Аударма сапасының бағалау мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АУДАРМАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
- Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері . . .
- Аударманың қалыптасу тарихы
2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ
2. 1 Аударма түрлері
2. 2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары . . .
3. Аудармаға талдау жасау
3. 1 Мәтінді аудару
3. 2 Мәтінге талдау жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің заману талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік « сахнасында » өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын « тайға таңба басқандай » айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет « ұлы көштен » қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол - өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.
Жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігінде бұл тақырыптың, яғни, қазіргі замандағы аударманың маңыздылығы, ерекшелігі, рухани мәдени өмірде алатын орны жайлы болмақ. Қазіргі кезде қандай аударма түрі болмасын, әрбір аударманың өзіндік ерекшелігі болады. Жанама немесе тікелей аударма аясында әрбір қойылған талаптарға сай аударманың өзіндеік не болмаса, нақты түпнұсқасын беруге тырысады. Сол сияқты қазіргі кезде тек қана шет тілдерден аудару ғана емес, белгілі бір қарастырып отырған терминнің де түсініктемесін аударма ретінде береді. Менің бұл тақырыпты тандаған себебім, қазіргі кезде аударма мәселесі кең ауқымды белең алып отыр. Қандай бағытқа бет алсаңда барлық жердің талаптарына сай аударманың маңыздылығы зор болып табылады. Қазіргі таңда Елбасының жолдауына, қойған шарттарына сай барлық құжат-хаттамалардың өзі де орыс тілінен қазақ тіліне аударылып жатыр. Міне, аударманың рөлін осыдан - ақ байқауға болады. Сондықтан, аударма сапасын арттыру және сол тақырыптағы мәселелеріне баға беру маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты қазіргі замандағы аударма үдерісінің маңыздылығы және ерекшелігі болып табылады. Бұл тақырып аясында аударма сапасының бағалау мәселелерін қарастыру.
Жұмыстың міндеттері:
- жұмыстың басты міндеттері алдымен, аударманың жалпы түсінігін айқындап, басты мәдениеттанулық мәселелерін ашу;
- аударманың түрлері және оның қалыптастыру кезеңдерін барынша айқындап баяндап, сонымен қатар, аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамаларын, әрбір зерттеушілердің аударма жайлы қолдану материалдарын көрсете отырып, жұмыс барысында қарастыра кету;
-белгілі бір мәтінді алып, оның аудармасын жасай отырып, мейлінше толық талдау жасау.
Теоретикалық маңыздылығы: Негізінен бұл тақырып барысында көптеген ғалымдар ой қозғаған болатын. Бұл тақырыпты барынша ашуға тырысқан және де өздерінің барлық амал-тәсілдерін көрсеткен. Мәселен, аударма жайлы, аударманың үдерістерімен қазақ жазушылары М. Дулатов, А. Байтұрсынов сынды ақындар ой тербеткен. Ал шетел ғалымдарына келетін болсақ, Цицерон, Этьен Доле, Юджин Альберти Найда сияқты жазушыларды айта кетуге болады. Мысалы, аударма жайлы Дж. Стейнер өз пайымдауынша қарастырған. Ол аударма тарихын төрт негізгі кезеңге бөлген. Ал Ж. Мунэн болса, аудармаға тосқауыл болатын мәселелерді үш топқа біріктірген. Сол сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерін қарастыру заңды болып табылады. Жұмыс барысында өзге де жазушылардың аударма жайлы қарастырған теоретикалық маңыздылықтарын көрсете отыру.
Практикалық маңыздылығы: Менің таңдаған тақырыбымның практикалық маңыздылығы қазіргі таңда кең ауқымда белең алып отыр және де өз алдына қойған рөлі де ерекше. Өйткені қазірде аударма әрбір жұмыс барысында аса қажет. Әрбір мамандықтың не болмаса таңдаған бағыттың өзіндік аса ерекшелігі ең болмағанда немесе бір болмасын бір құжатта аударма керек болады. Тым болмаса нақты түпнұсқадағы аударма болмасын, кем деген әйтеуір кез келген мәтіннің не болмаса сөздің аудармасы немесе баламасы қажет. Сонымен, айтайын дегенім, менің ойымша бұл тақырыптың өзектілігі де, маңыздылығы да зор.
Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.
1 АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнын ашып көрсету осы бөлімшенің алға қойып отырған міндеті. Соған қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша қотару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын - бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің « ішкі » тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның « өз тілі » бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз [1] .
Кезінде Р. Якобсон «Аударма туралы» деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерінсол тілдің басқа белгілерімен сипаттау түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т. б. ;
2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3) семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау [2] .
Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін « аударманың » екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, « rewordіng ». Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз « аударманың » аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді [3] .
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем - әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т. б. - ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.
Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған « тілден » (бұл тұста тіл деген тар лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т. с. с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы « сөйлете » аламыз. « Тілсіз тілдер » ұғымы осыдан барып шығады, « мәдениет - метатіл » деген түсінік туындайды.
Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды [4] .
Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т. б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес - алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт - бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық - табиғи өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами - мәдени әлем заңдылықтарына да тәуелділік танытатыны бәрімізге аян.
Аударма дегеніміз не? Аударманың түп сырына, терең тұңғиығына (философиясына) « сүңгімес » бұрын ұғымның өзін анықтап алу керек. « Аударма » деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы - аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.
Француз аудармашысы және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға берілген анықтамалардағы алуантүрлілікті келесідей түсіндіреді: « Аударма ұғымы, шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да болар» [5] .
Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен, аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма - мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде алынған аударма және аударма - сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны ғалымдар өзара « транслат » деп те атайды.
Аударматану ғылымындағы беделді авторлардың анықтамаларын келтірейік. А. В. Федоров: « Аудару дегеніміз бір тілдің көмегімен осыдан бұрын басқа тіл арқылы көрсетілген шығарманы анық және толық жеткізу» деп анықтаса, Я. И. Рецкер: « Аудармашының мақсаты - түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен оның мазмұнын біртұтас және нақты жеткізу» деп біледі; ал Ж. Мунэн: «Аударма - тілдер байланысы, билингвизм құбылысы. Бұл - билингвтің кез келген нормадан ауытқуға, интерференцияға саналы түрде қарсы күресетін жағдайы» деп анықтайды. Басқаларды қоя тұрып, аударма теориясымен арнайы айналысып жүрген ғалым-зерттеушілердің анықтамаларын келтіргеннің өзінде сан саққа кеткен ойға куә болдық. Осынау келтірілген немесе одан да басқа көптеген аударма анықтамаларынан қорытындылай келе айтатынымыз: аударма - белгілі бір о бастағы мәтіннің (түпнұсқаның) барлығын басқа тілге түсінікті етіп жеткізу процесінің жүргізілуін алғышарт етіп қоятын әрекет түрі. Ендеше, аударма құбылысын қарастыру барысында түпнұсқа мен көшірме, бастапқы негіз бен кейінгі туынды арақатынасы, олардың эквиваленттілігі туралы мәселелер бой көтереді. Оларға арнайы тоқталатын тараушалардың болуына байланысты осы жазылғанмен шектелеміз [6] .
Біздің зерттеп отырған мәдениеттанулық ғылым аясындағы аударма мәселесі туралы сөз болғанда, ең алдымен, аударманың - қоғамдық-мәдени құбылыс екендігін айта кету керек. Яғни аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті бар, өзін қоршаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра алатын, сөйтіп, сол белгілердің мән-мағынасы туралы келісімге келе алатын жеке адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мәдениетте орын алады.
Осы жоғарыда айтылған аударма түсінігінде « аудару дегеніміз түсіну » деген тезиске де өзіндік орын табылады. Сөз бұл жерде бөтен тілден өз тіліңе аударып түсінуде ғана емес, яғни “өзімдікі/өзгенікі” арақатынасында ғана емес, сөз бұл жерде « өзіңдікін өзіңнің түсінуіңде » де болуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, мәселе « ішкі аудармада » деген сөз. Өз тіліңде жазылған мәтінді түсіну процесінің өзі өзге тілден өз тіліңе аудару процесіне пара-пар күшті қажет ететін күрделі процесс. Немесе, бір тілдің өзінің ескі түрінен, не болмаса, диалектісінен сол тілдің қазіргі әдеби күйіне аудару мәселесі де жоғарыдағылар қатарына жатады.
Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан берілген анықтама Р. К. Миньяр-Белоручевке тиесілі: « Аударма туралы ғылымның нысанасы - екі тілді қолдану арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі» [7] .
Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы, шынайы әлем заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы туралы іргелі білім деуге болады.
Біз тілдердің шындықты түрліше бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды олардың алуан түрлі белгілеріне назар аудара отырып, түрліше түзіп, түрліше «дауыс беріп», өмірді түрлі бояуларда көрсететіндігін білеміз. Алайда, түрлі мәдениет пен алуан түрлі тілдік сана иегерлері мұндай айырмашылықты түсіне білуге де қабілетті. Сондықтан, егер аударманы бір шындықты басқа тілдің көмегімен бейнелеудің құралы ретінде қарастырсақ, онда «аударылмайтын ұғымдар» мәселесі мүлдем туындамай, аударма проблемасы оңай шешілетін болады.
Аударма - құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған көрінісі болады, өйткені біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық «адалдықтың» шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.
Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы - ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді [7] .
Осы ізденіс жұмысында аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі.
Бірақ сол ізденіс барысында аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана пәнаралық аймақ ретінде « ауыз сала бастаған» мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге әбден болатын сияқты [8] .
Аударманың мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма - мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет - адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма - мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем - әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. «Прозадағы аудармашы - құл, ал поэзиядағы аудармашы - қосавтор» деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма - шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді [9] .
Аударманың адамзат мәдениеті тарихында көрінуі және де жалпы мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине, өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.
Аударма ісінің мәдениеттің мәйегі болып есептелетін тіл мәселесімен етене тығыз байланыстылығы бүгінгі таңда кең жайылып келе жатқан «дефистік (hyphnated) ғылымдар», немесе пәнаралық зерттеулер жемісі - лингвомәдениеттанулық ізденіс аясын көрнекілейді.
Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар…) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында - мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар [10] .
Сонымен, аударма - мәдени құбылыс. Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол - уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.
Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі - мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы - мән-мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық, немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда, көшіруде, аударуда - осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды [11] .
1. 2 Аударманың қалыптасу тарихы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz