл алқабы (1026 м), сондай-ақ бойлық бағытында созылып
жатқан Нияз (833 м) бен Ерейментау (858 м) жоталары орналасқан. Бұларда
Ертісмаңының сол жағалық келдеріне құятын Сілеті, Олеңті, Шідерті
озендерінің бастаулары орналасқан. Сарыарқаның бас суайрық атырабынан басын
алатын барлық езендер қар мен жаңбыр суларымен қоректенуден басқа ішінара
қатпарлы палеозой мен граниттік интрузиялардың жерасты жарықтары суларымен
де қорекіенеді. Бұл аймақтың батыс жағында Арал теңізінің алабына жататын
Сарысу озенінің бастауы орналасқан.
Таулық топтар мен жекеленген аралды таулардың тектоникалық табиғаты
бар. Олар шын мәнінде барлық жерде морфологиялық жағынан жақсы корінеді,
етектері анық, жиі-жиі жартасты, жалаңаш төбелердің пішіндері айрықша
түзілген.
Сарыарқаның шығыс жағында кеңінен байқалатын ең жаңа тектоникалық
қозғалыстар төмендегідей негізгі қасиеттері бойынша белгіленеді: тау
алқаптарын бөліп тұратын кең ежелгі алқаптар өздерінің бөліктерімен
тектоникалық иілімдер немесе айырылымдық бұзылулар болып табылады: құрайтын
жыныстарының біршама жеңіл бұзылатынына қарамастан кейбір тау сілемдерінің
берік контрасты келбеті:
анық тура сызықты тектоникалық кертпештер, өзен алқаптарының антецеденттік
телімдері, тегістелу беттерінің деформациялары, топографиялық қырының шұғыл
иіндерінде бұлақтар мен көлдердің шоғырлануы, жарықтардың сырғанау
айналарының және т.б. кеңінен дамуы.
Физикалық және химиялық үгілумен қатар дамыған гравитациялық беткейлік
процесстер кеңінен таралған болса да, таулардың мүсіндері негізінен алғанда
эрозиямен жасалған. Әдетте таулардың беткейлері, әсіресе олардың жоғарғы
жағында, көбіне 30°-тан астамға дейін барады және де мұнда олар өткір
қырқалар шатқалдармен алмасып келеді. Мұнда үгілудің әр түрлі қызықты
пішіндері, сусымалар, тасты тасқындар кездеседі.
Тау беткейлердің төменгі бөлігінде олардың құламасы 15°-20°-қа дейін
азаяды, бұл тұста олар жатық дөңесті және ойыңқы кескінге келеді. Эрозиялық
қималар біршама жатық көлденең және ұзынша қырынға өтеді, бірақ
жырасайлардың бағыттары жарықтардың созылуымен сәйкес келіп отырады.
Морфометрия бойынша бұл ауданның таулары, бүкіл Сарыарқаның өзі
сияқты, өздерінен төмен жатқан алқаптық беттерден жалпы алғанда 200-600
биігірек болады, яғни төмен биікті типке жатады. Көп жағдайларда таулы
алқаптар ұсақшоқылық бедермен қоршалып жатады, сондықтан биіктік айырмасын
есептеу таулар ішіндегі және таулар арасындағы ойыстар мен алқаптардың
бетінен бастап жүргізіледі.
Сарыарқаның бас суайрық эрозиялық-тектоникалық қыратының төбелері
жалдар, сирегірек қырқалар мен жондар, күмбез тәріздес және конустық
шоқылар пішінде болады. Кейбір суайрықтық төбелердің беттері, мысалы,
Қарқаралы тауларында, біршама тегіс те болып келеді. Бұл ауданда
морфоқұрылымдардың солтүстік-батыс бағыты (Шығыс-Хантау) шығыс-солтүстік-
шығыс бағытқа (Тектұрмас) ауысады, сондықтан бас суайрықта негізгі
қүрылымдардың беріктігіне қарай келе осы екі бағыт бірдей байқалады.
Сонымен қатар, тау қырқаларының кең тараған тектоникалық жарылымдардың
бойымен бағдарлануы да білінеді.
Бас суайрықтың солтүстік көлбеуіндегі аралды аласатаулардың ішінен екі
морфологиялық топ бөлуге болады.
Бірінші топ (Баянауыл мен Ереймен) өзінің қарқындылау бөлшектенуімен,
үшкір төбелердің тіркестерімен және тік жартасты асимметриялы терең
шатқалдары бар қырқаларымен ерекшеленеді. Баянауыл тауларының беткейлері
оңтүстігінде 45°-қа дейін баратын тік жарлармен Сабындыкөл коліне қарай
құлайды, ал, солтүстігінде біртіндеп шоқылыққа өтетін кертпештермен
төмендейді. Бойлықпен созылып жатқан Ерейментау ассиметрия ендік бойымен
өтеді. Шығыс беткейлері тіктеу, жарлау.және жартастылау келеді. Екі алқап
та, Баянауыл алқабында граниттерден, Ерейментауда шынытастықтар мен
ізбестастардан тұратын көптеген табиғи. ескерткіштері бар, адамдарды
экзотикалық түрде қызықтыратын қоныстарға жатады.
Екінші топ (Қызылтау, Едірей, Қалмаққырған, Желтау, Ақирек, Нияз)
пішіндердің тегістелген кескінімен, аз бөлшектенуімен, көлбеу беткейлерімен
және жалпақтала тегістелген суайрықтарымен сипатталады. Мұнда тек
жарылымдардың бойындағы телімдер ғана кертпештерінің тым бөлшектенуімен
ерекшеленеді. Төбелердің басым пішіндері қырқалар мен жондар, сирегірек
күмбез тәріздес шоқылар болып табылады. Бұлар әсіресе ендік бағытта созылып
жатқан қырқалар мен жондардан тұратын Желтау тауларында, сондай-ақ,
солтүстік-солтүстік-шығыс бағытта бірнеше ірі жондарға бөлшектенген Нияз
тауларында байқалады.
Бас суайрықтың оңтүстік көлбеулігінін басым көпшілігін, әсіресе Балқаш
көліне жақындаған сайын, тұғырлық жазықтар алып жатыр. Бұл аумақтың жалпы
жазықтығы бір бөлігі аласатаулық бедерге жататын аралды қыратты алқаптармен
бөлініп отырады. Ауданда Бектауата таулары (1213 м) күрт бөлектенеді.
Батысқа қарай Шұнақ (1111 м) пен Арқалық (1091 м), ал шығысқа қарай-
Қалмақемел (870 м), Арқарлы (1089 м), Қараүңгір (865 м) алқаптары
орналасқан. Кейде таулық топқа Итмұрынды, Төретай және басқаларды енгізеді,
бұл дұрысқа жатпайды, өйткені олардың салыстырмалы биіктіктері бар болғаны
100 м-дей ғана. Аласатаулы алқаптар әдетте палеозойлық антиклиналдық
құрылымдардың ядроларының төңірегінде шоғырланған және өзінің басым
көпшілігінде берік жыныстармен, жиі-жиі яшма-шынытастықтармен, порфирлермен
және туфтармен, сирегірек соңғы герциндік гранитоидтармен түзілген, - бұл
олардың сыртқы келбетін анықтайды. Таулардың төбелері сүйір, беткейлері
жартасты болып келеді. Бектауатаның гранитті күмбезі өте-мөте мәнерлі, оның
бөлшектенуі мен жартастылығы оның беткейлерінде қалып қоймайтын бұзылу
өнімдерінің түйіршікті және сусымалы болуымен байланысты болып келеді.
Таудың бөлшектенуі негізінен алқапты қиып өтетін жарықтарда шоғырланған,
сондықтан жыра-сайлар тік, терең, басым көпшілігінде тура сызықты болып
келеді. Бектауатада үгілудің экзотикалық пішіндерінен басқа, алғаш рет 1929
жылы геолог М.П.Русаков жазып сипаттаған граниттік үңгірлер де бар.
Қаралып отырған аймақтың шығыс шекарасының жанында ұзына бойы солтүстік-
батысқа созылып жатқан палеозойдың эффузивті-шөгінді қатқабаттарынан
тұратын және осы маңдағы жазықтау өлкелердің жанында оқшау көрініс жасайтын
аласатаулы Шыңғыстау жотасы орналасқан. Шыңғыстау бедерінің ерекшелігіне
суайрықтар төбелерінің анағұрлым тегістелген беті жатады. Жотаға
тектоникалық жарылымдардың жіктерімен қабысқан, ұзына бойы созылған
кертпештердің кеңінен дамуы тән келеді. Мұнда әсіресе кертпешімен солтүстік-
шығысқа қараған жарылым өте жақсы көрінісін тапқан. Тектоникалық
жарылымдардың ауқымында бөлшектену тереңдігі 200-300 м болатын аласа таулы
блоктар орналасқан. Тауаралық ойыстар ширектік жастағы аллювийлік-
пролювийлік шөгінділермен толыққан. Карбонның ізбас тастарында әйгілі
адамдардың автографтары бар карстық үңгірлер белгілі (Қоңыр Әулие және
т.б.).
Аласатаулы алқаптар соңгы олигоценде түзілген, бірақ таулар бедерінің
негізгі қалыптасуы ең күшті тау жаралулары пайда болған неогеннің аяғы мен
ертедегіширектік кезеңде болған. Таулардың кейінгі эрозиялық бөлшектенуінің
нәтижесінде негізінен неогеннен кейінгі шөгінділерден тұратын тау алды
ысырынды конустар қалыптаскан.
Ұсақшоқылық аймақ жерінде аласатаулармен салыстырғанда айтарлықтай едәуір
кең ауданды алып жатыр. Жалпы ұсақ шоқылық эрозиялық-тектоникалық
денудациялық және эрозиялық немесе беткейлік деп үш генетикалық топқа
бөлінеді.
Бірінші топқа әдетте рельефте, кертпештермен көрініс табатын
жарылымдармен шектелген, ең соңғы дәуірлерде айқындалған көтерілімдер
зонасында шоғырланған алқаптар кіреді. Мұнда эрозиялық бөлшектену қуатты
болады да тікбеткейлі, жартасты, сүйіртөбелі және қырқа тәріздес пішіндер
түзеді. Мұндай үсақшоқылық аласатаулы бедерге қарағанда неғұрлым аласа
абсолют биіктігімен және 200 м-ге жетпейтін бөлшектену тереңдігінің
аздығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда,эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылық
өзен алқаптары құрылымының өзіндік ерекшеліктерін және беткейлік
түзілімдердің де таралу ерекшеліктерін қамтитын жоғарыңқы типтегі рельефтің
барлық сапасымен сипатталады.
Пішіндердің жатық кескіндері, аз бөлшектенуі, көлбеу беткейлер және
жазықтау суайрықтар тән келетін денудациялық ұсақшоқылық болса, төмендегі
типтің рельефіне жатады.
Мұнда байырғы, реликті және біршама жас ұсақшоқылықтың телімдері
бөлектеніп тұрады. Зерттеушілердің ең көп ұстанатын көзқарастары бойынша
мұндай рельеф негізгі ерекшеліктері зоналардын құрылымына байланысты әр
уақытта қалыптасқан байырғы пенепленнің бөлшектенуі процесінде пайда болған
[Сваричевская, 1965]. Пенепленнің бөлшектері, оның ішінде үгілу қыртысы
арқылы берілгендері, әр гипсометриялық деңгейлерде кездеседі. Бұл болса
ұсақшоқылық рельефке әсіресе Сарыарқаның оңтүстік көлбеулігінде анықтау
байқалатын ярустық кескін береді.Ұсақшоқылықтың ярустылығын Қосақ өзенінің
алабында алғаш рет Г.Ц.Медоев байқап, сипаттап шыққан. Мұнда ол мезозой мен
кайнозойдағы үзікті-үзіксіз күмбездік көтерілімдердің себебінен пайда
болған бес тегістелу беттерін бөлді [Медоев.1946].
Эрозиялық ұсақшоқылық терең тілімденген алқаптардың, көл
қазаншұңқырларының және сорлық-дефляциялық ойыстардың беткейлерінде
шоғырланған. Оның қалыптасуы беріктігі ең аз жыныстардың телімдерін іріктеп
жырламайтын, көптеп тарамдалған жырасайлардың әсерінен жүзеге асады. Мұндай
беткейлік ұсақшоқылық суайрықты жазықтардың және төбелердің тегістігімен
және кішкене мөлшерімен ерекшеленеді.
Негізінің генетикалық табиғатына, геологиялық құрылымына және құрайтын
жыныстардың литологиялық құрамына байланысты ұсақшоқылықтың әр түрлі
типтері бөлінеді.
Салыстырмалы биіктіктің айырмашылығы бойынша ұсақшоқылық биік (100-
200м),орташа (50-100 м) және аласа (50 м-ге дейін) деп бөлінеді.
Морфометрлік көрсеткіштері бойынша ең типтік көтерілімдер болып қырқалар,
жалдар, жондар, конустық және күмбез тәріздес шоқылар ажыратылады.
Қырқалар (тізбелер) деп бірнеше километрге немесе жүздеген метрге
созылып жатқан, қимасы трапеция тәріздес ірі қыраттарды атайды. Олар жиі-
жиі бөлшектеніп келеді де, геологиялық құрылымдардың созылыңқылығын
бейнелейтін біртектес көтерілімдердің тізбегін құрайды.
Жалдар - біршама жіңішке, үшбұрышты қимасы бар ұзынынан созылып жатқан
қыраттар. Әдетте оқшаулана келіп, берік жыныстардың шықпаларда
морфологиялық біртекті қыраттар тізбегін көрсете шоғырланады.
Жондар - ұзындығы әдетте көлденеңінен екі есе немесе одан да көбірек
артып тұратын, төбесі тегіс келетін, биік емес дөңес қыраттар.
Конустық шоқылар - үстінен қарағанда дөңгелек түрінде айқын көрінетін,
әдетте анық етекті және біршама тік беткейлі болып келетін сүйір төбелі
қыраттар.
Күмбез тәріздес шоқылар - тегіс төбелі және деңес беткейлі болып
келетін, дөңгелене біткен қыраттар.
Қырқалар мен жалдар оңашаланып кездеседі, сирегірек бір типті шоғырлар
да түзеді. Әр түрлі типтегі қырқалы-жонды, жонды-күмбезді, жалды-конусты
және т.б. көтерілімдерді қамтитын аудандар өте жиі кездеседі. Граниттер
үгілуінің біршама шағын келген жеке пішіндерінің өзіндік жиынтығын қойтас
бедері құрайды. Торлы және симметриялы бөлшектенген қыраттардың биік емес
топтарын керегетасбедері құрайды. Жалаң гранитті және конгломератты
қыраттардың анық бұдырлығы, бұжырлығы жергілікті қотыртас (яғни, бұжыр
жартастар) деген өте дәл атаумен көрсетіледі.
Жоғарыда аталып өткендей, ұсақшоқылық рельеф салыстырмалы биіктігіне
қарай аласа (50 м-ге дейін), ортаңғы (50-100 м) және биік (100-200 м) деп
бөлінеді. Биік ярус өз тәртібімен эрозиялық-тектоникалық табиғатты болады
да, аласа таулардың шеттері бойымен таралады. Бас суайрық қыратының бойында
ол 600-1000 м абсолют белгілерде орналасады және ол алашабыр литологиялық
құрамдағы палеозой жыныстарында жаралған. Девонның эффузивті-шөгінді
жыныстары (құмтастар, конглометраттар, порфириттер, туфтар) бойынша әдетте
ұсақшоқылықтың қырқалы - жалды типтері дамыған. Төзімді жалдар төменгі және
ортаңғы карбонның ізбестастарында, шынытастықтарда және шынытас-порфирде
шоғырланған. Жеке пішіндердің беткейлері көбіне асимметриялы, тереңдігі 60
м-ге дейінгі жыра-сайлармен және шатқалдармен тілімделіп келеді. Неоген-
ширектік уақытта жаңарған жарылымдармен сәйкес келген беткейлер өте тік.
Биіктердің баурайында көбіне ысырынды конустардың ширектік жыныстарының
етектері дамыған.
Сарыарқаның солтүстік көлбеулігінде эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылық
Ерейментау, Баянауыл, Желтау, Қоянды, Қу, Нияз, Семізбұғы және басқа
аласатаулардың жанында тараған. Кейде ол бөлшектенуі мен гипсометриялық
сипаты бойынша аласатаулы бедерге жақындау келетін, едәуір кең көлемді
оқшауланған алқаптар түзеді. Мұндай алқаптардың мысалына Айыр, Ақжал,
Арқалық, Мыржық, Тілеуімбет және басқалар жатады. Антиклинорийлердің осьтік
бөлігімен өзара байланыстағы олар, палеозойға дейінгі дәуір мен төменгі
палеозойдың жарықтардың күрделі жүйесімен бөлшектенген метаморфтық
қатқабаттарынан түзілген. Биік ұсақшоқылық пішіндерінің ішінде қырқалар,
көбіне қырқалар мен жондардың өзара тіркестері басым келеді. Ең ірі қырқа
Қарасор көлінен солтүстіктегі Айыр алқабында байқалады. Ол ендікке жақын
бағытта 20 км-ге дерлік созылады. Оның биіктігі 150 м-ге дейін. Беткейлері
тік, 30-40°-қа дейін барады.
Оңтүстік көлбеулікте биік ұсақшоқылық бас суайрықтық қыраттың тауларын
қоршап тұрады және жеке алқаптар түрінде Солтүстік Балқашмаңында Тоқырауын
мен Бақанас өзенаралығында 450-800 м абсолют белгілерде кездеседі. Мұнда
қырқалы рельефі басым алқаптар сирек кездеседі. Итмұрынды, Түлкілі,
Шұбартау, Қараүңгір, Қалмақжатқан және басқа ірі алқаптарда салыстырмалы
биіктіктері 100-200 м қырқалы- конус тәріздес, қырқалы-жонды, жонды-
күмбезденген ұсақшоқылық бедерлердің тіркестері басым.
2.3 Сарыарқаның климаты және пайдалы қазбалары
Сарыарқа Еуразияның орталығында орналасқан. Оған айтарлықтай дәрежеде
радияциялық факторларға тәуелді шұғыл континенттік, ылғалдығы жеткіліксіз
климат, сондай-ақ оңтүстікке қарай тез өсіп отыратын қуаңшылық тән.
Солтүстік бөлігі ішінде орманды дала және ормандар аралдары бар
қуаңдала аймағына, оңтүстік бөлігі қоңыржай белдеудің шөлейтіне сәйкес
келеді. Солтүстік Балқашмаңының ендігінен шөл зонасының шекарасы өтеді.
Сарыарқаның солтүстігінде қаңтардың орташа ауа температурасы -22°,
оңтүстігінде-150, шілдеде тиісінше 20° және 25°. Қысқы минимум температура
-50° дейін болады, ал жазғы максимум температура 40°-тан асады. Ауа
температурасының орташа жылдық амплитудасы 35°-тан артады.(салыстыру үшін -
Украинада 25°).
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 300-350 мм,
оңтүстігінде 150-200 мм. Аласатаулы алқаптар ылғалды желдердің бір бөлігін
ұстап қалады және сондақтан Көкшетау мен Қарқаралы алқаптарында жауын-
шашынның орташа жылдық мөлшері көпжылдық есеп бойынша 400 мм-ден артады.
Жауын-шашынның басым бөлігі солтүстігі мен орталық бөлігінде жылы кезеңге,
ал оңтүстігінде қыс мерзіміне келеді. Солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы
қарашаның орта кезінде, ал оңтүстігінде әдеттегідей желтоқсанда түседі.
Булану барлық жерде жауын-шашынның мөлшерінен асып тұрады.
Солтүстігінде оңтүстік-батыс бағыттағы желдер, оңтүстігінде солтүстік-
шығыс бағыттағы желдер басым болады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4 -6
мсек. Қатты желдер болатын күндер (15 мсек-тан астам) Көкшетауда 60-тан,
ал Балқашта 20-дан аздау болады.
Сарыарқаның гидрографиялық торы басым көпшілігінде маусымдық сипатта
болады, негізінен қар суымен қоректенеді. Солтүстігінің өзендеріне
қарағанда оңтүстік көлбеуінің өзендерінің сумен қамтамасыздығы аздау
болады, ал солтүстік Балқаш маңы жалпы алғанда жергілікті ағынның аумағына
жатады.
Сарыарқа - пайдалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz