Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы


Кіріспе
Өзектілігі: Қазіргі таңда дүние жүзінде халық санының, әсіресе қала халқының саны арта түсуде. Мұның басты себептеріне қаладағы дамыған өнеркәсіптер мен инфрақұрылымдар, өмір сүру жағдайының жоғары болуы және тағы басқаларына қатысты адамдар қалаға көшіп жатыр. Соның ішінде Қазақстандағы халық санының көбеюі және қала тұрғындарының санының артуы нәтижесінде ірі қалалардың даму тенденциясы байқалуда. Әсіресе, Астана және Алматы қалалары әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан елімізде алдыңғы қатарлы қалалар болып табылады. Сондықтан мұндай ірі қалаларды қазіргі таңда зерттеу басты мәселелерге айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы . Бұл жұмыс ірі қалалардың, Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасын ғылыми түрде зерделеуге арналған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты . Ірі қалалардың жалпы сипаттамасына негізделе отырып, Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- ірі қалалардың қалыптасуын қарастыра отырып, олардың кеңістіктік құрылымын анықтау;
- Астана мен Алматы қалаларының жалпы сипаттамасын жасап, олардың даму мүмкіндіктері мен мәселелерін зерделеу;
- алынған сипаттамалар негізінде екі қаланың кешендік салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Ірі қалалар, Астана мен Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі.
Қалалар географиясы туралы әртүрлі ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері болып табылады. Зерттеуді әдістемелік қамтамасыз ету мақсатты бағдарламалық тәсілдер, жүйелік және картографиялық әдістерді, құрылымдық-әрекеттік жолдар әдістемелерін және қазіргі жаңа статистикалық мәліметтерді, талдау әдістерін қамтиды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми тұжырымдасы:
- ірі қалалардың қалыптасу тарихы сипатталды;
- Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жинақтастырылды;
- екі қаланың ғылыми түрде салыстырмалы талдау жұмыстары жүргізілді
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және қосымшалардан, компьютермен терілген 60 беттік мәтіннен, 5 кестеден, 6 суреттен, 39 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ірі қалалар географиясының теориялық негіздері
1. 1 Ірі қалалардың қалыптасуы
Қоныстану формаларының тарихи эволюциясы барысында қоңыстану орындарының дәстүрлі типтері - қалалық және ауыл мекендерінің орнына жаңа формалар туындады. Бұл процесс тұрғындардың шоғырлануы деңгейі артылған сайын мекендердің жақын орналасып, олардың арасында белсенді қарым-қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде қалалар агломерациясы қалыптасады.
Жалпы алғанда, қала - тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекенді айтамыз.
Қала орталық коныстандырылған пункт, кішкене қала мен ауылдардан айырмашылығы шекара ішінде діни, әскери-саяси, экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге асырылу деңгейімен және үлкен көлемімен ерекшеленеді. Осы әрекеттер жиынтығы қоршаған шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.
Қала көбіне өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер - ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары) .
Дүниежүзіндегі ірі қалалардың пайда болуына үлкен септігін тигізген бұл индустриалды кезең болып табылады, осының салдарынан қаладағы халық саны артты, мұның басты себептеріне ауылдардан қалаға адамдар ыңғайлы үйлер мен үлкен қаржылық табыс көзі үшін көшкен болатын.
XIX ғасырда өнеркәсіптік қалалар санының өсуі байқалғанымен, урбанизация ғасырын ХХ ғасыр деп айтады. Мұның дәлеліне келесі деректерді жатқыздыруға болады: 1900 жылы қалаларда 13 % адам тұрса, осы ғасырдың аяғында халық саны 47 % жеткен екен (кесте - 1) . Қазіргі таңда қалаларда әлем халқының тең жартысы тұрады.
Кесте - 1 Дүние жүзіндегі қала халқы
1950 жылы 1 миллион халқы бар83қала тіркеуге алынған. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 411-ге жеткен. 2010 -800 қала.
2000 жылы 10миллионнан астам халқы бар 18 қала тіркеуге алынса, 2005 - 20 (22 қала 5-10 млнадаммен, 370 - 1-5 млн, 433-500 - 1 млн), 2010 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша23-ке жетті.
Қазіргі таңда келесідей ірі қалалардың топтамасын көруге болады.
Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, мұндай тенденцияның байқалуынан әр 38 жыл сайын қала халқының саны екі есе өсе береді.
Еуропада қала халқының 50 % кішігірім қалаларда (5-10 мың адам), 25 % - 10-250 мың халқы бар қалаларда және қалғаны 250 мың адам бар қалаларда тұрады екен.
Қазіргі таңда жер шарындағы бүкіл қалалар құрлықтың 1 % ауданын алып жатыр.
Қала агломерациялары дүние жүзінде жедел арада дамып келе жатқан мекенді жерлердің жиынтығы ретінде ондаған және жүздеген мекендерден құралады. «Қала агломерациясы» ұғымымен қатар мұнда «қоңыстанудың локалды жүйелері», «ірі қалалар аумағы» деген терминдер қолданады.
Қоңыстану жүйесіне қатысты «қала агломерация термині» француз географы М. Руже алғаш рет қолданды. Оның пікірінше, қалалық қызметтің түрлері қаланың әкімшілік шекараларынан асып көршілес қоңыстаніу мекендеріне жайылған кезде агломерация пайда болады.
Ресейлік әдебиетте қала агломерациясы түсінігі ХХ ғасырдың 10-20 жылдарында кеңінен қолданылса да басқаша аталған, А. А. Крубер бұл бағытта «қаланың шаруашылық округы», М. Г. Диканскийдің «агломерациясы», В. П. Семенов-Тян-Шанскийдің «экономикалық қаласы» терминдері қолданылды.
Қазіргі кезде агломерация терминіне қатысты бірнеше анықтамалар беріледі.
Н. В. Петров бойынша агломерация деп қалалар мен басқа да мекендердің территориясы жағынан шоғырланып дамуы барысында шаруашылық, еңбек, мәдени-тұрмыстық өзара байланыстары күшейген кешенді жиынтығы аталады.
Е. Н. Перцик басқа анықтама береді, ол бойынша қала агломерациясы территориясы жағынан жақындасқан экономикалық тұрақты байланысы бар және еңбек, мәдени-тұрмыстық және өндірістік өзара байланыстары орнатылған, ортақ әлеуметтік және техникалық инфрақұрылымы бар мекендердің жүйесі- қоныстанудың сапасы жағынан жаңа формасы, ол қаланың мұрагері ретінде оның компактылы формасында пайда болып қазіргі замаңғы урбандалудың өнімі болып табылады.
Сонымен қатар тағы бір деректерде агломерация, елді мекендер агломерациясы - экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. бірі және негізінен индустралдық аймақтарға ғана тән құбылыс. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы Агломерация да болады. Агломерация өнеркәсіп өндірісі мен еңбек ресурсының аумақтық шоғырлануын сипаттайды, яғни мұнда өнеркәсіп, инфрақұрылым, ғылым және білім беру ісінің салалары қатар дамиды, соған байланысты халық тығыз қоныстанады. Агломерация өзінің төңірегіндегі аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағынан өркендеуіне үлкен ықпалын тигізеді.
Қала агломерацияларын зерттеу негізінен экономикалық география тұрғысынан жүргізілді. Аталмыш ғылым саласының мамандары оны зерделеуде қомақты тәжірибе жинақтады. Агломерациялық мәселелерді әр қырынан қарастырған ресейлік ғалымдар Н. Н. Баранскийдің, Г. М. Лаппоның, Ф. М. Листенгурттың, Ю. Л. Пивоваровтың, О. С. Пчелинцевтің, Г. Н. Фоминнің, Д. Г. Ходжаевтың, Б. С. Хоревтің және т. б. еңбектері зерттеушілерге кеңінен танымал. Бұл еңбектер агломерациялық, урбандалу проблемаларын зерттеуге мұрындық болады. Мәселен, Г. М. Лаппоның «Развитие городских агломераций в СССР» атты еңбегі қалалық агломерациялардың заманауи кенттену үрдісіндегі орны мен рөлін тануда аса маңызды. Кеңестік кезеңде марксистік-лениндік методология шеңберінде жазылғандығына қарамастан еңбек агломерацияның теориялық негіздерін түсінуге кеңінен мүмкіндік береді. Өйткені іргелі зерттеуде қалалық агломерациялардың дамуына әсер ететін факторлар, қала маңының қалыптасуының алғы шарттары, ірі агломерация және оның серіктес зонасы, т. б. мәселелер шешімін тапқан. Г. М. Лаппоның еңбегі агломерацияның теориялық-методологиялық негіздері көрсететін бірегей зерттеу болып табылады [4] .
Біз зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда ресейлік белгілі ғалым Ю. Г. Саушкиннің В. Г. Глушковамен бірлесіп жариялаған еңбегінің «Московская и некоторые другие агломерации городов» деген тарауының мазмұны құнды болып табылады. Авторлар Мәскеу агломерациясының тәуліктік маятниктік миграциясын, қала маңына орналасуын, Мәскеу қаласының облыс елді мекендерінің мәдени-тұрмыстық байланыстарын, мәскеуліктердің қысқа мерзімді демалысқа қала маңына шығуын, агломерация тұрғындарының орналасу тығыздығын, ірі мегаполис маңының экономикалық жағдайын ғаламдағы ірі агломерациялармен салыстыра отырып көрсетеді [5] .
Алматы қаласы мен оның айналасындағы маятниктік миграцияның сипаты мен салдарын зерделеуге «Маятниковая миграция сельского населения» атты топтама септігін тигізеді. Жинақ маятниктік миграция деген не, маятниктік мигранттарға кімдер жатады, олардың жас мөлшері, әлеуметтік жағдайы қандай, маятниктік миграция қаланың еңбек ресурстарына қалай әсер етеді, маятниктік миграцияның болашағы қандай деген сауалдарға жауап береді. Сөйтіп, маятниктік миграция туралы толық түсінік беріп, осы мәселе бойынша зерттеушілерге жол сілтейді. Осы тұрғыдан алғанда топтама мәнді болып табылады [6] .
Ірі мегаполистер, олардың жай-күйі мен болашағы кез-келген мемлекетті ойландыратын күрделі проблемалардың бірі. Қала ұлғайған сайын күрмеуі қиын мәселелердің қатары көбейетіндігі түсінікті. Сондықтан да ірі қалалар қашан да үкімет назарында болып, жиі тілге тиек етіледі. Осы орайда Б. С. Хоревтің «Проблемы городов» деп аталатын еңбегін атаған жөн. Өйткені зерттеу ірі қалалардың алдында тұратын түйіткілдерді нақ басып көрсетуімен ерекшеленеді [7] . Алматы агломерациясының болашағын болжауда, оның қазіргі кездегі орын алған проблемалардың шешімін табуда бұл еңбек маңызды болып табылады.
Алматы агломерациясы және оның дамуы проблемалары отандық тарих ғылымында зерттелуге тиіс мәселелердің қатарына енетіндіктен аталмыш тақырыпқа қатысты тарихи зерттеулер жоқтың қасы. Дегенмен агломерациядағы тұрғындардың санын, этникалық құрамын, көші-қон мәселелерін зерттеуге М. Х. Асылбеков мен Ә. Б. Ғалидың іргелі еңбегі мұрындық болды. Бұл сүбелі зерттеуде Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелері жаңа қырынан қарастырылып, көші-қон үрдістері тарихи демографиялық бағытта көрініс тапқан [8] . Бұдан өзге М. Х. Асылбековтың В. В. Козинамен бірлесіп жариялаған еңбектерінде XX ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер нақты статистикалық мәліметтердің негізінде көрсетілген. Тарихи демографиялық зерттеу тақырыбының жалғасы ретінде М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның «Казахи» (демографические тенденции 80-90-х годов) [9] атты монографиялық зерттеулерінде тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құрамын зерттеп, қазақтар санының өзге ұлт өкілдерімен салыстырғандағы үлесіне тоқтала отырып мемлекетте жүргізілген экономикалық өзгерістердің қазақ халқына тигізіп отырған әсеріне тоқталған. Біз зерттеп отырған мәселенің, соның ішінде атап айтар болсақ, Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және этномиграциялық үрдістерді айқындауда Қ. С. Алдажұманов пен Е. Қ. Алдажұмановтың салиқалы еңбегі өз үлесін қосты [10] . Аталмыш зерттеуде Қазақстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың депортациялану мәселелері көптеген тың деректер негізінде өз шешімін тапқан. Алматы қаласы мен оның маңында өмір сүріп жатқан неміс, күрд, түрік, корей, т. б. диаспора өкілдерінің осы өңірге келуінің тарихи себептері ашылған. «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы», -деп аталатын ұжымдық зерттеуде Алматы агломерациясының этнодемографиялық дамуын, түрлі ұлт және конфессия өкілдерінің қала маңына қоныстануын көрсетуге септігін тигізді. Корей, неміс, поляк және т. б. диаспора өкілдерінің ірі мегаполис пен оның төңірегіне шоғырлану себептерін айқындауда бұл еңбектегі деректер қомақты үлес қосты.
Қазақстанға Кеңестік қуғын-сүргін саясатының нәтижесінде жер аударылған Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарына күштеп көшірудің түрлі әдістері, депортация себептері Т. Омарбековтың зерттеулерінде жан-жақты талданып, дәйекті мәліметтермен дәлелденген [11] . Депортацияға ұшырап, Жетісу жерінде тұрақтанып қалған корей ұлты өкілдерінің халық шаруашылығына, өлкенің мәдени дамуына қосқан өзіндік үлестері Г. В. Кан, Г. Хан, Г. Н. Ким және Д. Мен еңбектерінде көрсетілген.
Алматы агломерациясындағы халықтың санын, көші-қон мәселелерді, оралмандардың қоныстануын, т. б. талдауда М. Б. Тәтімовтің еңбектерін басшылыққа алдық. Ғалымның еңбектерінде отандық тарихи демографияның өзекті мәселелері жан-жақты зерттелген. Республикаға танымал ғалым, демограф М. Тәтімов ұлттық урбандалудың демографиялық ахуалға әсерін және оның ұтымды тұстарын қарастырып, арнайы зерттеу жүргізді. Бұл еңбегінде автор республикадағы урбандалу процесін сөз ете отырып, Алматы қаласының әлеуметтік-демографиялық жетістіктеріне тоқталады, оның бірқатар шешімін табуға тиісті мәселелерін атап көрсетеді [12] .
Алматы агломерациясындағы тұрғындар динамикасын қарастыруда Т. Ж. Жұмасұлтановтың салиқалы зерттеуі елеулі рөл атқарды . Автор өзінің еңбегінде тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі республика халқының санын, оның әртүрлі аймақтарда қоныстануын көптеген статистикалық мәліметтерді пайдаланып, қорытып, талдай отырып дәйекті түрде баяндаған. М. А. Акынжановтың республикадағы ұлтаралық қатынастардың даму мәселесіне арналған зерттеулерінен Алматы мегаполисіндегі тұрғындардың этникалық динамикасын салыстырмалы түрде көрсетуге пайдаландық [13] . Ғалымдар Н. В. Алексеенко және А. Н. Алексеенконың 1897-1997 ж. ж. аралығындағы еліміздегі демографиялық өзгерістерін зерттеген бірқатар еңбектері Қазақстанның қала халқының демографиялық даму тарихын зерттеуде маңызды болып саналады [14] . Республикадағы халықтардың әлеуметтік-демографиялық даму тарихына арналған бірқатар диссертациялар қорғалды. Атап айтқанда, Н. З. Тәкіжбаеваның «Изменение социальной и национальной структуры сельского населения Казахстана (1946-1992 г. г. ) », С. Айымбетовтың «1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер», Қ. К Қожаханованың «Қазақстанға жер аударған халықтар және олардың Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі (1946-1960 жылдар) », А. И. Құдайбергенованың «Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер (1939-1959 ж. ж. ) » атты жұмыстарды атап өтуге болады. А. И. Құдайбергенованың зерттеу жұмысында 1939-1959 ж. ж. аралығындағы республикадағы этнодемографиялық процестер, халықтың жастық, жыныстық, ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер тарихы қарастырылған. Зерттеуде қазақ даласындағы көпұлттылықты қалыптастырған көші-қон процестерінің табиғаты ашылған.
Жеке аймақтың этнодемографиялық жағдайы, халық санының өсу динамикасы Қазақстан халқының қалыптасуы мен дамуына тигізетін әсері сөзсіз, сондықтан М. Н. Сдықовтың «Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец XIX в. -1989 г. ) » докторлық диссертациясының орны ерекше. Үлкен экономикалық аймақтың даму тарихы мұрағаттық құжаттар мен статистикалық халық санағының материалдары, өзге де демографиялық дәйектер арқылы жан-жақты қаралған. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мәліметтер беретін Н. В. Алексеенконың еңбектері, О. Д. Табылдиеваның XX ғасырдағы Маңғыстау халқының тарихы, Солтүстік Қазақстан аймағындағы халқының динамикасы туралы Ә. А. Какенованың еңбектерінде талданды. Еліміздің басқа аймақтарына арналған ғылыми зерттеулердің ішінде Г. К. Қадырқұлованың «Население Семиречья в 1867-1926 г. г. (историко-демографические аспекты) » және М. К. Төлекованың «Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 ж. ж. ) » атты еңбектерін атап өтуге болады [15] . Зерттеу жұмыстарында Жетісу өңірінің этнодемографиялық жағдайы мұқият қарастырылып, кешенді түрде талданған. Бірақ Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және миграциялық өзгерістер арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осы өңірдің Қазақстандағы өзге аймақтары сияқты әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері мол. Бұл еліміздегі полиэтникалық, поликонфессиялық аймақтардың бірі болғанын ұмытпауымыз керек. Өңірдің этнодемографиялық жағдайы қоғамның даму кезеңіне қатысты үнемі өзгеріп отырды. Осыған орай халықтың саны, этникалық құрамы, жынысы мен жасы және білім деңгейі қалыпты өзгеріп отырды. Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына байланысты өзгеріп отырды. Бұл аймақтың этнодемографиялық құрылымына қомақты әсер еткен көп факторлардың бірі - әр түрлі ұлттардың көші-қоны. Жетісу өңірін мекендеген халықтар үнемі қозғалыста болды, яғни халықтың табиғи және механикалық жолмен өсуі тоқтамай, қарқынды жүргізілді. Ол осы жердің табиғи жағдайының ел қоныстануы үшін өте қолайлы болуынан туындайды. Алматы қаласы тұрғындарының этнодемографиялық және этномиграциялық хал-ахуалын айқындауда аталмыш зерттеулер елеулі түрде септеседі
Ірі қала агломерациясы - ол маңызды ареал болып табылады, онда өнеркәсіптің прогрессивті түрлері, әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, жоба-құрылыстық ұйымдар, мәдениет пен өнердің ерекше мекемелері, жоғары мамандырылған кадрлар шоғырланады.
Қала агломерацияның шекаралары уақыт кеңістігі бойынша жылжымалы болып табылады, себебі тұрғындардың еңбек ету орындарынан алшақ орналасып, олардың кеңістікте өзара ұйымдасуына сай ара қашықтық көлік құралдарының жлдамдығына сай өседі, ал уақыт шығындары шамалы болып табылады.
Қала агломерациясының дамуына келесі ерекшеліктер тән:
- ірі қала жиынтықтарыны артуы, онда орталық ұдайы өсіп, кеңейіп оның ауқымына жаңа территориялар еніп, тұрғындар саны тұрақты түрде артады;
- қала маңындағы мекендер тез арада дамып тұрғындардың орталық қала мен қала маңындағы мекендер арасында реттелуі байқалады;
- ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығына қатысы жоқ еңбекке тартылуы, әсіресе қала мекеніне қатысты;
- маятник тәріздес миграциялар және тұрғындардың агломерация шеңберінде жүйелі түрде жұмыс орындарына, лқу орындарына, мәдени-тұрмыстық және демалыс орындарына жылжып отырып бұл процесстер ұқсастығы жоқ көлемге ие болады.
Е. Н. Перцик қала агломерацияның әр түрлі критерийлерін ұсынады:
- қала тұрғындарының қалындығы және құрылыстардың үздіксіздігі;
- ірі қала орталықтың бар болуы (әдетте 100 мың адамнан кем емес) ;
- еңбек, мәдени-тұрмыстық сапарлардың қашықтығы мен белсенділігі;
- ауыл шаруашылығына қатысы жоқ жұмыскерлер санының үстемдігі;
- тұрғылықты жерінен тыс орындарда жұмыс істеу тенденциялары;
- спутник-қалалық мекендердің саны және олардың орталық қаламен байланысының белсенділігі;
- орталықпен телефон байланыстарының саны;
- әлеуметтік-тұрмыстық және техникалық инфрақұрылыммен байланыстар (сумен жабдықтау, электрэнергиямен жабдықтау, канализация, көлік, т. с. с ортақ инженерлік құрылыстар) .
Кейбір жағдайда критерий ретінде белгілердің комбинациясын таңдайды, басқа жағдайда олардың арасында кейбіреулерін ғана негізге алады, мысалы агломерация шекараларын 1, 5 немесе 2 сағаттық орталық қаладан еңбек мақсатында жылжулардң изохроналары таңдалады.
Қалалар тұрақты түрде дамып қалыптасады. Кейбір жағдайда бұрын кіші гірім болған қалалардан мегақалалар құрылып тұрғындар саны 8 миллионнан асады
Қоныстану формаларының эволюциясы өндірістің дамуы және шоғырлануы процесстерінің ықпалымен іске асып агломерациялардың қосылуына әкеп соқтырады, нәтижесінде мегалополистер пайда болады. Мегалополистер ол агломерациядан артылған деігейдегі урбанладған зоналар, онң құрамына кеңейтілген территориялар кіреді (қала - агломерация - урбандалған зона - урбандалған аудан - мегалополис)
Сонымен урбандалған қоныстанудың бес негізгі иерархиялық тұрғында бір біріне тәуелді урбандалудың қоңыстанудың формаларын анықтайды (Ю. Л. Пивоваров бойынша)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz