Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы . . . 4
- Экономикасының дамуы бойынша елдердің жалпы сипаты . . . 4
- Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру . . .
ІІ Шет елдер үшін нашар дамыған аймақтардың салыстырмалы сипаттамасы . . .
2. 1 Дамушы немесе нашар дамыған елдерге жалпы сипаттама . . .
2. 2 Нашар дамыған елдердің аймақар бойынша салыстырмалы топтамасы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Әлемде экономикалық деңгей әр елде әр түрлі. Кейбір елдерде жоғары кейбір елдерде өте төмен. Елдегі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнім, сауаттылық деңгейі, жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. Өкінішке орай, соның ішінде балалар саны көп. Кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 982 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2, 5 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер немесе нашар дамыған мемлекеттер қатарына саналады. Ондай мемлекеттер Азия, Латын Америкасында сонымен қатар Африка құрлығында көптеп таралған.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жоғарыда аталғандай экономикасының даму деңгейі әр мемлекетте әртүрлі таралатындықтан, олардың экономикасын зерттеу, соның ішінде нашар дамыған мемлекеттердің әл-ауқатын бөліп қарастыру өзекті мәселелердің қатарына жатқыздыруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыра отырып, нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасын аймақтар бойынша (Азия, Африка, Латын Америкасы) бөліп қарастыру. Курстық жұмыстың міндеттері: дүниежүзіндегі таралған мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру; нашар дамыған мемлекеттердің жалпы сипаттамасын қарастырып, талдау жасау; нашар дамыған мемлекеттерді аймақтар бойынша топтарсырып, салыстырмалы сипатын шығару.І Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы
- Экономикасының дамуы бойынша елдердің сипаты
Елдің типі - әлемдік қоғамдастықта оның орнын сипаттайтын объективті түрде қалыптасқан, салыстырмалы мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайларының тұрақты кешені.
20-ғасырдың 90-ы жылдарына дейін әлем елдері 3 типке бөлінген: социалистік, капиталистік, дамушы. Әлемдік социалистік жүйе ыдырағаннан кейін елдердің саясаттанбаған - экономикасы дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы (постсоциалистік) деп аталатын типологиясы қалыптасты. Сонымен бірге әлем елдерін экономикасы дамыған және дамушы деп бөлетін қос мүшелі типологиясы таралған. Елдердің типтерін бөлу олардың дамуының макростатистикалық көрсеткіштерінің және тарихи қалыптасу ерекшеліктері мен даму деңгейін салыстырудың негізінде жүргізіледі. Жинақтаушы көрсеткіш ретінде елдердің әрбір тұрғынына келетін өндірілген жалпы ішкі өнім алынады (ЖІӨ) . Әрбір тұрғынға келетін жалпы ішкі өнім - материалдық өндіріс салаларымен өндірістік емес салалардың жалпы өнімінің құнын бір адамға есептегенде анықталады. Бірақ жан басына келетін жалпы ішкі өнім әрбір типті елдердің арасындағы айырмашылықты және абсолютті сипатты бермейді. Соған байланысты елдерді талдағанда кешенді бағалау - типологиялық бағыт жасалған. Оның негізіне елдердің экономикалық, демографиялық, әлеуметтік және басқада көрсеткіштері қолданылған. Төменде Мәскеу мемлекеттік университетінің экономист-географтарының сандық және сапалық көрсеткіштерді қолданып жасаған елдердің типологиясы келтірілген (1-кесте) .
1. «Үлкен алтылық» - жетекші елдер
2Еуропаның шағын елдері.
3. Көшіп-қонған елдер
1. Оңтүстік Еуропалық елдер
2. Шығыс Еуропалық елдер
3. Евразия елдері. 4. Шығыс- Азия елдері 5. Латын Америкасы елдері.
1. Жаңа индустриалды елдер
2. Мұнайэкспорттаушы елдер
3. «жерін жалға беруші» елдер.
1-кесте. Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің типологиясы.
1. 2 Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру
Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:
1) ел экономикасының типі;
2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;
3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;
4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;
5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.
Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан еларалық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) . ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік - АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды (1-сурет) .
1-сурет. Дүние жүзі елдерінің ЖІӨ көрсеткіші (млн. АҚШ доллары есебімен)
Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады (2-кесте) .
2-кесте. Жалпы ішкі Өнімі бойынша елдердің салыстырмалы кестесі
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1, 3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т. б. ) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.
Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.
Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.
Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.
Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді. Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді (3-кесте) .
3-кесте. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты дамушы мемлекеттер топтамасы
2-сурет. Әлем елдерінің экономикасының дамуы (көк түс -дамыған мемлекеттер, сары түспен - орташа дамыған, қызғылт - нашар дамыған мемлекеттер)
Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы елдер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметгік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, эколгиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылыққа елдердің әлеуметтік- экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады деп толық айта аламыз.
ІІ Шет елдер үшін нашар дамыған аймақтардың салыстырмалы сипаттамасы
2. 1 Дамушы немесе нашар дамыған елдерге жалпы сипаттама
«Дамушы елдер» терминін ғылыми ұғым ретінде 1960 жылдың басында аргентиналық экономист Р. Пребиш енгізген. Ол осыған дейін кең пайдаланылып келген «нашар дамыған елдер» ұғымын алмастырды.
Дамушы елдерге: Азия, Африка, Латын Америкасы және Мұхиттық аралдар елдерінің тәуелсіздік алған елдері (150-ге жуық) жатады. Дүние жүзінің саяси картасында олар өте үлкен аумақты алып жатыр. Саны жағынан мұндай елдердің өте көп болуы және олардың арасындағы айырмашылығы Батыстың дамыған елдеріндегідей емес, айқын ажыратылады.
Олар ұзақ уақыт бойы империалистік мемлекеттердің отаршылдық және жартылай отаршылдық езгісінде болып келді.
Дамушы елдердің табиғат ресурстарының әлеуеттілігі өте зор. Олар жер беті аумағының ½-ін алып жатыр. Көпшілігінің экономикалық-географиялық жағдайы ыңғайлы, геологиялық тұрғыдан қолайлы және сарқылмайтын минерал ресурстары бай. Дүние жүзіндегі су ресурстарының және су энергетикасының 50%-ы дамушы елдердің үлесіне тиеді. Мұнда дамыған елдерге қарағанда 3 есе артық әрі сарқылмайтын энергия көздері бар.
Дамушы елдердің демографиялық әлеуеттілігі де зор. Мұнда жер бетіндегі халықтың 60%-дан астамы тұрады. Еңбек ресурстарының ¾-і осы Азия, Африка және Латын Америкасының дамушы елдеріне тиесілі. Дамушы елдерде халықтың негізгі бөлігі - жастар.
XX ғаырдың соңында үлкен қиыншылықтарға қарамастан, дамушы елдердің экономикасы біршама алға басуда. Өндірістің деңгейі көтеріліп, дүниежүзілік шаруашылықта Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің үлесі артты. Оларда жаңа индустриялы елдер мен өтпелі экономикалы елдер пайда бола бастады. Дегенмен елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуында қарама-қайшылықтар мен тұрақсыздық сипат алып отыр.
Дамушы елдердің шаруашылығының салалық құрылымында өңдеу өнеркәсібінің болмауы және ауыл шаруашылығының басым болуы сипат алған. Олардағы шаруашылықтың артта қалуын халықтың және шаруашылықтың орналасуынан көруге болады.
Азия, Африка және Латын Америкасы елдері шаруашылығының аумақтық құрылымының негізгі белгілері, отарлау және жартылай отарлауға тәуелді кезеңнен қалыптасқан. Қазір де олардың басым көпшілігінде щаруашылықтың аумақтық құрылымында отарлау типі сақталып отыр. Олар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы аудандарының, көлік магистральдарының, ауданаралық қарым-қатынастардың бытыраңқылығымен сипатталуда.
Қазіргі кезде дамушы елдер біршама экономикалық және әлеуметтік прогреске жеткенімен де, олардың экономикасы дамыған елдерге тәуелді болып отыр. Ғасырлық артта қалушылықты жою және экономикалық тәуелсіздікке жету үшін дамушы елдер өздеріне маңызды деген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп келеді. Бұл ретте дамушы елдердің экономикалық артта қалушылығын жоюдың ең маңызды тәсілі - елді индустрияландыру болып табылады.
Барлық Азия құрлықтың шамамен 70%- ін немесе 43 млн кв км аумақты алып жатса, ал Шетелдік Азия 27 млн шаршы км аумақты алып жатыр.
Шетелдік Азия 4-ірі субаймақтарға бөлінеді: Оңтүстік- Батыс Азия, Шығыс және Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия.
Азияда жер шарының тұрғындарының жартысынан көбі қоныстанған немесе 3, 5 млрд адам тұрады. Ал кейбір болжамдар бойынша халық саны 2025 жылы 5 млрд- қа жуықтайды.
Әлемнің халқының санының көптігі бойынша алғашқы 10 елдің қатарына Азиялық Индонезия, Пәкстан, Жапония, Бангладеш кіреді.
Африканың ауданы оған барлық аралдарын оның ірісі Мадагаскарды қоса алғанда 30, 3 млн шаршы км. Солтүстігінен оңтүстігіне қарай 8-мың км, ал батысынан- шығысына қарай- 7, 5 км. Африканың құрамына-55 ел кіреді, соның ішінде 3-і монархты. Африканың жағалауы аз тілімденгеніне байланысты кемелер кіретіндей бұхталар аз. Экватордың екі жағын ала орналасқан Африканың жағдайы әсіресе оның батыс және шығыс жарты шарда орналасуы оның қазіргі әлемдегі маңызды транспорттық географиялық жағдайын анықтайды. Оның жағалауы мен порттары арқылы Еуропаны, Азияны, Антарктиданы байланыстыратын маңызды әлемдік теңіз жолдары өтеді, ал аэропорттары арқылы Еуропаны Оңтүстік-шығыс Азияны, Оңтүстік- Азияны, Оңтүстік және солтүстік Американы және Азияны байланыстыратын континент аралық әуе жолы өтеді. Жалпы Африка қазіргі уақытта әлемдік жолдардың тоғысына арналған.
Қазіргі уақытта Африканың қорлары әлемдік экономика мен дамыған елдер үшін маңызды. Жалпы табиғи қорлары континент ішінде әр түрлі орналасқан. Жалпы Африканың үлесіне әлемдік алтын мен алмастың қорының елеулі бөлігі, тантал мен хромиттің 80%-ы, фосфориттердің 70-75%, титанның 60%, марганецтың 40%, кобальт, уран, мыстың, бокситтердің 30-35%, ниобийдің-сурьманың шамамен 20%-ы орналасқан. Африкада әлемдік мұнайдың шамамен 10%, ал газдың 20% бар. Темір рудасының, қалайының литийдің, графиттың мол кеніштері, сонымен бірге қорғасын-мырыш, тас көмірдің кеніштері бар. Пайдалы қазбалардың қоры бойынша Конгоның оңтүстік-шығысы және жақын орналасқан Замбияның жақын аудандары. ОАР-ның шығыс бөлігі және Гвиней шығанағына жақын орналасқан Батыс -Африка, Солтүстік-Батыс Африка аудандары бай. Минералды шикізаттың ірі қорлары экваторлық Африканың батыс аудандарында, оңтүстік-шығыс және оңтүстік- батыс бөлігінде Сахараның солтүстік және батыс аудандарында көп. Африканың басқа аудандарында пайдалы қазбалар аса көп емес деп саналады, бірақ оның негізгі себептерінің бірі геологиялық барлау жұмыстарының аз жүргізілуі.
Африка елдерінде өндіруші және өңдеуші, ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің арасында диспропорция бар. Әлемдегі минералды шикізатты өндіруде Африканың үлесі 10%, ал өнеркәсіптік өндірісте 2, 5%. Өңдеуші сала өте нашар дамыған. Ондада өнеркәсіп негізінен ОАР-да шоғырланған. Тау-кен өндіруші өнеркәсіп континент үшін негізгі сала, өндірілген пайдалы қазбалардың шамамен 80%-ы экспортқа шығарылады.
Латын Америкасының аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 13 мың км-ге, ал батыстан шығысқа 5 мың км-ге созылып жатыр. Латын Америкасы деген атау дүние жүзінің осы бөлігіндегі халықтың көпшілігі сөйлейтін роман тілдері - испан-португал, француз тілдерінің латындық негізінен шыққан. Төрт ір аймақ: Мексика; Орталық Америка (Орталық Америка және Вест-Үнді елдері) ; Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили) ; Бразилия. Амазонка бассейні мен Ла-Плата ойпаты елдері.
Латын Америкасы қалпына келетін, қалпына келмейтінде табиғи қорларға аса бай әлемнің аймақтарының біріне жатады. Латын Америкасының ендікте орналасуы агроклиматтық қорлармен жақсы қамтамасыз етеді. Латын Америкасының ауданы 930 млн гектар орман жерлері. Орманды алқабының көлемі бойынша әлемнің барлық макрорегиондарының алдында және ормандануының дәрежесі 50%.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz