ҚР экономикалық өсудің ерекшеліктері, кезеңдері мен қазіргі жағдайы


Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ . . .
КІРІСПЕ . . .
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
1. 1 Экономикалық өсу және экономикалық даму, экономикалық өсудің
факторлары, көрсеткіштері . . .
1. 2 Экономикалық өсудің типтері және негізгі модельдері . . .
1. 3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің рөлі . . .
2 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . .
2. 1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдері . . .
2. 2 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы . . .
3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ . . .
3. 1 ҚР-ның экономикалық көрсеткіштері мен анализі, болашаққа көзқарас . . .
3. 2 Еліміздің 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы . . .ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б. т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді.
Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экономикалық өсу және экономикалық даму, экономикалық өсудің
факторлары, көрсеткіштері
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде негізінен экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні -экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б. т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді [1, 26 б. ] .
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процесстер белгілейтін өсудің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілецтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
- еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
- негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
- өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
- шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т. б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары; тұтынушылық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
- өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
- қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның тиімділігіне әсер етеді.
Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Экономикада, әдетте, маңызды төрт мәселені атайды:
- Экономикалық өсу
- Жұмыспен толық қамту
- Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы
- Сыртқы экономикалық тепе-теңдік
Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдаймен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуынның өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әр түрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әр қилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау, екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бір қатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, оларды қисындарын қалыптастыра отырып, экономиктер оны «мақсаттардың дуалы көпбұрышы» деп атаған [2, 78 б. ] .
Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар:
Формациялық теория. Бұл теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К. Маркс және оның ізбасарлары. Осы теорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынастары бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өндіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады. өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарының, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.
Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық-экономикалық формацияны құрады. Осылардың К. Маркс бесеуін бөліп атайды:
- алғашқы қауымдық;
- құл иеленушілік;
- феодалдық;
- капиталистік;
- коммунистік формация.
У. Ростоу бойынша, тарихи эволюцияны стадияларға бөлудің негізінде үш негізгі жалпылама сипаттаманың - техника даму дәрежесінің, экономикалық өсу қарқынының қорлану нормасының, тұтыну дәрежесінің арасындағы негізгі айырмашылықтары жатады. Осы сипаттамалардың сапалық айырмашылығына сәйкес, У. Ростоу экономикалық даму стадияларының бесеуін атайды.
1. Дәстүрлі, немесе таптық қоғам. Ғылым мен техниканың төмен дамығаны, экономикадағы ауыл шаруашылығының үстемдігі, қоғамның топтарға бөлінуі, экономикада статикалық тепе-теңдіктің орын алуы, қорланудың төмен нормасы, ҒТП-ке өндірушілердің икемдігінің болмауы және халықтың санының жоғары қарқынымен өсуі - осының барлығы дәстүрлі қоғамға тән болады. Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі мен халық санының тез өсуінің ұштасуы жан басына келетін нақты табыстарды төмендетеді. Осы негативтік тенденция бірте-бірте халықтың саны мен табыстар дәрежесін тұрақтандырады.
2. Дамудың екпінді болуына жағдай жасау стадиясы. Бұл стадияда өндірістің тиімділігі мен экономиканың өсу қарқыны бірте-бірте жоғарылау үшін шарттар жасалады.
3 . Екпін алу стадиясы. Ұлттық табыста қорлану нормасының өсуі, ҒТП жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік тудыру және дамуға үкімет институтттарының, әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілерін жою.
4 . Кемелдену бағытына шығу. Экономикалық өсудің қарқыны өседі. өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен түседі.
5. Жаппай жоғары тұтыну қоғамы. Осы стадияда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді деген уайым жоғалады. Керісінше, сұраныс пен экология тарапынан шектелу туа бастағаны өсе түседі, ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің маңызы күшейеді [3, 52 б. ] .
1. 2 Экономикалық өсудің типтері және негізгі модельдері
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту [4, 58 б. ] .
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
- Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
- Интенсивті типі- техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту) ;
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру) .
- Экстенсивті типі- қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
- Аралас типі- факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның бос уақытының көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау [5, 42 б. ] .
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
- Сұраныс факторлары - тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары - бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары - қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
1. 3 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің рөлі
Мемлекеттік реттеудің методологиялық негізін ұзақ мерзімді болжамдар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды.
Солардың ішінде мемлекеттік реттеудің объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер баршылық. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:
- Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. «Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның демографиялық дамуымен тікелей байланысты.
- Экономикалық өсу - ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар (жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын арттыру.
- Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды дегендерінің бірі болып табылады.
- Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер жатады.
Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар: Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және әлеуметтік құрылымдары; Экономикалық цикл; Жұмыспен қамту; Өмір сүру деңгейі; Білім беру және кадрларды даярлау; Ақша айналымы; Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар; Төлем балансы; Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау механизмі; Қоршаған орта; Бағалар, антиинфляциялық үдерістер; Экономиканың мемлекеттік секторы; Қаржы ресурстары және бюджетаралық қатынастар; Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау; Экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары; Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т. б.
Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады. Қ. Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті, Қ. Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т. б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.
Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру [7, 33 б. ] .
Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау және экономиканың өсуін мемлекеттік реттеу үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:
- қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;
- бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі - мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;
- елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау - бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.
- белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.
- айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.
Мемлекеттің экономикалық үдерістерге әсері рыноктық өзін-өзі реттеуді мемлекеттік реттегіштермен үйлестіре қолдану арқылы жүзеге асады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу барысында жалпы, жекеленген және арнайы әдістер қолданылады.
Жалпы әдістер қатарына, мұны реттеу методологиясы деуге де болады, таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы т. б. кіреді.
Макроэкономикалық процестерді зерттеу методологиясы, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардағы қайсыбір оқиғалардың дамуын болжау сандық және сапалық сараптау әдістеріне, сондай-ақ жүйеленген кешенді тәсілдерге негізделеді.
Методологияны қолдану арқылы туындайтын қорытындылардың ғылыми негізділігінің қажетті алғышарты объективті экономикалық заңдарды және олардың әрекет ету механизмін терең түсінуде ғана емес, сонымен бірге олардың шынайылығын практика жүзінде тексеру болса керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген әдістеріне статистикалық, экономикалық-математикалық т. б. әдістер жатады.
Көптүрлі статистикалық әдістердің ішінде реттеу ісіне қолдануға қолайлы келесі әдістерді атап көрсетуге болады;
Олар:
- Экстраполяция әдісі;
- Экономикалық топтастыру әдісі;
- Индекстік әдіс;
- Бюджеттік әдіс.
Экстраполяция әдісі негізінен бастапқы болжамдарды, бағдарламаларды басты бағыттар жобасын талдап жасау кезінде қолдануға қолайлы. Бұл әдістің дәлдігі қолдану кезеңі кеміген сайын арта түседі.
Экономикалық топтастыру әдісі мемлекеттік реттеуде кеңінен пайдаланылады. Топтастыру әдісін қолдану нәтижесінде өзінің құрамы бойынша күрделі жиынтықтарды қайсыбір біртекті белгісі бойынша топтарға бөліп қарастыруға мүмкіндіктер туғызады. Сараптау, ең алдымен ортақ белгі бойынша топтастырылған құрылымдық, динамикалық және құрылымдық-динамикалық топтастыру көмегімен жүзеге асырылады. Айталық, халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін жан басына шаққандағы ақшалай табысы, жан басына шаққандағы күнкөріс минимумы, бір мың адамға шаққандағы аурухана төсектері т. б. алынады.
Бюджеттік әдіс мемлекеттік статистикалық органдар жүргізетін халықтың өмір сүру деңгейін статистикалық бақылау әдісі болып табылады. Зерттеу материалдары тұрғындарды материалдық әл-ауқаттылығы, тұтынуы, ақшалай шығындары бойынша негіздік рөлін атқарады.
Олар әртүрлі құрамдағы отбасылардың тұтыну шығындары құрылымын сипаттау үшін маңызды ақпарат көзі бола отырып, тұрғындарды қолда бар ресурстарының деңгейі бойынша жіктеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ үй шаруашылығындағы тұтынушылық сұраныс динамикасы өзгерістерін анықтауға көмектеседі. Үй шаруашылығы бюджеттерін зерттеу материалдары тұтынушылық бағалар индексін, ұлттық табысты, халықтың нақты табыстарын есептеуде кеңінен қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық формаларында ерекше рөл атқаратын арнайы әдістерге баланстық, мақсатты-бағдарламалы және нормативтік әдістер жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz